Балалар психологиясы ғылымының теориялық негіздемесі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
ІІ Негізгі бөлім
І Балалар психологиясы ғылымының теориялық негіздемесі ... ... ... ... ... ... .3.5
1.1. Балалар психологиясының педагогикалық.психологиялық
негіздемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6.9
1.2. Балалар психологиясына үлес қосқан ғалымдардың еңбектеріне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10.12
1.3. Балалар психологиясы дамуына үлес қосқан ғалымдар
ІІ Балалар психологиясы ғылымының әдістемесі
2.1. Балалар психологиясы ғылымын дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... 13.17
2.2. Балалар психологиясы ғылымының тәжірибелік әдістемесі ... ... ... ..18.20
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Ү Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23.27
Біздің елдегі балалар психологиясы дамуының негізін зерттеген П.П.Блонский мен Л.С.Выготский 30-жылдары кезеңге бөлу мәселесіне ерекше назар аударды. Өкінішке қарай, сол уақыттан бері аталған мәселе бойынша іргелі еңбектер болмады.
П.П.Блонский психологиялық даму процесінің тарихи құбылмалылығын және тарихи даму барысында балалық шақтың жаңа кезеңдерінің пайда болатындығын атап көрсетті. Ол былай деп жазды: "Қазіргі заманғы адам дамудың жағымды әлеуметтік жағдайында алдындағы тарихи кезеңдердегі адамдардан жылдам және ауқымды түрде дамиды. Сөй-тіп, балалық шақ - мәңгілік өзгермейтін құбылыс емес: ол жануарлар әлеміндегі даму кезеңінде басқаша, ол адамның тарихи даму кезеңінде басқаша орын алады. Дамудың экономикалық және мәдени шарты жағымды болған сайын даму екпіні де жылдамдай түседі" (1934, 326-6.). Ары қарай: "Сөйте тұра, жастық шақ, яғни жыныстық түрғыдан өсіп-жетілгеннен кейінгі өсу мен дамудың жалғасуы мүлдем жалпыға ортақ игілік емес: дамудың қолайсыз жағдайындағы елдерде және қоғамдық топтарда өсу мен даму жыныстық тұрғыдан жетілген кезеңмен шектеледі. Сөйтіп, жастық шақ мәңгілік құбылыс емес, бірақ кейінірек, тарихтың көз алдында дерлік адамзат меңгерген кезеңді құрайды"
П.П.Блонский бала дамуының барысы туралы таза эволюциялық пікірге қарсы болған. Оның пікірі бойынша, бала дамуы, ең алдымен, шұғыл өзгерістер, секірістермен бірге жүретін сапалық қайта құрулар процесі. Ол бүл өзгерістер "кенеттен, жылдам жүруі де және ақын, бәсең жүруі де мүмкін. Шартты түрде бір-бірінен азырақ немесе көбірек шұғыл дағдарыстармен ерекшелінетін уақыты балалық өмірдің кезеңдер және уақыт сатылары деп атайық. Сонымен қатар, бір-бірінен бәсең шектелген балалық шақ кезеңдерін шартты түрде фазалар деп атайық" [4. 18-19б].
1. М.М. Мұқанов. «Психология.» « Адамзат ақыл- ойының қазынасы» Алматы, 2005ж І –том.
2. С.Жақыпов, С.Бердібаева « Адамзат ақыл -ойының қазынасы» 2005ж. Алматы ІІ том..
3. С.Жақыпов, С.Бердібаева « Адамзат ақыл -ойының қазынасы» 2006 ж. Алматы ҮІ том..
4. Д.Б.Эльконин. «Избранные психологические труды» – Москва . Педогогика 1989 г.
5. С. Жақыпов . С. Бердібаева «Психология» « Адамзат ақыл- ойының қазнасы» Алматы. 2005ж.. ІІІ том.
6. А.Н. Леонтьев. «Дятельность» Сознание М. 1995г

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

ІІ Негізгі бөлім
І Балалар психологиясы ғылымының теориялық
негіздемесі ... ... ... ... ... ... .3-5
1.1. Балалар психологиясының педагогикалық-психологиялық
негіздемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6-9
1.2. Балалар психологиясына үлес қосқан ғалымдардың еңбектеріне
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10-12
1.3. Балалар психологиясы дамуына үлес қосқан ғалымдар

ІІ Балалар психологиясы ғылымының әдістемесі
2.1. Балалар психологиясы ғылымын дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... 13-17
2.2. Балалар психологиясы ғылымының тәжірибелік әдістемесі ... ... ... ..18-
20

ІІІ
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..21

ІҮ Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..22

Ү
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 3-27

Кіріспе
Біздің елдегі балалар психологиясы дамуының негізін зерттеген
П.П.Блонский мен Л.С.Выготский 30-жылдары кезеңге бөлу мәселесіне ерекше
назар аударды. Өкінішке қарай, сол уақыттан бері аталған мәселе бойынша
іргелі еңбектер болмады.
П.П.Блонский психологиялық даму процесінің тарихи құбылмалылығын және
тарихи даму барысында балалық шақтың жаңа кезеңдерінің пайда болатындығын
атап көрсетті. Ол былай деп жазды: "Қазіргі заманғы адам дамудың жағымды
әлеуметтік жағдайында алдындағы тарихи кезеңдердегі адамдардан жылдам және
ауқымды түрде дамиды. Сөй-тіп, балалық шақ - мәңгілік өзгермейтін құбылыс
емес: ол жануарлар әлеміндегі даму кезеңінде басқаша, ол адамның тарихи
даму кезеңінде басқаша орын алады. Дамудың экономикалық және мәдени шарты
жағымды болған сайын даму екпіні де жылдамдай түседі" (1934, 326-6.). Ары
қарай: "Сөйте тұра, жастық шақ, яғни жыныстық түрғыдан өсіп-жетілгеннен
кейінгі өсу мен дамудың жалғасуы мүлдем жалпыға ортақ игілік емес: дамудың
қолайсыз жағдайындағы елдерде және қоғамдық топтарда өсу мен даму жыныстық
тұрғыдан жетілген кезеңмен шектеледі. Сөйтіп, жастық шақ мәңгілік құбылыс
емес, бірақ кейінірек, тарихтың көз алдында дерлік адамзат меңгерген
кезеңді құрайды"
П.П.Блонский бала дамуының барысы туралы таза эволюциялық пікірге
қарсы болған. Оның пікірі бойынша, бала дамуы, ең алдымен, шұғыл
өзгерістер, секірістермен бірге жүретін сапалық қайта құрулар процесі. Ол
бүл өзгерістер "кенеттен, жылдам жүруі де және ақын, бәсең жүруі де мүмкін.
Шартты түрде бір-бірінен азырақ немесе көбірек шұғыл дағдарыстармен
ерекшелінетін уақыты балалық өмірдің кезеңдер және уақыт сатылары деп
атайық. Сонымен қатар, бір-бірінен бәсең шектелген балалық шақ кезеңдерін
шартты түрде фазалар деп атайық" [4. 18-19б].

І Балалар психологиясы ғылымынфң теориялық негіздемесі.
1.1 Балалар психологиясының педагогикалық-психологиялық негіздемесі.
Ж. Пиаженің зерттеулері баланың сөйлеуі мен ойдауы туралы
және оның логикасы мен дуниетануы туралы ілімнің дамуында тұтас дәуірді
кұрайды. Олардың тарихи мәні өте зор. _
Ж. Пиаже өңдеп ғылымға енгізген баланың сөйлеуі мен ойлауын клиникалық
зерттеу әдісінің көмегімен балалар логикасының ерекшеліктерін әдеттен тыс
батылдыкден, тереңдікпен және кең тұрғыда жуйелі зерттеуді -тұңғыш рет
мүлдем жаңа сипатта жургізді.
Пиаже бұл мәселені сапалық тұрғыда карастырады. Баланың ойлауының
жетілуін белгілі санды қосып, азайту нәтижесінен көрген кезде, енді бізге
бұл жетілу бала ақылының өз сипатын аздап болса да өзгертуден деп
көрсетеді.
Баланың ойлау мәселесін сапалық тұрғыда қою Пиажені бұрын үстемдік
еткен бала ақылының жағымды сипаттау тенденциясына карама-қарсылыққа алып
келді деп айтуға болады. Дәстүрлі психология үлкендердің ойлауынан
ажыратып тұратын кемшіліктерден, акаулардан кұралатын бала ойлауын жағымсыз
сипатта карастырса, Пиаже бала ойлауының сапалық өзгешелігін оның жағымды
жағынан ашуға тырыстын. Бұрын үлкендермен салыстырғанда балада не жоқ, оған
не жетіспейтіндігі туралы білгілері келді, және бала ойлауының
ерекшеліктері оның абстрактілі ойлауға, түсініктерді құруға, мағыналарды
біріктіруге т.б. өз ойын қорытуға қабілетсіздігімен анықталды.
Ж. Пиаже өз кітабында Ж.Ж. Pyccонның -ның: бала деген — бұл кішкентай
ересек адам емес, ал оның ақыл-ойы ересек адамның кішкене ақылы емес деген
пікірін келтіреді, міне, осы пікір арқылы Пиаженің жасаған жаңа да үлы,
күнделікті де қарапайым көптеген жаңалықтарын, табыстарын сипаттауға
болады. Бала ойлауына қосымша болып келетін осы бір шындықтың астарында
мәні қарапайым даму идеясы жатыр, Осы карапайым идея Пиаженің зерттеулеріне
ұлы жарық сәуле таратады.
Ж.Пиаже осы катерлі екі жақтылықган ете оңай тәсілмен кашып кұгылуға
тырысады. Ол фактілердің өте тар шеңбері аясында тұйықталғысы кетеді. Оның
фактілердең. баска еш-теңені білгісі келген жоқ. Ол саналы түрде
жалпылаудан, әсіресе логика, таным теориясы және философия тарихы сияқты
іргелес аймақтарға барудан, осы мәселе шегінен шығудан кашады. Ол үшін ең
сенімдісі таза эмпирика негізі болды.
Ж.Пиаже өз еңбектерінде "бұл зерттеулер, ең, алдымен, фактілер мен
мәліметтер жинау болып табылады, Біздің жұмысымыздың әр түрлі тарауларының
бірлігін арнайы мазмұндау жүйесі емес, бірыңғай әдіс баяндайды", — дейді.
Бұл біздің жұмыстардағы ең кұнды жері. Э"Клапаредтің пікірінше, жаңа
фактілерді табу, психологиялық фактілердің ғылыми мәдениеті, оның жан-жақты
талдануы, материалдарды топтастыру, тыңдай білу — осының барлығы Пиаженің
зерттеулерінің бағалы жағы.
Балалар психологиясына бұрынғыны толықтырып, жаңа жолдар ашатын ірілі-
уақты, бірінші және екінші көлемді фактілер Пиаженің еңбектерінен келді.
Ж.Пиаже жаңа фактілерді табуда, ең алдымен, өзі енгізген жаңа клиникалық
әдіске сүйенді. Бүл әдіс, шынында да, Пиаженің әр түрлі фактілі
зерттеулерін бір жүйеге келтіріп, баланың ойлауы туралы өмірлік мәні зор
мәселелердің туындауына түрткі болды.
Ж.Пиаженің еңбектеріндегі баланың сөйлеуі мен ойлау мәселелеріне сыни
зерттеуіміз осы жолды ұстауы керек. Пиаженің мазмұнды әрі өте көп
зерттеулерінің негізінде жаткан күрделі кұрылысты біріңғай көзбен камтуға
тырысқан оқырмандар үшін автор өзінің зерттеулерінің; жүру барысы мен
нәтижелерін баяндайтын жол жарамсыз. Ж.Пиаже өзінің баяндауларында
жүйеліліктен саналы түрде қашады. Ол өзі үшін фактілерді таза зерттеу болып
табылатын мәліметтерінің арасында байланыстылық жоқтығына қатысты өзіне
келетін кінәлау сөздерден де қорықпайды. Пиаже бала ойлауының әр түрлі
нақты фактілі ерекшеліктерін ертерек (алдын ала) бірыңғай жүйемен қамтудан
сақтандырады және өз сездері бойынша негізгі тұрғыда күрделі жүйелі
баяндаудан, әсіресе бала психологиясы шеңберінен тыс жалпылаудан өзін бөлек
ұстайды. Оның ойьшша, педагогтер үшін және баланың психологиясын толық
білуге байланысты іс-әрекет етуші адамдар үшін теория емес, фактілердің
талдауы өте қажет. Тек өзінің зерттеулерінің соңына қарай жинақтап беруге
тырысып көруге сөз береді, себебі онсыз соңғыларды бұрмалауға ұмтылыс болуы
мүмкін дейді [1.45-78б].

1.2 Балалар психологиясына үлес қосқан ғалымдардың еңбектеріне
сипаттама.
1. Еңбек 1934ж. жарық корді. Л. С. Выгостский бұл туындыда ғылыми
шығармашылығында қорытынды жасап, сонымен қатар жаңа перспектива белгілеуі
арқылы ерекше танымал болды.
Тұтастай алғанда,”Ойлау мен Сайлау” Л.С.Выгостскийдің біріктірілген
мәселелер,әдістемелер мен нәтижелердің шешімі бар аяқталған туындылар
жиынтығының мақалалары. Бірінші Ойлау мен cөйлеудің генетикалық түп-
тамыры атты еңбегі баспадан шықты. Бұл В.Келердің антропоидтардың
интеллекті мәселелерімен байланысты жұмысы атты мақаласы автордың өзіне
қатысты маңызды мәселеге - Келердің негізгі көзқарастарын мәдени-тарихи
теориясының негізгі қағидалары тұрғысынан талдауға арналды. Бұл мақала
Ойлау мен сөйлеуеңбегінің төртінші тарауын құрады. Ал бұдан ертерек
басылған Л.С.Выготскийдің Ж.Пиаже іліміндегі баланың ойлауы мен сөйлеуінің
мәселелері деген мақаласы Ойлау мен сөйлеу атты шығармасының екінші
тарауына енді. Пиаже теориясының талдауы Л.С.Выготский үшін Келер жұмысының
талдауындай аса маңызды болды. Келесі бесінші тарауындағы Ұғымдар дамуын
эксперименттік зерттеу Л.С.Выготскийдің шәкірті Л.С.Сахаровтың Ұғымдарды
зерттеудің әдістері туралы еңбегіне және Л.С.Выготскийдің 20 мамыр 1933 ж.
Ленинград Педогогика институтында Мектептік кезеңдегі тұрмыстық және
ғылыми ұғымдардың дамуы еңбегінің қалған тараулары, Выготскийдің алғы
сөзінде атап өткеніндей, 1934 ж. осы кітапқа алғаш рет аяқталған түрде
арнайы жазылған. Бұл туынды 1956 ж. баспадан қайта өңделіп шықты. 1962 ж.
бұл кітап ағылшын тіліне аударылып, Дж. Брунердің алғы сөзімен және
Ж.Пиаженің қорытынды сөзімен (соңғы сөзімен) АҚШ-та басылып шықты. Содан
бері бұл кітап көптеген шетел тілдерінде бірнеше рет басылып шықты.
Қазіргішығармалар жинағы А.Н.Леонтьев пен А.Р.Лурия және Г.Л.Выгодскаяның
(Л.Выготскийлің қызы) дайындауымен шыққан 1956 ж. басылымына негізделген.
2. Вюрцбург мектебі – ХХ ғасырдың басында Вюрцбург қаласында (германия)
құрылған ойлаудың психологиясын зерттеудің бағыты. Негізін қалаушылар –
О.Кюльпе және оның танымал өкілдері Н.Ах пен К.Бюлер философиялық тұрғыда
Ф.Брентано мен Э.Гуссерльдің феноменологиясына сүйенді. Психологиялық
тұрғыда ХІХ аяғында билік құрған ассоцианизмге, яғни олардың ойлау
ассоциация заңы мен елестер кешені дегеніне қарсы шықты. Философиялық-
әдіснамалық алғышарттары бойынша Вюрцбург мектебі Выготскийден әлдеқайда
алшақ болды, ал онда жасалған нақты әдітер оған едәуір әсерін тигізді. Бұл
әсіресе Н.Ахтың әдістемесіне қатысты.
Л.С.Выготскийдің психология ғылымында ерекше орын алатын теориясы – бала
дамуының жақын арадағы аймағы деп аталады. Бұл теориясының түпкі мәні –
баланы тәрбиелеп оқыту, оған білім беріп, дүниетанымын қалыптастыру үнемі
оның табиғи даму деңгейінен оздырып отыруды талап етеді. Мұндай талап,
біріншіден, баланың психикасын, оның жан дүниесінің дамуын, ақыл-ой
деңгейін өрістетіп, жетілдіреді, білім алуға жетелейді, оны өздігінен
ойлантып-толғантуға, әрбір зат пен құбылыстың мазмұн-мағынасын пайымдай
білуіне жетектеп отырады. Бала оқу-тәрбие үстінде өз санасын неғұрлым
күрделендіріп, заттар мен құбылыстар арасындағы себепті байланыстарды
зерделей танитын міндеттерге машықтануы керек.
Егер табиғи дамуда баланың психикасы күрделеніп, сана-сезімі жетілетін
болса, ал оқу-тәрбие жұмыстары арқылы оның дүниетанымы мен білімінің
шеңбері кеңейді. Оның дамып жетілуі, сыртқы ортадан түйсініп, қабылдаған,
көріп білгендерін ой елегін өткізіп, санасының өрістеуіне әсер етуі сыртқы
факторлардың (экстериоризация) ішкі факторларға (интериоризация) айналуымен
белгіленеді. Осы жайт Л.С.Выготскийдің адамның мәдени-тарихи дамуыжайындағы
теориясының мәнісін туындайды.
Л.С.Выготский теориясының енді бір ерекшелігі: баланың айналасындағы
адамдармен қарым-қатынас жасауда тарихи тәжірибелерді, тыныс-тіршілік
шындығын өзгелердің сөзінен, тәлім-тәрбие өнегесінен жанамалай үйренуі.
Осылайша, бала өзінің дербестігін, жеке басының психикалық қасиеттерін
өрістетеді, әлеуметтік ортадан меңгерген білімі мен әр алуан мағлұматтары
оның ішкі дүниесінің, психикасының дамуындағы ең жоғары функция, яғни
болмыстың бала санасындағы бейнелеуі деп аталады.
Баланың басынан кешіоген әр қилы оқиғалар мен болмысты белгі, таңбалар
ретінде танып-біліп, мән-жайын түсінуі оның жан дүниесін байытады, яғни
мұндай процессбаланың әрбір нәрсенің мазмұнын өз ойымен, ақылымен пайымдай
білуін қалыптастырады.Выготскийдің айтуынша дамудың осы жолы бойынша
материалдық (заттық) дүние жоғары психикалық қызмет арқылы мәдени факторға
(оның бейнесіне) айналады. Сондай-ақ жаттаудың сөздік-мағыналық еске
айналуы, нәрселердің бейнесін көз алдына келтіріп елестетуі – сол зат
жайындағы ойлау әрекетіне алыпкеледі, немесе бұлар шығармашылық қиялға
айналады: Қарапайым қимыл-қозғалыстар ерікті қимыл-әрекеттерге ауысады.
Л.С.Выготский Жоғары психикалық функциялардың даму тарихы дейтін
еңбегінде (1931) осы пәкәрән одан әрі жалғастыра түсіп, баланың жоғары
психикалық функциясы әлеуметтік ортада ересектермен қарым-қатынас жасау
арқылы туындап отырады, осы жағдайда ғана оның сана-сезімі өсіп жетіледі,-
дейді. Л.С.Выготскийдің бұл тұжырымы баланың дамуының жақын арадағы
аймағы жайындағы қағидасына негіз болды.
Л.С.Выготский тарихи даму кезеңдерінде адам психикасының өзгеріске түсіп
отыратындығын, әсіресе оның ойлауы мен сөйлеуінің өрістеу сатыларын жан-
жақты іздестіреді. Осы тұжырымның мәні 1934 жылы жарияланған Ойлау мен
сөйлеу деген еңбегінде қарастырылған.
Ойлау мен сөйлеу еңбегіне жазған алғы сөзінде,осы еңбектің міндеттерін
Л.С.Выгоский былай анықтаған: негізгі міндетке сәйкес біздің зерттеуіміз
бен жұмыстың бағдарламасы да анықталды. Біз жұмысты мәселені қою мен
зерттеу әдістерін іздеуден бастадық. Содан кейін мәселенің қойылуы мен
зерттеу әдістерін басынан-ақ дәстүрлі сұрақ қою мен дәстүрлі әдіске қарама-
қарсы қоя отырып, осы арқылы өз жұмысымызбарысында нені іздеуіміз керек
және ең соңында, ол бізді қайда әкеп тірейтіні белгілеу мақсатында сыни
зерттеуімізде Ж.Пиаже мен В.Штерннің аяқталған және ең мықты екі теориясы –
сөйлеу мен ойлаудың дамуы туралы теорияларын талдауға тырыстық. Одан әрі
сөз түріндегі ойлаудың негізгі түрлері мен түсініктерінің дамуын
эксперименттік зерттеу, ойлау мен сөйлеудің генетикалық түп тамырын анықтай
отырып, сол арқылы сөз түрінде ойлаудың генезисін зерттеу – жұмысымыздың
бастапқы мәселесі [2.125-136б].

1.3. Балалар психологиясы дамуына үлес қосқан ғалымдар
XX ғасырдың көрнекті психологтарының бірі Л.С.Выготскийдің 200-ге
таман ғылыми макалалары, 6 томнан тұратын шығармаларының толық жинағы,
"Өнер психологиясы" атты ғылыми еңбегі, баланың психологиялык, дамуы, жеке
тұлға калыптасуының заңдылықтарына арналған еңбектері жарық көрген. Адам
психикасының мәдени-тарихи даму тұжырымдамасы — оның іргелі еңбектерінің
бірі.
Л.С.Выготский Кеңес одағы кезінде кеміс балалардың психикалық дамуының
ерекшеліктерін зерттеп, дефектология ғылымының дамуына теориялық тұрғыдан
үлес қосқан, практикалық тұрғыдан осы ғылымның калыптасуының іргетасын
калаған; Мәскеуде ауыткуы бар балалар психологиясының лабораториясын ашкан.
Л.С.Выготский — психология ғылымымен қатар, баска да іргелес
ғылымдар — педагогика, дефектологая, тіл білімі, өнертану және философия
саласына да өзіндік үлес қосқан әлемге танымал ғалым.
Жүйесімен (Л.С.;Выготский) психика дамуының іс-әрекеттік жүйесімен
(Л.Н,Леоньтев.,А,Р.Аурия.т.б,) байланысты, Л.С.Выготский іс-әрекет
бағытының, неізін қалаушы ,бола отырып, өз, зерттеулерінде Іс-әрекетті
жалпы түсіндіруші принцип ретіне ерекше әрекеттің бірінші әдіснамалық
қызметіне, дәлірек айтқарды, іс-әрекет. Ол өзінің жоғары психикалық қызметі
туралы психологиялық теориясын адамның практикалық іс- әрекеті
категориясын индивидуалдық категория ретінде пайдалана отырып жасап
шығарады.
Бұл категорияларды "психологияландыру" мен "дараландыру" мәселесін
шешуде және оны психологиялық зерттеу пәніне айналдыруда іс-әрекет
бағытының негізін салушылардың бірі — Л.С.Выготский мен іс-әрекет
мәселесінің басқа да көрнекті зерттеушілерінің, соның ішінде оның ізбасар
шәкірттерінің көзқарастары алшақтады.
Л.С.Выготский психикалық қызмет генезиснің негізі болып табылатын
психологиялық құрал немесе белгі идеясын дамыта отырып, адамзаттың тарихи
дамушы заттық іс-әрекетінің "психологияландыру" құрал ретінде кез келген
жоғары психикалық қызмет бастапқыда интерпси-хологиялық, тек кейіннен
интрапсихологиялық сипатта болады деген тезисті тұжырымдады. Онтогенездегі
психикалық қызметтердің мәдени-тарихи (белгілер) жанама-лануы арқасында
төменгі психикалық қызметтер негізінде пайда болады.
Л.С.Выготский интерпсихикалықтың интрапсихоло-гиялыққа айналу процесін
қарастыра отырып, жоғары психикалық қызметтер генезисі мен адамдар қарым-
қатынасындағы белгілерді пайдалану арасындағы байла-нысты негіздеді.
Л.С.Выготский еңбектерінде негізінен белгі және белгілер жүйесі идеясы іс-
әрекет түсіндіруші принцип ретінде қарастырылды.
Л.С.Выготскийдың шәкірттері А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия және т.б.
псиологиядағы іс-әрекет бағытын жетілдіре біледі, іс-әрекеттің екінші
әдіснамалық, дәлірек айтқанда, іс-әрекет зерттеу пәні ретіндегі қызметіне
ерекше назар аударды.Олар да, Л.С.Выготский секілді, іс-әрекетті
түсіндіруші жағынан көрді, алайда белгі және белгілер жүйесін іс-әрекет
мәселесі аясында қарастырған жоқ. Іс-әрекетгі зерттеу пәні ретінде
қарастыруда А.Н.Леонтьев және т.б. жеке-дара іс-әрекет идеясын жасады.
Мұнда іс-әрекеттің жеке-Дара категория ретіндегі "психологияландыру"
мәселесі шешілді.
Л.С.Выготский өмірінің соңғы жылдары бала психологиясы жөнінде үлкен
кітап жазды. Ол жеке тарауларын жазып үлгерді, ал кейбіреулері тек
жоспарланып қана қойып, лекцияларының стенограммасы түрінде сақталған.
Л.С.Выготскийдің өзі "Жас ерекшелік мәселесі" деген тарауын баспаға
дайындаған, онда сол кезге дейінгі кеңес және шетел психологиясындағы
баланың психикалық дамуын кезеңге бөлу мәселесі бойынша материалдар
жинақталып, теориялық талдау жасалынған.
"Нағыз кезеңге бөлу құрылымының принципі қандай? "Біз оның шынайы негізін
қайдан іздеуді білеміз, — деп жазды Л.С.Выготский— Біз жас деп атайтын бала
тұлғасының қалыптасуындағы негізгі кезеңдерді анықтау үшін тек дамудың
өзінің ішкі өзгерістері, тек оның ағымының шұғыл езгерісгері мен
бұлтарыстары ғана сенімді негіз бола алады.
Ол бала сөйлеу дамкының толықғылыми монографиясынын берген Штерн
қалыпты балаларды белгілі жас амаларында ( шамамаен 1.5 -2 жас ) оның
ойлауы мен сөйлеуінің кездесуі болады деп тұжырымдады. Басқаша айтс ақ
кенет өзгеріс болады, сонан соң әр қайсысының дамуы мүлдем жаңа желілір
мен жүре бастайды.
Штерн бұл сәтті баланың өзінің барлық өмір үдерісінде жасайиын үлкен
жаңалығы деп атады. Штерыннң айтуынша , бала әр затың аты болатыны, әр бір
затқа сол затты білдіретін сөз сәйкес келетінін ашады. Штерн 1.5-2 жастағы
баланың мұндай жаналық ашатынын қандай білген?
Штерн мұны негізігі 3 обьективті белгінің негізінде келтіреді:
1. белгі Ойлау мен сөйлеу желілерінің түйісіуіне байланысты өзгеріс
болған балады сөз қорланың серпілмелі түрде ұлғайынан басталады.
Егер 1 сатының 10-20 сөзбен шектелсе, енді 2-3 ай ішінде ол 8 есе
өседі. Сонымен , 1 белгі- сөз қорының секірмелі түрде ұлғаюы.
2. белгі. Балада алғашқы сұрақ кезеңі пайда бола бастайды әлде бір затты
көргенде бала қалай аталады, мұнау не деп әр түрлі формада сұрай
бастайды. Ересектер бұл затты әлі аталмаса да, бала сол заттың атауы
болуы тиіс екенін біліп тұрған сияқты болады.
3. белгі. Баланың сөз қорын меңгері ерекшеліктерін түбегейлі өзгерістері,
бұл өзгерістер тек адамдардың сөйлеуіне тән және ол жануарлар
борлмайды. Аталған өзгеріс Штернның осы кезде сөйлеу дамыуындағы
шартты рефлексторлық формадан басқан формаларға батыо өтеді деп
пайымдауына негіз болады. Осылайша, Штерын қарастырылған жаңңалықты
балалардың ойлауының дамуына жатқызады. Және балада қарапайым шартты
рефлекстен бөлек өте күшті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика психология ғылым ретінде
Психикалық жас ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдері
Жоғары мектеп психологиясының пәні, міндеттері және құрылымы
Оқушыларын оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін халық дидактикалық тұрғыдан меңгертіп дамыту
Психология және спорт психологиясы
Зейіннің негізгі қасиеттері
Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Жоғары оқу орындарында болашақ маманды тиімді дайындаудың психологиялық - педагогикалық шарттары
Тұлғаның өзін-өзі дамытудың теориялық негізі
Педгогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Пәндер