Бастауыш мектепте ана тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың сөздік қорын, сөз мәдениетін қалыптастыру арқылы оларды шешендік өнерге баулудың тиімді әдіс-тәсілдерін ашып көрсету


КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат - саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ ұрпақ қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерін
жан - жақты жетілген, ақыл парасаты мол мәдени - ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Оқушының ой - өрісінің, сана - сезімінің жан - жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сыныпта оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көзқарасын қалыптастырса, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады. Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді. Біздің жарқын болшағымыз - өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты. Жас ұрпақ - өркениетті тәрбие шуағына шомылса ғана, білім нәрімен сусындаса ғана мемлекетіміздің көсегесі көгереді, егеменді ел баянды болады. Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ екені ақиқат.
Қазақстан Республикасың президенті Н. Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты жолдауының он жетінші бағытында: бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз үшін оқытудың әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек», -деп көрсетті.
Қазақстан Республикасы Заңының 4 - тараудың 16 - бабын қарастырып өтсек.
Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдармалары баланың жеке қабілеттерін оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын; негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кеңінен меңгерту үшін оқудың,
жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан
өзін - өзі көрсетудің, мінез - құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.
Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі - 4 - жыл.
Білім және ғылым минстрлігі « Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасы » жобасын әзірлеп, талқылауға ұсынылды.
Отандық бұқаралық ақпарат құралдары жетекшілерімен кездесуде, Н. Ә. Назарбаев « Шешімін күткен мәселелердің қордаланып қалғаны да осы жер . . . орта және жоғары білім берудегі реформаларды жеріне жеткізу керек » деп атап көрсеткен еді.
Білім беру жүйесіне енгізілетін түбегейлі жаңалық - ол 12 жылдық орта білім беру жүйесіне көшумен бірге, орта білім берудің III сатысында, яғни 11-12 сыныптарда бейіндік оқыту мен техникалық және кәсіптік білім беру.
Осы екі бағыттың қайсысында оқығанымен, оқушыларға 12 жылдық оқу бағдарламасы деңгейінде білім беріледі және жобада көрсетілгендей « орта білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеру оқушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттаумен - Бірыңғай ұлттық тестілеумен аяқталады.
Орта білім алу міндеттілігі, яғни 12 жылдық білім беру бағдарламасына сәйкес білім алу міндеттілігі еліміздің Конституциясының 30 - бабына
сәйкес келеді.
Бүгінгі таңда Қазақстанға дамыған шет елдердің орта білім беру жүйесінің моделі неғұрлым тиімді болады деп ойлаймыз. Қазақстанда міндетті орта білім екі сатымен (бастауыш және орта - 10 сынып) шектелуі тиіс, ал 11 және 12 сыныптар жоғары оқу орындарында іргелі білім алуға
негіз болатын арнайы пәндерден дәріс беретін жоғары орта білім сатысына айналғаны жөн деп есептейміз.
Қоғам сұранысынан туындап отырған осындай талапқа сәйкес оқушының ой-өрісін дамытып, алған білімдерін өз тәжірибесінде жаңа жағдайларда қолдану біліктілігін, ізденімпаз, шығармашыл тұлға қалыптастырудың бірден-бір жолы 12 жылдық білім беруге көшу екенін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр.
2004 жылы жоғарыда көрсетілген мақсаттарға негізделген 12 жылдық орта білім берудің мемлекеттік стандарты жарық көрді. 12 жылдық білім берудің ең негізі бастауыш буыннан басталады. 12 жылдық мектепке көшу білім беру процесін технологиялық деңгейге ауыстыруды көздейді. Бұл ретте жеке тұлғаға бағдарланған білім беру технологиялары, «ынтымақтастықта оқыту», жобалар әдісі, оқытудың әр деңгейлі топтың және қосарлы нысандары, шығармашылық «бойлау», сабақтарды эвристикалық жүргізу әдістері сияқты мектеп оқушыларының жас және жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеретін оқытудың нәтижелі нысандары мен әдістері пайдаланылуы тиіс.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш мектепте ана тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың сөздік қорын, сөз мәдениетін қалыптастыру арқылы оларды шешендік өнерге баулудың тиімді әдіс-тәсілдерін ашып көрсету;
Зерттеу обьектісі: Бастауыш сыныптағы оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: сауат ашу, ана тілі, қазақ тілі пәндерін оқыту арқылы шешендік өнердің алғашқы дағдыларын қалыптастыру мазмүны
Зерттеу міндеттері: зерттеудің мәселесі, нысанасы, пәні және мақсатына сәйкес зерттеудің мынадай міндеттері таңдап алынды:
- Бастауыш сынып оқушыларының сөзік қорын, сөз мәдениетін қалыптастырудағы теориялық білімдер мен педагогикалық еңбектерге тоқталып, шолу жасау.
- 2-сыныптың ана тілі сабағында оқушылардың сөздік қорын, сөз мәдениетін дамытып, қалыптастырудың тиімді жолдарын құру.
- Бастауыш сынып оқулықтарының балалардың сөздік қорын байытудағы маңызын ашып, ұсынылған бағыттарды практикалық қолдана білу.
Зерттеу базасы: Тәжірибелік-эксперимент жұмысы Ордабасы ауданы, «Көкбұлақ» орта мектебінде өткізілді.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ШЕШЕНДІК ӨНЕРГЕ БАУЛУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың теориялық негізі
Шешендік қадірлі өнер, өнер алды қызыл тіл деп қазақ бекерге айтпаған. Әр халықтың өзіне лайықты қарым-қатынасы қалыптасқан. Ойлау сөйлем мәдениеті, озық ойлы шебер тілді адамдары да, болғаны даусыз. Алайды шешендік өнерді ғылым ретінде біздің жыл санауымыздан 5-6 ғасыр бүрын шығып қалыптасқан. Шешендік өнерді ғылыми түрде, риторика дейді. Риторика ғылымының негізін салушы грек софисті Протогор деп есептеледі. Ғалым шешендік өнерге байланысты, айтыс өнері деген, «Ғылымдар туралы жарыс сөз» осындай еңбертер жазған. Риторика сендіре білу яғни тыңдаушының санасына, сезіміне және еркіне әсер ету ықпалын жасау. Риторика психология, логика, әсіресе философия ғылымдары мен тығыз байланысты. Шешендік сөздер үш түрлі болады:
- Кеңесу
- Билік
- Салтанатты сөз. Ал, құрылысы жағынан:
- кіріспе,
- Дайындау
- Қорытынды болып үшке бөлінеді.
Шешендік өнер ең алдымен ежелгі Грецияда, Афинада өмір сүрді. Грецияда кейіннен классикалық шешендік өнер дамыған ең Рим республикасы шешендік өнер әдеттен ақыл -ойға еркіндік, кең жерде, халықтың демократилық қоғамдары, өсіп өркендей алады. Ежелгі Греция мемлекеті мен Рим Республикасында шешендіктің қалыптасып, халықтың дәстүрге айналуына, халықтың демократиялық дәстүрлер себеп болған. Россияда қатарлас халықтарға қарағанда, шешендер аз шыққан. Шешендік өнер кенжелеп дамыған. Шын мағынасында орыс шешендігі мен өнері Ломоностовтан басталады. Шешендік өнер дегеніміз, кез -келген нақтылы зат туралы, шебер сөйлеу өнері және сонымен басқаларды ол жөнінде өз ойына қайыстыра білу. Осы ұсынылған өнер затын, сөз немесе пікір дейді Ломаносов. Одан әрі ғалым шешен болуы үшін, бес қасиет қажет дейді:
- Табиғидарын.
- Білім.
- Шешендерден үйрену.
- Сөйлеп жаттығу.
- Басқа ғылымдардан да хабардар болу.
Табиғи дарындылықты, ол жан дарыны, тән дарыны деп екіге бөледі. Жан дарынына ақыл мен ес жатады. Екінші тән дарынына сүйкімді дауыс, ұзақ үн, кең кеуде жатады. Мерулеков шешендікпен - шешенге мынадай анықтама береді. Шығара алатын оларды ұнамды, әрі сенімді етіп айта білуі талант иесін жалпы сөзшең дейді. Керекті дарынға ие адам шешен деп аталады. Ғалым шешендік сөздерді, мазмұны мен бағыт - бағдарына қарай діни сөз, саяси сөз, билік сөз, мақтау сөз, акадимиялық сөз деп бөледі. Жалпы шешендік өнердің шығуының белгілі бір қоғамның шығуы мен дамуына байланысты екенін қазақ шешендік өнерінің тарихы да растайды. Алайда, шешендік өнердің шығып қалыптасуы қоғамның білгілі бір дамуы сатысымен шешендіктердің шығуы мен олардың сөздері мен тежеленеді. Осы тұрғыдан алғанда, біз қазақтың шешендік өнерін, тарихта, тарихи аңыздарда, есімдерді, сөздерді сақтаған. Майқы би мен Аяз бидің есімдермен байланыстырамыз. Майқы би өмірде болған тарихи адам. Шыңығыс ханға кеңесші болған. Сонымен қатар, ол аталы сөз қалған, өз заманың айтулы шешені болған. Неше ғасыр бойы халық жадында сақталған. Және Абай мен Жүсіп растаған. Майқы би, нақтылы да, оны қазақ шешендерінің басы халык шешендік сөздерінің атасы деуге болады. Майқы би заманан бізге есімі мен сөздері жеткен.
Аяз би тарихи аңыздарға қарағанда Майқы Қаратау өлкесінде Аяз Арал теңізінің жағасында өмір сүрген. Қазақ шешендік өнерінің екінші кезеңі - Асан қайғы мен Жиренше шешен есімдері мен байланысты. Сірә, бұл ұғымда оған дейін би деген атауды атқарып келсе керек. Беклгілі бір мәселені талқылау кезінде, ауыз екі сөзімен тыңдаушыларды ауызына қаратып, өзіне тарта білетін, терең ойлы, шебер тілді адамды шешен деген. Белгілі бір мәселені талқылау кезщінде немесе адамның тапқыр ойымен шебер тілімен ауызша айтқан мазмұнды көркем пікірін шешендік сөз дейді. Бұрынғы қазақ шешендерінің бір ерекшелігі -олар сөздерін жазып дайындамаған. Сөздері қағазға да емес, халық жадында сақталға. Қазақ шешендік өнерін 18 ғасырда өркендей түсті. Оның өркендеп қанат жаюына үш түрлі себеп болды.
- Бірінші жағдайда Тәуке хан шашыранды қазақ руларын үш ұлысқа жүзге топтап, олардың басына төреден емес, қарадан шыққан үш биқойды. Хан жанынан елдік маңызды мәселелерді, кеңесіп ақылдасыпотыратын билер кеңесін құрды.
- Жеті жарғы заңын шығарды. Ұлтазаттық көтерілісін бастайтын көсемдер халықтың ар -намысыноятатын шешендер керек бола бастаған. Күрестер, көтерілістербастайтын көсемдер халықты ар-намысын оятатын шешендер керекбола бастаған. Міне, осындай жағдайларда, ел қорғаған ерлігімен ҚараКерей Қабанбай, Қаржығалы Бөгенбай секілді атақты батырлар менқатар, әділ Төле би, Қаз дауысты Қазбек би, Әйтеке би смияқты айтулышешендер шықтын.
- Қазақта, Қазақстаннан біртіндеп Ресейге қарап, XIX ғасырдың басынанхандық жойылып, сот ісін жүргізетін адамдар жеке басының қасиетіне, байланыста емес, жоғарыдан белгіленіп, ресми түрде дайындап сайлап қойылатын болғандықтан шешендік өнерге белгілі дәрежеде тежеу түсті.
Ойға жүйрік, тілге шешен адамдар бүкіл елдің елшілік маңызды мәселелерді шешеуге, тіпті, ресми түрге даулы нәрселерді талқылауға қатыспайтын болды. Дегенмен, ғасырлар бойы қалыптасып қалған, билік дәстүр сонымен бірге шешендік өнер бірден тоқталып, тоқырай қойған жоқ. Аймақ, ру және жеке адамдар арасындағы қылмыс-дауларға араласып тұрады. Қазақ шешендік өнері XX ғасырдың басында әсіресе, 1916 жылы ұлт-азаттық көтерілісі еліміздегі азамат соғысы кезінде өркендей түсті. Бұл кездерде, Иманов Әліби Жангелдин сынды халық шешендері Қазақстанда қарулы күрес жолында сөздермен қызмет етті. Қазақстанда Совет Үкіметін нығайту аквардияшыларға, ұлтшыл, байшылдарға қарсы күрес дәуірінде Рысқұлов, Сәдуақасов, Жанайдаров, Оразов, Исаев секілді шешен партия Совет қайраткерлері шықты. Қазақ шешендік өнерін зерттелуі себепті Үкімет тұсында басталады. Қазақ шешендері мен шешендік сөздеріне 1930 жылдары алғаш көңіл бөлініп, пікір айтқан, ақын, С. Сейфулин. Сәкен өзінің қазақ әдебиеті деген кітабында, шешен билердің әлеуметтік қызметтерін шешендік сөздердің ауыз әдебиетінде, алатын орынын анықтап, бірсыпыра нүсқаларын жариялады. Содан кейін, Қазақ шешендік сөздерін анықтап берді. Одан кейін арнайы зерттеген ғалым Ә. Мәметова болды. Қазақ халықы шешендік сөздері мен байланысты соның ішінде, мақал -мәтел, шешендік сөздердің қатығы, қаймағы секілді. Мақал-мәтелдер мен шешендік сөздер бірін -бірі толықтырады да, айтады және екеуі де халықтың әдеби, эстетикалық талғамын өсіреді. Тәрбие береді. Қазақ ауыз әдебиетінде шешендік сөздерге жақын жанрлардың бірі -тарихи аңыз әңгімелер. Қазақ тарихи аңыздарының басым көпшілігі, хандар, билер және батырлар төңірегінде топталған. Халықтың ақындық, шешендік, өнер мектептері сай дамып келді. Қазқ көркем әдебиетінің қалыптасып дамуына жедел жетуіне жетекші болған, Қазақтың классик ақындары Абай мен Махамбеттің өлең жырларынан, шешендік сөздерінің ықпалын, үлгісін табу қиын емес. Ауыз әдебиеттегі аңыз әңгімелер мен шешендік сөз үлгілерін, Қазақ Совет әдебиетінің классик жазушылыры Әуезовтың, Б. Майлиннің Мүқанов, Мүсірепов шығармаларынан да табамыз. Ақынның жырлары мен шешендік сөздері. Ежелден егіз жанрлар. Мұқановтың «Сұлушаш», Б. Майлиннің «Байшұбар», Сейфуллиннің «Көкшетау», Жансүгіровтың «Дала» поэмалары нағыз халық жырларының үлгісі мен тарих аңыздардың жаңғыртып, жазылған аңыздардың шығармалар осыларда да, жиі жесір дауларының үлгісі мен айтылатын, шешендік сөздер айтыстары аз емес. Біздің дәуірімізге ауыз екі және ішінара жазбаша жеткен әдеби мүралардың ең арғысы Қорқыт, Қожанасыр, Майқы және Аяз би жайындағы аңыз әңгімелер.
Қазіргі шешендікте сөйлеу, монолог және диалог түрінде болады. Монологтың сөйлеу, қазақ шешендерінің толғау, өсиет, бата, тілек, үндеу түрінде еретеден қолданылып келе жатқан, сөйлем түрі. Манолог бір кісінің сөйлеуі неесе түрі. Маналогты белгілі бір тақырыпты баяндап, сипаттап, әңгімелеп айтып беру мақсаты көздеклетіндіктен көпшілік алдында сөйлеген сөз жасалған баяндамалар, оқылған лекциялар, әлеуметтік көзқарасы көңіл-күйі психологияның ішкі толғанысы дүниетанымның бәрі ашық байқалады. Жүртшылыққа әсер етуді көздегендіктен және алдын-ал дайындағандықтан манолог мағыналы болады. Және шешендете сөйлейді. Тыңдаушы көпшіліктің ішінен шешенге сұрақ қоюшылар, шешенге қарсы пікір айтып келіспеушілік айтушы олар немесе пікір қолдап сөйлеушілер болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, тыңдаушылар шешеннің пікірлесулеріне айналады да, манолог сөз пікір алмастыруға үласады. Пікірталас іскер адамдардың араларында болады. Пікірталас іштей алған батырларды, қоғамды дамытуды насихаттай отырып, өркениетке қол жеткізеді. Қазіргі іскер адамдарға шешендік керек. Қоғамның әлеуметтік, маңызды мәселелері жете және жемісті талдай білу қабілеті қажет. Пікірталас біыңғай көзқарастың жағының әртүрлі пікірлер туындаған жақтардың төңірегінде өрбейді. Пікірталас дегеннің өзі пікір қоюшы қайшылығы. Пікірталастың бірнеше түрі бар, пікір алмасу, Ой бөліс, сөз талас, айтыс, әрқайсысының өзіндік мақсатымен ерекшелігі бар. Мысалы; пікір алмасу /лат сөзінен шығып- мағынасы зертеу, талқылау, талдау деп аударылады. / Пікір таласу көпшілік арасында өтеді. Мақсаты әртүрлі салыстыра зерттей отырып, шындық пікірді көрсету талас мәселенің шешімін іздеп табу. Пікір алмасу, дыбыстың көз жеткізудің ең тиімдлі тәсілі. Өйткені қатысқандар, көздері жетпейтіндіктен де, бір пікірге келеді. Ойталқы сөз де, /лат тілінен алынып -ой жүгірту/ Айтыс - Ой талқы ғылыми- қоғамның мәні бар тақырыптардың төңірегіндле көпшілік арасында өтетін сөз жарыс. Мұнда да, сөз жарысын қойылатын, белгілі бір пікір тоқталады.
Пікірталас көне герктің сөзі - мағынасы Сөз жүқымүр, жаулық, дүниетанымдық әрине бүгінгі мағынасы басқаша бірдеңені талдау мақсатында, беттерінде орын алатын сайыс. Бұл жай ғана сайыс емес, көзқарасқа карсы тұрушылық идеяға беттеспестік, пікірлерді қарастыру. Осы анықтамалардан көріп отырғанымыздай, пікірталас, пікірлесу болып бөлінеді.
Пікір алмасу мен пікір таласудың мақсаты басқа қарсы жақты жеңіп шығу өз пікірінде халқы соны бөлісу. Сөйтіп сайысшылар әлеуметтік мәселелерді шешеді. Қоғамның дамуына жол бермей отырған кедергілер мен күреседі. Пікірталастың ой бөлінісі сөзталас, айтыс деп аталатын түрлері табиғат жағынан бір - біріне жақын. Бұларда пікірталасуға түскен адамдардың арасында сыйластық пен түсінік орын алады.
Ой бөлініс Француз сөзі, мағынасы - айтыс, жарыссөз. Ой бөлініс көпшілік алдында не, екі топтың бірдеңе туралы ой пікірін анықтауға тиіс. Ой бөлініс пікір қарама -қарсы болғанымен түсінікке негізделеді. Сөз талас орыс сөзі, мағнасы бірдеңені қандай да бір нәрссені көпшілік арасында талқылау.
Сөз талас ой бөлініс сияқты баяндамаларды талқылағанда, хабарлар жасағанда, жиналстар мен конференцияларда орын алады.
Айтыс екі адамның да, көпшілік арасында жүзеге асады. Айтыс қазақтың сөзі мағынасы, сөз жаршысы өнер сайысы. Тақырып дегеніміз - талқыга түскен мәселені айтып және сөздің негізгі мағынасын мазмұынын көрсетеді. Пікірталаста, ой мен сөздің бірлігі жеңске жеткізетін құрал. Бірінен бұрын, пікір алмасуы тақырыбынан қатысты ұғымдарды анықтап алып, қажетті сөздер мен терминдерді шектен тыс қолданбаған жөн. Пікірталасқа түскендердің бәріне бірдей қолданған сөздер түсінікті болуы қажет.
Салыстырудың бірін - бірі түсінбеуіне көп мағынала сөздердің де әсері болуы мүмкін. Пікірталаста көп мағыналы сөздерді дұрыс қолданбау, сөйлемдегі қателікке ұрынады. Сондықтан, кейбір жағдайларда, сөздерді қандай мағынада жұмсап тұрғанды айтып қойған жөн. Сөз мағыналары мен жұмыс істеу мақсатында түсіндірмесі және этимологиялық сөздерді жиі қолдану қажет.
Пікірталас мәдениетінде қарастырылуды құрметтеу пікірлерін сыйлау бцуыны сабырлық пен татудай білу маңызды нәрсе. Бірақ, дөрекі сөздермен мазалау, күлкімен жәбірлеуге, дауыс көріп ұрсуға мүлдем болмайды. Басқалардың көзқарасын құрметтей алып, ойлау ақылды -білімді адамдардың ісі.
Шешен сөз қазақ тілінде, өте ертеден қолданып келеді. Бұл сөздің мағынасы, алдында шешіліп сөйлейтін түйсінді мәселені шешіп талқылайтын, дүшпан, ақылгөй, дана ұғымдарымен өз шешен сөз қазақ тілінде сөзшең айтқыш, тапқыр, суырып салма, ділмар, қызыл тілге жүйрік дейтін сөздермен қатар қолданыла береді. Шешен сөздің халақаралық терминімен айтсақ, «Оратор»» деген сөзден шыққан. Шелимен дегеніміз - шешен екен. Ол біліммен, айтшықты, эсем тіл мен оқырмандларына әсер ететін бір нәрсе туралы сендіріп, бір нәрсе ұйымдастыратын, сөзге тапқыр, ойы терең білімдар адам. Қу келген адам шешен бола алмайды. Біреулерге ол, алланың береген сыйы. Талантты жаратылысынан болады десе, екіншілері шешенді қажетті қасиеттерге дамыту мен тәрбие мен көп оқумен жеткізуге болады. Көне Римнің мыңдаған жылдар бұрынғы әлемі шешен және теротигі Марк Тулий Цицерон айтқан.
"Ақын болып туады, шешен болып шығады". Ұлы шешен ақындыққа, табынышты болып туады- ал, шешендікке көп оқып, көп ізденіп, көп жаттығып күш -қуат жұмсаудың қажеттілігін айтты. Көпшілік алдында сөйлеуге дайындықтағы басты талаптардың бірі өзін -өзіне деген сенімділікті қалыптастыру. Сөйлеуге дайындық шешеннің қызмет идеологиясы өте маңызды жауапты іс десек, шешенінің өрісінің білімін, көшіру дегеніміз жаңа білімінің толықтыру ғылым мен техника салаларына мәліметтер жинау, газет -журнал, радио, телеарналарынан хабарламалар айтып отыру. Көркем әдебиетті және ғылыми кітаптарды көп оқу арқылы жетеді. Ломоносовтың сөзімен айтқанда, «Шешендік рухани қабіле пен айқын күші даму мықты рух ерекшеліктерімен қатар авторларға еліктеумен басқа ғылымдарды меңгерумен біртұтас қасиеттерге тәрбие мен көп оқу мен жеткізуге болады»- дейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz