Қазақстанның шағын қалаларындағы әлеуметтік-экономикалық даму үдерістерін теориялық тұрғыдан зерттеп, оған әсер ететін факторларға тұжырымдама және талдау жасау негізінде олардың экономикалық дамуының негізгі бағыттарын жетілдіру үшін ұсыныстар жасау


МАЗМҰНЫ
- Қазіргі кездегі шағын қалалар дамуын басқару ерекшеліктері . . .
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР
- Акционерлік қоғам
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміз тәуелсіздік алған алғаш жылдары өңірде өндіріс тоқтап, бісекелестік экономикаға жедел кіріп кетуіне кедергілер туындады. Қазақстанның басқа шағын қалаларына қарағанда моно қалаларында шағын бизнес баяу қарқынмен дамыды. Осы және басқа да мәселелер тізбегі - осы өңірлердегі халықтың тұрмыс деңгейін төмендетіп, халықтың ауру-сырқаулығы, кедейшілік, жұмыссыздық сияқты көрсеткіштермен ерекшеленіп отыратын Қазақстандағы дағдарыстық өңірлердің көшбасшысы ретінде танылып келеді.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі жиырма бес жыл ішінде түрлі бағытта тереңдете жүргізілген реформалар жүзеге асырылды. Мемлекеттік билік тарапынан іске асырылған мұндай бетбұрыстар елдің аумақтық-ұйымдық құрылымына елеулі ықпалын тигізіп, тұрғындардың әл-ауқатына да біршама өзгерістер алып келгені белгілі. Елімізде өнеркәсіптік инфрақұрылымның жаңаша қарқын алуы, халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қон мәселелерінің туындауы шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономикадағы маңызы, орны мен роліне біршама әсер етті. Осы ретте шағын қалалар және олардың экономикасын басқарудың өзіндік бағыт-бағдарын қалыптастыру қажеттігі айқын көрініс бере бастады.
Аталған бағытты жасақтауда басты мәселе өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіруге тікелей қатысты екендігі белгілі. Әрбір өңірдің өзіндік табиғи және еңбек ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар. Қазіргі кезеңде негізгі шаруашылық қызметтің өңірлерде жүзеге асырылатынын ескерсек, оларға әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өздігінен шешуге лайықты қаржылық дербестіктің берілуі маңызды болып табылады. Осыған орай, бүгінгі таңда мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктерді ажырату, шағын қалалардың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері еліміздің өңірлерінің экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін негізгі шарттар ретінде қарастырылып отыр. Сондықтан да, «Қазақстанның қуаттылығы - ең әуелі өңірлердің қуаттылығы. Елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты» - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев өңірлер дамуына ерекше назар аудару қажеттігін атап көрсетті [1] .
Елбасының Қазақстан халқына 2012 жылдың 14 желтоқсанында «Қазақстан-2050 стратегиясы «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»» Жолдауында, Қазақстанның басты мақсаты 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс. Жаңа экономикалық бағыттың саясаты - пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу міндетіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм дей келе осыны жүзеге асырудың бірі ретінде: « . . . біз өңірлерді дамытуда әлеуметтік теңгерімсіздік мәселелерін шешуге назар аударуға тиіспіз . . . Ең алдымен, мемлекеттік органдардың өңірлік даму саласындағы жұмыстарын үйлестіруді күшейту қажет. Міндет - мемлекеттік және салалық барлық бағдарламалардың орындалуын өңірлерді дамытудың басымдыққа ие міндеттерін шешумен үйлестіру»
Елбасының тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылып жатырған «Моноқалаларды дамыту - 2020», «Өңірлерді дамыту 2020», «Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту 2020» және басқа бағдарламар шеңберінде өңірлерді дамытуды мемлекеттiк қолдау жөніндегі шаралардың логикалық жалғасы ретінде, шағын қалаларды дамыту шараларын шоғырландыра отырып және оларды толықтыра отырып, елдiң дағдарыстан кейін дамуы жағдайында ұзақ мерзiмдi негiзде дамытудың басым бағыты қалыптасты.
Дегенмен де, моно қалалардың дамуы өңірде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық-экологиялық бағдарламалардың көмегімен заманның ағымына ілесіп келеді. Қалада шағын және орта бизнесті несиелеу негізінде шағын бизнес субьектілері құрылып, өңірдегі шағын кәсіпкерлік, сауда даму үстінде. Сонда да болса, айта кету керек, моно қалалар әлі де болса, қарқынды дамушы қалалар қатарына ене қойған жоқ. Мәселені шешу жолдарын іздестіру маңыздылығы өңір тұрғындарының қазіргі кезде өткір әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, экологиялық, өндірістік-өнеркәсіптік әлеуетінің, экологиялық хал-ахуалының және әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымының әлеуеті мен мүмкіндіктерін талдап, сараптама жасау арқылы дамудың жаңа бағыттары мен басымдылықтарын жасақтап, ұсынуды қажет етеді.
Айта кету керек, шағын қалалардың мәселелерді шешу бойынша тиімді шаралар қабылдау үшін әлемдік тәжірибе зерделеніп те отыр. Шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шағын қалаларда қалыптасқан мәселелерді шешудің негізгі жолдары - олардың экономикаларын әртараптандыру, көші-қонды ынтыландыру, жекелеген жағдайларда - жұмысшылар мен мамандарды басқа өңірлердегі осындай өндірістерге ауыстыру шаралары болып табылады.
Осылайша, жоғарыда айтып кеткендерді қорытындылай келе, біз зерттелініп отырған мәселенің ғылыми және тәжірибелік маңызының зор екенін, сондай - ақ бүгінгі таңда өзекті екенін айта аламыз.
Мәселенің заман талабымен көтеріліп, оларды шешу жолдарын ғылыми тұрғыдан негіздеу зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігін және жалпы мемлекеттік бағдарламалармен тұтастығын айқындап отыр.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Мемлекеттің аумақтық-экономикалық дамуында шағын қалалардың экономикалық дамуы мен ондағы тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалы бірқатар отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде зерделенген. Өңірлердің, қалалардың даму қарқынын талдау, олардың даму мүмкіндіктерін сараптау және болжамдау, өңірлік саясаттың тиімді жүзеге асырылу жайы заманауи өзекті мәселелердің бірі ретінде ғалымдар зерттеулерінде қарастырылған.
Отандық ғалымдар қатарында өңір мен оның экономикалық даму жолдарын талдағандар ретінде М. Х Асылбеков, В. Я. Афанасьева, Ю. С. Дульщиков, М. Б. Кенжегузин, С. К. Жақыпбеков және Г. С. Смағұлова сияқты ғалымдардың зерттеулерін, сондай-ақ, өңірді басқаруды жетілдіру мәселелерін қарастырған В. Архангелський, Е. Айтаханов, М. Баяндин, М. Дузбаева, Н. Ташимова сияқты зерттеушілердің еңбектерінің ерекше маңызы бар.
Осы ретте жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектері мен зерттеулерінің теориялық және тәжірибиелік құндылығы шексіз. Дегенмен, шағын қалалардың, экономикалық әлеуетін толыққанды жүзеге асыру, ондағы инвестициялық және инновациялық жобаларды қаржыландыру және мемлекеттік қолдау мәселелері әлі де болса, лайықты зерттеулер мен ғылыми негізделген ұсыныстармен толықтырылмай отыр. Сондықтан да бұл мәселені ғылыми тұрғыдан зерттеу және диссертациялық жұмысты орындау үшін бүгінгі күнгі өзекті тақырыптардың бірі ретінде таңдап алуына негіз болды.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты - Қазақстанның шағын қалаларындағы әлеуметтік-экономикалық даму үдерістерін теориялық тұрғыдан зерттеп, оған әсер ететін факторларға тұжырымдама және талдау жасау негізінде олардың экономикалық дамуының негізгі бағыттарын жетілдіру үшін ұсыныстар жасау. Жұмыстың мақсатына қол жеткізу үшін келесі міндеттерді шешу қажет, атап айтқанда:
- мемлекеттік өңірлік саясат және оны жүзеге асыру әдістері құралдары мен механизмдеріне теориялық-әдістемелік тұрғыдан нақтылау;
- қазіргі кезеңде шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жасау;
- еліміздегі шағын қалалардың экономикалық даму ерекшеліктері мен олардың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымының өзекті мәселелерін және оны шешу жолдарын анықтау;
- шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекет тарапынан қаржылық қолдаудың тетіктерін негіздеу;
- моно қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіру бағытында ғылыми негізделген ұсыныстар жасау.
Зерттеу нысаны - Қазақстан Республикасының шағын қалалары (Текелі қаласы) .
Зерттеу пәні - шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқаруда қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық қатынастар кешені.
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізін шағын қалалардың экономикалық тұрғыдан қалыптасуы мен дамуын зерделейтін отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрайды. Ғылыми жұмыстың ақпараттық базасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің шағын қалаларды дамытуға қатысты қабылданған бағдарламалары, аймақтық бағдарламалар, Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігінің, ҚР Статистика бойынша Комитетінің материалдары мен мәліметтері негіз болды.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Диссертациялық зерттеу барысында ғылыми жаңалық ретінде мынадай нәтижелер алынды:
- экономикадағы шағын қалалардың рөлі мен алатын орны айқындалды;
- еліміздің экономикасының қарқынды дамуында шағын қалаларды дамыту бағдарламасының маңыздылығы нақтыланды;
- шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының заманауи өзекті мәселелері анықталып, оларды шешу жолдары талданды;
- шағын қалалар дамуында мемлекеттік қаржылық қолдаудың маңыздылығы мен басым бағыттары айқындалды;
- моно қалалардың экономикалық әлеуетін арттыру бағытындағы жаңа серпінді инвестициялық жобалардың тиімділігі сарапталды;
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдары:
- шағын қалаларды әлеуметтік-экономикалық дамытудың теориялық және әдістемелік аспектілері;
- елімізде шағын қалалардың дамуына әсер етуші факторлар айқындалды және осы факторлардың басым белгілеріне қарай топтастырылуы;
- шағын қалалардың бүгінгі күнгі әлеуметтік-экономикалық дамуына сараптама жүргізіліп, өзекті мәселелерді шешу жолдары;
- моно қалалардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру бағыттары.
Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңыздылығын зерттеу барысында жасалған тұжырымдамалар мен ұсыныстар әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, инновациялық-техникалық дамытудың мемлекеттік және өңірлік даму бағдарламаларын әзірлеу кезінде қолдануға болатындығында. Зерттеу нәтижелерін мемлекеттік және жергілікті басқару органдары өңірдің ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын әзірлеу кезінде, өкілетті органдар мен әкімшіліктер қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарту жұмыстарын жүргізуінде қолдануына болады. Сонымен қатар диссертацияның жекелеген тұжырымдамалары мен қорытындылары ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстарда пайдалана алады.
Басылымдар. Диссертация тақырыбы 2 мақала басылымда шығарылған.
Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспе, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ҚАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ӨҢІРЛІК САЯСАТ
- Мемлекеттік өңірлік саясаттың құрылымы және жүзеге асыру құралдары
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімге арналған стратегиясы табиғи, әлеуметтік-экономикалық және т. б. аумақтық факторларды толықтай ескеріп, олардың мемлекеттік саясаттың барлық бағыттарында нақтыланғанда ғана ғылыми тұрғыдан негізделген және жүзеге асу мүмкіндігі жоғары болады.
Қазіргі уақытта республика кеңістігіндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларының біркелкі болмауы мемлекет тарапынан жүргізілетін өңірлік саясат ерекшеліктерін анықтайды. Осыған орай, мемлекеттің өңірлік саясатының мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру механизмдері анықталады.
Мемлекет экономиканың дамуы барысында кәсіпорындарға толықтай дербестік бере отырып, олардың шаруашылық қызметіне тікелей араласпағанмен де, жанама түрде (салықтар, экологиялық, монополияға қарсы шектеулер т. б. ) араласады. Бұл бәсекелестік жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуінің бір шарты деуге болады. Ал егер мемлекет өңірлермен дұрыс өзара қарым-қатынас орнатпаған болса, немесе халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін ортасы болып табылатын мемлекеттің барлық аумақтарының дамуы үшін жауапкершіліктен бас тартатын болса, онда жүргізіліп жатқан реформалардың оң нәтижеге жеткізбейтіндігі анық. Демек, өңірлердің дамуын мемлекеттік реттеу - бұл олардың дамуының қажетті шарты [3] .
Экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекше бағыты ретінде қарастырылатын өңірлік саясаттың қазіргі ерекшеліктерін қарастыру оның тиімді жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайда саралау және соған орай аймақтық саясаттың бағыттарын айқындау өзекті мәселеге айналады.
Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын тегістеуге бағытталған мемлекеттік аймақтық саясатты жүргізу стратегиялық тұрғыдан маңызды болып табылады. Ұлттық экономиканың тұрақты өсуі елдің проблемалық аймақтарындағы өмір сүру жағдайын жақсартпайынша мүмкін емес. Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономикалық, экологиялық ерекше проблемаларымен сипатталатын әр түрлі аумақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және өңірлердің мамандырылу қағидасына сәйкес республика өңірлерін төрт топқа бөлуге болады:
- шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;
- индустриялық дамыған;
- агроөнеркәсіптік;
- дағдарыстық [4, 5] .
Бірінші топ - стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай қорларын иеленетін және ғылыми-өндірістік әлеуетінің қарқынды дамуына жеткілікті мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық-әлеуметтік артта қалуымен, экологиялық жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін өңірлер. Бұл өңірлерге Қазақстан экономикасын дағдарыстан шығару және тұрақтандырудың рөлі беріледі. Осы өңір топтары үшін төмендегідей проблемалар кешенін шешу қажет деп атап көрсетуге болады:
- минералдық шикізат және көмірсутек шикізаттарын кешенді өндіру мен өңдеудің жаңа технологияларын енгізу негізінде стратегиялық шикізат түрлеріне бай жерлерді интенсивті игеру;
- отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климатты анықтайтын және әлемдік стандартқа жауап беретін жоғары дамыған өндірістік, әлеуметтік және іскерлік инфрақұрылымдарын құру;
- ауылдық аумақтарының дамуындағы «жинақталған» күрделі мәселелерді (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, т. б. ) шешу.
Екінші топқа - ауыр индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары технологиялық ғылымды қажетсінетін өндіріс құру үшін қолайлы экономикалық жағдайлары және жоғары ғылыми-өндірістік әлеуеті бар, негізінен қаржылық ресурстармен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын өңірлер жатады.
Бұл өңірлерді дамытуда шешуді талап ететін мәселелер қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:
- шетел инвестицияларын тарту жолымен экспорттық әлеуетті қалыптастыру;
- жаңа ғылымды қажетсінетін өнімдер шығаруды ұйымдастыру, жаңа технологиялар негізінде құрал-жабдықтар мен машиналар, электроника құралдары, автомобиль құрылысы, жаңа материалдар, лазер технологиясын дамыту;
- нарықтық инфрақұрылымды дамытуды жеделдету.
Үшінші топқа - ауылшаруашылығына маманданған агроөнеркәсіптік кешенді өңірлер. Бұл топтағы өңірлер үшін халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ауылшаруашылығымен оған сабақтаса дамитын салаларда шағын және орта бизнесті дамыту қажет.
Олардың әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыру үшін келесідей мәселелер өз шешімін табуы тиіс:
- ауылшаруашылық өнімдерін өндіру үшін тиімді мамандандыруды жүзеге асыру;
- ауылшаруашылық өнімінің жоғары сапалығын және экспорттық әлеуетінің өсуін қамтамасыз етіндей өндірістік үрдістерге жаңа технология мен техникаларды енгізу және пайдалану;
- тұтыну нарығын тепе-тең түрде дамыту мақсатында, тұтыну заттарын өндіретін ауылшаруашылығының және өнеркәсіп салаларының материалдық-техникалық базасын нығайту міндетті түрде өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды құру.
Төртінші топқа - қысылшаң (экстремальный) табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және техника-технологиялық жағдайдағы шаруашылықтың салалық құрылымы ұтымды емес дағдарыстық өңірлер, сонымен қатар, экологиялық дағдарысқа ұшыраған аудандар жатады. Бұл өңірлерде жинақталған мәселелерден «арылу» үшін мемлекеттік реттеудің нақты шаралары қажет. Сонымен бірге, осы топтағы өңірлердің дамуы үшін шешілуі тиіс мәселелер келесідей:
- экологиялық дағдарыстың тереңдеу үрдісінің алдын-алу;
- осы өңірлерде тұратын халықтардың өмір сүру сапасын және деңгейін көтеру үшін материалдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау;
- қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте қауіпті ауылдық өңірлерден, кіші және шағын қалалардан және басқа да тұрғылықты жерлерден республикамыздың басқа аймақтарына орын ауыстырғысы келетін халықтар үшін қажет жағдайлар жасау;
- шетелдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды тиімді пайдалану [5., 35б] .
Республика аймақтарын мұндай топтастыру басқарудың аймақтық мәселелерін тиімді шешуге және жергілікті шаруашылықтарды қарқынды дамытуға мүмкіндік береді.
Проблемалық өңірлердің қатарына бірқатар себептердің салдарынан экономикалық әлеуеті орташа республикалық көрсеткіштерден бірнеше есе төмен, ал экономикасы өнеркәсіптің аз әртараптандырылған (диверсификация) құрылымымен, нашар дамыған инфрақұрылымымен сипатталатын өңірлер жатады. Мұндай өңірлер олардың өзіндік дамуын ынталандыратын мемлекеттің көмегіне мұқтаж. Сондықтан да, экономикалық ғаламдану үрдісіне қадам басып отырған Қазақстан үшін шешілуі тиіс басты міндет - өңірлер үшін жағымсыз салдарларды бейтараптандыра отырып, олардың дамуы үшін қажет жағдайларды қалыптастыру негізінде тиімді нәтижені ұлғайту.
Өңірлердің дағдарыстығының басты белгілері болып табылатындар:
- өндіріс қарқынының төмендеуі;
- халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі (жан басына шаққандағы табыстың төмендігі) ;
- жұмысбастылыққа қатысты жағымсыз тенденциялардың өрістеуі (жұмыссыздықтың жоғары деңгейі) ;
- демографиялық, экологиялық, әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы проблемалардың күшеюі және т. б. [6, 7] .
Өңірлердің біркелкі дамуы іргелі әлеуметтік үрдістерге жатады. Әрбір елде салыстырмалы түрде өркендеген және артта қалған аймақтар бар - бұл әлеуметтік-экономикалық, табиғи-климаттық, ресурстық және басқа жағдайлармен байланысты табиғи, аумақтық айырмашылықтар. Осы орайдағы мемлекеттің міндеті шектен тыс жоғары аймақтық саралауға жол бермеу болып табылады.
Өмір сүру деңгейі мен сапасындағы шектен тыс өңірлік айырмашылықтар көбінесе өңірлердің экономикалық, табиғи-климаттық, ресурстық және инфрақұрылымдық ерекшеліктерімен анықталады, сондай-ақ олар мемелекеттің «теңестіру» саясатын жүргізу үшін негіз болып табылады. Осы саясатты жүзеге асырудың басқарушылық механизмінің негізгі міндеттерінің қатарына артта қалған аймақтардағы өмір сүру деңгейі мен экономикалық даму параметрлерін ең болмағанда орташа деңгейге (осы параметрлер бойынша) біртіндеп жақындату жатады. Бұл жағдайда негізгі міндет мемлекет тарапынан аймақтардың өзіндік дамуын ынталандыру: халықтың әлеуметтік бейімділігін қолдау (қолайлы жерлерге көшіп қонуға көмек көрсететін) артта қалған аймақтарға капитал мен инвестициялардың келуін ынталандыру және т. б. болып табылады.
Өңірлердің дамуының кез келген аясындағы дағдарысты жою, бір жағынан алғанда, экономикалық белсенділік деңгейімен байланысты. Әлеуметтік даму салыстырмалы түрде дербестікке ие бола отырып, айтарлықтай дәрежеде ресурстық мүмкіндіктермен анықталады, олар өз кезегінде экономикалық даму деңгейіне байланысты. Екінші жағынан, нарықтық шаруашылықтың әлеуметтік жағдайға зиянын тигізе отырып, тек қана экономикалық басымдыққа біржақты бейімделуі ұлттық экономиканың және мемлекеттің дамуына қауіп туғызады. Сондықтан мемлекеттік реттеудің әлеуметтік және экономикалық құраушыларының тепе-теңдігі қажет. Экономикалық және әлеуметтік құраушылардың тепе-теңдікте дамыта отырып, аймақ дамуындағы әр түрлі бағыттағы олқылықтардың орнын толықтыруға және халықтың тұрмыс жағдайының деңгейін көтеруге болады, бұл түптеп келгенде мемлекеттің өңірлік саясатының табысты жүргізілуін анықтайтын негізгі шарттардың бірі болып табылады [8, 9] .
Өңірлік саясаттың мәні мен міндеттері және оларды жүзеге асырудың өзіндік механизмдері бар (1-сурет) .
Мемлекеттегі әрбір өңір өзімен-өзі жеке дами алмайды, өйткені басқа өңірлердің даму барысында зиянын тигізбес үшін оның ерекшеліктерін де ескеруі тиіс. Сондықтан да экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі өңірлік саясатының маңызы ерекше бола түседі. Мемлекет әрбір өңір үшін бағдарлама жасап, сол бойынша өңірлер өзінің даму бағытын жүзеге асырады.
Бәсекелестік экономикаға өту барысындағы өңірлік саясат біршама өзгермелі болып келеді. Әрбір өңірдің ерекшеліктеріне қарай, кейбір аймақта мемлекет тарапынан экономиканың қалыптасуы үшін жалпы құқықтық режимді қолдау жеткілікті болса, басқасында экономикалық белсенділікті ынталандыру қажет, келесі біреуінде, өңірлік экономикаға экономикалық және әкімшілік әсер ету әдістері қажет т. б [10] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz