Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері


ЖОСПАР
1-тарау. Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа
тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері
2-тарау. Бастауыш сынып оқушыларына музыка арқылы
патриоттық тәрбие берудің әдістемесі
патриоттық тәрбие берудің мүмкіндіктері
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Жеткіншектердің патриоттық тәрбиесі педагогикадағы аса бір күрделі де көпжақты мәселе. Ол интернационалдық тәрбиенің, ұлттық сана-сезім мен құндылық бағдарды, арман-тілекті қалыптастырудағы ерекше проблемалармен диалектикалық бірлікте болады.
Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық тәрбиесінің теориялық негіздері мәселелерін, яғни оқушыларды Отан туралы біліммен қаруландыру, патриоттық сезімін, азаматтық, адамгершілік-құқығын тәрбиелеу, мектеп ұжымдарында, сабақтарда және сабақтан тыс уақытта мінез-құлық дағдысын саяси мәдениетін қалыптастыру қарастырылады.
Бірқатар еңбектерде оқушылар патриотизмін халық педагогикасының ерлік дәстүрлері негізінде, майдангер жазушылардың еңбектері негізінде қалыптастыру мәселелері зерттеледі.
Педагогикалық зерттеулерде оқушыларды өнер арқылы патриоттыққа тәрбиелеу мәселелеріне де аса мән беріледі.
Музыка өнері арқылы оқушыларға оқу-тәрбие үдерісінде адамгершілік-эстетикалық, патриоттық тәрбие беру процесін ұйымдастыру мәселесіне де біраз назар аударылып жүр.
Музыка арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру мәселесі бүгінгі таңға дейін тәрбие теориясында да практикасында да өз деңгейінде зерттелмегендігін, нақтырақ айтқанда музыканың оқушылардың патриотизмін қалыптастырудағы мүмкіңдіктері анықталмағанын, бірегей жүйесінің жасалмағанын, тиімді әдіс-тәсілдерінің, ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың жасалмаған көрсетеді. Демек, оқушылардың патриоттылығын қалыптастыруға деген көзқарастың сұранысы мен мектептегі патриоттық тәрбиенің жағдайы арасындағы музыканың патриоттық тәрбиедегі мүмкіндіктерімен толық игерілмегендіктен және арнайы жасалған ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама-қайшылық анық байқалады. Осы айтылғандардың бәрін ескере, “ Бастауыш сынып оқушыларына музыка арқылы патриоттық тәрбие беру” деп таңдауыма негіз болды.
Зерттеу объектісі: оқушылардың патриоттық тәрбиесі.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларына музыка арқылы патриоттық төрбие беру үдерісі.
Зерттеудің мақсаты:
қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып
оқушыларына патриоттық тәрбие беруді теориялық тұрғыда дәлелдеу.
Зерттеудің міндеттері:
1 . Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық тәрбиесінің мәні мен мазмұнын ашып көрсету.
2. Бастауыш сынып оқушыларының музыка арқылы
патриотизмін қалыптастырудағы мүмкіндіктерін негіздеу.
3. Бастауыш сынып оқушыларының музыка арқылы
патриоттық тәрбие берудің педагогикалық шарттарын айқындау.
4. Бастауыш сынып оқушыларының музыка арқылы
патриоттық тәрбие беру әдістемесін жасау.
Зерттеудің көздері болып оқулықтары, шет ел және қазақстандық ғалымдардың (философтар, тарихшылар, педагогтар, психологтар, мәдениеттанушылар, әдебиеттанушылар) ғылыми еңбектері, мектептің оқу-тәрбие процесінің құжаттары, мұғалімдерінің қазақ халық музыкасы шығармаларын патриоттық тәрбиеде пайдаланудағы озық төжірибелері, сондай-ақ автордың жеке басының педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі саналады.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша ғылыми әдебиеттерге (тарихи, философиялық, филологиялық, әлеуметтану, психологиялық, педагогикалық) оқу-тәрбие процесі құжаттарына талдау жасау; бақылау, әңгімелесу.
Дипломның құрылымы: д иплом кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімі, қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, объектісі, пәні, міндеттері, теориялық негіздері, практикалық мәні мазмұндалады.
"Бастауыш сынып оқушыларына музыка арқылы
патриоттық тәрбие берудің теориялық негіздері"
атты бірінші тарауда "патриотизмнің” өзара байланысы зерттеудің теориялық негізі тұрғысында қарастырылады, бастауыш сынып оқушыларының патриоттық тәрбиесінің мазмұны, өзіндік психологиялық ерекшеліктері анықталады, музыка арқылы оқушылар патриотизмін қалыптастырудағы мүмкіндіктері айқындалады. Зерттеу проблемасының бүгінгі жағдайы баяндалады.
"Бастауыш сынып оқушыларының музыка арқылы патриоттық тәрбие беру әдістемесі" атты екінші тарауда сыныптан тыс тәрбие үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының музыка арқылы патриотизмін қалыптастырудың мазмұны, формалары мен әдістері негізделеді.
Қорытындыда зерттеудің нәтижелері, тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.
1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА МУЗЫКА АРҚЫЛЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру -психологиялық-педагогикалық көкейтесті мәселе
Қазіргі жаңа қоғам жағдайында адамгершілік бастамасының рөлі күннен-күнге артуда, әрбір адамның моральдық, адамгершілік бейнесіне, міңез-құлқына қойылатын талап та өсуде .
Мектеп ең алдымен, жан-жақты дамыған саналы азаматты дайындауды өзіне мақсат ете отырып, жас ұрпақтың ғылыми көзқарасы мен адамгершілігін қалыптастыру міндеттерін қояды. Жас ұрпаққа тәрбие берудің негізгі жолдары көптеген ғалымдардың еңбектерінде сараланады. Олар жастарға берілетін білім мен тәрбие жұмыстарының бәрі моральдық төрбие беруді көздеуі керек деген пікірді үстанады. Мораль туралы ілім, жеткіншектердің тәрбие теориясының әдіснамалық негізі болып табылады. Мемлекет ісіне деген берілгендік, Отанға, басқа мемлекеттерге деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адал еңбек ету, мектепте жеткіншектердің адамгершілік түрғыда қалыптасу процесінің негізгі бір саласы - патриоттық тәрбиенің жүзеге асырылуының басты бағытын айқындауға ықпал етеді.
Мораль бүкіл тәрбие процесінің негізі болып табылады және оның барлық қүрамды бөліктерін қамтиды. Ол, ең алдымен, халықтың сана-сезімінде жөне істерінде көрініс алады. Адамдарды белсенді еңбек пен қоғамдық іс-әрекеттерге талаптандыратын адамгершілік сезімдерінің ішіндегі аса бір әсерлі де тереңі патриотизм сезімі болып табылады. Ол идеялық сеніммен байланыста бола отырып қазақстан халқының еңбекке деген көзқарасынан, саналы тәртібінен, жауынгерлік ерліктерінен, өмірі мен іс-әрекеттерінің басқа да саласынан көрініс алады. Бұл, өз кезегінде, бүгінгі танда жеткіншектерде патриотизм сезімін тәрбиелеуде жалпы білім беретін мектептің алдында тұрған жетекші міндетті айқындайды, қоғамдық идеяларды оқушылардың жеке басының сеніміне айналдыруға, жаңа қоғамдық құрылыс мүддесіне сай әрбір тұлғаның тіршілік әрекетін одан әрі қамтамасыз етуге итермелейді.
Нагыз азамат - патриот өзінің Отан алдындағы борышын сезінеді. Әртүрлі мәдени-материалдық құндылықтарды жасауда оның қоғам үшін, өзінің жеке басы үшін маңызын жақсы түсінеді. Өткен ұрпақтың тәжірибесін танып білуге, құнды дегеннің бөрін сақтауға, сонымен қатар қоғамды қайта құруда өз үлесін қосуға, озық тәжірибесін келешек ұрпаққа жеткізуге талпынады.
Бүгінгі таңда жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің мазмұны көптеген галымдардың зерттеу пәні болып табылады . Олар «патриотизм» ұғымының пайда болуы мен дамуын, адамның патриоттық санасын жөне патриотизмге тәрбиелеудің формалары мен әдістерін қарастырады.
«Патриотизм» ұғымының мазмұнын айқындай отырып, оның анықтамаларына аса мән бердік. Қазіргі философиялық, саяси және педагогикалық әдебиеттерде «патриотизм» (грек тілінен аударғанда Отан, Отанға деген сүйіспеншілік, өз халқына деген сүйіспеншілік деп түсіндірілсе, үлкен энциклопедияда, «патриотизм - Отанға деген сүйіспеншілік, оған берілгендік, өзінің әрекеттерімен оның мүддесі үшін қызмет етуге ұмтылу» деп анықтама беріледі. Осы анықтамаларда бірінші кезекте, адамның қоршаған болмысқа деген қарым-қатынасы арқылы байқалатын эмоционалдық-сезімдік ұғым көрініс алады. Бәлкім, педагогикалық әдебиеттерде патриотизм сезіміне тәрбиелеу деген түсініктің жиі кездесетіні де осымен түсіндірілетін шығар. Алайда адамның қоғамдағы өмірі нақты әрекеттермен, мінез-қүлық ережесімен, адамдардың өзара қарым-қатынасымен байланысты.
«Философиялық сөздікте» патриотизм адамгершілік және саяси принцип ретінде, әлеуметтік сезім мазмүны отанға деген сүйіспеншілік болып табылатын, оған берілгендік, оның кешегі және бүгінгісі үшін мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға ұмтылуымен анықталады». Осы анықтамада ұғымның әлеуметтік мәні анық байқалады. Оның негізін қоғамдық принцип, мінез-қүлық ережесі құрайды. Сезімдік жағы қоғамдық қүбылыс ретінде, қоғамдық дамудың бүгінгісі ғана емес, ертеңі де және өткені де қозғау болып қарастырылады. Анықтамада патриотизмнің мінез -қүлықтық факторының рөлі ерекше атап көрсетіледі, өйткені қоғам мүддесіне адамның нағыз патриоттық сезімдері тек оның белсенді әрекеті арқылы көрінеді.
«Этикалық сөздікте» бұл ұғымға анықтама анағұрлым толығырақ беріледі: «Патриотизм - адамдардың өзінің еліне көзқарасын сипаттайтын қоғамдық және адамгершілік принципі, белгілі бір әрекеттерде және қоғамдық сезімдердің күрделі жинағында, әдетте Отанға деген сүйіспеншіліктен байқалады». Бұл анықтамада патриотизмнің қоғамдық - адамгершілік саласының жетекші ролі, оның әлеуметтік мәні көрсетіледі.
Қазіргі таңдағы философиялық және педагогикалық әдебиеттерге сүйенсек, патриотизм тұлғаның адамгершілік қасиеті ретінде қарастырылады. Оның мазмұнын мәнін аша отырып, бірінші орынға эмоционалдық компонентті қояды: отанға, өзінің халқына, туған табиғатына деген сүйіспеншілік.
Бірқатар ғалымдар «патриотизм» ұғымы аясында оның әрекеттік және интеллектуалдық компоненттерін бөліп қарастырады, сонымен бірге патриотизм қасиетінің басты ерекшелігіне тоқталады: өзінің Отанын қорғауға, бейбітшілік үшін күреске даяр болу, сенімнің түрақтылығы, халықтың еңбекке деген ынта-ықыласы.
Патриотизмнің ерекше белгілерін «Туған өлке», «Еңбек», «Интернационализм», «Бейбітшілік үшін күрес» тақырыптары төңірегінде топтастырады және осы ұғымды эмоционалдық-сезімдік және іс-әрекеттік жақтарының бірлігі тұрғысында қарастырады:
Туган өлке - туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілік; туған елге(халыққа), оның мәдениетіне, алдыңғы қатарлы дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік.
Азаматтық - қоғамдық өмірдегі өзінің рөлін жете түсіну (ұғыну) ; мемлекеттік мүддені қорғау; өзінің әрекеттері үшін халық алдындағы жауапкершілік;
Еңбек -
жаңашыл әрекеттерді қажетсіну, интеллектуалды еңбекті
қажетсіну; дене еңбегін қажетсіну; халықтың еңбек дәстүрін мақтан
түту.
Интернационалдық - дүниежүзіндегі барлық халықтардың теңдігін мойындау; ұлттық және ұлтаралық диалектикалық бірлікті саналы түрде түсіну; жаңа қоғамды құру барысында ортақ мақсатқа жетудегі достық, ынтымақтастық және өзара көмек; өзі мемлекетінің күш-куатын жете түсіну; халықтарға, басқа ұлттарға тілектестікпен, қайырымдылықпен қарау;
Бейбітшілік үшін күрес - дүниежүзінде соның ішінде, өзінің мемлекетінде бейбітшілікті қорғауға бағытталған белсенді әрекет.
Патриотизм қоғамдық маңызы күрделі құбылыс ретінде тұлғаның идеялық-адамгершілік құрымында жетекші орын алады және патриоттық сезімдердің тығыз бірлігінде, адамның басқа адамдарға және олардың түрлі іс-әрекеттеріне, қоғамға, оның өткенімен бүгініне, табиғатқа, мәдениетке, салт-дәстүрлерге деген көзқарасында көрініс алады. Ол Отан, туған өлке, көрнекті адамдар туралы терең білімге негізделеді, Отан алдындағы парыз бен жауапкершілікті жете түсінуде белсенді іс-әрекетті қоғамның пайдасына шешеді деп, ой тұырымдауымызға мүмкіндік береді.
Патриотизм ұгымының құрылымы эмоционалдық-сезімдік, саналылық (интеллектуалдық) және мінез-қүлықтық (әрекеттілік) бағыттардың өзара бірлігінде көрінеді. «Тірі пайымдаудан абстрактылы ойлауга және одан тәжірибеге» деген тарихи қағидаға сүйене отырып, патриотизмге тәрбиелеу адамның басқа адамдармен қарым-қатынас үдерісінде алған білімінің, өмірлік тәжірибесінің негізінде жүзеге асырылады деуге болады. Мұны былайша түсіндіруге болады, әдетте, адам алдымен белгілі бір зат немесе құбылыстар туралы нақты деңгейде білім алады, соның негізівде онда нақты түсінік пайда болады, ол туралы ұғымдары қалыптасады. Түсінік өз кезегінде адамның берілген затқа немесе құбылысқа белгілі көзқарасын туындатады, ал бүл болса патриоттық сезімді қалыптастырудың басты кезеңі болып саналады. Демек, патриоттық тәрбие Отан туралы білімнің бірлестігін, оған деген сүйіспеншілік сезімді, өзінің барлық әрекеттерін оны өркендетуге бағыттаудағы талпынысын көрсетеді.
Сонымен бірге патриотизм адамның әртүрлі іс-әрекеттерінің жиынтығын көрсетеді, оған осы іс-әрекеттің саласы ретінде көрініс алатын қоршаған ортаға деген көзқарас себеп болады деп дәлелдейді, оқу-тәрбие үдерісінде оқушыларды музыкалық шығармаларға баулуда, саяси-идеялық бағытты күшейте түсу қажеттігіне көз жеткізеді.
Сезім - адамның кейбір заттарға немесе болмыстық құбылыстарға тұрақты және өзіндік көзқарасы. Осыларды негізге ала отырып, патриоттық сезімдер адамның тіршілік әрекетінің негізі болып табылатын қоршаған ортаның әртүрлі объектілеріне деген әсерді білдіреді деуге болады.
«Тұлғаның қасиеттері - білімге, өмір тәжірибесіне, оны терең сезіігуге байланысты жинақталған, оның өзіне тән ерекшеліктерінің түрақты жиынтығы. Тұлғаның қасиеттері жеке қасиеттермен, ерекшеліктермен шектелмейді. Олар бір тұлғаның екіншісінен айырмашылығына толық мінездеме береді. Демек, патриотизм тұлғаның қасиеті ретінде оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасын сипаттайтын қасиеттер жиынтығын ұсынады.
Демек, патриоттыц тәрбие үдерісі мынадай бағытта жүзеге асырылуы қажет деуге болады: оқушыларға патриоттық білім беру, дүниетанымдық сенімнің, белсенді іс-әрекеттің негізінде төрбиеленушілердің нақты немесе жалпылама қорытындыланған объектілерге және болмыстағы құбылыстарға тұрақты, жағымды көзқарасын қалыптастыру және білімді пайдалану. Яғни, тәрбие үдерісінің негізін тәрбиеленушілердің Отан туралы, оған деген сүйіспеншілік сезімі оны көркейтуге өзінің барлық әрекетін бағыттаудағы талпынысы туралы білім бірлігінде көрініс алған білімі, адамгершілік сезімі жөне белсенді іс-әрекетінің жиынтығы құрауы керек. Патриоттық тәрбиеге осындай көзқараста болу патриоттық тәрбие үдерісінің нақты мазмұнын анықтауға, тәрбие үдерісінің жолдарын, құралдары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, жастарды азаматтық, патриоттық борышын орындауға дайындау мәселелеріне үлкен мән береді. Жастардың жұмысын, оқуын болмыспен, елдің өмірімен, халықтың жасампаз еңбегімен тығыз байланыста ұйымдастыру қажеттігіне тоқталады.
Қазақстан Республикасының Егемендігі жағдайында «қазақстандық патриотизм» ұғымы мемлекет саясаты мен идеологиясының жаңа парадигмасы ретінде қарастырылатын ерекше құнды мәнге ие болуда. Оның пайда болуы мен бекуі Қазақстан тәуелсіздігінің нығаюы мен күшеюіне байланысты. Өйткені өз азаматтарына патриотизмді қажет етпейтін бірде-бір мемлекет болған емес және болмайды да.
Егемендік пен тәуелсіздікке ие болу жағдайында Қазақстан қоғамында «жалпықазақстандық патриотизм», «ұлттық патриотизм», «қазақстандық патриотизм» ұғымдары жиі пайдаланылады.
Жалпықазақстандық патриотизм - Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлт өкілдерінің Қазақстанды өздерінің ұлттық Отаны деп қабылдауы.
Ұлттық патриотизм, деген өз ұлтының, мәдениеті мен әдебиетінің тілі мен ділінің, салт-дәстүрлерінің бәріне бірдей екенін сезіну, жерінің Қазақстан екенін жете түсінуіне байланысты.
Ұлттық патриотизмді қалыптастыруда «отан», «атамекен», «ел-жұрт», «азаматтық борыш», «ар-намыс», «адалдық пен әділдік», «ұлттық парыз» сияқты қүндылықтар негіз болған. Мысалы қазақ халқы туып өскен жерін, ата- анасының жерленген жерін ерекше қадір тұтқан, қай жерде болмасын олардың басына келіп, құран оқытып, бата жасатып тұрған, мүмкіндігінше туған жерден кетпеуге тырысқан. Оны «Отан оттан да ыстық», «Басқа елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», «Ер өзі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақал-мәтелдерден - ақ көруге болады. Халық балалар мен жастарға өз Отанын, туған елін, халқын, ана тілін, салт-дәстүрін терең сезіммен сүйе білуге баулыған. Әркімге өзінің туып-өскен жері қымбат болатынын «Ер елінде, гүл - жерінде», «Ел іші - алтын бесік», «Елінен безген ер оңбайды» деп ескертіп отырған. Яғни, өз болмыс-бітімін Отанынан жеке бөліп қарамаған. Отанын, елі мен жерін өзінің туған анасындай құрметтеген.
Отанға деген сүйіспеншілік арқылы адамның бойында патриоттық сезімді туындатқан. Оның аясында азаматтық парыз, борыш көрініс алған. Халық жеткіншектерден өз елін, жұртын, Отанын қызмет етуді, азаматтық борыш деп санаған. Отан мен халық алдында борышын адал орындай білген адамды сана сезімі, дарын-қабілеті жетілген адам деп қабылдаған.
Жалпыұлттыц патриотизм деген, өзін туған елінің бір бөлігі ретінде сезінуі. Жалпықазақстандық патриотизм болса, ол өз Отанына деген сүйіспеншілікпен қатар, қазақстанды мекендейтін ұлт өкілдеріне деген сыйластық сезімді білдіреді. Яғни, басқа халықтарға деген құрмет сезімді, бүкіл адамзат түсінігінен ізге орын алатын Отанға деген сүйіспеншілікті білдіреді.
Қазіргі жағдайда жалпықазақстандық патриоттық тәрбие мынадай негізгі бағыттарды қамтиды: егеменді елдің жаңа идеологиясын жасау; азаматтардың осы идеологияны терең меңгеруіне; мемлекеттік қоғамдық ұйымдар тарапынан патриоттық тәрбие жұмысын жүйелі түрде жоспарлау және оның тиімділігін бақылау; патриоттық тәрбие саласында жинақталған тәжірибені зерделеу және оны тарату; әрбір Қазақстан азаматының бойында патриоттық сана-сезімін тәрбиелеу, жалпыұлттық мақтаныш сезімін тәрбиелеу; Отан мүдделерін қорғауда жауапкершілік пен патриоттық парыз сезімін қалыптастыру; ел азаматтарын шовинизмге, экстремизмге қарсы күресе білуге тәрбиелеу болып табылады.
Президенттің стратегиясында қазақстандық патриотизм идеясы халықтың бірыңғай азаматтығын қалыптастырумен тығыз байланыста қарастырылады.
Президент Н. Назарбаевтың республиканың әлеуметтік экономикалық перспективасын болжауға бағытталған «Қазақстан-2030» жолдауы қазақстандық патриотизмді орнықтыруға қолайлы жағдай жасайды. Жолдау халықтың көкейінде болашаққа деген сенімді ұялатады, қоғамды белсендендірудің факторы ретінде қызмет атқарады.
Жолдауда Қазақстан елінің міндеті: ұлттық бірлікті нығайту, әлеуметтік әділеттілікті орнату, халықтың экономикалық әл-ауқатын, тәуелсіздігін, көркейту, саяси түрақты мемлекетті қүру деп атап көрсетілген.
Жолдауда қазақстандықтардың патриоттық көзқарасының кеңестік дөуірдегіден едәуір ерекше екендігі, бүгінгі өмірде демократиялық құндылықтар басым екендігі, оған ұлттық мәдениетінің, ұлттық психологияның жандауы оған ерекше сипат беретіні мазмұндалады.
Қазақстандьіқ патриотизм азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің бірлесе атқарған іс-әрекеттері арқылы қалыптасады. Қазақстаннның өзінің Елұраны, Елтаңбасы, Туы.
Ұлы Отан соғысы мен бейбіт өмірдегі «Желтоқсан» қозғалысының да рөлі ерекше.
Еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен айтқанда: «1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетті. Жастар кез келген ұлтқа тән ұлттық мақтаныш сезімдерін қорлауға жол бермейтінін өз халқының атынан ашық мәлімдеді». Бұның бәрі қазақ жастарының ұлттық намысының, патриоттық сана-сезімінің туған елге, Отанға деген сүйіспеншілігің жоғары екенін дәлелдейді. Тәрбиенің басты мақсаты, адамдардың адами қасиеттерін ұлттық санасын, идеялылығын, ғылыми дүниетанымын, рухани көзқарасын қалыптастыру болып табылады.
Патриоттыц тәрбие теориясына педагогика классиктері мен қоғам қайраткерлері айтарлықтай үлес қосты. Патриоттық тәрбие - идеялық-тәрбие жұмыстарының маңызды бағыттарының бірі екендігін, оның негізін мектепте қалыптастыру қажеттігін кезінде Н. К. Крупская өте орынды айтып кеткен. Ол патриоттық және интернационалдық тәрбиенің өзара байланыстары туралы мәселелерге де кеңінен бойлаған.
А. С. Макаренко болса жас ұрпаққа тәрбие берудің әртүрлі аспектісін қарастырған, мектепті өмірмен байланыстырған, патриоттық тәрбие беруде қоғамдық пайдалы еңбекке аса мән берген. Патриоттық тәрбие дегеніміз «социалистік қоғамның белсенді қайраткерін тәрбиелеу, шыныққан, революцияға берілген, мейірімді де қатал қайраткерлердің көптеген ұрпағын тәрбиелеу» деп түсіндірген.
В. А. Сухомлинский: «Кеңестік патриотизм күрделі ұғым. Ол социалистік қоғамда үстемдік етуші, саяси идеялардың мызғымас бірлігі, коммунистік адамгершілік сенімділік, совет адамдарына тән жаңа сезімдер, олардың батырлық ерліктері мен батылдық істері болып саналады. Советтік патриотизм адам тұлғасының барлық жақтарын -оның санасын, сезімдерін, ерік - жігерін қамтиды» - деп ой түйіндеген.
«Патриоттық көзқарастармен сенімділікті қалыптастыруда сана мен мінез-құлықтың бірлігін қамтамасыз ету қажеттігін» айта келіп, оқушылардың белсенді практикалық іс-өркеттеріне, олардың тәжірибесіне социалистік құрылысты қосып, орасан зор мән берген.
Патриоттық тәрбие еңбек тәрбиесімен де өзара тыгыз байланысты, өйткені, «еңбек әрекеті патриоттық сана мен сезімді жүзеге асырудың негізгі формасы қызметін атқарады» .
Патриоттық тәрбиенің эстетикалъщ тәрбиеге жақындығы сол, көркем өнер туындылары болмыстың бейнесі, тұлға сезімінің нақты бір көрінісі болып саналады, өмір тәжірибесін берудегі формасы қызметін атқарады. «Балалардың ақыл-ой тәрбиесін меңгертілетін құбылыстағы сұлулық сырын ашып көрсетпей, еңбек тәрбиесін, еңбектің мазмұны мен үдерісіндегі әдемілікті танып білмей, адамгершілікті - әдемі мінез-құлықты қалыптастырмай көз алдыға елестету қиын.
Бастауыш сынып оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу үдерісінің өзіне тән ерекшілігі бар. Мектепке дейінгі жылдары бала кейбір эмоционалдық және адамгершілік тәжірибесін меңгерумен бірге, онда мінез-құлықтың белгілі бір ерекшеліктері пайда болады, жеке тұлғаның қасиеттері қалыптаса бастайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz