Бастауыш мектеп жасының психологиялық ерекшеліктері



Кіріспе
Негізгі бөлім. Бастауыш мектеп жасының психологиялық ерекшеліктері
а) Бастауыш сынып оқушыларының анатомиялық.физиологиялық ерекшеліктері
ә) Баланың мектепке баруына байланысты болатын психологиялық өзгеріс
б) Бастауыш сынып оқушысының оқу іс.әрекетінің құрылысы
г) Бастауыш сынып оқушыларының танымдық процестерін дамыту
Қорытынды.
Қазіргі заманғы тәрбие жүйесінде бастауыш мектеп шағы бала өмірінің жеті жастан он бір-он екі жасқа дейінгі кезеңін қамтиды (мектептің I—ІV кластары). Балалар мектепке 6 жастан баратын, ал бастауыш оқу ұзақтығы біздің елдегіден бөлек елдерде бастауыш мектеп шағының, әрине, басқаша хронологиялық шектері болады. Баланың өмірінің ерекше кезеңі ретінде ол салыстырмалы түрде жуырда ғана айқындалды. Мәселен, бұл кезеңді мектепке мүлдем оқымаған бала бастан өткізбейді. Ол бастауыш мектеп білім алуының алғашқы және соңғы сатысындағы балаларда да болған жоқ. Бастауыш мектеп жасының пайда болуы экономикалық жағынан дамыған елдерде жалпыға бірдей міндетті толық емес және толық орта білім беру жуйесінің шығуымен байланысты. Орта білім берудің әлеуметтік міндеттері мсн мазмұны әлі түпкілікті қалыптасқан жоқ. Сондықтан мектептегі бүкіл балалық шақтық бір бөлігі ретіндегі бастауыш мектеп шағының хронологиялық шектерін және психологиялық ерекшеліктерін де түпкілікті және өзгермейтін деп есептеуге болмайды. Ғылыми көзқараспен қарағанда, әзірше салыстырмалы түрде тұрақты, осы жасқа неғұрлым тән белгілер туралы сөз болуы мүмкін. Баланың психологиялық дамуындағы оның ролі балабақшадан бастап орта білім беру аяқталғанға дейінгі балаларға қоғамдық тәрбие берудің тарихи қалыптасқан жүйесіндегі бастауыш оқытудың мақсаттары мен мазмұнынын, өзгеруіне байланысты. Жеті жастан он жасқа дейінгі кезеңге неғұрлым тән негізгі белгі мынада: бұл жаста мектеп жасына дейінгі бала мектеп оқушысына айналады. Бұл бала өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтың белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең. Бұл белгілер оның мінез-құлқында, санасында күрделі, ал кейде қайшылықты үйлесім түрінде қатар жүреді. Кез келген өтпелі күй сияқты бұл шақ көзі ашылмаған даму мүкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап, қолдап отыру маңызды. Адамның көптеген психикалық қасиеттерінің негіздері тап осы бастауыш мектеп жасында калыптасады және әдетке айналады. Сондықтан ғалымдардың ерекше назары қазір бастауыш класс оқушыларын дамытудың резервтерін анықтауға бағытталған. Бұл резервтерді пайдалану балаларды одан арғы оқу және еңбек қызметіне неғұрлым табысты дайындауға мүмкіндік береді.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім. Бастауыш мектеп жасының психологиялық ерекшеліктері
а) Бастауыш сынып оқушыларының анатомиялық-физиологиялық
ерекшеліктері
ә) Баланың мектепке баруына байланысты болатын психологиялық өзгеріс
б) Бастауыш сынып оқушысының оқу іс-әрекетінің құрылысы
г) Бастауыш сынып оқушыларының танымдық процестерін дамыту
Қорытынды.

Кіріспе

Қазіргі заманғы тәрбие жүйесінде бастауыш мектеп шағы бала өмірінің
жеті жастан он бір-он екі жасқа дейінгі кезеңін қамтиды (мектептің I—ІV
кластары). Балалар мектепке 6 жастан баратын, ал бастауыш оқу ұзақтығы
біздің елдегіден бөлек елдерде бастауыш мектеп шағының, әрине, басқаша
хронологиялық шектері болады. Баланың өмірінің ерекше кезеңі ретінде ол
салыстырмалы түрде жуырда ғана айқындалды. Мәселен, бұл кезеңді мектепке
мүлдем оқымаған бала бастан өткізбейді. Ол бастауыш мектеп білім алуының
алғашқы және соңғы сатысындағы балаларда да болған жоқ. Бастауыш мектеп
жасының пайда болуы экономикалық жағынан дамыған елдерде жалпыға бірдей
міндетті толық емес және толық орта білім беру жуйесінің шығуымен
байланысты. Орта білім берудің әлеуметтік міндеттері мсн мазмұны әлі
түпкілікті қалыптасқан жоқ. Сондықтан мектептегі бүкіл балалық шақтық бір
бөлігі ретіндегі бастауыш мектеп шағының хронологиялық шектерін және
психологиялық ерекшеліктерін де түпкілікті және өзгермейтін деп есептеуге
болмайды. Ғылыми көзқараспен қарағанда, әзірше салыстырмалы түрде тұрақты,
осы жасқа неғұрлым тән белгілер туралы сөз болуы мүмкін. Баланың
психологиялық дамуындағы оның ролі балабақшадан бастап орта білім беру
аяқталғанға дейінгі балаларға қоғамдық тәрбие берудің тарихи қалыптасқан
жүйесіндегі бастауыш оқытудың мақсаттары мен мазмұнынын, өзгеруіне
байланысты. Жеті жастан он жасқа дейінгі кезеңге неғұрлым тән негізгі белгі
мынада: бұл жаста мектеп жасына дейінгі бала мектеп оқушысына айналады. Бұл
бала өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтың белгілерін оқушының
ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең. Бұл белгілер оның мінез-
құлқында, санасында күрделі, ал кейде қайшылықты үйлесім түрінде қатар
жүреді. Кез келген өтпелі күй сияқты бұл шақ көзі ашылмаған даму
мүкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап, қолдап отыру маңызды.
Адамның көптеген психикалық қасиеттерінің негіздері тап осы бастауыш
мектеп жасында калыптасады және әдетке айналады. Сондықтан ғалымдардың
ерекше назары қазір бастауыш класс оқушыларын дамытудың резервтерін
анықтауға бағытталған. Бұл резервтерді пайдалану балаларды одан арғы оқу
және еңбек қызметіне неғұрлым табысты дайындауға мүмкіндік береді.

Бастауыш мектеп жасының психологиялық ерекшеліктері

Баланың мектепке баруына байланысты болатын психологиялық өзгеріс
Атап көрсетілгендей, баланың психикалық дамуының әрбір кезеңі оның іс-
әрекетінің негізгі, жетекші түрімен сипатталады. Мысалы, мектеп жасына
дейінгі балалық шақта ойын іс-әрекеті жетекші болады. Бұл жастағы балалар
үйреніп, тіпті шама-шарқынша еңбек етіп жүрсе де, олардың бүкіл болмысын
анықтайтын шынайы стихия әр түрлі ойындар болып табылады. Ойын үстінде
қоғамдық баға беруге тырысушылык пайда болады, қиял және символнканы
пайдалана білуі дамиды. Осының бәрі баланың мектепке даярлығын сипаттайтын
негізгі сәттер болып табылады.
Жеті жасар бала мектеп табалдырығынан аттасымен-ақ оқушы болады. Оның
өмірінде ойын әлі маңызды орын алғанымен осы уақыттан бастап ол біртіндеп
басымдылық ролін жоғалта бастайды. Бастауыш класс оқушысының жетекші іс-
әрекеті оның мінез-құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертетін, оның танымдық
және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болады.
Мұндай қайта өзгеріс процесінің бірнеше кезендері бар.
Әсіресе баланың мектеп әмірінің жаңа жағдайларына алғаш енуі айқын
аңғарылады. Балалардың көпшілігі бұған психологиялык жағынан даярланған.
Олар бүл жерден үймен немесе балабақшамен салыстырғанда, әдеттен тыс
бірдеңелер кездестіруді күте отырып, мектепке қуана барады. баланың бүл
ішкі позициясы екі жағдайда манызды. Алдымен мектеп өмірінін жаңалығын
алдын ала сезіну және қалау баланың кластағы мінез-құлық ережелеріне,
жолдастарымен ерекше карым-қатынас нормаларына, күн тәртібіне катысты
мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдауға көмектеседі. Бұл талаптарды бала
қоғамдық маңызды және орындамауға болмайтын талаптар деп қабылдайды.
Тәжірибелі ұстаздарға белгілі, психологиялык жағыыан расталған мынадай
қағида бар: баланың класқа келген алғашқы күнінен-ақ оған оқушының
сабактағы, үйдегі және қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін айқын да
нақты мағынада түсіндіру керек. Балаға оның жаңа көзқарасының міндеттерінің
және правосының бұрынғы ол әдеттенген жағдайлардан айырмашылығын дереу
түсіндіру маңызды. Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету
— бірінші класс оқушысына орынсыз қаталдык жасау емес, мектепке баруға
даярланған балалардың өз тусініктеріне сәйкес олардың тіршілігін
ұйымдастыруға қажетті шарт. Бұл талаптар орнықсыз әрі екі ұшты болса,
балалар өз өмірінің жаңа кезеңінің өзіндік ерекшеліктерін сезбейді, бүл
олардың мектепке деген ықыласын жоюы мүмкін.
Баланың ішкі позициясының екінші жағы оның білім мен іс-керлікті игеру
процестерінде ортақ дұрыс қарым-қатынасына байланысты. Бір кездерде шын
мәнінде ойын кезінде өзі калаған адам (ұшқыш, аспаз, шофер) болуы үшін,
окудың кажет екендігі туралы пікірге, оның мектепке дейін-ақ бойы үйрене
бастайды. Ол кезде бала келешекте қажет болатын білімдердің нақтылы
күрамын, әрине сезбейді. Оның білімге деген пайдақорлық-прагматикалык
көзқарасы әлі болмайды. Ол жалпы білімге, қоғамдық мәнді және құнды деп
ойлайтын білімдерге ұмтылады. Баланың айналасындағыларды білуге құмарлығы,
теориялық ыкыласы осыдан көрінеді. Оқудың негізгі алғы шарты ретіндегі бұл
ықылас баланың бойында оның кең өріс алған ойын әрекетін қамтитын мектепке
дейінгі өмірінің барлық сәттерінде қалыптасады.
Алғашқы кезде оқушы нақтылы оку пәндерінің мазмұнымен шын мәнінде әлі
таныс емес. Олардың оку материалдарына танымдық ынтасы әзірге жоқ. Олар тек
математиканы, грамматиканы және баска пәндерді тереңдеп оқу кезінде
қалыптасады. Әйтсе де бала алғашкы сабақтардан бастап-ақ тиісті мағлұматтар
ала бастайды. Бұл ретте оның оқу жұмысы жалпы білім алуға деген ынтаға
сүйенеді. Ынталықтың жеке-дара көрінісі бұл жағдай математикада немесе
грамматикада байқалады. Мүғалімдер бұл ынталылықты алғашкы сабақтарда дереу
пайдаланады. Осының арқасында бала үшін сандардың тіркестілігі, әріптердің
реттілігі және т. б. сияқты шын мәнінде ұзын-сонар, дерексіз жайлар туралы
мағлұмат алу кажетті де маңызды бола бастайды.
Баланың білім қазыналарын интуициялық қабылдауын мектептегі оқудың
алғашқы күнінен бастап, ендігі жерде математика, грамматика және басқа
пәндердің өздерінің күтпеген, таңкаларлық қызықты жайттарын паш ету жолымен
қолдап, дамытып отыру керек. Бүл оқу іс-әрекетінің негізі ретінде балалық
жасалса, олардың шамасы толық жетеді. Сондықтан окытудың алғашқы айларында
балалардан кайсыбір мәліметтерді олардың кажеттілігі мен қолданылу
жағдайларын тиісті дәрежеде түсінбей тұрып жай есте ұстауды талап ету
ерекше қауіпті. Әрине, бірінші класс оқушылары көп нәрсені берік есте
сақтай да алады. Оқудың тікелей және сырттай тиімділігіне мұнда қол жетеді,
бірақ маңызды сәті — оқу материалдарына балалардың танымдық ынтасын
калыптастырудың бастамасы — назардан тыс қалады. Мұндай ынтаның болмауы
алдағы бүкіл оку ісіне зиянын тигізеді.
Сонымсн, бала мектеп өміріге алғаш ене бастағанда онда мәнді
психологиялық қайта өзгеріс болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды
әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарымен сенімді қарым-
қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде
оның оқуға деген жақсы көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы
және төменгі класс окушыларының оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу
әрекетінің қалыптасу процесіне байланысты. Сондықтан педагогикалық
психология үшін осы іс-әрекетт құру және оның жекелеген бөліктерінің
ерекшеліктері туралы мәселе ерекше маңызды болып табылады.
Бастауыш сынып оқушысының оқу іс-әрекетінің құрылысы
Білім, іскерлік пен дағды ата-аналармен, құрбы-құрдастармен қарым-
қатынаста, ойындар үстінде, кітаптар оқығанда және т. б. игеріледі. Еңбек
процесінде адам бай тәжірибе жинақтайды. Затында оқу қызметінен туындайтын
игерудің өзіндік ерекшелігі неде? Бәрінен бұрын оның толық жүзеге асуы үшін
жағдайлар тек қана мектепте жасалатынын есте ұстау керек, онда балаларға
ғылым негіздері оқытылады, онда олардың ғылыми дүниетанымы қалыптасады. Оқу
ісі мазмұнының ерекше өзгешеліктері болады: оның негізгі бөлігін ғылыми
ұғымдар, ғылым заңдары және соларға сүйенетін практикалык міндеттерді
шешудің жалпы тәсілдері құрайды. Қызметтің басқа түрлерінде игеру жанама
нәтиже түрінде көрінеді. Еңбектің негізгі мақсаты — бұйымдар өндіру.
Дағдыларды молайту бұл жерде маңызды, бір-ақ жұмыстьщ жанама нәтижесі
ретінде көрінеді. Тек оқу қызметінде ғылыми білімдерді және соларға сәйкес
іскерліктерді игеру негізгі мақсат және қызметтің басты нәтижесі ретінде
байқалады.
Оқу іс-әрекетінің белгілі бір құрылымы болады. Оиын күрам-дас бөліктері
мыналар: 1) оку ситуациялары (немесе міндетте-рі), 2) оқу әр.екеті,
3)бақылау, 4) бағалау.
Оқу ситуацияларының ерекшеліктері. Оқу ситуациялары бірқатар
ерекшеліктермен сипатталады. Біріншіден, мұнда оқушылар ұғымдардың
қасиеттерін бөліп алудың немесе нақтылы-практикалық міндеттердің кейбір
кластарын шешудің жалпы тәсілдерін игереді. Екіншіден, осы тәсілдердің
бейнелерін қайта жасау оқу жұмысының негізгі мақсаты ретінде көрінеді.
Нақтылы-практикалық міндеттердің тікелей өмірлік мазмұны болады және
олардың шешімі соншалықты өмірлік мәнді нәтижелерге жеткізеді. Мұндай
міндеттерге оқып жаздыратын жазу (жазу орфографиялық жағынан дұрыс болуын
талап етеді), математикалық текстік есептерге жауап іздеу (өндірістік
қандай да бір ситуацияларына сай келетІн кажетті есеп-теулер), қағаздан
ұсақ-түйек жасау (елка ойыншықтары үшін корапша керек) т. б. жатады. Осы
сияқты әр алуан міндеттерді қайсыбір саланың (грамматикалық, математикалық,
практикалык) әрбір жекелеген міндетін орындаудың ұзақ тәжірибесін жинақтау
жолымен шешіп үйренуғе болады. Оның үстіне біртіндеп мұндай міндеттер
жағдайында бағдар алу тәсілдері туралы түсінік жинақтала бастайды. Алайда
ішкі оқу ситуацияларында нақтылы-практикалық міндеттерді шеше білу басқаша
игеріледі. Мұғалім алдымен бастауыш класс оқушысын сол кластағы барлық
нактылы-практикалық міндеттерді шешудің ортақ тәсілін іздеу кажет болатын
жағдаймен бетпе-бет кояды. Одан кейін мұғалімнің басшылығымен балалар бұл
әдісті тауып, қалыптастырады. Оның жекелеген операцияларын қайта жасау және
осы әдісті колдану жөніндегі шарттар жүйесін игеру — оқушылар жұмысының
келесі кезеңі. Соңынан тиісті нактылы-практикалық міндеттерге кездесе
отырып, оларды шешудің игсрілген жалпы әдісін бірден колданып, оку
ситуациясы жағдайында алдын ала қалыптасқан іскерлікті байқайды.
Шынында, оқып жаздыратын жазудан бұрын жұмыс жүргізіледі оның барысында
балалар сөздердіц күрамығі және олар-дағы әріптердің үйлесу зацдылықтарын
окып үйренеді, дұрыс жазудың жалпы талаптарын қалыптастырды. Математикадан
текстік есептерді шығарудан бұрын шамалардың жалпы қасиеттері мен
байланыстарын, оларды тексте көрсету жолдарын және оларды математикалык
амалдармен бейнелеу тэсілдерін өтеді. Осы жағдайлардың бәрінде балалар оқу
ситуациялары жүйесінде жұмыс істейді, олардыц негізінде балалар, бір
жағынан, бсрілген материалды үйрену мотивін (сөздердің құрамын немесе
шамалардың байланысын не үшін оқып үйрену керек), екінші жағынан, сол
кластағы нақтылы міндеттерді шешудін ортақ тәсілдерінің үлгісін алады.
Ортақ тәсілдердің осы арнайы бөлінген үлгілерін қайта жасау менгерудің
баска түрлерінен оқу жұмысын өзгеше сипаттайды. Мұндай жұмыс нақтылы-
практикалык міндеттерді шешуден және ұғымдарды практикалык қолданудан бұрын
жүреді. Егер балалар міндеттерді шешу процесінің өзінде осы тәсілдсрді
игерсе, онда мұндай йгеру тек оқу іс-әрекетінің формаларына ғана ие болып
қоймай, басқа да заңдылықтар арқылы өтеді. Оқу ситуацияларының мазмұны мен
формасы педагогикалық психологияның дидактикалық және жеке методиканың
бірлескен құралдарымен анықталады. Зерттеу көрсетіп отырғанындай, көпшілік
жағдайда сол кластың нақтылы-практикалық міндеттерін шешудің тек жалпы
тәсілін үлгі түрінде табу және беру өте қиын. Ұстаздық етудің нақты
тәжірнбесінде балаларды кейдс оку ситуацияларымең таныстырмайды. Оқушылар
іс-әрекеттің жалиы тәсілдерін жекелегеп нақтылы міндеттерді ұзақ уақыт
іиешудіц кезінде стихиялы түрде аңғарады. Бүл жағдайда көптсген және жайлап
жойылатын қателіктер байқалады, ал игеру нэтижелері, әдетте жеткілікті
түрде қорытындыланбайды және жете түсінілмейді, сол кластың басқа
міндеттеріне қиындықпен ауыстырылады, көптеген жеке-дара өзіндік түрлері
болады. Егер іскерлік оқу ситуациясы үстінде қалыптасатын болса, онда
оқушылар және мұғалім оны алдын ала бөліп, кейбір кластық міндеттерін
шешудің жалпы тәсілін үлгі түрінде игсруге арнайы қалыптастырған кезде бұл
кемшіліктер орын алмайды. Сондықтан психологияның негізгі талаптарының бірі
— бастапқы оқытуды программаның көпшілік тақырыптары мен бөлімдсрін
балаларды кейбір ұғымдардың қасиеттсрін бөліп алудың немесе белгілі бір
кластың міндеттерін шешудің жалпы тәсілдерін игеруге бірден бағдарлайтын
оқу ситуациялары негізінде ұйымдастыру.
Оқу әрекеттерінің ерекшеліктері. Оқу ситуацияларында балалар жұмысы
түрлі типті іс-әрекеттерден құралады. Олардың арасынан оқу әрекеттері
ерекше орын алады. Солар арқылы оқушылар міндеттерді шешудің жалпы
әдістерінің үлгілерін және оларды қолдану шарттарын анықтаудың жалпы
тәсілдерін қайта жаңғыртып, игереді, Бұл әрекеттер пәндік те, ақыл-ой
шеңбсрінде де орындалады. Олардың құрамы бір текті емес. Қейбір оқу іс-
әрекеттеріне кез келген оқу материалдарын игеру, екіншілеріне берілген оку
материалының көлемінде жұмыс істеу, үшіншілеріне жекелеген кейбір үлгілерді
қайта жаңғырту тән. Оқып үйрену объектісіне байланысты мүндай бейнелеулер
графикалық (схемалар, формулалар), заттық-кеңістіктік (көлемді модельдер),
сөздік-сипаттамалық және т. б. болуы мүмкін. Материалды мағыналық жағынан
қайта топтау, оның тірек пункттерін айқындау, оның қисынды схемасын және
жоспарын жасау — бүл суреттеу сипатындағы материалдарды игеруге неғұрлым
ұқсас оқу іс-әрекеттерІ.

Бастауыш мектеп шағындағы психологиялық жаңа құрылымдар

Бастауыш класс оқушылары психологиясының дамуы басты жағдайда олар
үшін жетекші оқу іс-әрекетінің негізінде өтеді. Оқу ісіне араласа отырып,
балалар біртіндеп оның талаптарына бағынады, ал бұл талаптарды орындау
мектеп жасына дейінгі балаларды жоқ жаңа қасиеттердің пайда болуын
жорамалдайды. Бастауыш класс оқушыларының жаңа касиеттері оқу қызметінің
қалыптасу шамасына карай туып дамиды. Егер балалар бәрі бірдей мұғалімді
тыңдаса және оның айтқандарын істесе ғана класта жалпылама сабақтарды
ұйымдастыру мумкін болады. Сондықтан әрбір оқушы осындай сабақтардың
талаптарына сәйкес өз зейінін басқаруды үйренеді. Осындай қажеттігі
әрдайым ілесу, берілген үлгі негізінде өз мінез-құлқын басқару балалардыц
психикалық процестсрдің ерекше қасиеті ретіндегі еркіндікті дамытуға
көмектеседі. Ол іс-әрекет мақсатын саналы түрде койып, оларға жетудің
қиындықтары мен бөгеттерін жеңудің құралдарын алдын ала ойластыра іздеп
таба білуден көрінеді.
Әр түрлі пәндерден қандайда бір тапсырманы орындауда әдетте балалар
оларды шешудің ең жақсы жолдарын іздеп табады, Іс-әрекеттер варианттарын
таңдап алады да салыстырады, оларды Іске асырудың реттілігі мен қүралдарын
жоспар-лайды (бұл ішкі жұмыс әсіресе еңбек сабақтарында ерекше көрнекі
байқалады). Бала өз іс-әрекеттерінің қадамдарын неғұрлым көбірек
жорамалдай алатын болса және олардың әр алуан варианттарын неғұрлым мұқият
салыстыра алатын болса, ол есептің нақты шығарылуын соғұрлым ойдағыдай
бақылайтын болады. Оқу іс-әрекетіне, сондай-ақ оның басқа да бірқатар
ерекшеліктеріне (мысалы, сөз жүзінде есеп беру, бағалау) бақылау жасау жәнс
өзін-өзі бақылау қажеттігі бастауыш класс оқушыларында іс-әрекетті
өздігінен, іштей жоспарлау және орындау кабілетінің қалыптасуына колайлы
жағдай жасайды.
Оқу іс-әрекетінің маңызды талаптарының бірі — балалар өздерінің
айтқандары мен іс-әрекеттерінің әділдігін кең көлемде негіздеуде. Мұңдай
негіздеудің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Даму психологиясы
Мектепке дейінгі жастағы ұлдар мен қыздардың әлеуметтенуіндегі гендерлік айырмашылық
Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері
Психологияның даму кезеңдері
Кіші мектеп жасындағылырдың қабылдау мен зейін процесінің ерекшеліктері
«Даму психология» пәні бойынша студентке арналған оқу-әдістемелік кешен
Жас ерекшеліктік психологияның әдіснамалық негізі
Кіші мектеп жасындағы балалардың психологиялық ерекшеліктері
Кіші мектеп жасындағы балалардың психологиялық ерекшеліктері туралы
Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық қызметін қалыптастыру және дамыту
Пәндер