Ата- аналардың МДМ-мен өзара қатынасындағы психологиялық-педагогикалық құзырлық бағдарламасы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Ата- аналардың МДМ-мен өзара қатынасындағы психологиялық-педагогикалық құзырлық бағдарламасы

Қазіргі уақытта көптеген отбасылары экономикалық, кей кездері физиологиялық қыспақтардан шығу мәселелерін шеше алмай жүрген жағдайларда баланың тұлға ретіндегі дамуы мен тәрбиесі мәселелерін өздігінен шешуден шеттеу үдерісі етек алып барады. Ата- аналар көбіне бала тәрбиесін оның жеке және жас ерекшеліктері жайлы білімді игермей-ақ жүзеге асыруда. Осының барлығы, әрине жақсы нәтиже көрсетпей отыр. ҚР-ның «Білім туралы» Заңының 49 бабында: «Ата-аналар баланы оқыту мен тәрбиелеуде білім ұйымдарына жәрдемдесуі керек» -деп жазылған. Отбасы мен балабақша біздің болашағымыздың бастамасында тұрған екі үлкен қоғамдық институттар, бірақ олар арасында әлі күнге дейін бірін- бірі түсінушілік, шыдамдылық пен әдептілік жетіспейді. Отбасы мен балабақша арасындағы түсініспеушіліктің бар ауырлығы балаға түседі. Көптеген ата- аналар баласының балабақшада немен тамқтанғанын ғана сұрап, балабақша- ол ата-ананың жұмыста болған кезде балаға қарап, бағып, қағатын орын деп ойлайтындығы құпия емес. Педагогтардың осындай ата- аналармен өзара қатынсатырында қиыншылықтар туындауда. Осы сияқты әкелер мен аналар санасына ой жеткізу де өте қиынға соғады. Кей кездері ата-анаға балақанды тек сәнді киіндіріп, тамақтандырып, оның сұрағанын алып беру ғана ата-аналық парыз емес, өз балаңызбен сөйлесіп, түсіндіріп, оны ойлай білуге үйрету маңызды екендігін жеткізудің өзі оңай емес. Осындай жағдайды қалай өзгертуге болады? Ата- ананы бірлескен жұмысқа қалай жұмылдыру керек? деген сауалдар туындайды. Осыған орай, 2007 жылы «Біздің үй » атты отбасылық клубын құрып, біз балабақша мен отбасының өзара қатынастары мәселелерін шешу бойынша «Балабақша және отбасы» тақырыбында жұмысты бастадық. Мектепке дейінгі мекемедегі педагогтардың бірден-бір жұмыс бағыты -тәрбиеленушілер отбасыларымен өзара қатынастар болып табылады. Туындаған қиыншылықтарды топ тәрбиешісі мен психолог маманының көмегінсіз шешу мүмкін емес. Балабақша педагогтарының міндеті отбасымен психологиялық түзету, сонымен қатар, отбасындағы жанжалдың алдын алу бойынша жұмыстарды дұрыс құру . Балабақша отбасының орнын ала алмайды, ол тек өзінің ерекше функцияларын орындай толықтырады. Өнегелі тәрбие жемісі, ол отбасы мен балабақша арасындағы өзара түсіністік, сенім мен тығыз байланыстағы оқу-тәрбие жұмыстары. Бағдарлама ата-аналар, педагогтар мен балаларға арналып әзірленген. Бағдарламаның тұжырымдамалық негізі - үлкен адам мен бала арасындағы әріптестік идеясы болып табылады. Педагогтардың ата- аналармен жүйелі жұмысы негізінде үлкендер баланың жеке таңдауы мен өз ұстанымына деген құқығын тануды үйренеді. Аналар мен әкелер бала көзқарасының үлкендер көзқарасынан ерекшелігін түсіне бастайды. Бағдарламаға жеке ата-аналар мен балалар және үлкендердің қатысуымен жоспарланған бірлескен тренинг сабақтары енгізілген.

Бағдарлама қызметін реттеп, регламенттейтін негізгі келесі құжаттардан құрылған:

1. ҚР-ның «Білім туралы» Заңы.

2. Бала құқығын қорғау бойынша Конвенциялар Заңы.

3. ҚР-ның МЖМБС.

4. Ата- аналармен шарт.

Бағдарлама негізгі бөлім, оның өзектілік негіздемесі, негізгі жұмыс бағыттары мен ата- аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру мақсатындағы отбасымен өзара қатынастар бойынша стратегиясын шығару, адамгершілік пен ізеттілік, әр нәрсеге жеке ыңғайда келу сияқты ұстанымдарынан құрылып, отбасымен серіктестік қарым- қатынастарды қалыптастырудан тұрады.

. Бағдарламаның өзектілік негіздемесі

Өсіп келе жатқан адам тәрбиесінің алғашқы мектебі- отбасы. Бала үшін ол -үлкен әлем, ол отбасында сүйіспеншілікке, шыдамдылық пен қуанышқа, жанашырлыққа үйренеді. Сәби өмірге қорғансыз және сенімшіл болып келеді. Ол ата- ананың қолынан ұстап алғашқы қадамдарын жасайды, ашық аспанды көріп, мейірімділік пен шексіз бақытқа сенеді. Гуманистік психология өкілдері, психофизиологтар мектеп жасына дейінгі бала өмірнде отбасы нағыз негізгі рөл атқаратындығын бір ауыздан қолдап отыр. Тек отбасында адамдар арасындағы түрлі қарым- қатынастар екекшеліктерін тану процессі басталып, зұлымдық пен мейірімділік туралы түсініктер қалыптасады. Еңбек пен демалыс туралы алғашқы ұғымдар қалыптасып, қызығушылықтар мен қабілеттер дамиды. Қазіргі заманда өскелең ұрпақтың отбасылық дағдарыс пен отбасындағы тәрбиеден туындап отырған оның әлеуметтік ахуалы ерекше үрей тудырып отыр. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында біздің мемлекетте де көптеген қазақстандық отбасыларының өмірлік деңгейлері төмендеп, кірістер ажыратылып, ата -аналық тәрбие ұғымы да жоғалуда. Жас отбасыларында туу деңгейінің төмендеп, неке тұрақсыздығы мен ажырасудың өсуіне бой салып отырған әкелік және аналық абыройдан айырылу көріністері орын алуда. Барлық аналар мен әкелер кішкентай сәбимен жұмыстың маңыздылығын түсіне бермегендіктен, мұндай ата- аналармен қарым- қатынас құру қиынға соғуда. Сондықтанда отбасы ертеден әлеуметтік және мәдени құндылықтарды сақтап, оны балаға бере білудің өмірлік ортасы болып қалады. Қазіргі білім беру жүйесі осы мәселелерге психологиялық- педагогикалық қызмет және отбасындағы тәрбие беру жұмысын қайта жандандыру әрекеттерімен келіп отыр. Балалар шығармашылығы- баланың оны қоршаған әлем мен өзі туралы көзқарасын, сезімін көрсете білу үдерісі. Үлкеннің бұл үдерістегі рөлі ол баланың қоршаған ортаға деген көзқарасын байыту ғана емес, сонымен қатар адамгершілік қарым- қатынастар мағынасын түсіндіру. Ата- аналар педагогтар мен балалардың өзара қатынастарын реттеуші. «Біздің үй» отбасылық клубы мектеп- бақша базасында құрылған бірнеше отбасы мен мектеп- бақша педагогтарының шығармашылық бірлестігі. Отбасылық клуб - педагогтар қолдауымен бала бала тәрбиесіне деген жауапкершілік деңгейін көтеру мақсатындағы ата- аналар мен МДМ-нің өзара қатынасының сындарлық түрі. Тәжірибе клубпен әріптестік үдерісінде ата- аналармен педагогтар арасында өте жақсы әрі тығыз қатынастар орнағандығын көрсетті. Балалар мен үлкендер үшін әріптестіктің мұндай түрі эмоционалдық күйзелістер мен жаңа білім көзі. Клубтағы кездесулер бала әреткеттерін бірдей қабылдай білуге, күйзеліс жүйесіндегі өз орнын түсінуге, рөлдік, іскерлік және тұлғаралық байланыстарды түсіне білуге іспеттесіп, жасамақ болған әрекеттері мен тәртібін өзгертеді. Отбасылық клуб мүшелері, ата- аналар біртіндеп баласының әуестігімен жақын таныса бастайды: оның қасында болып «күйзелуден» жаңа сезім- баламен «бірге болу», өзін онымен біртұтас сезіне білуге көшеді.

Отбасылық клубтағы кездесулер кезінде баладан не күтуге болады?

1. Ойындар, этюдтар мен жаттығуларға белсене қатысу тілегі.

2. Мейірімділік.

Клубтағы кездесулер кезінде үлкен адамға қандай талаптар қойылады?

1. Шыдамдылық.

2. Баламен бірге ойнап, ойынға балаша сену.

3. Өз балаңды ол қандай болса да солай қабылдай білу.

4. Өз балаңызды басқа балалармен салыстырмау, ешкімге оны үлгі етпеу.

Өкінішке орай, сол уақытта осы талаптарды ұстану қиынға түседі, ал онсыз баламен қатынас мүмкін емес. Отбасылық клуб осы қиыншылықтарды жеңе білуге көмектеседі.

Мақсаты:

Балабақша мен отбасы әлеуметтік әріптестігі арқылы бала тұлғасының рухани- адамгершілік дамуы.

Міндеттері:

- балалар мен ата- аналардың отбасын жалпыадамгершілік құндылық ретінде ұғымдарын кеңейту;

- балаларда отбасының әр мүшесіне деген құрметке тәрбиелеу;

- баланың ішкі күйзелісі мен қажеттілігін түсіну бойынша ата- ананың құзырлығын көтеру;

- ата- аналардың танымдық және эмоционалдық өрісін дамытатын ойын, жаттығуларға үйрету;

- ата- аналармен әріптестіктің әртүрлі формаларын қолдану;

- олардың беделін көтеруге бағытталған әлеуметтік маңызы бар балалармен бірлескен қызметке тарту;

- ата- аналармен бірлескен қызмет үшін жайлы жағдай құру;

- балалар мен оның отбасы мүшелері үшін жетістік жағдайын, әріптестік пен мейірімділік атмосферасын құру.

Ұстанымдар:

Педагогикалық ұжымның тәрбиеленушілер ата- аналары және мекеме арасындағы әлеуметтік әріптестік ауқымындағы өзара қатынастары бойынша қызметі келесі ұстанымдар мен жеке ыңғайларға негізделуі тиіс.

* Педагогикалық ұжымның тәрбиеленушілер отбасымен әріптестігі олардың педагогикалық үдеріске белсене араласуларын жорамалдап, білім мен тәрбие сұрақтары бойынша ата- аналарға білім таратады.

* Жүйелілік ұстанымы МДМ -нің білім беру жұмысында жаңа өзгерістерге жету мақсатымен біртіндеп өзгерістер енгізуге бағытталған.

* Орталық ұстанымы. Ең алдымен балабақшаның заттық ортасының үлкен маңыздылығын, яғни қажетті заттар мен ойыншықтардың жеткілікті болуы мектеп жасына дейінгі баланың жалпы дамуының эмоционалдық өрісіне жайлы әсер етеді.

* Тұлғалық белсенділік ұстанымы баланың білім беру үдерісіне әртүрлі қызмет түрлері, шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы араласа білу деп жорамалдайды.

* Әрекетті ыңғай түрлі балалар қызметтері, ең алдымен көркем- шығармашылық, ойындық, қиымылдық және танымдық түрлерін қолдану есебімен жүзеге асады.

* Отбасылық клубтың ашықтылық ұстанымы қоршаған және әлеуметтік әлеммен өзара қатынасын жобалайды. Ең алдымен баланың тәжірибесін (көркем, ақпараттық- cауықтыру ж\е т. б. ) толықтырып, байыта түсетін әлеуметтік, мәдени ұйымдармен қарым- қатынасына көңіл бөлуді жорамалдайды.

Ата- аналармен байланыс құру- МДМ қызметінің қазіргі қоғам жағдайындағы бірден бір талабы. Өзара қатынастар кезінде ата- аналар мен педагогтардың серіктес әрі әріптес болулары маңызды. Жалпы және педагогикалық мәдениеттілікті, тәрбиенің ықпалын көтеру мақсатымен ата- аналарға түрлі жұмыстарға араласу мүмкіндігі беріледі.

Әдістері мен түрлері.

Біздің балабақшада бала тәрбиесі мен дамуына бірдей кеңістік ұйымдастыру үшін барлық жағдайлар жасалған. МДМ мамандарының (педагог-психолог, тәрбиеші, ән -күй және бейнелеу өнері жеткешілері, дене тәрбиесі нұсқаушысы, медбике) білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмысы мектепке дейінгі балалық шақтың барлық кезеңдерінде отбасына педагогикалық көмек көрсете, ата- ананы шын мәнінде білім беру үдерісіне бірдей жауапкершілікке бейімдеу болып отыр.

Осындай мақсатта біз ата- аналармен жұмыстың белсенді әдістері мен түрлерін қолдандық:

- тәрбиеленушілер отбасына бару;

- топтық және жалпы ата- аналар жиналстары;

- кеңестер;

- ата- аналар қатысуымен өткізілетін сабақтар;

- ата-аналармен бірлесе жасаған балалар жұмыстарының көрмесі;

- бірлескен саяхаттар;

- Қатынасу күндері;

- Мейірімді істер күні;

- Ашық есік күндері;

- ата- аналардың мерекелерді дайындау мен өткізуге қатысуы;

- фотомонтаждар безендіру;

- заттық- дамыту ортасын бірлесе құру;

- ертеңгілік сәлемдесу;

- топтық ата- аналар комитетімен жұмыс;

- тренингтер;

- семинар- практикумдар;

- ата- аналар қонақта;

- Сенім телефоны;

- Сенім поштасы;

- отбасылық вернисаж.

Жұмыс сараптамасы немесе қорытынды

Біз өзіміз үшін белгілер әзірлеп, оны ата- аналардың білім беру үдерісіне «кірісу» деп атадық. Алғашқыда бұл белгілер ата- аналардың топтық іс - шараларға ата- аналар жиналыстары мен кеңестерге қатысуы, ата- аналардың балалар мерекелері, саяхаттар мен тақырыптық сабақтарды дайындау мен өткізуге қатысулары, вернисаждар мен көрмелер, БАҚ беттеріндегі мақалалардың шығуына, «Ашық күндерге» қатысуы және педагогикалық үдерісті жабдықтауға көмектерінің сандық көрсеткіштері болды. Кейін біз өзіміз үшін бастамашыл жауапкершілік- ата- аналардың үлкендер мен балалардың бірлескен қызметінің жемісіне деген қатыстылығы сияқты сапалы көрсеткіштерін анықтадық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баланы мектепке баруға дайындау
Тәрбиеші мен ата-аналар қарым-қатынасын ашып көрсету
Мектепке дейінгі балалармен жұмыс тәжірибесі
Мектепке дейінгі мекемеде логопед қызметінің бағыттары
Заманауи мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері
Әлеуметтік педагог
Мектепке дейінгі білім беру сапасын басқарудың әдіснамалық тұғырлары
Қазіргі заман жағдайында әлеуметтік педагог мамандығының енгізілуінің әлеуметтік тарих контексті
Отбасындағы проблемалар
МДМ-де баланың тіл белсенділігінің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz