Минералды элементтер алмасуы


Жоспары:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2. 1 Минералды заттардың маңызы.
2. 2 Минералдық заттардың жетіспеушілігі.
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
I Кіріспе
Минералдық заттар
- басқаша күлді элементтер деп аталады, себебі өнімді жандырған соң күл түрінде қалады. Күлді элементтер адам организмі үшін маңызды, орыналады:ткань құрамынакреді, заталмасуға, ферменттерді, гормондарды, ас қорыту сөлін түзуге қатысады. Организмде тазалық дәрежесін сипаттайды белгілі бір элементтің жетіспеуі немесе болмауы ауруға әкеліп соғады. Адам организміне тәулігіне 20-30 г күлді элемент қажет. (1-сурет) Өнімдерде құрамына байланысты.
1-сурет
Минералды заттар туралы ғылым жас болғанымен (бірнеше ондаған жылдар ғана) тамыры көне заманнан басталады. Сол кездің өзінде минералды заттарды беру арқылы ауруларды емдеуге болатындығы белгілі болған. Мысалы, Үндістанда дәрігерлер мысты, мырышты және қорғасынды емдік заттардың құрамдық бөлігі ретінде қолданған. Шығыс дәрігерлері (орта ғасырда) емдік мақсатта құрамында 20 жуық минералды заттары (Ғ, J, St, Co, K, P ж. т. б. ) бар мәуені пайдаланған. Көне Египетте әр түрлі ауруларды емдеу үшін көптеген минералды заттар (Zh, Mh, F, J, Bz, Cr, Pb ж. т. б. ) құрамында бар ара уын пайдаланған. Адамның ұтымды минералды тамақтануы туралы ғылым XIX ғасырдың екінші жартысында қарқынды дами түсті. Көптеген ғалымдардың (неміс химигі Либих, ағылшын химигі Фостер, орыс физиологы Г. А. Бунге, В. А. Патушин ж. т. б. ) зерттеулерінің арқасында, яғни минералды заттар организмнің дамуы мен қалыпты тіршілігін қамтамасыз ететін тамақтанудың тіршілікке қажетті компоненттерініне жататындығы көрсетілген. Минералды тұздардан айрылған тамақ жануар организмінің тіршілігін ұзақ тұрақтандыра алмайды. Деминерализденген тамақпен жануарлар ашыққаннан гөрі жылдам өледі. Адамның тамақтануында минералды заттардың маңыздылығы туралы ғылыми гигиенаның негізін салушы А. П. Доброславин және Ф. Ф. Эрисман анықтаған. Олардың еңбектерінде минералды заттарсыз организмнің тіршілігі мен құрылуы мүмкін емес, сондықтан да олардың тамақта құрамдарының болуы басқа қоректік заттардан гөрі маңызды екені көрсетілген.
Минералды заттардың биологиялық қасиеттері жайлы ғылымның дамуына академик В. И. Вернадский мен оның қызметкерлері жүргізген зерттеулер аса маңызды роль атқарады. Ол жер бетінде және организмде жүргізілетін эволюциялық процестердің химиялық құрамының тығыз байланыста және біріккен күйде болатындығы жайлы ғылымның негізін қалаушы. Бұл ғылымға сәйкес жер бетінде үздіксіз жүретін геохимиялық процестермен байланысты жер шарының химиялық құрамындағы өзгерістер адамның химиялық, элементарлық құрамына әсер етеді, яғни адам денесінің минералдық құрамы қоршаған табиғи ортаның (биосфераның) - топырақтың, судың, өсімдік пен жануарлар әлемінің құрамына байланысты. ХХ ғасырдың басында тек академик В. И. Вернадскидің еңбектерінде ғана микроэлементтер жайлы ғылым, бірқатар физиологиялық процестердің арнаулы реттегіші ретінде, терең ғылыми тұжырымға ие болды.
Организм эволюциясында топырақтың элементарлық құрамы жайлы В. И. Вернадский идеяларын шығармашылық түрде дамыта отырып, академик А. П. Виноградов «биогеохимиялық» провинциялар жайлы ілім тудырады. Бұл минералды заттарды мақсатты бағытта медицинада, өсімдіктерде, зоотехникада және ветеринарияда қолдануға мүмкіндік береді. Академик А. П. Виноградов минералды заттардың кейбір эпидемиялық аурулардың пайда болуындағы ролін зерттеуде ірі еңбек істеді. оның іліміне сәйкес, жекелеген территориялық аймақтардағы сулар мен топырақтың минералдық құрамындағы ерекшеліктер өскін организмнің қалыптасуына және де осы ауданда тұратын ересек тұрғындардың денсаулық жағдайына, организміне айтарлықтай әсер етеді. сулар мен топытарқтың минералдық құрамының сипаты мен жергілікті тамақтық азық-түліктер (бидай, көкөніс, сүт, жұмыртқа) құрамының тығыз байланыстылығы анықталған, және де жергілікті халықтың сырқаттанушылығы да тығыз байланысты. Мұнымен қатар, жекелеген J, F, Se, St, Co минералды заттарының немесе олардың кешенінің сыртқы ортада - суда, топырақта, өсімдіктерде, тамақтық азық-түліктерде жетіспеушілігі немесе артық болуы жергілікті тұрғындардың денсаулық жағдайының белгілі өзгерістеріне ұшыратады. Демек, академик А. П. Виноградов құрастырып ұсынған «биохимиялық провинциялар» туралы ғылым аймақтың кейбір территорияларында тұрақты ұсталынып, анықталған адамдар мен жануарлардың жергілікті эндемиялық аурулары және олармен күресудің радикалді шараларының құрылуындағы жетістіктерді түсінуге мүмкіндік береді. Минералды заттардың биологиялық ролі және физиологиялық маңызы организм тіршілігі үшін өте маңызды және әрқилы.
II Негізгі бөлім
2. 1 Минералды заттардың маңызы .
Минералды заттардың май алмасуына да қатысы бар. полиқанықпаған май қышқылдарын синтездеу үшін және арахидон қышқылын синтездеу үшін мышьяк қосындысының болуы қажет, ал майдың сіңірілу процесіне фосфор мен кальций тұздары қатысады.
Минералды заттар көмірсулар алмасуының процестеріне белсенді түрде қатысады (гликолиздің негізгі буындарының жүруі калий, магний, мырыш иондарының қатысуымен жүреді) .
Минералды заттар су алмасуын реттеуде үлкен маңызға ие (олар ұлпалардың суды ұстауын және таратуын қамтамасыз етеді. натрий тұздары ұлпаларында суды тежеуге себін тигізеді, ал калий тұздары диурезге себін тигізеді) .
Минералды заттар ферменттердің құрамына кіреді және организмнің бірқатар ферменттік жүйелерін ынталандырады (мырыш кабоангидразаның құрамына, мыс тирозиназа құрамына кіреді) . Асқазандағы пепсин тұз қышқылды ортада ынталандырылады, сілекей амилазасы мен ішек сөлінің трипсині - негізді ортада ынталанады. Тотықтар: аскобиноксидаза, пероксидаза, каталаза және басқалары - мыс, мырыш қосындылары болғанда неғұрлым белсенді.
Минералды заттар витаминдердің биологиялық белсенділігіне және синтезіне әсер етеді. мышьяк аскорбин қышқылының, Д және В 1 витаминінің синтезін ынталандырады. Мырыш және кальций В 1 витамині әсерін күшейтеді. Кобальт В 12 витамині синтезі үшін қажет.
Минералды заттар эндокриндік бездердің функциясына әсер етеді, организмде гормондар құрылуын реттейді (мыс - гипофиз гормоны А және Б проланның өндірілуін ынталандырады, стронций және мырыш - ұйқы безі гормоны - инсулиннің өндірілуін йод - қалқанша безі гормоны - тироксиннің өндірілуін ынталандырады) .
Минералды заттар организмнің бірқатар маңызды функцияларын реттеуде маңызды роль атқарады (қан түзілу процестерінде - темір, кальций, мыс, мырыш, кобальт, қанның ұю процестеріне - кальций, жүрек-тамыр жүйесінің тонусын сақтауда - кальций, магний, калий) .
Минералды заттар орталық жүйке жүйесінің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етеді (натрий мен кальцидің, бір валентті иондары қоздыруды тудырады, ол кальций мен магнидің екі валентті иондарын тежеп әсер етеді) .
Минералды заттар организмнің иммунобиологиялық реактивтілігі жағдайына әсер етеді (ол белгілі бір мырыштың көлемі мен арақатынасына байланысты) .
Минералды заттар организмнің кейбір секреттерінің құрамына кіреді - асқазан сөліне (тұз қышқылы), ішектің негізгі асқорыту сөлдеріне, сілекей құрамына.
Минералды заттар астың сіңірілу процестеріне әсер етеді, асқазан секрециясына, сонымен қатар асқорыту процестеріне әсер етеді (хлорлы натрий майдың сіңірілуін арттырады, ал хлорлы кальций бастапқыда арттырады, сонан соң басады; көкөністердің органикалық емес тұздары асқазан секрециясына жайлы әсер етеді.
Минералды заттарды тамақтанудың қажетті құрамдық бөлігі ретінде оқу және олардың организмдегі ролі эндемиялық сырқаттар (зоб, флюороз ж. т. б. ) қатарының таралуын алдын алумен және жоюмен тығыз байланысты екенін айта кеткен жөн. Осыған байланысты тамақтың минералды құрамы оның толықтылығының маңызды көрсеткіші болып саналады. Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі барлық белгілі 106 элементтің қазіргі кезде шамамен 80 элементі ғана адамдар мен жануарлардың организміндегі ұлпалар мен сұйықтықтарда анықталған. Жануарлар мен өсімдіктердің ұлпаларындағы жекелеген минералды заттардың көлеміне байланысты оларды макроэлементтер, микроэлементтер және ультрамикроэлементтер деп бөледі. Макроэлементтер организмде 1 мг% артық көлемде болады - оларға кальций, фосфор, магний, калий, натрий, хлор, күкірт жатады. Микроэлементтер адам денесінің құрамында организмде 1 мг% аз көлемде болады - оларға - мырыш, мышьяк, кобальт, мыс, бром, йод, фтор, никель жатады. Темір макро- және микроэлементтер аралығында аралық орын алады. Ультрамикроэлементтер организмде 1 мгк% және одан да аз көлемде болады, оларға алтын, сынап, уран, радий, торий жатады. Минералды заттар организмнің ұлпаларында және тағам құрамында белоктармен (кзеиндегі фосфор), липоидтармен (лецитиндегі фосфор) ж. т. б. органикалық қосылыстармен (витаминдер, гормондар ж. т. б. ) байланысқан жағдайда болуы мүмкін. Олар органикалық және бейорганикалық тұздар (қандағы хлорлы натрий, сүйектердегі фосфорқышқылды кальций ж. т. б. ), сонымен қатар бос қышқылдар мен сілтілерде (асқазан сөліндегі тұз қышқылы ж. т. б. ) түрінде кездеседі. Қосылыстардың сипатына байланысты, минералды заттардың ұлпаларда қандай түрде болуы организмге арнайы әсеріне және белсенділігіне тәуелді. Бұл жағдайдағы қосылыстардың түрлері ұлпалардағы минералды заттардың жалпы көлеміне қарағанда организмнің физиологиялық функциясы үшін аса маңызды болуы мүмкін. Адамның минералды заттарды қажет етуі организмдегі пластикалық процестердің қарқындылығымен анықталады. Сондықтан, ол біріншіден организмнің жастық жағдайына, физикалық күш дәрежесіне ж. т. б. тәуелді. Өсіп келе жатқан организмнің минералды тұздарды қажет етуі ересектерге қарағанада неғұрлым жоғары екендігі анықталған. Жүктілік және лактация кезіндегі әйелдердің организмдерінің минералды тұздарды қажет етуі жоғарлайды. Минералды элементтерді қажет ету сонымен қатар минералды тұздардың айқын мөлшерінің шығарылу және минералды тұздарды жоғалту (термен) байқалатын физикалық күш кезінде жоғарлайды. Минералды заттардың көзі болып жануарлар және өсімдіктер негізді азық-түліктер саналады. Бірде-бір тамақтық азық-түлік жеке алғанда адамның минералды элементтерге қажеттілігін өтей алмайды. Организмнің қажеттілігін тек аралас, әр түрлі тамақтар ғана қамтамасыз етеді. Өсімдік негізді азық-түліктер калий, магний, натрий, фосфор тұздарына бай, ал кальций аз мөлшерде болады. олар өсімдіктер топырақтан алатын әр түрлі микроэлементтерге де бай. Дегенмен де, көптеген минералды заттар (кальций, магний, фосфор, темір) өсімдік негізді азық-түліктерде, әсіресе астық және бидай өнімдерінде ауыр сіңірілетін түрде болатынын еске сақтау қажет.
Жануар негізді азық-түліктерде минералды заттар аз көлемде болады, бірақ бұл заттар өсімдік негізді азық-түліктерге қарағанда неғұрлым жеңіл сіңірілетін түрде болады. мысалы, ет, балық, жұмыртқа тағамдары организмге жеңіл сіңірілетін фосфор, күкірт, натрий, темір жеткізеді. Жануар негізді азық-түліктер өсімдік негізділерге қарағанда калий тұздарына бай емес. Теңіз жануарлары мен балықтардың ет ұлпаларында микро- және макроэлементтердің көп түрлері болады. Кальций тұздары сүтте және сүт тағамдарында мол кездеседі. Тамақтық азық-түліктердің минералдық құрамын талқылаған кезде олардың сілтілі компоненттері басым екенін, басқалары - қышқыл сипаттағы минералды заттардың құрамымен сипатталатынын айта кету керек. Тамақтық азық-түліктердің құрамындағы кальций, магний немесе калидің жоағры құрамы сілтілі сипатты көрсетеді және мұндай тағамдар сілтілі элементтердің көзі ретінде қарастырылады - ол өсімдік текті - бұршақ тұқымдастар, жеміс-жидектер, көкөністер, ал жануар еткті - сүт және сүт өнімдері. Күкірт, хлор, фосфор мөлшерлері айтарлықтай жоғары құрамды тамақтық азық-түліктер қышқыл сипатта болады. Қышқыл минералды компоненттер көздері ет және балық өнімдері, жұмыртқа, ірімшіктер, дәнді-дақыл өнімдері ж. т. б. болып табылады.
2. 2 Минералдық заттардың жетіспеушілігі.
Макроэлементтер -көміртек, сутек, оттек, азот, фосфор -нәруыздың, нуклеин қышқылдарының және ағзаның басқа да биологиялық белсенді қосылыстарының құрамына кіреді. Нәруыздардың құрамында көміртек 51 - 55%, оттек 22 - 24%, азот 15 - 20%, сутек 6, 5 - 7%, күкірт 0, 3 - 2, 5%, фосфор шамамен 0, 5%. Көміртек, сутек және оттеккөмірсулардың және липидтердің (майлар), ал фосфор, фосфолипидтердің құрамында фосфатты топтар түрінде болады. Көп мөлшерде липидтер бас миында, бауырда, сүтте, және қан сұйықтығында концентрленеді. Сутек және оттек - макроэлементтері су молекуласын түзетіні белгілі, ал, ересек адам ағзасының шамамен 65%-ы су болып келеді. Су - маңызды еріткіш және ол адамның мүшелерінде, ұлпаларында және биологиялық сұйықтықтарда әркелкі таралған, асқазан сұйығының, сілекейдің, қан плазмасының, лимфаның 99, 5% - дан 90% - ға дейінгі аралығын құрайды.
Кальций де негізінен сүйек және тіс ұлпаларында концентрленеді. Ол жасуша құрамын еніп, сүйек құрауға, жүрек және бұлшықеттерінің жұмысына қатысады, қанның ұюын қамтамасыз етеді. Ересек адамдарға тәулігіне 0, 5 грамм кальций жеткілікті. Ол сүйекті қатайтуға аса қажет. Кальций - сиыр мен қой сүті, сүтпен жасалатын түрлі тағам - ірімшік, сүзбе, сүтсірнеде (сыр) мол. Қара бидай наны мен жұмыртқаның сары уызыда кальцийге бай. Ағзаға бір тәулікке қажет кальций алу үшін жүз грамм сүтсірне немесе жарты литр сүт жетеді. Ағзада кальций тұздарының жетіспеушілігі сүйек ұлпасының дұрыс емес дамуына, тістер (кариес) ауруына, кейбір төмендеуіне, орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады.
Остеопороз (гр. osteoporosis, гр. osteon - сүйек + гр. poros + гр. -ōsis) - организмдегі фосфор-кальций алмасуының бұзылуынан болатын пародоит және бет, жақ сүйек ауруында кездесетін тканьдерінің сиреуі.
Остеопороз - бұл сүйек аурулары, ол сүйек тіндері мықтылығының төмендеуімен сипатталады, нәтижесінде сүйектер сынғыш болады, олардың сынып кету қауіпі артады. Сыну - остеопороздың ең қауіпті асқынуларының бірі. Санақ мәліметтері бойынша,
Кәрі жіліктің сынуы салыстырмалы жиі иттерде кездеседі, оларда кездесетін барлық сынықтың 15%-тін құрайды және де көрі жіліктің сынуымен бірге шынтақтың да сынуы байқалады. Жылқыларда эксплуатациялық зақымданудан кәрі жіліктің сынуы, оларда аяқ сүйектерінің жалпы сынуының 6, 7%-ды құрайды.
Басқа жануарларда әсіресе ірі қара малдарда көрі жіліктің сынуы сирек болады.
Этиология : кәрі жіліктің сынуының себебі көбінесе түрлі механикалық зақымданудан; иттерде биік жардан құлау, соғылу, тістеу, машинаның басып кетуі; жылқыларда тұяқпен ұру, көлікке жеккенде қақтығысу, шалынысу және кенеттен қатты жерге құлау, аяқтың қысылуы, оның зорланып босануы т. б. сыныққа әкеп соқтырады. Сүйек майының қабынуы, қатерлі ісік, остеопороз, остеомаляция, рахит және авитаминоз.
Клиникалық белгілер: ауру белгісінің деңгейінің айқын білінуі сынықтың түріне байланысты: толық емес, жабық сынықтарда - тірегіштік ақсау орташа немесе жоғары деңгейде сынған аяқ қозғалғанда ауырсыну байқалады; тыныштық күйінде - аяқтың жартылай иілген күйінде тұяқтың ілініп жеңіл сүйенуі, толық сынықта - ақсаңдау жоғары деңгейде; ауру аяқтың сүйеніп, тіреліп тұра алмауы, ауырсыну ісіну, крепитация; сынықтардың жылжуыңда - деформация, буын ішілік сынықта - буынның қалыпсыз қозғалуы, гемоартроз. Иттерде жүрісінің бұзылуы айқын білінеді. Толық сынуда аяқтың маятник - тәрізді қозғалысы, крепитация және сынған жердің қатты ауырсынуы байқалады.
Диагноз: сыныққа диагноз қою үшін анамнез мәліметтеріне және клиникалық белгілеріне сүйенеді. Сынықты рентгенологиялық зерттеумен растайды.
Болжам: иттерде жабық сынықтарда болжам оң. Буынішілік сынықтар емделінбейді.
Емделуі : иммобилизациялық байлам, тыныштық күй, физиотерапия тағайындалады. Сынған сүйектің остеосинтезін қолдану жақсы терапевтік нәтиже береді.
Фосфор. Сүйек ұлпасындағы фосфордың негізгі мөлшері - 600 г. Ол адам ағзасындағы барлық фосфордың 85% - ын құрайды. Фосфор тістің қатты ұлпаларында концентрленеді, ал табиғатта кальций, хлор, фтор элементтерімен қосылыстар түрінде, фторапатиттер құрамында кездесетіндігі белгілі.
Фосфор тұздары. Фосфор тұздарының ағза үшін маңызы сүйекті қалыптастыруға қатысумен шектелмейді. Фосфордың органикалық қосылысы - аденозинүшфосфат қышқылы мен креатин - биологиялық қышқылдану барысында босайтын қуаттың нағыз аккумуляторы болып табылады. Ағза бұлшық еті жиырылғанда, сондай-ақ мида, бауырда, бүйректе және басқа мүшелерде жүретін биохимиялық үрдістерде қуатты нақ осы қосылыстар түрінде пайдаланады. Міне, сондықтан бұлшық еттер көп жұмыс істеген кезде фосфатты қажетсіну едәуір артады. Егер ол ересек адамға тәулігіне 1 - 2 грамм мөлшерінде қажет болса, ауыр дене еңбегімен шұғылданатын жұмысшыға немесе үлкен қашықтыққа жүгіретін спортшыға бұл қажеттілік екі есе дерлік артуы мүмкін. Адам денесінде фосфор қосылыстары көп. Фосфор қышқылының қалдығы жасушаядроларында нәсілдік қасиеттер беретін аса маңызды заттарға - нуклеопротеидтерге, май тектес заттарға - фосфатидтерге және көмірсулардан тарайтын әр түрлі заттарға міндетті құрамдас бөлік ретінде кіреді. Фосфор мал мен өсімдік өнімдерінде мол. Өсімдік өнімдерінен бөлінген қосылыстар ағзаға нашар сіңеді, өйткені нашар ериді. Фосфор ірімшікте, сүзбеде, етте өте көп.
Микроэлементтер
Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тән болып табылады және онда концентрациясы жоғары болады. Мысалы, мырыш - қарын асты безінде, йод - қалқанша безінде, фтор - тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий - шашта, кадмий, сынап, молибден - бүйректе, қалайы - ішек ұлпаларында, стронций - қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий - көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром - гипофизде және тағы басқаларда жиналады. Натрий және хлор жасуша аралық, ал калий және магний жасуша ішіндегі сұйықтықтарда кездеседі. Натрий және калий фторид түрінде сүйек және тіс ұлпаларында болады. Магний фосфат түрінде тістің қатты ұлпаларында болады. Сонымен қатар, микроэлементтердің ағза үшін физиологиялық маңызы өте жоғары.
Фтор (Fluorum), F - элементтердің периодтық жүйесінің VII тобындағы химиялық элемент, ат. н. 9, ат. м. 18, 998; галогендер тобына жатады. Табиғатта тұрақты бір изотопы және жасанды жолмен алынған 5 радиоактивті изотопы бар. Фторды бос күйінде алғаш француз химигі А. Муассаналған (1886) . Оның улылығы сондай - Фторды алумен айналысқан көптеген химик-ғалымдар (Г. Дэви, Т. Нокс, Д. Никлес, П. Луйэ) қаза тауып, ал А. Муассон мен Г. Нокс мүгедек болып қалған. Фтордың Жер қыртысындағы салмақ мөлшелері 6, 25°10-2%, әр түрлі тау жыныстары мен тұзды құмдар құрамында шашыраңқы түрде кездеседі. Оның маңызды қосылыстарына: флюорит, криолит, топаз жатады. Фтордың ерігіш қосылыстары суда (өзенсуында 0, 2%, мұхит суында 0, 0001%), Са 5 (РО 4 ) 3 F қосылысы организмдердің тісі мен сүйегінде (0, 02%) болады. Қалыпты жағдайда Фтор солғын сары түсті, өткір иісті, улы газ, балқу t -219, 61°С, қайнау t 188°С. Фтор молекуласы екі атомнан тұрады (F 2 ) . Тотығу дәрежесі -1, өте активті, қалыпты температураның өзінде көптеген элементтермен, оның ішінде азот және ауыр инертті газдармен (He, Ne, Ar-нан басқа) әрекеттесіп, фторидтер түзеді. Фтордың маңызды қосылысы фторсутек, судағы ерітіндісі фторсутек қышқылы деп аталады (қ. Фтор қосылыстары) . Фтор органикалық заттармен әрекеттесіп, фтор-органикалық қосылыстар түзеді. Фторды балқытылған фторидтерін немесе фторлы сутекті электролиздеу арқылы алады. Ол фтор - органикалық қосылыс синтезінде фторлаушы реагент ретінде, т. б. пайдаланады. Фтор - өсімдіктер мен жануарлар организмінің тұрақты құрамдас бөлігі.
Флюороз . Организмде фтор қосылыстарының қалыптан тыс көбеюінен болатын созылмалы ауру. Оның негізгі белгілері остеосклерозбен тіс эмалінің жетіспеуі. Әсіресе, тіс тканьдері түзілер кезде фтордың әсерінен тіс беті әр түрлі өзгеріске ұшырайды.
Мыс - денсаулыққа өте пайдалы микроэлементтердің бірі. Егер ағзада мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір гемоглобинмен байланысқа түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе көптік шамасының көрсеткіші- адамның шашы. Мыстың мөлшері төмендеген кезде немесе жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс қанға оттектің өтуін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде жасуша, ұлпалар оттекпен жақсы қамтамасыз етіледі. Мыс көптеген ферменттердің құрамына кіреді, ұлпалардағытотығу реакциясын жылдамдатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz