Ішек аурулары



1 Негізгі бөлім
1. Ішек аурулары
1.2 Ішек метеоризмі
1. Ішектердің түйілуі
2 Ішектерде жынның іркілуі
1. Странгуляциялық илеус
1. Тромбоэмболиялық шаншу
И.П.Салминнің болжауы бойынша тимпанияның дамуында үш факторлардың бірдей әсер етуі ықтимал, месқарында көп сұйықтың болуы, алдыңғы қарыншақтардың жирылуының тоқталуы, газдың көп мөлшерде түзілуі.
Өте ылғалды тамақ месқарын мен тахия қарыннан жалбыршақ қарын мен ұлтабарға жылдам өтіп, ары қарай ішекке барады да, ондағы баро-, хеморецепторларды тітіркендіреді. Осының салдарынан алдыңғы қарыншақтардың жирылу процесі бұзылады, оларда атонияның жіті түрі дамиды. Онымен жаябыршақ қарынның алдыңғы сфинктері мен көпіршеснің түйілуі ауырсынғандықты туғызады.
Сұйықтың жоғарғы деңгейі месқарынның кірер аузынан болғанда, немесе бұршақты концентраттар месқарынның түбіне шөгіп, ондағы астың деңгейін көтеріп, сол кірер ауызды бітеп қалғанда, оның ішінде газдың жиналуы әсер еді. Газ сыртқа шыға алмайды да, сондағы қоспалармен араласады. Өте қатты созылған месқарынның қабығасы түйілгенге дейін барып, ауырсынғандық байқалады. Артынан салданады. Көлемі ұлғайған месқарын көрші ағзаларды қысады. Диафрагмаға түскен қысым кеуде қуысына қанның келуін азайтады, жүрек пен өкпелердің қызметтері бұзылады. Газдың алмасуы нашарлап, оттегінің жеткіліксіздігі айқындалады.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
И.П.Салминнің болжауы бойынша тимпанияның дамуында үш факторлардың бірдей әсер етуі ықтимал, месқарында көп сұйықтың болуы, алдыңғы қарыншақтардың жирылуының тоқталуы, газдың көп мөлшерде түзілуі.
Өте ылғалды тамақ месқарын мен тахия қарыннан жалбыршақ қарын мен ұлтабарға жылдам өтіп, ары қарай ішекке барады да, ондағы баро-, хеморецепторларды тітіркендіреді. Осының салдарынан алдыңғы қарыншақтардың жирылу процесі бұзылады, оларда атонияның жіті түрі дамиды. Онымен жаябыршақ қарынның алдыңғы сфинктері мен көпіршеснің түйілуі ауырсынғандықты туғызады.
Сұйықтың жоғарғы деңгейі месқарынның кірер аузынан болғанда, немесе бұршақты концентраттар месқарынның түбіне шөгіп, ондағы астың деңгейін көтеріп, сол кірер ауызды бітеп қалғанда, оның ішінде газдың жиналуы әсер еді. Газ сыртқа шыға алмайды да, сондағы қоспалармен араласады. Өте қатты созылған месқарынның қабығасы түйілгенге дейін барып, ауырсынғандық байқалады. Артынан салданады. Көлемі ұлғайған месқарын көрші ағзаларды қысады. Диафрагмаға түскен қысым кеуде қуысына қанның келуін азайтады, жүрек пен өкпелердің қызметтері бұзылады. Газдың алмасуы нашарлап, оттегінің жеткіліксіздігі айқындалады.
Іш қуысындағы қысымның жоғарлауы бауырдың жұмысын қиындатады, ішек түйіңділерін қысып, олар арқылы астың қозғалуын тоқтатады.
Басалқы түрі месқарынның өз ауруларында, тахия қарын мен жалбыршақ қарын ластанып ауырғанда кездеседі.
Қосалқы түрі жүрек-қан тамырлары, дем aлy, ас қорыту, зәр шыгару, жүйке жүйелерінід ауруларында; улануларда кездеседі.
Механикалык, физикалық, химиялық факторлар рецепторларды қатты тітіркендіргенде месқарынның жирылу процесі әлсірейді. Малдың күйіс қайыруы бұзылады да, ас қорту процесі нашарлайды. Осының салдарынан месқарындағы қышқылдық (рН) жоғарылап, микрооганизмдердің ыдырауын тудырады. Олардан бөлініп шыққан улы заттар организмге сіңіп, таралып, өздерінің зиянды әсерлерін тигізеді. Осындай, алдыңғы қарыншақтардың жиырылу процесінің бұзылуын дистония деп атайды. Оның басалқы және қосалқы түрлерін ажыратады.
Ауру малдар жеңіл ашитын азықтарды көп жегенбе пайда болады. Әсіресе ылғалды жасыл түсті азықтар: жасыл шөп, жоңышқа, бұлшақты өсімдіктер алғашқы сүттіген кездерінде, капустаның, қант қызылшасының жапырақтары күздік егістің жас өсімдері жиі себеп болады. Бұл азықтарды дұрыс дайындамағанда, олар үйіліп қалып қызған түрінде дамиды.
Егер рационда крахмал мен қант көп болса, онда сүт және пропион қышқылдары көбірек түзіліп, керісінше сірке қышқылы азаятын көрінеді.

1 Негізгі бөлім
1. Ішік аурулары

Бұл ауруларға асқазан мен ішектер ауруларының үлкен тобына жатады. Аурулардың пайда болуы мен дамуы әртүрлі болғанымен оларда жалпы ауырсыну және мазасыздану синдромдары бірыңғай болып келеді.
Колик сиңдромы негізіне асқазан мен ішектердің бітелуі жатады, азық қорыту жолының моторлы, секреторлы және басқада қызметтері, жүрек, тыныстану, зат алмасу және бөлу қызметтері бұзылады, ішектен ауыр уланулармен аяқталады. Жүйке рефлекстері, сезімталдық, вегетативті жүйке жүйсінің қозуы және малдың мінезі бұзылады.
Ауырсыну сезімдерінің көздері әртүрлі себептер болуы мүмкін және ауырсыну біркелкі болмайды, сол себепті Дәрігер малдың мінезіне және мазасызданудың сипатына байланысты бұл жағдайда (колик) шаншу деп тауып, диагноз қоюға жақындайды. Мысалы сфинктрлердің және ішектердің кейбір тұзағының қатты түйілуінен түйілмелі ауырсыну пайда болады.
Ал асқазан мен ішек қабырғаларының газдармен немесе қатты жынмен созылуында дистензионды ауырсынулар байқалады, үзбей мазасыздану және ұзақ мерзім болады. Шажырқайдың тартылуында шажырқаилы ауырсынулар болады, бұларда ол үзбей болады, ол бірақ мазасыздану сипатына байланысты өзгешеленеді. Соңында, іш перденің қабынуында рецепторлардың тітіркенуінен перитонеальді ауырсыну болады. Бұл ауырсынулар сызланған сипатта және үзілмейтін әлсіз, бірақ азапты мазасыздану [1,2,3,4].
Асқазан-ішектер шаншуымен (түйнеуі) жиі жылқылар, сирек ірі қара мал, шошқалар, иттер және басқа малдар ауырады. Асқазан мен ішектерде шаншу синдромымен өтетін аурулардың жіктелуінің мойындалған екі түрі бар:
- профессор Г.В.Домрачев барлық шаншу түрлерің асқазандык (асқазанның созылуы), ішектік (іш перденің қабынуынсыз) (энтералгия, метеоризм, ішектерде жынның тұрығуы, ішектердің тастармен, конкреметтермен және гельминттермен бітелуі) және іш перденің қабынуы (ішектердің странгуляциямен ненесе тромбоэмболиямен механикалық бітелуі) деп бөлген;
- профессор А.В.Синев азық қорыту жолының бітелуінің барлық түрлерін дииамикалық және механикалық деп бөледі. Динамикалықты түйілмелі (асқазанның созылуы, энтералгия, ішектің метеоризмі) және паралитикалық (салданған), (ішектің химостазы және капростазы) деп бөледі. Механикалық бітелу үш илеус түрінде болады: обтурациялық (ішектердің тастармен, бөгде заттармен және гельминттермен бітелуі); странгуляционды қуыстарда ішек тұзағының қысылуы, бұралуы, ішектің түйілуі, ішектің инвагишщияеы (аударылуы), ішектің ширатылуы; гемостатикалық (ішек артериясының тромбоэмболиясы).
Бірінші жіктелуге анатомиялық принцип, ал екіншіге- азық қорыту жолының функциональді (қызметінің) бұзылу принципі негізге алынған, сол себепті емші дәрігер оны жоғары бағалаған. Асказанның жіті созылуы - қарынның көлемінің ұлғаюы мен оның негізгі қызметтерінің (моторлы, секреторлы және сору) бұзылуымен өтетін қарын мен ішектің бітелуі.
Себептері. Қарынның жіті созылуы көбінесе вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігінің жоғары қозуынан болатын пилороспазмадан туындайды. Мұндай жағдайда үйренген азықтандыруды, малды күтіп, ұстау тәртібінің бұзылуы ауруды арандатады. Мысалы, тез арада азықты ауыстыру, көп мөлшерде дәнді дақылдар беру немесе оларға еркін жеткен жағдайда артық жеуден, малды азыктанғаннан кейін жұмысқа жегу немесе шаршаған малды молынан азықтандыру, бұзылған, ыластанған, көгерген, тез ашығыш азықтармен азықтандыру.
Пилораспазм соңынан қарынның созылуы рефлекторлы ішек ауруларынан, мал жалпы мұздағаннан болуы мүмкін. Туындаған қарын созылуы он екі елі ішек саңлауы тұсында және мықын ішекте, сирек-тоқ ішекте (обтурация, химостаз, странгуляция т.б.) бітелуден болады.
Дамуы. Қарынның кілегейлі кабығының тітіркенуінен және оның қабырғасының созылуынан жиырылу ауырсынуды тудыратын түйілуге дейін күшейеді. Бастағы мида қозу ошағы пайда болады, адреналин жүйесі тітіркенеді және адреналиннің қанға келіп түсуі көбейеді. Асқазан мен пилорус қабырғасында ауырсыну импульстері пайда болады, алғашқыда спастикалық ауырсыну басымырақ болады, ал кейін-дистензионды.
Азықтармен немесе газдармен асқазанның керілуінен құрсақ қуысының ішкі қысымы артады, ол диафрагманы (көк етті) қысады, соның нәтижесінде тыныстану және жүрек қызметі қиындайды. Асқазанда сөл бөлу күшейіп көп мөлшерде сулы-тұзды сұйық (25 л және онанда көп) онан әрі жалпы қызметтерді бұзып, организмді сусыздандырады және зат алмасуды бұзады. Кейде пилорустың түйілуімен қатар кардиальді сфинтрде түйіледі, онда асқазан қысымы өсе беретін жабық ыдысқа айналады. Қарынның қабырғасы жұқарады, сол себепті ол жыртылып кетуі мүмкін.
Симптомдары. Бірінші белгілері азықтандыру кезінде немесе бірнеше сағат өткеннен соң пайда болады. Алғашқыда ауық-ауық мал мазасызданады, спастикалық (түйілмелі) ауырсыну болады. Ауру жылқы кейде жүріп бара жатып кілт тоқтайды, мезгіл-мезгіл ішіне қарайды, аунайды. Орнынан тұрған бойда алға қарай ұмтылады.
Қарынның қабырғасы қатты керілгендіктен тұрақты мазасыздану болады (дистензионды ауырсыну). Ауру ит сияқты шоқиып отырады. Осы кезде өңеш қабырғасының бас жаққа қарай толқындала жиырылып жатқандығын байқауға болады.
Ауру жылқының жалпы күйі тез нашарлайды, дене қызуы 39-41°С дейін көтеріледі, көздің кілегейлі қабығы қанталап, көкшілденеді. Тамыр соғуы жиілейді, минутына 80-90 ретке жетеді. Бастапқыда жүрек саздары күшейеді, ал сонынан әлсірейді.
Тыныстануы үстіртін болады, жылқы ентігеді. Тыныстану 25-50 дейін жиілейді. Сырттан қарағанда дененің сол жағында құрсақ қуысы қабырғасы 14-17 кабыртқалар аралығынан сыртқа шығыңқы екенін байқауға болады. Тереңдетіп перкуссиялау атимпаниялык дыбыс береді. Ішектердің перистальтикасы аурудың бастапқы кезінде күшейеді, ал соңында бәсеңдеп мүлдем тоқтайды. Дефекация сирек. Тік ішек арқылы зерттегенде көк бауырдың соңғы қабырғаға дейін ығысқанын және қарынның артқы бөлігін дөңгелек катты дене ретінде ұстап көруге болады. Асқазан жыны қышқыл реакциялы (60-100 титр бірлігі), онда сүт және май қышқылдары көп, ал байланыспаған (бос) гр қышқылы жоқ. Сусызданған сайын қанда эритроциттер саны және гемоглобин мөлшері көбейген, кейде нейтрофильді лейкоцитоз, эозинопения, ЭШЖ төмендеген.
Балау. Ауруға тән шаншу синдромы. Асқазанға зонд енгізу және тік ішек арқылы зерттеп малға тірі кезінде диагноз қояды. Егер мал өлсе, өлексені сойып көргенде асқазанның азықтармен созылғанын немесе оның жарылып кеткені қойылған диагноздың растығын дәлелдейді.
Емі. Ауырсыну синдромында венаға 30-60 мл мөлшерінде 10 %-ды анальгин немесе 150-300 мл хлоралгидрат ерітінділерін енгізеді. Асқазанға зонд енгізеді, газдар мен азық қалдықтарын сыртқа шығарады, малдың жағдайы жақсарады. 4-6 л жылы сумен асқазанды жуып-шайса жақсы нәтиже береді. Ол үшін 1-2 %-ды ихтиол, натрий гидрокарбонат ерітінділерін қолданады. Ішке 10-12 мл сүт немесе 15-30 мл сірке, қышқылдарын бір бөтелге суға сұйылтып ішкізсе, онда пилороспазм басылады.
Ауру жылқы венасына 200-300 мл 10 %-ды хлорлы натрий ерітіндісіне 2-2,5 г натрий кофеин-бензоаты және 50-100 г глюкоза қосып енгізген жақсы нәтиже береді. Ашу процестерін тоқтату үшін ішке микробтарға қарсы нашар еритін препараттар тағайындайды (антибиотиктер мен сульфаниламидты препараттары).
Сақтандыру. Қалыптасқан азықтандыру мен күтіп-ұстау, жылқыларды жұмысқа жегу тәртіптерін сақтайды. Малды сусымалы азықтарға еркін жетуін тоқтатады. Жылқыға бұзылған азық бермейді, суықтанда сақтайды.

1.2 Ішек метеоризмі

ішектерде ашу процестерінің күшеюінен және олардың моторлы-секреторлы кызметтерінің бұзылуынан газдардың сыртқа шығуы қиындағандықтан аш және тоқ ішектердін газға толып кетуі. Жиі жылқылар, сирек шошқа мен ит ауырады.
Себептері. Жылқыларды тез ашығыш шырынды азықтармен азықтандырғаннан және малды шық түскен жайылымдарға жайғаннан болады. Жылқыға жауыннан кейін, шық басқан және шөмеледе қызып кеткен шөптер қауіпті. Метеоризм өте ауыр өтеді, егерде жылқыларды бұзылған азықтармен (шіріген, көгерген, жатып қалған) піскен нанмен, жүгері собығымен, дәнді-дақылдармен азықтандырса [5,6,].
Метеоризмнің тууына мүмкіндік туғызатын себептерге жататындар: ауыр жұмысқа жегілгеннен кейін азықтандыру; азықтандырғаннан соң суғару, жылқыларды ауыр жұмысқа пайдалану; улы өсімдіктерден уланғаннан. Кейбір ішектердің метеоризмі механикалық бітелуден және тромбоэмболикалық шаншудан соң ішектердің метеоризмі туындайды.
Дамуы. Патологиялық процестің шешуші звеносына ішекте ашу процесі күшті жүргендіктен өте көп мөлшерде газдардың (көмірқышқыл газ, метан, азот, күкірті сүтек) жиналуы жатады. Аурудың бастапқы кезінде ішектердің перистальтикасы күшейеді және түйілмелі сипат алады. Біртіндеп перистальтика төмендеп, соңында мүлдем тоқтайды, ішек салданады.
Құрсақ қуысының қысымы артып, көк ет ығысады,құрсақ және көкірек қуыстарындағы ағзалар, қан тамырлары және лимфа тамырлары қысылады. Тыныстану және жүрек қызметі қиындайды, улану үдей түседі. Ауыр жағдайларда ішек тұзағы мен бұтағы ығысқандықтан олар бітеледі, шажырқай қатты тартылады, көк ет немесе ішек жыртылады.
Симптомдары. Ішектердің ауырсыну синдромы мен мазасыздану мал азықтанғаннан кейін байқалады, ал сонан соң ауырсыну тұрақты және өте азапты болады. Мал қатты терлейді, алға кедергіні байқамай ұмтыла береді, жерге қалай болса солай құлап түседі, аунайды, арқасымен аунап түседі, ит сияқты шоқиып отырады, қайта тұрады, осылардың бәрі бірнеше рет қайталанады. Іші үлкейген, бөшке тәрізді, анальді саңылауы айналып кеткен, қабыртқасы қатайған, перкуссиялағанда күшті атимпаниялық немесе тимпаниялық, кейде темір сыңғырындай дыбыс естіледі.
Бастапқы кезде перистальтика күшейген, қатты, соңынан бәсеңдейді және мүлдем тоқтайды. Газдардың бөлінуіде соған байланысты болады. Кілегейлі қабықтар гиперемияланған, көгілдір тартқан. Шеттегі веналар ісінген. Қан қысымы бастапқыда көтерілген, тамыр соғуы жиі, соңынан ол әлсіз, кіші, ал қан қысымы қалыптан төмен. Жүрек түрткісі және саздары күшейген. Тынысы жиі, минутына 25-50, көкірек типті. Ауру жедел дамиды 6-12, кейде 20 сағатқа созылады.
Балау. Ауруға тән ішек метеоризмнің клиникалық белгілері бар болса, анамнездік мәліметтерді ескеріп малға тірі кезінде диагноз қою қиын емес. Күдікті жағдайда тік ішек арқылы зерттейді, барлық ішектердің желденуіне қарап диагнозды анықтайды. Ішектің жыртылуына немесе туыпдаған метеоризмге кауіптенгенде құрсақ қуысы қабырғасын тесіп, пунктатты алады. Егер пунктат сарғыш түсті, мөлдір болса - асқынбаған метеоризм, пунктат қызғыш, құрамында эротроциттер бар-шажырқай қысылғандықтан, странгуляциялық бітелуден ішектің туындаған метеоризмі, пунктатта қан, азық бөліктері бар-ішектің жыртылуы, пунктатта лейкоциттер және эндотелий торшалары бар эксудат-перитонит.
Емі. Шаншу синдромыи (ауырсыну және мазасыздану) басады. Ол үшін 70-100 мл 10 %-ды хлоралгидрат немесе 0,25-0,5 %-ды новокаин ерітіндісін 1 кг дене массасына 1 және 0,5 мл есебінде, 100-200 л магний сульфаты ерітінділерін венаға немесе тері астына 5-10 г анальгиннің судағы ерітіндісін енгізеді. Ішектердің перистальтикасын қалыптастыру үшін венаға 200-300 мл 10 % хлорлы натрий енгізеді немесе тері астына өте аз мөлшерде (0,001-0,002 г) карбохолим қолданады.
Асқазаннан газды шығару үшін оған зонд енгізеді немесе асқазаның туындаған созылуында оны шуып-шаяды. Ішектер желге толып кеткенде асфмкция құбылысы күшейе бастағанда бүйен немесе үлкен жиек ішектерді сыртқа теуіп тұрған жерден теседі. Ол үшін жіңішке троакар немесе үлксн диаметрлі Бобров инесін пайдаланады. Ашу процестерін басу үшін зонд арқылы 15-20 %-ды ихтиолды 1 л суға ерітіп немесе 1 кг дене массасына 0,4-0,5 мл тимпанол енгізеді.
Жүрек қызметі әлсірегенде кофеин, інжу гүл немесе строфанта қолданады. Шаншуды басқаннан соң, ішектердің метеоризмі басылған кезде ішектердегі жиналған, ыдыраған жынды босатуға кіріседі. Ол үшін өсімдік майын немесе іш жүргізуші тұздар және де микробтарға қарсы (ихтиол, фталазол, норсульфазол, левомицитии т.б.) қолданады. Аурудан айыға бастаған малдарға диетикалық азықтандыру ұйымдастырылады.
Сақтандыру. Малдарға тез ашығыш азықтар бермейді. Малдарды шық түскен жайылымдарға және жаңбырдан соң жаймайды.

1. Ішектердің түйілуі

Ішек қабырғасының түйілмелі жиырылуы арқасында оқтын-оқтын мазасызданумен өтетін шаншудың ерекше бір түрі жылқыларда, ірі қара малда (бұзауларда, тайыншаларда), қойларда қырыққаннан кейін, сирек шошқаларда кездеседі.
Себептері. Энтералгияны қатты желіп, шауып келген, денесі қызған малды желдің өтінде ұстау немесе жаңбыр астында ұстау, мұз аралас сумен суару, көгерген жем - шөппен азықтандыру, малды күзде шық түскен жайылымға жаю және тағы басқа себептер туғызады. Ұзақ мерзім қорада ұстаған төлдер, кенеттен суыққа шалдықса солар жиі ауырады. Жас ірі қара малды қорада тығыз ұстаса, басқа жаққа көлікпен тасымалдаса, стресс әсерлерінен жаппай энтералгияға шалдығуы мүмкін. Жаздың ыстық кезінде, әсіресе денесі қызған малды тез арада суытса энтералгиямен ауырады. Энтералгияның шығу көзіне катаральді гастроэнтеритке шалдыққан малдар жатады [7,8,9].
Дамуы. Оқтын-оқтын ішектердің түйілуі вегетативті жүйке жүйесі парасимпатикалық бөлігінің өте қозуы салдарынан туындайды. Бұл ішектің кейбір тұзақтарымын түйілуімен мазасыздану ұстамаларының арасында дамылдау паузасымен өтетін ішектердің сенсорлы-қимылды неврозы. Бұл жағдайда ішектердің ауырсынуының пайда болуы ішек кабырғасының түйілмелі жиырылу кезеңі рецепторлық аппараттың қатты қысылу негізінде пайда болады және ол түйілу канша мезгіл созылса олда сонша мезгіл болады. Осымен ауырсыну-мазасыздану ұстамасының оқтын-оқтын болуын түсіндіруге болады (түйілмелі ауырсынулар).
Энтералгия оқтын-октын ішектердің түйілуінен болса, онда ішектердің перистальтикасы күшейеді және бірынғай болмайды. Инвагинация, оралу сияқты асқынулар осылардан пайда болады.
Симптомдары. Шаншу синдромы ауық-ауық қайталанып, ұстамалы түрде өтеді, 10 минутқа дейін созылады. Мал ауырмаған кезде тыныш тұрады. Жем-шөпті жақсы жейді. Бұл кезде сырттан қарағанда аурудың ешкандай нышаны көрінбейді. Ауырған кезде жылқы ішіне қайта-қайта қарайды. Аяқтарымен жерді тарпып, жатуға ыңғайланады, кейде құлап түседі, катты терлейді, аузынан сілекейі шұбырады.
Ішектердің перистальтикасы шаншу кезінің басында күшейеді, соңынан баяулайды, ал шаншу ұстамасы қанша созылса, олда сонша мезгіл созылады.
Нәжістің консистенциясы бастапқыда қалыптағыдай, ал соңында аурудың үдеген мезгілінде борпылдақ сұйыла бастайды, анальді сфинктер және тік ішіек қабырғасы қатты қысылған. Ішектердің кейбір тұзағында газдар жиналуы мүмкін. Дене қызуы, тамыр соғуы және тыныстануы калыпты. әсірссе тыныштану кезеңінде, кейде брадикардия және псирогенді аритмия, бірінші саздың екіленуі байқалады. Рожэ және Шарабрин сынамасында тамыр соғуы минутына 3 -7 рет бәссңдейді.
Катаральді энтеритте негізінде пайда болған энтералгияда және де ішектердің улануымен аскынғанда, ауру малда кілегейлі қабықтар сарғаяды, тамыр соғуы және тыныс алуы жиілейді, перистальтикасы қатты, дефекациясы жиі бөлінген нәжісі борпылдақ, иісі сасық, қорытылмаған азық бар, қанда нейтрофильді лейкоцитоз, эозинопения, билирубинемия болады.
Ірі қара мал энтералгиясында мазасыздану құбылысы нашар байқалады, ал ауру малда шаншу ұстаған кезде аяғымен ішін тепкілейді, азықтан бас тартады, күйіс қайырмайды, ішектердің перистальтикасы күшейеді, диарея пайда болады.
Шошқаларда ауру мал ыңырсыйды және шаңқылдайды (әсіресе торайлар), аурулар жиі жата береді, орнынан жылдам тұрады, осыларда ауру ұстаған кезде қайталай береді. Ауру 30 минуттан 2-3-6 сағатқа дейін созылады. Аурудан айыққаннан кейін тағы қайталануы мүмкін.
Балау. Оқтын-оқтын сипаты және шаншу синдромының ауруға тәндігі, сол себепті асқынған кезде тірі кезінде диагноз қою қиын емес. Жіті асқазанның созылуы және метеоризмге тән пилороспазмды жоққа шығарады.
Емі. Ішектердің түйілуін және ауырсынуды басу үшін тері астына атропин сульфатын (0,02-0,04), платифиллин гидротартратын (0,015-0,07) енгізеді. Тахикардиясы бар улануларда және қан кысымы төмен болғанда ауырсынуды басу үшін венаға 30-50 мл 10 % анальгин немесе натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісіндегі 150-250 мл 0,25 % новокаин енгізеді. Ішке 20-50 мл эфирлі-валериан тұнбасын береді. Тері астына 0,02-0,04 г эфедрин гидрохлоридин енгізеді. Жылы клизма, массаж (уқалау) жылылап орау, инфрақызыл сәулесін және жылу процедураларыи қолдану жақсы нәтиже береді.
Аурудың шаншу ұстамасын басқаннан кейін әсіресе катаральді энтеритте ішке жеңіл іш жүргізетін дәрілер (тұздар және майлар) береді және микробтарға қарсы препараттар (ихтиол, фтаназол, сульгин және басқалар) тағайындайды. Малды диетикалық азықтандырумен қамтамасыз етеді.
Сақтандыру. Малды тиісті азықтандыру, күтіп-ұстау қажет, оларды жел өтуінен және суықтан, әсіресе жұмыстан соң сақтау керек, мал қораларда температураның күрт езгеруіне жол бермейді, малды төменгі температураға біртіндеп үйретеді.
Ішектерде жынның іркілуі-ішектердің кейбір бөлімдерінде жынның жиналып, кеуіп кетуінен, жынның жылжуының бұзылуы.
Егерде жын аш ішектерде іркілсе, оны химостаз, ал тоқ ішекте іркілсе-копростаз деп атайды. Ауру жылқыларда жиі, иттен басқа малдарда сирек кездеседі. Шаншудың салдану түріне жатады.
Себептері. Химостаз бен копростаз малда оларды ұзақ мерзім сапасы төмен ірі азықтармен (кеш орылған пішенмен, сабанмен, топанмен) немесе ұсақ майдаланған құрама жеммен, жармалармен, ұн нанымен азықтандырғаннан пайда болады. Минералды заттар және витаминдер тапшылығы, серуеннің жоқтығы, ұзақ мерзім жұмыс атқармау, ішектердің улануы, перистальтиканың төмендеуі, тістердің аномалиясы, жүрек әлсіздігі маңызды роль атқарады.
Дамуы. Аталған факторлардың әсерінен ас қорыту бұзылады, ішектердің секреторлы-моторлы қызметі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттер арасындағы дұрыс тамақтану режимін сақтану маңызы
Диспепсиялық бұзылулар
Жануардың ас қорыту мүшелерінің аурулары
Ішектің қабыну аурулары
Асқорыту мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу жолдары
Ас қорыту және зәр шығару жүйелерінің патологиясы
Дисбактериозды емдеу
Бұзаулардың ішек індеттерінің этиологиясы және емдеу, алдын алу
Жұқпалы аурулардың жалпы патологиясы:сипаттамасы, кезеңдері, негізгі белгілері, жіктелуі. Иммунитет. Аллергия. Анафилаксия
Асқорыту жүйесінің аурулары. Себептері. Емі
Пәндер