Тамырдың алуан түрлілігі



1.Тамыр мен тамыр жүйесі.
2.Тамырдың морфологиялық құрылысы.
3. Тамырдың анатомиялық құрылысы.
а)Анатомиялық алғашқы құрылысы.
б)Анатомиялық соңғы құрылысы.
4.Қорытынды.
5.Пайдаланған әдебиеттер.
Тамыр- өсімдіктің өстік,көп симметриялы жер асты органы.Ол ұзақ уақыттар бойы ұзындыққа шексіз өсіп отырады.Тамырдың ұшын тамыр оймақшасы қорғап тұрады.Тамыр еш уақытта жапырақ түзбейді.Оның бұтақтануы,бүршіктенуі ішкі жағынан басталады(эндогенді).
Тамыр әртүрлі қызметтер атқарады:суды және онда еріген минералды тұздарды,кейде тіптінен органикалық заттарды да топырақтан өз бойына сіңіріп,сабаққа өткізіп отырады.Өсімдікті жерге бекітіп тұрады,кейбір органикалық заттарды синтездейді,өсімдіктің топырақтағы микроорганизмдермен(саңырауқұлақтармен, бактериялармен )байланысын қамтамасыз етеді,артық қор заттарының жиналатын орны болып табылады,өсімдіктің вегатативті жолмен кобеюін қамтамасыз етеді.
1.Ә.Ә.Әметов. Ботаника 2005
2.Асылова Р.Н., Иманғазиева Б.С. Ботаника.Оқу құралы. Алматы, 2012 . 3.Р.Н.Асылова , В.С.Иманғазиева. Ботаника 2013.Оқу құралы.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
1.Тамыр мен тамыр жүйесі.
2.Тамырдың морфологиялық құрылысы.
3. Тамырдың анатомиялық құрылысы.
а)Анатомиялық алғашқы құрылысы.
б)Анатомиялық соңғы құрылысы.
4.Қорытынды.
5.Пайдаланған әдебиеттер.

Тамыр және тамырлар жүйесі
Тамыр- өсімдіктің өстік,көп симметриялы жер асты органы.Ол ұзақ уақыттар бойы ұзындыққа шексіз өсіп отырады.Тамырдың ұшын тамыр оймақшасы қорғап тұрады.Тамыр еш уақытта жапырақ түзбейді.Оның бұтақтануы,бүршіктенуі ішкі жағынан басталады(эндогенді).
Тамыр әртүрлі қызметтер атқарады:суды және онда еріген минералды тұздарды,кейде тіптінен органикалық заттарды да топырақтан өз бойына сіңіріп,сабаққа өткізіп отырады.Өсімдікті жерге бекітіп тұрады,кейбір органикалық заттарды синтездейді,өсімдіктің топырақтағы микроорганизмдермен(саңырауқұлақтар мен, бактериялармен )байланысын қамтамасыз етеді,артық қор заттарының жиналатын орны болып табылады,өсімдіктің вегатативті жолмен кобеюін қамтамасыз етеді.

МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ

Тамырдың алуан түрлілігі.Шыгу тегіне қарай тамырды үшке бөледі:кіндік,қосалқы және жанаиа тамырлар.
Кіндік тамыр,тек ұрықтың тамыршасынан пайда болады.Қосалқы тамырлар сабақтан,жапырақтан немесе олардың өзгерген түрлерінен кетеді.Кіндік тамыр мен қосалқы тамырлардан жанама тамырлар кетеді.Соңғыларынан жанама тамырлардың екінші және одан кейінгі қатарлары тарамдалып кетіп отырады. Формасы жағынан тамырлар алуан түрлі болады: жіп тәрізді,бау тәрізді,конус тәрізді,ұршық тәрізді,репа тәрізді және басқаша болып келеді.
Субетратқа қарай тамырларды: топырақтағы,судағы,ауадағы және гаусторилер(паразит өсімдіктердің емшекшелері) деп бөледі.
Жоғарыда келтірілген классификация тамырдың түрлерінің барлығын бірдей қамтымайды.Мысалы,қысқарып отыратын тамырлар(контрактильные корни)болады.Олар өсімдіктің сабағының түп жағын,бүршіктермен қоса топыраққа тартып ендірді.Сонымен қоса шашақ тамырларды бөлуге болмайды.Олар қысқа өмір сүретін жіңішке жіп тәрізді тамырлар.Әдетте мұндай тамырлар жердің бетіне жақын жерде маусымға байланысты немесе суаруға байланысты ылғалдың артуынан пайда болады.
Тамыр системасы.Ұзындыққа өсудің және тарамдалудың негізінде пайда болатын барлық тамырлардың жиынтығын тамыр системасы деп атайды.Тамыр системасының негізгі үш түрі бар:кіндік тамыр системасы,ол ұрықтың тамыршасынан пайда болады және кіндік тамырдан(өстің алғашқы қатары),сонымен бірге онымен кететін жанама тамырлардың әртүрлі қатарынан тұрады.Қосалқы тамырлардың системасы,ол сабақ пен жапырақтың кез келген бөлігінен пайда болады;аралас тамырлардың системасы ол бір мезгілде қатар өсетін кіндік тамырдың және қосалқы тамырлардың системасы.
АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ Кіндік,жанама немесе қосалқы тамырлардың анатомиялық құрылысы біршама ұқсас болады.
Тамырдың зоналары.Тамыр ұзына бойында құрылысы әртүрлі болып келетін және әртүрлі қызметтер атқаратын бірнеше зоналарға бөлуге болады.Клетканын бөліну зонасы,созылу зонасы,сору зонасы,өткізу(бұтақтану) зонасы.
Клетканың бөліне және созылу зоналары тамырдың ең ұшында орналасады.Бұл сырты жылтыр,ұшында тамыр оймақшасы бар кішілеу участок.Тамыр оймақшасы циялақабықшасы жұқа клеткалардан тұрады.Ол өсу конусын топырақтың түйіршіктерімен зақымданудан сақтайды. Тамыр оймақшасының сыртындагы клеткалары түлеп түсіп отырады,ол тамырдың алға қарай жылжуын жеңілдетеді.
Одан жоғарылау тамыр зонасы орналасады.Бұл жерде клеткалар бөлінуін біртіндеп тоқтатады да,ұзындыққа созылады,нәтижесінде олардың көлемдері ұлғаяды.Кейде бұл екі зонаны біріктіріп өсу зонасы деп атайды.Сору зонасы созылу зонасынан жоғары орналасады.
Тамыр түктері топырықтан минералды заттардың ерітіндісін бойына сіңіреді.Олар 10-20 күн ғана өмір сүреді.Зонаның жоғарғы жағында тамыр түктері үнемі өліп отырса,төменгі жағынан қайтадан түзіліп отырады.Сондықтанда сору зонасы барлық уақытта төмен жылжып,ауысып отырады және үнемі тамырдың ұшына жақын жатады.Оның ұзындығы бірнеше миллиметр болады.Тамыр түктерінің пайда болуымен бірге,осы зонаның ішкі ұлпалары да дифференциаланады.
Тамырдың алғашқы құрылысы.Тамырдың ұлпалары сору зонасында дифференциаланады.Шығу тегі жағынан бұл ұлпалар,өйткені олар сору зонасының алғашқы меристемасынан пайда болады.Сондықтанда сору зонасындағы тамырдың анатомиялық құрылысы алғашқы болып саналады.Осы кезеңде тамыр орталық целиндрге және алғашқы қабыққа бөлінеді оның сыртын тамыр түктері бар бір қатар клеткалар-эпиблема жауып тұрады.
Алғашқы қабықтын сырты-эктодерма тығыз орналасқан көп бұрышты клеткалардан тұрады,олардың қабықшалары келешегінде тозға айналып қорғаныш қызметін атқарады.
Өткізгіш клеткалары ксилеманың ұсақ түтіктерінің қарама-қарсысында орналасады.Сонымен эндодерма судың ксилемаға өтуін реттеп отырады.Орталық целиндрдің сыртын перицикл қаптап тұрады,ол бір қатар тірі паренхималық клеткалардан тұрады.Перециклден жанама тамырлар мен қосалқы бүршіктер пайда болады.
Дара жарнақты өсімдіктерде тамырдың алғашқы құрылысы өткізгіш зонасында сақталып отырады.Бұл жерде тек эпиблема болмайды,ал қорғаныш қызметін эктодерма атқарады.
Эпиблема - тамырдың сыртын жауып жататын алғашқы жабындық ұлпа.Эпиблема дерматогеннен пайда болады және тірі,жұқа қабықты паренхималық клеткалардың бір қатарынан тұрады.Эпиблеманың негізгі қызметі өсімдіктің өсіп тұрған топырағынан суды және онда еріген минералды тұздарды сорып,оны қабықтың паренхималық клеткаларына жеткізу.Эпиблеманың бұл қызметі одан өсіп шығатын тамыр түктерімен тікебей байланысты.
Алғашқы қабық тірі паренхималық клеткалардан тұрады.Алғашқы түзуші ұлпа периблемадан пайда болады.Қабық паренхималық клеткалардың экзодерма,эндодерма қабаттарынан тұрады.
Экзодерма - қабықтың эпиблеманы астарлай орналасқан сыртқы қабаты.Экзодерма бір қабатты,екі қабатты,көп қабатты болып келеді.Ол кейбір өсімдіктердің қабығында бөлініп айқын байқалмауы да мүмкін.Клеткалардың тірі пішіні - көп бұрышты.Клетка қабықшалары көбіне қалыңдау келед,әрі тығыз орналасады.Құрылымдық және физиологиялық тұрғыдан алғанда негізгі қызметі - қорғаныштық.Өйткені эпиблема клеткалары өліп,түлеп түсісімен,оның клетка қабықшалары тозданады,сирек жағдайда сүректенеді.Экзоерманың тозданған клеткаларының арасында қабықшасы целлюлозалы бірен-саран клеткалар қалады,солар арқылы сыртқы ортадан қоректік заттарды қабылдау жүзеге асады.Экзодерма дара жарнақтылардың тамырында жақсы жетіледі.Олардың алғашқы құрылысты ескі тамырларында тозданған экзодерма - қосжарнақтылардың тамырына тән соңғы жабындық ұлпа тоздың қорғаныштық қызметін атқарады,
Мезодерма - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдктің вегетативті мүшелер жүйесі
Өсімдік клеткасын электрондық микроскоппен қарағандағы көрінісі
Тамыр түктерінің өсу кезеңдері
Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктерге сипаттама
Өсімдіктердің даму циклі барысында ұрпақтардың ауысуы
Фитогормондар. Өсімдік гормондары
БОТАНИКА ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Төменгі сатыдағы өсімдіктер
Дәрілік өсімдіктердің классификациясы
Ауксинге ұқсас өсімдік өсуін үдеткіштер
Пәндер