Арнайы және жалпы мақсатта қолданылатын зертханалық ыдыстар



I.Кіріспе
Арнайы мақсатта қолданылатын зертханалық ыдыстар
Жалпы мақсатта қолданылатын зертханалық ыдыстар
II.Негізгі бөлім
Арнайы қолдануға арналған ыдыстар
Кьелдаль колбасы
Вюрц колбасы
Арбузов колбасы
Химиқалық ыдыстыр
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазіргі кезде мал шаруашылығының өркендеу технологиясының негізінде ауруларды емдеу мен олардан сақтандыру мәселелерін шешу үшін көптеген жаңа препараттар, приборлар және аспаптар мен құралдар ұсынылуда. Мал организмінің өмірінде болатын өзгерістерді толық қанды түрде зерттеу үшін қазірде белгілі зерттеу әдістері мен әдістемеліктерді, аспаптар мен құралдарды үнемі жетілдіре түсіп отыру қажет екені сөзсіз. Ол үшін радиоэлектротехниканың, физиканың, оптиканың, биологияның және т.б. ғылымдардың жетістіктерін пайдалана отырып шығарылған күрделі аспаптар мен құралдарды кеңінен пайдалану қажет.
Мұндай күрделі аспаптар мен құралдарды зерттеу жұмыстарында дұрыс пайдалану үшін қосымша білім мен әдістемеліктерді үйрену қажеттілігі сөзсіз. Малдәрігерлік салада экспериментті зерттеу жұмыстарын жүргізуде және оны жоспарлауда зерттелетін заттарды, аспаптар мен құралдарды таңдап алу көптеген қиындықтар тудырады. Себебі, ветеринариялық және биологиялық зерттеулерде қолдануға болатын жаңа приборлар, аспаптар мен құралдардың жүйеленген анықтамалары әркімнің қолына түсетін әдеби деректерде кездесе бермейді. Олардың негізгі көздері арнайы жұрналдардағы жеке мақалаларда, министрліктер мен ведомстволықтардың шығарылымдарында және шет елдердің фирмаларының жарнамаларында кездеседі. Оларда кездесетін қысқаша техникалық мінездемелер зерттеушіні оған қажетті мағлұматтармен толық қамтамасыз ете алмайды. Кей кезде техникалық білімділіктің жеткіліксіздігі де кедергі жасайды.
1. Антонов В.И. и др. Лабораторные исследования в ветеринарии: биохимические и микологические. Справочник. М., «Агропромиздат», 1991, с. 287.
2. Буров А.Д. Лабораторные животные. М., изд. «Сельхоз литературы, журналов и плакатов», 1963, с. 385-414.
3. Воскресенский П.И. Техника лабораторных работ. М., изд. «Химия», 1967, с. 552.
4. Гинзбург О.Ф., Петров А.А. Лабораторные работы по органической химии. М., «Высшая школа», 1974, с. 286.
5. Дымко Е.Ф. и др. Руководство по биохимическим, токсикологическим и микологическим исследованиям тканей, органов, кормов, воды и др. материалов. (Для биохимических и токсикологических отделов ветеринарных лабораторий). Алматы, «Кайнар», 1980, с. 496.
6. Дымко Е.Ф., Кожебеков З.К. Клиническая биохимия в ветеринарии. Алматы, «Кайнар», 1986, с. 148.
7. Золотинцкий М.Д. Лабораторный практикум по охране труда. М., «Высшая школа», 1979, с. 215.
8. Ильясов Б.К. Иммунологическая реактивность организма лабораторных животных и молодняка КРС, привитых ассоционированной вакциной против болезни. Алматы. «Кайнар», 1977, с. 195.
9. Калугин Ю.А. Кормление кроликов. М., «Агропромиздат», 1985, с. 120.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Қазіргі кезде мал шаруашылығының өркендеу технологиясының негізінде ауруларды емдеу мен олардан сақтандыру мәселелерін шешу үшін көптеген жаңа препараттар, приборлар және аспаптар мен құралдар ұсынылуда. Мал организмінің өмірінде болатын өзгерістерді толық қанды түрде зерттеу үшін қазірде белгілі зерттеу әдістері мен әдістемеліктерді, аспаптар мен құралдарды үнемі жетілдіре түсіп отыру қажет екені сөзсіз. Ол үшін радиоэлектротехниканың, физиканың, оптиканың, биологияның және т.б. ғылымдардың жетістіктерін пайдалана отырып шығарылған күрделі аспаптар мен құралдарды кеңінен пайдалану қажет.
Мұндай күрделі аспаптар мен құралдарды зерттеу жұмыстарында дұрыс пайдалану үшін қосымша білім мен әдістемеліктерді үйрену қажеттілігі сөзсіз. Малдәрігерлік салада экспериментті зерттеу жұмыстарын жүргізуде және оны жоспарлауда зерттелетін заттарды, аспаптар мен құралдарды таңдап алу көптеген қиындықтар тудырады. Себебі, ветеринариялық және биологиялық зерттеулерде қолдануға болатын жаңа приборлар, аспаптар мен құралдардың жүйеленген анықтамалары әркімнің қолына түсетін әдеби деректерде кездесе бермейді. Олардың негізгі көздері арнайы жұрналдардағы жеке мақалаларда, министрліктер мен ведомстволықтардың шығарылымдарында және шет елдердің фирмаларының жарнамаларында кездеседі. Оларда кездесетін қысқаша техникалық мінездемелер зерттеушіні оған қажетті мағлұматтармен толық қамтамасыз ете алмайды. Кей кезде техникалық білімділіктің жеткіліксіздігі де кедергі жасайды.
Бір қарағанда қарапайым болып көрінетін ыдыстарды зерттеу жұмысына дайындау; реактивтерді, бояуларды, бактериялық ортаны рет-ретімен дайындау ерекшеліктерін де еске алып отыру қажет. Оларды дайындау сапасынан зерттеу жұмысының нақтылығы мен дұрыстығы пайымдалады.
Сонымен, қорыта келгенде, малдардың ауруын дұрыс анықтау, малдар мен өсімдіктерден алынатын өнімдердің сапасына дұрыс баға беру т.б. көптеген мәселерді дұрыс шешу лабораториялық зерттеулердің негізінде жүргізіледі.
Лабораториялық зерттеулердің нақтылығы мен бағалылығы зерттеу үшін таңдап алған әдістемелікке; аспаптар мен құралдарды, ыдыстар мен реактивтерді дайындауға; биологиялық материалдарды, антикоагулянттарды, консерванттарды және т.б. заттарды алу, сақтау, тасымалдау мәселелерін дұрыс шешуге тікелей байланысты.

Лабораторияларда қолданылатын шыны ыдыстар жұмысқа қолданылуы бойынша және оларды дайындаған материалдардың түрлеріне қарай бірнеше топтарға бөлінеді.
Жұмысқа қолданылуы бойынша: жалпы қолданыстағы, арнайы қолданыстағы және өлшегіш ыдыстар; оларды дайындаған материалдардың түрлеріне қарай: қарапайым шыныдан, арнайы шыныдан және кварцтан дайындалған ыдыстар.
Жалпы қолданыстағы ыдыстарға жататындар үнемі лабораторияда болуы қажет, онсыз көптеген жұмыстарды істеуге мүмкіншілік жоқ ыдыстар. Олар: пробиркалар, ворнкалар, стақандар, колбалар, кристаллизаторлар, тоңазытқыштар, реторттар, үшқосқыштар, крандар және т.б. заттар.
Арнайы қолданыстағы ыдыстарға жататындар белгілі бір мақсатта қолданылатын ыдыстар. Олар: Кипп, Сокслет, кали аппараттары; Къелдаль приборы; дефлегматорлар; Дрексель, Вульф, Тищенко шынылары; пикнометр, ареометр; шар тәрізді түбі бар колбалар; арнайы тоңазытқыштар; балқу, қайнау, мұздату температураларын анықтайтын приборлар; центрифуга стақандары, арнайы пробиркалар және т.б. ыдыстар.
Өлшегіш ыдыстарға өлшегіш цилиндрлар, пробиркалар, пипеткалар, колбалар жатады.
Арнайы қолдануға арналған ыдыстар.

Къельдаль колбасы - алмұрт пішінді, мойны ұзындау болып келген шыны ыдыс. Сиымдылығы 300-800 мл, қиын балқитын, ыстыққа төзімді Пирекс типті шыныдан жасалған. Оны тексерілетін заттағы азотты анықтау үшін қолданады.

Дистиллят алу үшін қолданылатын колбалар. Сұйықты қайта айдап дистиллят алу үшін Вюрца, Клайзен, Арбузов және т.б. колбалар пайдаланылады.
Вюрц колбасы ұзын мойынды, өсінді түтікшелері бар, сұйықты қайта айдау үшін қолданылатын аппарат. Өсінді түтікшелерінің орналасу биіктігіне байланысты әртүрлі температураларда қайнайтын сұйықтарға тиісті аппаратты таңдап алуға болады.

Клайзен колбасының Вюрц колбасынан айырмашылығы екі мойны бар, оның біреуінен қисық пішінді түтікше шығарылады. Төменгі қысымдағы сұйықтарды айдау үшін қолданылады.

Арбузовтың колбасы - Клайзен колбасының жетілдірілген түрі. Ондағы екі мойын бір-бірімен қосылған. Егер сұйық аяқ астынан қайнайтын болса, онда ол кеңейтілген бөлігі арқылы қайта колбаға құйылады.

Аллонжылар - имек шыны түтік, сұйықты қайта айдау кезінде тоңазытқыш пен қабылдағышты қосу үшін пайдаланылады. Аллонжының кең басына таңдап алынған тығынның тесігіне тоңазытқыштың түтігін 3-4 см тереңдікке еңгізеді, ал жіңішке ұшын қабылдағышқа қосады.

Дефлегматорлар - дистілдеуге арналған қондырғы. Жоғарғы жағында жанама түтікшесі, кеңейтілген бөліктері бар шыны түтік. Фракциялық қайта қайнатуларда пайдаланылады. Олардың пішіні мен көлемі әртүрлі болып келеді. Олармен жұмыс істегенде сақтық керек. Себебі олар оңай сынады.

Эксикаторлар - шлифті жапқышы бар, ерекше пішінді қалың шыны ыдыс. Ылғалды бойына тез сіңіретін заттарды сақтау үшін және заттарды өте жәй суыту үшін қолданылады. Жіңішкертілген иық тұсында тигель қоюға арналған тесіктері болады. Фарфордан жасалған жапсырманың төменгі жағына кептіргіш заттар - қыздырылған кальций хлориді, сусыздандырылған күкірт қышқылы, кейде ангидрон немесе фосфор тотығы, силикагель және аллюминий тотығы орналастырылады.

Вакуум-эксикаторда краны бар резина түтікшені кіргізетін тесігі бар. Сол түтікше арқылы вакуум-насосқа қосылады. Жапқышының шлифін өте жұқе етіп вазелинмен немесе арнайы маймен майлар қояды. Жапқышты тік көтеріп емес жылжытып ашады. Жапқышты үстелге қойғанда шлифін жоғары қаратып қояды. Ыстық тигельдерді қойғанда басында эксикаторды толық жаппайды, 1-2 минуттай тосып барып толық жабуға болады.
Газдарды жуу үшін Вульф, Дрексель, Тищенко шынылары қолданылады.

Вульф шынысының қабырғасы қалың, сиымдылығы 250 мл - 5 л мөлшерінде болады. Екі-үш ауыз мойны бар, төменгі жағында сұйықты ағызатын тубусы болады.

Дрексель шынысы шыны тығыны бар цилиндр. Цилиндрдің ішінде оның түбіне дейін жететін түтік бар. Одан жанама түтікше кетеді.

Тищенко шынысының Вульф шынысынан айырмашылығы оның ортасында ыдысты бірімен бірі қатынаста болатын екі бөлікке бөліп тұратын қабырға бар.

Кипп аппараты қос тотықты көміртегін, күкіртті сутегін және басқа да газдарды алу үшін қолданылатын аппарат. Аппараттың төменгі жағында кеңейтілген резервуар бар. Кейбір аппараттарда ол жерде тубус болады. Оның үстіңгі жағында шар тәрізді газ шығаратын тубусы бар кең бөлігі бар. Ал үстіңгі жағы алмұрт тәрізді воронкамен аяқталады.
Аппаратты жұмысқа қосу үшін шар тәрізді бөлігіндегі кранды ашып сол арқылы, көлемі 1 см²-тан кем емес керекті газды алатын заттың бөлшектері салынады. Ұнтақ заттарды қолданбаған жөн, газ өте көп бөлініп аппараттың жоғарғы жағынан шығып кетуі мүмкін. Тубус шыны краны бар резина тығынымен тығындалады. Одан кейін тубустағы газ бөлетін кранды ашып, алмұрт тәрізді воронка арқылы тиісті сұйықты құяды. Сұйықты жоғарғы шар тәрізді кең бөліктің ортасына дейін құюға болады. Аппараттағы ауаны шығару үшін газды 5-7 минуттай шығарады да, кранды жауып қояды. Газ жүретін түтікшені газ жинайтын ыдысқа қосады. Кранды ашып-жабу арқылы газдың түзілуін және жиналуын реттеп отырады.

Тамшылатқыш - сұйықты тамшы арқылы қолдануға арналған, науалы шыны тығыны бар, одан сұйық тек тамшылап қана ағатын түтікше. Тамшы ұстағыш - кейбір зерттеулер мен анализдерде қолданылатын шыны приборлар. Олар бу арқылы түзілетін тамшыларды ұстап жинау үшін қолданылады. Олардың бірнеше түрлері бар: Къельдаль, Конта, Геккель қондырғылары; чеш тамшы ұстағышы; сулы жапқышы бар тамшы ұстағыш және т.б.

Петри тарелкасы (немістің микробиологі, 1852-1921 жж.) - бактериологиялық лабораторияларда тығыз қоректік ортада бактерияларды өсіру үшін қолданылатын ыдыс. Р.Кохтың ассистенті Петри 1887 жылы ұсынған. Петри тарелкасы екі жадағай шыны тарелкалардан тұрады, оның біреуі қақпақтың ролін атқарады. Олардың диаметрлері мен биіктіктері әртүрлі болып келеді. Жуғанда, залалсыздандырғанда аз сілтісізденетін бейтарап шынылардан жасалады. Кәдімгі тарелкалардың диаметрі 10 см, ал биіктігі 1,5 см болады.

Конвей тарелкасы - пішіні лабораториялық шыны кристаллизаторларға ұқсас, диаметрі см, ортасында диаметрі см қосымша цилиндр дәнекерленген шыны ыдыс. Ертінділердегі, қандағы, зәрдегі аммиакты анықтауға және аммиак бөлу арқылы жүретін ферментті реакцияларда қолданылады.
Жұғын шынысы - сапалы микрокристаллоскопиялық реакцияларды, бактериологиялық зерттеулерді жүргізу үшін пайдаланылады. Жұқа шынылар қыздырғанға төзімді келеді. Олармен жұмыс істегенде оның шетінен ғана ұстау керек немесе пинцетті қолданған жөн.

Химиялық ыдыс -- химиялық лабораторияларда тәжірибе жасауға керекті, шыны, кварц, кәрлен, платина, т.б. материалдардан жасалатын бұйымдар. Химиялық ыдыс түрлі реагенттер әсеріне, температураның ауытқуына төзімді, оңай жуылатын болуы керек. Сондықтан химиялық ыдыстар шынының арнайы сорттарынан жасалынады. Химиялық шыны ыдыстар өлшеуіш, жалпы және арнайы белгіленген ыдыстар болып бөлінеді. Өлшеуіш химиялық ыдысты қыздыруға болмайды, ол сыйымдылығы, диаметрі, түрі жағынан әр түрлі болады, сұйықтар (0,1 -- 100 мл) мен газдарды (100 мл және одан да артық) бөлетін -- тамшуыр, титрлеуде, көлемді дәл өлшеуде өлшеуір (микробюретка, көлемдік, салмақтық, поршеньді, газ бюреткалары), өлшейтін және белгілі көлемдегі сұйықтарды сақтайтын -- өлшеуіш колбалар (10 -- 2000 мл), өлшеуіш мензуркалар, цилиндрлер, жалпы қолданылатын химиялық ыдыс -- сынауық (5 -- 25 мл), стакан (5 -- 1000 мл), колбалар (10 -- 1000 мл), реторта (3 л-ге дейін), жай және бөлгіш құйғы, суытқыш, кристалл түзгіш шөлмектер, т.б. Жеке тәжірибелерге арнайы белгіленген химиялық ыдыс: дистилляцияға арналған -- колбалар, аллонж -- иілген түтікшелер, дефлегматор, эксикатор, Кипп аппараты, тамшылатқыш таяқша, Тищенко сауыты, әр түрлі түтікшелер, т.б. шыны ыдыстар қолданылады, кварцтан жасалынған ыдыс таза заттар алуда, сондай-ақ, 1200C-қа дейін қыздыруға қажет. Платина ыдысы негізінен фторлы сутек қышқылымен жұмыс жасағанда пайдаланылады. Алтын мен күмістен жасалынған тигель әр түрлі заттарды сілтімен қосып 1200 -- 3000C температураға дейін қыздыру үшін отқа берік материалдардан (алунд, корунд, т.б.) жасалған тигель қолданылады. Химиялық өте тұрақты полимер материалдардан полиэтилен, фторпласт, т.б. ыдыстар дайындалады. Мұндай ыдыстар химиялық активті қосылыстармен (мысалы, балқытқыш қышқыл) жұмыс жасағанда қажет.
Дефлегматор -- айдау аппараттары (колонналарының) мұнараларының жоғарғы жағына орнатылған бу конденсаторы.

Керамика(грек. keramіke - қыш өнері, keramos - саз) - қыш-саз бен олардың минералды қоспаларымен араласқан, сондай-ақ тотықтармен, т.б.органикалық емес қосындылардан (карбидтер, боридтер, нитридтер, силицидтер, т.б.) күйдіріліп жасалған бұйымдар мен материалдар. Керамика тұрмыстың барлық салаларында: үй тұрмысында (әр түрлі ыдыстар), құрылыста (кірпіш, қыш, құбыр, тақта, т.б.), техникада, т. ж., су және әуе көлігінде, мүсін өнерінде т. б. кеңінен қолданылады. К-ның негізгі технол. түріне құрылыстық кірпіш, терракота, майолика, фаянс, фарфор жатады.
Қазақстанда қазіргі заманғы керамика өндірісі 20 ғ-дың 50-жылдарынан бастап өрістеді. Күйдірілген кірпіш өндіретін жүзден астам қыш зауыты іске қосылды. Алматыдағы керамикалық тәжірибе зауыты алуан түрлі сәндік, тұрмыстық бұйымдар шығарды. Астана техникалық фарфор зауыты, керамика комбинаты, Фарфор зауыты, Ленгердегі керамикалық құбыр з-ты, Қапшағай фарфор зауыты заманауи талаптарға сай керамикалық бұйымдар шығарады.
Осы заманғы керамикалық бұйымдар мен материалдар қолданылатын орны мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы мақсатта қолданылатын зертханалық ыдыстар
Химия зертханаларында сақталатын қауіпсіздік ережелері
Химиялық байланыс және зат құрылысы
Тағам гигиенасы саласында мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды реттеуші нормативтік құжаттардын жинағы
Лабораториялық жануарларға сипаттама
Ветеринариялық зертханадағы техника қауіпсіздігін сақтау ережесі
Зертханалық жұмыстарға дайындалу
Ветеринариялық лабораториялардың ветеринария саласындағы негізгі қызметі
Отқа төзімді ыдыстар
Дәрілік шалфей құнды дәрілік өсімдік
Пәндер