Бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісінде оқытудың жаңа технологияларын пайдалану


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білі және ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті

“Қорғауға жіберілді”

«Бастауыш оқыту теориясы

мен әдістемесі» кафедрасының

меңгерушісі, п. ғ. к., доцент м. а.,

Г. Тоққұлова

«»2014ж

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісінде оқытудың жаңа технологияларын пайдалану

5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

Орындаған ППМ-011

тобының студенті: Белгібаева Қымбат

Ғылыми жетекшісі

магистр-оқытушы: Нұртазаева Нұргүл

Түркістан 2014

Мазмұны

І Бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісіне оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдаланудың теориялық негіздері

1. 1 Бастауыш сыныпта жаңа технологиларды пайдаланудың ғылыми-педагогикалық негізі . . . 6

1. 2 Оқытудың тиімді жаңа әдіс-тәсілдері мен педагогикалық технологиялары . . . 16

1. 3 Дамыта оқыту технологиясы және дамыта оқытудың ерекшелігі…. 24

ІІ Бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану жолдары

2. 1 Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері . . . 33

2. 2 Қазақ тілінен дамыта оқыту сабағының үлгісі . . . 46

Қорытынды . . . 53

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 55

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық потенциялын дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен иновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»-деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1] .

Ақпараттар тасқыны толассыз ағылған қазігі қоғамымызда әр мұғалім өз ісіне қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибе жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білу керек. Сонымен қатар, мектептегі оқу-тәрбие жүйесі, мұғалім-оқушы арасындағы қарым-қатынас, жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет етіп отыр.

Мектеп тәжірибесінде жаңаша істеп, жаңашыл технологияларды өз іс-әрекетінде пайдаланып жүрген мұғалімдер бар. Бірақ, олардың пікірінше, жаңаша әдіс-тәсілдерді іс-жүзінде нәтижелі қолдану жолдарын, жаңа процестерді бір жүйеге келтіріп, оның педагогикалық негіздерін анықтау, оларды білім беруді дамытудың негізгі факторларына айналдыру мәселелерін шешу қиындық тудырады.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде, мұғалімдердің жаңа іс-әрекетін ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Философиялық және педагогикалық әдебиеттерде жаңа процестерді зерттеу барысында кейбір ғалымдар жаңалықтың жүйелілік, әрекеттік тұжырымдамасын ұсынады (Н. И. Лапин) .

Педагогикалық инновация мәселесіне Қазақстандық ғалымдар соңғы жылдары басты назар аударуда (Қ. Қабдықайыров, С. Н. Ляктионова, Ш. Т. Таубаева және т. б) .

Одан кейін, педагогикалық инновациялардың теориялық-әдістемелік мәселелері Қ. А. Аймағанбетов, Т. С. Сабыров, С. Р. Рахметова, К. Ж. Сарыбеков, О. Сатқынов, Т. Оспанов, Б. А. Тұрғынбаева, М. Е. Ералиева, Ж. Т. Қайыңбаев, Қ. Бұзаубақова, Д. Мұхамбетжанова, Г. Уәйсова және т. б. ғалымдар еңбектерінен орын алады[2] .

Кеңестік дәуірдегі Ресей ғалымдары оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру мақсатында педагогикалық технологияларды ұсынған Н. П. Гузиктің, Л. В. Занковтың, В. М. Моноховтың, С. Н. Лысенкованың, В. Ф. Шаталовтың, Д. Б. Элькониннің, П. М. Эрдинеевтің және т. б ғылыми тұрғыдан практикалық мәні зор еңбектерінің біздің жұмысымызда басшылыққа алынады.

Педагогикалық технологияларды білім беру саласында пайдаланудың әдіс-тәсілдері, шарттары, дидактикалық-әдістемелік негіздері В. П. Беспалько, Ж. А. Қараев, Ш. Таубаева, Б. Т. Барсай, Д. М. Жүсіпалиева, М. В. Кларин, Қ. Ө. Қариева, С. А. Көшімбетова, Қ. Қабдықайырұлы, Г. К. Селевко, Б. К. Тулбасова т. б. ғалымдардың зерттеу еңбектерінің арқауы болды [3] .

Біз жоғарыдағы аталған еңбектерге талдау жасай отырып бүгінгі таңда жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үдерісіне ендіру мәселесінің ғылыми-теориялық тұрғыда әлі де шешімін таппай отырғандығын анықтадық.

Білім беру жүйесін және оның құрамының өзгеруін қажет ететін «ескі» мен «жаңаның» арасындағы білім беру жүйесіндегі қайшылықтардың, педагогикалық қауымның «жаңаны» игерудегі мүмкіндіктері мен шынайы жағдайының арасындағы қарама-қайшылықтар бар екені анық байқалады. Осы қайшылықтардың шешімін іздестіру біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және тақырыпты : «Бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісінде оқытудың жаңа технологияларын пайдалану» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты:

Бастауыш сыныптарда білім беруді жетілдіруде жаңа технологияны және жаңашыл педагогтардың идеяларын қолдану әдістері мен тәсілдері.

Зерттеудің міндеттері:

1. Бастауыш сынып оқушыларының оқу жұмысын ұйымдастыруда жаңа технологиялық әдістемелерді, жаңашыл педагогтардың идеяларын қолдануға байланысты технологиялық және әдістемелік әдебиеттерді қолдану.

2. Төменгі сыныптарда білім берудің педагогикалық, психологиялық негіздері мен оқу жұмысында жаңа технологиялық әдістемелерді ұйымдастыру.

3. Бастауыш сыныптарда оқытуда жаңа технологияны және жаңашыл педагогтардың идеяларын іс-жүзінде қолдану.

Зерттеудің нысаны:

Бастауыш сыныптарда білім беру барысында жаңа технологияларды қолдану.

Зерттеу әдісі:

Әдістерге талдау жасау және оларды бастауыш мектеп тәжірибесінде қолдану.

1 Бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісіне оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдаланудың теориялық негіздері

1. 1 Бастауыш сыныпта жаңа технологиларды пайдаланудың ғылыми-педагогикалық негізі.

Қазіргі уақытта орын алып отырған еліміздегі ғылыми-техникалық даму мен жаңару процестері, барлық салалардағы өзгерістер мен үдерістер адамзаттан үлкен шығармашылық ізденісті, терең білімділікті, еңбекті, кәсіби даярлықты, белсенділікті, яғни жан-жақты дамыған тұлға болуды талап етеді. Яғни, бүгінгі күн талабы-болашақ маман иелерінен жоғарғы оқу орнында білім алу барысында тек дайын білімдерді меңгеріп, мәлімет, ақпараттарды ғана біліп қоймай, сол бойына сіңірген білімдерін қоғамда, өмірде тиімді етіп қолдана отырып, шығармашылық тұрғыдан өз болмысын таныта алатын дәрежедегі мамандыр даярлау міндеті.

Қазақстан Республикасының Президентінің “Қазақстан-2030” Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылғандай, барша қазақстандықтардың алдында тұрған басты міндет-Қазақстанды бәсекеге қабілетті, дамыған елу елдің қатарына қосу. Ол үшін еңбектің қай саласынан болмасын мемлекет қызметкерлерінің еліміз үшін аянбай адал еңбек етіп, өз үлестерін қосуы маңызды. Сондай-ақ елбасымыздың 2001 жылдың 2 ақпанында өткен білім және ғылым қызметкерлерінің съезінде «баршаға білім беру моделінен, таңдауы бойынша білім беру моделіне көшу» деп атап өтуі педагог мамандарына да аса жауапты міндет қойды[4] . Сонымен қатар Н. Назарбаевтың 2008 жылғы ақпан айындағы халыққа жолдауында білім беру саласының басты міндеті ретінде 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, сапалы қызмет көрсету аясын кеңейтуді айтады. Білім және ғылым министрлігіне 3 жылдың ішінде заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік берудің тиімді инфрақұрылымын жасауды тапсырады.

Жоғары білімді, өз кәсібінің шебері мамандарын даярлау мәселесі әрқашанда өзекті болып келеді. Кез-келген мемлекеттің дамуына негіз болатын басты тұлға-мұғалім болып табылады. Сондықтан да ғылым мен білім беру, тәрбиелеу мекемелерінің алдына қойылып отырған басты міндет-білікті, кәсіби тұрғыдан дамыған, шығармашыл мұғалім кадрларын даярлау. Қазіргі кездегі қоғам, мемлекет, білім ордалары жоғары білімді мамандарды ғана емес, қажетті білімдер қорын меңгергенімен қатар, жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген, жаңашыл бағыттағы, шығармашылық тұрғыдан дамыған, кәсіпқой мамандарды талап етеді. Мұғалім үнемі ақпараттарды іздестіру, талдау, сараптау, игеріп, қолдануы маңызды. әр уақытта да білім беруді жетілдіру, мұғалімдер даярлығының сапасын жақсарту өзекті мәселе болып саналады. Осы тұрғыдан озат тәжірибелерді кеңінен қолданып қараудың маңызы зор. Себебі, педагогикалық озат тәжірибелерді зерттеу, жинақтау, таратудың салдары мұғалімдердің шығармашылығының жемісі бола алады.

Жаңа технологиялар, «субъект-субъект» жүйсін балаға өз бетінше ойлай білуге, сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауына ықпал етеді. Қарым-қатынас жасау барысында оқушылар жоспарлауға, мақсат қоя білуге, қойылған мақсат міндеттерді жүзеге асырып қорытынды жасай білуге дағдыланады. Міне, осындай жүйелер арқылы «өзіндік даму» жүзеге асды. Соның негізінде өзіндік талдау, жинақтау, өзіндік бағыт беру, өзіндік тәрбие, білім алу жүйесі қалыптасады, яғни жеке тұлғаның барлық қасиеттерінің дамуына бағытталады[5] .

Бүгінгі таңда жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысы емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Сондықтан да қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғлық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологиясын шығаруға ұмтылуы.

Жаңа іс-әрекеттің түрлі аспектілерін, білім берудің мазмұнын дамыту, инновацияны енгізу мәселелерін Ю. К. Бабанский, В. С. Библер, Ю. С. Гермунский, В. С. Лазарев, А. И. Пригожин, Л. С. Сластенин, В. П. Кваша, Д. В. Чернишевский және т. б. қарастырған. Осы ғалымдардың пікірінше, жаңа процестердің маңызды міндеттерінің бірі жаңашыл педагогикалық идеяларды негіздеу және оларды практикада қолдану процесіне басшылық жасау болып табылады

Бүгінгі таңда П. Э. Эрдиневтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш. А. Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В. Ф. Шоталовтың оқыту материялдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М. Чошановтың проблемалық модельді оқыту техологиясы, П. И. Третьяновтың, К. Вазинаның модельді оқыту технологиясы, В. М. Монаховтың, В. П. Беспальковтың және т. б. ғалымдардың технологиялары кеңінен таралған

Қазақстанда Ж. А. Қараевтың, Ә. Жүнісбековтың, Ш. Т. Таубаеваның, Қ. Қ. Қабдықайыровтың, С. Н. Лактионаваның, Қ. М. Нағымжанованың, М. М Жанпейісованың және т. б ғалымдардың ұсынған оқытудың жаңа технологиялары оқу үдерісінде белсенді түрде қолданылуда

Бастауыш сынып мұғалімінің жаңа іс-әрекетінің теориялық негіздерін қарастыруды бастамас бұрын, біз инновацияның педагогика ғылымында қаншалықты мәні барын және әлеуметтік педагогикалық алғы шарттарын қарастырғанды жөн көрдік.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зерттеу барысында инновация ұғымы ең алғаш ХІХ ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеулерінен пайда болғанын, яғни бір ел мәдениет элементтерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған дегенді көрдік.

Инновация термині педагогика теориясы мен практикасында кеңінен қолданылуда. Бірақ бұл терминнің белгілі бір педагогикалық категория ретінде әлі де қалыптасу үстінде екені анық. Сондықтанда біз инновация ұғымын толық пайымдау үшін, оның тарихи даму жолдарына шолу жасаймыз. Инновация (латын сөзі in-b, novis-жаңа) жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді екен. «Инновация» ұғымын әр елде әртүрлі түсінген, кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланд) бұл термин кеңінен таралған, ол Арабия, Жапония тәріздес мемлекеттерде инновация ұғымын сөздіктерде кездестіру мүмкін емес. Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық, техникалық, саяси әдебиеттерді, баспа беттерін зерттей келе шет елдерде, Ресейде, ТМД елдерінде, Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымына берілген анықтамаларды жинадық.

Француз ғалымы Э. Брансуик жаңалықтың үш түрін көрсетеді:

  1. Білім беру жүйесіндегі толғымен жаңа бұрын мүлде белгісіз болған идеялармен іс-әрекеттер болады. Ондай мүлде жаңа және түпнұсқа идеялар өте аз.
  2. Ең көп кездесетін бейімделуден өткен, кеңейтілген және қайта өңделген, белгілі ортада, белгілі кезеңде өте қажетті идеялармен іс-әрекеттер.
  3. Педагогикалық жаңалықтар мынандай жағдайда дүниеге келеді: мақсатты қайта қоюға байланысты бұрын болған істер қайта жаңарады. Өйткені жаңа жағдайлар бұлардың нәтижесін және белгілі жағымды идеялардың нәтижелеріне келу болады, -деген түрлерін ұсынды[6] .

Поляк ғалымдары инновацияны жан-жақты зертеуіне байланысты Польшада жаңа процестерді зерттейтін «Педагогикалық зерттеулер» институтында арнайы лабаратория жұмыс істейді.

Оқу ағарту ісіндегі мектеп мәселелерін зерттейтін Югославия институты соңғы жылдары инновация мәселесіне көп көңіл аударған. Ондағы ғалымдар: «Инновация дегеніміз-білім беру мен тәрбиелеу технологиясын дамыту және жақсарту мақсатында жүзеге асатын нақтылы сапалы өзгерістер. Бірақ бұл өзгерістерде жаңа идея болмауы да мүмкін, бұрын кейбір жерлерде қолданылып анықталса да, қазіргі жаңа жағдайда, жаңа ортада олар оңды нәтиже берсе, ол инновация деп есептеледі, » -дейді.

Ал, белгілі ғалым Ш. Т Таубаева: «Югославия ғалымдарының келтірген үлгілерінен жаңалықты оқыту формасынан, әдістемесіне білім беру құралдарына, оқыту мазмұнына, алған білімді бағалауына, білім беру мақсаты мен міндетіне, тәрбие жүйесіне, мұғалім мен оқушы қатысына байланысты жіктеуге болатындығын айқын көруге болады, »-деп көрсетеді

В. П. Беспалько өзінің еңбектерінде инновация мен өзгеріс арасындағы айырмашылықты тапқан. Ол инновация мен өзгеріс ұғымдары синондимдік қатынаста қарастырады. Егер бұл өзгеріс бүкіл мектепке жайылса оны «инновация» деуге болады. Бірақ кез-келген өзгерісті «инновация» деп тағы айта алмаймыз. Сондықтан инновация болуы үшін алдын-ала қойылған мақсаттың оңды нәтижесін, жемісін көру қажет [7]

Ресейде «инновация» сөзіне күдікпен қараған. ХХ-ғасыр басындағы бірде-бір білім реформаларында бұл термин кезікпейді.

ХХ-ғ 80-жылдарында, педагог-навоторлар ісіне қоғамдық қызығушылық толқыны жүріп жатсада, «инновация» термині, әдебиет беттерінде кезікпейді. Әуелі навоторлық істің ұйымдастырушысы «Учительская газеті» басылымдарында жаңа ұғымға анықтама берілмеген.

С. В Ожеговтың сөздігінде «жаңа» ұғымына үш түрлі анықтама берген:

1. Біріншірет шыққан, жасалған немесе жаңадан айда болған.

2. Бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған нәрсе.

3. Бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.

Кез келген қоғам білім беруге тұлғаның қандай болып қалыптасуын қажет етеді, қалай тәрбие беру керек екендігіне сұраныс жасайды.

Осыған байланысты білім берудегі дәстүрлі мен жаңаның арасындағы байланысты дәстүрлінің қандай түрлерін сақтау, дамыту керек және қазіргі білім беру жүйесіне қалай тасымалдау керектігіне талдау жасау қажеттігін Қ. М Нағымжанова атап көрсеткен [8] .

Бірақта дәстүрлінің жай ғана өткенді ұдайы өндіруші ретінде қаралмауы керек екенін ұмытпаған жөн.

Дәстүрлі мен қазіргінің арасында жаңаның баспалдағы объективті түрде пайда болатын өмір диалектикасының заңдылығы жоқтан бар пайда болатыны сияқты, жаңа бұл дәстүрліден келіп туады. Б. Т. Лихочев: «Қазіргі тек жаңаны ғана немесе бүгін пайда болған құбылыстарды бейнелемейді, жаңа-дәстүрлі мен қазіргінің аралығында пайда болады», -дейді.

Дәстүрлі категориясының өзара байланысты үш кезеңі бар: сақтап жеткізу, ізбасушылық, дамыту. Дәстүрлі мәдениет-бұл тарихи дамытушы мәдениет. Дәстүрлінің даму процесі-жаңаға өту.

«Дәстүрлі оқу» терминінің мәні ең алдымен ХҮІІІ ғасырда Я. А. Каменский Дәстүрлі педагогикалық технология жүйелеген дидактика принциптерін арқау еткен сынып-сабақтық өту мәніне сазды, әрі сол түсінік дүние мектептерінде осы күнге дейін басымды күйінде сақталған.

Дәстүрлі сынып-сабақтық технологияның ерекше белгілері келесідей:

сынып біріңғай жылдық жоспар, бағдарламамен оқу кестесі бойынша жұмысқа тартынады. Осыдан балалар мектепке жылдың белгілі мерзімінде, белгіленген бір уақытта келуі міндетті.

Дәрістердің негізгі бірлігі-сабақ. Сабақ, әдетте, бір оқу пәніне, тақырыбына арналып, сыныптарға оқушылардың баршасы бір материал үстінде жұмыс атқарады. Сабақта оқушылар жұмысына мұғалім басшылық жасайды. Өз пәні бойынша оқу нәтижелерін, әр оқушының жеке үлгерімін бағалап, жыл аяғында оқушыларды келесі сыныпқа ауыстыру жөнінде шешім қабылдайды.

Оқулықтар, оқу құралдары негізінен үй жұмыстарын орындауға пайдаланылады. Оқушылар, оқу күні, сабақ кестесі, оқу үздіктері, сынып-сабақтық жүйенің басты белгілері. Оқу мақсаты - біршама шарттарға тәуелді қандай да құрамдас бірліктерді қамтыған ауысымды категория [9] .

Кеңестік педагогика оқу мақсаттары келесідей шарттармен сабақтас болатын:

- білім жүйесін қалыптастырып ғылым негіздерін меңгеру;

- ғылым таным негіздерін қалыптастыру;

- әр оқушының жан-жақты әрі үйлесімді дамуына көз жетікзу;

- коммунизм үшін бүкіл адамзаттың жарқын болашағы үшін идеялық шыңдалған күрескер тәрбиелеу.

Сонымен, өз сипаты бойынша оқу технологиясы-бұл күні бұрын белгіленген қасиеттерге сай тұлға қалыптастыру.

Өз мазмұны бойынша оқу технологиялықтың мазмұны тұлға дамуына бағытталмай (жан-жақты даму әшиін уағыз болатын), негізінен оқушыларға бағдарламалық білім, ептілік, дағдыларды игертумен шектелетін.

Бүгінгі таңдағы қазақстандық жалпылай мектептегі мақсаттар бір қанша келелі өзгерістерге ұшырады - идеолгия алысталды, жан-жақты үйлесімді даму ұраны жойылды. Адамгершілік тәрбиесінің сипаты өзгеріске түседі, алайда алдын ала жоспарланған сапалар жиынтығы күйіндегі мақсаттар ұсыну үлгісі тәлім-тәрбие стандарттары бұрынғыша сақталуда.

Дәстүрлі технологияны қару еткен бұқаралық мектеп ежелгіше «Білімдік мектеп» есебінде сақталып тұлға мәдениетінен гөрі оны ақпараттың қанықтығына көбірек мән береді, адамның сезімдік-көңіл-күй жағдайынан гөрі ес, танымдық сапасы басты назарға алады. Тәлім-тәрбие технологиясының тұжырымдамалық ерекшелігі өз заманында Я. А. Каменский нақтылаған дидактикалық принциптерге негізделген: ғылымилық (білім жалған болмайды, толықты болмауы ықтимал), табиғи сәйкестік (тәлім-тәрбие даму қарқынымен байланысты, оза не жеңіспен оқыту мүмкін емес), бірізділік және жүйелілік (үдерістің қиынды ізбе із өтуі, жалқыдан жалпыға біртіндеп ауысуы), түсініктілігі (белгіліден белгісізге, жеңілден қиынға өтуі, дайын білім ептілік, дағдыларды игеру), беріктігі (қайталау - басты шарт), саналылық және белсенділік (мұғалім қойған мәселені шешуге дайын бол, оның қойған бұйрығын орындауға белсенділік көрсет), көрнекілік (қабылдау үшін әр қилы сезім мүшелерін қоса біл), теорияның, тәжірибенің байланысы (оқу үдерісінің қандай да бір белгілі бөлімдерді қолдануға таратылады) және даралық ерекшеліктерді ескерту.

Оқу - бұл білім, ептілік және дағдыларды әлеуметтік тәжірибені ересек әулеттен келер ұрпаққа өткізу үрдісті. Мұндай біртұтас үдеріс ауқымына мақсаттар, мазмұн әдістермен жабдықтар қамтылады.

Мазмұн ерекшелігі

Дәстүрлі бұқаралық мектептегі тәлім-тәрбие мазмұны кеңестік дәуірде қалыптасқан (оған негіз болған: елді индустриализациялау міндеттері, өркениетті капиталистік мемлекеттердегі тәлім-тәрбие деңгейіне қуалай жету, ғылыми техникалық өрлеудің жалпы ролі), әлі де болса сол баяғы күйінде, технократиялық бағыттан арыла алмай жатыр. Білім жүзінен тұлғаның ақыл-ес бастауларын қалауға бағышталып, оның рухани, адамгершілік сапаларының дамуына көлеңке түсірді. Мектеп оқу пәндерінің 75℅ мидің сол жарым шарының дамуына арналады, ал эстетикалық пәндерге 25℅ бөлініп, кеңестік мектептегі рухани тәрбиеге тіпті де көңіл бөлінбеді.

Дәстүрлі жүйе біріңғай сипатта болып, таңдау мен балама еркіндігі шулы уағыздалғанымен, бір бағытты талапқа бағындыру басым келді. Оқу мазмұны орталықтан, оған алып, қосуға тиым салынып, баламасыздыққа тап болды. Тірек оқу жоспарлары бүкіл ел үшін бір сілтеме негізінде түзіліп, қатқыл стандарттан шығу мүмкіндігі берілмеді. Оқу пәндері (ғылым негіздері) ұзыннан ұзақ бір «құбырға» делініп, бала соның ішіндегі ақпараттан басқасына бет бұра алмайтын болады

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқытудың бірыңғай технологиясын жүзеге асыруға даярлау
Педагогикалық технологиялардың қазіргі білім беру саласындағы маңызы
Ақпараттық технологиялар ұғымына талдау жасау
Құзыреттілік теориясы
«Бастауыш сынып оқушыларының математика пәніне қызығушылығын ақпараттық технологиялар негізінде арттыру»
Бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетінің теориялық негіздері
Ақпараттық технологияларды оқыту және көрнекілік құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздерін сипаттау
Жаңа формация мұғалімі және болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындаудың өзекті мәелері
Ақпараттық технологияларды қолдану
Бастауыш мектептерде инновациялық технологияларды қолдану арқылы шығармашылық дағдыларды қалыптастырудың мүмкіндіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz