Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.БӨЛІМ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚАЗІРГІ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.1 Бастауыш сыныпта қазіргі оқытудың педагогикалық, психологиялық, әдіснамалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.2. Педагогикалық қатынастың рөлін қалыптастырудың психологиялық, педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
1.3. Бастауыш сынып мұғалімнің жұмысындағы оқушылардың үлгерімін көтерудегі жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
2.БӨЛІМ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛЫРЫНЫҢ ҮЛГЕРІМІН КӨТЕРУДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТЫҢ РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... 29
2.1 Сөйлеу дағдылары мен оқу мәдениетін қалыптастырудың жолдлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.2. Бастауыш сынып оқушыларының оқушылырының үлгерімін көтеру бойынша эксперимент жұмысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...59
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61

Қазақстан Республикасының Білім заңында және Білім беру тұжырымдамасында келешек қоғам мүшесі, болашақта оның белсенді қайраткері болатын ұрпақпен, олардың білім алып, дамуымен айналысатын мамандарды білімді де, парасатты, шебер де, іскер етіп даярлауға баса көңіл бөлу керектігі атап айтылған. Осы тұрғыдан алғанда, бастауыш сыныптарда білім беретін маман даярлау мәселесі қай кезде де ең өзекті істің бірі.
Адамның жеке тұлға болып қалыптасуындағы бүкіл болмысының негізі ұйытқысы осы бастауышта құрылатыны педагогтардың да, психологтардың да еңбектерінде атап айтылып келеді. Оқушы бойында білім негізін қалайтын, баланың жеке басының дамуын қамтамасыз ететін тұлға – мұғалім. Мұғалімнің білім беру барысында орынды қолданған әдіс-тәсілдері, қарым-қатынасы, әр түрлі іс-әрекеттері негізінде оқушының жеке бас қасиеті қалыптасады. Болашақ мамандардың мектеп оқушыларымен тіл тауып, бірден іске кірісіп кетуі оңай мәселе емес. Ондай икемділік үздіксіз жүргізілетін, ғылыми тұрғыда ұйымдастырылған педагогикалық білім мен дағдының негізінде жүзеге асады. Сондықтан да жоғары білімді мұғалімдер дайындайтын жоғары оқу орындарында әдістемелік пәндерде оқулықтардың алатын орны ерекше.
Педагогикалық процесте орын алып отырған өзекті мәселелерді тиімді жолмен шеше алатын, білімді де білікті маман даярлау-жоғары оқу орындарының міндеті. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесіне ізгілендіру, демократияландыру бағыттарының енуімен байланысты болашақ мұғалімдердің әдістемелік-педагогикалық тұрғыдағы дайындықтарын, оның ішінде оқулықтың мазмұнымен жұмыс істей алу біліктілігін қалыптастыру басты мақсаттардың біріне айналып отыр. Бүгінгі таңда жаңа оқулықтармен оқу процесінің жүргізілуі және он екі жылдық жалпы білім беретін оқулықтарының эксперименттен, байқау сынағынан өтілуі мамандардан оқулықты шеберлікпен қолдана білуді талап етеді.
Қазақстан Республикасының білім стандарттары мен тұжырымдамалары-ның жарық көруі, осыған орай мектеп бағдарламалары мен оқулықтар мазмұнының түбегейлі өзгеруі, бастауыш сыныптарға жаңа оқулықтардың енуі, білім мазмұнын меңгертуге байланысты кіріктіре отырып оқытуды, оқушыларды дамыту мен шығармашылыққа жетелеуді міндеттеуі, болашақ маман даярлау ісіне өте жауапкершілікпен, ұқыптылықпен, зерттеушілікпен қарауды талап етіп отыр.
Педагог-мамандар дайындайтын жоғары оқу орындарында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің теориялық білім алуымен қатар, ол алған білімін іс жүзінде қолдануына негіз салатын, кәсіптік шеберліктерін шыңдайтын, оқушылармен жүргізетін іс-шаралардың, олармен қарым -қатынасқа түсетін іс-әрекеттердің түрімен, әдіс-тәсілімен таныстыру да, үйрету де осы оқулықпен жұмыс арқылы шешіліп отырады.
Қоғамның дамуы, білім беру жүйесінің өзгеруіне байланысты оқулық мазмұнының дамытушылық бағытта жазылуы, ғалым Л.В.Занковтың қиындатып оқыту идеясын басшылыққа ұстау, болашақ мамандарға қойылатын талаптардың күрделенуіне әкеліп соғып отыр. Осы мәселелерді қарастыруда, ең алдымен, бастауыш сынып мұғалімі оқулық мазмұнын жақсы талдай білуі қажеттілігі туындайды. Бұл қажеттілік негізінде мұғалімдер оқулық мазмұны құрылымындағы мынандай жағдайларды:
- қоғамның дамуымен байланысты жастардың, жалпы оқушылардың сана-сезімінің өзгеруін;
- бастауыш сыныптар бойынша ғылым салаларынан берілетін пән мазмұндарын кіріктіре отырып оқыту арқылы оқушылардың шығармашылығын дамытуға, жеке бас қасиеттерін қалыптастыруға, тұлға тәрбиелеу жағына баса көңіл бөлу мәселесінің қойылуын;
- психологиялық тұрғыдан алғанда әлі де мінез-құлық қасиеттері тұрақталмаған, өзгергіш, еліктегіш, сенгіш, сезімтал, алғыр, көргенін тез қабылдайтын бастауыш сынып оқушыларына білім мен тәрбие беруде оқыту мазмұнын, оны ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін білулері керек.

1 Ақпараттандыру – білім беруді реформаландырудың негізгі механизмі// Ізденіс-Поиск. Гуманитарлық ғылымдар сериясы. – Алматы, 2006. - № 1.-Б. 262-264 (Г.К.Нұрғалиева, С.С.Тілеуовамен авторлық бірлестікте).
2 Білімді ақпараттандырудың маңызды факторы – Интернетке шығу \\ «Қазақстан және ТМД елдеріндегі білім беруді ақпараттандырудың» ІV- Халықаралық форумының ғылыми мақалалар жинағы Алматы, 2006. –Б.373-375.
3 Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіптік қызметінде Интернет- ресурстарды қолдану //«VІІ Сәтбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференциясының материалдары. - Павлодар, 2007. - Б.257-261.
4 Ақпараттық ресурстарды орынды пайдаланудың жолдары //«Педагогикалық кадрларды дайындаудың қазіргі заманғы өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. - Шымкент, 2007. - Б.275-277
5 Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби іс-әрекетін дмыту мәселесі // Ұлт тағылымы. - Алматы, 2007. - № 2.-Б. 76-78.
6 Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда Интернет-қорларды пайдалану әдістемесі// Хабаршы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Педагогикалық ғылымдар сериясы. -Алматы, 2008. - № 3(25).-Б.107-113.
7 Бастауыш сынып мұғалімдерінің Интернет-ресурстарды пайдалану даярлығын диагностикалау// Хабаршы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Педагогикалық ғылымдар сериясы. -Алматы, 2008. - № 3(25).-Б.121-127.
8 MOODLE – қашықтықтан оқыту жүйесі// Бастауыш мектеп.- Алматы, 2009.- № 6.-Б.64-66(Қ.Т.Туенбаевамен авторлық бірлікте).
9 Портал открытого дистанционногообразования MOODLE.NCI.KZ и его карманная USB версия // Ұлт тағылымы – Достояние нации. - Алматы, 2009. - № 2.-С. 112-117(Соавторство К.Т.Туенбаевым).
10 Білім беруді ақпараттандыру – ғылымның жедел дамуын анықтайтын түйінді шарты//«Шығармашылық іс-әрекетті дамыту арқылы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Шымкент-Москва, 2009. - Б.84-87.
11 Бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологиялардың педагогикалық мүмкіндіктері//«Шығармашылық іс-әрекетті дамыту арқылы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Шымкент-Москва, 2009. - Б.87-90.
12 Бастауыш мектептің оқу үрдісінде электрондық оқулықтарды пайдалану//«Жастардың патриотизмі мен азаматтығын қалыптастыруда тәрбие жүйесін іске асыру: тәжірибе, проблемалар, перспективалар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Тараз, 2009, -Б. 37-40.

Диссертация 2010 жылдың 25 қараша сағат 10.00 Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті жанындағы Д 14.61.51 диссертациялық кеңесінің
мәжілісінде қорғалады. Мекен жайы: 010008, Астана қаласы, Қажымұқан көшесі,
13, №3 оқу ғимараты, 428 дәрісхана.
Диссертациямен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
кiтапханасында танысуға болады.
Автореферат 2010 жылы ____ қазанда таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы
Т.Қ. Мусалимов
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Білім заңында және Білім беру тұжырымдамасында
келешек қоғам мүшесі, болашақта оның белсенді қайраткері болатын ұрпақпен,
олардың білім алып, дамуымен айналысатын мамандарды білімді де, парасатты,
шебер де, іскер етіп даярлауға баса көңіл бөлу керектігі атап айтылған. Осы
тұрғыдан алғанда, бастауыш сыныптарда білім беретін маман даярлау мәселесі
қай кезде де ең өзекті істің бірі.
Адамның жеке тұлға болып қалыптасуындағы бүкіл болмысының негізі
ұйытқысы осы бастауышта құрылатыны педагогтардың да, психологтардың да
еңбектерінде атап айтылып келеді. Оқушы бойында білім негізін қалайтын,
баланың жеке басының дамуын қамтамасыз ететін тұлға – мұғалім. Мұғалімнің
білім беру барысында орынды қолданған әдіс-тәсілдері, қарым-қатынасы, әр
түрлі іс-әрекеттері негізінде оқушының жеке бас қасиеті қалыптасады.
Болашақ мамандардың мектеп оқушыларымен тіл тауып, бірден іске кірісіп
кетуі оңай мәселе емес. Ондай икемділік үздіксіз жүргізілетін, ғылыми
тұрғыда ұйымдастырылған педагогикалық білім мен дағдының негізінде жүзеге
асады. Сондықтан да жоғары білімді мұғалімдер дайындайтын жоғары оқу
орындарында әдістемелік пәндерде оқулықтардың алатын орны ерекше.
Педагогикалық процесте орын алып отырған өзекті мәселелерді тиімді
жолмен шеше алатын, білімді де білікті маман даярлау-жоғары оқу орындарының
міндеті. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесіне ізгілендіру, демократияландыру
бағыттарының енуімен байланысты болашақ мұғалімдердің әдістемелік-
педагогикалық тұрғыдағы дайындықтарын, оның ішінде оқулықтың мазмұнымен
жұмыс істей алу біліктілігін қалыптастыру басты мақсаттардың біріне айналып
отыр. Бүгінгі таңда жаңа оқулықтармен оқу процесінің жүргізілуі және он екі
жылдық жалпы білім беретін оқулықтарының эксперименттен, байқау сынағынан
өтілуі мамандардан оқулықты шеберлікпен қолдана білуді талап етеді.
Қазақстан Республикасының білім стандарттары мен тұжырымдамалары-ның
жарық көруі, осыған орай мектеп бағдарламалары мен оқулықтар мазмұнының
түбегейлі өзгеруі, бастауыш сыныптарға жаңа оқулықтардың енуі, білім
мазмұнын меңгертуге байланысты кіріктіре отырып оқытуды, оқушыларды дамыту
мен шығармашылыққа жетелеуді міндеттеуі, болашақ маман даярлау ісіне өте
жауапкершілікпен, ұқыптылықпен, зерттеушілікпен қарауды талап етіп отыр.
Педагог-мамандар дайындайтын жоғары оқу орындарында болашақ бастауыш
сынып мұғалімдерінің теориялық білім алуымен қатар, ол алған білімін іс
жүзінде қолдануына негіз салатын, кәсіптік шеберліктерін шыңдайтын,
оқушылармен жүргізетін іс-шаралардың, олармен қарым -қатынасқа түсетін іс-
әрекеттердің түрімен, әдіс-тәсілімен таныстыру да, үйрету де осы оқулықпен
жұмыс арқылы шешіліп отырады.
Қоғамның дамуы, білім беру жүйесінің өзгеруіне байланысты оқулық
мазмұнының дамытушылық бағытта жазылуы, ғалым Л.В.Занковтың қиындатып оқыту
идеясын басшылыққа ұстау, болашақ мамандарға қойылатын талаптардың
күрделенуіне әкеліп соғып отыр. Осы мәселелерді қарастыруда, ең алдымен,
бастауыш сынып мұғалімі оқулық мазмұнын жақсы талдай білуі қажеттілігі
туындайды. Бұл қажеттілік негізінде мұғалімдер оқулық мазмұны құрылымындағы
мынандай жағдайларды:
- қоғамның дамуымен байланысты жастардың, жалпы оқушылардың сана-сезімінің
өзгеруін;
- бастауыш сыныптар бойынша ғылым салаларынан берілетін пән мазмұндарын
кіріктіре отырып оқыту арқылы оқушылардың шығармашылығын дамытуға, жеке бас
қасиеттерін қалыптастыруға, тұлға тәрбиелеу жағына баса көңіл бөлу
мәселесінің қойылуын;
- психологиялық тұрғыдан алғанда әлі де мінез-құлық қасиеттері
тұрақталмаған, өзгергіш, еліктегіш, сенгіш, сезімтал, алғыр, көргенін тез
қабылдайтын бастауыш сынып оқушыларына білім мен тәрбие беруде оқыту
мазмұнын, оны ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін білулері керек.
Жалпы оқулық мәселесіне келетін болсақ, оқулықтардың пайда болуының
өзіндік тарихы бар. Ы.Алтынсарин екі оқу құралын – Қазақ хрестоматиясы
және Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы еңбегін жазып,
бұларды орыс-қазақ мектептерінде төлтума оқулық ретінде ұсынды. Ал
А.Байтұрсынұлы бұл істі жаңа сатыға көтерді. Адамға тіл, құлақ қалай керек
болса, бастауыш мектеп сондай керек деп өткен ағартушы ғалым Әліпби оқу
құралын жазады. Сонымен қатар, оқулық саласында 1920-1930 жылдары
М.Жұмабаев, М.Дулатов, А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедов және т.б.
авторлардын еңбектерін атап өтуге болады.
Қазақ мектептерінде А.Байтұрсынұлының Қырық мысал, Т.Шонаұлымен
бірігіп құрастырған Оқу құралы, С.Көбеевтің Үлгілі тәржіма оқу
кітаптары ретінде пайдаланылғаны белгілі. Бұл оқулықтардың бастауыш
сыныптардың ұғымына оралымды, көкейіне қонымды, күнделікті қазақ өмірінен
алынған тапсырмалар мен жаттығулардың берілуімен ерекшеленетіндігі
байқалады, берілген тапсырмалардың тарихи кезеңмен – әлеуметтік
мәселелермен, өмір тәжірибесімен байланысты болуы, сол уақыт деңгейінде
түсініктілігі, яғни сол қоғамның талабына сай жазылғанын байқауға болады.
Білім беру жүйесіндегі бастауыш мектеп оқулықтары туралы жазылған ғылыми
еңбектердің авторлары ХХ ғасырдың 40-жылдарынан бастап Ш.Сарыбаев,
Ғ.Бегалиев, А.Садуақасов, С.Жиенбаев, Қ.Басымұлы, С.Аманжолов сияқты т.б.
ғалымдардың ғылыми мақалалары мен еңбектерінде, әдістемелік құралдарында
қарастырылады. Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп оқушыларының тілін
дамыту, оқу дағдыларын қалыптастыру мәселелері Х.Арғынов, М.Балақаев,
М.Жұбанова, Б.Баймұратова, К.Бозжанова, Т.Әбдікәрім, С.Рахметова,
Б.Қабатаева және т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттеу нысанына алынды.
Қазіргі таңда бастауыш сынып дүниетану оқулықтарының авторлары, ғалым-
педагогтар, әдіскерлер Қ.Аймағамбетова, Ә.Бірмағанбетов, К.Жүнісова,
Р.Әлімқұлованың еңбектерін атауға болады.
Авторлар өздерінің зерттеулерінде оқулық және оған қойылатын талаптарды
атап өткен. Тәуелсіз Қазақстанда осы кезге дейін жарық көрген зерттеу
нәтижелеріне зер салсақ, бастауыш сынып оқулықтарын пайдалануға болашақ
мамандарды даярлау мәселесі жеке зерттеу нысаны болмағандығы байқалады.
Жалпы болашақ мамандардың кәсіби даярлығын қалыптастырудың теориялық,
ғылыми, әдістемелік негіздерін айқындау мәселелерін
Ш.А. Абдраман, А.Б. Абибуллаева, Б.А. Әбдікәрімов, С.А. Әбдіманапов,
А.М. Әбдіров, Б.А. Әлмұханбетов, Н.А. Завалко, С.Т. Каргин, К.М.
Кертаева, Б.Т. Кенжебеков, М.А. Лигай, А.С. Мағауова, М.С. Мәлібекова,
Т.К. Мусалимов, О.Г. Мусабеков, Г.Ж. Меңлібекова,
Б.К. Момынбаев, К.А. Нұрымжанова, А.П. Сейтешев, П.Б.
Сейітқазы, Қ.А. Сарбасова және т.б. өз зерттеулеріне арқау еткен.
Тәжірибе барысында, педагогикалық жоғары оқу орындарында бастауыш сынып
мұғалімдерін даярлауда жіберіліп отырған олқылықтардың көпшілігі
студенттермен өткізілетін оқулықтың даму тарихын, мазмұнын, оның теориялық,
әдістемелік және тәрбиелік жүйесіне байланысты ғылыми тұрғыда негізделген
педагогикалық, психологиялық зерттеудің жетіспейтіндігінен байқалады.
Ашығын айтсақ, осы кезге дейін бастауыш сынып оқулықтарының даму тарихын,
онымен жұмыс істейтін мұғалімдердің қандай болу керектігін, оқулықтардың
білімділік және тәрбиелік мәселелеріне арналып жүргізілген ғылыми зерттеу
жұмыстарының аздығы.
Бастауыш сыныпта білім берудің көп пәнділігі, тәрбие жүйесінің
ерекшеліктері, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктері, жаңа
оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендердің мектеп өміріне енуі, педагогикалық
жоғары оқу орындарында бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау негізінде,
оқулықпен жұмыс істеуді ғылыми тұрғыдан зерттеуді керек етеді.
Бастауыш сынып мұғалiмдерiн даярлау мәселелері бойынша
С.Е. Архипова, Ю.К. Бабанский, Л.В. Занков, Р.М. Қоянбаев, А.И.
Пискунов, Т.Ш. Домаев, Т.С. Сабыров‚ М.Н. Сарыбеков, Н.Д. Хмель және т.б.
зерттеулерінде мұғалiмдердi кәсiби даярлаудың теориялық негiздерi
қарастырылып, педагогикалық жоғары оқу орындарындағы оқу процесiнiң
тиiмдiлiгiн арттыру жолдары айқындалады, ал О.А. Абдуллина, К.І. Аманқұлов,
Н.К. Ахметов, Ғ.З. Әділғазинов, Г.Е. Берікханова, А.А. Калюжный,
А.Ж. Қайдарова және т.б. еңбектерінде педагогикалық шеберлікті
дамыту, педагогикалық және әдістемелік іс-әрекетке даярлау мәселелері
зерттелген.
Сонымен қатар бастауыш мектепті оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз ету,
соған сәйкес мұғалiмдердің кәсiби-педагогикалық және әдістемелік даярлығын
қалыптастыру бойынша Қ.А. Аймағамбетова, А.Х. Аренова, А.Е.
Әбілқасымова, Ж.Т. Қайыңбаев, Б.М. Қосанов, Ш.Х.Құрманалина,
Т.Қ. Оспанов, С.Рахметова, С.О. Сатқанов және т.б. ғалымдар еңбектерінде
ерекше мән берілген.
Теориялық, әдістемелік, педагогикалық, психологиялық тұрғыдан алғанда да
педагогикалық жоғары оқу орындарында бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың
өзіндік ерекшелігі бар. Бұл ерекшеліктер бастауыш сыныптарға жоғары білімді
маман даярлауға арналған білім стандарты мен типтік оқу жоспарының
мазмұнынан туындайды.
Сонымен, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқулықтармен жұмыс істеуге
даярлаудың қажетелігі мен оның педагогика ғылымы мен жоғары кәсіби білім
беру тәжірибесінде жеткіліксіз зерттелу арасындағы қарама-қайшылық туындап
отырғаны анық байқалады.
Осы қайшылықтың шешімін табу үшін қазіргі заман талабына сай бастауыш
сынып мұғалімдерінің оқулықтармен жұмыс істеуін кәсіби даярлауды зерттеу
мәселесі диссертацияның тақырыбын Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс
істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау деп алуға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ
мұғалімдерді даярлауды теориялық тұрғыдан негіздеп оның әдістемесін жасау.
Зерттеудің нысаны: жоғары оқу орындарында болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерін даярлау процесі.
Зерттеудің пәні: жоғары оқу орындарында бастауыш сынып оқулықтарымен
жұмыс істеуге болашақ мұғалімдердің даярлығы.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер жоғары оқу орнындағы оқу процесіне біз
құрастырған бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді
даярлау әдістемесі ендірілсе, онда жалпы болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерін даярлау процесі нәтижелі болады, өйткені бұл әдістеме жаңа
оқулықтармен жұмыс істей алатын, кәсіби білімі мен қабілеті жоғары деңгейде
қалыптасқан мамандарды даярлауды жүйелі түрде қамтамасыз етеді.
Зерттеудің міндеттері:
1) бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді
даярлаудың тарихи-педагогикалық және теориялық аспектісіне талдау
жасау;
2) бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдердің
кәсіби даярлығының алғышарттарын айқындау;
3) бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді
даярлаудың теориялық үлгісін құрастыру;
4) үлгіге сәйкес бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ
мұғалімдерді даярлаудың әдістемесін жасау және оның тиімділігін
эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы: мұғалімдердің оқулықтармен жұмыс істеу кәсіби
біліктілігі мен шеберлігі бастауыш мектептің жалпы педагогикалық процесті
тиімді ұйымдастыру факторларының бірі болып табылады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: таным теориясы; тұлға
дамуының жалпы диалектикалық принциптері; жүйелер теориясы; ойлау
әрекеттерiн сатылап қалыптастыру теориясы; тұтас педагогикалық процесс
теориясы; білім беру мазмұнының теориясы; қазіргі білім беру мазмұнының
тұжырымдамасы; жоғары мектеп дидактикасының негізгі қағидалары; кәсіби
білім берудің теориясы мен әдістемесі; оқулықтарға байланысты дидактика
қағидалары мен тұжырымдары.
Зерттеу көздерi: Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы,
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған Мемлекеттік Бағдарламасы, зерттеу мәселесіне қатысты
философтардың, психологтардың, педагогтардың, әдiскерлердiң еңбектерi,
бiлiм беру мәселесiне арналған ресми құжаттар, оқу-әдiстемелiк кешен
(оқулықтар, оқу бағдарламалары, оқу құралдары және т.б.), бастауыш сынып
мұғалiмдерiнiң iс-тәжiрибесi, сонымен бiрге автордың педагогикалық және
зерттеушiлiк тәжiрибесi.
Зерттеу әдістері :
талдау, жинақтау, салыстыру, баяндау және т.б. әдістер арқылы мектептегі
және педагогикалық жоғары оқу орындарында білім беру мәселесіне байланысты
жарық көрген мемлекеттік құжаттармен танысу;
педагогикалық, психологиялық әдебиеттермен, зерттеу тақырыбына қатысты
жүргізілген зерттеу жұмыстарымен және мерзімді баспасөз материалдарымен,
бастауыш сыныптарға арналған бағдарлама, оқулықтар, әдістемелік
нұсқаулармен танысу, оларға талдау жасау;
ретроспективтік және генетикалық әдістер негізінде бастауыш мектеп
оқулықтарының даму тарихына талдау жасау;
педагогикалық бақылау, жеке дара әңгімелесу және сауалнамалар жүргізу,
бастауыш мектептегі оқу процесін бақылап, алдыңғы қатарлы әдіскерлердің іс-
тәжірибелерімен танысу, педагогикалық жоғары оқу орындарындағы
педагогикалық практикада алдын ала жүргізілетін жұмыстардың мазмұнымен
танысу;
педагогикалық эксперимент жүргізіп, оның нәтижесін қорыту және
математикалық тұрғыда өңдеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлаудың
тарихи-педагогикалық аспектісіне талдау жасалды;
бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдердің кәсіби
даярлығының алғышарттары айқындалды;

теориялық үлгісі құрастырылды;
үлгіге сәйкес бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ
мұғалімдерді даярлаудың әдістемесі ұсынылды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: зерттеу жұмысының нәтижесін жоғары
және арнайы орта педагогикалық оқу орындарында бастауыш сынып мұғалімдерін
дайындайтын бөлімдерде кеңінен қолданылуға болады, оқулықты қолдану
әдістемесін, арнайы курс бағдарламасын осы мамандықты даярлауда жоғары оқу
орны оқытушылары өз іс-тәжірибесінде пайдалана алады және бұл ұсыныстарды
ұстаздардың білімін жетілдіру институттарының жұмыс барысында да кеңінен
пайдалану мүмкіндігі бар.
Жоғары оқу орнында мұғалімдерді даярлауға практикалық көмек ретінде
жасалынып, оқу процесіне енгізілген:
1. Оқу-әдістемелік құрал: Дүниетанудан дидактикалық материалдар.
2.Арнайы курс бағдарламасы: Бастауыш сынып оқулықтарының мазмұндық
ерекшеліктері.
3. Электронды оқулықтар:
Бастауыш сынып оқулықтарының дидактикалық негіздері. Зияткерлік меншік
обьектісін № 219 мемлекеттік тіркеу куәлігі, 2005;
Оқыту теориясынан дәрістер. Зияткерлік меншік обьектісін № 345 мемлекеттік
тіркеу куәлігі, 2005;
Математика пәнінен ашық сабақтар. Зияткерлік меншік обьектісін № 322
мемлекеттік тіркеу куәлігі, 2005.
4. Әдістемелік нұсқау: Диплом жұмысын орындауға әдістемелік нұсқау.
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарты. (Жоғары кәсіптік білім беруден кейін. Магистратура 6N0102
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы. ҚР білім және
ғылым министрлігі. – Астана; ЖБМС ҚР 3.09.254-2006-ЖБМС. ҚР 3.09.254-2007).
Зерттеудің нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: автордың
педагогикалық зерттеуінің ғылыми негізімен, зерттеу тақырыбына сәйкес өзара
байланыстағы әдіс-тәсілдердің нақты қолданылуымен, эксперимент
бағдарламасының педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен, бастапқы және соңғы
нәтижелердің қорытылуымен, олардың тиімділігінің бастауыш сынып
мұғалімдерін даярлайтын мамандықтарда тексерілуімен қамтамасыз етіледі.
Зерттеудің нәтижелерін сынақтан өткізу және енгізу эксперимент жүргізу
барысында жүзеге асты және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда
баяндалды, басылым көрген мақалаларда, бағдарламаларда, әдістемелік
нұсқауларда, оқу-әдістемелік құралдарда және электронды оқулықтарда көрініс
тапты.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

тарихи-педагогикалық және теориялық алғышарттары;

теориялық үлгісі;

әдістемесі;
бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
бойынша жүргізілген педагогикалық эксперимент нәтижелері.
Зерттеудің базасы: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Еуразия
гуманитарлық институты, Қарағанды қазіргі заман колледжі.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезең (2002-2004) зерттеу тақырыбы және оның мақсаты мен
міндеттері анықталады. Зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттер, ғылыми
зерттеулер, педагогикалық, психологиялық ізденістермен танысып, олар
бойынша тұжырымдамалар жасалды.
Екінші кезең (2004-2008) оқу жоспарлары, бағдарламалар, стандарттар,
педагогикалық, оқу-әдiстемелiк құралдар талданды, зерттелiп отырған
даярлықтың қалыптасу көрiнiсi нақтыланды, тәжiрибелiк-эксперименттiк
жұмыстың мазмұны негiзделдi, жоғары оқу орындарының Бастауыш оқытудың
педагогикасы және әдістемесі мамандығының оқу процесіне жасалынған
электронды оқулықтар мен арнайы курс бағдарламасы сынақтан өткізілді.
Бастауыш сынып мамандарын даярлау мәселесі, бастауыш сынып оқулықтарының
даму тарихы зерттеліп, әдістемелік пәндерде оқулықтармен жүргізілетін жұмыс
түрлері мен әдістері теориялық және әдістемелік тұрғыдан негізделді.
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдердің даярлығын
және әдістемесінің тиімділігін айқындау мақсатында тәжірибелік-эксперимент
жұмысы жүргізілді.
Үшінші кезең (2008-2010) зерттеу жұмысына байланысты жиналған
материалдар теориялық тұрғыда талданып, эксперимент жұмысының нәтижесіне
қорытынды жасалынды. Жалпы зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер өңделіп,
диссертацияның мазмұнына енгізілді.
Зерттеу нәтижелерінің талқылануы және жүзеге асырылуы: зерттеудің
нәтижелері жалпы педагогика мәселелері бойынша өткізілетін университеттің
ғылыми семинарларында, аймақтық, республикалық, халықаралық және шетел
ғылыми конференцияларда талқыланып, баяндалды: Бастауыш сынып мұғалімдерін
кәсіби даярлаудың мәселелері және келешегі: аймақтық ғылыми-практикалық
конференция (Қарағанды, 2003), Қазақстан Республикасында жоғары білім беру
сапасын жетілдіру және дамыту перспективаларының өзекті мәселелері: жоғары
оқу орын аралық ғылыми-әдістемелік конференция. (Қарағанды, 2004), Жалпы
және кәсіби педагогиканың өзекті мәселелері: академик Е.А. Бөкетовтің 80
жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (Қарағанды,
2005), Образование в период детства: традиции, реальность, инновации:
международная научно-практическая конференция (Москва-Шадринск, 2007), Тіл
мен әдебиетті оқытудың теориясы мен әдістемесіндегі инновациялық
технологиялар: мәселелер және шешу жолдары: халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференция (Астана, 2009) және т.б. халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференцияларда баяндалды.
Зерттеу жұмысының мазмұны баспа беттерінде жарияланған 29 еңбекте
көрініс тапты.
Диссертация құрылымы: диссертация кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты: мақсаты, нысаны,
пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдiснамалық және
теориялық негiздерi, әдістері мен негізгі кезеңдері беріліп, ғылыми
жаңалығы мен теориялық мәнділігі, практикалық мәнділігі және қорғауға
ұсынылатын қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі,
талқылануы және жүзеге асырылуы баяндалады.
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді
даярлаудың ғылыми-теориялық негіздері атты бірінші тарауда оқулықтарды
даярлау мен оқу процесіне ендірудің тарихи аспектісіне талдау жасау арқылы
оның ғылыми-теориялық негіздері анықталды, бастауыш сынып оқулықтарымен
жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлаудың алғышарттары айқындалды және
оқулықтардың дидактикалық негіздеріне талдау жасау негізінде бастауыш сынып
мұғалімдерінің оқулықтармен жұмыс істеу даярлығының теориялық үлгісі
ұсынылады.

бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс атты екінші тарауда бастауыш
сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау бойынша
тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мазмұны мен нәтижелері көрсетілді.
Бастауыш сынып оқулықтарын пайдалану негізінде болашақ мұғалімдерін кәсіби
шеберліктерін арттыру жолдары (Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту
теориясы мен технологиясы, Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту теориясы
мен технологиясы мысалында) қарастырылды, бастауыш сынып оқулықтарымен
жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлаудың әдістемесі ұсынылды,
тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері талданады.
Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыстың нәтижелеріне
негізделген тұжырымдар мен ғылыми тұрғыдан ұсыныстар беріледі.
Қосымшада зерттеу жұмыстарында қолданылған электрондық оқулықтар бойынша
зияткерлік меншік куәліктері, зерттеу нәтижелерін оқу орындарында ендіру
анықтамалары келтіріледі.
Негізгі бөлім
Қазіргі таңда білім беруді демократияландыру, ізгіліктендіру, даралап-
саралап оқыту, білімді кіріктіре отырып беру, дамыту және оқушыларды
шығармашылыққа баулу мәселелеріне баса көңіл аударуға күрделі талаптар
қойылуда. Осы мәселелердің бір саласы ретінде өз шешімін жаңа жолға қоюды
керек ететін жағдай бастауыш сынып мұғалімдерін қазіргі талаптарға лайықты
даярлау.
Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың күрделілігі мен өзіндік бір
ерекшелігі – білім беру жүйесінің бастауыш буынының көп пәнділігінен
туындайды. Егер, жоғары сынып мұғалімдері мектеп қабырғасында бір не екі
ғана пәнді оқытуға дайындалса, ал бастауыш сынып мұғалімі мектепте сегіз не
он пәнді оқытуға дайындалады.
Жоғары оқу орындарында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың
ерекшелігіне оқылатын пәндердің әдістемелік тұрғыдан бір-бірімен
сабақтастығы да жатады. Сондықтан да пәнаралық кіріктіруді күшейте отырып,
барлық бастауыш сынып мұғалімдеріне оқылатын пәндерге ортақ, сабақтас
тақырыптарды күшейтуге көңіл бөлінеді.
Осыған байланысты, қоғамдық құрылыстың жаңаруы, білім жүйесінің жаңа
мазмұны, жоғары білімді маман даярлаудың жаңа стандарты, бастауыш буынға
жаңа оқулықтардың енуі, жаңа бағытта жұмыс жасайтын жаңаша ойлайтын,
жаңалықты көре білетін бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуді кәсіби іс-
әрекетте меңгерген мұғалімдерді даярлау қажеттілігі туындайды.
Аталған мәселелерді:
- әрбір студент бастауыш мектептің білім тұжырымдамасының негізгі
идеялары мен мазмұнын жете білуі;
бастауыш мектептің білім стандартының базалық параметрлерін және
оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптарды меңгеруі;
бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламаларының мазмұнын, әр сынып және
пән бойынша берілетін білім көлемін жете біліп меңгеруі;
бастауыш сыныпқа арналған пәндер оқулықтарының мазмұнын, құрылысын, оның
оқушыларға деңгейлеп білім беруге сәйкестігін, оқулықтарға берілген
сұрақтар мен тапсырмалар құрылысы мен мазмұнын талдай білуі;
оқулықта берілген иллюстративті материалдардың тиімді және тиімсіз жақтарын
талдап үйренуі;
пән мазмұндарын кіріктіре оқытудың әдістерін талдай білуі;
оқушыға берілетін білімді міндетті және мүмкін деңгейге саралай білуі және
т.б. іске асырылатын шаралармен байланыстыруға болады.
Осы жоғарыда айтылған мәселелер студенттерді болашақ мамандықтарына
баулу мақсатында түйінді мәселелерге көңіл бөлу арқылы бірнеше жағдайларды
шешуге мүмкіндік береді.
Біріншіден, бастауыш сыныптарда білім беру жүйесіне жаңа оқулықтар мен
білім стандартының енуі бұлардың мазмұны мен мақсатын, теориялық және
практикалық жақтарын алдын ала жан-жақты талдап, түсініп алуды қажет
ететіндігі. Әр оқулықтың мазмұны мен оның негізгі білім мен тәрбие берудегі
мақсатын жете білген мұғалім ғана пәннің мазмұн тұтастығын пайдалана
отырып, оқушыларды дамыту, шығармашылық мүмкіндігін ашу және т.б.
мақсаттарды жүзеге асыра алады.
Екіншіден, бастауыш сынып мұғалімдерін дайындайтын бөлімдердің оқу
жоспарында педагогикалық (байқау сабақтары және мемлекеттік педагогикалық
практика) практикаға 3,4-курстарда уақыт бөлінеді. Осы бөлінген уақытта
болашақ мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіру үшін оларды педагогтық
мамандықпен жан-жақты таныстырып, өз ісіне жаттықтыру қажеттігі туады.
Үшіншіден, бастауыш сыныптың ерекшелігі оның көп пәнділігі. Сондықтан
көп пәнділікті педагогикалық-әдістемелік тұрғыдан жақсы меңгеру қажет.
Төртіншіден, болашақ мұғалімнің аудиторияда, оқушылар арасында өзін
еркін ұстауы олардың жаттығу жұмысын жүргізіп шыңдалуына және өз пәнін
жеткілікті деңгейде меңгеруіне тікелей байланысты.
Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың теориялық негізін жасап, оның
ерекшелігін айқындау үшін танысып талдаған педагогикалық еңбектердің және
жоғары білім беруге арналған оқу жоспарларының мазмұнын тұжырымдау
барысында байқағанымыз, мұғалімдер даярлауға қойылатын талап, негізінен
мамандық бойынша оқылатын пәндердің мазмұнын меңгертуге бағытталады. Ал
мұғалімдердің оқулықпен жұмыс істеудегі кәсіби іс-әрекетін арттыруға
байланысты олардың іс-әрекетін арнайы талдау қарастырылмайды. Бұл әрбір
жеке пәндердің әдістемесін меңгеру арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктілігі
артады деген пікірден туындайды.
Болашақ мұғалімдердің іс-әрекеті келесі компоненттерді құрайтын білім
жүйесі болып саналады:
білімдік – ұғымдар мен түсініктерді бейнелейтін білімдер, пән бойынша
біліктер мен дағды, тәсілдерді және технологияларды пайдалана білу;
ғылыми-әдістемелік – ғылыми зерттеулерді талдау, әдістеме мен
технологияларды зерделеу. Отандық және шетел тәжірибесін зерттеу;
ғылыми-зерттеу – жаңа білімдер мен педагогикалық танымды меңгерудің жаңа
жолдарын қолдану, іс-әрекеттердің жаңа немесе өзіндік әдіс-тәсілдерін
іздестіру.
Осы ретте қазіргі кезеңде республикамызда оқытудың ең жаңа түрлерін
ескере отырып, оқулық жасауда дидактикалық талаптар біршама ілгерілеуде.
Әсіресе, бастауыш сынып оқулықтарына қара дүрсінділікпен қарамай оларды
белгілі трафареттер мен басқа ұлт оқулықтарынан көшіріп алу немесе соның
негізінде жазудан сақтандырылуда.
Зерттеу жұмысымыздың барысында бастауыш сынып оқулықтарының даму
сипаттамасын жасадық, бұл біз қарастырып отырған мәселенің тарихи-
педагогикалық алғышарттары болып табылады, өйткені оқулық жазу іс-әрекеті
олармен жұмыс істейтін мұғалімді даярлаудан тыс болуы мүмкін емес.
Сондықтан олардың даму кезеңдері зерттеуіміздің бірінші міндетіне сәйкес

тарихи-педагогикалық аспектісін қарастыра отырып, арнайы әдебиеттер мен
деректерге талдау жасалынды.
Осы негізде бастауыш сынып оқулықтарының даму кезеңдеріне сипаттама
жасалды. Бұл кезеңдерді ретроспективтік және генетикалық талдау әдісін
қолдану негізінде айқындадық.
Ал, зерттеліп отырған мәселенін теориялық алғышарттарына келетін болсақ,
олар: оқулық ұғымының анықтамасы (1), қазіргі заман оқулықтарына
қойылатын дидактикалық талаптар (2) және оқулықпен жұмыс істеу факторлары
(3).
1. Оқулық – ол оқытуды бағдарламада белгіленген мақсаттарына
және дидактика талаптарына сәйкес белгілі бір оқу пәні
бойынша ғылыми білімдердің негіздерін баяндайтын кітап.
Оқулық басқа басылымдардан атқаратын өзіндік қызметтері,
мазмұны, мәтінге қойылатын талаптар және ерекше құрылымы
арқылы ажыратылады. Бүгінгі таңда білім беру жүйесіндегі
өзекті мәселелердің бірі ол оқулықтану саласы болып отыр,
сондықтанда әрбір ұстаз, әдіскер бұл саланы игеруі бүгінгі
күн талабы. Қазіргі кезде шығарыла бастаған жаңа оқулықтар
мен оқу-әдістемелік кешенінің тұжырымдамасы ғылыми-
теориялық бағамдаулар негізінде өмірге келуде. Әйтсе де,
жалпы ғылыми қағидалар мен өз еліміздің идеологиясын
басшылыққа алып, ұлттық сана, рухани құндылықтарымызды
арқау еткен нақты да дәл оқулық теориясын жасау алдағы
күндердің еншісінде қалып отыр.
2. Қазіргі заман оқулықтарына қойылатын дидактикалық талаптар:
– оқу кітабында қазіргі заманғы білімнің ғылыми тұрғыдан
негізделген жүйесі міндетті түрде көрініс табуы керек, яғни
баспа ісінің мазмұндық теориялық аспектісі бейнеленуі керек,
ал бұл оқулықтың мазмұны болып табылмақ;
– оқулықта оқу бағдарламасының идеялары мен негіздерінің нақты
жүзеге асырылудағы материалдық мүмкіндіктері ескеріледі, яғни
оқулықта баспа ісінің материалдық-техникалық аспектісі
бейнеленуі керек;
– оқулықтың формасы мен мазмұнын тура айқындайтын ұйымдастыру
шараларының қатаң жүйесін құрып, оқу-педагогикалық әдебиеттер
баспасы қызметінің ұйымдастырушылық аспектісі ескерілуі керек.
3. Бастауыш сынып оқушысын жан-жақты дамыған тұлға ретінде
тәрбиелеу қазіргі оқулықтардың алдына қоятын талаптарының
бірі. Өйткені оқушының рухани әлемінің дамуы, оның жеке
тұлға ретінде қалыптасуы өздігінен жүрмейтіні анық. Осы
негізде оқу-тәрбие процесі үш құрамдас, өзара қарым-
қатынасқа түсетін 1-суретке сәйкес факторлардан тұрады.
Сурет 1 – Оқулықпен жұмыс істеу факторлары
Бұл факторлар негізінде білімнің меңгерілуі дұрыс ұйымдастырылса,
оқушылардың танымдық мүмкіндіктері мен қабілеттері жан-жақты қалыптасады.
Ал осы білімнің негізгі бөлігі оқулықта, сол оқулықпен жұмыс істеудегі оқу
процесінің ұйымдастырушы, әрине мұғалім болып табылады. Сондықтан болашақ
мұғалімді оқулықпен жұмыс істеуге даярлауда ең басты мәселе оның
оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендерді зерттеу мен талдау (сурет 2)
қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.
Осыған орай еліміздің педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ
бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда, оқулықтың оқу процесінде атқаратын
педагогикалық қызметін, оқулықты оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің жалпы
педагогика негізінде қабылданған әдістемелік жүйесі ретінде қарастыруды,
оқулықтың басқа басылымдардан айырмашылығын ғылыми тұрғыдан студенттерге
меңгерту бүгінгі күн талабы болып отыр. Олай болса болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерінің оқулықпен жұмыс істеуге даярлығының мәнін анықтау қажеттігі
туындайды.
Сурет 2 – Оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендерді зерттеу және талдау
Оқу-әдістемелік жинақтарды құрастыруда дамушы оқу принциптері жиі жүзеге
асырылады; оқулықтар сыныптан сыныпқа өтуде даму басымдылығын жүзеге
асырады; олардың өңделуі мен құрастырылуы дамушы, танымдық, себептілік
қызметтері, өзіндік бақылау және өзіндік бағалау қызметтерін жүзеге асыру
негізінде қалыптасқан.
Бастауыш сынып мұғалiмдерiн даярлауда педагогикалық процестiң ерекшелiгi
теориялық және практикалық оқытудың сабақтастықта болуымен байланысты.
Осы тұрғыда бастауыш сынып мұғалімдері оқулықтардың мазмұндық
құрылымымен толық танысып, оны зерттеп, талдап тәжірибеде дұрыс пайдалана
білуі қажет.
Бұл міндетті шешуде біз аталмыш даярлықтын мәнін (құрамы) оның өлшемдер
жүйесі арқылы әзірлеуді жөн көрдік. Бұл жүйе іздестіріп отырған даярлықтың
компоненттерін, критерийлері мен деңгейлер көрсеткіштерін қамтиды (кесте
1).
Кесте 1 – Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдердің
кәсіби даярлығының мәні (құрамы)
Компоненттер Критерийлер Көрсеткіштер
Тұлғалық жеке тұлғаның кәсіби өз мамандығының әлеуметтік
бағыттылығы маңыздылығын сезінуі
оқулықтың қоғамдық оқулықтармен жұмыс істеуге
бағыттылығы туралы қызығушылығы
түсінік
оқулықтың оқу процесіндегі мәнін
түсінуі, оны пайдалануға мұқтаждығы
Мазмұндық бастауыш мектеп бастауыш сыныпта білім берудегі
педагогикасы және Мемлекеттік стандарт пен типтік оқу
әдістемесі бойынша бағдарламалар мазмұның білуі
теориялық білімдер
оқу бағдарламаның құрылымын, барлық
элементтерінің жүйелі орналасуын,
өзара байланысын білуі
оқулықтарға байланысты оқулықтағы негізгі ұғымдар мен
теориялық білімдер терминдер, фактілер, ғылым заңдарын
білуі
оқулықтарға қойылатын дидактика-лық
талаптарды білуі
Іс-әрекеттік оқулықтың оқу процесін-деоқытудың негізгі мақсаттарына
атқаратын педагогикалық жетудің дәйекті кезеңдерін, белгілі
қызметін меңгеру мөлшерде әдіс-тәсілдерін игеруі
негізінде кәсіби
іс-әрекетті жүзеге асыру
біліктер мен дағдылар
оқулықтармен оқу-әдістемелік
кешендерді зерттеп, талдай білуге
дағдылануы
оқулықтармен, оқулықтармен жұмыс істеудегі
оқу-әдістемелік пәнаралық байланыс ерекшеліктерін
кешендермен жұмыс істеу (мазмұны, мақсаты, құрылысы, оқыту
біліктер мен дағдылар әдістері т.б.) талдай білуге
дағдылануы
оқулықтың қосымша құралдарын
(хрестоматия, анықтамалар, жазба
жұмысына арналған дәптерлер,
күнделік) пайдалануы
Осы негізде зерттеліп отырған даярлықтың қалыптасу деңгейлерi анықталды.
Олар критерийлер мен көрсеткiштердiң арақатынасын (төмен, орта, жеткiлiктi,
жоғары) бейнелейдi.
Төмен деңгей – бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби іс-әрекетінің және
бастауыш сынып оқулықтарының мәнiн жете түсiнбейдi, олардың құрылымдық
компоненттерін, мазмұнын және ерекшеліктерін толық білмейді.
Орта деңгей – бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби іс-әрекеті мен оқулықтар
туралы жалпы білімі бар, бiрақ оларды іс жүзінде іске асырудың әдіс-
тәсілдерін, жолдарын, құралдарын, әдістемесін толық меңгермеген, теория мен
практикадан алған бiлiм, білiк және дағдысын практикада анық көрсете
алмайды.
Жеткiлiктi деңгей – бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби іс-әрекеті және
бастауыш сынып оқулықтары бойынша бiлiмi жеткiлiктi, теория мен практикадан
алған бiлiм, білік, дағдысын практикада мүмкiндiгiнше пайдалануға тырысады.
Жоғары деңгей – бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби іс-әрекеті және
бастауыш сынып оқулықтары бойынша бiлiмдi жетiк меңгерген, оларды бастауыш
мектеп практикасында еркін іске асыра алады, жаңашылдық тұрғысынан
шығармашылықпен жұмыс істейді.
Демек, бұдан шығатын қорытынды: болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін
оқулықтармен жұмыс істеуге даярлау өз кезегінде олардың кәсіби мамандығынан
туындайтын тұлғалық, мазмұндық және іс-әрекеттік компоненттерін құрайды.
Қазіргі заманғы мектеп оқулығының күрделі де алуан түрлі құрылысының
негізіне оның құрылымдық, мазмұндық компоненті жатады. Біз зерттеу
барысында оқулық құрылысының құрылымдық компоненттерін, бастауыш сынып оқу-
әдістемелік кешендерін талдай отырып, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің
оқулықтармен жұмыс істеуге кәсіби даярлаудың алғышарттарын анықтадық. Осы
негізде бірінші кезекте бастауыш сынып мұғалімдерін педагогикалық-
әдістемелік тұрғыда даярлау қажеттігі туындайды. Болашақ мұғалімді
педагогикалық-әдістемелік тұрғыдан даярлау ісінде базалық пәндер ерекше рөл
атқарады. Олар – жалпы педагогика негіздері, тәрбие теориясы, дидактика,
педагогика тарихы және т.б пәндер.
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдердің
теориялық даярлықтары жеткiлiктi деңгейде болмағандықтан, бiз Бастауыш
сынып оқулықтарының мазмұндық ерекшеліктері – атты арнайы курс
бағдарламасын жасадық. Бұл курсты жалпы кәсіби және арнайы пәндерден кейін
оқыту көзделеді. Себебі, бұл арнайы курс Бастауыш мектепте қазақ тілін
оқыту теориясы мен технологиясы, Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту
теориясы мен технологиясы курстарының өзіндік жалғасы болып табылады,
студенттер арнайы курсты оқып-үйрену барысында осы пәндерді оқыту
әдістемесінен алған білімдеріне сүйенеді және арнайы курс студенттердің
педагогикалық практикасында жалғасын табуы керек.
Ұсынылып отырған арнайы курстың мақсаты – болашақ бастауыш сынып
мұғалімдеріне оқулықтардың даму тарихын, мазмұнын, оның теориялық,
әдістемелік және тәрбиелік жүйесін меңгерту және сол алған білімдерін
бүгінгі таңдағы мектептерге қойылып отырған талаптарға сай оқыту процесінде
нәтижелі пайдалана білулерін қамтамасыз ету.
Сонымен, осы жоғарыда айтылған талдауларымыз, бізге бастауыш сынып
оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау үлгісін 3-суретке
сәйке құруға негіз болды. Біз жасаған бұл үлгінің құрамын анықтауда,
болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығы әр түрлі формалар мен әдіс-
тәсілдер көмегімен жүзеге асырылды.
Сурет 3 – Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ
мұғалімдерді даярлаудың теориялық үлгісі
Біз жасаған Бастауыш сынып оқулықтарының мазмұндық ерекшеліктері
арнайы курсын оқыту міндеттері:
1. Қазақ оқулықтары тарихына шолу жасау арқылы елімізде білім
берудегі оқулық жасаудың тарихи маңызына тоқталу;
2. Оқулық, оқу-әдістемелік кешен ұғымдарына анықтама беру;
3. Оқулыққа қойылатын педагогикалық-дидактикалық талаптарды анықтау
арқылы оқулықты пайдаланудың теориялық, практикалық негізін
түсіндіру;
4. Ана тілі және Дүниетану оқулықтарының тәрбиелік мәнін ашып
көрсету.
Сонымен бірге бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуде студенттердің
өзіндік жұмыстарын ақпараттық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге де
елеулі өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді, мұндай жаңашыл өзгерісті
оқулықтардан бастауға болады. Мұнда дәстүрлі баспа оқулықтарымен қатар оқу
процесінде электронды оқулықтарды пайдалану көзделді.
Алға қойылған мiндеттердi түбегейлi шешу және қозғаған ғылыми болжамның
дұрыстығын тексеру мақсатында Педагогика және бастауыш оқытудың
әдiстемесi мамандығы бойынша эксперименттiк жұмыс жүргiзiлдi.
Айқындау экспериментiнің негiзгi мақсаты – оқулықтың пайда болу тарихына
талдау жасау, бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ
мұғалімдердің кәсіби даярлығының алғышарттарын айқындау болды. Бұл мақсатты
жүзеге асыруда сауалнама, әңгiмелесу, тест, бақылау әдiстерi, арнайы
тапсырмалар жүйесi қолданып, болашақ бастауыш сынып мұғалiмдерiнiң
даярлығының бастапқы күйi анықталды. Анықтау барысында студенттердiң көп
бөлiгi болашақ кәсіби іс-әрекетіне қызығушылығының барын, қазiргi уақытта
бастауыш сынып мұғалімі біліктілігінің ролiн түсiнетiнiн, бірақ олардың 59(
бастауыш сынып мұғалімі мамандығының ерекшелiктерiн жете бiлмейтiнiн айтса,
85% білім беру жүйесіндегі іргелі өзгерістерге байланысты өздерінің
даярлықтарын үнемі жетілдіріп отыру қажеттілігін атап көрсетті.
Қалыптастыру экспериментiнің мақсаты бастауыш сынып мұғалімдерін
оқулықпен жұмыс істеуге даярлаудың әдістемесін сынақтан өткізу және оның
тиiмдiлiгiн тексеру болды. Бұл мақсатқа жету төмендегiдей мiндеттердiң
шешiмiн табумен байланысты:
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы және
Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы
мүмкiндiктерiн пайдалану;
электронды оқулықтармен арнайы курс бағдарламасын жасап, сынақтан өткізу;
педагогикалық практика барысында студенттердiң теориялық бiлiмдерiн
практикамен ұштастыруына жағдай жасау.
Бірінші кезеңде болашақ бастауыш сынып мұғалiмдеріне кәсіби даярлық
жүйесiнде Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы
және Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы
курстарының жетекшi орынға ие болатынын ескере отырып, бiз студенттердi
даярлау барысында бұл пәндердiң барлық мүмкiндiктерiн пайдаландық.
Аталған курстар оқытылып болғаннан кейiн студенттерге бақылау қиықтары
жүргізілді. Бақылау қиықтарының нәтижелерi даярлықтың қалыптасу
деңгейiндегi өзгерiстердi аңғартты. Дегенмен, студенттердiң теориялық
даярлықтарының жеткiлiксiздiгi Бастауыш сынып оқулықтарының дидактикалық
негіздері атты электронды оқулық және Бастауыш сынып оқулықтарының
мазмұндық ерекшеліктері атты арнайы курс бағдарламасын жасап, оларды
сынақтан өткiзу қажеттiлігiн көрсеттi.
Қалыптастыру экспериментiнiң 1-кезеңiнiң соңында жүргiзiлген жұмыс
сапасын айқындау мақсатында, әсiресе аталған арнайы курстың даярлық
сапасына нәтижелi ықпал ететiндiгiн байқауда студенттер арасында алдын-ала
даярланған сұрақтар бойынша сауалнама мен бақылау қиықтары жүргізіліп,
олардың нәтижелері арнайы курс бағдарламасының тиiмдiлiгiн дәлелдедi.
Дегенмен, болашақ мамандардың алған теориялық бiлiмдерiн практикада, ғылыми-
әдiстемелiк iс-әрекеттерде пайдалану білiгi мен өздiгiнен бiлiм алу
дағдысын қалыптастыру мақсатымен 2-кезеңде оқудан тыс әрекеттер
мүмкiндiктерi пайдаланылды.
Қалыптастыру экспериментiнiң 2-кезеңiнiң соңында студенттердiң
даярлықтарының деңгейiн анықтау мақсатымен оларға алдын-ала дайындалған
тапсырмалар ұсынылды.
Орындалған тапсырмаларды талдау студенттерде болашақ кәсіби іс-әрекетіне
қажетті білім мен білік қалыптасқандығын аңғартты. Дегенмен, студенттерде
кәсіби іс-әрекеттерін жүзеге асыру дағдысын қалыптастыру, яғни олардың
теориялық даярлығын практикамен ұштастыру қажет. Осыған орай бiз
қалыптастыру экспериментiнiң 3-кезеңiнде педагогикалық практика
мүмкiндiктерiн пайдаланылды.
Бақылау экспериментi барысында іздестіріп отырған даярлық қандай
деңгейде қалыптасқанын анықтау мақсатымен ауызша сұраулар мен тексеру
жұмыстары жүргiзiлдi. Алынған нәтижелердi талдау және оларды анықтау
экспериментi барысындағы және бақылау тобындағы көрсеткiштермен салыстыру 2-
кестеге сәйкес эксперименттiк жұмыстың болашақ бастауыш сынып
мұғалiмдерiнiң кәсіби даярлықтарына тиiмдi ықпал еткенiн аңғартты.
Кесте 2 – Болашақ бастауыш сынып мұғалiмдерiнiң даярлық деңгейлерiнiң
көрсеткіштері
Деңгейлер Эксперимент тобындағы Бақылау тобындағы студенттер
студенттер саны – 117 саны - 115
ЭксперименткеЭксперименттен ЭксперименткеЭксперименттен
дейін кейін дейін кейін
Төмен 12 (10%) 1 (1%) 12 (10%) 2 (2%)
Орташа 51 (44%) 26 (22%) 50 (44%) 45 (39%)
Жеткiлiктi 48 (41%) 67 (57%) 48 (42%) 56 (49%)
Жоғары 6 (5%) 23 (20%) 5 (4%) 12 (10%)
Мұнда келтiрiлген мәлiметтер бiз ұсынған әдістеме бойынша даярланған
студенттердiң жоғары нәтижелерге қол жеткiзгендiгiн дәлелдейдi. Егер
эксперимент барысында жоғары деңгей көрсеткен студенттер 5% болса,
эксперимент соңында жоғары деңгейдi эксперимент тобынан студенттердiң 20%,
бақылау тобынан – 10%; жеткiлiктi деңгейді эксперимент тобында – 57%,
бақылау тобында – 49%; орта деңгейдi эксперимент тобында – 2%; бақылау
тобында – 39%; төмен деңгейді эксперимент тобында 1%; бақылау тобында – 2%
көрсеттi, яғни бақылау тобында айтарлықтай көп өзгерiс болған жоқ.
Экспериментке дейін және эксперименттен кейін студенттердің кәсіби
даярлық деңгейлерiнiң қалыптасу көрсеткіштері 4 және 5 суреттерге сәйкес
сипатталады.
Сурет 4 – Эксперимент тобы студенттерінің даярлық деңгейлерiнiң өзгеруі
444
Сурет 5 – Эксперименттен кейін студенттердің даярлық деңгейлерiнiң
қалыптасу көрсеткіштері
Сонымен, жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін
талдау оқулықтармен жұмыс істеу негізінде бастауыш сынып мұғалімдерінің
даярлығын қалыптастырудың әдістемесі жоғары оқу орындарында пайдаланудың
тиімділігін көрсетіп, біздің зерттеуіміздің ғылыми болжамының дұрыстығын
дәлеледеп берді.
Қорытынды
Зерттеу барысында алынған теориялық қағидалар мен тәжірибелік-
эксперименттік жұмыс барысында қол жеткен нәтижелер мынадай қорытындылар
жасауға мүмкiндiк бердi:
1. Бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси
демократияландырудың жаңа кезеңіне аяқ басқанда білім беру жүйесінің алдына
құзыреттілігі жоғары, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау міндеті қойылып
отыр, сондықтан болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін қазіргі заман
талаптарына сай даярлау мәселесі көкейкесті болып табылады.
2. Қазіргі кезде қоғамның жалпы даму жағдайында болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерін оқулықтармен жұмыс істеуге кәсіби даярлауды оқулықтар арқылы
жүзеге асыру қажеттілігі негізделіп, оқулықтарды кәсіби даярлықты
қалыптастыру мақсатында пайдаланудың шынайы мүмкіндіктері ашып көрсетілді.
3. Біз жасаған бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ
мұғалімдерді даярлаудың теориялық үлгісі жоғары оқу орындарында бастауыш
сынып мұғалімдерін кәсіби іс-әрекетке даярлау процесiнiң нәтижелiлiгiн
қамтамасыз етедi.
4. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби іс-әрекетке даярлығын
қалыптастыру мәселесі, жасалынған даярлық үлгісіне сәйкес бастауыш сынып
мұғалімдерін оқулықпен жұмыс істеуге даярлаудың әдістемесін пайдаланудың
нәтижесінде шешілді. Әдістеме мазмұнын Дүниетанудан дидактикалық
материалдар әдістемелік құралы, диплом жұмысын орындауға әдістемелік
нұсқау, Бастауыш сынып оқулықтарының дидактикалық негіздері, Оқыту
теориясынан дәрістер, Математика пәнінен ашық сабақтар электронды
оқулықтары, жұмыстық оқу бағдарламалары және Бастауыш сынып оқулықтарының
мазмұндық ерекшеліктері атты арнайы курс бағдарламасын құрады.
5. Зерттеуде ұсынылып отырған әдістеме бастауыш сынып мұғалімдерінің
кәсіби даярлық деңгейлерінің артуына септігін тигізеді. Бұл эксперименттiк
және бақылау топтарындағы даярлық деңгейлерiн салыстырудың негiзiнде
жүргiзiлген эксперимент қорытындыларымен нанымды түрде дәлелдендi.
6. Зерттеу нәтижелерін бастауыш сынып мұғалімдерін даярлайтын оқу
орындарының орта кәсіптік білім беру, жоғары кәсіптік білім беру, ЖОО-нан
кейін кәсіптік білім беру деңгейлерінде пайдалануға болады.
Жасалынған қорытындылар негізінде мынадай ұсыныстар айтуға болады:
- бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби іс-әрекетін қалыптастыру үшін
үздіксіз кәсіби білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде мақсатқа
бағытталған жүйелі даярлықты қамтамасыз ету қажет;
- зерттеу барысында ұсынылған үлгі негізінде жасалған оқу-әдістемелік
құралды, электрондық оқулықтарды, әдістемелік нұсқау және арнайы курс
бағдарламасын бүгінгі білім беру жүйесінде болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерін кәсіби даярлау жүйесін жетілдіруге бағыт-бағдар береді;
- тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында негізделген және
тексерілген болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығының өлшемдері,
көрсеткіштері мен деңгейлері бастауыш сынып мұғалімдеріне даярлық беру
процесіне жүйелі түрде мониторинг жасап отыруға негіз болуы қажет;
- тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында оң нәтиже берген бастауыш
сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлаудың
әдістемесі жоғары оқу орындарында бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау және
қосымша білім беру тәжірибесінде пайдалануға ұсынылады;
- алынған зерттеу нәтижелері Бастауыш оқыту педагогикасы және
әдістемесі мамандығы студенттерін кәсіби іс-әрекетке жоғары оқу
орындарында, колледждерде даярлауда және қосымша білім беру, біліктілікті
арттыру ісінде ерекше мәнге ие болады.
Зерттеу мәселесі күрделі болғандықтан, оның барлық салаларын қамтып шығу
мүмкін емес. Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ
мұғалімдерді даярлау мәселелесін одан әрі зерттеу келешектің ісі болмақ.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектердің тізімі:
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда халық педагогикасы мұраларын
пайдалану Бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлаудың мәселелері және
келешегі: аймақтық ғылыми-практикалық конференция материалдары. –
Қарағанды: Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, 2002. – Б. 173-176.
НИРС в системе подготовки будущего учителя начальных классов. Проблемы и
будущее профессиональной подготовки учителей начальных классов: материалы
региональной научно-практической конференции.– Караганда: КарГУ имени Е.А.
Букетова, 2002. – С. 234-238 (в соавторстве с Г.С. Тишмаганбетовой, Е.В.
Животовой).
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін жетілдіру
мәселелері Бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлаудың мәселелері және

Қарағанды: Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, 2003. – Б. 171-175.
Педагогика ғылымы жоғары мектепті дамытудың негізі Қазақстан
Республикасында жоғары білім беру сапасын жетілдіру және дамыту
перспективаларының өзекті мәселелері: жоғары оқу орындар арасындағы ғылыми-
әдістемелік конференция. – Қарағанды: Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, 2004. –
Б. 357-359.
Қазақстан білім беру жүйесіндегі оқулықтың даму тарихынан... Балаубаев
оқылымы-2: аймақтық ғылыми-практикалық конференция материалдары. –
Қарағанды: Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, 2004. – Б. 53-57.
Оқулықпен жұмыс істеуге даярлау Бастауыш мектеп. – Алматы, 2004. – №9. –
Б. 16-17.
Бастауыш білім беру жүйесіндегі оқу-әдістемелік құралдар Бастауыш сынып
мұғалімдерін кәсіби даярлаудың мәселелері және келешегі: аймақтық ғылыми-
практикалық конференция материалдары. – Қарағанды: Е.А. Бөкетов атындағы
ҚарМУ, 2004. – Б. 264-269.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін жаңа технологиялармен жұмыс істеуге
баулудың кейбір мәселелері Академик Е.А.Бөкетов-ғалым, оқытушы, ойшыл:
Е.А.Бөкетовтың 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференцияның материалдары. – Қарағанды: Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ,
2005. – Б. 412-414.
Бастауыш сынып оқулықтарының мазмұндық ерекшеліктері Жалпы және кәсіби
педагогиканың өзекті мәселелері: академик Е.А. Бөкетовтың 80 жылдығына
арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. –
Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. – Б. 274-277.
Диплом жұмысын орындауға әдістемелік нұсқау. – Қарағанды: Ғылыми-техникалық
ақпарат орталығы, 2005. – 37 б. (С. Әбілдинамен авторлық бірлестікте).
Оқу-әдістемелік кешенді пайдалану Бастауыш мектеп. – Алматы, 2005. – №5.
– Б. 5-7.
Бастауыш сынып оқулықтарының дидактикалық негіздері (электронды оқулық).
Зияткерлік меншік обьектісін №219 мемлекеттік тіркеу куәлігі.– Астана,
2005.
Оқыту теориясынан дәрістер (электронды оқулық). Зияткерлік меншік
обьектісін № 345 мемлекеттік тіркеу куәлігі. – Астана, 2005 (Е.Е.
Омарбеков, Қ.А. Сарбасовамен авторлық бірлестікте).
Математика пәнінен ашық сабақтар (электронды оқулық). Зияткерлік меншік
обьектісін № 322 мемлекеттік тіркеу куәлігі. – Астана, 2005 (Қ.А.Сарбасова,
Қ.А. Сарбасовамен авторлық бірлестікте).
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда белсенді оқыту ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz