Қазақстандағы моноқалаларды дамытудың кейбір мəселелері мен шешу жолдары


Пән: Экономикалық география
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Укиметов Олжас

І. Жансүгіров атындағы

Жетісу мемлекеттік университеті

Экономика мамандығының 1 курс магистранты

ҚР, Талдықорған қаласы

Экономика секциясы

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МОНОҚАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕРІ МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Аннотация. Мақалада Қазақстандағы моноқалаларды дамытудың кейбір мәселелері және арқылы шешу жолдары қарастырылған. Басты назар мемлекеттік моноқалаларды дамыту бағдарламасына аударылған.

Моноқалаларды дамыту - тек өңірлердегі әлеуметтік, экономикалық мәселелердің шешілуіне ғана емес, ең бастысы, өндірістік күштерді орналастыру мәселелерін де шешуге мүмкіндік береді. Моноқалаларды дамыту арқылы тұрақты дамудың үш негізгі мақсатына қол жеткізуге болады: экономиканың тиімділігі, әлеуметтік тепе-теңдік және қоршаған ортаның тұрақтылығы. Себебі Қазақстандағы өндірістік күштер мен еңбек күшінің оннан бірі осы қалаларда орналасқан.

Қазақстанда жоғары деңгейде ұйымдастырылған урбандалған зоналардың болмауы (заманауи қалалық инфрақұрылымдардың шоғырлануы, ақпарат каналдары, елді мекендердегі экологиялық қолайлы өмір т. б. ) болашақ ресурстардың, яғни біліктілігі жоғары, мобильді жұмыс күшінің, инновациялық технологиялардың, ақпарат көздерінің шоғырлануына кедергі келтіруде.

Осыған байланысты 2012 жылдың 25 мамырында Үкіметте «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» қабылданды. Аталған бағдарлама бойынша, моноқала дегеніміз - бұл бір немесе бірнеше (көп емес) қала құраушы, бір бейінді және шикізаттық бағыттағы қаланың экономикалық және әлеуметтік жағдайын айқындайтын кәсiпорындарда еңбекке жарамды халықтың және өнеркәсіп өндірісінің негізгі бөлігі (20 пайыздан астамы) шоғырландырылған қала.

Моноқалалар санатына тұрғындарының саны 10 мыңнан 200 мыңға дейін адамы бар:

1) қаланың негізінен өңдеу секторының қала құраушы кәсіпорындарының өнеркәсіп өндірісінің көлемі жалпы қалалық өндіріс көлемінің 20 пайыздан астамын құрайтын (мономамандандыру) ;

2) қаланың қала құраушы кәсіпорындарында жұмыспен қамтылған халықтың 20 пайыздан астамы жұмыс істейтін;

3) қала құраушы кәсіпорындары жартылай істейтін немесе мүлдем істемейтін өлшемдердің бірімен сипатталатын қалалар кіреді [1] .

Шағын арналы қалалардың қатарына тұрғындарының 20 пайызынан астамы бір арналы және шикізаттық бағыттағы өнеркәсіп орындарында еңбек ететін қалалар жатқызылды. Сондықтан 1, 5 млн. тұрғынды құрайтын 27 қала таңдап алынды. Олар - еліміздің қалаларындағы халықтың 16%-ы. Атап айтар болсақ, Қарағанды облысында - 8, Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстарының әрқайсысында - 4, Жамбыл мен Павлодар облыстарында 2-ден сондай шағын қала бар.

Енді шағын қалалардың ерекшелігіне тоқталайық. Олар үшеу.

Біріншісі - ірі өндіріс орындарының хал-ахуалы.

Екіншісі - бағыттық салаға байланысты.

Үшіншісі - тұрғындарының саны (4 қалада 100-180 мың аралығында, 9 қалада 50-100 мың аралығында, 14 қалада 50 мыңға дейін кісі өмір сүреді) .

Қазақстандағы моноқалалардың негізгі қордаланған мәселелерін мынадай үш топқа біріктіруге болады:

1. Экономикалық мәселелер:

- Негізгі қала құраушы кәсіпорындардың жұмысының тоқтауы немесе оған қауіп төнуі (өндіруші кәсіпорындардың кен орындарының тозуы, бәсекеге қабілетсіз өнім) ;

- қала экономикасының төмен деңгейде әртараптануы;

- қала тұрғындарының қала құраушы кәсіпорындардан жоғары деңгейдегі тәуелділігі;

- қала бюджетінің қала құраушы негізгі кәсіпорыннан түсетін салықтардан тәуелді болуы.

2. Әлеуметтік мәселелер:

- жұмыссыздық пен өзін-өзі жұмыспен қамту деңгейінің жоғары болуы (1-сурет) ;

- көптеген моноқалалардағы халықтың табыс деңгейінің төмен болуы;

- халық санының азаюы;

- әлеуметтік тұрақсыздықтардың өсуі.

3. Өмірлік маңызы бар инфрақұрылымдар мәселесі:

- инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдардың тозуы;

- моноқалалардың аумағындағы экологиялық мәселелердің ушығуы [2] .

Бір айта кетерлігі, моноқалалардың көпшілігінде жылу және су жүйелері, электр, байланыс желілерінің тозығы жеткен.

Шындығында, олардың проблемасы бір-біріне ұқсас. Экономикалық тұрғыдан зерттеп қарастырсақ, ірі кәсіпорындардың өзіндік проблемасына келіп тіреледі. Көбіне экономиканы дамытудың төменгі деңгейімен тығыз байланысты. Ал әлеуметтік проблемалары әртүрлі. Бұлар - жұмыссыздықтың белең алғандығы, халық табысының аздығы, күнкөріс сапасының сын көтермейтіндігі, тұрғындардың көптеп басқа жаққа қоныс аударуы. Осындай келеңсіздіктердің салдарынан наразылықтың күшейе түсушілігі. Әсіресе, жұмыссыздық пен жұрттың күнделікті қажеттіліктермен өзін-өзі қамтамасыз ете алмаушылық деңгейінің жоғарылау фактілері шағын қалалардағы тұрақтылыққа аса қауіпті. «Жасырын жұмыссыздық» Қаратау (49, 7%), Арқалық (49, 3%), Жітіқара (47, 1%), Серебрянск (39, 0%), Жаңатас (37, 1%) қалаларында ерекше орын алған.

Экономикалық қуаттылығына сай қалалар жоғары, орта және төмен деп үшке бөлінген. Олардың орташа және ұзақ мерзімді бағыты да белгіленген. Маңызды мәселені шешуге әлемдік тәжірибе қарастырылып отыр. Германия, Австралия, Швеция, Жапония, АҚШ пен Ресейдің шағын қалаларында экономиканы әртараптандыру, көші-қонды ынталандыру, қажет болған жағдайда жұмысшылар мен мамандарды басқа өлкелердің өндіріс орындарына ауыстыру сияқты тәсілдер бар [3] .

Игілікті істі жүзеге асыру үшін мынандай міндеттерді қолға алу керек.

Біріншіден, жұмыс істейтін өнеркәсіптерді өндірістік көлеміне қарамастан оңтайландыру. Ол үшін экономикалық қуаттылығы анықталып, жаңа мамандықтарға үйрету шаралары атқарылады. Шағын қалалардың әрқайсысының кешенді жоспары бекітіледі. Оған ұзақ мерзімдік дамыту жайы мен тұрғындар саны жөніндегі болжам ұсынылады.

Екіншіден, экономиканы әртараптандыру мен шағын және орта бизнесті дамыту. Бұл орайда 10 мың жұмыс орнын ашу мақсатында 40-тан астам инвестициялық жоба жасалады. Қосалқы және қызмет көрсететін цехтар құру назардан тыс қалмайды

Үшіншіден, ұлттық компаниялардың шағын қалалардағы өндіріс ошақтарына тапсырыс бойынша қолғабыс көрсетуі де маңызды. Мысал ретінде, Екібастұз қаласындағы темір жол саласына қызмет көрсету мен «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының Степногор қаласында күкірт қышқылы өндірістерін атап өтуге болады.

Төртіншіден, өндірісті бұрынғы қал­пына келтіру үшін инвесторлар тарту. Қаратау қаласындағы «Еурохим» АҚ осы істің жарқын көрінісі. Сондай-ақ, өнеркәсіптік жеңілдіктер енгізілмекші. Төмен және орташа қуатты қалалардағы инвесторлардың жарық пен газға, жер телімін сатып алуға, ғимараттар тұрғызу құрылысына кеткен шығындарының белгілі бөлігін төлеу не қайтару көзделген.

Бесіншіден, шағын және орта бизнесті дамыту.

Алтыншыдан, тығырықтан шығу амалдары. Транзиттік қуаттылықты дамыту. «Бизнестің жол картасы-2020», т. б. бағдарламалар қосымша шаралар ретінде қарастырылады. Атап өтер болсақ, шағын қалалардағы кәсіпкерлер несиесіне 10% көлемінде субсидия беру, жаңа өндіріс орнын ашуға 3 млн. теңге грант ұсыну, ірі компаниялармен әріптестік бағдарламаны жүзеге асыру, бизнес-инкубаторлар ашу, кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құру және жұмыссыздарды және өзін өзі асырайтындарды кәсіпкерлікке баулу.

Шағын қалаларда несие алу проблемасы аса көкейкесті. Кепілдеме дүние-мүліктер жетіспейді. Сондықтан, бұл проблеманы ірі өнеркәсіптік мекемелерімен әріптестік құру арқылы шешуді ойластыру қажет.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 183 қаулысымен бекітілген Қаулыда облыстық бюджеттерге моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2016 жылға арналған негізгі шарттары көрсетілді.

1. Облыстардың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі - қарыз алушылар) кредит беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:

1) 2016 жылға моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін «2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысында көзделген 2647284000 (екі миллиард алты жүз қырық жеті миллион екі жүз сексен терт мың) теңге сомасындағы кредитор қарыз алушыларға 5 (бес) жыл мерзімге 0, 01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша беріледі;

2) кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан қаражат аударылған кезден бастап есептеледі және 2021 жылғы 1 сәуірде аяқталады.

Кредиттерді беру, өтеу және қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кредиттік шартта белгіленеді [4] .

Сөз соңында, шағын қалалардың проблемалары шешілуге тиіс жұмыстар әлі де болса көптеген жұмыстар жасау керек. Ол үшін: шағын қалалардағы өнеркәсіп өнімдері көлемін ұлғайту; шағын және орташа кәсіпорындар санын екі есеге арттыру; күнкөріс көрсеткішінен төмен табыс табатындар санын қысқарту (6%-дан аспауы керек) ; жұмыссыздықты азайту (5, 5%-дан аспауы керек) ; апатты жағдайдағы, бос не құлағалы тұрған тұрғын үйлерді мүлдем жою керек.

Осы орайда, қазіргі таңда ауылды дамытудан гөрі басқаша көзқарасты талап ететін, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылым ерекшеліктері ескерілетін «Қалалық агломерациялар және моноқалаларды дамыту» бағдарламасы әзірленіп жатыр.

Мұнда қалалық аумақтарды дамыту бойынша жоғарыда аталған мәселелерді қамтитын, оның ішінде жастар үйлерін салу мүмкіндігі де қарастырылатын жүйелі шаралар егжей-текжейлі талқылануда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері
Қазақстанның шағын қалаларындағы әлеуметтік-экономикалық даму үдерістерін теориялық тұрғыдан зерттеп, оған әсер ететін факторларға тұжырымдама және талдау жасау негізінде олардың экономикалық дамуының негізгі бағыттарын жетілдіру үшін ұсыныстар жасау
Қазақстанда бір салалы қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуы
Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Арқалық қаласының дамуы
Моноқалаларды қалыптастыру мен дамыту
Қазақстан Республикасындағы моноқалалардың әлеуметтікэкономикалық дамуының аймақтық ерекшеліктері
Қазақстан моноқалаларының орналасу ерекшелігі және дамуы
Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Арқалық қаласының дамуы туралы
Моноқалаларда туристік кластерді қалыптастыру механизмі
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ КЕЗЕҢІНДЕ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz