Бастауыш сынып оқушыларына дүниетану сабақтарында экологиялық тәрбие беру мәселелері


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
“Қорғауға жіберілді”
« Бастауыш оқыту теориясы
мен әдістемесі» кафедрасының
меңгерушісі, п. ғ. г., доцент м. а.,
Тоққұлова Г.
«»2014ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларына дүниетану сабақтарында экологиялық тәрбие беру мәселелері
(2 сынып)
050102-мамандығы - «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
Орындаған: CПМ-112до тобының студенті Жақыпбекова Мақпал
Ғылыми жетекшісі,
магистр-оқытушы: Нұртазаева Нұргүл
Түркістан 2014
Мазмұны
Кіріспе . . . … . . . 4
І Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздері .
1. 1 Білім беру жүйесіндегі экологиялық білім мен тәрбие мәселелері . . . 7
1. 2 Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері. . . . 21
ІІ 2-сынып оқушыларына дүниетану пәні сабақтарында экологиялық тәрбие берудің әдістемелік мәселелері.
2. 1 Дүниетану пәні мазмұныныдағы экологиялық тәрбие сипаттары . . . …34
2. 2 Бастауыш сыныптарда дүниетану сабақтарында экологиялық тәрбие берудің тиімді әдіс-тәсілдері. . . . . … . . . 38
2. 3 2-ші сынып оқушыларына дүниетану пәнін оқытудағы экологиялық тәрбие берудегі оқу жұмыстары . . . …. ……… . . . 42
Қорытынды. . . . ………. . . . 57
Пайдаланылған әдебиеттер. . . . . . . . 58
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі ХХ ғасырдың соңымен ХХІ ғасырдың басталар шағында адам қоғамының даму мәселесі адам мен табиғаттағы қарым-қатынастың дұрыс жүргізілмеуінің арқасында мүлдем шиеленісіп кетті.
Осы жағдайды саналы азаматтың барлығы түсіну қажеттігін және әр бір азаматтың өмір сүру барысында табиғат пен табиғат қорларын пайдалану үдерісіне оны таза, мол қазыналы, көркем қалпында мәңгілікке сақтап қалудың ешбір кезек күттірмейтін мәселе екенін мемлекет деңгейінде түсінудің қажеттігін Президентіміз Н. Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстан-2030” бүкіл халыққа Жолдауында бірнеше рет ерекше ескертіп өтті [1] .
Саналы түрде табиғатты пайдалануда жауапкершілікті сезінуді адам бойында қалыптастырудың, оның бүкіл болмысын, табиғатқа жаны аши отырып, пайдалануға жұмылдырудың бір-ақ жолы бар, оны қысқаша айтқанда, бүкіл халыққа экологиялық білім беру мен оларды табиғат қорғауға тәрбиелеу деп атаймыз.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінде жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтікті ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеген білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күшейе түсуде. Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам туралы білімдер тірек болады. Адам, табиғат, қоғам арасындағы байланысты және олардың үнемі бірлікте дамитынын оқушылар бастауыш сыныптан бастап оқып, түсінуі жолға қойылып отыр. Өйткені дүниетанудың бастауыш сыныпта оқытудың барысында оқушының таным процесі дамиды. Білім беру барысында оқушының жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін дамытуға, ой-санасын қалыптасыруға ерекше назар аударылды. Жастардың болашаққа деген бағыт-бағдары отбасында, мектеп қабырғасында, бүкіл қоршаған дүние ортасында қалыптасады. Мемлекетіміз осының бәрін ескеріп, білім беру жүйесін баса дамытуға, оның дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне аса мән беруде. Білімнің әр бір бөлігі оқушы дүниетанымын, қоршаған орта жайлы білімін қалыптастыруға септігін тигізіп, олардың әлем туралы ой жүйесін дамытуға негіз салуы тиіс. Дүниетанымның көзі - білім. Білім тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып, тұрақтанады. Табиғат заттарын оқып білу арқылы адам табиғат байлығын керегіне пайдаланады және қажетіне жаратады.
Дүние-ол тек бізді қоршаған табиғат қана емес, ол-адам, адам мен адамның қарым-қатынасы, ол табиғат, табиғат заттары мен құбылыстары, ол-қоғам. Дүниетану-“дүние” және “тану” деп аталатын екі бөліктен тұрады. Адам дүниені өмір бойы танып білумен, оның таусылмас ерекшеліктерін бақылап, байқаумен айналысатыны анық. Бірақ оның сырын түгел біліп, шегіне шыға меңгеру мүмкін емес [2] .
Дүниені өз мәнінде тану үшін адамның санасы, ой-пікірі, білім деңгейі дамыуы керек. Дүниетану ұғымына диалектикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, қазіргі таңдағы ғылым мен техниканың дамыуын ірі ашылыстарды ғана есепке алып қоймай, өндіріс күштерінің, ондағы адам мен қоғам аралық қатынасты да қадағалай білген жөн. Жаңа заманда ғылым қоғамның үлкен өндіріс күшіне айналуына байланысты өндіріс күшін өндірістік қатынастан бөліп қарауға болмайды. Керісінше, қадағалау арқылы ғылым-техникалық революцияның қоғамға тигізер пайдасымен қатар, табиғи ортаға, адам тіршілігіне келтіретін қиындығын түсіну қажет.
Ғылым мен техниканың дамуына байланысты адам баласы табиғи дүниемен қарама-қайшылыққа түсіп отыр. Себебі дамыған техниканың әсерінен айнала қоршаған орта ластанып, табиғи объектілердің, заттардың түрлері азайып, денсаулығы мен өміріне қауіп төнуде. Түрлі машиналардың, зауыттар мен өндіріс орындарынан шыққан улы газдар көбейіп, тіршілікке қауіп туғызуда. “Адамзат өмір сүретін табиғат аясы да азып - тозып барады, ендігі жас ұрпақтың қандай табиғат жағдайында өмір сүретіні күрделі мәселеге айналуда”.
Қазіргі кезде орын алып отырған экологиялық апаттар еліміздің түкпір-түкпіріне зиянын тигізуде. Бір ғана Арал теңізінің апаты бүкіл жер жүзіне зиян келтіргендігі белгілі болып отыр.
Есепсіз кесілген ағаш, есепсіз пайдаланған судың қоршаған ортаға тигізіп, отырған зияны ұшан-теңіз.
Ағаштың азаюынан топырақтың құрғап кетуі, судың тартылуынан аса бағалы халық байлығы азаюы осының бәрі де бізді қоршаған дүниеге адам баласының өз қолымен жасап отырған зияны. Пайдалы қазбалар өндірген шахталар орны толмайтын үңгір апандарға айналды. Ол жерлерде тіршілік ететін қаншама тірі табиғат енді келмеске кетті. Топырақтың табиғи қалпындағы құрамы органикалық затқа соншама бай, оны санап болмайды. Егер оны микроскоп арқылы қарасақ, 1 шаршы метр жерде мыңдаған бактериялар, миллиондаған балдырлар, мыңдаған бунақденелілер тіршілік ететінін білеміз. Ал сол өте құнды да бай тіршілік ортасы топырақты жырту оның құрылымының бұзылып, құрамындағы тіршіліктердің жоғалуына әкеп соғады. Тірі табиғаттың топырақ құрудағы пайдасы жайында оқып, білген адамға бұл айтылған зиянды түсіну қиын емес. Осындай есепсіз, жауапсыз ысыраптан дүниені сақтау үшін әр адамның экологиялық сауаттылығы болуға тиіс. Дүниеге енжарлық, сауатсыз қарау, жауапсыз іс-әрекет жасау әдейі зиян келтірумен бірдей.
«Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы» (2003 ж. қабылданған) негізгі қағидаларының маңыздылығы жоғары болды.
Экологиялық білім проблемасын А. Н. Захлебный, И. Д. Зверев, В. Г. Иоганзен, Н. Н. Моисеев, Н. А. Рыков, А. С. Бейсенова, А. Б. Бигалиев, Ж. Ж. Жатқанбаев, М. Н. Сарыбеков, А. Г. Сармурзина, Н. Т. Торманов, А. П. Сидельковский және т. б. зерттеген, олар экологиялық білімнің жалпы теориялық және әдіснамалық аспектілерін жасады [3] .
Экологиялық білімге оқытушыларды даярлау проблемасына бірқатар еңбектер арналған (А. А. Вахрушев, В. С. Ильин, С. Е. Петров, Е. С. Сластенина, М. Н. Сарыбеков, А. А. Бейсенбаева, Б. Ы. Мұқанова, және т. б. ) . Педагогикалық тәжірибе көптеген ғалымдардың «Экологиялық білім деңгейі әлі де болса төменде қалуда» (А. В. Миронов, Т. Ю. Юшакова, А. Е. Тихонова Н. М. Чернова т. б. ) деген пікірлерін қолдауда. Әсіресе, оқушыларды оқытудың мазмұнын, формалары мен әдістері бойынша көптеген мәселелердің шешімін таппағанын көрсетеді [4] .
Оқушыларға экологиялық білім беру проблемалары бойынша да біршама еңбектер орындалды (И. Д. Зверев, А. Т Зверев, С. В. Алексеев, Н. Ф. Винокуров, В. С. Шилов, К. Н. Сарыбекова, Г. М. Сабденалиева, Б. И. Иманғалиева жөне т. б. ) .
Қазақстанда қазіргі таңда экологиялық білім жүйесін дамыту стратегиясы қоғам өмірінің барлық жағын, мүмкіндігінше гуманизациялау процесімен айқындалады. Білімді оның құрылымын, мазмұны мен диагностикалық нәтижесін ғылыми дәлелділікпен жобалау негізінде мақсаттылықпен дамыту проблемасына ғалымдардың бірқатар еңбектері арналған (А. Х. Белкин, М. А. Галагузова, Б. С. Гершунский, О. Е. Лебедев, В. Б. Сериков, А. П. Сейтешев, Н. Д. Хмель, В. В. Шапкин және т. б. ) [5] .
Табиғат байлығын, адам еңбегін үнемді пайдалану экологиялық білімі жоғары, дүниетану деңгейі дамыған, мәдениетті қауымның өсуін қажет етіп отыр. Демек, оқушыларға экологиялық білім берудегі қоғамның сұранысы мен мектептерде оқушылар меңгеретін экологиялық білім мазмұнының ғылыми тұрғыда негізделмеуі арасында, мектеп оқушыларына экологиялық білім беру қажеттігі мен оны пайдалануға байланысты әдістемеліктің жеткіліксіздігі байқалады. Осының тиімді шешімін табу біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты: “ Бастауыш сынып оқушыларына дүниетану сабақтарында экологиялық тәрбие беру мәселелері ” деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу объектісі: Бастауыш мектептегі оқушыларды оқу-тәрбие жүйесінде дүниетану сабағындағы, экологиялық білім беру.
Зерттеу пәні: Мектептегі экологиялық білім мен тәрбиенің қалыптасу жағдайы және даму процесі.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш мектептегі экологиялық білім мен тәрбие берудің қалыптасуы мен дамуын сипаттау және оның оқыту тәрбие жұмысындағы тәжірибелерін талдай отырып, экологиялық білім берудің тиімді әдіс-тәсілдерін көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш сыныптағы экологиялық білім мен тәрбие берудің жалпы қоғамдық оқыту тәрбие жүйесіндегі рөліне мазмұндық сипат беру.
2. Бастауыш сыныптардағы дүниетану материалдары арқылы экологиялық білім берудің тиімділігін іздестіру.
3. Бастауыш мектептегі дүниетану сабағы арқылы экологиялық білім мен тәрбие берудің қалыптасуы жолдарын көрсету.
4. 2-ші сынып оқушыларына дүниетану пәнінің мазмұны арқылы тәрбие беруді жетілдіру
Зерттеу әдістері: Әдебиеттерге шолу жасау, озат тәжірибелерді талдау, бақылау, әңгімелесу.
Дипломның құрылымы. Диплом кіріспеден, екі бөлімнен, әр бөлім екі бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздері.
1. 1 Білім беру жүйесіндегі экологиялық білім мен тәрбие мәселелері.
Ерте заманнан-ақ адам өзін қоршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін-өзі, өзінің табиғатқа, басқа адамдарға қатынасын танып, білуге тырысты. Адам өмірі табиғат аясында өтетіндіктен, ол табиғаттың тылсым тынысын, ішкі сырын білуді ғасырлар бойы арман еткен. Тіпті қоршаған ортаның, табиғаттың сұлу да, әсем көрінісі жас нәрестені де еріксіз өзіне баулап таңдандыра, қызықтыра білген. Баланың мұндай қызығушылығын байқап, жеткіншекті туған елінің табиғат әлеміне ендіріп, оның сан-алуан сырларын ұғындыру, таныстыру мәселесі ерте заманның өзінде-ақ ұлағатты тәлімгерлер назарында болған. Оған дәлел сонау ертеден-ақ табиғаттың бала жанына тигізетін әсерін атақты ойшылдар, философ-ғалымдар, әдіскерлер көріп, байқап, оны іске асыру жолдарын ұсынған [6] .
Оның мөлдір бастауы ежелгі Греция философиясының биік шыңдарының бірі-ұлы ғұлама Аристотель.
Аристотель адам ақыл-ойдың арқасында қоршаған ортаны, табиғатты жалпы танып біле алады. Бірақ жалпыны түсіну үшін алдымен жалқыны танып білуі керек. Себебі, біздің сезім мүшелерімізге жалқы заттар әлемі әсер етеді де, біз оларды танымның әртүрлі сатылары арқылы танып біле аламыз. Сезімдік танымның бірінші сатысында адамдар жануарлар сияқты, сезімдік түйсіктерімізге әсер ететін заттар туралы алғашқы мағлұматтар алады. Екінші сатысында тәжірибелік таным да, сезімдік түйсіктеріміздің қайталанған құбылыстарын есте сақтап қалу арқасында оларды танып білуімізге мүмкіндік туады. Танымның үшінші сатысы - «өнер», практикаға негізделген танымның екінші сатысы. Бұл сатыда адамдар жеке заттарды танып қана қоймайды, одан гөрі тереңірек түсініп, кейбір заттарға тән ортақ қасиеттер мен себептерін де танып біледі деп түйсе, Платонның ілімі бойынша табиғатты танып білу негізгі мақсат. Табиғаттың қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын тану барысында ғана адамның тәжірибесі, дүниетанымы кеңейеді дейді. Платонның таным теориясы негізінен үш қағидадан тұрады:
1) адамда «туа біткен идеялардың» болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжірибе арқылы пайда болады.
2) адамның дүниеге келген кездегі ақыл-ойы ештеме жазылмаған таза тақта немесе «ақ қағаз» сияқты, ол тек тәжірибе арқылы мазмұнға толады.
3) ақыл-ойда тек сезімдік түйсіктер арқылы қабылданған мәліметтерден басқа ешнәрсе жоқ, себебі дүниеге шығатын терең түйсік - таным. Антикалық философияның атасы Демокриттің пікірінше адамның дүниетанымы негізгі табиғаттағы құбылыстарға байланысты дей келе танымды екі түрге бөлді:
1) сезім мүшелері арқылы танып білу. Ол заңсыз туылған (көмескі) білім болғандықтан, оның ақиқатты тануда ешқандай пайдасы жоқ.
2) ақыл-ой арқылы танып білу заңды туылған (шынайы) білім болғандықтан, оның ақиқат туралы пайымдаулары дұрыс болады - дей тұрғанымен де, Демокрит сезімдік танымды ақыл-ой танымына қарсы қоймайды.
Ақыл-ой сезімдік таным арқылы алған мәліметтерін әрі қарай өрбітіп, қорытынды жасайды.
Шығыстың екінші ұстазы атанған ұлы ойшыл, табиғат зерттеушісі кемеңгер тәлімгер Әбунәсір әл-Фарабидің еңбектерінің негізгі көзі - табиғат, адам, қоғам. Таным теориясында Фараби дүниені тану құралы ретінде ғылымға зор маңыз берді. Ғылым негізгі үш түрі басшылыққа алуы тиіс: нақты тақырып, дұрыс дерек және дәлелдеме. Ғылымның үш көзі бар: сезім мүшелері, интеллект (ақыл-ой), адамның ойлау қабілеті және ой қорыту. Алдыңғы екеуі арқылы адам дүниені тікелей таниды, ал ой қорыту заттар негізін, мәнін қамтиды. Нағыз ғылым ой қорыту негізінде құрылады деп түйеді.
Махмуд Қашқари өз заманының «кемеңгер ойшылы», «Диуани лұғат ат-түрік» атты еңбегінде қоршаған ортаның құбылыстарын салыстыру арқылы, олардың адам санасына әсері жайлы ойды ерекше сөз етеді. Ғұламаның бұл жинағында «жаз бен қыстың айтысында» табиғаттың бір-біріне от пен судай қарама-қарсы мезгілдерін әдейі беттестіріп, әрқайсысының өз ерекшеліктерін өздеріне айтқызу арқылы қызу тартысқа түсіреді. Қыс та, жаз да өз бойындағы артықшылықтарын тізбелей айтып, қарсы жақка айып, мін тағу тәсілі арқылы, жыл мезгілдерін тануды ерекше суреттейді.
Өз заманында-ақ аты әлемге әйгілі болған ғұлама, философ Жүсіп Баласағұнидін «Құдатғу білік» (Құтты білік) еңбегінде адамның дүниетануының бірден-бір бұлағы - табиғат екендігін мойындайды. Ойшыл адамның дүниетану мүмкіндігіне еш күмән келтірмейді, дүниеде адам зерттеп білмейтін нәрсе жоқ адамның ақыл-парасаты, құдыреті, ол өмірдегі, қоршаған ортадағы, табиғаттағы барлық нәрсенің мән-мағынасын түсінуге жетерліктей қабілетті.
Орта ғасыр жазба әдебиетінің көрнекті өкілі Қожа Ахмет Иассауи адамның дүниетануы сезу, ойлау, тәжірибені қорыту арқылы өтеді. Дана атаның айтуынша, оқымаған адамдардың көзі де, көңілі де соқыр, олар қоршаған дүниені тани білмейді, ешнәрсені көрмейді. Ал білімді адам дүниенің ғажайып сырларын түсіне алады. Табиғатта артық тұрған келісімсіз біткен ешнәрсенің жоқ екендігіне, адам баласының өзі, оның бітім тұлғасы. Адамға көрсін деп көз, жұмыс істесін деп қол, жүрсін деп аяқ, танып-білсін, зерттесін деп бас берген дейді.
Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы көрнекті ғалым Кант өзінің Әлемнің әмбебаптық табиғи тарихи теориясы «Таза ақыл-ойды сынау», «Практикалық ақыл-ойды сынау» еңбектерінде адамның дүниетанымына ерекше мән береді. Таным үдерісі күнделікті тәжірибеден, сезімдік түйсінуден басталады. Бірақ олар бізге «өзіндік заттар» туралы емес, олардың көріністері туралы деректер береді. Жалпы алғанда, таным үдерісі Канттың пікірінше үш сатыдан өтеді. Олар: сезімдік түйсіну, сараптаушы парасат және таза ақыл-ой.
Философия әлемінде өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырған Гегельдің пікірінше адам ақыл-ой объективті нақтылықты дұрыс бейнелейді деп сенеді. Таным үдерісінде басты рөлді сезім атқарады, ол ойлаудың қызметі сезім берген деректерді басқа деректермен байланыстыра қарайды.
Жоғарыда көрсетілген ғұлама ғалымдардың ой-пікірінше, таным теориясына тоқтала отырып, біз мынадай қорытындыға келдік. Табиғат тек байлық көзі, адам баласы қызығының сарқылмас қазынасы ғана емес, көркемдік сұлулықтың әлемі-таным негізі. Табиғаттың ғажайып құбылыстарымен таныстыру арқылы жас жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеуге, нақтырақ айтқанда баланын қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге болады. Бұған дәлел сонау ерте заманның өзінде-ақ сондай көрегенділікпен табиғатты тәрбие құралы деп қараған ойшыл, ғұламалардың философиялық пікірлері болмақ. Осылайша бала тәрбиесімен, оған білім беру жолдарымен айналысқан ұлы тәлімгерлердің, педагогтардың қай-қайсысы болмасын ақыл-ойдың, тілдің дамуындағы табиғаттың алатын орнын ерекше жоғары бағалаған. Философиялық ой-пікірлер әрбір ғылымның бастауы, атасы екенін ескерсек, табиғат тек таным құралы ғана емес, тәрбие көзі екендігінде ешкім күмән тудырмайды. Себебі, дүниеге келген бала қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды көру, сезе, байқай отырып, оның танымдык әрекеттері дамиды. Демек, табиғаттың бала өмірінде алатын орны ерекше, баланы табиғаттың асыл аясында өсіру - әрбір педагогтың міндеті [7] .
Қазіргі кезде Республикамызда “Халыққа білім беру жүйесіндегі экологиялық оқыту мен тәрбие” мәселесін шешуде жас ұрпаққа, көпшілікке үздіксіз экологиялық білімі мен тәрбие беру тұжырымдамасына көп көңіл бөлінуде. Бұл мәселені шешу үшін балалық шақтың, әсіресе, бастауыш мектеп жасындағы балалардың экологиялық білімі мен тәрбиесінің мәні өте зор.
Табиғаттың даму заңдылықтарын оқыту мен тәрбиелеу жұмысына педагогтардың көбі баса назар аударып, тәрбие жұмысын баланың жас кезіне бастау керек екендігін айтқан болатын. Мысалы, Ж. Ж. Руссо өзінің педагогикалық трактатында А. Я. Коменскийдің табиғат және оны қорғауға тәрбиелеуге қатысты ой-пікірлерін толықтырып, оны ары қарай дамытты. К. Д. Ушинский, В. А. Сухомлинский - балалардың ойлау қабілетін арттыруда, эстетикалық сезімін тәрбиелеуде табиғатты шебер пайдаланып, табиғатқа деген адамның сүйіспеншілігін туғызу мәселесін анық көрсете білген педагог ғалымдар.
Сонымен қатар, И. В. Зверев, И. Г. Суравегина, А. Н. Захлебный, Н. С. Сарыбеков, О. Танабаева, Н. М. Сарыбековтер де экологиялық білім мен тәрбие беруді сабақтарда, сыныптан тыс жұмыстарда, мектептен тыс оқу-тәрбие мекемелерінде ұйымдастырудың жағдайлары мен мүмкіндіктерін жазған болатын.
Дербес ғылым ретінде экология шамамен 1900 жылдары қалыптасты. “Экология” терминін 1869 жылы белгілі табиғат зерттеушісі, биолог, дәрігер, аса дарынды неміс ғалымы Э. Геккель ғылымға бірінші болып енгізді. Қазақстан Республикасында экологиялық білім берудің тұжырымдамалық негізіне өркениетті елдің өзін-өзі қолдап тұрақты дамуының тұжырымы жатады. Бұл тұжырымдаманың негізін Біріккен Ұлттар Ұйымы комиссиясы әзірлеп, оны 1993 ж мемлекеттер басшыларының бос қосқан коференциясында мақұлданды. Тұрақты даму табиғаттағы заттардың табиғи айналымын сақтаудың басты факторы ретінде тіршіліктің көп түрлігін азайтпауды, қоғам және табиғи орта құрайтын әр түрлі деңгейдегі әлеуметтік экожүйесінің динамикалық тепе -теңдігі бұзбауды көздейді. Сондықтан экологиялық білім мен тәрбие беру қоғамдық өндірістік, отбасылық қарым - қатынастармен тығыз байланысты және ғылыми, моральдық, саяси, құқылық - эстетикалық сана түрлерінің бәрін қамтиды [8] .
Экологиялық білім берудің ғылыми негізінде ғылым және оқу пәні ретіндегі экологиялық мазмұны, ұғымдары мен заңдары жатады. Эко жүйесінің қалыптасуы мен дамуы принциптері жалпы сипатта болуы экологиялық білім берудің барлық кезеңіне жарай береді.
Оқушының табиғат құпияларын білуге деген ынтасы өте ерте пайда болады. Табиғи ортаны адамзаттың жан - жақты қажетін мәңгілікке қамтамасыз етуге жарайтындай етіп сақтай білуі, мейлінше үлкен іс. Өкінішке орай, адам баласының табиғатты қорғауы, оның табиғатты тоздыруы, ластауы, уландыруы шашып төгіп пайдаланумен қатар жүріп келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz