Бастауыш мектеп оқушыларының математика сабақтарында оқу есептерін талдау және түсіну біліктерін қалыптастыру жайлы


бастауыш мектеп оқушыларының математика сабақтарында оқу есептерін талдау және түсіну біліктерін қалыптастыру
Жоспар
І. Кіріспе . . . 3
1. 1. Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері . . . 6
1. 2. Бастауыш мектептегі математика пәні мазмұнының құрылымдық ерекшеліктері . . . 21
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Бастауыш сынып математика есептерін шығару іскерліктерін
қалыптастырудың негізгі бағыттары . . . 25
2. 2. Бастауыш сынып математика есептерін шығару талдау және түсіну
іскерліктерін қалыптастыру әдістеме мәселесі . . . 31
Қорытынды . . . 47
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 48
Сабақ жоспары.
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемелекеттік стандартында: « . . . бастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жолын қалыптастыруға күш жұмсап еңбектенетін бала» - деп қарау міндеті анықталған. Бұл міндет осы уақытқа дейін оқытудың көздейтін негізгі мақсаты - балаларға білім беру екендігі қазіргі кезде бір жақты жеткіліксіз деп есептеледі. Себебі, мектеп оқушыларға білім берумен қанағаттанып, сол білімді нақты тәжірибеде қолдануға үйретпесе, онда бұл жеткіліксіз болар еді. Демек, білімді тиісті жағдайда қолдану оқытудың көздейтін негізгі мақсаты болып саналады.
Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың ұлттық дәстүр салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Міне, осыған орай, Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттерін еске түсірген жөн. Олар:
- жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
- азаматтықты, үйелменнің халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның құқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ Республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;
- Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;
- Жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбие беруді дамыту;
-қазақ халқының мәдениетімен дәстүр салтын оқып үйрену үшін жағдайлар жасау.
Білім мазмұнына деген мұндай жаңаша көзқарас ең алдымен білім, білік, дағдыларды меңгерудің негізгі ретінде оқушы дамуы мен тәжірибесін қамтамасыз ету міндеттерін шешуді көздейді. Басты кезекте бастауыш сынып оқушыларының игеруге қажетті білім, білік, дағдылар жүйесін зерттеуді қажет етеді. Бұл зерттеуде оқушы игерген білім, білік, дағдылар жүйесін тексеру мен бағалаудың рөлі ерекше.
Білім - адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы - талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғынуы қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп, өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі ережесі, яғни оқушылардың таным іс-әрекетін дамыту, оларды өз бетімен ізденуге, зерттей білуге және жаңа білімді еркін игеріп, бастауыш математика курсының есептерін шығаруда ешқандай қиындықсыз, меңгерген дағдыларын қолдана білуге үйрету.
“Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі”. Осыған орай бастауыш сынып оқушыларының жетілуіне өркениетте жағдай туғызу қажет.
Диплом жұмысының көкейкестілігі:
Бүгінгі егеменді мемлекетімізде өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім беруде, олардың өзіне тән жеке дербес ерекшеліктерін, оларды жан-жақты дамытуда келелі жұмыстар жасалуда. Осы тұрғыдан қарастыра келе білім беруді ұлттық сипатта қабілеттерін ашу, тәрбиелеу негізге алынуда.
Математикалық теорияны меңгеретін, шығармашылық және өзіндік ойлау қабілетін дамытатын оқу іс-әрекетінің маңызды түрі - математика есептерін шығару. Сондықтан оқытудың тиімділігі көбінесе есеп шығаруды үйретуді ұйымдастыруға байланысты. Есепті оқушы қиналмай табатын ережелерді механикалық және тура қолдау арқылы шығаруы мүмкін: оны оқушыға мұғалім айтады немесе оқулықтан қарайды. Бұл жерде ешқандай ойдан ешнәрсе шығарудың, интелекттің қажеттілігі болмайды, есептерді шығарудан оқушы ережені пайдалануға белгілі бір тәжірибе ғана алады, механикалық танымның кішкене жетелеген мақсатына ғана қол жеткізеді.
Бастауыш сыныптарда математика пәні ерекше мәнге ие болады, оны оқытуға басты назар аударылады. Пәннің атқаратын қызметін негізге алсақ, бастауыш мектепте математиканы оқыту бастауыш сынып оқушыларына математикалық білімді меңгерту және оларды өмірде пайдалануға қажетті біліктілік, дағдылармен қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Осы мақсаттан диплом жұмысымның тақырыбын “Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларда математика сабақтарында оқу есептерін талдау және түсіну біліктерін қалыптастыру” деп таңдауыма себепші болды.
Диплом жұмысының мақсаты:
Математика сабақтарында оқушылардың бағдарламада анықталған көлемі мен деңгейіне қарай математикалық білімді, біліктілік пен дағдыны игерту.
Диплом жұмысының міндеті:
-Әрбір оқушы математика есептерін жүйелік тұрғыдан талдай білуге үйрету;
-Математика есептерін шығару іскерліктерін қалыптастыруға қойылатын талаптарды меңгерту;
Зерттеу пәні: Математика ( 4 - сынып)
Зерттеу объектісі: Математика сабақтарындағы оқушылардың есеп шығарудағы іс-әрекеті.
Әдістері: Психологиялық - педагогикалық, ғылыми теориялық, әдістемелік әдебиеттерді жиыстыру, талдау, сұрыптау, мектеп тәжірибелеріне талдау жасау. .
Дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, әр тарау 2 бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. 1 Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері
.
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, білім сапасын әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бетбұрыс жасауда. Бұл білім жүйесін жетілдіру және оны сапалы деңгейге көтеруді алға тартады. Осыған орай мектептің бастауыш сатысында оқыту мазмұнын жаңалау мен жаңа технологияларды пайдалануға байланысты жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Мұнда жеке тұлғаның рухын тәрбиелеуге, адамның адамгершілік болмысының қалыптасуына басты назар аударылуда.
Қазіргі кезде бастауыш мектептерде оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізіліп, одан әрі жетілдіріле түсуге даңғыл жол ашылды.
Бала өмірінде 6 жаста үлкен өзгеріс болатыны белгілі. Бала мектеп оқушысына айналады. Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшелігі өсіп жетілуіндегі елеулі өзгерістермен сипатталады. Баланың мектеп жасына өтуі оның іс-әрекетінің, қарым-қатынасының, басқа адамдармен қатынасының, өзгеруімен байланысты түсіндіріледі. Негізгі іс-әрекет түрі оқу болады, өмірі өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады.
Бастауыш мектеп жасындағы баланың танымдық іс-әрекеті оқыту үрдісінде жүзеге асады. Осы жаста қарым-қатынас шеңберінің кеңеюінің маңызы артады. Баладағы өтіп жатқан осы өзгерістер педагогтардан бүкіл оқу-тәрбиелеу жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді.
Оқу басқа іс-әрекетке қарағанда оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытады, дүниеге адамгершілік көзқарастарын бірте-бірте қалыптастырады.
Осы оқу арқылы олардың таным үрдісі (қабылдау, зейін, ес, қиял, ойлау) дамиды.
Таным-ойдың білмеуден білуге қарай ұмтылдыратын ой-өрісінің күрделі үрдісі. Оқушылардың нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және ішкі күштер немесе себептер болады. Оқушылардың білім алуда ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге қадам басқанда әр түрлі қиындықтар мен қайшылықтарға кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асырылады.
Бастауыш мектеп оқушысының қабылдау тұрақсыз және ұйымдаспауымен ерекшеленеді. Сонымен қатар оларда “білуге құмарлық, әуестік те байқалады. Олар өздеріне күнделікті жаңа бір нәрсені ашып отыратындықтан қоршаған ортаны қызығумен қабылдайды.
Олардың зейіні де еріксіз, тұрақсық болып келеді. Сондықтан бастауыш мектепте балаларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісі негізінен, зейінді тәрбиелеуге бағытталады. Мектеп өмірі баладан ерікті зейінін жаттықтыруды талап етеді. Балалардың ерікті зейіні оқу мотивтерімен бірге дамиды.
Бұл жастағы балалар өте сезімтал. Оның сезімі тәуелсіз және өте ашық болады. Бұл жастағы балалардың қиялы өте шапшаң, фантазияға берілгіш келеді. Балалардың қиялына мүмкіндік берсее оларды қандай да болсын бір іске оп-оңай-ақ тартуғажеңіл. Сонда балалар қиын істерді де құштарлықпен орындайды.
Адамның бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүріп жатыр. Психологиялық-педагогикалық бағыттағы әдебиеттерге сүйенсек, баланың жалпы дамуы негізгі 3 факторға сай жүзеге асады. 1) Биологиялық фактор. 2) Әлеуметтік орта немесе қоршаған орта. 3) Тәрбие, яғни оқу-тәрбие үрдісі. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6-7 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастайды, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсені үңіле қарайтын, көп нәрсе оларды ойлантады.
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтардың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқаны жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұраұ қоюдан жасқаншақтайды. Ал бұл баланың дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.
Егер мектеп жасына дейінгі балалардың қызығуы ойын іс-әрекетімен байланысты болып келсе, бастауыш сынып жасында қызығудың дамуы оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады. Кеңестік психологтар зерттеулері бойынша жеті жастағы оқушыны мектепке қатысты жағдайлардың барлығы қызықтырады: жаңа адамдар (мұғалім, сыныптағы оқушылар), жаңа орын(мектеп, сынып), іс-әрекеттің жаңа түрі (оқу) т. б.
Бастауыш сынып оқушыларының зейіні тұрақсыз, құбылмалы. Бұл оқушылар әлі өз зейінін басқаруды игермеген. Сондықтан да оқу процесінің әр сәтінде олардың сезім мүшелерін тиісті объектіге бағыттап, зейінін үздіксіз тұрақтандыруға ерекше көңіл бөлу қажет болады. Психологтар зейінді танымдық әрекетті ұйымдастырудың негізгі түрі деп есептейді.
Зейін дегеніміз - сананы белгілі бір объектіге шоғырландырып, ол объектінің біздің санамызда бейнеленуін қамтамасыз ететін психикалық процесс.
Егер балада зейін қою қабілеті болмаса, оқу, ұғыну жөнінде айтудың қажеті болмас та еді.
Зейіннің танымдық ролі жөнінде К. Д. Ушинский:”…зейін сыртқы танымдық дүниенің санға енетін адам жан дүниесінің бірден-бір есігі, олай болса, ешбір білімдік ұғым бұл есікті аттап өте алмайды, онсыз ешбір ұғым баланың жан дүниесіне жете алмайды”-деген еді.
Ал Я. А. Каменский зейінді заттар ен құбылыстардың адам санасында бейнеленуіне мүмкіндік беретін “ақылдық сәулесі” деп атаған еді. Ол:”өз оқушысының қызығушылығын және зейінділігін ойламаған оқытушы білім бере алмайды. Оқушылар үшін мұғалімнің уысы ғылымның арнасы ағатын қайнар бұлақ тәрізді, оқушылар осы қайнардың ағытылу сәтін дер кезінде сезініп, зейіннің түтіктерін тоса қоюға дағдылануы керек және бұл үшін олардың әр нәрсеге деген қызығушылығы мен зейінін оята алу қажет”, -деді.
Зейін белсенділігіне қарай - ырықсыз, ырықты, үйреншікті деп үш түрге бөлінетіні белгілі. Оқу жұмысын ұйымдастыруда бұлардың әрқайсысының өзіндік орны, мәні, мағынасы бар.
Ырықсыз зейін дегеніміз- сананың объектіге еріксіз бағытталуы. Мұнда адам осыны көрейін, білейін деп арнайы мақсат қоймайды. Айрықша әсерлі сөз, әдемі зат немесе көрініс, бұрын көріп естімеген жаңалық, хош иіс адам сансын еріксіз баурайды, ырықсыз зейін тудырады.
Бастауыш сынып оқушыларында ырықты зейіннен гөрі ырықсыз зейін басым болады. Сондықтан да сабақ процесінде оқушыны таңдандыратын қызықты, әдемі, көрнекі заттар, шығармаларды пайдаланып, олардың ырықсыз зейініне сүйене отырып, сол зейінді тұрақтандыруға, біртіндеп ырықты зеіннің қалыптасуына көңіл бөлу қажет. Бұл үшін оқу материалының нақтылығы, мазмұндылығы, тартымдылығы, ол сабақтың жандылығы, эмоциялық сезімге толылығы, қызықты болуы қажет.
Ырық ты зейін дегеніміз - тиісті объектіге саналы түрде көңіл аудару. Мұнда адам тиісті объектіге мақсатты түрде, сол объектіні танып, білу қажеттілігін мойындай отырып, өзін-өзі іштей баыттап, ерік-жігерін ұйымдастыра отырып зейінін қояды.
Мектептегі ақыл-ой, оқу әрекеті әрдайым тартымды, қызықты бола бермейді. Бала үшін қызық емес, тіпті оларды жалықтыратын, бірақ білуге тиіс, қажет материалдар болады. Бұл үшін бастауыш сыныпта оқушының даму аясына сай мақсатты, тартымды оқу әрекеті ұйымдастырылады. Оқу әрекеті түрлендіріп, бір түрден екінші түрге ауыстырып отырады. Әрекеттің жаңа түрі оқушының ырықты зейінін оятып, тұрақтандырып отырады.
Алғашқы оқу жұмысына үйретуде белгілі бір оқып-үйреніп отырған пәнде баланың зейінін ерекше шоғырландыру керек. Ол үшін баладан сабаққа дайындалуда іштей оқуды талап ету, баланы зейінін ұзақ уақыт сақтай білуге, тұрақтандыруға үйрету қажет.
Үйреншікті зейін дегініміз - сананы адамның өзі үшін маңызды, қажетті объектіге шоғырландыруы. Үйреншікті зейін адам өзінің белгілі мақсатқа ұмтылуы, ынталануы, қажеттігін қанағаттандыру негізінде пайда болады және белгілі бір іс-әрекетті қажеттілік ретінде мойындайды. Мұнда еріжігер қажеттігі азаяды.
Зейіннің бұл үш түрі бір-бірімен тығыз сабақтас, тәжірибелік іс-әрекет барысында бірін-бірі байытып, бір түрден екінші түрге ауысып отырады. /4; 14/
Бастауыш мектеп оқушыларының қабылдауы тұрақсыз және ұйымдаспауымен ерекшеленетіні белгілі.
Қабылдау - адамға тікелей әсер ететін заттың я құбылыстардың адам санасында толық бейнеленуі.
Қабылдау процесін дамытып, қалыптастырып отыру басқа да психикалық процестермен, яғни, ойлану, сөйлеу, есте сақтау, сезім-эмоциясымен тығыз ұщтастырылып, жалпы, баланың дүниетаным шеңберін кеңейтіп отыруды талап етеді. Қабылдау адамның дүниені танып білу саласындағы тікелей таным процесіне жатады.
Баланың дүниетанымын дамытып, оны үнемі өрістетіп отыру әрбір пән мұғалімі мен тәрбиешілердің, ата-аналардың жалықпай жұмыс істеп, ұстаздық ісін барынша шыңдай берулерін қажет етеді. Оқу әрекет балаға өзінің есте сақтау үрдісін басқаруды талап етеді. Ал ес процесінде бұрын қабылдаған заттар, құбылыстар адам санасында бейнеленеді. Тиісті оқуматериалының мазмұнына оқушы мақсатты түрде зейін қойып, санылы ұғынып қабылдағанда еске сақтау саналы да ұзақ болады.
Бастауыш сынып оқушылары материалды, көбінесе, сөзбе-сөз жаттап алады. Олар материалды есіне қалдырғанша оқи береді. Бұлайша есте қалдыруға материалдың қысқалығы әрі жинақтылығы себеп болады. Балалардың сөздік қорының аздығы да өз сөзімен айтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан мұғалім бір жағынан, материалды өз бетінше айта білуге үйрету қажет. Баланың оқыған нәрсесінің мәнін түсіне алуы - оның материалды өз сөзімен айта білуі болып табылады. Осылайша есте қалдыру үшін және жақсы тұ-үсіну үшін оқитын материалды бірнеше мағыналы бөліктерге бөлу, оның жоспарын жасау қажет. Бастауыш сынып оқушылары бұл жағына өте шорқақ екенінде, психологиялық зерттеулер көрсетіп отыр.
Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу қоршаған ортаға дұрыс кзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.
Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, қабылдау мүмкіндіктері де әр түрлі болады. Дегенмен әр баланың бір нәрсеге бейімі болады.
Бейімділік - оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырын тіпті тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.
Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себепті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады.
Қабілет - оқушылардың жекелік айырмашылықтары. Қабілеттер әр адамда әр түрлі дәрежеде болады. Бала бойындағы қабілеттердің алғы шарты нышан болып табылады. Қабілет әрекетте байқалып, қалыптасып, дамып отырады. Яғни, қабілет туа біткен қасиет емес, олар өмір сүру барысында қалыптасып, дамып отырады.
Қабілет- әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігіне немесе мақсатқа бағытталған бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуінен байқалады.
Оқыту барысында оқушының оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырып, дамыту ерекше орынадады. Олардың қызығушылығы арқан сайын қабылдау қыбілеттері жетіле түседі. Сондықтан қызығу оқу процесінде өте маңызды орын алады. Осы мәселе жөнінде ерте кездерде көптеген психологтар мен педагогтар зерттеген. Олардың тұжырымдарына тоқталар болсақ белгілі психолог У. Мак Дугал (1871-1938) баланың қызығуларын соқыр сезімдерге теңейді. Баланың қызығулары ерте бастан нәсіл арқылы соқыр сезімдер, инстингтер ретінде ата-анасынан көшіп отырады. Қызығу мұқтаждықтан пайда болмайды, ол әсер етуші заттармен, сыртқы дүниемен байланыспайды дейді. Э. Торндайктың (1874-1948) айтуынша, балының қызығулары сыртқы дүниенің, қоғамның әсерінен жүре пайда болады. Бұлар дағдылану мен әрекеттенудің нәтижесі ретінде ғана пайда болып, бұл екеуінсіз ешбір қызығу пайда болмайды дейді. Бірінші теория қызығуды биологиялық тұрғыдан түсіндірсе, екіншісі-механистік бихиоризм (қылықпсихологиясы) принципімен орйластырады.
Неміс педагогы И. Ф. Гербарт өзінің оқыту теориясының негізіне әр саладағы қызығушылықты алған. Ол баладағы қызығушылықтар қоршаған дүниені танып-білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады. Сондықтан мұғалім өзбілімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екендігін айтқан.
Оқушыға деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап ететін бағытты терең ұстанған орыс халқының ұлы педагогы К. Д. Ушинский оқыту үрдісінде қызығу мен қызықтыру мәселесі төңірегінде көптеген тұжырымдама жасаған. Оның пайымдауынша қызығушылық сапалы оқудың негізгі жолы, ешбір қызығусыз тек қана зорлық күшімен жүргізілген оқу оқушы бойындағы білім алуға деген құштарықты жояды дей отырып ол ”Қиын оқуды балаға қызғуылықты ету, міне бастауыш оқудың ең негізгі міндеті” -деген құнды пікірді қалдырды. Оның тұжырымдамасының жетекші идеясы: оқу-оқушының ең негізгі жауапты ісі, еңбегі бола тұра қызық, тартымды болып, бірақ көңіл көтеру ісіне айналмау керек.
ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басында қызығушылық теориясын дамытуға үлес қсқан педагогтар мен халық ағарту қайраткерлерінің тамаша тобы қалыптасты. Солардың бірі - Ы. Алтынсариннің ағартушылық педагогикалық мұралары.
“Ол ең алдымен, ағартушы педагог. Ал оның ақындығы мен жазушылығы оның мақсатына, сол ағартушылық -педагогтік істеріне бағындырылған”-деп жазады педагогика тарихын зерттеушілер. Бұған дәлел: өзінің тарихи-мәдениеттік және педагогикалық құндылығы жағынан тамаша ескерткіш болып табылатын “Қырғыз хрестоматиясы” (1879) енгізілген әңгімелері оқиғаларының қызықты болуына Ы. Алтынсарин аса көп көңіл бөлген. Ұлы ағартушының баладарды мектепке тарту және оқуға қызықтыру жөніндегі пікірлері Н. М. Ильминскийге жазған хаттарында анық көрінеді. Мәселен, 1871ж. 31 тамызда жазған хатында “Артта қалған халықты қызықтырып, оларды мектепке тарту үшін мектептерде жақсы білім беретін болсын” десе, 1876 ж3 желтоқсанда жазған хатында”Бірінші кітапша үшін Паульсонның кітап түзу тәртібін ұстамақпын, әрине оны қырғыз балаларына бейімдей отырып, мысыалдарды қосқым келмейді, өйткені сұрапыл өмірде өскен қырғыздарға(қазақтарға” жалпы алғанда елеулірек заттар керек. Мен тәжірибе жүзінде қырғыз балаларының мысалдарды қандай көңілсіз түрмен оқитынын жақсы білемін. Менің пікірімше, қырғыз балалары үшін күлдіргі ертігілер, өсиет берерлік жұмбақ және жаңалықты жете білуге әуеетерлік әңгімелер анағұрлым қонымды келеді” деп атап көрсеткен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz