Ауыз қуысында азықтың қорытылуы



I Кіріспе

II Негізгі бөлім

2.1 Ауыз қуысында азықтың қорытылуы.
2.2 Тістерінің құрылысы,қызметі.
2.3 Тістердің азық қорытудағы қызметі.

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер
Ас қорыту аппараты Ас қорыту аппараты – жануарлар организмінде азықты қабылдау, ұсақтау, жібіту, араластыру, жылжыту, қорыту, сіңіру, азық қалдығын сыртқа шығару қызметтерін атқаратын ішкі мүшелер жүйесі.Ол ұзын түтік тәрізді болып келеді, сыртқы оратмен дененің алдыңғы жағындағы ауыз қуысы және артқы жағындағы артқы тесік - анус арқылы жалғасады. Түтік мүшелер ретінде ас қорыту жүйесін филоонтогенетикалық тұрғыдан төрт бөлімге бөледі:
1. Бас бөлімі - ауыз қуысының мүшелері және жұтқыншақ жатады. Олар бірігіп, ауыз жұтқыншақ деп те аталынады.
2. Алдыңғы бөлім - өңеш пен қарыннан құралады.
3. Ортаңғы бөлім - аш ішек және ірі ас қорыту бездері – бауыр мен ұйқы безі түзеді. Өз кезегінде аш ішек үш бөліктен: он екі елі, ащы(жиек ішек) және мықын ішектерден тұрады.
4. Артқы бөлімді - тоқ ішек құрайды. Оған соқыр ішек, бүйен ішек және тік ішектер жатады.
Түтікше мүшелердің қабырғасы үш қабықтан: ішкі-кілегейлі, ортаңғы- еттік, сыртқы-сірілі немесе адвентиция қабақтарынан түзілген.
Азық қорыту дегеніміз – күрделі қоректік заттардың қарапайым түрге айналуы және оларды ағзаның сорып, өзіне сіңіруі.
Ас қорыту қоректің органикалық заттары – нәруыз, май, көмірсулар, ас қорыту ферменттері арқылы жай заттарға ыдырауы жүретін физиологиялық процесс: нәруыз аминқышқылға, көмірсулар глюкозаға, май глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдырайды. Ас қорыту жүйесінің әрбір бөлімі белгілі қызмет атқарады.
1. Қ.Қайым,Б.Муханов, Р.Сәтімбекұлы, М.Шаймарданқызы, "Жануартану"(1998), 228б., ISBN 5-625-03599-7

2. Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3

3. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

2.1 Ауыз қуысында азықтың қорытылуы.
2.2 Тістерінің құрылысы,қызметі.
2.3 Тістердің азық қорытудағы қызметі.

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер



I Кіріспе

Ас қорыту аппараты Ас қорыту аппараты - жануарлар организмінде азықты қабылдау, ұсақтау, жібіту, араластыру, жылжыту, қорыту, сіңіру, азық қалдығын сыртқа шығару қызметтерін атқаратын ішкі мүшелер жүйесі.Ол ұзын түтік тәрізді болып келеді, сыртқы оратмен дененің алдыңғы жағындағы ауыз қуысы және артқы жағындағы артқы тесік - анус арқылы жалғасады. Түтік мүшелер ретінде ас қорыту жүйесін филоонтогенетикалық тұрғыдан төрт бөлімге бөледі:
1. Бас бөлімі - ауыз қуысының мүшелері және жұтқыншақ жатады. Олар бірігіп, ауыз жұтқыншақ деп те аталынады.
2. Алдыңғы бөлім - өңеш пен қарыннан құралады.
3. Ортаңғы бөлім - аш ішек және ірі ас қорыту бездері - бауыр мен ұйқы безі түзеді. Өз кезегінде аш ішек үш бөліктен: он екі елі, ащы(жиек ішек) және мықын ішектерден тұрады.
4. Артқы бөлімді - тоқ ішек құрайды. Оған соқыр ішек, бүйен ішек және тік ішектер жатады.
Түтікше мүшелердің қабырғасы үш қабықтан: ішкі-кілегейлі, ортаңғы- еттік, сыртқы-сірілі немесе адвентиция қабақтарынан түзілген.
Азық қорыту дегеніміз - күрделі қоректік заттардың қарапайым түрге айналуы және оларды ағзаның сорып, өзіне сіңіруі.
Ас қорыту қоректің органикалық заттары - нәруыз, май, көмірсулар, ас қорыту ферменттері арқылы жай заттарға ыдырауы жүретін физиологиялық процесс: нәруыз аминқышқылға, көмірсулар глюкозаға, май глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдырайды. Ас қорыту жүйесінің әрбір бөлімі белгілі қызмет атқарады.
Азық қорыту жүйелерінің атқаратын негізгі қызметтері: сөл бөлу, ұсақтау, араластыру, жылжыту, керексіз заттарды сыртқа шығару және сору. Қабылданған азық ағзада физикалық, химиялық және биологиялық түрде өнделеді. Физикалық өнделуі дегеніміз - азықтың ылғалдануы, ұсақталуы, жұтылуы және асқазан арқылы жылжуы. Биологиялық өндеу микроағзалардың қатысуымен өтеді. Өңдеудің осы әсіресе, ауыл шаруашылығы малында кең орын алған. Химиялық өндеу ферменттердің қатысуымен жүреді. Фермент дегеніміз ағзадағы химиялық реакцияларды жылдамдататын биологиялық катализаторлар. Азықта қорытатын ферменттер үш топқа бөлінеді: 1- протеазалар - белоктарды ыдыратушылар; 2- карбогидралазалар - қанттарды ыдыратушылар; 3- эстеразалар мен липоидтарды ыдыратады.
Қарында үш түрлі клеткалар орналасқан. Олар бас, қосымша және айнала қоршалған клеткалар.
II Негізгі бөлім

2.1 Ауыз қуысында азықтың қорытылуы.

Ac қорыту мүшелерінің жүйесі ас қорыту жолынан және ас қорыту бездерінен тұрады. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ұлтабар ас қорыту жолы болып табылады.
Жеген тамақ ауыз қуысынан бастап қорытылады, мұнда тамақтың дәмі, температурасы, басқа да қасиеттері анықталады. Сұйық тамақ бірден жұтылады, ал қою тамақ шайналып ұсақталады, сілекеймен араласып ас қоймалжыңына айналады. Асты шайнау ас қорытудың алғашқы кезеңі. Астың әрі қарай қорытылуы оның шайналу дәрежесіне сай болады. Егер ас жеткіліксіз шайналса, онның құрамындағы қоректік заттар толық қорытылмайды, сіңуі де нашар болады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, шала шайналған астың 35-40% қорытылып үлгермей, организмнен сыртқа айдалады. Сондықтан тамақты мұқият ұзақ шайнайтын адамдарға азғантай тамақ жеткілікті болады да, шала шайнайтын кісіге ондай мөлшер жеткіліксіз болады. Тамақты шайнап, ұсату - ауыз қуысының негізгі қызметі. Шайнауға қозғалмалы орналасқан төменгі жақ сүйегі мен қозғалмайтын үстіңгі жақ сүйегінде орналасқан тістер, тіл және үрт қатысады.
Тістер тамақты шайнап ұсақтайды, тіл шайналған асты қозғалтып, сілекеймен араластырады да, жұтқыншаққа қарай жылжытады.
Әрбір жеке тістің сауыты, мойны және түбірі болады. Тістің ауыз қуысынан шығып тұрған бөлігі тіссауыт деп аталады. Оның сырты жылтыр кіреукемен (эмаль) қапталған. Тіс кіреукесі - адам денесіндегі ең қатты ұлпа. Оның бір шаршы миллиметр ауданы 400 килограмдай салмаққа төтеп береді. Кіреукенің бұл қасиеті, оның құрамындағы бейағзалық заттарға тікелей байланысты.Тіс кіреукесінің 95%-ы кальций фосфатының қосылысынан тұрады.Бұдан басқаоның құрамында фтор, мыс, мырыш, темір, кремний және т.б. заттар кездеседі.Тіс кіреукесінің қалыңдығы да түрліше болады. Тіссауыттың үстіңгі бүдырларындағы кіреуке едәуір қалың. Балалар тістері кіреукесінің құрамында минералдық заттар аз болғандықтан, ол жұқа болады. Тістің келесі бөлімі - тіс мойын. Тіс мойны арқылы жақ сүйектеріндегі тіс ұяшықтарына цемент заты арқылы бекиді. Тістің үшінші бөлімі - түбірі. Тіс түбірі жақсүйектердегі арнайы ұяшықтарда орналасқан. Күрек және сойдақ тістердің түбірі бір-бірден болса, азу тістердің түбірі екеу (кіші азу тістерде) немесе үшеу (соңғы үлкен азу тістерде). Тіс түбірінің ұшында кішкене тесік болады. Осы тесік арқылы тістің ішіне қантамырлары мен жүйкелер енеді. Тістің ішкі қуысы кеуекті дәнекер ұлпасымен толтырылған. Тістің түбірлері дәнекер ұлпалы талшықтар арқылы тіс ұяшықтарына өте берік бекіген. Астың дұрыс қорытылуы үшін тістің сау бо-луы қажет. Ауру тістер - микробтардың жина-латын орны. Тістің ауруға шалдығуы кіреуке қабатының жарылып, сынуынан басталады. ( тіспен жаңғақ шағу, темірді тістеу, ыстық және суық тағамды бірінен соң бірін ішкенде, т.б). Оны тек тіс дәрігері- стомотолог емдей ала-ды. Тістерді зерттейтін ғылым- стомотология. Тісті дұрыс күтпесе тіс тасы, тіс жегісі, қанжел, қанқұрт аурулары пайда болады. Тіс аурулары-нан сақтану жолдарын үнемі есте ұстау керек.
Ауыз қуысының қызметі: қоректі механикалық ұсақтау; қорек жентегі пайда болуы; көмірсулардың ыдырауы; қоректін, сапасы мен температурасын анықтау.
Ауыз жұтқыншақпен жалғасады да, ас қорыту жүйесінің бас бөлімін құрайды. Жануарлар ауыз арқылы азықты тістеп үзеді, шайнайды, сілекеймен жібітеді, тілмен араластырып сорады және жұтады. Ауыздың қаңқасын бас сүйектің төменгі, жоғарғы жақтық және тұмсықтық сүйектері құрайды. Ауыз еріндерден, ұрттан, қызыл иектен, төменгі және жоғарғы тістерден, қатты және жұмсақ таңдайдан, тілден тұрады. Бұл органдар ауыз қаңқасына ретімен орналасып, ауыз қуысын түзеді. Бұл қуыс алдыңғы жағынан еріндер арасындағы ауыз саңлауы - rima oris - арқылы сыртқы ортамен, жұмсақ таңдай мен тіл түбірі арасында тамақ тесігі - есін арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Үй жануарларының ауыз қуысы екі бөліктен тұрады. Олар: сыртқы қабырғасы еріндер мен ұрттан, ішкі қабырғасы қызыл иек пен тістерден тұратын ауыздың кіреберіс бөлігі - pars vestibularis және қызыл иек пен тістерден жұтқыншаққа дейінгі - негізгі ауыз қуысы - cavum oris proprium - деп аталады.
Ерін - labium oris. Жоғарғы және төменгі еріндер - labium superioris et inperioris - екі бүйірден бір-бірімен жалғасып, ауыз бұрышы - езуді - angulus oris - құрайды. Еріндер аралығында ауыз саңлауы орналасады. Құрылысы жағынан ерін терілі-етті мүше. Ол сыртынан терімен қапталған. Оның негізін ауыздың дөңгелек еті түзеді. Еріндердің ішкі беті кілегейлі қабықпен астарланған. Әр түрлі жануарларда еріннің қызметі түрліше келеді. Иттен басқа жануарлардың еріндері су ішуге қатысады. Ерін сезім мүшесінің қызметін атқарады. Әдетте, еріннің сыртқы тері қабатында сезім түктері - pilli tactilis - орналасады. Көбіне олар жоғарғы ерінде орын тепкен.
Сөйтіп, ауыз қуысының кілегейлі қабығы тері типтес екі қабаттан түзілген. Ол негізінен қорғаныс қызметін атқарады. Еріннің кілегейлі қабықтары жоғарғы және төменгі қызыл иектерге ауысатын жерлерде кілегейлі қабық қатпарларынан түзілген жоғарғы және төменгі ерін жүгеншіктерін - frenulum labii superior et inferior жасайды. Ауыз қуысы жағынан еріннің езуге жақындау жерінің ішкі бетінің кілегейлі қабығында сілекей бөлетін ерін бездерінің - gl. labialis - тесіктері байқалады.
Ұрт - bucca - құрылысы жағынан ерінге ұқсас терілі-етті мүше. Ол сыртынан терімен, ал ішкі беті ауыз қуысының кілегейлі қабығымен қапталған. Ұрттың негізін ұрт еттері - m.buccinator - түзеді. Ұрт ауыз қуысының екі бүйір қабырғаларын құрайды. Ол ерін езуінен қанатша төменгі жақ қатпарына - plica ptery gomandibularis - дейін созылып жатады. Азықты тиянақты шайнап жейтін жануарлардың ұрты жақсы жетілген. Ұрттың ұзындығы ауыз саңылауының ұзындығына байланысты. Ауыз саңылауы ұзын болған сайын ұрт қысқарады.
Қызыл иек - gingival - жақ сүйектерінің тістік жиектерін қаптап, тістерді тіс ұяларына бекітіп тұратын ауыз қуысының кілегейлі қабығы. Соңғы азу тістерден қызыл иек жоғарғы жақатан төменгі жаққа қарай қатпарланып созылып, қанатша - төменгі жақ қатпарын түзеді. Қызыл иек қан тамырларына бай, бірақ сезімталдығы нашар.
Қатты таңдай - palatum dumun - ауыз қуысының төбесін құрайды және оны мұрын қуысынан бөліп тұрады. Қатты таңдайдың негізін сүйектік таңдай - palatum osseum - құрайды. Қатты таңдай ауыз қуысының кілегейлі қабығынан түзілген. Қатты таңдайда орталық сагитальдік сызықтың бойымен таңдай жігі - rafa palatini - өтеді. Таңдай жігінен оңға және солға көлденеңінен созылып таңдай білеуліктері - rugae palatinae - орналасады. Күрек тістің артқы жағында таңдай жігінің бойында күректістік бүртік байқалады. Оның бүйірінде ауыз қуысы мен мұрын қуысын жалғастырып тұратын күректістік жұп өзек - ductus nasopalatinus - ашылады. Қатты таңдай екі бүйірімен қызыл иекке, ал арт жағымен жұмсақ таңдайға ауысады. Итте 6-9 таңдай білеуліктері болады. Олардың пішіні доға тәріздес болып келеді.
Жұмсақ таңдай - palatum molle - қатты таңдайдың тікелей жалғасы. Жұмсақ таңдайдың негізі бұлшық еттерден түзілген. Ал оның екі жағы кілегейлі қабықтармен қапталған. Сондықтан ол қозғалмалы мүше. Жұмсақ 5 таңдай ауыз қуысын жұтқыншақтан бөліп тұрады.
Тіл - lingua - бұлшық етті, қимылы жақсы жетілген мүше. Тіл сыртынан ауыз қуысына тән кілегейлі қабықпен қапталған. Оның бетінде әр түрлі көптеген тіл бүртіктері орналасқан. Тіл дәм сезу, су мен азықты қабылдау мүшесі. Ол итте дене қызуын реттеуге де қатысады. Барлық жануарларда тіл ауыздағы азықты шайнау, жұту жұмыстарын да атқарады. Бұлшық еттер арқылы тіл төменгі жақтық және тіластылық сүйектермен байланысады. Тілдің түбірі - radix linguae, денесі - corpus linguae, арқасы - dorsum linguae, екі бүйір беті және ұшы - arex linguae болады.
Тіл - бұлшық етті мүше, сырты сілекейлі қабықшамен қапталған. Тілде көптеген қабылдағыштар орналасқан, солардың арқасында астың дәмін, механикалық қасиеттерін және температурасын сезеді.
Жұтыну. Ac жентегі ауыздан жұтқыншаққа, одан тік орналасқан жіңішке түтікше өңешке жетеді. Жұтынған кезде көмейді кіре беріс бөбешік жауып қалады. Өңештің бүйірі толқынды жиырыла отырып, асты қарынға жылжытады. Өңештің кілегейлі қабықшасы жасап шығаратын кілегейлі зат астың жылжуын жеңілдетеді.
Тіл ұшының төменгі бетінде кілегейлі қабық астында ұршық пішіндес тіл шеміршегі - glandula oris - қабырғалық және қабырғадан тыс жатқан бездері болып екі топқа бөлінеді. Қабырғалық бездерге ерін, ұрт, таңдай және тіл бездері жатады. Ауыз қуысынан тыс жатқан бездер тобын құлақ түбі, төменгі жақтық және тіластылық бездері құрайды.
Ауыз қуысында үш пар сілекей бездері сілекей сөлін бөледі. Жануар сілекейі үнемі бөлінеді, оның мөлшері тәулігіне 1 литрге дейін жетеді. Сілекейдің бөліну мөлшері және оның химиялық құрамы астың құрамына байланысты. Егер ас құрғақ болса, сөл аз бөлінеді. Сілекей асты дымқылдап, оны ыдыратуға қатысады және астың жұтылуын жеңілдетеді. Ауыз қуысында сілекей безі екі рефлекс арқылы реттеледі: піартты және шартсыз. Шартсыз рефлекс тамақты ауызға апарғанда, шартты рефлекс тамақтың иісін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарын сөлінің бөліну кезеңдері
Зат алмасудың жалпы заңдылықтары
Күйіс малының ас қорыту ерекшеліктері
Азық қоректілігінің алмасу энергиясын бағалау
Жануарлар физиологиясы пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Етті бағыттағы асыл тұқымды бұқаны азықтандыру
Биелерді физиологиялық мезгіліне қарай азықтандыру
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу туралы мәлімет
Қан жүйесінің физиологиясы
Көмірсулар жем және ақуыз
Пәндер