Бастауыш мектептің болашақ мұғалімінің кәсіби дайындығының ілімдік негіздері


- Бастауыш мектептің болашақ мұғалімінің кәсіби дайындығының ілімдік негіздері. Психологиялық -педагогикалық әдебиеттегі болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығының мәселесі. Дәстүрлі білім беру барысындағы қарама-қайшылықтар туралы.
Білім беру жүйесі жұмысының тиімділігін анықтайтын негізгі звено \арқау\ педагог кадрлар дайындығы болып табылады, өйткені білім беру жүйесінің барлық салаларының тиімділігі сол кадрлардың қызметіне тәуелді. Өркениеттің алға басуы барлық уақытта мақсаты жас ұрпақты адамзаттың бұрынғы ұрпақтары қалдырған құндылықтарымен тәрбиелеу болып табылатын білім беру жағдайына тәуелді қойылды. Мұнда мәдениет пен білімді беруші қызметін мұғалім атқарды. Оның жеке тұлғасы өткен ғасырлардың көрнекті педагогтерінің назарының басты объектісі және одан кейінгі зерттеулердің негізгі пәні болды.
Педагогикалық білім берудің мәнін мұғалімнің үздіксіз, бірегей кәсіби-жеке тұлғалық даму процесі құрайды. Қазіргі заманғы педагогикалық ғылымда “білім беру” термині төмендегіше түсіндіріледі:
- жекетұлғаның өмір жолын абыройлы таңдау мүмкіндіктерін кеңейтуге және жекетұлғаның өзін-өзі дамытуға бағытталған процесс ретіндегі білім беру (А. Т. Асмолов 112) ;
- білім беру адамның заттық, әлеуметтік және рухани мәдениет әлеміндегі белсенді қатысуы жолымен µз-µзінде єлем бейнесін жасауы (А. А. Вербицкий 19, 67) ;
-білім беру адамның мақсатты, педагогикалық ұйымдастырылған және жоспарлы әлеуметтену барысы мен нәтижесі (А. В. Петровский 113) .
Біз “білім берудін мазмұны қоғамның қазіргі және келешектегі қажеттіліктерін, адам танымының ерекшеліктерін көрсетуі керек, әлеуметтік даму тенденциялары есебінің негізінде қоғамда қабылданған білім беру дамуының концепцияларына сай болуы керек . . . ” деген Г. Ж. Меңлібекованың (114, 93) тұжырымдамасымен келiсеміз.
Дамудың үздіксіздігі мұғалімнің кәсіби-жекетұлғалық қасиеттерінің мына кезеңдерде жалғаса отырып дамитындығын білдіреді:
- профориентациялық, мамандандырылған,
- базалы кәсіби дайындықтың;
- ЖОО-ны бітіргеннен кейінгі кәсіби қалыптасудың және одан әрі кәсіби жетілдірілудің.
Білім беру мазмұнының, педагог-кадрлар, мамандар дайындығының мәселелері барлық уақытта ғалым-педагогтер мен психологтардың басты назарында болып келді және бола да береді. Мұғалімнің жекетұлғасының даму іліміне және әдістемесіне, оның қоғамдағы роліне С. И. Архангельскийдің, Е. П. Белозорцевтың, С. Т. Вершловскийдің, Н. В. Кузьминаның, Ю. Н. Кулюткиннің, А. С. Макаренконың, А. В. Мудриктің, В. А. Сластениннің, Т. С. Сухобскаяның, Н. Ф. Талызинаның, С. П. Шацкийдің, Ю. П. Азаровтың, И. А. Зязюннің және басқалардың зерттеулері арналған (1; 2; 3; 4; 7; 8; 9; 11; 12; 13; 14; 27; 29; )
Мұғалім мамандар дайындығы мәселесінің теориялық жасалуына, оқу процесін жетілдірудің мәселелерін зерттеуге О. А. Абдулинаның, Ю. К. Бабанскийдің, В. П. Беспальконың, А. А. Вербицкийдің, В. Н. Вергаловтың, Ф. Н. Гонобалиннің, Э. А. Гришиннің, С. Б. Елконовтың, В. А. Кант-Коликтің, Н. Д. Никондровтың, И. П. Раченконың және басқалардың (15, 16, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 115) педагогикалық зерттеулері арналған.
Олардың жұмыстарында мұғалім мамандығына қойылатын негізгі талаптар нақтыланады және анықталады, педагогикалық шеберлік пен шығармашылықтың қалыптасу механизмдері бөлінеді. Н. Ф. Гонобалин (21) және Н. В. Кузьмина (5-6) мұғалімнің кәсіби қызметінің құрылымын зерттеу бойынша көп жұмыстар жасады. В. А. Сластенин (11) және басқалар мұғалімнің жеке тұлғасының ерекшеліктерін жєне олардыњ кәсіби қызметте көрінісін зерттеді. И. П. Раченко мұғалім қызметі тиімділігінің педагогикалык еңбектің ғылыми ұйымдастырылуына тәуелді болатындығын дәлелдеді. Ю. П. Азаров (27) және И. А. Зязюн (29) өз назарларын педагогикалық шеберліктің қалыптасуына аударады. Б±л зерттеу ж±мыстары О. А. Абдулинаныњ, Л. Ф. Спиринаның (26) және басқалардың зерттеулерінде орын алған оқу-тәрбие ісінің нақты мәселелерін шешуі үшін болашақ мұғалімдерде педагогикалық дағдылардың қалыптасуы мәселелері ғалымдардың зерттеуінің негізі болды. В. А. Сластениннің (10-11), А. Ф. Спириннің (26) және Э. А. Гришиннің (22) зерттеулерінде мұғалімнің жеке тұлғасы қасиеттерінің, қ±лықтық-әдептік сапалардың және жалпы педагогтік дағдылардың өзара байланыса жасалған.
Соңғы төрт онжылдықта Абай атындағы ҚазҰПУ ғалымдары Н. Д. Хмельдің жетекшілігімен мұғалім дайындығының мәселелерін шешуге арналған үлкен жұмыстар орындады. Н. Д. Хмель болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығының табыстылығы оны педагогикалық процестің мәнділігін түсінуді үйретуге және оны меңгеру дағдысына тікелей тәуелді, қатысты болатындығын атап көрсетеді. Н. Д. Хмельдің зерттеулері мақсаттарды іске асырудағы арнайы дайындықсыз және бірізді (бірегей) педагогикалық процесті меңгермейінше, мұғалім өз назарын тек оқытатын пәніне ғана аударады және өзінің кєсіби өсуінде онша табысты болмайтындығын көрсетті. ЖОО-да оқып жүргеннің өзінде-ақ болашақ мұғалімді жалпы білім беретін мектептің педагогикалық процесін басқаруы бойынша өзінің іс-әрекетінің барысы мен нәтижелеріне тыңғылықты талдауына дайындау қажет. Н. Н. Хан өз зерттеулерінде мұғалімнің педагогикалық процесін оқушыларымен ынтымақтастығы негізінде ұжымдық танымдық іс-әрекетті, қызметті орындау үшін мұғалімнің дидактикалық дайындығын жасады. Мұғалімнің кєсіби дайындығы бірегей педагогикалық процестің ілімі мен практикасының бірлігімен айқындалады. Сондықтан студенттерді оқытқанда дайындықтың, кәсіби деңгейін жүйелі көрсететін көрнекі құралдардың сәйкестендірілген комплексіне -жиынтығына сүйену қажет. М. И. Ильясов (59) өз зерттеуінде болашақ мұғалімдердің шығармашылық қызметке дайын болуы бірыңғай педагогикалық процестің теориясы мазмұнын жақсы түсінуіне қарай болатындығын дәлелдеді. К. М. Мұхамеджанов (34), В. В. Шахгулари (40) және Т. П. Смолькиналар (41) болашақ мұғалімнің мектептегі шығармашылық қызметке дайындығы мәселелері қарастырылады.
Мұғалім жеке басының шығармашылықпен қалыптасуындағы педагогикалық процестің ұйымдастырылуы рөлін осы міндеттерді педагогикалық мәселелерді пайдалану жолымен іске асыруды А. Б. Бекманов (116), А. Т. Кенжебаев (117), К. М. Мұхамеджановтар қарастырды (34) . С. Т. Каргин оқытудың бір бағыттылығының болашақ мұғалімдердің педагогикалық ой-өрісінің қалыптасуындағы елеулі рөлін дәлелдеді. М. Мухамедин (56), Н. К. Ахметов (57) және Д. И. Иргалиевалар (58) бастауыш мектептің болашақ мұғалімінің дайындығында ойынмен оқытудың ілімі мен тәжірибесін жасады. А. С. Қадырова (118) болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығы ісінде жағдаятты модельдеуді қолдану мүмкіндіктерін қарастырды. Т. А. Абдулкаримова (62) студенттердің бастауыш мектепте ақпараттандыру жүйелерін пайдалану мәселелерін қарастырады. Алдағы болатын тәжірибеден өту және өзінің кәсіби дайындығының алғашқы кезеңінде табысты бейімделуге ЖОО дайындығының әсеріне Т. Н. Қасабекованың (55), С. В. Фатеевтің (60), Е. А. Абеновтың (61) зерттеулері арналған. Барлық осы және басқа да зерттеулер мұғалімнің кәсіби дайындығын жетілдіруде бірізді педагогикалық процестің ілімінің рөлін нанымды дәлелдеп берді.
Болашақ - мұғалім музыканттың тиімді кәсіби-педагогикалық және әдістемелік дайындығының мәселесі, оның шығармашылық потенциалының дамуы ғалым-әдіскерлерді де ойландырады. М. Х. Балтабаевтың, С. С. Естемісованың, К. С. Төребаеваның, А. Б. Абдуллиннің, Ю. Б. Алиевтің, Б. А. Ахметовтың, Т. М. Алибакиеваның, Р. Р. Жердималиеваның және басқалардың (65, 68, 72, 75, 84, 119, 120, 121, 122, 123) жұмыстарында педагогикалық шығармашылықтың бастаулары, қызметтері мен шарттары мұқият зерттеледі, болашақ музыка мұғалімінің жеке басы қасиеттері мен кәсіби қабілеттері дамуының әдістері мен тәсілдері жасалады.
Ізгілікті білімнің құрамдас бөлігі болған педагогикалық білім беру әмірлік-әкімшілік жүйенің келеңсіз әсерін әбден тартты. Бұл оның жағдайынан да көрінеді. Өткен ғасырдың соңғы онжылдықтарында бұрынғы Кеңес Одағында қоғамдық өмірдің барлық жақтарын қамтыған “тоқырау” да, жалпы әлеуметтік дамудағы сияқты, объективті жағдайлардың күшімен, осы жерде де көрінді. Жоғары педагогикалық мектепте әлеуметтік шындықтан алыс болған, педагогикалық мамандар дайындығының әлеуметтік қолайлы штампы жасалды.
Жүргізілген зерттеулердің басым көпшілігі дәстүрлі білім беру тәжірибесімен байланысты. Сондықтан И. В. Котованың бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда бұрыннан келе жатқан зерттеулер байлығымен және тєжірбие ж‰зіндегі фактілердің өзіндік ерекшіліктерімен қоса ескірді, өйткені олар қазіргі талаптарға сай емес, сонымен бірге, мұндай жұмыстарда, біздің пікірімізше, осы заманғы педагог дайындығының теориялық және технологиялық негіздерін қайта ой елегінен өткізуді пайдалану мүмкін болады, себебі осы күнгі құндылыққа жету үшін қызмет еткен өткеннің тәжірибесін алып тастауға болмайды.
Мұғалімді қалыптастырудың ұзақ процесі қарама-қайшылықтарға толы, ал болашақ педагог жекетұлғасының дамуы соларды жеңу арқылы іске асады.
Педагогикалық білім берудегі тоқыраудың бар екендігін барынша тұрақты тенденцияларды тудырған терең қайшылықтардың шоғырлануын білдіреді. Қарама-қайшылықтардың бір жағынан, процестерді тежейтіні, екінші жағынан, олардың дамуына ықпал ететіні белгілі. Бұл функциялар барлық уақытта диалектикалық бірлікте көрінеді. Білім беру процесінде қарама-қайшылықтар дәстүрлі теория (ілім) мен практикаға (тәжірибе) сай келмейтін жаңа факторлар көрініс тапқанда пайда болады. И. Б. Котова мен Е. Н. Шияновтың сөздеріне қарай (124. 10) бұл факторлардың құндылығы ’’олардың жаңа педагогикалық теориялар мен қолда бар қазіргі білім беру практикасын қайта құруға жағымды әсер ететіндігінде’’ екендігін білеміз.
И. Д. Лушников (125) ЖОО-да мұғалім дайындығының мынадай қарама-қайшылықтарын көрсетеді.
- оқытылатын мамандық пәніне ЖОО-да ерекше ден қойылған бағыттылықты білім беру мен мұғалімнің кәсіби қызметінің жекетұлғалық бағыттылығы арасындағы қарама-қайшылық;
- мамандыққа білім берудің ќаѓидалы д±рыс сипатымен балаларды оқыту мен тәрбиелеуге бірегей көзқарасты талап ететін кәсіби қызмет ерекшеліктерінің арасында қалыптасқан қарама-қайшылық;
- мұғалімді дайындаудағы педагогикалық тәжірибенің біржақты шектелген ролі мен мұғалім дамуындағы педагогикалық қызметтің шынайы ролі арасындағы қарама-қайшылық; :
- мұғалім дайындығының типті жүйесі мен оның қызметінің жеке шығармашылық сипаты арасындағы қарама-қайшылық;
- мұғалім дайындығының типті жүйесі мен нақты жағдайлардағы оның міндеттерінің ерекшеліктері арасындағы қарама-қайшылық.
Білім беру тәжірибесінің талдауы осы кезде қарама-қайшылықтардың үш тобын ажыратуға болатындығын көрсетеді (108; 132)
- әлеуметтік педагогикалық;
- педагогикалық;
- психологиялық;
Әлеуметтік-педагогикалық қарама-қайшылықтар:
- бұл, бір жағынан, әлеуметтік процестер мен қоршаған орта жағдайлары, және екінші жағынан, білім беру жүйесінің дамуы мен жұмыс істеу арасындағы қарама-қайшылық. Бұл қарама-қайшылықтар соңғы жарты ғасырда өмірге келген рухани өндірістің заңды нәтижесі болып табылады. Оның мәні жекетұлға “материал” ретінде қарастырылатын “жасампаз” тәрбиені құрайды. Бұл мұғалімді мәдениеттен, рухани байлықтан, оқушылардан бөлектенуге алып келді. Өз қызметінде адамдық бағдарын жоғалтқан мұғалім білім беруге тұлғасыз көзқарасты көрсете бастады.
Қоғамдағы әлеуметтік жәйттың өзгерісі демократиялық және адамгершілік принциптерге сүйенген қайта құрулар, жаңашыл істер жасай алатын жеке тұлғаға деген қажеттілікті тудырды. Осыған байланысты дәстүрлі білім беру процесі тиімсіз болып шығады.
Әлеуметтік-педагогикалық қарама-қайшылықтарға ЖОО-лардың білім беруінің сапалық емес, сандық көрсеткіштерге бейімделуін де жатқызуға болады. Өкінішке орай, мұндай тенденция білім берудің қоғамдық және жеке тұлғалық құндылықтарына теріс әсер ете отырып, жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларда да сақталуда.
Педагогикалық қарама-қайшылықтар педагогикалық жүйенің өзіне ғана тән. Оларға мақсат пен мазмұн, оқу процесі шекараларымен меңгерілетін ақпараттар көлемі, мазмұн мен технология және т. с. с. арасындағы қарама-қайшылықтар жатады. Бұлар білім берудің мәдениет жасаушы қызметін тоқтатуға ал оның мазмұнының отандық және әлемдік мәдениеттен тыс қалуына алып келді. Бұл білім берудің дамытушы мүмкіндіктеріне теріс әсерімен байқалды: ол жалпы, маманданған және жекетұлға мәдениетінің, өзін-өзі дамытуы мен шығармашылыққа жекетұлғаның дайындығын өзара бірлесіп жұмыс істеу қабілетін жасау үшін қажетті жағдайлар тудырмады. Одан басқа, болашақ педагог дайындығында жекетұлғаның маман болуына елеулі әсері болмаған пәндік бағыт ғана жетекші роль атқарды, ал жалпы мәдениеттік жєне психологиялық-педагогикалық дайындық өз міндетін дұрыс орындамады. Осының бәрі білім беру тәжірибесінде функциональды ыңғайдың басым болуына алып келді.
Осы кезге дейін болашақ мұғалімнің дайындығында мұғалімдік корпусты үйлестіруге және б±ның салдары ретінде кәсіби қызметтегі шығармашылықтың болмауына алып келетін репродуктивті - көпшілік принципі сақталған.
Осының бәрі қазіргі мұғалім жұмысындағы жекетұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін дамытпайтын “орташа” оқушыға бейімделген дәстүрлі формалар мен әдістердің басым болуын түсіндіреді. Болашақ мамандардың кәсіби-шығармашылық дайындығының мәселелерімен О. А. Абдуллина, К. М. М±хамеджанов, Н. А. Томин, В. Н. Худяков, Т. П. Смолькина, В. В. Шахгулари, Р. Ш. Сыдыќова сияқты ғалымдар мен басқалар айналысты (15, 34, 38, 39, 40, 41, 81) . Өз зерттеулерінде олар болашақ маманды қажетті білімдер мен дағдылар көлеміне қоса, үнемі өз білімін жетілдіруге бағытталған ақыл-ой тереңдігі қасиеттері мен ой ұшқырлығы шығармашыл жекетұлға болуы керек дегенді атап көрсетеді.
Білім беру процесінің негізгі қарама-қайшылықтарының бірі - бұл студент қызметін педагогтік басқару мен оның өзін-өзі басқару арасындағы қарама-қайшылық. Біздің зерттеуіміз көрсеткендей, ЖОО педагогінің қызметінде студенттер қызметін қатаң өзара байланыстығын тікелей басқару әдістері басым болады. Бұл қарама-қайшылық тікелей басқарудың жанама және стратегиялық және де өзін басқаруға өтпейінше шешімін таппайды. Осыған байланысты, біздің ойымызша, жаңа жағдайлардағы білім беру процесінің талаптары мен педагогтің не білетіндігі, қолынан не келетіндігі, неге қабілетті екендігі арасындағы қарама-қайшылықтарды алып тастау елеулі маңызға ие болады. Бұның ЖОО оқытушыларының педагогтік шеберлігін жетілдіруінің, білімін көтеру жүйесінің қайта құрылуының, ЖОО әртүрлі бөлімдері басшылары тарапынан көмектің қажеттілігін керек ететіндігі табиғи нәрсе.
Мұғалім жекетұлғасының кәсіби қалыптасуын басқару, көрсетілген қарама-қайшылықтарды жеңу мақсатында И. Д. Лушников (125) төмендегідей жолдарды көрсетеді:
- бүкіл ЖОО-да білім беруді мамандыққа, мұғалім жеке тұлғасының қалыптасуына қайта бейімдеу;
- педагогтік білім беруді түбегейлі нығайту;
- мұғалімнің кәсіби дайындығының ілімі мен тәжірибесін теңестіру;
- мұғалім қалыптасуының жеке шығармашылық тәсіліне өту;
- мұғалімді мақсатты тапсырыс бойынша дайындау мүмкіндігі.
Білім берудің мақсатын көбінесе оның мазмұны мен құрылымы анықтайды, бірақ бұл жерде мақсаттарға пара-пар мазмұнды жасайтын және құратын өте күрделі жұмыстар талап етіледі. Өз жұмыстарында Адольф В. А, Белозерцев Е. П., Корнилов В. А, Лазерев В. С, Саранцев Т. И, Тхагопсоев Х. Т, Щетинин В. П. (126, 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133) жеке тұлғаны студентті дамытуға бейімделе отырып және керек болса педагогикалық білім берудің сапалық жағынан жаңа мақсаттарын жасай отырып біз оларға адъекватты оқу жоспарлары мен бағдарламалар мазмұнын қамтамасыз ете алмаймыз. Білім беру ілімі мен тәжірибесінің ең бір қиын мәселелерінің бірі жалпы мақсаттан жекеге өту болып табылады. Осындай өту барысында жеке тұлға маманының дамуы оның дайындығының мақсаты ретінде кәсіби білімдер және дағдылармен шеттетіледі. Мақсаттылық бүтіндік бағыттағы жүйенің дамуы тек сол барлық элементтерді өзіне бағындырудан, бүтіндік - бұл, керек десеңіз, бір элементтің өзі бүтіндік қасиетке ие болатын жүйе болғандықтан бұған жол беруге болмайды.
Осыған қарамастан тәжірибеде, ал кейде ілімде де ЖОО-дағы бір пәндердің оқытылу мақсаты жалпы мәдениет немесе дүниетанымды жасау, екіншілерінікі - арнайы білім мен дағдыларды, үшіншілерінікі, болашақ педагогтің мектептегі жұмысқа дайындығы болып табылады деген тұжырым, пікір әлі күнге дейін орын алуда. В. А. Сластениннің әділ ескертуі бойынша ойдың мұндай баяулығы жекетұлғаны бөлшектеп қалыптастыру мүмкіндігі туралы ғылымға қарсы көзқарастардан шыққан. Дегенмен ең теріс нәрсе қоғамның жекетұлғаның жаңа қасиеті -жасампаз адамды қажетсінетіндігіне келіп тірелетін осы заманғы педагог дайындығына барынша жаңа ыңғайлануды жете түсінбеуінде болып отыр. Мұндай жеке тұлға қасиеттер мен мінездемелердің жай жиынтығы емес, ол бүтін ұдайы дамушы білім беру, оның әлеуметтік және кәсіби ынтасын жасайтын логикалық орталығы мен негізі тұтынушы - мотивациялық болып табылады (134, 12)
Одан басқа пәндерді жеке дара оқыту меңгерілетін білімдер, дағдылар, тәсілдердің санада бөлектеніп сақталуына алып келеді. Осыған орай бұрын да және көп жағдайларда қазір де педЖОО-лардың бітірушілері өз мамандықтарын шын мәнінде тек білім беруші мекемеде жұмыс істеу барысында ғана игереді. Бұл жерде олар алған теориялық білімдерін практикалық мәселелерді шешу құралдары ретінде пайдалана алмайды. Білім беру саласында жұмыс істеуге ұмтылатын студенттер мектептің көп келбетті, болжап болмайтын және үнемі өзгерістегі әлеміне өздерінің дайын еместіктерін әйтеуір бір сезінеді.
Нәтижесінде, біз педагогикалық қызметке дайындалған емес, тек соны меңгерген түлекті ғана шығарамыз.
В. С. Лазерев пен Н. В. Коноплинаның пікірінше (129, 32), педагогикалық білім берудің мазмұнын және оның құрылымдануы әдісін өзгертпейінше, жекетұлғалық, бейімделуші білім беру жүйесін жасау әрекеттері ешқандай да бір елеулі нәтижелер бермейді. Олар педагогикалық университетте оқып, тәрбиеленген түлектер де кем дегенде іс-әрекеттің 4 түрінің: педагогикалық, инновациялық, ұжымдық, өзін басқару мен өзін дамытудың субъектісі болатындай қабілеттіліктерінің қалыптасуы керек деп есептейді. Олардың әрқайсысында мәселелердің белгілі бір типтері шешілуі тиіс, яғни сәйкес келетін қимылдар орындалуы тиіс. Педагог шешуге тиісті мәселелердің құрамы оқу-тәрбие процестік қажеттіліктері сияқты қолда бар мүмкіндіктерге де тәуелді болады. Егер студент оқытудың басында нағыз маман-педагог қандай болуы керек туралы түсініктер алмаса, білім алу барысында өзінде қабілеттер дамитындығын, осы үшін қандай мүмкіндіктер алатындығын білмесе, ол сол күйі пассивті оқытылушы болып қалады.
Жекетұлғалық-бейімделуші білім беру мәселесі педагогтың жеке басына деген ыңғаймен тығыз байланысты. Соңғы онжылдықтарда педагогикалық әдебиетте (Ш. А. Амонашвили, В. И. Журавлев, А. Т. Здровамыслов, И. Д. Лушников, А. В. Мудрин, В. П. Подвойский, И. И. Резвицкий, Л. И. Рувинский, В. А. Сластенин, Е. Н. Шиянов және басқалар (135, 136, 137, 125, 9, 138, 139, 140, 11, 141) ) педагогті кәсіби білімдер мен тәсілдер жағынан біржақты суреттеуден оны жекетұлға-маман ретінде суреттеуге өтудің прогрессивті тенденциясы байқалады. Мұғалім - адам, біздің уақытымыздың азаматы мен оның кәсіби білімдері, тәсілдері және дағдылары арасындағы бақыланатын айырмашылық жойылуы керек деп есептейтін В. А. Сластениннің жұмыстарында назар тек осыған ғана шоғырланады. (10, 11, 134), жоғары педагогикалық білім берудің мақсаты адам-азамат пен адам-маман арасындағы айырмашылықты жеңуден тұрады деп атап көрсеткен Е. Н. Шиянов та (144) дәл осындай көзқарасты айтады. Басқаша айтсақ, мәселе болашақ маманның жеке басы позициясы мен оның кәсіби білімдері мен тәсілдерін жоғары синтездеуді үйлестіруден тұрады. Бұл бірлік салалық категория емес, қайта болашақ маман - педагогтың жекетұлғасын қалыптастыру мақсатын айқындайтын ішкі құрылысы бүтін -сапалық жағынан жаңа білім беру.
Педагогикалық ЖОО-ның басқа ЖОО-дан ерекшелігі, мұнда кез келген ғылыми пән бойынша дәрістік сабақтардың, ең болмағанда екі міндетті қызметі: ғылыми ақпаратты беру (немесе оның меңгерілуіне қол жеткізу), және оқу процесін ұйымдастыруда ғылыми теория мен әдістеменің талаптарын шеберлікпен орындаудың шүбәсіз үлгісі болу (мысалы болашақ мұғалімге оқушылардың танымдық қызметін қалай басқару керек оларды нақты оқу пәніне қызығушылықты қалай тәрбиелеу керек басқа дидактикалық және тәрбиелік мәселелерді іс жүзінде қалай шешу керек) . Педагогикалық ЖОО жағдайында педагогикалық ғылымның өзі оқу жоспарының тек бір пәні ғана емес, сонымен бірге студенттермен бірге жүргізілетін бүкіл оқу-тәрбие жұмысы ұйымдастырылуының негізі, мұғалім дайындығына қатысты әр бір кафедра ұжымы қызметінің міндетті негізі болып табылатындығы күмәнсіз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz