Балабақшада жас тобына қарай сурет салуға үйретудің методикасы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

БАЛАБАҚШАДА ЖАС ТОБЫНА ҚАРАЙ СУРЕТ САЛУҒА ҮЙРЕТУДІҢ МЕТОДИКАСЫ

Кез келген жастары балаларды сурет салуға үйретудің басты принципіне көрнекілік жатады: бала өзі бейнелемек затты, құбылысты білуге, көруге, сезінуге тиіс. Балалардың заттар мен құбылыстар туралы анық та айқын түсініктері болуы қажет. Сурет сабағында пайдаланылатын көрнекі құралдар көп, олардың барлығы да сөзбен түсіндіріледі. Балабақшадағы жас тобына қарай сурет салуға үйретудің тәсілдерін қарастырып керейік.

Бірінші кішкентайлар тобы. Бәрінен бұрын, көрнекіліктің негізін тәрбиешінің сурет сабағы үстіндегі әрекеті атқаратын болады. Сәби сол тәрбиешінің сурет салу кезіндегі әрекетіне еліктей бастайды.

Еліктеу мектеп жасына дейінгі кезеңде белсенді үйретудің міндетін атқарады. Суреттің қалайша пайда болуын бақылап тұрғанда сәбидің бойында форманың, түр-түстің жазықтықтағы кескінделуінің әр түрлі ерекшеліктерін көре білу қабілеті қоса дамиды. Бірақ, өздігінше дербес ойлаудың, бейнелеудің, үйренген дағдыларды еркінше қолдана білудің дамуы үшін тек еліктеудің бір өзі әлі жеткіліксіз. Сондықтан да балаларды сурет салуға үйретудің тәсілдері бірте-бірте күрделене түседі.

В. Н. Лванесованың еңбектері бойынша сурет салу процесіне балаларды тәрбиеші біртіндеп тарту ұсынылады. Мәселен, сәби тәрбиеші бастаған суреттерді аяқтайтын болады. Мысалы, ол шардың жібін, гүлдің сабағын, жалаушалардың сабын және тағы жалғастырады. Бұл тәсілдің пайдалы жағы мынада. Сәби бейнелейтін затты бірден тануға, салынған суретті немесе соған жетпейтін бөліктерді талдауға, сызықтар жүргізуге (әр түрлі сипаттағы), жаттығуға, ең соңында, өзі тындырған еңбектің нәтижесіне көңілі толып эмоциялы қанагат сезімін алуға үйренеді.

Тәрбиеші сурет салу тәсілдерін қолмен көрсетуі де немесе сөзбен ауызша түсіндіруі де мүмкін. Мұндай кезде, балалар берілген тапсырманы тірек суретінсіз-ақ өздері орындайтын болады. Бұл арада, педагогтың суретті салу процесі үстіндегі қимылы мен түсіндірме сөздері өзара жақсы үйлесім тауып жатуы өте маңызды.

Ауызша айтылған сез көрнекі құралмен бекітіле түссе, онда мұның өзі сәбидің көргенін, түсінгенін талдауға, берілген тапсыр-маны есте жақсы сақтауына септігін тигізеді. Алайда, кішкентайлар тобындағы сәбидің есте ұстау қабілеті (бұл жағдайда педагогтың ауызша түсіндіруін айтамыз) тәрбиешінің айтқандарын көпке дейін жадында айқын сақтай алмайды: ол көп жағдайда, тәрбиешінің көрсеткендері мен тапсырмаларының кейбіреулерін ғана есінде ұстайды жәие дұрыс орындай алмайды немесе тәрбиеші қайтадан түсіндірмесе еш нәрсе бастай алмайды. Miнe, сондықтан да тәрбиеші тапсырманы сәбилерге жеке-жеке қайталап түсіндіруі керек.

Үш жастың аяқ шенінде көптеген балалар қосымша түсіндіріп жатуды талап етпейді. Олар тапсырманы бір рет түсіндірген соң-ақ, өздері үйренген дағдылары бойынша дербес сурет сала алатын болады.

Мектеп жасына дейінгі кіші жастағы балаларды сурет салуға үйретуде әр түрлі ойындарды пайдаланудың ұнамды жақтары, әсері мол. Ойын ситуацияларын пайдаланудың нәтижесінде, бейнеленетін заттар етене таныс, әрі жанды, әрі қызықты дәрежеге көтеріледі.

Кішкентай сәбидің бояуларды суретте пайдалануының қорытындысы үстінде ашық дақ болып келеді. Түс күшті эмоциялы тітіркендіргіш. Педагог мұндай жағдайда сәбилерге бояудың керекті образды тыңнан жасау үшін қажет екенін түсіндіруі тиіс. Балалардың бояулармен жұмыс істеу үстінде бейнелейтін заттарының ұқсас шығуына ұмтылуына қол жеткізу керек.

Олар алғашқы айларда сурет салу барысында, әр түрлі заттарды бейнелеу үстінде тәрбиешілеріне еліктесе, енді педагог оларға өзінше дербес түрде ойша салуға, қиялдап салуға әр түрлі тапсырмалар береді.

Мектеп жасына дейінгі кіші жастағы балалар үшін әрбір сабақтың соңында тапсырманы орындағаннан кейін (әрине, сабақ ұзақ болмаса) өздігінше ойша сурет салу мүмкіндігін беріп отыру пайдалы.

Балалардың осылайша өздігінше жұмыс істеу формасы келешекте творчестволық іс-әрекеттерінің алғы шартын жасайтын бо-лады.

Екінші кішкентайлар тобы. Екінші кішкентайлар тобындағы балаларды сурет салуға үйретудің міндеттері негізінен әр түрлі формаларды бейнелей алатын икемділігін қарындаштар мен қылқаламды пайдалану үстіндегі техникалық дағдыларын және әр түрлі заттарды бейнелей алатын ептілігін дамытуға тікелей байланысты.

Үш жастағы балалармен сурет салу сабағын өткізу барлық материалдың неғұрлым нақты болуын талап етеді. Оларды қарапайым формаларды салуға үйрету сабақтары айқын түсінікке сүйенбесе, онда балалар үшін жалпылама, абстрактілі, дерексіз шығып түсініксіз күйде қалады.

Сурет салуға үйрету методикасының негізіне айнала қоршаған өмірді қабылдау жатады. Сондықтан да барлық образдарға байла-нысты болып келетін сызықтар, шеңберлер, нүктелер, көзбен көргендей алдын ала түсінікті болып, белсенді қимыл-әрекетке түрткі болғаны абзал. Мысалы: «Жол бойымен жүгірдік», «Шумақ жіпті тарқатайық та орайық» және тары басқа ойын-жаттығуларға сүйенген образды тапсырмаларды балалардың құлшына түсінуі, олардың сурет салу үстіндегі соншалықты белсенді, ынталы әрекет-қимылдарының да алғы шартын тудыратын болады.

Зерттеуші Е. А. Флерина жасаған ойын-жаттығудың осындай жүйесі осы жастағы ерекшеліктерін ескерген. Бұдан кейінгі зерттеулерде осынау ойын-жаттығуларды қолданудың методикасы одан әрі егжей-тегжейлі түрде дамытылған.

Мысалы, түзу сызықты жолды салу үстінде балалар тәрбиешімен бірге қосылып сызықтардың бағытын қолдарымен ауада көрсетеді де: «Міне, қандай ұзын жол». - дейді. Олар мұны сонан соң қағаз бетіндегі бағытын колының ұшымен көрсетіп, ең аяғында ғана сол жолды қарындашпен немесе бояумен салып көрсетеді. Бір қимыл-әрекетті бірнеше рет қайталап көрсету, сол үш жастағы балалардың денесінің өсу ерекшелігіне негізделген жүйенің өзін көрсетеді. Екі қолымен ауа қармап көрсету қимыл-әрекетінің бірте-бірте тек қылқаламмеи немесе саусақтың ұшымен қағаз бетіне ауысуы, одан соң қарындашпен барынша шектелген қимыл-әрекетке ұласуы осындай жүйенің нәтижесінде өз жемісін береді.

Балалар өздерінің осындай қимыл-әрекеттерін бір мезгілде «Тырс-тырс жаңбыр жауып тұр», «Міне, қандай ұзын лента» және т. б. сөздермен қабат түсіндіруі мүмкін. Мұндай сөздердің қайта-қайта айтылуы, қимыл-әрекетті қызықты, жеңіл ғана етіп қоймайды, сонымен қатар сурет салу процесінің ырғағын ұстауға септігін тигізеді. Жұмыс үстінде балалардың сөйлеуіне тыйым салмау керек, өйткені мұның езі олардың қиялын оятады, ойлану белсенділігін арттырады. Тәрбиеші мұндай әңгімелесу арналарын қажетті, бейнелемек образдар төңірегіне қарай мезгілінде бұрып отыруы тиіс. Т. Г. Казакова сурет салу процесіңе өзге де әсер ететін құралдар қосуды ұсынады, мысалы, музыканы айталық (жаңбырдың тырс-тырс еткен дыбысы) .

Ал мұның өзі балалардың эмоциялы көңіл күйін көтереді деген сез, олай болса, осының нәтижесінде суреттің образдық айқындылығы да арта түседі.

Сабақ процесі кезінде сәбилер барлық уақытта белсенді болғаны жөн. Олардың санасында салмақшы болып отырған суретінің образынан басқа еш нәрсе болмауы тиіс.

Мұндай белсенділік әуелгі кезде тәрбиешіге еліктеуге негізделед. Ол балаларға бейнелеу затын естеріне түсіреді, олар меңгеруге тиіс жаңа қимыл-әрекеттер көрсетеді. Ол бұл қимыл-әрекетті қолдарымен ауада көрсетеді, сонан соң балалармен бірге қайталайды. Бұл қимыл-әрекеттерді балалардың біреуі істей алмаса, тәрбиеші оны сол баланың қолының әрекет-қимылға сай қалыпта тұруына көмектеседі. Бала қимыл-әрекетті бұлшық еті арқылы сезінгенде ғана, сол қимыл-әрекетті өздігінше жасай алатын болады.

Сурет салу тәсілдерін де әуелде осылайша дәлме-дәл көрсету қажет. Тәрбиеші қарындашты қалай дұрыс ұстауды және қылқаламды бояуға батыруды, сонан соң қағазға қалай жағуды көрсетеді.

Балалар сурет салудың негізгі барлық тәсілдерін меңгергенде ғана өздігінше әрекет жасай алатын болады. Ал, егер қарындашпен немесе қылқаламмен жұмыс істеу тәсілдерін білмейтін сәбиді тапсырманы орындауда өз еркіне жіберсек, онда ол баланың бойында тузеуге көптеген қиындықтар келтіретін теріс дағдылар орнығып қалады. Әсіресе, сурет салудың техникалық тәсілдеріне қатысты теріс дағдыларды түзеу қиын-ақ.

Біз жоғарыда айтып кеткендей, көрнекі қүралдармен үйретудің жемісті тәсілдерінің бірі тәрбиеші салған сурет болып табылады. Алайда, ең кішкентай бүлдіршіндер үшін де жаттығу суреті қарапайым схемадан гөрі, бейнелеу өнері түрғысынан сауатты болуға тиіс. Образ нақты затқа сәйкес жандылығын сақтауы тиіс.

Мысалы, тәрбиеші шырша ағашын қалай салу керектігін көрсеткенде осы жастағы балаларға арналған программаның талаптары тұрғысынан бастауы тиіс. Бұның негізгі басты белгілері тік дің, жасыл түс, екі жақтағы бұтақтарын бере білу. Бірақ та мұндай белгілер ағаштардың көбіне ортақ қой. Тәрбиеші балалардың бо-йында шырша ағашының образы сақталуы үшін, діңді жоғарыдан төмен қарай жуандай түсетін сызықпеп, бұтақтарды жоғары жағынан төмен қарай бірте-бірте ұзарта отырып, сәл қисайған сызықпен балалардың назарын аудармай сала береді. Ең маңыздысы сол, -суреттен көрінетін образдың нақты заттың образынан ауытқымай дәл шығуында, осындай жағдайда ғана балалардың жадында дұрыс бейнелеу сақталады.

Сурет салу тәсілдерін көрсету қашан балалар барынша қарапайым формаларды бейнелеудің дағдыларын меңгергенше маңызды. Педагог сонан соң балаларға сурет салу тәсілдерін көрсетпей-ақ қөрнекі құралдар бойынша сурет салдыруды үйрете бастайды.

Мысалы, балалар түзу сызықтар мен тік бұрышты формаларды салуды үйренген соң, педагог оларға сурет салудың тәсілдерін көрсетпей-ақ күрекшелер салуды ұсынатын болады. Тәрбиеші сабақтың басында балалармен бірге күрекшені әбден қарап алады, сонан соң қолымен оның контураларын көрсетіп, өзінің әрекетін ауызша түсіндіреді. Бұдан кейін балалар суретті өздігінше дербес салады. Күрекшенің формасын салу кімге қиын тисе, тәрбиеші формасын сезіну үшін күрекшені бала қолына алып қарауына мүмкіндік береді.

Бірақ мұндай заттар балалардың көз алдында тұрғанымеи сурет салу ироцесінде әлі натураның өзіндей қызмет атқара алмайды.

Үш жасар сәби үшін назар аударуды, талдауды, сурет пен затты салыстыруды талап ететін қабылдау мен бейнелеу процестерін қосарлап алып жүру әзір мүмкін емес.

Бейнелейтін зат сабақ басында форма, түс, заттың бөліктерін анықтай түсу үшін немесе ойын жоспарында балалардың эмоциялық көңіл күйін көтеру үшін пайдаланылады.

Балаларға заттың өзін көрсете алмайтын жағдайда (мысалы, көлемділігі) олардың ұғымын ояту үшін картина немесе тәрбнешінің өзі әдемілеп салған суретті пайдалануға болады.

Бейнелейтін зат балалардың назарын өзіне аударуы үшін көбінесе өзге заттардан бөлектеу, әрі формасы тұрғысынан айқын, қанық күйде дараланып, ірі планда тұруға тиіс.

Тәрбиеші балалардың назарын сол заттың өзіндегі тәрізді, ең алдымен қолының ұшымен формасын, жиегін айналып шығуға, түс-түсіне аударады.

Сабақ процесінде картинаны басқа жаққа алып кою керек, өйткені ол бұл топқа үздік үлгі ретінде бола алмайды. Өйткені, ересек адамның сурет салу тәсілдері балалар үшін әрі қиын және оның үстіне ол тәсілдер белгісіз күйде қалады. Себебі картина тек аяқталған жұмыстың нәтижесін ғана көрсетеді.

Көркем образ дәрежесіне көтерілген, реалистік рухта салынған картина немесе сурет кіші топтағы балалар үшін тек ұғымды түсінікті, айқын ете түсуге немесе тақырыпқа қызығушылық тудыру мақсатына ғана пайдаланылуы мүмкін. Екінші кішкентайлар тобында арнайы тәсіл ретінде көркем сөз пайдаланылады. Оның бұл арада қолдану аясы шектеулі. Ең бастысы, көркем сөз құдіреті балалардың сабақтың тақырыбына деген ынтасын жұмылдыру, эмоциялы көңіл күйді тудыру мақсатында пайдаланылады.

Тәрбиеші сабақты жұмбақ немесе өлеңнен шағын үзінді оқудан бастай алады. Мысалы, «Қар жауып тұр» деген тақырыпта сурет салу барысында, ол И. Суриковтың өлеңінен мынадай шумақты оқып береді:

Қаңғалақтап ауада

Әппақ мамық қар ұшып,

Жата кетті жай ғана

Қара жерге жабысып.

Жұмбақтар мен өлең образы балалар түсіне алатындай жеңіл әрі қарапайым болуы керек, ал егер ол балаларды шаршататындай болса, онда олардың көңіл күйін, сурет салуға деген ынтасын әлсіретеді.

Осынау өлеңді сабақ соңында тағы бір еске түсіріп, суреттерді қарау, барысында бәрі қосылып айтуларына болады.

Бұл әлі иллюстрациялық сурет болмаса да көркем образ бала-лардың салған еңбегінің мазмұнына да әсер етеді. Образ динамикасы (қар үйіріліп жауып тұр), түсті меңзеу (ақ қар) балалардың сурет салуында образ тудыру мақсатындағы жауап әрекеттсріне шақырады.

Сабақ соңындағы балалар еңбегін қарап және түсінікті түрде талдап шығу, мектеп жасына дейінгі балалардың белсенділігін тәрбиелеуге жәрдемін тигізеді. Тәрбиеші бұл үшін бір суретті таңдап алады да балалардың назарын суреттің ұнамды жақтарына аударады, сұрақтар қояды, еңбекті жасау үстіндегі олардың өздері тарапынан болған инициативаны қолдайды. Тәрбиешінің суреттерді талдауы балалардың назарын ең басты нәрсені жадында сақтайтындай тартымды болуы тиіс. Суреттің мазмұнын талдауда бала-лар тәрбиешімен бірге орындалған тапсырманың сапасын, ұқыптылығын ескерулері керек. Біткен жұмыстарды осылайша қарастыру, балаларға бейнеленген нәрсені көре білуге, соның нақты затпен сәйкес келмейтін тұстарын аңғаруға, жіберген кемшіліктерін түзеуге деген ынтасын арттыруға жәрдемдеседі.

Сәтсіз нашар суреттерді көрсетудің, талдаудың қажеті жоқ, өйткені бұл жастағылардың суретті сапалы орындап шығуы көбінесе баланың ынтасына байланысты емес, оның жалпы дамуына және қимыл-әрекетті дамытуларының ерекшеліктеріне тәуелді. Бұл жастагы барлық балалардың сурет салуға, творчествоға деген қызығушылығын, өздерінің мүмкіндігіне деген сенімін сақтау өте маңызды.

Бұл жастағы сәбилер үшін тәрбиешінің жеке қатыпасы өте қажет, өйткені балалардың ыңғайы мен қабілеті нақ осы жастан қалыптаса бастайды. Осындай ыңғай мен қабілетті аңғарып және оны дамыту - тәрбиедегі иегізгі мақсаттардың бірі болып табылады.

Естиярлар тобы. Естиярлар тобындағы тәрбиешінің алдында тұрған міндеттер қатарында - балаларды заттарды дұрыс бейнелеуге сол заттардың құрылысы, түсі тәрізді негізгі белгілерін бере алуға үйрету жатады.

Естиярлар тобына балалар бұған дейін негізгі бейнелеу амалдарын меңгерген және заттардың кейбір белгілері мен формаларын бере алатын болып келеді. Міне, сол себепті педагогтың балаларға қояр талабы арта түседі.

Бұл программалық талаптар балалардың нені болсын барынша саналы түрде қабылдауының сабаққа дейінгі тәптіштеп зерттеу барысында заттарды өзара салыстырып және айыра білетін қабілетінің дамуына негізделеді.

Miнe, тап осындай болғандықтан да естиярлар тобы сабақтарында натураны пайдалану үлкен орын ала бастайды. Балаларға натура ретінде өздеріне таныс, формалары айқын, қарапайым заттар бола алады. Мысалы, екі бөліктен тұратын саңырауқұлақ, төрт бөліктен тұратын жатпайтын қуыршақ.

Тәрбиеші заттарды қарастыру үстінде балалардың назарын заттардың формасына, ондағы бөліктердің орналасуына, мөлшеріне, түсіне, әр түрлі детальдарына аударады. Мұның бәрі балалардың заттың құрылысын дұрыс бере білуін жеңілдетуді көздейді. Заттың осындай барлық белгілерін суретте берілу тәртібіне қарай айтып түсіндіру қажет.

Тәрбиеші кішкентайлар тобындағыдай, мұнда да затты қарастыру үстінде бейнелей алатын қол қимылын және ауызша түсіндіру тәсілдерін пайдаланады.

Сурет салудың дағдыларын меңгерген балалар үшін бейнелеуші қол қимылдарының өзі-ақ жеткілікті, олар соған қарап-ақ суретті неден бастау және қандай тәртіп бойынша аяқтап шығу керек екенін түсіне қояды.

Тәрбиеші сабақ процесінде балалардың натураны ұмытпай қарап қойып салуды ескертіп отырады.

Бұл жастағы балалар әлі затты белгілі бір тұрғыдан қарап бей-нелей алмайтындықтан, натура сипаттық жағынан дұрыс қойылуы және негізгі бөліктерін айыра алатындай көріп отыруы керек. Егер балалар төрт орынды немесе алты орынды столда отыратын болса, онда натура бірнеше жерге қойылуы тиіс. Сонда әрбір баланың алдында бір-бір натура болса тіптен жақсы (мұндай жағдайда заттар әрқашан бірдей болуы керек) . Тәрбиеші сурет салу бары-сында балалардың назарын заттың көзге көрінетін жақтарына аударып отыруы тиіс.

Натура жұмыс аяқталған соң да пайдаланылады. Мұндай кезде натура мен салынған сурет өзара салыстырылады. Дегенмен бұл топтағы талдаулар бүге-шігесіне дейін қамтуды көздемейді, тек программа талаптарына сәйкес қана жүргізіледі.

Төрт жасар балалардың ерекшеліктерін ескере отырып, сурет салуға үйретудің әр түрлі тәсілдеріне ойын элементтерін қосқан жөн.

Мысалы, жатпайтын қуыршақ балалардан өзінің портретін салып беруді өтінді делік, біткен жұмысты талдауға оның өзі де қатысады.

Ойын балалардың белсенділігін арттырып, олардың суреттеріне көңілділік, шаттық сезімдерін дарытады.

Естиярлар тобындағылардың образды барынша жақсы шығаруы үшін тәрбиеші салған картина немесе суретті де қолданылуы мүмкін.

Картина мен суретті пайдалануға қойылатын талаптар сол кіші топтарыдай болып келеді. Өйткені, төрт жастағы балаларды сурет салудың белгілі бір тәсілін картинаның немесе суреттің негізіңде таныстыруға болмайды. Картина мен сурет бұл арада балалардың әйтеуір бір заттар жөніндегі түсінігін ояту үшін ғана пайдаланы-лады.

Естиярлар тобында суреттің тақырыбы мол болып келетіндіктен, мұнда пайдаланылатын картиналардың мазмұны да кіші топ-тағыларға қарағанда әр алуан, бай болып келеді. Мұнда жекелеген заттардың бейнесінен басқа, сюжетті сурет салу тапсырмаларына сәйкес келетін сюжеті күрделі емес картиналар да болады.

Сурет салудың тәсілдерін көрсету естиярлар тобында жаңа материалдар өткен кезде айрықша көп уақыт алады. Мәселен, заттардың бөліктерін бейнелеудегі дәйектілік, ырғақ, ою-өрнектер жөніндегі ұғымдар туралы материалдар кезінде.

Мысалы, сурет салудың тақырыбы - аққала дейік. Тәрбиеші балаларға алғаш рет бейнелеуде аққаланың өзара сәйкес пропорцияларын дұрыс бере білуді және оларды бейнелеудегі белгілі бір тәртіпті сақтауды ұсынады. Ол балаларға үш шарды салудың тәсілін көрсетуді төменгі шардан бастайды да, ары қарай енді қай шар-ды қайда салу жөнінде сол балалардың өзіне сұрақ қояды.

Көз, ауыз, мұрын, бас киім тәрізді ұсақ детальдарды салып көрсетудің қажеті жоқ. Мұның бәрін тізе берсе түсіндіретін уақыт ұзап кетеді де, балалардың назары өзге нәрселерге ауады. Мұндай ұсақ детальдарды балалардың өз еркіне қалауына және суретті аяқтап шығу тізгінін (бастамасын) де өздеріне қалдырған жөн.

Мұнан кейін жалғастырылатын осындай программадағы сабақ кезінде жатпайтын қуыршақ, қуыршақ сурет салу тәсілін көрсетіп жатудың қажеті жоқ, оны тек заттар мен картииаларды жан-жақты қарастыру мен алмастыруға болады.

Бұл әсіресе декоративті сурет салу кезінде өте-мете қажет, өйткені, балалар ою-өрнектердің композициясымен алғаш рет танысады. Балалар ою-өрнектердегі ырғақтың және соны суретте қалай жасау туралы түсініктерді тек тәрбиешінің қолының бір қалыпты қимылын көзбе-көз көргенде ғана ала алады. Сонан соң бала тәрбиешінің әрекетін айнытпай қайталайтын болады. Балалардың мұндай дағдыларды орнықтыра тусуі үшін тәрбиеші салған ою-өрнекті түсті қағаздарға өзге түрдегі бояулармен салу тапсырылады. Мұндай қайталау сабақтары кезінде тәрбиеші тапсырманы орындай алмай қалған балаларға көмектеседі.

Декоративті сурет салу кезінде тәрбиеші салған суреттің үлгісі пайдаланылуы мүмкін. Ол мұндай сәтте балаларды ою-өрнектің элементтерімен, ою-өрнекті құрастыру принципімен қалай жүмыс істеу керектігімен таныстырады. Егер бұл композициялық жаңа тәсіл немесе бояулардың жаңаша үйлесімі болып жатса, онда бала-лар суреттің үлгісін өзгертпей-ақ қайталап шығады, әйтпесе алға қойылған мақсаттар балалардың өзі қоятын міндеттер тасасында қалып қояды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнерінен дәрістер кешені
Мектеп жасына дейінгі баланың көркем шығарма тілін дамыту
Балалардың бейнелеу қабілеттерін қалыптастыру
Мектепке дейінгі балаларды бейнелеу өнері сабақтарында бояу түстері арқылы сұлулыққа баулу
Балабақшадағы бейнелеу өнері сабақтарында сәндік сурет арқылы балалардың эмоционалдық қабылдауын арттыру әдістемесі
Монолог кітап стилінің тілі
Барлық дауысты дыбыстарды анық айту
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР
Әртүрлі жас топтарында бейнелеу іс-әрекетін ұйымдастыру
Әр түрлі жас топтарында жүргізілетін мүсіндеуге үйрету жолдарының ерекшеліктерін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz