Бастауыш білім беруде қолданылатын оқыту технологияларына сипаттама
Кіріспе 1 бет
I тарау. Бастауыш білім беруде қолданылатын оқыту технологияларына сипаттама .
1.1. Жаңаша оқыту . өмір талабы 2.9 бет
1.2.Бастауыш сыныпта көп қолданылатын
оқу әдістері 10.17 бет
II тарау. Бастауыш білім беруде оқыту технологиясын қолданудың әдістемесі
2.1. Жаңаша оқыту әдістері . бастауыш мектепте 17.21 бет
2.2Дамыта оқыту технологиясын сабақтарда
қолданудың әдіс. тәсілдері 22.26 бет
Қорытынды 27.28 бет

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің қазіргі кезеңін әлемдік деңгейдегі білім беру тенденциясынан бөліп қарауға болмайды. Бұл әлемдік деңгейдегі қатынастың күшейе түсуіне байланысты.
Қазіргі қоғамда болып жатқан кең шеңбердегі өзгерістер үшінші мыңжылдықтың білімді, саналы жастарын тәрбиелеушілерге үлкен міндет жүктері сөзсіз. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейдегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.
Әлемдік білім беру кеңістігіне ену педагогика теория мен оқу- тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты: Еліміздің болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблема әлеуметтік-педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау.
Мұғалімдерді даярлау- қай уақытта ең өзекті мәселелер қатарына кіретіні белгілі жәйт. Себебі қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттері заманына сай өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты соған лайықты өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.

1. ҚР Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 7 ақпан, 2001ж.
2. Назарбаев Н. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. Егемен Қазақстан, 27 мамаыр, 2006ж.
3. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: телориясы мен әдістемесі. Алматы, 2000ж.
4. Ысқақ Б. Тіл дамытудың ғылыми негіздері. Алматы, 1997ж.
5. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары, Алматы, 2000ж.
6. Выготский Л.С. Воображение и творчество в детском возрасте. Москва, 1987.
7. Занков Л.В. Избранные труды, Москва, 1990
8. Тәжібаев Т. жалпы психология, Алматы, 1998ж.
9. Қазақ тілі және әдебиеті№3,5, 2001ж.
10. Сарманов Е., Сапаров С. Оқытудың жаңа технологиялары, Шымкент, 2005ж.
11. Апатова Н.В. Информационные технологии в школьном образовании, Москва, 1994
12. Байзақ Ү. Оқытудың кредиттік технология жүйесі. Таным және тәрбие. №4, 2005
13. Адамбаева Ж. Орыс мектебінің 4-5 кластарында қазақ тілін оқыту, Алматы, 1984ж.
14. Карл Фрей. Жобалау әдісі. Бельц. 1977
15. Қазақ мақал-мәтелдері. Алматы, 1990
16. Мемлекеттік тілді оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану. Семинар бағдарламасы. Шымкент, 2007ж.
17. Маманов Ы. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту. Алматы, 1977
18. Рахметова С. Тіл дамыту методикасының негіздері. Алматы, 1987
19. Ақбаева К. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерді қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері. Алматы, 1997
20. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, 1989
21. Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері, Алматы, 1962
22. Сеневко Т.К. Современные образовательные технологии. Москва, 1998
23. Эльконин Д.Б. Избранные психологические труды, Москва, 1989
24. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы, 1998
25. Ысқақ Б. Тіл мәдениетінің негіздері, Шымкент, 2000
26. Бекмұхамедова Х. Орыс тілін оқыту әдістемесі, Алматы, 1978
27. Ысқақ Б. Қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстар, Алматы, 200028. Байтанаева-Молдалиева Д., Оразбаева Э. Мемлекеттік тілді меңгертуде жүргізілетін сөздік минимум, Шымкент, 2003

Мазмұны
Кіріспе
1 бет
I тарау. Бастауыш білім беруде қолданылатын оқыту технологияларына
сипаттама .
1. Жаңаша оқыту - өмір талабы 2-9
бет
1.2.Бастауыш сыныпта көп қолданылатын
оқу әдістері
10-17 бет
II тарау. Бастауыш білім беруде оқыту технологиясын қолданудың
әдістемесі
1. Жаңаша оқыту әдістері - бастауыш мектепте 17-21 бет
2.2Дамыта оқыту технологиясын сабақтарда
қолданудың әдіс- тәсілдері
22-26 бет
Қорытынды
27-28 бет
Пайдаланылған әдебиеттер 29-30
бет
Кіріспе
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің қазіргі
кезеңін әлемдік деңгейдегі білім беру тенденциясынан бөліп қарауға
болмайды. Бұл әлемдік деңгейдегі қатынастың күшейе түсуіне
байланысты.
Қазіргі қоғамда болып жатқан кең шеңбердегі өзгерістер
үшінші мыңжылдықтың білімді, саналы жастарын тәрбиелеушілерге үлкен
міндет жүктері сөзсіз. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың
біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейдегі білім,
білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру
– жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.
Әлемдік білім беру кеңістігіне ену педагогика теория мен оқу-
тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты: Еліміздің болашақта
көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен
көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблема әлеуметтік-
педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық
енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын
мұғалімдерді даярлау.
Мұғалімдерді даярлау- қай уақытта ең өзекті мәселелер қатарына
кіретіні белгілі жәйт. Себебі қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттері
заманына сай өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты соған лайықты өмірге
бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.
3

1 1Жаңаша оқыту - өмір талабы
Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен
тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық
технологияны игерген, психологиялық диагностиканы қабылдай
алатын,педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада
арылуға қабілетті және нақты тәжірбиелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл
жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет
етеді. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру
жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Кез- келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру
деңгейінің жоғарлығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол
елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа
технологияны енгізу сапалылығы осы елдегі білім беру ісінің жолға
қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.
Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірбиесі білім беру жүйесін
ақпараттандыру экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі
кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше, қазіргі заманның ақпарат -тық
технологиясын игеруге міндеттіміз.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің сапасын арттыру- мұғалім тұлғасының
өздігінен дамуына, оның шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасауды
және оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық
технологияларды пайда- лануды көздейді. Технологияны педагогикалық іс-
әрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде тиімді пайдалану оқу
тәрбие үрдісінің сапасын жақсартуға, жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге
септігін тигізеді.
Қазіргі кезеңде мектептің алдына қойылып отырған басты
талаптардың бірі –рухани дүниесі бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға
тәрбиелеу. Баланың шығармашылық қабілетін дамытудың жолдары,
құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте
ертеден зерттеліп келеді.
Бүгінгі күні қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі
түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның
мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып
жатыр.
4
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру
жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін
қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып,
білім беру мекемелерінің тәжірбиесіне енуде. Жаңа технологияны
меңгеру тәрбиешінің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік,
рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие
үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Біздің ұрпақ таңдауына шексіз мүмкіндік туған заманда
өмір
сүріп жатыр. Бүгінгі оқушыны болашағына дұрыс таңдау жасай
алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай-ақ өзінің
өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне
байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр.
Мектептегі білім беру міндеттерінің негізгілерінің бірі-
оқушыны шынайы әлем жағдайындағы өмірге дайындау.
Бүгінгі күнгі білім беру жүйесі алдында оқушыны ойлануға
үйрету, қай жаста болмасын алдынан шығатын түрлі мәселені шешуге
қажетті әрекет тәсілдерін үйрету міндеті тұр.
Білім беру жүйесінің алдына қойған мақсаты адамзаттың
прогрестік ерекшелігіне, қоғамдық-тарихи, саяси-әлеуметтік, экономикалық
жағдайына сай адамдардың өмірге деген көзқарастары өзгеруде,
білім алуға, тілдерді үйренуге деген ынтасы арта түсуде, білім
беруді ақпараттандыру, пәндерді ғылыми технологиялық негізінде
оқыту мақсаты алға қойылуда.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыты - жаңа ақпараттық
технологияларды пайдалану арқылы дамыта және дистанционды оқыту,
жеке тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-
тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын
көтеруді көздейді.
Болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы
алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп - өркендеуі,
өркенетті дүниеде өзіндік орын алуы, оның білім жүйесінің деңгейіне, даму
бағытына байланысты.
Сондықтан, білім беру ісіне айрықша мән берілуде. Қазіргі кезде
елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қалыптасуда. Бұл жүйеде
оқушылардың оқу әрәкетін қалыптастыру бірінші кезекке шығады. Оқу
әрекетінің мазмұны оқу тапсырмалары түрінде құрылады. Осы тапсырма түрлерін
меңгеру оқушы ойын тәртіптеп, оның белгілі бір бағытта жүйелі “арнамен
жүруін” қамтамасыз етеді; жеке тұлғаның негізгі психикалық үрдістері
қалыптасып, ырықты зейін, рефлексия5
5 , өзін - өзі бақылау, әрекет – амалдың ішкі жоспары
сияқты жаңа тізімдер пайда болады. Оқушы әртүрлі оқу тапсырмаларын
өздігінен шешіп орындаудың ортақ тәсілдерін, өз әрекетін бақылап –
бағалауды, нәтижесін салыстыруды меңгереді.
Оқу әрекетінің қалыптасуы білім мазмұнының теориялық деңгейін көтеру
ұстанымен тығыз байланысты.
Бұл – білім мазмұнындағы ғылыми ұғымдардың үлесін арттыруды қажет
етеді. Осыдан объектілер мен құбылыстардың тек сыртқы түрін, белгілерін
бақылап қана көріп, тану тәсілін ғана емес, оқушыны ынталандырып,
шығармашылық әрекетке жетелейтін ішкі байланыстарды, өзара тәуелділікті,
заңдылықтарды өздігінен ашып, түсініп танитындай әдіс – тәсілдерді
қолдануға мүмкіндік туады; оқу әрекеті арқылы оқушы осындай тәсілдермен
жұмыс істеу біліктерін меңгереді. Осының бәрі оқыту әдіс-тәсілдерін
жетілдіруді қажет етеді. Соған орай оқытудың жаңа технологиялары ене
бастады. Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше
сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес. Сондықтан да, бастауыш сынып
мұғалімдері оқушыларға сапалы білім берудің тиімді жолдарын іздестіріп,
жаңа технологияларды пайдалануда.
Бүгінгі таңда педагогикалық технология мәселесі теориялық және
ғылыми-қолданбалы бағыт тұрғысын зерттеу арқау болып отыр. Теориялық
тұрғыдан алып қарағанда, педагогикалық технология педагогиканың категориясы
ретінде қарастырылады, оның мәні, құрылымы айқындалады; педагогикалық іс-
әрекеттің әртүрлі саласындағы ( дидактика, тәрбие, білім беруді)
педагогикалық технологияның ғылыми негіздері оқып-үйреніледі; педагогикалық
технологияны жобалаудың әдіснамасы мен теориясы зерттеледі;
педагогикалық технология теориясының негіздері ашып көрсетіледі.
Қазіргі күнгі ғылым психикалық даму қоршаған ортаның санада
сәулеленуіне яғни танымдық тәжірбиені және әрекетті меңгеруіне,
меншіктеуіне байланысты деп қарайды. Бұл-оқу білім алу деген сөз.
Оқу- адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез- келген оқыту
белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. Біз бұдан ары қарай дамудың алдында
жүретін, дамуда шешуші роль атқаратын оқыту жайлы сөз етпекпіз.
Оқитын пән қандай да жаңа, бағалы болмасын, мұғалімнің шеберлігі
қаншама жоғары болмасын, егер мұғалім баланың өз белсенділігін туғыза
алмаса, оған ұсынылған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатынасуы әрекет
күткен нәтиже бермейді. Баланың организм ретінде дамуы мен жеке бас ретінде
қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады.
Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны
игерген кезде дамуға өріс ашылады. Бұдан әрі психиканың бүкіл саласының
қалыптасуы, адамның белсенді қызметті өрістетуі мүмкін болады. Бұл процесте
ол бір жағынан өзінің іскерлігі мен қабілетін нығайтып жетілдіреді, жаңа
дағдыларды игереді,екінші жағынан материалдық және рухани байлықтар
жасап,осы арқылы адамзат мәдениетіне өз үлесін қосады. Баланың
потенциалдық мүмкіндіктері неғұрлым жан-жақты үйлесімді, толығырақ
дамыса,есейген кезде,оның қызметі соғұрлым мазмұнды, жан-жақты, табысты
болады. Оны жүзеге асырудың жолдарын ол соғұрлым серпінді меңгеріп,
жаңғырта алады.
Республика мектептеріндегі оқыту жаңадан жазылған төл оқулықтар,
жаңа бағдарламалар негізінде жүргізіліп, білімнің әлемдік стандартқа сай
болуы қарастырылды. Оқытудың жаңа технологиялары кеңінен енгізіле бастады.
Әсіресе халықтық педагогиканың пайдаланып, ұлттық үрдістер тәрбиелеуде
атқарылған шаруалар ауқымы біраз. Еліміз егемендігін алу арқылы мүмкін
болған жаңа буын оқулықтарының да ғылыми негізі ретінде дамыта оқыту жүйесі
алынып отыр. Әрбір сабаққа жоғарғы технологияларды енгізу мен
инновацияларды қолдану балалардың қызығушылығын туғызатын
шығармашылыққа толы сабақтар болу қажет. Сондықтан сабақтарда
оқытудың соңғы жаңа технологияларын бағдарлы бейімдеп және дамыта
оқытудың тиімді тәсілдерін балалардың жас ерекшелігін ескере
отырып, әрбір сабақта қолданып келеді.Нәтижесінде шығармашылықпен
айналысатын оқушылар дараланып, жан-жақты жетілген жеке тұлға болып
қалыптасуына әсер тигізеді.Сондықтан бір технологияның өзі әр түрлі
атқарушылардың шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы
мүмкін.
Егеменді еліміздің болашағына білімді, ойлы , өнерлі ,
шебер азаматтарды дайындау үшін білім беруде тиімді, әрі қолайлы
әдіс-тәсілдерді пайдаланып, сабақты түрлендіріп отыру, шығармашылық
қабілетін арттыру, эстетикалық тәрбие беру қазіргі өмір талабы.
Білім саласындағы кез-келген пәннің жеке тұлғаны қалыптастыруға
өзіндік үлес қосары анық. Әрбір сабақ- жоғары технологияларды
енгізу мен инновацияларды қолдану балалардың қызығушылығын
туғызатын шығармашылыққа толы сабақтар болу қажет.
Сондықтан сабақтарда оқытудың соңғы жаңа технологияларын:
СТО стратегияларын, бағдары-бейіндеп және дамыта оқытудың тиімді
тәсілдерін балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, әрбір
сабақта қолданып келеді. Нәтижесінде шығармашылықпен айналысатын
оқушылар дараланып, жан-жақты жетілген жеке тұлға болып
қалыптасуына әсерін тигізуде.
Өркениетті ел қатарына қосыламыз десек , ұлттық тәрбие
сырларын, тағылымдарын ешуақытта естен шығармауымыз керек.
Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп,
тәжірбиеде жақсы нәтиже беріп жүр.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану
үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас
ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық мақсат-мүддесіне сай,
өзінің шеберлігіне орай таңдап алады.

ғылыми-қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқау болып отыр. Теориялық

ретінде қарастырлады, оның мәні, құрылымы айқындалады; педагогикалық іс-

технологияны жобалаудың әдіснамасы мен теориясы зерттеледі; педагогикалық
технология теориясының негіздері ашып көрсетіледі.
Баланың физикалық дамуы генетикалық бағдарлама бойынша қаңқасының,
бұлшық ет көлемінің өсуі арқылы нақты, көрнекті жағдайда өтіп жатады.
Оқушы қабілеттерін дамыту, талантты балалардың талабын ұшқырлау
мақсатында ашылып, жұмыс істеп жатқан жаңа үлгідегі лицей, гимназия сияқты
мектептерді заман талабы өмірге келтірді. Бұл мектептерге оқушылар
қабілеттеріне, қызығушылықтарына қарай лайықталынып жасалған арнайы
бағдарламалармен оқытылады.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызушылығын дамытудың негізгі
факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге,
баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін
қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады.
Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері
арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп
білеміз.

Қазіргі заманға оқыту технологиялары педагогикалық және психологиялық
ілімдер негізінде жасалған дамытушы, жеке бағдарлы, мақсатты технология
болып табылады.
1.2.Бастауыш сыныпта көп қолданылатын оқу әдістері
. Қазіргі кезеңде оқыту техникасы одан әрі түбірлі өзгерістерге
ұшырады, әр түрлі дидактикалық материалдан басқа оқыту техникасының
құралдары қосылды.
Қазіргі заманғы педагогикалық технология төмендегі негізгі
әдістемелік талаптарға сай болуы тиіс:
1. технологиялық сызба (карта) техникалық процесті он жеке функционалды
бөліктерге және олардың арасындағы логикалық байланыстарды белгілеу
арқылы көрсететін шартты бейнесі.
2. әр педагогикалық технология тәжірибені игерудің белгілі бір ғылыми
тұжырымдамасына негізделуі тиіс: білім беру мақсаттарына жету
процесінің ғылыми негізі болу керек.
3. педагогикалық технологияның барлық жүйелік сипаттары: процестің
логикасы, барлық бөліктің өзара байланысы, тұтастығы;
4. оқу процесін жобалау, жоспарлау мақсатынан анықтау мүмкіндіктері
ескерілуі керек
Педагогикалық технологияны басқа білім беру мекемесінде басқа
субъектінің де қолдануы мүмкіндіктері ескерілуі керек, яғни ол байыта
қолданылған болуы тиіс.
Педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып
табылады. Оқытудың жаңа технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор
тәжірибелі жұмылдыру қажет болады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың
озық технологияларын меңгермейінше, сауаттты, жан-жақты маман болу мүмкін
емес.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік,
адамгершілік, рухани азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін
тиімді, ұйымдастыруына көмектеседі.
Г.К.Селевконың оқыту технологиялары туралы тұжырымдамасына сүйене
отырып, бастауыш сыныпта қолданатын бірнеше оқыту технологиясын іріктелген

2 1Жаңаша оқыту әдістері - бастауыш мектепте
Амонашвилидің Ізгілендіру технологиясының негізгі мақсаты – баланың
жеке қасиетін ашу арқылы азамат етіп тәрбиелеу, баланың жаны мен жүрегіне
жылылық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, білім мен
біліктілікті кеңейтуге және тереңдетуге жадай жасау. Мұндағы меңгеруге
тиісті бастр біліктер мен икемділіктер: танымдық оқу, жазу сөйлесу
қаракеті: лингвистикалық сезім (ана тілі сабақтары) рухани сезімділік:
әсемдікті, әдемілікті түсіну (табиғат туралы сабақ) іс әрекетті жоспарлау;
төзімділік және батылдық; қарым-қатынас; өзге тілі мегеру.
Бұл біліктер мен икемділіктер оқу мен жазу процестерін үйрету
амалдары, баланың әдеби шығармашылық қабілетін дамыту, рух, Жан, жүрек,
махаббат, өмір, өлім, т.б. рухани құндылықтарды сезіну; қоршаған ортадағы
әсемдік-әдемілік (өнер, музика, бейнелеу өнері, театр, т.б.) баланың
шығармашылық қабілетін дамыту сияқты арнайы әдістер мен әдістемелік
амалдардың көмегімен қалыптасады.
Олардың сабақты оқыту процсінде ғана емес, бала үшін, оның бүкіл ой
сезімінің қалыптасуы үшін де мәні зор сондықтан Ш.А.Амонашвили
технологиясындағы балаларды бағалау өте алкен роль атқарады, яғни баланың
жауабына қойылатын бағаның әділ болуы, жауапты бұрыс бағалау және балаларды
өзін өзі бағалауға үйрету маңызды.
Саралап оқыту технологиясы.
Саралап оқыту технологиясы оқу процесінің белгілі бір бөлігін қамтитын
саралап оқытуды ұйымдастырудың, оның құралдары мен әдістерінің жиынтығы
болып табылады.
Оқыту жүйесінің кез келгенінде қандайда болсын оқушылардан саралау
жүзеге асып отырады. Сондықтан саралап оқыту технологиясының өзі әр түрлі
әдістемелік құралдарды қолдану арқылы енген технология.
Дегенмен, оқу процесін саралау педагогикалық жүйелер қатарына өзіндік
айқын мақсат көздейтіндігімен ерекшеленеді және бұл саралап оқыту деп те
аталып жүр.
Ойын арқылы оқыту технологиясы.
Оқытудың ойындық әдісі ерте кезден бастап күні бүгінге дейін
қолданылып, ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келеді. Бұдан әдіс, әсіресе,
халықаралық педагогикада мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде
кеңінен пайдалануда. Соңғы жылдарға дейін ойын әдісін оқыту процесінде
қолдануға шек қойылып та келді. Қазіргі кезде оқу процесінің тиімділігін
арттырып, оқушының белсенділігін көтеру мақсатында ойын әдісі төмендегі
бағытта қолданылып жүр.
- Оқу пәнінің бір тақырыбын немесе бір бөлімін өткенде, ұғымды
меңгеру барысында өзіндік технология ретінде;
- Барынша көлемді бір технологияның элементті ретінде;
- Тұтас ойын сабағы немесе сабақтың кіріспе, жаңа сабақ түсіндіру,
бекіту, жаттығу, тексеру кезеңінде қолданылатын оның бөлігі
ретінде;
- Сыныптан тыс жұмыстар технологиясы ретінде : “Ойынды пайдаланудың
педагогикалық технологиясы” ұғымы педагогикалық процесті әртүрлі
педагогикалық ойындар түрінде ұйымдастырудың көптеген әдістері мен
амалдарын қамтиды. Педагогикалық ойындардың жалпы ойындардан едеулі
айырмашылығы – оқытуда алдына белгілі бір педагогикалық нәтиже
көздейтін мақсат қойып және оның оқу-танымдық сипат алуында. Ойын
арқылы оқыту сабақта оқушыны оқу әрекетіне қызықтырып,
ынталандырады.
Сабақта ойынды пайдаланудың мынандай негіздік бағыттары бар.
Дидактикалық мақсатты ойынмен алмастыратын, ойын арқылы жүзеге асыратын
жарыс, айтыс элементтері енгізіледі,дидактикалық мақсаттың орындалуы ойын
нәтижесінен көрінеді.
Оқу процесіндегі ойын арқылы оқыту технологиясының орны мен ролін
анықтау, ойын мен оқу элементтерін үйлестіре білу көбінесе мұғалімнің
ойының атқаратын қызметі мен жіктелуін түсінуіне тікелей байланысты.
Проблемалы оқыту технологиясы.
Проблемалық оқыту кезінде мұғалімнің жетекшілігімен проблемалық жағдай
жасалып, оқушылар оң шешімге белсенді түрде қатысады, осы іс - әрекеттің
нәтижесінде оқушылар кәсіби білімді, дағды мен білімді меңгеріп, ойлау
қабілетін дамытады.
Модульдік оқыту технологиясы
Модульдік оқыту үш бөлімнен тұрады:
1. Кіріспе бөлімі (модуліне, тақырыпқа енгізу )
2. Диалог бөлімі (оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде
ұйымдастыру)
3. Қорытынды бөлімі (бақылау)
“Әрбір оқу модулінде сағат саны әртүрлі. Бұл оқу бағдарламасы бойынша
тақырыпқа, тақырыптар тобына, тарауға бөлінген сағат санына байланысты.
Неғұрлым тиімдісі “7-12 сағаттан тұратын оқу модулі,” – дейді М.
Жанпейісова.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы
Бұл технология үш кезеңнен тұрады:
1. Қызығушылықты ояту
2. Мағынаны тану
3. Ой толғаныс
Қызығушылықты ояту – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан
тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа
ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырғалы
тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан
басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы
әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”,
“Ойлану”, “Жұпта талқылау” т. б. деген аттары бар әдістер
жинақталған.Мағынаны тану кезеңінде үйренуші жаңа ақпаратпен танысды,
тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс
жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша
жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі – Insert:
Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысубарысында:
V – “Білемін”
1. - “білмеймін”
+ - “мен үшін жаңа ақпарат”
? - “мені таңқалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. Бұл
оқиғаны түсінуге, өз ойына басшылық етіге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды
құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете
түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл – желпі
қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі.
Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру аталған кемшіліктерді
болдырмаудың бірден – бір кепілі. Үйренушілер білетіндерін анықтап,
білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді.
Ой толғаныс кезеңінде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны
қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Толғануды
тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “еркін
жазу”, “Семантикалық карта” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне,
ауыр – жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Олар оқушылардың бір –
бірімен ой алмастыруын қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете
алады.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz