Бауырдың атқаратын қызметтері



I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1 Бауырдың қызметі
2 Бауырдың аурулары , Гепатоздар , Гепатит, Бауыр циррозы
3 Фасциолез ,оның алдын алу іс шаралары
4 Бауырдың рагы , Бауыр комасы, Бауыр шаншуы
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Бауыр (hepar) — ең үлкен ас қорыту безі. Омыртқасыз жануарларда бауыр ас қорыту және қоректі сіңіру процестеріне қатынасады, сондай-ақ, онда май, көмірсу жиналады. Омыртқасыздардың бауырын кейде бауыр-ұйқы безі деп те атайды, себебі ол омыртқалы жануарлар мен адамның ұйқы безі бөлінетін затқа ұқсас секрет (бездердің бөліп шығаратын заты) шығарады. Омыртқалы жануарлар бауыр - күрделі орган, ол организмдегі зат алмасу процесіне қатысады әрі онда ас қорыту сөлдерінің бірі - өт түзіледі. Бауырдың көк етке жанасып жататын жоғарғы дөңес, төменгі ішкі (висцеральдық) беттері бар. Бұлар бауырды оң(үлкен) және сол(кіші) бөліктерге бөледі. Бауырдың бетінің ортасында бауыр қақпасы деп аталатын көлденең ойық болады. Ол арқылы бауырға артерия, қақпалық вена тамырлары, жүйке талшықтары өтеді де, одан лимфа тамырлары мен өт түтігі шығады. Бауыр қақпасының алдыңғы жағында өт қуығы жатады. Бауыр қорғаныш қызметін де атқарады, яғни тамақ құрамында болып, ішекте сіңірілген зиянды заттар мен белок алмасуының нәтижесінде түзілетін қанның құрамындағы улы өнімдер Бауырда зарарсыздандырылады. Бауырдың лимфа түзілудегі, қан ұюын реттеудегі және қанның тұрақты құрамын сақтаудағы маңызы зор. Бауырда қанмен келген амин қышқылдарынан белоктар, глюкоза, фруктоза, глицерин, май қышқылы түзіледі, сондай-ақ, қандағы көмірсулар бауырда гликогенге айналады. Бауырдағы зат алмасу процестері әр түрлі ферменттердің қатысуымен жүреді, оны жүйке жүйесі мен түрлі гормондар реттеп отырады.
1 Ішкі аурулар пропевевтикасы Б.Н .Айтбембет Алматы 2009ж
2 Жануарлар ішкі аурулары 1-ші кітап М.А.Молдағұлов, Ө.К.Есқожаев , Н.А.Заманбеков
3 Ветеринариялық патологиялық анатомияӨ.Ығылманұлы Алматы 2010
4 Интернет желісі

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Бауыр (hepar) -- ең үлкен ас қорыту безі. Омыртқасыз жануарларда бауыр ас қорыту және қоректі сіңіру процестеріне қатынасады, сондай-ақ, онда май, көмірсу жиналады. Омыртқасыздардың бауырын кейде бауыр-ұйқы безі деп те атайды, себебі ол омыртқалы жануарлар мен адамның ұйқы безі бөлінетін затқа ұқсас секрет (бездердің бөліп шығаратын заты) шығарады. Омыртқалы жануарлар бауыр - күрделі орган, ол организмдегі зат алмасу процесіне қатысады әрі онда ас қорыту сөлдерінің бірі - өт түзіледі. Бауырдың көк етке жанасып жататын жоғарғы дөңес, төменгі ішкі (висцеральдық) беттері бар. Бұлар бауырды оң(үлкен) және сол(кіші) бөліктерге бөледі. Бауырдың бетінің ортасында бауыр қақпасы деп аталатын көлденең ойық болады. Ол арқылы бауырға артерия, қақпалық вена тамырлары, жүйке талшықтары өтеді де, одан лимфа тамырлары мен өт түтігі шығады. Бауыр қақпасының алдыңғы жағында өт қуығы жатады. Бауыр қорғаныш қызметін де атқарады, яғни тамақ құрамында болып, ішекте сіңірілген зиянды заттар мен белок алмасуының нәтижесінде түзілетін қанның құрамындағы улы өнімдер Бауырда зарарсыздандырылады. Бауырдың лимфа түзілудегі, қан ұюын реттеудегі және қанның тұрақты құрамын сақтаудағы маңызы зор. Бауырда қанмен келген амин қышқылдарынан белоктар, глюкоза, фруктоза, глицерин, май қышқылы түзіледі, сондай-ақ, қандағы көмірсулар бауырда гликогенге айналады. Бауырдағы зат алмасу процестері әр түрлі ферменттердің қатысуымен жүреді, оны жүйке жүйесі мен түрлі гормондар реттеп отырады.
Құрамында 70-73% су, 2 -- 4 % май, 17 -- 18% ақуыз, оның ішінде ауыстырылмайтын түрлері болады. Бауырда көптеген В тобының витаминдері және А, Д, Е витаминдері де бар. Сонымен бірге бауырда көптеген ферменттер, экстрактивті заттар және темір, фосфор көп. Майдаланған, пісірілген бауыр өзіне майды жақсы сіңіреді. Бауырды алдымен өтінен бөліп алып тазалайды, содан соң жуып, кесіп 2 -- 3 сагғат суық ағынды суда ұстай

1-сурет Үй жануарлардың бауырының бөліктерінің схемасы
А- ірі қара, Б- ит ,В- жылқы ,Г - шошқа
1-Сол жақ латеральді , 1' - сол жақ медиальді , 2- құйрықты жақ , 2' - құйрықты бөлік, 3- квадратты бөлік , 4- оң латеральді жақ , 4'- оң медиальді жақ 5- өт қабы , 6- вена , 7- дөңгелек бөлік

Бауырдың атқаратын қызметтері:
:: ас қорту кезінде мүшелердің қажетті энергиямен, атап айтқанда, глюкозамен қаматамасыз ету және әр түрлі энергия көздерін глюкозаға түрлендіру (айналдыру);
:: ағзадағы қажетсіз химиялық қалдықтарды ағзадан шығарып тастау;
:: ағзадағы қан жасау немесе жаңарту кезінде қан плазмасындағы ақуыздарды синтездеу;
:: холестерин мен оның эфирін синтездеу, липидтер мен фосфолипидтерді синтездеу және ағзадағы липид алмасуын реттеу;
:: он екі елі ішек пен аш ішектің кейбір бөлігіндегі ас қорту процесіне қатысатын гормондар мен ферменттерді синтездеу;
:: Өт қышқылы мен пигменттерін синтездеу;
:: Кейбір дәрумендердің қорын толтырып отыру және сақтау. Мысалы, майларды ерітетін А және Д дәрумендерін, суды ерітетін В12 дәрумендерін сақтап, қорын арттыру. Сондай-ақ, катиондардың қоры да бауырда болады.
Бауыр организмде өте маңызды жан-жақты қызмет атқарады Ол азық қорыту ағзаларынан ағатын қанның жолында тұрғандықтан аралық зат алмасу процестеріне ал бауыр өт бөлгендіктен азықтық заттардың қорытылуына және сіңіруіліне қатысады Бауыр асқазан ішек жолдарынан келіп түскен улы заттарды залалсыздандырадыСонымен қатар ол басқа да жан-жақты қызмет атқарады Бауырдың қызметі мен морфологиясының бұзылуы көптеген жұқпайтын ауруларда әсіресе азық қорыту жүйесі ауруларында және инфекциялық паразитарлық ауруларда болады

2-сурет Бауыр құрылысының сызбасы
Бауыр аурулары
Гепатоздар - зат алмасудың бұзылуынан болған бауыр аурулары Туындау себептері әрқилы Түйіршікті , амилоидты, көмірсулы, майлану дистрофиялары түрлерінде байқалады

3-сурет бауыр гепатозы

Этиологиясы мен дерттенуі
Көбінесес сапасыз азықтандыруға, улануға, қан айналымдағы ауытқуларға , инфекциялық және инвазиялық ауруларға сирегірек тумыстан болған ферментопатияға және ішкі секрецияға бездерінің сырқаттарына байланысты туындайды
Гепатоциттерде аралық зат алмасуы бұзылып бауыр дистрофиялық өзгерістерге ұшырап плазма нәруыздардың , гликогеннің , фосфолипидтердің түзілуі бауырдың тосқауылдық қызметі және өттің пайда болуы бұзылады
Гепатоздардың патологиялық анатомиясы әрдайым дистрофиялық өзгерістермен сипатталады Сырқаттық процесс бауыр бөлшектерінің шетінен не ортасынан бастау алады , немесе бірден бөлікшені тұтас қамтиды Мүшенің тірек өрмесі сақталып сырқаттың туындау себебі дер кезінде жойылған болса, паренхима дисторфиялық өзгерістерден айығып құрылым әдеттегі қалпына келеді Зілді гепатоздардың организм кейде комаға ұшырайды Бауырдың ұзаққа созылған дистрофиялық аурулары фиброзға , циррозға, реперативті регенерацияға ұласады
Гепатоздардың бауырдың қабыну ауруларынан яғни гепа-титтерден ажырату керек
Бауырдың токсигендік дисторфиясы токсиндер әсерінен туындайтын ерекше гепатоз Сырқат организмнің токсиндермен улануымен бауырда паренхималық торшалардың бірінші болып дистрофиялық процесстерге ұшырауымен мезенхималық торшалар реакциясының мардымсыздығынан сипатталады Жануар түрлерінің бәрі де шалдығады торайлар арасында кейде ауру кең таралады
Этиологиясы мен дерттенуі
Аурудың туындау себептері әрқилы Экзогенді және эндогенді текті улардың қайталанған әсерлерінен құрамында өсімдіктер, саңырауқұлақтар және минералдар тектіулар бар сапасыз азықты жегізбеуден буаздық токсемиясынан және төлдеуден кейінгіасқынулардан ішек қарындық аутоинфекциялардан сонымен қатар инфекциялық токсиндік әсерлерден болады
Көп мәрте әсер ететін улы заттар бауырда паренхималық нәруыздық майлану дистрофияларын шақырады , қан айналымын бұзады , азды көпті гипатоциттерді өлімге ұшыратады Бауырдың бүлінуге қарсы реакциясы токсиндік әсердің күшіне ұзақ қысқалығына қайталау жиілігіне сонымен қатар организмнің реактивтілігіне және мүшенің улы заттүріне сезімділігіне тәуелді
Патологиялық анатомиясы
Жіті немесе жітілеу өткен аурудан өлген жануарда бауырдың ұлғайганы және босағаны байқалады Ауру созылмалы өткен болса бауыр көлемі әдеттегідей болады немесе кішірейеді түсі ала-құла тартады Гепатоциттер нәруызды көмірсулы және және ақсары телімдерпайда болады да мүшенің әдеттегі қызыл қоңыр түсі өзгереді , шұбарланады Бөлікшелер орталықтары өлімге ұшырайды
Диагноз
Клиникалық деректерді ескере отырып пато-морфологиялық өзгерістер бойынша тұжырымдалады Бауырдағы бұл ауруғатән өзгерістер белгілі бір инфекциялық аурудың нышаны ретінде байқалады

Гепатиттер Бергілі бір себептерден зақымдалған бауырда қабынудың яғги қан тамырлық мезенхималық реакцияның туындауынан сипатталатын аурулар тобы
Ірі қара мал бауырында кәдімгі реактивтікқабынулар мен іріңдеп өліге ұшырай қабынулар әжептәуір жиі байқалатын құбылыстар

4-сурет Сау бауыр- созылмалы гепатитке шалдыққан бауыр - бауыр церрозы

Кәдімгі реактивтік, немесе иммундық гепатит
Бүліну экссудативтік және өсіп өну өзгерістер кешенінен сипатталатын бауыр қабынуы Әртүрлі ауруларға байланысты екінші кезекті туындайды 1Әрекетті және тұрақты гепататиттер
2 Аралық өрмедегі аралық өрмеге шектес телімдердегі
3 Бөлшектерге гепатиттер
Этиологиясы мен дерттенуі
Бауырдың кәдімгі іріңсіз қабынуды көбінесе жіті немесе созылмалы өтетеін инфекциялық ауруларға гастрит мен энтеритке ұлтабардың ойылым ауруына холонгит мен холециститке панкретитке байланысты туындайды Өсімдік , бактериялар, саңырауқұлақтар не минералды текті улы заттар бауырды зақымдап , зат алмасуды бұзып қан тамырлық мезенхималық және аутоиммундық реакциялар болады Бүлінгенн гепотоциттерден босанған торша ішілік құрылымдар түрленіп антигендік сипат алады
Патологиялық морфологиясы
Жіті қабынған бауыр біршама ұлғаяды , болбырайды , бір-біріне қабысқан кара-кызыл қызыл-сары телімдер пайда болып мүшетүсі шұбарланады , бөлекшелік сурет сүртіледі Гепатит созыла өткенде бауыр онша ұлғаймайды, тығыз, сұрғылт - қоңыр немес қара-қоңыр түсті қара- қызыл жолақты болады
Жіті қабынған бауырды микроскоппен зерттегенде уықтардың бұзылғаны , гепатоциттердің нәруыздық және майлану дистрофияларына , өлімге ұшырағаны,кейбір тамырлардың қанмен кернелгені стромада лейкоциттер мен макрофагтар топырлары , өт жолдары эпителиоциттердің өсіп өнуі атрофияға ұшырауы және орнынан сыдырылып түсуі, иммундық кешендер мен лимфоциттер әсерінен гепатоциттер ыдырауы байқалады Гепатит ұзаққа созыла өткенде қалыңдаған портальдық дағдыларда лимфоциттер мен моноциттер нейтрофилді лейкоциттердің және гистиоциттердің фибробластар мен фибриоциттредің саны артады Плазмоциттер кездеседі Әрекетті гепатитке торшаалар инфильтранттарының портальдық алаңнан бөлікшелерге шығып оларды жайлауы тән Тұрақты гепатит уақыт өте келе строманы фибриозға және скрелозға ұшыратады
Диагноз
Клиникалық және патоморфологиялық деректер бойынша тұжырымдалады Бауырдағы өзгерістердің реактивтік сипаты ескеріледі олардың туындауына себепші болған негізгі ауру анықталады
Іріңді гепатитжіті жітілеу және созылмалы өтетін бауырда іріңді ошақтардың пайда болуымен сипатталатын ауру . көбінесе бардамен азықтандырылған еремек ірі қара малда кездеседі Сирегірек туылған бұзаулар да байқалады
Этиологиясы мен дерттенуі
Ішек қарынның және басқа мүшелердің қабынуына сабақтас туындайды Құнарсыз және сапасыз азықтарды жегізу жем шөптің бөгде денелермен ластануы организмде зат алмасудың бұзылуы және жалпы қорғаныс төзімділіктің төмендеуі аурудың туындауына қолайлы және септігін тигізетін жағдайлар Зақымдалған мүшелерден қан және лимфа арқылы немесе жалғаса бауырға енген миуробтар орын теуіп іріңді ошақтардың туындауына әкеледі Бауырдың іріңдей қабынуы өлген паразиттерді қоршай да пайда болады
Патоморфологиялық өзгерістер
Бауыр біршама ұлғаяды бетінде фибрин шөгінділері немесе дәнекер өрме өсінділері болады Мүше қабығының тікелей астында немесе тереңінде көптеген көлемі орман және грек жаңғағындай сарғыш қоңыр немесе сұрғылт қоңыр ішіндегісі кұйрық майы немесе түйірлі ірімшік сипатты ошактар байқалады Сонымен қатар көптеген майда ақшыл түсті іріңмен толған қуыстар болады
Диагноз
Патоморфологиялықтдиагнозды қою қиынға түспейді

Бауыр цирроздары
Бауырдың ұзаққа созыла өтетін дәнекер өрменің жайыла өсінен мүшенің әдеттегі құрылымының басқа көрініс алуымен сипатталатын туындау себептері де дерттенуі де әртүрлі аурулар тобы Созылмалы өтеді мәні бойынша бауырдың интерстицийлік өсіп өніп қабынуы болып табылатын және гепатоздар мен гепатиттердің жалғасы ретінде туындайтын бұл дерт жануардың түрлерінде байқалады
Этиологиясы мен дерттенуі
Малға ұзақ мерзім бойы бұзылған көгерген азықтарды қышқылдығы басым азықтарды жегізу ұзаққа созылған әртүрлі улы әсерлер ішек-қарынның инфекциялық және инвазиялық аурулары бауыр циррозына әкелуі мүмкін
Патологиялық өзгерістер Бауырдың паренхималық торшаларының бүліне өзгерулері мен қан айналымындағы өзгерістерге бөлікшелер ішінде бөлікшеаралық ретикулярлық грануляциялық және фиброздық өрменіңөсуі қосарланады

5-сурет бауыр церрозы

Ауруды этиологиясына дерттенуіне және морфологиялық нышандарына қарай жіктеледі Экзогенді және эндогендіулы заттар әсерінен улы заттар әсерінен бірінші кезекті туындаған атрофиялық және гипертрофиялық цирроздар деп инфекциялық және паразитаралық ауруларға сондай ақ өт жолы ауруларына байланысты туындаған екінші кезекті туындаған цирроздар деп атайды
Атрофиялық циррозға ұшыраған бауыр майлануға және сарғаюға байланысты сұр қоңырнемесе сарғыш қоңыр түсті болады
Бауырдың гиперторфиялық циррозы
Сирек кездеседі Оған ұшыраған бауыр әжептәуір кейде 2-3 есе үлкейеді Тығыз немесе қатты , беті тегіс сарғыш жасыл болады Мүше салмағы ірі малдарда 20 кг дейін 5-6 айлық бұзауларда 6 кг дейін артуы мүмкін Гепатоциттердің тізбектерінің ыдырауы олардың дистрофияға ұшырауы өт пигмент түрлері болады

6-сурет Сау және ауруғу шалдыққан бауыр

Некроздан кейінгі цирроз
Бауыр қызметінің жеткіліксіздігіне әкелетін паренхимадағы үлкен аумақты бүлінулерге байланысты өрштді Токсиндік әсерлерден және жүрек қызметінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гиперхолестеринемия және оның себептері. Өт - mac ауруының пайда болу механизмі
Ірі қара, ұсақ малдардың бауырын тексеру жайлы ақпарат
Бауыр аурулары
Ветом - пробиотиктерінің ветеринария саласында қолданылуы
Ірі қара,ұсақ малдардың бауырын тексеру жайлы
Бауырдың құрылысы
Бауырдың атқаратын қызметтері, бауыр циррозының клиникалық көрінісі
Бауыр анатомиясы, биомеханикасы
Ірі қара,ұсақ малдардың бауырын тексеру
Гепатоз ауруы
Пәндер