Бастауыш мектеп оқушыларының гуманистік тәрбиесін қалыптастырудағы құзырлылық қатынас


бастауыш мектеп оқушыларының гуманистік тәрбиесін қалыптастырудағы құзырлылық қатынас
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Оқушылардың гуманистік тәрбие жүйесін қалыптастырудың теориялық негіздері . . . 8
1. 1. Оқушылардың ізгіліктік дүниетанымы мен гуманистік тәрбиесін қалыптастырудың пеждагогикалық негіздері . . . 8
1. 2 Бастауыш сынып оқушыларының гуманистік тәрбиесінің мазмұныала бойында ізгіліктік дүниетанымды қалыптастыру
. . . 32
1 бөлім бойынша тұжырым . . . 50
2. Құзырлылық қатынас арқылы бастауыш мектеп оқушыларының гуманистік тәрбиесін қалыптастырудың . . . 52
2. 1 Құзырлылық қатынас негізінде гуманистік тәрбиені қалыптастыру жолдары . . . 52
2. 2 Бастауыш мектеп оқушыларының гуманистік тәрбиесін қалыптастыру-дағы құзырлылық қатынастың тиімділігін зерттеу жұмыстарының тәжіри-белік-эксперименттік нәтижелері . . . 71
2 тарау бойынша тұжырым . . . 72
Қорытынды 73
Пайдаланылған әдебиеттер 75
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі жаңа қоғамда болып жатқан терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім дамуына жаңа ықпалдарды талап етеді, қалыптасқан әдіснама мен педагогика ғылымының парадигмаларын өзгертуді қажет деп санайды. Білім беруді дамыту концепциясы тек қана білімнің теориялық ұстанымдарының жаңартылуына бағытталған, ал реформаның негізгі талаптарына жауап бере алмауда. Сол себепті Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдар аралығында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім берудің әрбір кезеңдеріне білім жүйелерінің жетілген жаңа үлгілерін енгізу міндеттелді, оның ішінде, гуманитарлық тәрбие парадигмасына айрықша назар аударылып отыр [1] .
ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында бұрынғы кеңестік жүйеде өмір сүрген барлық ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда тәрбие теориясы мен практикасы мәселесі үлкен дағдарысқа ұшырағаны айқындалды. Ол дағдарыс: құндылықтық, мақсаттылық, мазмұндық, технологиялық, нәтижеліліктің деңгейлерінің барлығында да көрініс тапты. Осындай тарихи-қоғамдық формация жағдайында, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге жасалынған талдау жаңа қоғамдық формацияның даму және қалыптасу ерекшеліктеріне сәйкес Қазақстанда жоғары оқу орындары студенттерінің гуманистік көзқарасын қалыптастыру арқылы болашақ маманның адами сапасын арттырудың аса маңызды міндеттердің бірі екендігін көрсетіп беріп отыр [ 2] .
Жоғары мектеп педагогикасы бүгінгі күні көптеген жалпығылымилық, әлеуметтік-философиялық, әлеуметтік-мәдени және адамгершілік-эстетикалық процестердің тоғысуына тап келіп отыр, өйткені қоғамдық өмірдің күрделі талаптарына сәйкес тәрбиенің құндылық сипаттарын қайта анықтау өзекті мәселе ретінде қарастырылуда. Оқу-тәрбие процесін гумани-тарландыру арқылы, яғни болашақ маманға бүкіладамзаттық құндылықтарды дарыту арқылы, әрбір студенттің тек білімі, біліктілігі және дағдысын ғана емес адамгершілік сипатын анықтайтын өзіндік рухани байлықтарының сапасын арттыру жүзеге асырылады деп саналады [3 ] .
Білім беру мен тәрбие арқылы жас ұрпақтың гуманистік көзқарасы мен дүниетанымын қалыптастыру педагогика тарихында кең қаралған мәселелер қатарына жатады. Педагогика тарихында жас ұрпақтың гуманистік көзқарасын қалыптастыру адамзаттың ізгілікті-прогресшіл бағытта дамуының басты алғы шарты екендігі Я. А. Коменский [4 ] , К. Д. Ушинский [5 ] , В. А. Сухомлинский [6 ] , Г. Н. Волков [7 ] , Ы. Алтынсарин [8 ] , А. Құнанбаев [9 ] , Ж. Аймауытов [10 ] , А. Байтұрсынов [11 ] , М. Жұмабаев [12 ] , т. б. еңбектерінде айтылған болатын.
Диссертацияда жоғары оқу орындарында білімді мамандарды дайындау және олардың гуманистік көзқарасы мен тәрбиесін қалыптастыру мәселесі бойынша жасалынған ретроспективті талдау педагог-ғалымдардың аталған мәселені шешуде түрлі аспектіден қарағандарын көрсетті:
- жоғары білім беруді гуманитарландыруға арналған ғылыми еңбектерде (А. Г. Асмолов, А. Абдулханова-Славская, В. Г. Афанасьев, Ш. А. Амонашвили, А. А. Бодалев, В. И. Бакштановский, Д. Бок, А. П. Валицкая, Г. С. Георгиева, К. Геллерт, В. Е. Давыдовия, А. Ю. Закгейм, А. А. Леонтьев, А. Ф. Лосев, А. А. Мелик-Пашаев, Е. Н. Степанов, О. В. Медведева, Г. К. Нурғалиева, М. Раджаев, С. М. Разин, А. И. Субетто, А. С. Сластенин, В. Е. Шукшинов, Е. А. Шиянов, Т. М. Шамова және басқалар) жеке тұлғаны әлеуметтендіруге, гуманистік көзқарастар қалыптастырудың көпаспектілігіне басты назар аударылған;
- Қазақстан Республикасы жоғары мектеп педагогикасы саласында болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың түрлі аспектілері бойынша зерттеу жұмыстары (А. П. Сейтешов, М. М. Құлдыбаев, А. А. Бейсенбаева, А. Е. Әбілқасымова, А. А. Құдайқұлов, О. С. Сәлімбаев, Л. Х. Мажитова, В. Н. Косов, Г. А. Уманов, Т. К. Кенжебаев, Э. М. Мамбетакунов, Н. Д. Хмель және т. б. ) ұлттық кадрларды қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздерін анықтап берсе;
- жас маманның гуманистік көзқарасын қалыптастырудың ұлттық мазмұнын қамтамасыз ететін қазақ этнопедагогикасының тәлім-тәрбиелік әлеуетін пайдалану мүмкіндіктері туралы Н. Наурызбай [13], Қ. Жарықбаев [14], З. Әбілова [15], Ә. Табылдиев [16], С. Қалиев [17], Қ. Бөлеев [18], С. Ұзақбаева [19], К. Қожахметова [20], А. Қалыбекова [21], М. Сарыбеков [22], А. С. Мағауова [23], А. Әбдікәрім [24], Т. Қоңыратбаева [25], К. Сейсенбаев [26], Р. Төлеубекова [27], Ж. Асанов [28], Н. Көшеров [29], С. Кенжахметұлы [30], А. Құралұлы [31], А. Сейдімбек [32] және т. б. еңбектерінде жан-жақты зерттеулер жүргізілген;
- жас ұрпаққа гуманистік тәрбие беру - адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық-әдіснамалық негізі ретінде А. А. Бейсенбаеваның [33], К. К. Жампеисованың [34], К. Б. Жарықбаевтың [35], А. А. Калюжныйдың [36], Л. К. Керимовтің [37], Б. И. Мұканованың [38], Г. К. Нұргалиеваның [39], В. А. Кимнің [40], В. В. Трифоновтың [41], С. А. Ұзақбаеваның [42], Н. Н. Ханның [43], Н. Д. Хмельдің [44] және т. б. зерттеу жұмыстарында мұқият қарастырылған.
Қазақстан Республикасында білім беруді гуманитарландыру тұжырымдамасында жастарға гуманистік тәрбие беру мәселесі жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық құндылықтар мазмұнында қалыптастырылуы тиіс делінген. Осы тұрғыдан қазақ философтары: Ә. Нысанбаев [45, С. Ақатай [46 ] , М. Сәбит [47 ] , С. Нұрмұратов [48 ] , А. Қасымжанов [49 ] , т. б. еңбектерінде адам бойындағы ізгі ниет пен ізгілік қасиеттердің қалыптасуы гуманистік бағыттылықты көрсетеді десе, педагогтар: А. П. Сейтешев [50 ] , Г. М. Храпченков [51 ] , Г. А. Уманов [52 ] , Р. Ержанова [53 ] , Л. А. Байсерке [54 ] , Т. Ахметов [55 ] , Э. А. Орынбасарова [56 ] , С. О. Нұрмұқашева [57 ] , А. К. Меңжанова [58 ] , Е. З. Батталханов [59 ] , А. Н. Көшербаева [60 ] , С. Оспанова [61 ] , т. б. педагогтар оқу-тәрбие процесін гуманитарландыру гуманистік тәрбиенің ізгіліктік компоненттері арқылы жас ұрпақ бойында гуманистік көзқарасты қалыптастыруы міндетті шарт болуы тиіс деп тұжырымдайды. Онда: «Гумандылық - тарихи алмасатын адами көзқарастар жүйесі, рухани құндылықтарды жеке тұлға ретінде мойындаушы, оның бостандыққа, бақытқа, дамуы мен өзіндік қабілетті көрсету құқығы, адам игілігі әлеуметтік институттардың қызметтік бағалау белгісімен есептелетін, ал теңдік, әділеттілік, адамгершілік принциптері адамдар арасындағы көңілдің тілектелген нормасы болып табылады» - деп айтылған тұжырымның өміршеңдігін зерттеу маңызды педагогикалық мәселе екендігі бүгінгі күні есепке алынған.
Арнайы педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге жасалынған талдаулар гуманистік көзқарастар қалыптастыру жөнінде алыс шетелдік ғалымдар мен кеңес ғалымдарының гуманистік тәрбие туралы қатынастарында белгілі бір айырмашылықтардың бар екенін көрсетіп отыр. А. Маслоу мен К. Роджерс ұсынған гуманистік модельде жеке тұлғаның сапалық қасиеттерінің ең жоғарғы сатысы олардың өзін-өзі актуальдандыруы болып табылса, Ресей (И. Колесникова, Е. Бондаревская, т. б. ) ғалымдары жеке тұлғаны бағдарлы дамыту арқылы гуманистік тәрбиеге қол жеткізуге болады деп санайды.
Жоғары оқу орындарында педагогика пәнін оқыту барысын жан-жақты зерттеу нәтижесінде студенттердің гуманистік көзқарасын, дүниетанымын қалыптастыратын халық педагогикасының рухани-ізгіліктік элементтерін енгізу қажеттігі мен оларды оқу-тәрбие процесіне енгізу мүмкіндіктерінің арнайы зерттелмеуі; гуманистік көзқарас қалыптастыру мазмұнының ғылыми-теориялық тұрғыдан негізделмеуі мен оның рухани-ізгіліктік құндылықтарының кең қолданылмауы арасында түбегейлі қарама-қайшылық орын алып отыр. Аталған мәселенің өзектілігі диссертациялық зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ГУМАНИСТІК ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚ ҚАТЫНАС» деп таңдауға мүмкіндік берді.
Зерттеудің мақсаты: қазақ халқының тәлімдік тәжірибесі арқылы жас ұрпақ бойында тәрбие процесінің тиімділігін арттыратын гуманистік тәрбиені қалыптастырудың тиімді жолдарын анықтауеу.
Зерттеудің нысанасы: қазақ халқының тәлім тәжірибесі арқылы жас ұрпақты гуманистікке тәрбиелеу процесі.
Зерттеудің пәні: құзырлылық қатынас негізінде қазақ халық бастауыш мектеп оқушыларының гуманистік тәрбиесінің мазмұнын анықтау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер,
- Бастауыш мектеп оқушыларының гуманистік тәрбиесін қалыптастыру негізіне халықтық педагогика идеялары алынса;
- халық педагогикасының әдістері және құралдары арқылы гуманистік тәрбиенің құзырлылық қатынасты жүзеге асыру мүмкіндіктері айқындалса;
- бастауыш мектеп пен отбасының жас ұрпақты тәрбиелеудегі байланысы артса, онда қазіргі жастардың гуманистік тәрбиесі нәтижелі болар еді.
Зерттеудің міндеттері:
- Қазақ халқының тәлім-тәжірибесі арқылы жас ұрпақты тәрбиелеудің педагогикалық тәжірибесін оқып үйрену, талдау және қорыту.
- Қазақ халқының тәлім-тәрбиесі арқылы бастауыш сынып оқушысы бойында гуманистік дүниетаным қалыптастырудың жолдарын анықтау және негіздеу.
- Бастауыш мектеп оқушысының бойында гуманистік дүниетаным қалыптастыруды халықтық педагогика әдістері мен тәсілдерін пайдаланудың тиімділік тәжірибелік-эксперименттік тұрғыда дәлелдеу.
Зерттеудің жетекші идеясы: бастауыш мектеп оқушысы бойында қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлерін құзырлы қатынас жасауда жүйелі түрде пайдаланып, тәрбие процесіне енгізу.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: жеке тұлғаны тәрбиелеу мен дамуын және қалыптасуын анықтайтын факторлар туралы философиялық білімдер; құзырлылық қатнас туралы білімдер; қазақ халық педагогикасының тұжырымдамалары; тұтас педагогикалық процесс теориясы; зерттеу проблемасы бойынша тарихи педагогикалық еңбектер.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен мен теориялық мәні:
- халықтық педагогика әдістері және құралдары арқылы жас ұрпақты тәрбиелеудің педагогикалық тәжірибесі зерттелді, талданды және қорытылды;
- бастауыш мектеп оқушысы бойында гуманистік дүниетаным қалыптастырудың педагогикалық негізі айқындалды;
- бастауыш мектеп оқушысының гуманистік тәрбиесін қалыптастыруда құзырлылық қатынастың тиімділігі дәлелденді.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздеріне табиғат, қоғам және адамзат дамуының жалпы заңдылықтары, халық педагогикасының тәрбие жұмысындағы орны туралы ілімдер, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтардың өзара бірлігі жөніндегі қағидалары, жеке тұлға туралы теория және оны дамытудағы халық педагогикасының мәнін айқындайтын философиялық, психологиялық, педагогикалық тұжырымдамалар жатады.
Зерттеудің дерек көздері: философтар, педагогтар, психологтар, әдебиеттанушылар, саясаттанушылар, тарихшылардың т. б. зерттеу мәселесі бойынша жарық көрген еңбектері, әр дәуірде өмір сүрген ойшыл-ғұламалардың тәлім-тәрбиелік мұралары, ҚР үкіметі мен Білім және ғылым министрлігінің құжаттары (оқу-тәрбие жөніндегі заңдар, жарлықтар, қаулылар, қазақ этнопедагогикасын дамытуға арналған тұжырымдамалар, тәлім-тәрбие тұжырымдамасы, тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы, гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы, жалпы білім беру тұжырымдамасы, жалпы білім беретін мектептер тұжырымдамасы т. б. ) «Қазақстан - 2030» Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы, мектеп пен жоғары оқу орнының озат тәжірибелері, диссертанттың ЖОО-да білім беру ісіндегі тәжірибесі (14-жыл) .
Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық, философиялық, әдеби, ғылыми-әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасау; типтік жоспарларын талдау және салыстыру; педагогикалық эксперимент жұмысы; эксперимент нәтижесін математикалық статистика әдісімен жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларын өңдеу және бағалау.
Зерттеу базасы: зерттеу жұмыстары Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қаласы №30, №36, №47 орта мектептердің бастауыш сыныптары
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2009-2010 жылдар) гуманистік көзқарас туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылыми әдебиеттерге талдау жасалынып, жоғары оқу орындары студенттерінің гуманистік тәрбиесін қалыптастыру мәселесі теориялық және әдіснамалық тұрғыдан негізделді. Зерттеудің нысанасы, пәні, мақсаты мен міндеттері және ғылыми болжамы анықталынды. «Гуманистік көзқарас қалыптастыру» ұғымы, «құзырлылық қатынас» және олардан туындайтын бірнеше жаңа ұғымдардың анықтамалары нақтыланды, зерттеу бағдарламасы мен әдістері құрылды, қазақ этнопедагогикасының құралдарының гуманистік көзқарас қалыптастырудағы мүмкіндіктері айқындалды.
Екінші кезеңде (2010-2020 жылдар) зерттеу міндеттеріне сәйкес анықтаушы және қалыптастырушы педагогикалық эксперименттері ұйымдастырылып, болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің гуманистік көзқарас туралы білімдері, түсініктері және қазақ этнопедагогикасы пәнінің гуманистік көзқарас қалыптас-тыру мүмкіндіктерінің бүгінгі жай-күйі анықталды. Қазақ этнопедагогикасының құралдарын пайдалану негізінде ЖОО студенттерінің гуманистік көзқарастарын қалыптастырудың құрылымдық нобайы әзірленді. Студенттердің гуманистік көзқарасын қалыптастыру критерийлері мен көрсеткіш өлшемдері айқында-лынып, ғылыми болжамның міндеттері нақтыланды. Арнайы оқу бағдарламасы әзірленіп, жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие процесіне енгізілді.
Құзырлылық қатынастың тиімділігін тексеру үшін тәжірибелік-педагогикалық эксперимент жұмыстары жүргізілді. Алынған зерттеу нәтижелері бойынша қорытындылар мен ұсыныстар тұжырымдалды, зерттеу жұмысын жетілдірудің жолдары анықталды.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, суреттерден, кестелерден тұрады.
1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ГУМАНИСТІК ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫП-ТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Оқушылардың ізгіліктік дүниетанымы мен гуманистік тәрбиесін қалыптастырудың пеждагогикалық негіздері
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер адам санасындағы күрделі жаңғыру процесімен астаса жүріп жатыр, мұның өзі іргелі және әмбебап білімді саралап, оның өрісін кеңейте түсуді және бұл істі білім беру жүйесі арқылы жүзеге асыруды талап етеді. Қоғамымызда бүгінгі таңда білім берудің өндірісті қамтудан мәдени-шығармашылық мұратқа ойысуы жолындағы келелі міндеті туралы дәстүрлі түсінік қайта қаралуда, өйткені олар жеке тұлғаның дамуындағы сыңаржақтылық пен толымсыздықты еңсеруге жәрдемдеседі, әр кісінің азаматтық тұғырын табуына жетелейді, сол арқылы оның ішкі әлеуетін ашуына деген мүмкіндігін кеңейтеді.
Қоғамды демократияландыруды мақсат ететін гуманитарлық білім және тәрбие беру адамдардың әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқына, этносаралық, әлеуметтік-топтық, мемлекетаралық қатынастардың жай-күйіне тікелей ықпал етеді, жаңа артықшылықтар берілетін құндылықтар жүйесін және азаматтардың өмірлік бағдарын, ізгілікті қоғамның рухани бітімін қалыптастырады.
ХХІ ғасырда өркениетті дамудың талабы - қоғамды ізгілендіру, яғни әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың тиімді нысандарына қол жеткізуіне байланысты болып отыр. Ізгілендіру мақсатына жету құралы - зиялылықты қалыптастыруды, сезім, көңіл-күй мәдениетін тәрбиелеуді, өмірлік құндылықтар мен бағдарлардың белгілі бір жүйесін орнықтыруды көздейтін сан қырлы процесс - гуманитарландыру болып табылады. Өйткені біз ертеңгі күні өзіміз қалыптастыратын қоғамда өмір сүретін боламыз, сол себепті болашақ мамандарымыз гуманистік көзқараста тәрбиеленген, білімді азаматтар деңгейінде даярланғаны қажет.
Қазақстан Республикасында қабылданған білім беруді гуманитарлан- дыру тұжырымдамасында (1994) жалпы адамзаттық құндылықтар мен Қазақстанның ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, өтпелі кезеңде гуманитарлық білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын ұсыну, оның серпінді дамуы мен қызмет атқаруына жағдай жасау мақсаты көрсетілген [2] .
Қазіргі білім беру жүйесінің жай-күйіне жасалған талдау оның әлемдік деңгейге де, сондай-ақ көкейкесті практикалық қажеттілікке де сай еместігі дәлелденіп отыр. Біздің бұрынғы білім беру жүйесіне шектен тыс идеяологиялық тәуелділік пен кәсіптік бағдар тән еді. Қоғамдық пәндер саласында көбінесе адам табиғатын, оның өмірлік мүдделері мен қажеттіліктерін, шынайы мәдени құндылықтарын тиісінше ескере бермейтін ғылыми білім үлгілеріне бағыт ұстанылған еді. Білім беруді бір ізге салу, жаттанды қағидалар мен қалыптардан таймау, әлемдік өркениеттен оқшаулану рухани өмірдің жұтаңдауына әкеліп соқты. Халықтың мәдени-тарихи мұрасының тұтас қаттаулары жадымыздан қағыс қалдырылды.
Жоғары оқу орындарында оқу жоспарларынан гуманитарлық пәндердің жекеленген курстары негізсіз қысқартылып, алынып тасталынды, оларды оқыту көлемінің қысқартылуына жол берілді, сол себепті қазіргі кезде жалпы мәдени білімнің тапшылығы барынша сезіліп отыр.
Көптеген білімгерлердің әлемнің және Отанымыздың мәдениетінің негіздерін білмеуі, қоғамдық институттардың құрылымы мен қызметі туралы қарапайым түсініктерінің жоқтығы, адамдардың қарым-қатынас жасаудағы этикалық және психологиялық тұрлаулы дағдысының әлсіздігі немесе болмауы, дүниені түсіну жөніндегі жалпы ғылыми көзқарасының қалыптаспауы, өмірге және ондағы өз орнына деген тоғышарлық көзқарастың меңдеп кетуі - жастардың гуманистік көзқарасының дұрыс қалыптасуына, олардың даярлығына жеткілікті көңіл бөлмеу салдары.
Қазақстанда жоғары мектепті гуманитарландыру мәселесі қоғам дамуының алғы шарттарын қалыптастыруға, жастарды нарықтық қатынастар жағдайында жұмыс істеуге әзірлеуге қатысты шешілетіндіктен, кез келген жоғары оқу орнын бітіруші игеруге тиісті негізгі жеке қасиеттер, адамгершілік өлшемдер мен гуманитарлық бағдарлар жиынтығының мазмұнын анықтау қажет. Қазақстанда білім беруді гуманитарландыру тұжырымдамасында болашақ маманның гуманистік көзқарасын қалыптасты- ратын білім, біліктілік және дағдылардың мазмұнын анықтау төмендегіше берілген:
- дүниетану мен түйсінудің негізін құрайтын, дүниені түсіндіру қабілетін іске асыратын, өмірдің құндылықтары туралы бағдар беретін философиялық білімдер;
- нарықтық экономиканың әлеуметтік бағытталуы туралы қазіргі түсініктер негізінде қалыптасатын этикалық біліктіліктер;
- әлемдік өркениет тарихындағы неғұрлым мәнді идеялар мен тұлғаларды білу; мәдениеттің негізгі кезеңдеріне түсінік беру;
- әлеуметтік-мәдени даму заңдылықтарын түсіне отырып, тарихи жылнамаға талдау жасай білу; қазіргі өркениет жолдарын пайымдау қабілеті; тарих субьектілері, оның ішінде осы заманғы әлеуметтік күштер, қазіргі қоғамның әлеуметтік құрамы туралы кең ауқымды түсінік; қоғамдағы институттардың құрылымы мен функциялары жайында нақты түсініктің болуы; әлеуметтік-технологиялық даму мәселелерінде еркін бағыт-бағдар ұстай білу. Аталған мазмұн жүзеге асырылу үшін елімізде жүргізіліп жатқан білім беру саласын реформалау саясатында мынадай қағидалар тұжырымдалған:
1. Білім берудің гуманитарлық сипатын бағамдау, яғни барлық оқу пәндерінің гуманитарлық әлеуетін айқындап, оларды оқыту әдістемелерін тиісінше өзгерту;
2. Қазақстан халықтарынң өзіндік этномәдени болмыс-бітімін танып білу, оны дәріс алушы ортаның этникалық мұқтажына сәйкес реформалау, -яғни ұлттық және жалпыадамзаттық рухани құныдылықтардың өзара кірігуін қамтамасыз ету;
3. Әрбір адамның қоғамда имандылық пен зиялылық ахуалының орнығуына жағдай жасау;
4. Өркениеттік нарыққа ену, гуманитарлық білім беруді, нарықтық пайымы биік кадрларды тыңғылықты даярлауды талап ету, яғни гуманистік көзқарасы жоғары маман даярлау арқылы адамгершілік қасиеттің тозғындауына, мәдениет пен білімге деген нигилистік көзқарасқа қарсы тұра алатын адамзат тәрбиелеу керек [62] .
Жеке адамның гуманистік көзқарасын қалыптастырудың түрлі кезеңдеріне сай мәні, мақсаты, жүзеге асыру құралдары болады. Сондықтан да гуманитарлық көзқарасты қалыптастырудың алғы шарты - талаптар мен стандарттарды әзірлеу болып табылады.
Бірінші қағидалық тұжырымдарға сәйкес теориялық ұстанымдар мен зерттеу жұмыстарын талдау барысында қоғамның және білім беру жүйесін гуманитарландыру процесі бүкіл адамзаттық құндылықтардың өзгеруімен байланысты екені, тек адам ғана өзінің жеке-даралық ерекшеліктерімен бірге өзекті-потенциалды тұтас дүние ретінде жоғары құндылық болып қарастырылады, ал жеке тұлғаның өзін-өзі таныта алуы өзекті әлеуметтік проблема болып қарастырылатыны айқындалды. Бұл жаңа көзқарастар негізіне тұлғалық-бағдарлы білім беру идеясы Е. В. Бондаревская [63], Э. Н. Гусинский [64], В. В. Сериков [65], Ю. И. Турганинова [66], И. С. Якиманская [67], А. Маслоу [68], К. Роджерс [69], О. С. Газман [70], В. А. Сухомлинский [71], Ш. А. Амонашвили [72], т. б., гуманистік тәрбие мен оқытудың тұлғалық-дамытушылық парадигмасы (В. Сластенин, М. Берулова) жатады. Білім берудегі гуманитарландыру тұжырымдамасының негізінде тәрбиенің құндылық- тарына қайта мағына беру керектігі байқалады. Гуманистік тұлғалы-бағдарлы тәрбиенің басты құндылықтары болып тұлғаны өсіруші және тәрбиелеуші орта ретінде адамның өзі алынады. Сол себепті жоғары оқу орындарында жеке тұлғаның гуманистік көзқарасын қалыптастыру белгілі бір адамгершілік өлшемдер мен гуманитарлық бағдарларға сүйенуі міндетті. Білім берудің гуманитарлық сипатын қайта бағамдау қажеттілігінен қазіргі қоғамдағы философиялық көзқарастар эволюциясына мұқият назар аудармасқа болмайды. Соңғы уақытқа дейін дәстүрлі көзқарастар бойынша жеке тұлғаның даралық ерекшеліктері тек сыртқы факторларға тәуелді делініп, оның түрлі субъектілерімен байланысы шектелініп келді. Тәрбиеленуші немесе оқушы сыртқы ықпал, әсер, стандарттар мен нормативтер көмегімен басқарылатын инженерлік - технологиялық обьект санатында қарастырылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz