Балдырғандарды балабақшада әлеуметтендіруді зерттеудің алғышарттары



Кіріспе

І. Тарау. Балдырғандарды балабақшада әлеуметтендіруді зерттеудің алғышарттары.

1.1. Балдырғандарды бала.бақшада әлеуметтендірудің орны мен рөлі.
1.2. Балдырғандардың тәлім.тәрбиесінің бала.бақшада ұйымдастыру ерекшеліктері.
1.3. Бала.бақшалық тәлім.тәрбие әдістері.

ІІ. Тарау. Балдырғандардың балабақшалық азаматтық.патриоттық тәрбиесі.
2.1. «Азаматтық.патриоттық тәрбие» ұғымы .
2.2. Қазақстандық патриотизмнің негізгі тірегі . азаматтық және ұлттық тәрбиеде.

ІІІ. Тарау. Ұлттық жаңғыру жағдайындағы азаматтық.ұлттық тәрбие.
3.1. Ұлттық тәрбие және өркениет.
3.2. Білім беру мен азаматтық.ұлттық тәрбиенің өзара байланыстылығы.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
«Дошкольное воспитание» журналын ата-аналар мен тәрбиешілер місе тұтатын.
Бірақ бұл журнал қазақ және басқа ұлттар бүлдіршіндерінің табиғаты, ерекшеліктері оларға ұлттық тәрбие берудің талаптары мен соған орай мәселелерді ескеріп, байыптап, бас қатырып жатпайтын. Қазақстан балабақшаларының жайы мен мүдделерін ауызға да алмайтын, тиіп қашып та жазбайтын. Сондықтан да бізде бүлдіршіндерді отбасында, балабақшада тәрбиелеу талаптары көбіне елеусіз қалып келгені осының салдарынан ұрпақ тәрбиесінде халықтық педагогика, ана тілімен салт-дәстүріне баулу, ұлттық психология мен этика, эстетика мәселелері қалыс қалып соның салдарынан қазақша жетік білмейтін дүбара, «шала қазақ» өркендердің пайда болғаны қазақтың тілі мен мәдениетінің шешек ата гүлденуіне кедергі жасап, келеңсіз кесел бел алғаны хас шындық.
Әлемдік білім кеңістігінде мектепге дейінгі педагогиканың мәселелерін шешуде тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары қарастырылуда. Осы орайда, Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиені ғылыми-тиеориялық, педагогикалық, әдістемелік тұрғыдан негіздеуде Ыбырай Алтынсарин атындағы білім академиясы тарапынан ұзақ жылдар бойы ғылыми зерттеулер жүргізіліп келді. Оқытудың жаңа бағыттары мен технологиясын іздеу, тәжірибеге енгізу нәтижесінде әдістемелік жұмыстар жүйелене түсуде. Ең негізгі мәселе– педагогикалық ұжымның кәсіптік шеберлігін аттыру, әр тәрбиешінің шығармашылық дамуына жағдай туғызу, озат тәжірибені пайдалана білу, тәрбиелеу ісін демократияландыру. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандарттары мен оқу әдістемелік кешендердің дайындалуы осының айғағы.
Балабақшада тәрбиенің негізін қалаудың тиімді жолдарын қарастырар болсақ, ол күнделікті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, мектепке дейінгі ұйымдардағы білім сапасын арттыруға байланысты болмақ. Ол үшін жалпы жағдайларды жақсарту басты міндет. Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт. Екіншіден, тәрбие ұйымдарының басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал етуі қажет. Сондай-ақ отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және балаға берілетін білім мен тәрбие үдерісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу өте маңызды. Әсіресе ұжымда өз еңбегінің нәтижесімен, жаңалығымен шығармашылықпен көзге түскен мамандарды марапаттау (мақтау қағазы, үздік еңбек ері, орден, медальдар) өзгеге өнеге, жастарға үлгі боларлық мәртебе, тәрбиеге тірек, білім сапасын арттыруға берік негіз болар еді. Үшіншіден, балабақшаларда еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса құба-құп. Бұл аталған мәселелер тәрбиелеу мен білім сапасын көтерудің жалпы жағдайлары болса, онда оған қажетті негізгі жағдайлар ретінде төмендегі міндеттерді жүзеге асыру қажет:
– балабақшадағы жұмыс істейтін бағдарлама мазмұнын жаңарту мен оны толық меңгерудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдай білу;
– мектепке дейінгі жастағы баланың өмірін қорғау және іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру;
– арнаулы мамандармен қамтамасыз ету және тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдарын меңгеру;
– оқу әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;
– заттық дамытушылық ортаны жабдықтау, оның тәрбиелік ықпалды болуына көңіл бөлу;
– педагогикалық ұжымның басқа да әлеуметтік институттармен, білім беру ұйымдармен өзара тығыз байланыста болу;
– оқу-тәрбие жұмыстарына психологиялық қызмет көрсету;
– балабақша меңгерушісі мен тәрбиешілердің кәсіби біліктілігін үнемі көтеріп отыру;
– мектепке дейінгі ұйымдарды басқарудағы жаңашылдық, ымырашылдық және кәсіби шеберлік пен адами қасиеттердің басым болуы шарт.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

І. Тарау. Балдырғандарды балабақшада әлеуметтендіруді зерттеудің
алғышарттары.

1. Балдырғандарды бала-бақшада әлеуметтендірудің орны мен рөлі.
2. Балдырғандардың тәлім-тәрбиесінің бала-бақшада ұйымдастыру
ерекшеліктері.
3. Бала-бақшалық тәлім-тәрбие әдістері.

ІІ. Тарау. Балдырғандардың балабақшалық азаматтық-патриоттық
тәрбиесі.
2.1. Азаматтық-патриоттық тәрбие ұғымы .
2.2. Қазақстандық патриотизмнің негізгі тірегі – азаматтық және
ұлттық тәрбиеде.

ІІІ. Тарау. Ұлттық жаңғыру жағдайындағы азаматтық-ұлттық тәрбие.
3.1. Ұлттық тәрбие және өркениет.
3.2. Білім беру мен азаматтық-ұлттық тәрбиенің өзара
байланыстылығы.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Дошкольное воспитание журналын ата-аналар мен тәрбиешілер місе
тұтатын.
Бірақ бұл журнал қазақ және басқа ұлттар бүлдіршіндерінің табиғаты,
ерекшеліктері оларға ұлттық тәрбие берудің талаптары мен соған орай
мәселелерді ескеріп, байыптап, бас қатырып жатпайтын. Қазақстан
балабақшаларының жайы мен мүдделерін ауызға да алмайтын, тиіп қашып та
жазбайтын. Сондықтан да бізде бүлдіршіндерді отбасында, балабақшада
тәрбиелеу талаптары көбіне елеусіз қалып келгені осының салдарынан ұрпақ
тәрбиесінде халықтық педагогика, ана тілімен салт-дәстүріне баулу, ұлттық
психология мен этика, эстетика мәселелері қалыс қалып соның салдарынан
қазақша жетік білмейтін дүбара, шала қазақ өркендердің пайда болғаны
қазақтың тілі мен мәдениетінің шешек ата гүлденуіне кедергі жасап, келеңсіз
кесел бел алғаны хас шындық.
Әлемдік білім кеңістігінде мектепге дейінгі педагогиканың мәселелерін
шешуде тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін
іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары қарастырылуда. Осы орайда,
Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиені ғылыми-тиеориялық, педагогикалық,
әдістемелік тұрғыдан негіздеуде Ыбырай Алтынсарин атындағы білім академиясы
тарапынан ұзақ жылдар бойы ғылыми зерттеулер жүргізіліп келді. Оқытудың
жаңа бағыттары мен технологиясын іздеу, тәжірибеге енгізу нәтижесінде
әдістемелік жұмыстар жүйелене түсуде. Ең негізгі мәселе– педагогикалық
ұжымның кәсіптік шеберлігін аттыру, әр тәрбиешінің шығармашылық дамуына
жағдай туғызу, озат тәжірибені пайдалана білу, тәрбиелеу ісін
демократияландыру. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік
стандарттары мен оқу әдістемелік кешендердің дайындалуы осының айғағы.
Балабақшада тәрбиенің негізін қалаудың тиімді жолдарын қарастырар
болсақ, ол күнделікті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, мектепке
дейінгі ұйымдардағы білім сапасын арттыруға байланысты болмақ. Ол үшін
жалпы жағдайларды жақсарту басты міндет. Біріншіден, білім мен тәрбие
беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі
кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына
бағытталуы шарт. Екіншіден, тәрбие ұйымдарының басшысы мен тәрбиеші
педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге
жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны
жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық
ахуалдың тұрақтануына ықпал етуі қажет. Сондай-ақ отбасының сұранысы мен
талап-тілектерін қанағаттандыру және балаға берілетін білім мен тәрбие
үдерісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу
өте маңызды. Әсіресе ұжымда өз еңбегінің нәтижесімен, жаңалығымен
шығармашылықпен көзге түскен мамандарды марапаттау (мақтау қағазы, үздік
еңбек ері, орден, медальдар) өзгеге өнеге, жастарға үлгі боларлық мәртебе,
тәрбиеге тірек, білім сапасын арттыруға берік негіз болар еді. Үшіншіден,
балабақшаларда еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім
берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер
жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға
шығармашылықпен үлес қосып отырса құба-құп. Бұл аталған мәселелер тәрбиелеу
мен білім сапасын көтерудің жалпы жағдайлары болса, онда оған қажетті
негізгі жағдайлар ретінде төмендегі міндеттерді жүзеге асыру қажет:
– балабақшадағы жұмыс істейтін бағдарлама мазмұнын жаңарту мен оны
толық меңгерудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдай білу;
– мектепке дейінгі жастағы баланың өмірін қорғау және іс-әрекетін
дұрыс ұйымдастыру;
– арнаулы мамандармен қамтамасыз ету және тәрбие жұмыстарын
ұйымдастырудың тиімді жолдарын меңгеру;
– оқу әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;
– заттық дамытушылық ортаны жабдықтау, оның тәрбиелік ықпалды
болуына көңіл бөлу;
– педагогикалық ұжымның басқа да әлеуметтік институттармен, білім
беру ұйымдармен өзара тығыз байланыста болу;
– оқу-тәрбие жұмыстарына психологиялық қызмет көрсету;
– балабақша меңгерушісі мен тәрбиешілердің кәсіби біліктілігін
үнемі көтеріп отыру;
– мектепке дейінгі ұйымдарды басқарудағы жаңашылдық, ымырашылдық
және кәсіби шеберлік пен адами қасиеттердің басым болуы шарт.
Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарында тағылымды тәрбиенің негізін қалау
үшін оған арнаулы мамандар дайындауды жолға қою, жоғары оқу орындарындағы
мектепке дейінгі тәрбие факультеттерінің санын да сапасын да жақсартуға
баса назар аударылғаны жөн. Бүгінге дейінгі жоғарғы оқу орнындағы мектепке
дейінгі білім беру мамандығын, педагогикалық колледж және бакалаврлар
дайындаудың мазмұны бірін-бірі қайталайтындығы байқалуда. Сондықтан
бұлардың әр деңгейінде өзіндік күрделену мен қазіргі кезеңдегі мектептке
дейінгі тәрбиенің даму тенденциялары ескерілуі қажет. Балабақша ұйымдарын
жаңа философияға негіздей басқару, яғни жеке тұлғаға бағдарланған
мотивациялы- жүйелік тұрғыдан жүзеге асыруға мән берілсе, іс-әрекетте
тиімді қолдана білуге көңіл бөлінгені абзал. Сондай-ақ болашақ ұрпаққа
білім мен тәрбие беретін мамандарды, тәрбиеші-педагогтарды әлеуметтік
жағынан қамтамсыз ету, тұрғын үй, жатақхана беру, еңбек ақысын көтеру
сияқты мемлекет тарапынан көрсетілер қамқорлыққа зәрулік те артып отыр.
Балабақшадағы балалардың балалығын өзіне қайтару, мектептік жүйені
қайталамау, балалардың жағдайы жақсы болуы үшін педагогикалық талаптардың
орындалуы, күн кестесі кезеңдерінің жүйелі дұрыс ұйымдастырылуы, тамақтану
мерзімі мен сапасының дұрыс болуы, олардың денсаулығын сақтау, құқығын
қорғауды ата-аналармен ынтымақтастықта бірлесе еңбек ету маңызды болмақ.
Бүгінгі таңда балабақшада балалардың алған білім, білік дағдыларын
күнделікті өмірде іс-әрекетте өз тәжірибесінде қолдана білуге үйрету, яғни
өмірлік дағдыны қалыптастыру қажет.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ, балабақшадағы
тағылымды тәрбиенің негізі: тәуелсіз Қазақстан Республикасын өркениетке
жеткізу жолында келер ұрпақты жоғары мәдениеттілік пен имандылыққа
тәрбиелеу; баланың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ерте бастан
сіңіру; жаңа ғылыми көзқарас қалыптастыру; білім мазмұнын жаңарту; оқу-
әдістемелік еңбектермен қамтамасыз ету; өз болашағына үлкен
жауапкершілікпен қарау;
Аталған ауқымды мәселелер мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарынан бастау
алатын болғандықтан олардың желісін қалпына келтіру, балабақшаларды көптеп
ашу, оны басқаруда педагогикалық менеджментті қолдану, жаңашылдықпен, тың
көзқарастармен еңбек етуге бағыт-бағдар алу кезек күттірмейтін мәселе.
Баланың өсіп-жетілуі, жеке тұлға ретінде қалыптасуы оның нәрестелік
шағынан жүйелі түрде берілетін тәрбиесіне, тәрбиелей отырып меңгерілетін
білім-білік дағдыларына байланысты.
Ақыл-ой тәрбиесінен педагогикалық, психологиялық талаптар деңгейінде
кемелдендіру– баланың адамгершілік, эстетикалық талғам қасиеттерінің,
дербес іс-әрекеттерінің қалыптасып, дамуының кепілі. Ойлай, сөйлей білетін
бала жан-жағына бақылай қарап, байыптай білуге, күнделікті өмірде өтіп
жататын іс-әрекетке, әдеби-музыкалық ойын- ермекке. Көркемөнер
туындыларының сәулетті көріністеріне, талғампаздыққа, жақсы-жаманды ажырата
білуге үйренеді.
Мектеп жасына дейінгі балалр айналадағы өзін қоршаған дүниеден,
табиғат, тұрмыс-тіршіліктен алған әсерін, көрген-білгенін оймен қорытып,
сөз арқылы іске асырады. Баланың өмірді танып-біліп, сезініп, түсіну,
қабылдауда қолданар басты құралы – сөйлеу тілі.
Қазақ елінде тұңғыш рет психология, педагогика құралдарын жазған
Ж.Аймауытов, М.Жұмабаевтар өз еңбектерінде балаларды жан-жақты дамыта
тәрбиелеу, олардың психологиялық үрдістерін (ақыл-ой, қиял, ес, зейін,
сезім, қабылдау т.б.) жетілдіру, ана тілінде сөйлеуге үйрету мәселесіне
ерекше назар аударып, сол кездегі қоғамдық өмірге, қазақ ауылындағы
тәрбиешілерге лайықты түрде ьалдап көрсеткен.
М.Жұмабаев өзінің Педагогика деген еңбегінің Ойлауды өркендету
атты бөлімінде: ойлау– жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау
тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен іс
істеу керек. Өркендету жолдары мыналар:
1. Баланың жанында дұрыс әсерленулер һәм ашық суреттеулердің көп
болуына іждаһат қылу керек... бала пікірді суреттердің өзінен шығарып
алсын.
2. Бала заттарды, көріністерді сындарды ұқсас сындары бойынша топ-
топқа бөліп үйренсін. Мысалы: өсімдікті, жануарды топ-топқа бөлу сияқты.
3. Бала көріністердің, ойлардың араларындағы байламды һәм олардың
қайсысы қайсысына себепкер екенін біліп үйренсін,– деген.
М.Жұмабаевтың бала тәрбиесі жөніндегі идеялары, тұжырымдары бүгін де
құндылығын жойған жоқ. Өйткені оның еңбегі қазақ елінің болашағын жан-жақты
жетілдіру мақстаын көздейді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жұмысының негізгі түрі– сабақ.
Біз сабақ, оқыту деп аталатын терминнен қалай да алшақтап кете
алмаймыз. Себебі балабақшада меңгерілетін қарапайым білім негіздері де
балалар ұжымында тәрбиешінің басшылығымен, белгілі бір мерзімде өтіледі.
Арнайы өтілетін сабақтардың мақсаты, мазмұны Балбөбек бағдарламасы
негізінде белгіленеді.

2. Балдырғандардың тәлім-тәрбиесінің бала-бақшада ұйымдастыру
ерекшеліктері.

Ене сүтінен ажыратқан құлыншақтай, отбасындағы қалыпты өмірден бір
сәтке қол үзіп, жаңа бейтаныс ортаға – балабақшаға келуіне байланысты ата-
ана мен тәрбиешілер тарапынан оған ерекше көңіл бөлу қажеттігі туады.
Себебі бір бағытта, үй іші қамқорлығында өсіп келе жатқан сәбидің
ұжымдық орынға ауысуы оның психологиясына күшті әсер етіп, айналадағы
тұрмыс-тіршілікке, белгілі күн режимі бойынша өтілетін тәрбие жұмыстарына,
тәрбиеші ұсынған жеңіл-желпі тапсырмаларды орындауға, бейтаныс балаларға–
бәр-бәріне жатсына қарайды. Оларға бой үйрету үшін біраз жұмыс жүргізуге
тура келеді.
Сондықтан ата-аналар балабақшадағы ойын-ермек, ойыншықтар туралы
әңгімелесіп, балабақшаға барарда баланың көңіл-күйін жабырқатпай,
көңілдендіріп әкелуге тиісті. Ал балабақша тәрбиешілері, дәрігерлер
қабылдау сәттерінде жаңа келген балаға жылы шырай білдіре сөйлесіп, оның
жасына лайықты (доп, машина, қуыршақтар беріп, қуанта қабылдаса, қабылдау
кезінде, мүмкін болғанынша) ұлттық ән-күй ойнатылып тұрса (Келші, келші
балашым, Қуыр-қуыр-қуырмаш т.б.) бала көңілі әуен ырғағына еліктеп,
өзімен келген ата-анасының кеткенін де байқамай қалады.
Өкінішке қарай, тәжірибе жүзінде осы айтылғандар орындалмауы, қабылдау
сәтінің дұрыс ұйымдастырылмауы себепті бала ата-анасымен жылап айырылысады.
Мұндайға жол берілмеуге тиісті.
Баланың күнделікті іс-әрекетте белсенді болуы оның денсаулығына, ой
өрісіне, сезім, қабылдау әреткеттерінің жетілу деңгейіне, таным
қабілеттілігінің қалыптасуына байланысты.
Өмірде, күнделікті тұрмыста болып жататын өзгерістер, арнайы
ұйымдастырылған тәлім-тәрбие жұмыстары олардың рухани жан дүниесіне әсер
етіп, физиологиялық, психологиялық жағынан дамып, жетіле түсуіне ықпал
жасайтыны белгілі. Сол себептен ата-аналар, тәрбиеші-педагогтар тәлім-
тәрбие жұмысының бала жасына, даму деңгейіне лайықты. Оны қызқтырып,
еліктіретіндей болуына, баланың бүкіл рухани жан дүниесіне, көңіл күй
әрекетіне кешенді әсер етерліктей болуына баса назар аударуы қажет.
Баланың жалпы жан көріністерінің бір-бірімен байланысты болуы іс-
әрекетке бүкіл жаратылыс болмысымен қатысатыны жайлы М.Жұмабаев жан-жақты
талдай келе, былай түйіндеген:
Бірінші, баланың барлық жан әсері бір-біріне берік байланған болады,
бірімен бірі бірге жүреді. Мысалы, баланың денесі мен жаны, ақылы мен
сезімі, сезімі мен қайраты бәрі бірге іс қылады, бұлар бір-бірімен күресе
білмейді. Бала бір нәрсеге ұмтылса, сол нәрсеге баланың денесі, жаны,
ақылы, сезімі, қайраты– бәрі бірге жұмсалады. Бала шақта алынған әсердің
өмір бойы естен шықпауының мәнісі, сол бала шақта алынған әсер ер жеткенде
адамның ақылының, ой пікірінің һәм мінезінің қандай дәрежеде, һәм түрде
болуына негіз сықылды. Балалықта ылғи жағымды әсер алынса, адам өмір бойы
шат көңілде болмақ. Балалықта жағымсыз әсер алса, қорлық. Жоқшылық көрсе,
адам өмір бойы қасіретке бейім болмақ.
Екінші бала ылғи іске ұмтылады. Дені сау бала тіпті қарап отыра
алмайды. Бірақ бала не істеуге һәм қалай істеуге білмейді. Сондықтан ол
ересек адамдардың не істегенін һәм қалай істегенін өнеге қылады. Баланың
еліктемпаз болуы осыдан.
Еліктеу– затында тіпті теріс нәрсе емес. Еліктеу адамның жаратылысында
бар нәрсе. Еліктемейтін адам болмайды. Себебі бар нәрсені өз ойымен таба
алмайды. Оған өмірі де жетпейді. Бәлкім басқалардан қалған ұнамды нәрсені
ала қояды. Жалғыз-ақ жан ісі тіпті әлсіз балада еліктеу тым-ақ күшті
болады.
Жоғарыда айтылғандай, баланың жаратылысы ересек адамның жаратылысынан
басқа болғандықтан, тәрбиешінің негізгі ұстайтын жолы:
1. Бала еліктемпаз болғандықтан, баланың ылғи сұлу һәм құлықты
әсер алуына іждаһат қылу керек. Әсіресе баланың ата, ана һәм
тәрбиешісі– солардың өздерінің барлық істері сұлу һәм үлгілі
болуға тиісті. Баланың еліктейтіні солар. Және бала тіпті
сенімпаз болады. Сондықтан баланы өз күшіне өзін сендіріп
үйрету керек. Қолынан түк келмейді дей берсең, бала жасқаншақ,
жасық болып қалады. Осыдан сақтану керек.
2. Бала ешуақытта іссіз отыра алмайтын болғандықтан, балаға ылғи
пайдалы іс беріп отыру керек. Сол уақытта бала өз бетімен
қайдағы нашар, зиянды істерге әдеттеніп кетпейді.
Ұзын сөздің қысқасы, бала кәдуілгі адам болғанмен, баланың
жаратылысында көп басқалық бар. Балаға тәрбиені өзінің шамасына,
жаратылысына қарай беру керек. Жас бала– жас бір шыбық. Жас күнінде қай
түрде иіп тастасаң, өскенде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп
қалған шыбықты артынан түзеймін десең, сындырып аласың. баланы бастан
деген мәнісі– осы. Тәрбие деген– баланы бетке қақпай, бетімен жіберу емес.
Баланы тәрбие қылу– тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам
шығару деген сөз. Қалса өзін, асса барлық адам баласын әділ жолмен өрге
сүйрейтін ер шығару деген сөз. Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше
білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін қалың қайртапен кеше білетін, адалдық
жолға құрбан бола білетін, қысқасы адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола
алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару. Баланй мұндай адам қыла алу үшін
тәрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білу
керек– дей отырып, Мағжан өз ойын ұлы Абайдың
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға–
деген өлеңімен түйіндейді.

Осындай психологиялық, педагогикалық талаптарға орай, тәлім-тәрбие
жұмыстары бір топтан екінші топқа өткен сайын күрделеніп отырады.
Жаңа бағдарлама бойынша аптасына бес рет ұжымдық тәрбие жұмысы
жүргізілетін болып ұйғарылды. Күн режімі осыған сәйкес өзгертілді.
Бүлдіршіндер тобында сабақ ұзақтығы– 45 минөт. Көрсетілген уақыт
ішінде балалардың сөздік қорын дамыту, санауға, бейнелеуге үйрету, ән айту,
қимыл-қозғалыс жасату т.б. сияқты тәрбиенің қарапайым негіздері
меңгеріледі.
Бөбектермен өткізілетін тәрбие жұмысында алғашқы кезде (бір-екі ай)
олармен сөйлесу, үй-іші, ата-анасы туралы сұрау, бөлмедегі, бақша
алаңындағы заттарды, ойыншықтарды көрсетіп, атын айту, түсіндіру,
таныстырған заттардың атын сөзбен атап айтуға үйрету. Шағын өлең-тақпақтар,
ертегілер оқып беріп, тыңдату, тыңдата отырып, шығарма кейіпкерлерінің өзін
(мысық, торғай, қозы, күшік) немесе суретін көрсетіпәңгімелесу, ойната
отырып сөйлету, зат пен сөз арасындағы нақты ұғымын кеңейтіп, таным
қабілетін жетілдіру тәріздес жұмыстар әрбір ойын-сауықтар сайын кешенді
(комплексті) түрде іске асырылып отырады.
Мысалы:
Кіп-кішкене Момақан,
Қошақанды ұнатам.
Сүйеді апам қозым деп,
Қошақаным, өзің,–

деген өлең шумағын жатқа айта отырып, тәрбиеші қозының өзін немесе ойыншық
қозыны көрсетеді. Қозының құлағын, көзін, аяғын көрсетіп, санатады. Қозы
ненің төлі? Сенің көзің, құлағың, аяғың қайсы? Сенің қолың, аяғың нешеу? –
деген сияқты сұрақтар бере отырып, ойната сөйлетеді. Сол сияқты өлең-
тақпақтарды, Торғай мен түлкі, Қияр мен капуста т.с.с. ертегілерді оқып
түсіндіру, тыңдату, ойнату баланы ерекше әсерлендіретінін көп жылғы бақылау
жұмыстары дәлелдеді.
Осылайша баланы ойынға, ойыншыққа қызықтыра отырып, ол жұмысты
әдеби-музыкалық ойын-жаттығу көріністерімен, үстелде ойналатын көлеңке
театры, слайдфильмдер көрсетумен, сурет, бейнелеу жұмыстарымен біртіндеп
байланыстыра, кеңейте жүргізу– оны ойлауға, сөйлеуге, қимыл әреткетін
дамытуға, айналадағы дүниені бақылап көруге, тани білуге жетелей түседі.
Сондай-ақ санау дағдыларын дамыту үшін біреу, екеу, үшеу, қолымда
саусағым нешеу? деп немесе саусақтарын біртіндеп, жұмдыра ойнатып,
санамақты оқып түсіндіру, осы санамақ арқылы аз-көпті ажырату, еңбекке
үйрету нышандары жүзеге асырыла бастайды. Тәрбиешінің: саусақтардың бәрі
жұмысқа кетті, мына кішкентай бөбек қана үйде қалды. Оның сендермен
ойнағысы келеді, – деп аяқтауы, пластилиннен, не қағаздан жасалған
қуыршақтың саусақтармен ойнатуы сәби көңілін қуанышқа бөлейтіні сөзсіз.
Ең соңында тәрбиеші: Кәне бәріміз кішкентай бөбекті ұйықтатайық, –
деп бесікке бөлеу ойынын ойнатады. Мұндай ойындарды оқу жылының бастапқы
кезеңдерінде-ақ ұйымдастыруға болады. Өйткені қазіргі балалар 3 жасқа дейін
үйде болып, 3 жастан аса балабақшаға келеді.
Бөбектер тобынан басталып, кеңейтіле өтілетін тәрбиенің ең
бастыларының бірі– баланы тазалыққа, ұқыпты және дұрыс жуына білуге,
өздігінен киініп, шешінуге, киім аттарын дауыстап айта білуге, жыл
мезгіліне орай киілетін киімдерді ажырата, топтастыра білуге үйрету.
Денсаулық– зор байлық екенін есте сақтай отырып, баланы жыл
маусымыкездерінде болып жататын құбылмалы ауа райына төзімділікке үйрету,
су. Ауа, күн ванналарын пайдалана шынықтыру керек. Қимыл-қозғалысындамытып,
қозғалмалы ойындар ойнатып, күн режімінде көрсетілген серуен, ойын, тамақ,
сабақ, ұйқы кезеңдерін мүлтіксіз орындату керек. Әрбір тәрбие кезеңіне
қажетті әдеби-музыкалық ойын-ермек көріністерін жасатып отырған жөн.
Балалар дербес орындау үшін ұсынылатын қарапайым тапсырмалар күн ілгері
әзір болуға тиісті.
Әрбір ойын, сабақ, еңбек, серуен т.б. тәлім-тәрбие жұмысында баланың
ой-өрісін, қабылдау, зейін, сезім әрекетін, ауызша сөйлеу тілін, сөздік
қорын дамыту, бағдарлама тақырыптарына сәйкес өмірге қажетті білім-
дағдыларын меңгерту, тәжірибе қолдана білуге үйрету, әдептілік, әдемілік,
ізеттілік, мейірімділік, еліне, халқына сүйіспеншілік, эстетикалық,
сезімталдық қасиеттерін жетілдіру, еңбекке белсенділігін арттыру көзделеді.
Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін, балабақшада тәрбиелеу, білім беру
мазмұнын жаңарту– тәрбиешілердің шығармашылық шеберлігіне, ізденімпаздығына
тікелей байланысты. Өйткені ол – бала тәрбиелеу тәсілдерін ата-аналармен
қоян қолтық бірлікте жүргізе отырып, жас сәбидің қалыпты деңгейде өсіп-
жетілуін, ойлау, сөйлеу қабілетін, мінез-құлық дағдыларын ұлттық сана мен
салтқа қалыптастыру, ізгілікке, парасаттылыққа баулу сияқты тәлім-тәрбие
жұмыстарын белгілі бағытта жүйелі түрде ұйымдастыра білетін басты тұлға.
Баланың дүниетанымын дамыту, әлеуметтік және ұлттық психологиясын
қалыптастыру, оларды өзін қоршаған ортада, айналада болып жатқан жағымды,
жағымсыз құбылыстарды сезіне, түсіне, ойланып- толғана, әсерлене білуге
үйретіп, өмірге қажетті дағдыларды меңгерту– отбасы, балабақша тарапынан
бірлікте жүзеге асырылады.
Баланың алғашқы іңгәсынан, тіпті ана құрсағынан (соңғы зерттеулер
бойынша) басталатын тәлім-тәрбие, айналадағы дүниені сезіне, танып-көре,
жақсы-жаманды ажырата білу– бала санасына мысқалдап орнығып, сатылай
кеңейтіліп отыратын ұзақ үрдіс.
Балаға меңгерілетін білім-дағды деңгейін жүйелі, сатылы жүргізу
балалар педагогикасы мен психологиясына үйлесімді, ұлттық негізде жасалған
Балбөбек бағдарламасында нақты тақырыптарға бөлініп көрсетіледі.
Бөбектер тобында кешенді түрде өтілетін тәрбие жұмысында айналадағы
дүниені, табиғат көрінісін, өз бөлмелеріндегі күнделікті ойнайтын
ойыншықтарды, тамақ-ішетін ыдыс-аяқтарды, киім-кешек, төсек-орындарды
көрсетіп, таныстырып, қалай алатынын айтып, ұғындыру арқылы баланың сөздік
қорын дамытып, тәрбиешімен, құрбыларымен қарым-қатынас жасағанда оларды
тыңдап, дұрыс жауап беру тәсілдеріне үйретледі. Барлық тәлім-тәрбие кезінде
баланың ой белсенділігін арттырып, қиялдау, зейін, сезім (сенсорлық)
әрекеттерін жетілдіру. Өзін қоршаған дүние жайында түсініктерін кеңейту, үй
ішіне, балаларға, тәрбиешіге сыйластық, ізеттілік, мейірімділікке тәрбиелеу
көзделеді.
Балабақша үйі, онда қызмет істейтін адамдар жөнінде түсінік беріледі.
Күнделікті ішетін тағамдар, оны қайда, кімдер жасайтыны, кейбір тағам
аттары туралы (бауырсақ, шелпек, құрт т.б.) түсіндіріледі.
Осындай сан алуан тәрбие жұмысы білімдік мазмұнға құрылған, баланың
жалығып шаршамауы ескерілген ойын әдісі арқылы жүзеге асырылады.
Балабақшадағы тәлім-тәрбиені қалыптасқан дәстүрден тыс ұйымдастыру
бағытында біз балалар ұжымында өтілетін тәрбие жұмысында халықтың ауыз
әдебиеті мұраларын, ұлттық киім, ыдыс-аяқ, тағам түрлерін (ойын, ойыншық
түрінде) кеңінен қолдандық. Осының бәрі бағдарламада көрсетіледі. Мұндағы
мақсат- бала жасына лайықты түрде қазақ халқының ауыз әдебиеті мен
мәдениетін, өсиет- өнегелерін бала санасына жеткізіп– ұлттық психологияны
орнықтыру, өз ана тілінде қысылмай еркін сөйлеуге үйрету, ұлттық әдет-
ғұрып, салт-дәстүр үлгілеріне тәрбиелеу.
Сөзім дәлелді болу үшін Өскемен қаласындағы №15 Меруерт
балабақшасындағы тәрбиешілер тәжірибесінен бір жұмысты ұсынып отырмыз.
Бүлдіршіндер тобына өтілетін сабақ.
Сабақтың тақырыбы. Әуенді қимыл қозғалыс.
Сабақтың мақсаты. Балаларды аяқ-қолдарын емін-еркін қимылдатып,
үйлесімді, әсем жүру мен жүгіруге, бойын дұрыс ұстай білуге, секіргенде
аяғын бүгіңкіреп, жайлап түсіруге үйрету, ептілікке баулу. Сазды әуендер,
ойын арқылы сезім, қимыл қозғалыс белсенділігін жетілдіріп, дене сымбатын
қалыптастыру. Өлең тақпақ, жұмбақ оқу, сөздік қорын, диалог түрінде сөйлеу
тілін дамыту.
Көктем туралы түсінігін кеңейте отырып, табиғатты аялап, оған
қамқорлықпен қарауға, әдептілікке, тазалыққа үйрету.
Көрнекіліктер арқылы санауға үйретіп, көркемдік талғамын, ұжымдық
іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдер. Түсіндіру, әңгімелесу, ойын, сұрақ-жауап, көрнекілік.
Көрнекіліктер. Кедергілерге қажет биіктігі 8-10см заттар, кедір-бұдыр
тақтай, гүлдер, бүрленген бұтақтар, бұлақтың макеті, жатаған үстелдер,
қоржын, үнтаспаға жазылған құстардың дауысы атрибуттар.
Көктем вальсі музыкасы ойналады. Балалар музыка ырғағымен ұлттық би
элементтерін жасап, залға кіріп, бірінің артынан бірі жүріп, музыкаға
сәйкес жүгіріп, әдейі жасалған кедергілер арасынан өтіп, биіктігі 8-10см
заттардың үстімен секіріп, кедір-бұдыр тақтай үстімен баяу жүріп келіп,
шеңбер құрып тұрады.
Тәрбиеші:
– Балалар, айналаға қараңдаршы, табиғаттар қандай өзгерістер көріп
тұрсыңдар?
– Жерге шөптер шығып келеді.
– Гүлдер қауызын ашты.
– Гүлдердің түсі қандай?
– Ақ, сары, көк.
– Тағы да қандай өзгерістер көріп тұрсыңдар?
– Ағаштарда кішкентай жапырақтар пайда болды.
– Қалай ойлайсыңдар, қазір жылдың қай мезгілі?
– Көктем.
– Көктемде қандай өзгерістер болады? Нелер оянады?
– Ұйықтап жатқан аюлар оянады.
– Дұрыс онда барлығымыз осы аюлардың ұйықтағанын, оянғанын,
орманда қалай серуендеп жүргенін көрсетейік.
– Сендер таңертең оянғанда не істейсіңдер? (Қалай оянасыңдар?)
Балалар кілем төселген еденге жата кетіп, еркін қимыл-қозғалыс жасайды.
– Міне, біздің кішкентай қонжықтар да оянды. – Қонжықтар тұрайық.
Тұрайық. Орманға серуенге барайық.
– Аюлар қалай жүреді? (Аюдың жүрісін, қимылын бейнелейді).
– Қараңдаршы, мынау не?
– Жол.
– Ия, бұл жаяу адам жүретін жол, біріміздің артымыздан біріміз
жүрейік, қайда апарар екен?
Бұлақтан секіріп жүрген лақ кездеседі. Ақ лақ балалармен сәлемдеседі
(Тәрбиеші балаларға қосымша сұрақтар қояды. – Бізге кездескен не? Оның
тоны қандай екен? Т.с.с.).
Ақ лақ:
– Балалар, сендер мына бұлақтан аяқтарыңды тигізбей өте аласыңдар
ма? Міне, қараңдар, былай секіру керек?
Ақ лақпен бірге балалар бұлақтан секіреді.

Тәрбиеші:
– Ақ лақ, балалардың аяқтарын суға тигізбей секіре алатынын
көрдің, ал енді сен тыңдашы, бұл балалар лақ, қошақан туралы
жұмбақ, тақпақтар, өлеңдер де айта біледі.
Мен лақпын, лақпын,
Бойымда бар бір-ақ мін.
Әлім жеткен кішіні,
Сүзіп қалып жылаттым.

Ақ лақ:
– Бәрекелді, мынау тентек лақ қой. Кішкентайларды жәбірлеуге,
жылатуға бола ма екен?
Шауып жүріп арыдым,
Жеңілтектеу шығармын.
Жас шыбықтың қабығын
Қажалауға құмармын.

Тәрбиеші:
– Балалар, тыңдаңдаршы, жас шыбықтың қабығын қажалауға құмармын,–
дейді. Сонда ағаштың қабығын қажалауға, бұтағын сындыруға,
жапырақтарын жұлуға бола ма екен?
Мен қозымын, қозымын,
Жақсы бір ән– өз үнім.
Жаздай шопан атаның
Аузындағы сөзімін.
(Т.Молдағалиев)

Балалар Қошақаным деген әнді айтады. Үнтаспадан құстардың дауысы
естіледі.
– Балалар тыңдаңдаршы, бұл ненің дауысы?
– Құстар қайдан келді?
– Құстар жемді қалай шоқиды? Суды қалай ішеді? Қайтіп ұшады?
Музыкаға сәйкес қимылдар жасату.
Ақ лақ:
– Балалар, менің сендерге әкелген бір сыйлығым бар еді, бірақ
қоржынымды қайда қойғанымды білмеймін, іздеп көрейікші.
Қоржынды тапқандарға алғыс айтып, ішіндегі гүлдерді, ағаштың
бұтақтарын, құстарды алып ұсынады. Балалар бірігіп табиғат көрінісі туралы
жұмыс жасайды.
Ойын. Күн мен жаңбыр.
– Балалар сендер тазалық туралы не білесіңдер?
– Саусақты сорма.
– Тамақты ішер алдында қолды жуу керек.
– Тамақты псықпай ішу керек.
Беті-қолды сабындап,
Жиі жуу пайдалы-ақ.
Тұра алмайды дамылдап,
Микробтар тайғанап.

Кел, балақан, балақан! биі қимыл-қозғалыспен орындалады.
Ойын. Кірпі балаларға доп әкеледі. Әуенді ырғақпен бәрі доппен
ойнайды. Сылдырмақтар әуені ойналады. Биші кірпі балаларға сылдырмақ
ойыншық сыйлайды да, сылдырмақ биін билейді. Әуен ырғағымен би қимылын
жасай жүріп, балалар өздеріне, белгілі орындарына отыра қалып, сылдырмақты
мүсіндеу жұмысын орындайды.
Қорытынды. Балалардың сабақта не үйренгені, не істегені,
тапсырмаларды, ойын-жаттығуларды жақсы орындағандары туралы айтып, жасаған
сылдырмақтарды көрсетіп мадақтайды.
Осыдан соң, Көктем вальсі ойналады да әуен ырғағымен балалар өз
бөлмелеріне кетеді.
Балаларды тазалыққа үйрету мақсатында А.Меңжанованың төмендегі
өлеңдерін оқып, қуыршақпен ойнату арқылы жаттықтырып отыруға болады.
Білеміз бе оны біз?

Қайсы біздің қолымыз,
Білеміз бе оны біз?
Міне, міне, қолымыз,
Білеміз ғой оны біз.
Қол соғайық бір, екі,
Ал санайық бір, екі.

Қайсысы оң қолымыз?
Қайсысы сол қолымыз?
Білеміз бе оны біз?
Мінеки- оң қолымыз,
Мінеки- сол қолымыз,
Қол соғайық, бір, екі,
Ал санайық бір, екі.

Менің қара мысығым

Түсің қара көмірдей,
Мысығым-ау, мысығым,
Ертелі-кеш ерінбей,
Бетін жуған пысығым.

Өзі әдемі, әп-әсем,
Айтқаныңды ұғады-ау.
Шөтке сатып әперсем,
Тістерін де жуады-ау.

3. Бала-бақшалық тәлім-тәрбие әдістері.

Үзіліссіз тәрбиелеп, білім беруге негізделген мектепке дейінгі тәрбие
жұмысының мазмұнын жаңарту, баланың ой-өрісін, дүние танымын, дербес
әрекетін дамытып, оны тұлға ретінде қалыптастыру бүгінгі қоғамдық өмір
талаптарынан туындайды. Осы міндеттерді жүзеге асырудың алғышарты іспеттес
жаңа бағдарлама– балбөбек бағдаламасында көзделген басты мақсаттардың
бірі– балабақшадағы тәрбие жұмыстарын халықтық педагогикаға үйлесімді,
кешенді ұйымдастыру. Яғни, жекелей жүргізіліп келген тәрбие тақырыптарын
бір-бірімен сабақтастыра ұйымдастырып, балаларға меңгерілетін әр салалы
білім дағдыларды күніне бір арнайы сабақ түрінде жүзеге асырады.
Өйткені мектепке дейінгі тәрбиенің де негізгі түрі– сабақ. Ол жасына
қарай топталған балалар ұжымында, белгілі уақыт бойында тәрбиешінің
басшылығымен өтіледі.
Көрнекті психологтар А.Л.Льеонтьев, Д.Б. Эльконин, А.В.Запорожец,
Л.С.Выготский және басқа ғалымдардың ұзақ жылдар бойы жүргізілген зерттеу
нәтижелері баланың ойлау қабілеттілігін дамыту арнайы өтілетін сабақ
процесінде және бала өз бетінше әрекет жасауға төселген де ғана жүзеге
асатынын дәлелдейді.
Әдіскер ғалым А.П.Усова – балабқшадағы тәрбие жұмысын кешенді
ұйымдастыру жөнінде жүргізген ғылми зерттеулері нәтижесінде Балабақшада
білім беру: ауызша үйрету, оқыту балалар ұжымында арнайы өтілетін сабақ
арқылы жүзеге асатыны туралы идеяларды ең алғаш ұсынушылардың бірі. Бұл
ғалым белгілі білім- дағдыларды меңгерту тәсілдерін ұсына келе,
балабақшадағы сабақтың міндеті туралы: Тәрбиешінің білім мен іскерлікті
жоспарлы түрде және тиянақтылықпен ұштастыра білуі... мектеп жасына дейінгі
балалардың оқуға деген қабілетін тәрбиелеу болып табылады,– деп көрсеткен.
Балалардың психологиялық жағынан даму ерекшелігін, ес, зейін, ойлау,
сөйлеу, қабылдау, түйсіну, іс-әрекет тұтастығы туралы қазақ отбасы
тәрбиесін талдап көрсетіп, тәрбиені кешенді жүргізу, оған үлкендердің
басшылығы туралы М.Жұмабаев Педагогика деген еңбегінде атап көрсеткен.
Сабақтарды ұйымдастыруда оқу жоспары, бағдарлама басшылыққа алынады.
Сабақ мазмұны дидактикалықпринциптерге сәйкес әрбір топта меңгерілетін
білім- дағды мөлшеріне қарай айқындалады. Дәлірек айтсақ, тәрбиені кешенді
ұйымдастыру бұған дейін де қарастырылған. Біз балабақшадағы тәрбие мазмұнын
ұлттық негізде жаңартуда осындай көрнекті ғалымдардың Жүсіпбек Аймауытов,
Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов сынды қазақтың ғұлама жазушы-
педагогтерінің идеялдарына сүйендік.
Сондай-ақ өмірге қажетті білім-білік дағдыларды, адамгершілік, еңбек
әрекетінің қарапайым негіздерін меңгертуге арналған тәлім-тәрбие баланың
даму, жас ерекшелігіне қарай, үзіліссіз, бір-бірімен сабақтас жүргізіліп,
ойын-сабақ, қимыл-әрекет, ән-әуенмен біртұтас ұйымдастырылғанда ғана
нәтижелі болатынын соңғы кездерде арнайы жүргізілген эксперименттер
айқындай түсті.
Айналадағы өмірді бақылату, көрсету, әңгемелесу, дербес шығармашылққа
үйрету– осының бәрінде айрықша орын алатын, балаға білім берерлік ойын-
жаттығулар, сөздік- дидактикалық, әдеби-музыкалық ойындар ойнату, яғни
қажетті шағын мазмұнды көріністер жасату, дербес жаттығулар орындату,
көрнекілік әдістер. Осылар дұрыс қолданылса, бала айналада, табиғатта, жан-
жануарлар дүниесінде өтіп жататынөзгерістерді, заңды байланыстарды бақылап
көру, қабылдау, сезіп-түсіну, көрген-білгенін ойымен бейнелеп көрсету
арқылы ойөрісін кеңейтіп, білім-дағдыларын тереңдете түседі.
Сондықтан-да Балбөбек бағдарламасында Тіл– халық қазынасы деген
тақырып беріліп, басқа сабақтар тіл дамыту жұмыстарымен сабақтас, мазмұны
кеңейтіле, бағдарлама тақырыптарына тіркестіре көрсетілді. Күн сайын
өтілетін тәрбие мақсатына қара, меңгерілетін білім-дағдыларға сабақтас өз
кезегінде баса көңіл бөлінеді де (мысалы, дүйсенбі күні тіл дамытуға),
баланың ойлау, сөйлеу, қабылдау, таным әрекеттерін дамытып, эстетикалық
талғамдыққа баулу, іскерлік дағдыларын, қимыл-қозғалысын дамыту ісі кешенді
сабақ барысында жүзеге асырылып отырады (санату, ән айтқызу, суретпен
бейнелету, мүсіндеу т.б.).
Бағдарлама мазмұны 2 жастан 7 жасқа дейінгі балалардың дербес әрекетін
жетілдіріп, денсаулығын нығайту, адамгершілік асылмұраттарға баулып,
көркемдік, танымдық сезім талғамдарын қалыптастыруды көздейді.
Осы мақсатта балаға меңгерілетін білім-дағды көлемі бір топтан екінші
топқа өткен сайын біртіндеп күрделеніп, бағдарлама тақырыптары іштей жеке
атауларға бөлініп, балаға үйретілетін білім-дағды көлемі айрықша аталып
(оқылатын мәтіндер, ән-күй, ойын-ермек т.б.) нақтылай көрсетіледі.
Ежелден тәрбие құралы міндетін атқарып, ата-бабадан бүгінгі және
ертеңгі ұрпаққа мұра болып отырған ауыз әдебиетіндегі аңыз-әңгімелер, өнеге-
өсиеттер, Қазақстан ақын-жазушыларының таңдаулы еңбектері, ұлттық ойын-
ермектер бағдарламаға кеңінен орнығып, тәрбие сәтінің қай кезеңінде қалай
жүзеге асырылатыны туралы түсінік берілді. Әдеби шығармалар Бөбектерге
байғазы атты хрестоматияға топтастырылды. Ол материалдарды тәрбиешілер
балалар ұжымында өтілетін тәрбие – сабақ мазмұнына қарай пайдаланады.
Мысалы, бөбектер тобында Тіл– халық қазынасы деген тақырыпта
өтілетін Отбасы тақырыбына дайындық барысында тәрбиеші балалармен
әңгімелесу сұрақтарын, осыған қажетті Менің әжем, Атам т.б. мәтіндерді
Келші, келші, Балашым әнінің әуенімен ойналатын Отбасы ойыны (ересектер
рөлін тәрбиеші орындайды) әуенді қимыл-қозғалысқа қажетті өлең (мысалы,
Айдана, Ақ әжем, Қуыр, қуыр, қуырмаш), ұлттық кейбір киім түрлерін
(Қуыршақ ойыны үшін) әзірлейді. Осылайша баланы ойната, сөйлете отырып,
үй іші адамдарына сүйіспеншілігін арттырып, отбасы туралы ұғымдарын
кеңейтеді. Сабақ үрдісінде тақия қандай? (дөңгелек), доп қандай (домалақ),
тақия нешеу? Доп нешеу?– деген сұрақтар төңірегінде балаларды сөйлеуге,
санауға үйрету, не балшықтан мүсіндету арқылы сәбилер дербес әрекет жасау
дағдыларына үйретіледі. Мұндай ойын-жаттығу түрлері келесі топтарда
кеңейтіле, тереңдетіле түсіндіріледі. Балалардың дара және өзіндік даму
деңгейіне орай дербес орындалатын ойын-жаттығулар күрделеніп отырады.
Мысалы, бүлдіршіндер тобында айналадығ дүниені бақылату, заттық ұғымды
білдіретін, зат атына қатысты сөздік қорын дамытуы, диалог түрінде сөйлесе
білуге. Ол не? Бұл не? Не істеді? Сұрақтарына дұрыс жауап беруге үйрету,
таныс дүниені, заттарды суреттен. Үй ішінен (бөлмеден) тауып көрсету, атын
сөзбен атап айту, қарапайым еңбек, тазалық дағдыларын меңгерту көзделсе,
балдырғандар тобынан бастап естіген, көргені туралы әңгімелеп айтуға үйрету
естиярлар, даярлық топтарда нені, кімдер, қайда, неден жасайтыны, оның
қажеттігі, ол заттардың сапалықерекшелігі, табиғат пен жануарлар дүниесі
арасында болып жататын заңды байланыстар туралы неліктен? Не себепті?
Қалай? Т.б. сұрақтарға жауап тауып, өздері бақылап, көргендері туралы
қарапайым қорытынды жасауға үйретіледі. Тәрбие үрдісінде алған білімдерін
күнделікті өмірде қолдана білуге, үлкендермен өз құрбыларымн қарым-қатынас
жасауда өзінің талап-тілегі, ой-пікірі туралы ауызша еркін, анық, жүйелі
айта білуге, шығармашылыққа үйрету көзделеді.
Баланы ойлау, сөйлеу, сезім қабілеттілігін дамытып отыру– балабақшада
үзіліссіз жүргізілетін тәрбие жұмысының ең негізгі арқауы. Жұмыстың соңында
әр аптаның дүйсенбі күні өтілетін Тіл– халық қазынасы тақырыбы бойынша
кешенді тәрбие – сабақтың үлгі жоспарын ұсынып отырмыз. Осы үлгі жоспармен
сабақтар сейсенбі күні Ойна да ойлан, сәрсенбіде Әуенді қимыл қозғалыс,
бейсенбіде Өнер көзі халықта, жұма күні Инабаттылық тәрбиесі деген
тақырыптар бір-бірінен үзіліссіз, мазмұны жалғаса өтіледі.
Жұма күні болатын Инабаттылық тәрбиесінің мақсаты – бір апата ішінде
балаға меңгерілетін дағдыларды ойын-көрініс жасату арқылы естеріне түсіру,
қайталау, жинақтай отырып, оларды мейірімділікке, әдептілікке, жомарттыққа,
ел-жұртына, барша халыққа, адамзатқа, сүйіспеншілікке, адалдыққа,
еңбекқорлыққа тәрбиелеп, эстетикалық сезімталдықты қалыптастыру. Яғни бұл
күні барлық үйренгендеріне қорытынды жасалады.
Бөбектер тобында өтілетін ойын-сабақтар үшін көрнекі материалдар
жеткілікті болып, ойын үшін бөлмеден арнайы орын сайланып, киіз үй оның
жиһаздары, ыдыс-аяқтар дайындалады. Қазіргі кезде бұл мәселе барлық бала-
бақшаларда қолға алына бастады. Бірақ, оқылатын шығарманың мазмұны, көлемі,
ойын түрлері балалардың жас, даму ерекшелігіне қарай үйлесімді ұсынылмай,
үстірт жаттығуға бой ұрушылық басым. Сондықтан бағдарламада, әрбір тақырып
мазмұнына сәйкес өтілетін ойын-жаттығулар, әдеби-музыкалық шығармалар нақты
көрсетілді. Тәрбие жұмысы барысында бұл мәселе мұқият ескерілуге тиісті.
Екі мен үш жас аралығындағы бала ойынына қойылатын талаптар бірдей.
Дегенмен үш жастан төртке қараған балалар ойнайтын ойыншық, ойын мазмұны
күрделеліне бастайды. Бөбектер тобы бөлмесіндегі, ойын бұрышындағы
ойыншықтар ойын түріне қарай (қуыршақпен ойын, отбасы, құрылыс т.б.)
жұпталмауы керек. Ойынға қажетті ойыншықтар баланың таңдауы бойынша алып
пайдалануына қолайлы, қолы еркін жететін орынға қойылғаны жөн. Бала өзі
ойластырған ойыншықты таңдап алып ойнайтын болады. Мысалы, қимыл-қозғалыс
ойынына арналған көлемі, түр-түсі әртүрлі заттар, ұл-қыз кішкене үлкен
қуыршақтар, машиналар, құрсаулар (шеңбер), ойыншық мысық, күшік, қозы
екінші бір сөреге қойылады. Мұндайда бұрынғы түсінігін есіне түсіруге,
қажетті затты тез тауып алуға үйренумен қатар, мазмұнын дұрыс құрастырып
ойнауға жаттығады.
Бөлменің екінші бөлігінде сезім тәрбиесіне қажетті ойыншықтар:
мұнаралар, құрастырмалы ойыншықтар, үстелде ойналатын көлеңке театры, ұсақ
құрылыс материалдары, келесі бір орынға математикалық ұғымдарға, бейнелеу
іс-әрекетіне қажетті суреттер, түрлі-түсті қарындаштар, түрлі мүсіндер
қойылады. Бөлмеде тірі табиғат бұрышы да болуға тиісті.
Бөлмеден тіл дамытуға арналған сюжетті суреттер, әдеби кітаптар,
ұлттық ойын жиһаздары да арнаулы орын алады. Онда қуыршаққа арналған киіз
үй, оның ұлттық жиһаздары, үлкен, кішкене қуыршақтар, ыдыс-аяқтар, ойыншық
бесік, төсек-төсеніш, көрпе-жастық, баланың қолы жететін орында қазақ
ертегілері, суреттегі кітапшалар т.б. болуға тиісті.
Сәбилерге берілетін ойыншықтар түрлі қимыл-әрекет жасауға бейімделген
түрде орналастырылуы керек. Мысалы, кереуетке төсеніш салып, аласа
үстелдердің жанына ұлттық киім киген үлкен, кішкене қуыршақтарды отырғызу,
қуыршақ бөлмесінің (кішкене киіз үйі) бір жағына ыдыс-аяқ шакбы, қазақ
кеселері (ою-өрнекті), тостаған, қасық қою.
Үш жастағылар түрлі ойын ойнауға бейім келеді. Сондықтан тек
көрсетілген бұрышта ойна деп олардың өзіндік ой-қиялының жетілуіне тежеу
жасамай, еркін, өзі қалаған ойындарды ойнауын қолдап, ойын мазмұнын
кеңейте, күрделендіре түсуге басшылық жасау керек.
Бала айналадағы дүниені, үлкендердің іс-әрекетін ойыншықтармен ойнау
барысында танып, біледі. Олардың дербес қимыл-қозғалысы да ойын барысында
жетіліп отырады. Ойыншық мүсін-пішіндерімен қарым-қатынас жасау барысында
олардың ойлау, бейнелеу, санау, байқампаздық, сияқты дағдылары жедел дамып,
ойын- оларды көріп, білуге әрекет жасауға қызықтырады. Бала айналасындағы
өмір өлкесінің сан қилы құбылысын білуге ынталана түседі. Ұғымы танымы
тереңдеген сайын ол көзіне шалынған заттар туралы сұрақтар қойып,
қызығушылығы молаятын болады. Осындай сәттерде ересектердің балаға лайықты
түсінік беріп, оның белсенді әрекетіне ықпал жасап, қанағаттандырып
отырғаны жөн.
Баланың алғашқы таным қабілетін дамытудың басты құралы– ауыз әдебиеті,
ойын, ойыншықтар, ұлттық нақыштағы қуыршақтар. Тәрбиеші, не ата-анасы
балаға көрсете отырып, жүннен доп, қуыршақ, оған киім-кешек, төсеніштер
жасап ойнатса, баланың болашақта іскерлікке қызығуына жол ашары сөзсіз.
Әсіресе, айналадағы дүниеден алған әсерін бейнелеп көрсету құштарлығын
қанағаттандыратын шағын сюжетті ойындарға арналған ойыншықтар балаға әсерлі
болады.
Баланың осы құмартуына жол ашып, дербес әректеке үйрету үшін тәрбиеші
мысықтың баласын көрсетіп, оның дене мүшелерін, сүті қалай ішетінін,
үйіндегі мысығы туралы сұрап әңгімелеседі. Доп жасап көрсетіп, өзіне
(пластилиннен) жасатып, пішінін, түр-түсін сұрап, доп туралы өлең оқытады.

Доп-домалақ,
Тыншымайсың домалап.
Сүт құйыа ем мысыққа,
Төгіп кеттің, обал-ақ.

Мысық туралы әнді тыңдатады. Сол сияқты мысықты, қоянды
кесінділерден құрап көрсетіп, өздеріне де құрату керек. Қоянға үйшік
жастапы, оған сәбіз бергізіп т.б. балаға тармыды, оны ойландырып,
қызықтыратын ойын-жаттығуларды орындатуға болады. Осындай тәлім-тәрбие
барысында баланы ауызекі сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту үздіксіз назарда
болдаы. Өйткені сөз ойдың айнасыболғандықтан бала өзінің ойын, әрекетін сөз
жүзінде жеткізе білуге үйренуі керек.
Балдырғандар тобында (төрттен бес жасқа қараған балалар) тәрбие
мазмұны бала жасына орай біршама күрделілене жүргізіледі. Мұнда айналадағы
дүниені бақылатуда балаға бұрынғы топта көрсетіп, бақылатқан заттар басқа
қырынан кеңейтіле түсіндіріледі. Мысалы, балабақша үйін бақылатқанда үй
неше қабаттан тұратыны (биік, үлкен, төрт-бес қабат), сыртқы көркемделуі,
қалай аталатыны, қай көшеде екені түсіндіріледі. Балабақшада кімдер не
істейтіні, олардың балаларға қамқорлығы, бақша ішіндегі бөлмелердің
қажеттігі (дәрігердің, меңгерушінің, әдіскердің бөлмесі, асхана, аспазшы
т.б.) жеке топтар бөлмесі, өз бөлмелері оның кең, жарық екендігі, ондағы
бұйымдар т.б. балабақшада көп бала тәрбиеленетіні, олардың бәрі тату, дос,
ойыншық, кітап көп, балалар бір-бірімен келісіп, түсінісе ойнайтыны,
кішкенелерге үлкен балалр қамқорлық жасау керектігі, балабақшада қандай
жұмыс істейтіндері, сөйлеуге, сурет салуға, санауға, ән айтуға
үйренетіндері туралы түсінетін болады. Жыл мезгілі, әр мерзімдегі ай аттары
қалай аталатыны, маусым ерекшелігі, ауа райы, кейбір өзгерістер, әр
мезгілдің табиғат ерекшелігі, киіну реті, адамдардың еңбек дағдысы,
жануарлар тіршілігі, мерекелер туралы түсініктері кеңейтіледі. Қоғамдық
өмір туралы, туған ауылы, өзі тұратын қаласы, республиканың қалай аталатыны
туралы түсінік беріледі. Үй ішінде және балабақшада жұмыс істейтін
адамдардың аты-жөні, үлкен-кіші, аға-іні т.б. жұмыстары барысында баланың
ой өрісін, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту шешуші орын алады.
Естиярлар тобында (бес-алты, жеті жас аралығы) жоғарыда аталған
жұмыстар жалғастырылады. Бұл топтағы тәрбие міндеттері: бұрынғы топта
үйренген білім- дағдыларынестеріне түсіру, балаға танымал заттар мен
табиғат, жан-жануар дүниесінде болып тұратын өзгерістердің себеп-салдарын
(ауа райы) ажырату, түсіну, анализдеу, синтездеу әдістері арқылы түсіндіру,
жалпылай, даралай топтастыруа білуге үйрету. Мысалы, жануарлар дүниесіне
жататындар, оның ішінде үй жануары, түз жануары болып топтасуы немесе киім-
кешек, ыдыс-аяқ т.б. жануарлар мен заттардың бір-біріне ұқсас жағын (қой,
сиыр екеуі де үй жануары. Төрт аяқты екені, бірақ өзіндік ерекшелігі бар)
ажырата, салыстыра білуге үйрету.
Кешенді тәрбие үрдісінде балалардың бақылау, қабылдау, есту, сезім,
түйсік әрекеттерін қалыптастыру, жетілдіру. Баланы белгілі мерзім ішінде
тәрбиешіні тыңдап түсіну, дербес орындауға тиісті (ойын-жаттығу, мүсіндеу,
суреттеу, әңгімелесу) жұмыстарды зейін қойып, дұрыс орындау тәсілдеріне
жаттықтыру. Өз жадында ойлап табу, шығармашылыққа, өнер әлеміне құштарлыққа
баулу. Осындай сан алуан қарапайым білім негізінде өзінше меңгерту
мәселелері жүзеге асырылады.
Жаңа бағдарлама бойынша сабақты кешенді ұйымдастыру тәжірибелерінен
Меруерт (Өскеменде) балабақшасында өтілетін екі сабақты беріп отырмыз.
Балдырғандар тобында өтілетін Ойна да ойлан сабағы.
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық заттардың ішінен 5 затты санап алу.
Дөңгелекпен салыстыра отырып, сопақшамен таныстыру.
Сабақтың мақсаты: Дөңгелек пен сопақшаның бір-бірінен қандай
айырмашылығы болатынын түсіндіру. Бала өзі таңдап алған 5 заттың атын
жаңылмай айтуын қадағалау. Тілін, ой-өрісін, дұрыс ойлауын қалыптастыру.
Саз балшықпен жұмыс істеу әдістерін дамыту. Қарапайым дербес еңбек
әрекетіне баулу. Үлкендердің еңбегін сыйлауға, ұжымдық ойын-жаттығуларды
бір-бірімен келісіп орындай білуге үйрету.
Әдіс-тәсілдер. Ойын, салыстыру, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу,
мүсіндеу.
Көрнекіліктер. Ұлттық заттар: тостаған, кесе, тақия, геометриялық
пішіндер, көкөністер, төрт түлік.
Жаңа сөздер. 5 саны сопақша, дөңгелек, пішін, тостаған, тақия, үкі,
салыстыр.
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі. Музыка ойналады, балалар қатар
түзеп, шеңбер жасап тұрады, көпшілікпен сәлемдеседі.
Тәрбиеші:– Қане, қазір ұлдар малдас құрып, қыздар тізе бүгіп жинақы
отырыңдар, – деп ұлттық ойын, тақия тастамақ ойналатыны түсіндіріледі.
Ойын бастаушы санамақ айту арқылы таңдалады.
Тәрбиеші Ш.Ахметовтың Бұл қай кезде болады? деген өлеңінен мына
үзіндіні оқиды.
Ақ қар еріп, су көбейіп,
Сай-салаға толады.
Ағаш басы бүршік жарып,
Гүл-бәйшешек толады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?

Осы өлеңге талдау жасалады: Өлең не туралы? Көктемде неше ай бар? Ай
аттарын атаңдар (наурыз, сәуір, мамыр). Тағы қандай өзгерістер болады? (Қой
төлдейді, кішкене төлдер қорада болады, қозыға сүт, шөп береміз, жазда
далада жайылады).
Музыка ойналады. Көктем бейнесінде киінген тәрбиеші кіреді,
амандасады. Балалар дауыстап: – Алақай, көктем келді. Қош келдіңіз,
қадірлі көктем, – деп көктемге жылы лебіз білдіреді. Көктем апай, келіңіз,
бізбен бірге ойын ойнап, би билеңіз.
Көктем: – Рахмет. Балалар, көктемде қандай мерекелер болатынын
білесіңдер ме?
Балалар:– Наурыз, Аналар мерекесі, 1 Мамыр және 9 Мамыр мерекелері.
–Осы мерекелер туралы қандай өлең, тақпақ білесіңдер:
Балалар өздері білетін Мамыр, Менің әжем т.б. тақпақтарды
айтады.
Сергіту сәті: Төртеуі қызық өлеңінің әуеніне қосылып балалар қимыл-
қозғалыстар жасайды.

Қанат пен Таңат,
Санат пен Жанат
Жүреді бірге,
Қойларын санап.
Өздері қызық,
Қалады кейде,
Достықты үзіп.
Бір дөңнен асып,
Бір дөңге шығып.
Қалады қайта,
Бір-бірін осып.
Бағады қайта,
Қойларын қосып.

Музыка ойналады. Гүл ұстаған көбелек ұшып келеді.
Тәрбиеші (таңданып): Көбелек қайдан келдің? Қолыңдағы не?
Көбелек: – Бұл гүл бәйшешек деп аталады. Сендерге әкелген
сыйлығым.
Балалар тәрбиешімен бірге көбелекке алғыс айтады. Көбелек әнін
орындайды. Көбелек қоштасып ұшып кетеді.
Тәрбиеші: – Көбелек әкелген гүл жай гүл емес, жұмбақ гүл. Қане
көрейікші. Бір нәрсе бар сияқты. Алақай. Жедел хат екен. Балалар. Көбелек
жұмбақ жасырыпты, шешуін табайық.
1. Көгала қойым көгенде жатып семірді. (Қарбыз).
2. Өзі жасыл тым қатты, бақшада домалап жатты. (Қияр).
Жұмбақты шешкен бала гүлдің ішінен аталған көкөністердің бірін алып
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдіскер мен тәрбиешілерді аттестациялаудан өткізу жолдары
Мектепалды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнының жанаруы
Мектеп жасына дейінгі баланың сезімі мен эмоциясының өзгеруі
Ерте балалық шақ жасындағы балаға сипаттама жасап, психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда қолданылатын халық ауыз әдебиет түрлері
Даланың алып қоңырауы
Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері
Мектепке дейінгі бала өмірінің даму сатылары
Қоғамның мүмкіндігі шектеулі адамдармен өзара әрекет етуге дайындығы
Музыкалық аспаптардың түрлері
Пәндер