Бастауыш сынып оқушыларын ойын барысында оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық негіздері


Жұмыстың мазмұны
Кіріспе. . . . 3
І. Бастауыш сынып оқушыларын ойын барысында оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық негіздері . . . 6
1. 1. Бала психологиясына дидактикалық ойындардың ықпалы. . 6
1. 2. Бастауыш сынып оқушыларын ойын арқылы тәрбиелеуде педагогикалық үдерісті ұйымдастыру мәселесі . . . 12
1. 3. Бастауыш сыныптағы педагогикалық үдерістегі шығармашылық ойынның функциялары . . . 21
ІІ. Дидактикалық ойындардың оқу-тәрбие мүмкіндіктерін бастауыш сыныпта жүзеге асыру . . . 33
2. 1. Дидактикалық ойындардың түрлері . . . 33
2. 2. Дидактикалық ойындарды бастауыш сыныпта пайдалану. . 39
2. 3. Бастауыш сыныптағы оқушы білімін берік меңгерту құралы ретіндегі ойынның сипаты . . . 44
2. 4. Бастауыш сыныпта ойын әдісімен оқытудағы сабақ үлгісі . 50
Қорытынды . . . 53
Әдебиеттер . . . 54
Кіріспе
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінде жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере отырып, білім беру жүйесіне қойылып отырған талаптар күшеюде. Сол талаптардың бірі - бастауыш сыныптарда дидактикалық ойындарды пәндерді оқыту және сабақтан тыс шұғылданыстар барысында қолдану.
Білім - дүниетанудың кәусар бұлағы, өйткені дүниетануды бастауыш сыныпта оқытудың барысында дидактикалық ойындар арқылы да қалыптастыруға болады.
Оқушылардың танымдық әрекеттерінің түрлерін бірқатар психологтар мен педагогтардың еңбектерінде (М. А. Данилов, И. Я. Лернер, Л. В. Занков, М. М. Махмудов, А. Н. Леонтьев, П. Я. Гальперин, М. И. Левина, т. б. ) дидакти-калық ойынның бала өміріндегі маңызын атап көрсеткен [1; 2; 3; 4; 5; 6] .
Оқушылардың дидактикалық ойын әрекетін арттыруда проблемалық оқытудың атқаратын рөлінің ерекше екендігін оны ұйымдастыру әдістері оқушылардың ойлау үдерісі мен ізденушілік әрекетінің дамуына елеулі әсерін тигізетініне қазақтың белгілі дидакттері И. Нұғыманов, Т. Сабыров т. б. өз еңбектерінде дәлелдеген [7; 8; 9] .
Бастауыш сыныпта жас өспірім оқушылардың еңбекке деген ынтасын жетілдірудегі ойлау қабілеттерін, арттыруда дидактикалық ойындардың рөлі ерекше.
Қазіргі заман ағымына орай сабақта және сабақтан тыс оқушылардың шұғылданыстарында оларды білімдендіру мен сапалық қасиеттерді қалыптастыруды дидактикалық ойындармен байланыстыру мұғалімнің негізгі міндеті болып отыр.
Бастауыш сыныпта оқыту барысында оқушылардың қабілетін, талғамын, іскерлігін арттыру мақсатында дидактикалық ойындар негізгі рөл атқаруда. Сондай-ақ дидактикалық ойындар-оқушылардың танымдық қызығушылығын өрістетудегі маңызды бұлақ болып табылады.
Бұл мәселенің мектеп өмірінде маңыздылығын, қажеттілігін А. В. Усова, В. П. Паламарчук, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, Т. Сабыров, Ж. Қоянбаев және басқа ғалымдар өз еңбектерінде ерекше мән берді [7; 8; 9; 10; 11] .
Ойын арқылы баланың көзқарасы болашаққа деген түсінігі қалыптасады. Дидактикалық ойын оқушының ой-өрісін, қиял, сезімін дамытып, сөйлеу тілінің жетілуін қалыптастырады. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту үдерісінде тәрбиелеу үшін олардың ойынына дұрыс көзқарас және басшылық жасау қажет.
Бастауыш сыныптарда оқыту үдерісінде тәрбиелеуде дидактикалық ойындарды пайдалану жолдарын қарастыру қажеттілігі туындап, оны жүзеге асыру жолдары көзделуде. Осы мақсатты зерделеу үшін зерттеу жұмысымыздың тақырыбын " Бастауыш сыныпта ойынның оқыту және тәрбиелеу бірлігін жүзеге асыру " - деп таңдадық. Тақырыптың өзектілігі, қажеттілігі жұмыстың зерттеу мақсаты мен міндеттерін айқындайды.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үдерісінде педагогикалық ойындарды пайдаланудың жолдарын, ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу нысаны: Бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үдерісі
Зерттеу пәні: Сабақтағы және сыныптан тыс бастауыш сынып оқушыларының шұғылданыстарында ойындарды пайдалану барысы.
Зерттеудің міндеттері:
- бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды қолданудағы педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерді талдау, мазмұнын, мәнін ашу;
- мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу мекемелеріндегі және бастауыш мектептің төменгі сатысындағы ойынды пайдаланудың сабақтастығын анықтау;
- ойынның оқушылардың шығармашылығын және ойларын дамытуды айқындау;
- дидактикалық ойындардың түрлерін және оларды педагогикалық үдерісте пайдаланудың анықтау, ойынның оқыту және тәрбиелеу мүмкіндіктерін жүзеге асыруды сипаттау.
Зерттеу әдістері : теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттер мен жаңашыл педагогтардың тәжірибелері зерделеу және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, әңгімелесу, дидактикалық ойын түрлерін байқау, т. б.
І. Бастауыш сынып оқушыларын ойын барысында оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық негіздері
1. 1. Бала психологиясына дидактикалық ойындардың ықпалы
Жастардың болашаққа деген бағыт-бағдары отбасында, мектеп қабырғасында, жалпы еңбек, қоғамдық деңгейде алсақ, бүкіл қоршаған дүниенің әр саласының көзқарасқа тигізетін әсері, беретін білімі, тәрбиеге ықпалы әртүрлі. Мемлекетіміз осының бәрін ескеріп білім беру жүйесін баса дамытуға, оның дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне аса мән беруде. Білім беру, тәрбиелеу және балалардың ой-өрісі қабілетінің дамуы бұл сабақтың алға қояр мақсаты болып табылады.
Өмір сүру үшін білімді меңгерудің маңызды екендігі жайлы ғұлама бабаларымыз әл-Фараби, Қ. А. Ясауи, М. Х. Дулати, Ж. Баласағұн тамаша өсиеттер қалдырған [7; 8; 12; 13; 14] .
Ұлы ойшылдар ағартушы-педагог Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, Ж. Ж. Руссо, А. Дистерверг, Ы. Алтынсарин, К. Д. Ушинский оқыту арқылы оқушылардың ақыл-ой қабілеттерін, дербестігін, ойлауын дамытуға көңіл бөлу керектігін айтқан болса, оқыту үрдісінің ерекшеліктері мен ұстанымдары, оқыту әдістері мен құралдарын М. А. Данилов, Б. Н. Есипов, В. А. Сластенин, Ю. К. Бабанский, М. Жұмабаев, Т. Сабыровтар өз еңбектерінде оқу-шылардың өз бетінше жұмыс орындауда дидактикалық ойындардың пайдалы жақтарын талқылаған, ғылыми түсініктер берген [15; 16; 17; 18; 19; 20; 21] .
Қазақстан Республикамыздың тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл құқығына көтерілуі, Білім туралы, Жастар саясаты туралы заңдардың қабылдануы келешек ұрпақ тәрибесіне үлкен жауапкершілікпен қарауды көздейді.
Бүгінгі күн талабына орай тәрбиенің мазмұнын, мақсатын, қағидаларын, міндеттерін қайта қарастырып, түбегейлі өзгертуде дидактикалық ойындарды пайдаланудың маңызы зор.
Қоғамымыздың іргесін, білімін нығайту мақсатында ең алдымен сабақта дидактикалық ойындардың ерекшелігі мен тәрбиелік мәні бар оның негізгі мақсаты - баланы ойлауға, ізденуге, шығармашылық жұмыспен айналысуға, өз бетінше ізденуге баулу болып табылады.
Оның бүгінгі таңда ұрпақ тәрбиесінде негізге алынуы - егеменді еліміздің мүддесі, халқымыздың болашағы.
Қазіргі заман талаптарына сәйкес бастауыш мектеп білімін дидактикалық ойын түрлерін тұрғысынан дамыту, жетілдіру-педагогика ғылымының кезекті міндеті болып табылады.
Осыған орай бастауыш білімнің мазмұнын, білім беру жүйесіндегі орнын, оқу-тәрбие үдерісінің ерекшелігін, оны дұрыс ұйымдастырудың негізгі әдістерін, формаларын жетілдірудің жолдарын білу керек. Оқу-тәрбие үдерісінде дидактикалық ойынды қолдану барысында әр баланың жеке басының ерекшелігін есепке алуы тиіс.
Сабақ барысында әр оқушының ұғымы, сезімі, түсінігі, қабылдауы, қабілеті әр түрлі. Ең бастысы-әр оқушының жеке басын құрметтеу, оның адамдық қасиетіне нұқсан келтірмеу.
Қазіргі ізгілендіру заманында әрбір баланың өз мүмкіндігін, қабілетін, іскерлігін, ойлауын, дидактикалық ойын барысын да байқау қажет, сонда ғана олардың білімге, ынтасы артып, еңбексүйгіштік білімге құштарлық қасиеттері қалыптасады.
Мұғалім оқушылармен дидактикалық ойынды ұйымдастырып, оларды үйрету, қалыптастыру үшін ең алдымен балалардың психологиялық ерекшеліктерін білуі керек.
Балалар психологиясы психикалық дамудың негізгі компоненттерін зерттейді.
Психологияда дамудың мынандай ерекшелігі бар:
1. Кіші мектеп жасындағы баланың бойындағы психикалық үдерістер. Олар мыналар: зейін, қабылдау, қиялдау, есте қалдыру, ойлау, сөйлеу, сезімдер.
Осындай психикалық үдерістер кіші мектеп жасындағы баланың бойында болуын, өзгеріп жетілуін қарастырады.
Бала мұндай ерекшелік пен іс-әрекетті қимыл жасау үдерісінде, дидактикалық ойын барысында шешеді. Бастауыш сынып оқушыларының психологиясы психикалық дамуды, заңдылықтарды, іс-әрекеттің дамуын, жеке бастың қалыптасуын зерттейді. Бастауыш сынып жасындағы балалардың психологиясын білу оқыту, тәрбиелеу практикасын дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Оқушының психикалық даму ерекшелігі - ойлауында, ақыл-ойында, ынтасында, қабылдауында оқу-тәрбие үдерісі кезінде негізгі ерекшелік болып табылады.
2. Балалар психологиясы бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуын зерттейді.
Бастауыш сынып оқушыларын зерттеудің негізгі әдістері мыналар: 1. Бақылау. 2. Эксперимент әдістері.
Мұғалім оқушының дидактикалық ойын барысында мінез-құлқын табиғи жағдайда мақсат қоя отырып зерттейді.
Мұғалімнің бақылау үдерісінде - зерттеуші оқушы мінез-құлқындағы сыртқы белгілерді ғана қадағалайды. Мысалы: Оқушының іс-әрекетін, сөйлеген сөздерін, мәнерлі қимылын.
Бұл жағдайда мұғалім бақылаудың екі түрін қолданғаны жөн.
1. Жаппай бақылау
2. Ішінара бақылау
Зерттеуші жаппай бақылауда - баланың мінез-құлқының көп жағын қамтып жүреді.
Жаппай бақылау-оқушының психикалық даму заңдылығын анықтау үшін фактілер негізінде жүргізіледі. Жаппай бақылау жүргізіп, оның нәтижесін жазған психологтар көптеп саналады (А. Д. Павлова, Ж. Пиаже, В. Штерн) .
Ішінара бақылаудың жаппай бақылаудан айырмашылығы - оқушының мінез-құлқының бір жағы немесе бір мезгілдегі мінез-құлқы алынады, зерттелінеді. Мысалы: баланың ойын кезінде, тамақтануы кезінде т. б. Ч. Дарвин, А. Н. Гвоздов сияқты мамандар өз ұлдарына ішнара бақылаулар жүргізіп арнайы қорытынды бойынша бақылаулар жүргізген [21; 22; 23; 24] .
Көп жағдайда балаға эксперименттер мектепте, сабақ үстінде, ойын, дидактикалық ойын барысында өткізіледі.
Бастауыш сынып оқушылары өздерін қызықтыратын іс-әрекеттермен айналысады. Іс-әрекеттің түрі оны атқаруға және жетілдіруге қажетті қимылдарды психикалық сапаны игеруге көмектеседі.
Сабақта дидактикалық ойында қолдануда жаңа іс-әрекеттерді игеру оқушының мүмкіндігін арттырады.
Дидактикалық ойын барысында оқушының қажеттіліктері мен құштарлығы қабілеті, зейіні, ой-өрісі кеңейіп, өзінің психикалық дамуына үлес қосып отырады.
Оқушы ойын барысында жаңа іс-әрекеттерді, материалды игеру барысында үлкендердің басшылығымен, көмегімен игереді. Содан кейін өз түсінігі бойынша ары қарай дамытуға, жалғасты-руға, ойын ортаға салуға үйренеді [25] .
Бастауыш сынып оқушылары сабақ барысында, сабақтан тыс уақытта іс-әрекеттің барлығын түгел қамти алмайды.
Сондықтан да оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, қамқорлық жасап дидактикалық ойындарды ретімен қолданудың дұрыс жолдарын қарастыру керек.
Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуы барысында пайда болған және жаңа қасиеттер мен қызығушылыққа итермелейтін іс-әрекеттің жаңа түрлерін игеруге бастайтын қайшылықтар техникалық дамудың күштері болып табылады.
Бастауыш сыныпта оқыту үдерісінде дидактикалық ойындарды пайдалануда оқушылардың өзіндік әрекетіне тән ерекшеліктері бар.
Олар мыналар:
1. Дидактикалық ойынның мақсаты мен міндеттерін анықтау.
2. Дидактикалық ойында қандай тәсілді қолданудың жоспарын түзу.
3. Жұмысты нәтижелі аяқтау үшін оқушы өзін-өзі бақылап отыруын қадағалау.
Бастауыш сынып оқушылары оқу пәнін игеру барысында өздігінен жұмыс істеуге дағдыланбаса, оның сабақ үлгерімі жақсы болмайды. Бұл кезде оқушының сабаққа деген қабілеті, зейіні төмендейді. Соның салдарынан еңбек пәніне деген қызығуы, сабақ үлгерімі нашарлап, үлгермеушілер қатарына қосылады. Сондықтан мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі-оқушылармен дидактикалық ойындарды қолдануда шеберлікпен үйретіп, қолдануы керек.
Дидактикалық ойын барысында оқушылардың дербестігін арттыруда олардың оқуға деген табыстары мен кемшіліктерін өздеріне дұрыс бағалауға үйретудің маңызы зор.
Психолог, педагог мамандар өздерінің зерттеу жұмысында: бастауыш сынып оқушылары сабақ барысында дидактикалық ойынды мұғалімнің жетекшілігімен жүргізгенде ғана жақсы нәтиже беретіні дәлелденген.
Бастауыш сынып оқушыларына тапсырмалар береді мұғалім тапсырманың дұрыстығын оқушылардың қаншалықты дұрыс түсініп, меңгергенін анықтайды.
Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу әрекетінің жемісті болуы - оқу жұмысының тәсілдерін меңгеруге байланысты.
Педагог-психолог мамандар оқу жұмысының негізгі тәсілдерін екі топқа бөлді:
1. Оқушының жалпы оқу жұмысын ұйымдастыруға байланысты қолданылатын тәсілдер.
а) жоспарлау
ә) уақытты дұрыс пайдалану
б) оқу мен демалуды дұрыс ұйымдастыру
в) оқушы өз жұмысын бақылау
2. Оқушының оқуына тікелей байланысты қолданылатын тәсілдері
а) жаңа білімдерді игеру
ә) өздігінен білімді меңгеру
б) ойындарды қолдана білу.
Осы тәсілдердің ішінде бастауыш сыныпта ерекше орын алатыны сабақта, сабақтан тыс уақытта оқу материалымен жан-жақты жұмыс істей білу және дидактикалық ойындарды пайдалану болып табылады. Ол үшін мұғалім мына тәсілдерді меңгеріп, оны оқушы бойында қалыптастыра білуі қажет.
1. Оқулықтағы материалдың мазмұнын талдау.
2. Ең негізгі мәселені айыра білу.
3. Салыстыру.
4. Топтастыру.
5. Жүйелеу.
6. Схемалар.
Бастауыш сыныпта оқушылардың мұндай тәсілдерді меңгеруі оны жан-жақты дамытады, оқуға деген көзқарасын өзгертеді [26; 27; 28; 29] .
Қазақ мектебі өз халқының болашағының негізін қалауы тиіс. Сондықтан бастауыш мектептегі білім мазмұнында қазақтың, халықтың ұлттық ерекшеліктері орын алуы керек.
Бастауыш мектептегі оқу үдерісін демократияландыру, ізгілендіру принципін оқушылардың белсенділігін арттыру оқу-тәрбие бірлігінде ақыл-ой, еңбек, эстетикалық бірлігін негіздей отырып дидактикалық ойындарды пайдаланудың жолдарын қарастыру қажет.
Оқыту ісі білім берумен қатар оқушылардың танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауды дамытуға дидактикалық ойындарды пайдаланудың маңызы зор.
1. 2. Бастауыш сынып оқушыларын ойын арқылы тәрбиелеуде педагогикалық үдерісті ұйымдастыру мәселесі
Бастауыш мектеп мұғалімінің шеберлігі балалармен өз бетінше іс-әрекетті ұйымдастырудан айқын көрінеді. Әрбір баланың белсенділігі мен инициативалығын жоймастан пайдалы әрі қызықты ойынға қалай бағыттауына болады. Ұзартылған күн топтарында балалар бір-біріне кедергі келтірмейтіндей, ыңғайлы етіп бөлмеде, аулада қалай ойнатуға болады. Олардың арасындағы түсініспеушілікті қалай жоюға болады. Осы мәселелердің барлығын тез шеше білу іскерлігіне әрбір баланың жан-жақты, шығармашылық дамуы байланысты.
Мектепке дейінгі педагогикада балаларға ықпал етудің көптеген әдіс-тәсілдері бар, олар нақты жағдайға байланысты таңдалады. Кейбір бастауыш сынып мұғалімдері озық педагогика-лық тәжірибемен таныса салып, артынша оны өз практикасында қолданып, көп жағдайда көздеген мақсатына жете алмайды.
Мұғалім әдістемелік тәсілдерді жүйелі қолданып, балалардың психикалық дамуының жалпы тенденцияларын ескеріп, әрбір баланы біліп, сезіне білсе ғана нәтижелі болады.
Үлкендердің көмегімен меңгерілген әрекет етудің негізгі әдістерін үйреніп алып, оқушы оны сол және басқа да жағдайларда қолдана алады. Ол үшін оқушыға жақсы жағдай жасалынуы қажет. Әрбір ойыншық пен құралдарды белгілі бір тәртіппен орналастыру қажет. Осы арқылы балалар қажетті ойыншықты тауып, ойнап болған соң орнына қоюға мүмкіндік береді. Балалар бір біріне кедергі етпес үшін ойыншықтарды дұрыс бөлуді ойластыру қажет.
Өз бетінше дидактикалық ойыншықтармен, суретпен ойындарды көруге өте тыныш орын бөлінеді. Дидактикалық ойыншықтар балалардың жанындағы ашық шкафта сақталады. Күрделірек дидактикалық ойыншықтар баланың бойы жетпейтін, бірақ көрінетін болуы тиіс.
Балалар дидактикалық ойыншықтармен өз бетінше немесе үлкендердің көмегімен ойнайды. Осылайша балаларда сабақтағы алған білімі бекіп, дидактикалық ойыншықтарды өз бетінше қолданудың іскерлігі артады.
Сурет салуға арналған материалдарды жабық шкафтарда сақтау қажет, өйткені балалар өз бетінше бұл заттармен ойнай алмайды.
Балаларға, сонымен қатар бақылауға арналған түрлі объекттер (балық, құс, т. б. ), табиғи материалдар қажет. Жүруді, жүгіруді дамыту үшін бос жер көп болуы тиіс. Жиһаздардың ірі ойыншықтардың арасын ашық етіп орналастырады, сонда балалар оның жан-жағынан барады. Барлық құрал-жабдықтарды көркем орналастыру сұлулық пен ыңғайлылықты қамтамасыз етеді. Бірақ, әрбір ойыншықты бөлек қолданудың қажеті жоқ. Олардың көбісі сюжеттік ойындарда қолданылады.
Ойынды аяқтағанда балалар бастауыш мектеп мұғалімімен бірге ойыншықтарды орындарына қояды. Балалар жақсы ойнап жатқан кездің өзінде ешбір ойыншық ескеруміз столдың астында немесе еденде бос жатпауы тиіс. Егер балалар қызықты ойын ойнап, ерекше құрылыс құрса, оны бұзбаған жөн.
Ойын материалымен қамтамасыз ету маңызды, бірақ өз бетінше ойнауға итермелейтін бірден-бір жол емес.
Балалардың өз бетінше әрекетінің дамуы педагогтың әр бір балаға деген тікелей қатынасының формасы мен мазмұнына байланысты. Бұл қатынас тең құқылы, мейірімді формада жүруі тиіс. Бұл қатынас балаларды өз бетінше білім, іскерлік пен әрекет ету әдістерін қайта жаңғыртуға бағыттап отыруы қажет. Педагог балалардың белсенділігін, инициативасын, ойларын мадақтап отыруы қажет.
Бір балаға сөйлегенде бала мұғалімі басқалардың назарын аудармай жай сөйлеуі қажет. Балалардың атымен атап, жеке тапсырма беруі қажет. Ерте жаста балалар бірсарынды сөзді түсінбейді. Егер мұғалімі өзі ойнап, оны жақсы көрсе, балаларға түсінікті, әрі көңілді болады.
Тәжірибелі бастауыш сынып мұғалімі балалардың ойынына назар салып бақылайды. Ол әрқашан барлық балалардың назарда ұстауы тиіс. Ойын барысында әрбір балаға кемінде 3-5 рет қасына барып, іш пысқан баламен ойнауы қажет. Өз бетінше іс-әрекетті ұйымдастыра отырып мұғалім олармен жақсы қарым-қатынас орнатуы тиіс.
Бастауыш сынып мұғалімінің балаға сөйлеуінен оның педагогикалық жетістігі байқалады. Сабақ барысында бала мен мұғалімнің ойын бөлмеу қажет - ережені есте ұстау қажет. Бұл ережені ұйымдастыру, өткізу барысында да басшылыққа алу керек.
Ойын - көпқырлы құбылыс, оны ұжым өміріндегі барлық тіршілік етудің ерекше формасы деп қарастыруға болады. Тәрбие үдерісін педагогикалық басқаруда ойынның көптеген түрлері көрініс табады.
Балаларды тәрбиелеп, дамытуда үлкен рөлді ойын алады және ол баланың маңызды іс-әрекет түрі. Мектепке дейінгі және бастауыш мектепте оқушы тұлғасының, моральдық-еріктік сапалардың әлемге ықпал ету қажеттілігі қалыптасады. Кеңес педагогы В. А. Сухомлинскийдің айтуынша "ойын - бұл үлкен жарық терезе, ол арқылы баланың рухани әлеміне, қоршаған орта жөніндегі түсініктер, көзқарастар енеді. Ойын - бұл ұшқын, таным мен білімге деген құштарлықтың отын жағады".
Ойынның тәрбиелік маңызы көп жағдайда педагогтың кәсіби шеберлігіне, баланың психологиясын білуіне, оның жас және жеке ерекшеліктерін ескеруіне, қарым-қатынасты жасаудың дұрыс әдістерін таңдауына, түрлі ойындарды дұрыс ұйымдастырып өткізуіне байланысты. Негізгі мәселелер мектепке дейінгі және бастауыш сынып балаларының адамгершілік тәрбиесімен байланысты. Бұл мәселелерді шешуге сюжеттік-рөлдік, шығарма-шылық ойындар көп деңгейде ықпал етеді.
Білім беру - қоғамдық үдерісс, ол арқылы алдыңғы ұрпақтың әлеуметтік маңызды тәрбиесі кейінгі ұрпаққа беріледі. Осы үдеріс оқыту арқылы жүзеге асырылады. Бастауышта оқыту құралы ретінде дидактикалық ойындар пайдаланылады. Дидактикалық ойындарды қолдануда оқушылардың қызығулары туады. Оқушылардың білімін жетілдіруде дидактикалық ойындардың өзіндік ерекшелігі бар. Ол үшін мұғалім мынандай міндеттерді білуі, оны орындауы қажет.
1. Оқушылардың дидактикалық ойындардың мазмұнымен толық түсіну.
2. Дидактикалық ойындарды орындауда мақсаты мен міндетін толық түсіну.
3. Дидактикалық ойындарды орындауда ептілік, дағдының қалыптасуын байқау.
Бастауыш сынып оқушылары дидактикалық ойындарды орындап шығуда мына шарттарды білгені жөн.
1. Дидактикалық ойындардың мақсатын айқын түсінуі.
2. Дидактикалық ойындардың дұрыс орындалуы, оның нәтижесіне қызығуы.
3. Дидактикалық ойындарды қалауымен, қызығуымен нәтижелі орындауы.
Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды қолдануда мынадай талаптар қойылады.
- жұмыстың көлемін, сапасын арттыруға көңіл бөлу;
- дидактикалық ойындардың түрлерін басқа дидактикалық материалдармен ұштастыра білу;
- оқушының ойлау қабілетін, белсенділігін жүйелі түрде дамыту;
- дидактикалық материал мазмұнын күнделікті өмірден алу;
- дидактикалық ойындар табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын нақты фактілер мен құбылыстарды өздері талдап, түсінуге үйрену;
- дидактикалық ойындар негізінде алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
- сабақ барысында дидактикалық ойындарды қолдану барысында еңбек ету дағдысын қалыптастыру;
Енді осы шарттарға сүйене отырып дидактикалық ойындарды сабақта, мұғалімнің жаңа материалды баяндауын талдауын және сабақта мұғалімнің оқулықтан берілетін тапсырманы орындалуы кезінде қолдануға болады.
Оқушылар сабақ үстінде де үйде де дидактикалық ойындарды мұғалімнің немесе ересектермен бірге, басшылығымен ғана тиянақты, нәтижелі орындай алады. Сондықтан бастауыш сыныпта оқыту барысында дидактикалық ойындарды ұйымдастыруда білім нәрін сабетін басты тұлға - ұстаз.
Ұстаз білімді, тәжірибелі шебер болса ғана шәкірттері нағыз тіршіліктің тынысын байқай алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz