Клиникалық биохимия пәні
1 Клиникалық биохимияның міндеттері
2 Клиникалық биохимияның зерттеу объектілері
3 Витамин . тіршілік амині
4 Гиповитаминоз (авитаминоз) өте жиі кездеседі. Гиповитаминоздың (авитаминоз) себептері (экзогенді)
5 Ферменттер белсенділігінің бұзылуы
6 Ферментопатологияның (энзимопатия) жіктелуі
7 Клиникалық эндокринология жөнінде жалпы түсінік.
8 Белок (нәруыз) метаболизмінің негізгі қағидалары
9 Организмдегі липидтер алмасуының ерекшеліктері мен биологиялық маңызы.
10 «Иммунноглобулиндер, иммуногенез және иммундық жүйенің бұзылуы»

Клиникалық биохимия биохимияның қолданбалы саласы. Биохимия — тірі организмдердің химиялық құрамын, ондағы биохимиялық қосылыстардың синтезделіну жолдарын, заңдылықтары мен қасиеттерін, молекулалық құрамын, клеткалардың биологиялық, биохимиялық және физиологиялық қызметтерін зерттейтін ғылым.
Клиникалық биохимия жануарлар организмінің патологиялық немесе ауру жағдайындағы өзгерістерін, осы өзгерістерді анықтайтын әдістерді зерттейді.
Клиникалық биохимияның міндеттері:
Әртүрлі жануарлардың паталогиялық жағдайдағы организмнің биохимиялық көрсеткіштерін зерттеу;
Биохимиялық зерттеудің дәстүрлі және перспективті (жаңа) әдістерін меңгеру;
Биохимиялық зерттеулердің нәтижелеріне клиникалық түсініктер беру;
Зертханалық саралауларды (талдауларды) есепке ала отырып, емдеу-профилактика-лық шараларды әзірлеу.
Клиникалық биохимияның зерттеу объектілері
Клиникалық биохимияның объектісі – зерттеуге алынған жануардан алынған түрлі биологиялық материалдар, сонымен қатар биологиялық зерттеулерге әртүрлі мүшелер мен ұлпалар алынады.

Клиникалық биохимия биохимияның қолданбалы саласы. Биохимия — тірі
организмдердің химиялық құрамын, ондағы биохимиялық қосылыстардың
синтезделіну жолдарын, заңдылықтары мен қасиеттерін, молекулалық құрамын,
клеткалардың биологиялық, биохимиялық және физиологиялық қызметтерін
зерттейтін ғылым.
Клиникалық биохимия жануарлар организмінің патологиялық немесе ауру
жағдайындағы өзгерістерін, осы өзгерістерді анықтайтын әдістерді зерттейді.
Клиникалық биохимияның міндеттері:
← Әртүрлі жануарлардың паталогиялық жағдайдағы организмнің биохимиялық
көрсеткіштерін зерттеу;
← Биохимиялық зерттеудің дәстүрлі және перспективті (жаңа) әдістерін
меңгеру;
← Биохимиялық зерттеулердің нәтижелеріне клиникалық түсініктер беру;
← Зертханалық саралауларды (талдауларды) есепке ала отырып, емдеу-
профилактика-лық шараларды әзірлеу.

Клиникалық биохимияның объектісі – зерттеуге алынған жануардан алынған
түрлі биологиялық материалдар, сонымен қатар биологиялық зерттеулерге
әртүрлі мүшелер мен ұлпалар алынады.
Тәжірбиелік клиникалық биохимия
Әмбебеап Арнаулы Дәстүрлі
емес
Тәжірбиелік клиникалық биохимия саласы бойынша жануарлардан алынған
биоматериалдар әмбебеп (қан, зәр, нәжіс, лимфа) және арнаулы (организмнен
бөлінетін сұйықтар, қарын және асқазаннан алынған үлгілер, қақырық)
бөленеді, ал қазіргі кезде медицинада дәстүрлі емес биоматериалдарға (шаш,
түкірік, тырнақ же т.б.) көп көңіл бөлінеді.
Биоматериалдарды алу мен сақтаудың кейбір ережелері
← Тәуліктік өзгерісін есепке ала отырып жиналуы және қайта зерттеу
жүргізу үшін биоматериалдар бір уақытта алынуы керек (мысалы, ірі
қарааның қан сарысуындағы глюкозаның қалыпты жағдайдағы мөлшері 2,2 -
3,2 ммолъл болса, азықтандырғаннан кейін 1-2 сағаттан соң оның
мөлшері 2-4 есе көбейеді, ал көмірсулы азық шектен тыс берілсе глюкоза
зәрмен де бөлінеді);
← Биоматериалдарды алу процесі (үдерісі) максимальды түрде ауыртпай
және тез жүргізілуі керек;
← Биоматериалдар емдеу шаралары жүргізілместен бұрын алынуы керек;
← Алынған биоматериалдар жедел түрде таза және жабық ыдыстарға құйылуы
керек (мысалы, билирубин, витамин В2 және т.б. жарыққа сезімтал
болғандықтан жарық өткізбейтін құтыларға алынуы керек)
Биологиялық процестер (үдерістер) үздіксіз және in vitro жағдайында
жүргізілетіндіктен зерттеу барысын мүмкіндігінше азайту керек (бұл жағдайда
консерванттар қолданылмайды және биоматериалдар төмен температурада сақталу
керек).
Қанды зерттеуге дайындау
Клиникалық биохимияның негізгі және жиі биохимиялық зерттеуге алынатын
зерттеу объектісі – қан және оны малды азықтандырудан 5-6 сағат бұрын алу
және қан ұйымау керек.
Жиі қолданылатын антикоагулянттар:
o қымыздық қышқылының тұздары (калий немесе натрий оксалаттары, 10 мл
қанға 10-20 мг немесе 0,15мл 10% ерітіндісі);
o натрий цитраты (лимонқышқылды натрий, 10 мл қанға 16 мг немесе 3,2%
ерітіндісінің 1:19 қатынаста);
o трилон Б (ЭДТА-ның динатрилі немесе дикалилі тұзы, 10 мл қанға
10 мг немесе 0,1-0,2 мл 10% ерітіндісі, пробиркаға 3-4 тамшы);
o гепарин (10 мл қанға 50 ЕД ерітіндісі 50 ЕД на 10 мл крови.
Зәрді зерттеуге дайындау
Жануарлардан зәр төмендегідей тәсілдермен:
← табиғи зәр шығару жолымен;
← катетер көмегімен (катетеризация);
← ұсақ малды арнаулы торларға салу арқылы алынады.
Зерттеулер жаңадан алынған зәрмен немесе 2 сағаттан кем емес уақыт ішінде
жүргізіледі, ал мүмкін болмаған жағдайда зәр жабық ыдыста тоңазытқышта (36
сағаттан кем емес) немесе төмендегідей қосылыстармен консервіленеді:
← толуол – 100 мл зәрге 2 мл;
← тимол – 100 мл зәрге 1-2 кристалы;
← хлороформ немесе формалин – 100 мл зәрге 1-2 тамшы;
← бор қышқылы – 120 мл зәрге 0,3 г.
Бактериологиялық зерттеулерде зәрді консервілеуге болмайды.
Клиникалық биохимияда қолданылатын сандық сараптау (анализ) әдістері
Зерттеуге алынған биоматераилдардың биохимиялық сараптау жасауда сандық
әдістерді қолданылады және олар екіге жіктеледі:
физико-химиялық;
иммунохимиялық.
Физико-химиялық әдістер химиялық реакциялардың әсерінен жүйедегі физикалық
шамалардың (түс, электрөткізгіштік, т.б.) өзгеруіне негізделген.
Иммунохимиялық әдістер антиген мен антидененің бір-біріне әсеріне
негізделген.
Негізгі зерттеу әдістері:
1. Гравиметриялық анализ реакция нәтижесінде алынған затты тұрақты салмаққа
дейін кептіріп, аналитикалық таразыда өлшеуге негізделген.
2. Титрометриялық анализ - эвивалентті мөлшерде реакцияласатын заттардың
нақты көлемін өлшеуге негізделген.
3. Электрокөлем (электроаналитиалық) әдістер ерітінділердің электро-
химиялық қасиеттеріне негізделген.
4. Оптикалық сараптау әдістері - фотометрия (абсорбционды және эмиссионды),
рефрактометрия, поляриметрия болып жіктеледі. Олар зерттелетін заттан өткен
жарықтың қасиеттерінің өзгеруіне негізделген.
Витамин – тіршілік амині
Витаминдердің негізгі белгілері (≈ 13 витаминдер бар)
← Тағам құрамында өте аз мөлшерде кездеседі (микрокомпоненттер);
← Организмде мүлдем синтезделмейді (түзілмейді) немесе аз мөлшерде
ішек микрофлорасында синтезделеді (түзіледі);
← Құрылымдық қызмет атқармайды;
← Қуат көзі болып табылмайды;
← Өте аз мөлшерде биологиялық қызмет атқарады және зат алмасу
үдерісіне әсер етеді;
← Ферментативті жүйенің кофакторлары болып табылады.
Егер затта осы витаминнің келтірілген белгілерінің 1-інен (кейбір жағдайда
2-інен) басқасы кездессе, онда ол - витаминтәрізді заттар.
Клиникалық витаминология жөнінде жалпы түсінік
Витаминология – өте жас ғылым, негізін салушы Н.И.Лунин (1881ж).
Витаминдер деп химиялық табиғаты әр түрлі органикалық заттарды айтады.
Витамин латынша vіtа – өмір, тіршілік; vitamin – тіршілік амині деген
мағынаны білдіреді.
Клиникалық витаминология – азық-түлік және жем-шөп құрамында витаминдердің
жетіспеуінен немесе мүлде болмауынан организмдегі зат алмасу процесінің
бұзылуын (авитаминоз, гиповитаминоз) зерттейтін клиникалық биохимияның
саласы.
Ауыл шаруашылық малдары организміндегі витаминдердің жетіспеуінен немесе
мүлде болмауынан туындайтын аурулардың табиғатын: эндогенді және экзогенді
деп жіктейді.
Витаминдер:
➢ тағамдық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға, организмнің өсіп-
өнуіне әсерін тигізеді;
➢ организмнің қорғаныштық қабілетін арттырады;
➢ жоғары дәрежелі өсімдіктер мен микроорганизмдердің қалыпты өсуі мен
дамуы үшін қажетті;
➢ белоктардың, майлардың, көмірсулардың және минералдық тұздардың
алмасуын жылдамдатады және реттейді.
Витаминдерді 4 топқа бөледі:
1) алифатикалық витаминдер қатары (аскорбин қышқылы);
2) алициклды витаминдер қатары;
3) ароматикалық витаминдер қатары;
4) Гетероциклды витаминдер қатары.
Гиповитаминоз (авитаминоз) өте жиі кездеседі. Гиповитаминоздың (авитаминоз)
себептері (экзогенді):
1) Әлеуметтік факторлар:
витаминдер мөлшері жеткіліксіз біртекті немесе бір азықпен (тағаммен)
қоректену, тұрмыс жағдайының төмен болуы;
2) Азықтың (тағамның) өңдеу технологиясының қателігі: ұзақ уақыт қыздыру
немесе азықты бірнеше рет қыздыру витаминдерді жояды;
3) Темекі шегу, этанолды (арақ) ішу (алкоголизм)
4) Биологиялық факторлар:
сәбилік немесе қартаңдық, жүктілік, лактация кезеңі.
Гиповитаминоздың (авитаминоз) себептері (эндогенді):
5) организмнің патологиялық жағдайы:
а) асқазан-ішек жолдарында сіңірілуі;
б) ішек инфекциясы:
қалыпты жағдайдағы ішек микрофлорасының қызметіне әсер ете отырып, В
витаминдер тобының синтезін бұзады;
в) Бауыр қызметінің бұзылуы:
- провитаминдердің витаминдерге айналуын
- әртүрлі биосинтезге витаминдердің қатысуын
- бауырда витаминдердің жиналуын тежейді.
6) Өте көп мөлшерде дәрі-дәрмек қабылдау – бірінші кезекте антибиотиктерді
қабылдау қалыпты жағдайдағы ішек микрофлорасының қызметін бұзады.
А витамині авитаминозының клиникалық белгілері
– көздің тор қабығының зақымдануы (ксерофтальмия, панафтальмия, іріңді
конъюктивтит);
– эпителийдің қабынып, зақымдануы (тері мен мұрын, жұтқыншақ пен көмей,
бронхылар мен өкпе, ас қорыту және несеп бөлу орталық жүйке жүйесі
органдарының кілегей қабаты қабыршақтанып, тері құрғақ тартып, оның
беті кедір – бұдырланады, өкпеге зиянды микробтар ауа арқылы кіріп,
қабынады, организмнің инфекцияға төзімділігі әлсіреп, фолликулярлы
гиперкератозға, дерматитке ұшырайды);
– ұрғашы малдың қынабы мен жатырының кілегей қабығы қатайып, ұрықтанған
соң төлдің бекуі нашарлайды, жыныс циклі бұзылады, шудың шығуы тоқталып,
іш тастауы мүмкін немесе төлі кішкентай болады өлі туады;
– жүні қылданады және тікірейіп түсе бастайды, тұяқтары өсіп, жұқарып,
жұмсарып, қабынып, жарылады;
– Еркек малдың жыныс бездері өзгеріп, сперматогенез немесе ұрықтың пайда
болуы бұзылады.
А витаминінің жануарлар организміне қажетті мөлшері: тірідей салмағының 1
кг мөлшеріне 6 мкг (1 микро-грамм = 10-6 г)
Д витамині авитаминозының клиникалық белгілері
– Рахит грекше Rhachis – арқа қыры, омыртқа бағанасы - мешел құныс
ауруы организдегі кальций мен фосфор алмасуының өзгеруінен болады.
Кальций мен фосфор тұздарының өсіп келе жатқан сүйектерде қабаттануы
нашарлап, олардың әктенуі бұзылады.
– Остеомаляция грекше ostean – сүйек, malakia – жұмсару сүйек жұмсаруы,
басқаша – остеодистрофия ауруы.
– Остеопороз грекше ostean – сүйек, poros – саңылау, тесік сүйек
қалыптасқан кезде сіңу процесінің түзілу процесінен анағұрлым басым
болуына байланысты сүйек тканінің селдіреуі болады. Фосфор-кальций
алмасуындағы тепе-теңдік жойылып, сүйектің табиғи формасы мен
құрылысында күрделі өзгерістер туады.
– D-авитаминоз кезінде малдың өнімі бірден төмендейді, тауықтың
жұмыртқасы кемиді.
Ауыл шаруашылығы малдарының D витаминің мөлшері: тірідей массасының әр 100
кг мөлшеріне 25 мкг
Е витамині авитаминозының клиникалық белгілері
– Токоферолдың ұзақ уақыт жетіспеуі аталық малдың енін аздырып,
ұрықтандыру қабілетін жояды.
– Е витамині жетіспегенде құстар мен сүтқоректілердің бұлшық еттері мен
жүйке ткандерінде, қан тамырларында елеулі өзгерістер болады.
Зақымданған қозылар мен бұзаулар аяғының, жүрегінің және тыныс алу
органдарының еттері семіп қалады. Бұл індетті ақбұлшықет ауруы дейді.
Селен микроэлементі жетіспегенде де осындай өзгерістер қой мен шошқа
шаруашылығында кездеседі. Мұндай ауру қояндарда, тышқандарда, иттерде
және теңіз шошқаларында да кездеседі.
Е витаминінің берілетін тәуліктік мөлшері: сиырдың 100 кг тірі салмағына
165 мг, бұқа үшін – 44-176 мг, шошқаға берілетін 1 кг азыққа 40 мг
К витамині авитаминозының клиникалық белгілері
– К витамині жетіспегенде қан тамырының қабырғасы селдіреуінен оның
ішіндегі қан айналаға шапшып шығып сол араға жиналады. Себебі, К
витамині қанның қалыпты жағдайда ұюына қажет. Ол осы құбылысқа керекті
протромбин мен тромботропиннің бауырда түзілуіне әсер етеді. К
авитаминозы кезінде протромбиннің ұюы баяулайды.
– К витамині жетіспегенде организмдегі фосфорлану процестері тежеледі.
– АТФ – бұлшық еттердің жиырылуына керекті зат. Сондықтан К витамині
жетіспесе, бұлшық еттердің қызметі нашарлап, көптеген ферменттердің
активтігі төмендейді.
К витаминінің берілетін тәуліктік мөлшері: шошқаға берілетін 1 кг азыққа 60-
65 мкг
Клиникалық ферментология (энзимология) жөнінде жалпы түсінік
Клиникалық энзимология ферменттердің катализдеу әрекетінің механизмін,
құрамы мен молекулалық құрылымын қалыпты және ауытқу жағдайында зерттейді
және клиникалық биохимияның маңызды бөлімі.
Ферменттердің тазартылуы мен бөлінуі проблема-ларын шешумен, олардың
топтасуын, ферментативті катализдің кинетикасын, ферменттердің ерекшелігін,
тежелу мен белсенділігінің арттырылуын зерттеумен, олардың кофакторларын,
сондай-ақ энзимдердің биосинтез процесін, олардың биологиясын, практикалық
қолданылуын, оның ішінде энзимодиагностика мен энзимотерапиясын зерттеумен
айналысады.
Ферменттер белсенділігінің бұзылуы
Организмде тіршілік процестерінің бірқалыпты жүрісі ферменттер әсеріне
байланысты. Ферменттік реакциялардағы қандай болмасын жайсыз өзгеріс әр
түрлі патологияға, дертті өзгеріске әкеліп соғады. Клеткалардағы немесе
биологиялық сұйықтықтағы (мысалы, қан плазмасындағы) белгілі бір ферменттің
активтілігін анықтау арқылы әр түрлі мүшелерде және ұлпаларда болып жатқан
өзгеріс жөнінде тұжырым жасауға болады. Мұндай фермент активтілігіне
қатысты зерттеулер адамның және жануарлардың ауруы жағдайын, оның
диагностикасын бақылау үшін қажет.
Организмдегі жалпы патологиялық үдерістерге тән ферменттердің белсенділігі
(активтілігі) өзгерісінің 3 түрі бар:
1. қан құрамында болатын ферменттердің белсенділігінің (активтілігінің)
жоғарылауы;
2. қан құрамында болатын ферменттердің белсенділігінің (активтілігінің)
төмендеуі;
3. қалыпты жағдайда қан құрамында болмайтын фермент-тердің анықталуы
(кездесуі);
Клетка ферменттері
Ферменттер клетка ішінде басым түрде орналасқан, митохондрия - клетканың
пішіні эллипске ұқсас органелласы және митохондрияларда лимон қышқылының
циклы (Кребс циклы) және тотыға фосфорлану сияқты тіршілік үшін аса маңызды
процестер іске асады. Клеткалардың өсуіне және тіршілігіне қажетті барлық
энергия дерлік осындай процестер нәтижесінде пайда болады. Тотығу энергиясы
АТФ молекуласына жиналады. Сондықтан физиологиялық тұрғыдан митохондриялар
биохимиялық машина немесе қуат беруші станция деп аталады. Сонымен
катар митохондрияларда тыныс алу тізбегі ферменттерінің:
пируватдегидрогеназалық кешен, цитратсинтетаза, изоцитрат-, малат-,
сукцинат-, альфа-кетоглутарат-, ацетил-КоА-дегидрогеназалар, аспартат-
аминотрансфераза (ACT), аланинамино-трансфераза (АЛТ) және т.б. синтезі
жүзеге асырылады.
Аминотрансферазалар ACT және АЛТ
Аминотрансферазалар (трансаминазалар) амин қышқыл-дарынан кетоқышқылдарға
амин топтарының тасымалдануын катализдейтін және олар баур мен жүрек
бұлшықеттерінде кездесетін органоспецификалық ферменттер. Оларға: аспартат-
аминотрансфераза (ACT), аланинамино-трансфераза (АЛТ) жатады.
Аминотрансферазалар ACT және АЛТ
Аминотрансферазалар (трансаминазалар) немесе аспартат-аминотрансфераза
(ACT), аланинамино-трансфераза (АЛТ) ферменттерінің белсенділігі
(активтілігі) жеке қарастыру және паталогиялық үдеріс жайында тұжырым
жасауға болмайды, сондықтан оларды кешенді түрде зерттеп, қорытынды жасау
үшін клиникалық тәжірбиеде Ритис коэффициенті қолданылады. Осы
коэффициенттің үй жануарлары үшін қалыпты мөлшері: иттерде 1,0-1,5;
мысықтарды 1,3-1,7; сиырлада 0,9-1,4 болады.
Аминотрансферазалар ACT және АЛТ (нақты ғылыми жұмыс нәтижелері)
Лактатдегидрогеназа ферменті жылтыр, қаңқа және жүрек бұлшықеттерінде,
клетканың денелі элементтерінде, сонымен қатар қатерлі ісік ұлпаларында
кездеседі.
Миокард инфаркті, Боткин ауруы (вирусты гепатит), жіті панкреатит,
пернициозды анемия, қатерлі ісік аруларында лактатдегидрогеназа ферментінің
белсенділігінің айтарлықтай өзгеруі байқалады.
Суда еритін витаминдер В тобындағы витаминдер
Суда еритін витаминдерге В1, В2, В3, В5РР, В6, Вс, В12, Н, С және Р
жатады.
В тобындағы витаминдер – суда еритін, организмдегі зат алмасуға үлкен
әсер ететін активті заттар. Бұл витаминдер және олардың туындылары көптеген
ферменттердің құрамына кофермент ретінде енеді. Организмдегі зат алмасудың
жүйелілігі және бағыты осыларға байланысты.
В1 витамині тиамин.
В1 – авитаминозының белгілері:
1. Полиневрит ауруы. Тиаминнің биологиялық активтігі фосфорлану
процесінен кейін ғана пайда болады. Тиаминнің фосфорлы туындысы
тиаминпирофосфат липоев қышқылымен бірігіп, пирожүзім қышқылын
карбоксилсыздандыру құбылысына қатысатын иминия құрамына кіреді.
2. Тиаминнің әсерінен мал организмінде декарбоксилаза ферменті
түзіледі. Бұл фермент жануарлар ткандерінде қанттар ыдырағанда пайда болған
пирожүзім қышқылын ацетатқа ауыстыру үшін қажет.
3. Тиамин жетіспегенде карбоксилазаның пайда болуы бұзылып, пирожүзім
қышқылы одан әрі ыдырамағандықтан оның қандағы мөлшері бірсыпыра көбейеді.
Ал пирожүзім қышқылының жиналуы орталық және шеткі жүйке жүйелері
бөлімдерінің қызметіне ұнамсыз әсер ететіндіктен полиневрит ауруы пайда
болады.
4. Тиамин жетіспегенде жүрек жұмысы бұзылып, ішектің және қарынның
жиырылуы мен шырын бөлуі нашарлайды.
В2 витамині рибофлавин
В2 авитаминозының белгілері:
1. Рибофлавин жетіспеуінен организмдегі органикалық заттардың тотығуы
бұзылады. Мысалы, бұл жағдайда қанттардың алмасуы бұзылып, бауырдағы
гликогеннің пайда болуы төмендеп, сүт пен пирожүзім қышқылдарының тотығуы
тоқтайды.
2. Рибофлавин жетіспеген жағдайда организм белок пен амин қышқылдарын
нашар пайдаланады. Амин қышқылдары өзгермей несеп арқылы бөлінеді де,
организмнің белокты ұстап қалу қабілеті төмендейді. Керісінше, рационда
белок жетіспесе немесе оның биологиялық құндылығы төмен болса, организмде
флавопротеиндер пайда болмайды, ол пайдаланылмай зәр арқылы бөлініп, сыртқа
шығады.
3. Әсіресе рационда метиониннің болуы рибофлавинді пайдалануға үлкен
әсер етеді. Рибофлавин организмдегі триптофан амин қышқылының және майдың
қорытылуына ұнамды әсер етеді. Рибофлавин жетіспегенде организмнің С
витаминін түзу қабілеті төмендейді.
4. Азықта рибофлавиннің болмауы көздің мөлдір қабығы мен бұршағын
кератит, катаракта сияқты ауруларға шалдықтырады. В2 витамині жетіспегенде
гипохромдық анемия және жүйке жүйесінде ауыр індет пайда болады.
В3 витамині пантотен қышқылы
В3 авитаминозының белгілері:
Пантотен қышқылы жеткіліксіз болса малдың өсіп-жетілуі баяулайды,
терісі зақымданады, жүйке жүйесінің қызметі және ішкі секреция бездерінің
жұмысы бұзылады. Есейген малдың салмағы азайып, тәбеті нашарлап, суды аз
ішеді.
В5 витамині никотин қышқылы, РР витамині
В5 авитаминозының белгілері:
1. Рационда белок пен триптофан аз болғанда, ал жүгері дәндері, керісінше,
көп болғанда, жануарда никотин қышқылы жиі жетіспейді. Себебі, жүгері
дәндерінде, шошқалар мен құстар организмінде қорытылмайтын никотин
қышқылының биологиялық әлсіз түрі кездеседі. Сондықтан жүгері арқылы
никотин қышқылының тапшылығын толықтыруға болмайды. Мұның себебі жүгері
триптофан амин қышқылына тапшы. Бұл витаминнің рационда жетіспеуі
пеллагра дейтін ауыр індетке ұшыратады.
Пеллагра ауруы көптен белгілі. Ол алғаш ими Италияда пайда болды,
италяндықтардың кедір – бұдыр тері деген сөзінен шыққан, яғни, бұл ауру
теріде болатын өзгерістермен байланысты. Пеллаграның үш ерекше белгілері
бар: бірінші – имин іш өту, екінші – дерматит терінің қабынуы, үшінші –
деменция психикалық қабілеттің төмендеуі.
Қорыта айтқанда, организмдегі никотин қышқылы үш жолмен құралады. Олардың
біріншісі – азықтар арқылы енгізіледі, екіншісі – триптофаннан организмде
түзіледі, үшіншісі – ішектегі бактериялардың әрекетінен пайда болады.
В6 витамині пиридоксин
В6 авитаминозының белгілері:
1. Пиридоксин жетіспегенде жануарлардың азықты пайдалануы мен өсуі
нашарлап, терісі қабынып дерматит, аяқтары құрысып және жансызданып,
қандағы темірдің мөлшері көбеюіне қарамастан қанның жалпы мөлшері азайып
гипохромдық анемия пайда болады.
В12 витамині цианкобаламин
Витаминнің құрамында кобальт болғандықтан, оны кобаламин деп атайды.
В12 витамині микроорганизмдер әрекетінің арқасында күйіс қайыратын малдың
қарнында түзіледі. Бұл витамин жануарлардың өсіп-өнуіне, орталық жүйке
жүйесінің қызметіне, қан түзілуіне қажет. Әсіресе, қанның қызыл
түйіршіктерінің жетілуіне бұл витаминнің әсері үлкен. Ол гемоглобин
құрамына кіретін порфириндер түзілуіне қажет. Мұнан басқа В12 витамині
белоктар, майлар, қанттар және сульфгидриль тобының алмасуына қатысады. В12
витамині метиониннің метил тобының СН3 пайда болуына және гомоцистеиннің
метионинге ауысуына қатысады. Былайша айтқанда В12 витамині метионинді
сақтаушы ролін атқарады.
В12 авитаминозының белгілері:
1. Рационда цианкобаламиннің жетіспеуі малды қатерлі қан азаюына
ұшыратады. Организмдегі қан түйіршіктерінің қалыпты пайда болу құбылысы
бұзылады. Қандағы гемоглобиннің және қызыл қан түйіпшіктерінің жалпы саны
күрт кемиді. Жұлында да өзгерістер болады.
С витамині аскорбин қышқылы
Шығыс елдеріндегі бери-бери ауруы сияқты Европада құрқұлақ цинга
ауруының XYI-XYII ғасырда теңіз саяхатшыларының арасында жиі кездесетіні
мәлім. Оның негізгі себебі кемешілердің көбінесе ұн мен тұзды тағамдарды
пайдаланып, тамақ ретінде жеміс-көкөністерді қолданбағаннан цинга немесе
скорбут голланд сөзі, қазақша ауыздағы жаралар - деген мағына береді
ауруы пайда болатыны анықталды.
С авитаминозының белгілері:
1. С витаминінің ұзақ уақыт жетіспегендігінен құрқұлақ ауруы пайда
болады. Бұл авитаминоздың төрт белгісі бар: ішектің зақымдануы, ет пен
теріге қан құйылу, буын мен сүйектердің өзгеруі және қанның азаюы.
ВС витамині фоль қышқылы
Фоль қышқылының физиологиялық маңызы, организмде алмасуы В12 витаминімен
тығыз байланысты. Осы екі витаминде қан түйіршіктерінің және метил
топтарының пайда болуына, метионин мен холин амин қышқылдарын түзуге
қатысады. Фоль қышқылы бауырды майландырмайды.
Н витамині биотин
Биотиннің негізгі қасиеті – орталық жүйке жүйесінің қызметін реттеу, белок,
қанттар мен май алмасуына қатысу.
Н авитаминозының белгілері:
Тері ауруларын емдеуде биотин кеңінен қолданылады.
Р витамині цитрин, биофлавоноидтар
Өсімдіктер әлемінде кең тараған. Әрекет ету механизмі әзірге
түсініксіз. Бұлардың негізгі физиологиялық қасиеті – ұсақ қан тамырларының
нәзіктігін және өткізгіштігін азайтып, олардың қабырғаларын нығайтады. Бұл
витамин жеткіліксіз болса капиллярдың үзілгіштігі, әр жерде қан құйылудың
болуы, буындардың ауруы байқалады. Сондықтан Р витамині берілген
жануарлардың организміндегі С витамині көбірек болған, яғни Р витамині С
витаминін қорғау ролін атқарады деуге болады.
Витамин тәріздес заттар
Инозит
Инозит – алты атомды циклогексан деген спирт. Өсімдіктер мен
жануарлар ткандерінде кең тараған. Әсіресе жүйке ткані бұл затқа бай.
Инозиті жоқ диета тышқандардың өсуін тоқтатып, жүнін түсіріп, қанын
азайтып, бауырын майландырады. Көгершіндердің жүйке жүйесінде өзгерістер
болады.
В13 витамині оротов қышқылы
Цитозин, имин және урацил секілді нуклеин қышқылдарын түзуде
пайдаланылатын пиримидин негіздері. Бұл зат жануарлардың өсуіне дем береді.
В13 витамині бауыр ауруларын емдеуде, қан түйіршіктерінің пайда болуын
жылдамдытуға пайдаланылады.
В4 витамині холин
Холин – дәмі ащылау, түссіз, жабысқақ сұйық зат. Ол су мен имин жақсы
ерігіш, дымқыл тартқыш, ақ кристалды ұнтақ.
Холин бауырды майланудан сақтандырады. Организмде метионин түзілуі
үшін холин керек. Ішек қабырғаларында фосфолипидтердің, бауырда лецитиннің
пайда болуына, майлардың ішекте сорылуына холин қажет. Холин ішектердің
жиырылуына, жүйке қозуын одан әрі жалғастырушы ацетилхолин медиаторының
пайда болуына ұнамды әсер етеді. Қалыпты жағдайда холиннің қатысуымен
фосфолипидтер бауырдан бөлініп, өзімен бірге май қышқылдарының ауысуына
ықпал жасайды.
Организм ткандерінде холиннің түзілуі этиламиннің қатынасуымен өтеді.
Ал этиламин метиониннің метил тобы, серин мен глицин амин қышқылдарынан
пайда болады. Бұл құбылыстар В12 витаминінің, фоль қышқылының және С
витаминінің қатысуымен өтеді. Сондықтан холинді қажетсінуі рациондағы
метиониннің, фоль қышқылы мен С витаминінің мөлшеріне байланысты. Сол
себептенде рационда белоктың, В12 витаминінің және фоль қышқылының аз болуы
холиннің жетіспеуіне әкеледі. Рационда қанттарды майға ауыстыратын цистин
мен тиаминнің көп мөлшерде болуы холин тапшылығын арттыра түседі. А
витаминінің қалыпты жағдайда алмасуы және оның бауырда қорлануы үшін де
холин керек.
Холин авитаминозының белгілері:
1. Холин жетіспесе, бауыр майланып, өзінің қалыпты қызметін атқара
алмай, цирроз ауруына ұшырайды.
2. Никотин қышқылының көп болуы да бауырды майландырады. Өйткені ол
метилникотинамид ретінде бөліне тұра организмдегі метил топтарын азайтады.
Ал метил топтары холин мен метиониннің түзілуіне қажет.
Парааминбензой қышқылы ПАБҚ
Бұл витамин жас төлдердәің өсіп жетілуі және тіршілігін қамтамасыз
етуі үшін қажет, сондай-ақ көптеген микроорганизмдердің өсіп-жетілуіне де
әсер етеді. Сульфамидті препараттарды қолдану бұл витаминді микробтардың
пайдалануын төмендетеді. Фармакологиялық тәжірибеде қолданылады.
Ферментопатологияның (энзимопатия) жіктелуі
Энзимопатиялар:
1. Туа біткен энзимопатиялар – туғаннан метаболизмінде ауытқуы
салдарынан болатын аурулар, олардың патогенезі қандайда бір ферменттің
жоқтығы, жетіспеушілігі немесе фермент құрылымында ақау болуы салдарынан
туындайды.
2. Жүре бара пайда болған (немесе иемденген) энзимопатиялар –
патогенезі екінші рет қайталанған аурулар салдарынан болады.
Энзимопатиялардың толық жіктелуін А. Покровский (1966) келтірген:
1. Тұқым қуалайтын энзимопатиялар;
2. Улы энзимопатиялар;
3. Тағамдық энзимопатиялар;
4. Нейро-гуморальдық реттеудің бұзылуына байланысты болатын энзимопатиялар;
5. Ферментативті процестердің клеткаішілік реттілігінің бұзылуынан болатын
энзимопатиялар.
Энзимодиагностика
Клиникалық энзимологияның басты бағыты - энзимодиагностика, ол қан сары
суындағы, зәрдегі, асқазан сөліндегі және т.с.с. биологиялық сұйықтықтарда
ферменттер-дің өзінің патологиясы кезінде ашылу және сандық жағынан
анықталу барысында, нормадағы не нормадағы емес химиялық заттарды ашу және
сандық жағынан анықтау үшін сезімтал реагенттер ретінде ферменттерді
пайдалану барысында дамиды. Сонымен қатар кейбір мүшелер мен ұлпалардың
органикалық және функциональдық зақымдалуының диагностикасы үшін жоғары
сезімталдығымен, әрі өзіндік ерекшелігімен жекелеген ферменттік тестілер
қолданылады.
Ферменттер диагностикалық мақсатқа орай әртүрлі биологиялық материалда:
қанның сарысуында, зәрде, терде, түкірікте, жұлында, ұйыма, синовиальды
және көз жасы сұйықтықтарында, асқазанда, 12 елі ішекте, қида, спермада,
әйелдің жыныс мүшесінен бөлінетіндерге, ұлпалар мен субклеткалық
құрылымдарда зерттеледі.
Энзимотерапия
Клиникалық энзимологияның басты бағыттарының бірі - энзимотерапия.
Клиникада асқазан-ішек ауруларына пепсин, трипсин, химотрипсин және
олардың қоспалары (абомин, химопсин) қолданылады. Протеиназа, ДНКаза,
РНКаза, гиалуронидаза, коллагеназалар және эластазалардан басқа, жеке
немесе протеиназалармен қоспасы жараларды, қабыну бөліктерін, күйікті,
ісіктерді жоюға, өкпе туберкулезін емдеуге пайдаланылады. Энзимдер сонымен
катар жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуге және қанды сұылтуға
қолданылады.
Бірақта олардың тұрақсыздығы, жөнсіз антигенді касиеттері мен
зақымдалған мүшелер мен ұлпаларға жеткізілу қиындығы ферменттік
препараттарды пайдалану мүмкіндігін едеуір шектейді. Сондықтан
ферменттердің иммобилизациялау әдістерін жасау аталған қиындыктарды жоюға
жол ашып берді.
Ішкі секреция бездері, қызметі.
Эндокриндік жүйеге (грекше endon – ішкі және crino – бөлемін деген сөз)
қанға өздерінің гормондарын бөліп отыратын ішкі секреция бездері жатады. Ол
бездерге: гипофиз, қалқанша безі, ұйқы безінің аралық аппараты, бүйрек үсті
бездері, аталық безі, аналық жыныс безі, түйін тәріздес без (эпифиз),
айырша безі (тимус) жатады. Эндокриндік жүйенің жұмысы жүйке жүйесімен
тығыз байланысты: аралық ми бөлігінің (гипоталамустың) бөліп шығарған
гормондары ми астындағы бездің (гипофиз) алдыңғы бөлігінің клеткаларының
белсенділігін арттырады, не төмендетеді, ал бұл клеткалар эндокриндік
жүйеге әсер ететін тропты гормондар бөледі. Ішкі секреция бездерінің
қызметі шектен тыс күшейгенде, олардың бөлетін гормондары ми астындағы
бездің және барлық ми бөлігінің гормондарының бөлінуін азайтады.
Клиникалық эндокринология жөнінде жалпы түсінік.
Клиникалық эндокринология гормондардың зат алмасу процесіндегі
әрекетінің механизмін, құрамын және молекулалық құрылымын зерттейді
клиникалық биохимияның маңызды бөлімі және гормондардың биосинтез процесін,
олардың биологиясын, практикалық қолданылуын, негізгі тексеру (зерттеу)
әдістерін зерттеумен айналысады.
Ішкі секреция бездері белсенділігінің бұзылуы.
Ішкі секреция бездері қызметінде екі түрлі ауытқу байқалады 1)
гиперфункция — без қызметінің күшеюі, мұндай жағдайда без гормонды көп
бөледі; 2) гипофункция — без қызметінің әлсіреуі, мұндай жағдайда без
гормонды аз, жеткіліксіз мөлшерде бөледі. Организм үшін бездің
гиперфункциясы да, гипофункциясы да қолайсыз, олар түрлі аурулар тудырады.
Бездер бөлетін гормондардың ағзаға әсері.
Тироксин: Қалқанша безі негізінен зат алмасу қарқындылығын арттырады;
Қалқанша без барлық омыртқалы жануарларда болатын ішкі секреция
бездерінің ішіндегі ең ірісі. Қалқанша без көмекейдің алдыңғы жағына
орналаскан. Ересек адамдарда оның салмағы шамамен 30-60 г, пішіні таға
тәрізді, бірімен-бірі өзара байланысқан екі бөліктен тұрады. Қалқанша безде
іші шырышты затқа толы қуыстар бар. Шырышты заттан тироксин гормоны
бөлінеді, ал оның құрамында йод болады. 50 жастан әрі қарай калқанша бездің
салмағы мен мөлшері кішірейеді. Жаңа туған баланың қалқанша безінің салмағы
1-2 г.
Қызметі:
1) тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады;
2) ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді;
3) жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады. Қалқанша бездің
қызметі бұзылғанда пайда болатын ауытқулар. Қалқанша безден бөлінетін
гормондар жетіспесе, адам микседема (грекше myxa - шырыш және oidema -
ісіну) ауруына шалдығады.
Аурудың белгілері:
1) ағзада зат алмасу 30-40%-ға дейін бәсеңдейді, әсіресе нәруыз алмасуы
бұзылады;
2) терінің астына су жиналады, тері құрғап, дене ісінеді;
3) дене температурасы төмендейді;
4) жүрек соғысы баяулайды;
5) қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды; шашы түсіп, сирейді.
Ауруды тироксин гормонымен емдейді. Тироксин гормонының синтезделуі
ағзада йодтың болуына байланысты. Адам йодты, йодты калий, йодты натрий
түрінде тағаммен қабылдайды. Адам денесінде 30-50 мг йод болса, соның,
шамамен 15 мг қалқанша безде кездеседі.
Жас балаларда қалқанша бездің гормоны жетіспесе, бойы әспей, жыныстық
жетілуі тоқталады. Ми сыңарлары қыртысьшың жұмысы бұзылып, ақылесі кем
болады. Мұндай ауруды кретинизм (фр. сrtinismе - жарымес) дейді. Ауру
асқынбаса, емдеп жазуға болады.
Қалқанша безден гормон көп бөлінсе, денеде зат алмасу күшейеді; жүрек
соғуы жиілейді; қан қысымы көтеріліп, жүйке жүйесінің қозуы артады; тамақты
көп ішкенмен салмақ қоспай, керісінше арықтайды. Тез ашуланады және
терлегіш болады. Көздері бадырайьш, шарасынаналға қарай шығып тұрады.
Мұндай ауруды бадырақ көз немесе базедов ауруы дейді. Бұл ауруды неміс
дөрігері К. А. Базедов сипаттап жазған. Ауруды емдеп жазу үшін қалқанша
бездің кішкене бөлігін кесіп алып тастайды. Жеке жасушаларын жою үшін
рентген сәулесімен де емдейді. Тироксин — гормонның түзілуі мен бөлінуін
гипофиздің алдыңғы бөлігінен бөлшетін гормондар реттейді.
Паратгормон: Қалканшамаңы безі кальций және фосфор алмасуын реттейді;
Инсулин Ұйкыбездің аралды бөлігі Бұлшық ет және басқа жасушалардың
глюкозаны пайдалануын арттырады, қанның құрамындағы канттың мөлшерін
азайтады, гликогеннің қорын арттырады, глюкозаның алмасуына әсер етеді;
Инсулин гормонының физиологиялық маңызы:
1. Бауырдың гликоген түзу қызметін күшейтеді, бұлшықеттерде қорының
жиналуын арттырады: сондықтан инсулинді сараң сарбаз деп атайды.
2. Жасушалардың қантты пайдалануына әсер етеді.
3. Көмірсулардың майға айналуына әсер етеді.
4. Гликонеогенезді, яғни май мен белоктан көмірсулардың пайда болуын
тежейді. Инсулин, диабетпен ауырған адамның бұзылған зат алмасуын жөнге
келтіреді. Бірақ тамақтың құрамына, қасиетіне, қандағы қанттың мөлшеріне
қарай ауру оны күнделікті қабылдап отыру керек. Инсулинді тек қана тері
астына жібереді, себебі оның негізі белок болғандықтан, ішкенде асқорыту
ферменттері оны ыдыратып жібереді.
Глюкагон: бауырдағы гликогеннің канда глюкозаға айналуына әсер етеді;
Адреналин: Бүйрек үсті бездің сұр заты симпатикалық жүйкелердің әсерін
арттырады, бауыр мен бұлшық еттердегі гликогеннің ыдырауына әсер етеді;
Норадреналин: қантамырларын тарылтады;
Өсу гормоны (соматропты гормон): гипофиздің алдыңғы бөлігі сүйектің
және ағзаның калыпты өсуін реттейді, белоктың, көмірсудың және майдың
алмасуына әсер етеді;
Тиреотропты гормон: қалқанша бездің өсуіне және тироксиннің түзілуіне
әсер етеді;
Адренокортикотропты гормон (АКТГ): бүйрек үсті бездердің өсуіне және
оларда гормондардың түзілуіне әсер етеді;
Окцитоцин: гипоталамус (гипофиздің артқы бөлігі) жатыр бұлшық еттерінің
жиырылуына және сүттің бөлінуіне әсер етеді;
Вазопрессин: бірыңғай салалы бұлшық еттердің жиырылуына жағдай жасайды,
зәрдің бөлінуін азайтады;
Тестостерон (андрогендер): аталық бездер аталық жыныс белгілердің
дамуына және сақталуына әсер етеді;
Эстрадиол (экстрогендер); аналық бездер аналық жыныс белгілердің дамуын
әрі сақталуын қамтамасыз етеді, алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз
етеді. Осы арқылы ағза кызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі
жүзеге асады.
Ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуы салдары.
Эндокриндік жүйе қызметінің бұзылуы үш патогенездік жолдармен дамуы
ықтимал:
1. Орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуынан;
2. Бездердің өздеріндегі орналасқан дерт-терден;
3. Гормондардың белсенділігінің безден тыс бұзылуынан.
Орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуынан:
Орталық жүйке жүйесі эндокриндік бездердің қызметтеріне реттеуші әсер
етеді, сондықтан әртүрлі жандүниелік күйзелістер ж. б. стрестік жағдайлар
кездерінде орталық жүйке жүйесі құрылымдарынан гипоталамусқа жүйке
жолдарымен ақпарат бағытталады. Ұзаққа созылған жандүниелік зақымданулардың
әсерлерінен тиреотоксикоз (Базед ауруы) немесе қантты диабетінің кейбір
түрлері дамуы ықтимал. Бұндай эндокриндік жүйенің бұзылыстарын психогендік
эндокринопатиялар деп атайды.
Эндокриндік бездерді реттеудегі гипоталамустың маңызы өте ерекше. Оның
шеткі эндокриндік бездерді реттеуінің бұзылуы көптеген себептерден болуы
мүмкін. Оларға инфекция, қабыну, қан құйылу, тромбоз, жарақаттану,
жандүниелік зақымдану ж. б. жатады.
Бездердің өздеріндегі орналасқан дерттерден:
Шеткі эндокриндік бездерде көптеген дерттік өзгерістер байқалуы мүмкін.
Сол себептен бұл бездерде гормон өндірілуі, оның қанға шығарылуы бұзылады.
Эндокриндік бездерде дерттік өзгерістер: микробтардың және олардың
уыттарының әсерлерінен, қан тамырларымен ағзаның дұрыс қанмен қамтамасыз
етілмеуінен, қан құйылудан, қабынудан, өспе өсуінен, без тіндерінің
аутоиммундық бүліністерінен, туа пайда болған гормон түзілуінің
бұзылыстарынан, ұзақ уақыт артық дене қызметімен айналысу бездердің қызметі
әлсіретеді, т.с.с. жағдайлардан пайда болады.
Гормондардың белсенділігінің безден тыс бұзылуынан:
Организмде иммундық жауап қайтару ерекшеліктері әртүрлі болатындықтан
аутоантиденелер бір ғана антигенге өндіріліп қоймай, көптеген антигендерге
өндірілуінен бір эндокриндік бездің қызметі бұзылып қоймай, басқа да
бездердің қызметтері бұзылады. Мәселен, бүйрек үсті бездерінің
жеткіліксіздігі тиреотоксикозбен, қантты диабетпен ж. б. қабаттасады.
Жүре пайда болған иммундық жүйенің ерекшеліктері әртүрлі созылмалы
стрестік жағдайлардың, жандүниелік күйзелістердің нәтижесінде немесе кейбір
вирустардың (гепатит, паротит, қызамық ж. б.) әсерлерінен дамуы ықтимал.
Стрестік жағдайлардың әсерлеріне жауап ретінде эндокриндік бездер гормон
өндіруін арттырады. Қанда гормондардың деңгейі көтерілуіне шеткі ағзалар
мен тіндер рецепторлардың санын азайтуымен жауап қайтарады. Жасушалардың
қабықтарында май қышқылдарының асқын тотығуынан рецепторлардың
нәруыздарында конформациялық өзгерістер пайда болуы ықтимал. Осыдан
рецепторлар бөтен зат ретінде танылып, оларға қарсы аутоантиденелер
өндірілуі мүмкін.
Зертханалық және аспаптық зерттеу әдістері.
1. Лабораториялық зерттеу
2. Радиоиммундық зерттеу
Қанның құрамындағы гормондарды анықтайтын әр түрлі әдістер бар. Олардың
ішінде радиоиммундық зерттеу әдістері соңғы жылдары кеңінен қолданылуда.
3. Рентгенологиялық зерттеу
4. Ультрадыбыстық зерттеу
5. Радиоизотоптық зерттеу
“Көмірсулар алмасуының бұзылуы”
Жануарлар ағзасында көмірсулар маңызды биологиялық қызметтер атқарады:
- Энергетикалық - барлық тірі организмде негізгі энергия беретін зат және
жануарлар клеткасы мен ми үшін қуат көзі (глюкоза, фруктоза және т.б.);
- Пластикалық – күрделі ферменттер, белоктар мен нуклеин қышқылдары
синтезі, клетка мембранасы құрамына кіреді, тірек-қимыл аппаратының
құрамына кіреді;
- Қорғаныс – көмірсулар сілекей мен бездерден бөлінетін сұйықтар
құрамында бола отырып, улы заттардың ағзадан шығарылуына және
залалсыздануына көмектеседі (глюкоурон қышқылы);
- Қор заттары – қоректік заттар есебінде бауырда гликоген күйінде
жинақталады, ұзақ уақыт ашыққанда глюкозаға дейін ыдырайды;
- Рецепторлық (арнайы) - адам қанының қандай топқа жататынын анықтаудағы
және клеткаларды ажыратып білудегі клетка сыртының рецепторлы қызметі
маңызды.
Өсімдектекті азық пен жем-шөпте көмірсулар крахмал, клетчатка,
сахароза, лактоза түрінде, ал жануартекті азықта гликоген және т.б.
полисахаридтер түрінде кездеседі.
Көмірсулар алмасуының реттелуі
Ағзадағы көмірсулар (глюкозаның) алмасуының реттелуі 3 жағдайда:
- жүйкелік деңгей;
- гормональды деңгей;
- ұлпалық деңгейде жүзеге асады.
Көмірсулардың сіңірілуінің бұзылуы – поли- және дисахаридтердің
ыдырауына қажетті α-амилазасы бар ұйқы безінен бөлінетін сөлдің түзілуінің
немесе бөлінуінің бұзылуы салдарынан болады. Бұл жағдай ұйқы безінің
ұлпаларының зақымдануынан (панкреатитте) және сөл бөлетін өзекшелердің
бітелуінен (тас немесе ісіктің түзілуінен) болады. Көмірсулардың
сіңірілуінің бұзылуы көп жағдайда малдардың жаңа туған төлдерінде
байқалады.
Гликогеннің түзілуі мен ыдырауының бұзылуы – гликогеннің жоғары
деңгейде ыдырауынан немесе түзілуінің бұзылуынан болады. Гликогеннің жоғары
деңгейде ыдырауы (гликогенолиз): бұлшық етке жоғары деңгейде салмақ
түскеде, ұзақ уақыт ашыққанда және стресс жағдайында, сонымен қатар
қалқанша безі, бүйрек үсті безінің ми затының (сұр денесінің) және гипофиз
гормондарының гиперфункциясында жүреді. Ал гликогеннің төмен деңгейде
түзілуі: гипоксия, гипо- және авитаминоз жағдайында, сонымен қатар қант
диабеті, тиреотоксикоз, т.б. жүреді
Моносахаридтер алмасуының бұзылуы.
Тумысынан тұқым қуалаушылықпен болатын аурулар ішінде көмірсулар
алмасуында аномалия тудыратындары көп кездеседі. Бұл аурулардың басты
себептері көмірсулардың айналуын катализдейтін ферменттердің түрін өзгертуі
болып табылады. Бұл орайда организмдегі қандайда бір ферменттің немесе
фермент жүйесінің қызметі нашарлауы салдарынан не организмге улы әсер
ететін аномальды құрылыммен қант жиналады, не қалыпты тіршілік үшін қажет
болып табылатын көмірсуларының синтезі бұзылады.
Галактоземия (Galactosmia) тұқым қуалайтын аурулардың ең ауыр түріне
жатады, бұл көбіне балалардың өліміне әкеп соқтырады. Галактоземияның
белгілері бүйрек пен бауырдың зақымдануы (бауырды май басуы,сары
ауру,циррозға ұшырау), ерте жастан катаракта және ақыл-есінің кемістігі
(1908 жылы А.Reuss мұндай ауру түрін алғаш рет сипаттап берген болатын).
Ауруға тән сипат мынадай: гипогликемия,галактозурия мен галактоза мен
галактоза-1-фосфаттың қанға жиналуы. Осы патологияда екі ферменттің ақауы
байқалады: ең алдымен уридилтрансферазаның және галактокиназа.
Даун ауруы (хромосом ауруы) – ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz