Қылқан жапырақты өсімдіктер мен қылқан жапырақты ормандардың табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Ж О С П А Р

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

2. 1 Жатаған шырша

2. 2 Балқарғай туысы

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

Қылқан жапырақтылар- сүректі ағаш және бұта түрінде өсетін ашық тұқымды өсімдіктер класы. Қазақстанда 2 тұқымдасы бар: қарағай тұқымдасы- қарағай, балқарағай, шырша, майқарағай және кипарис тұқымдасы- арша, кипарис; мәңгі жасыл (қыста қылқаны түсіп қалатын балқарағайдан басқасы) өсімдіктер. Тұқымы арқылы, кейде вегетативтік жолмен өніп-өседі. Жапырағы қылқанды, жіңішке, түкті не қабыршақты болып біткен, сағақсыз, өркендері қысқа, шоқтанып орналасқан. Мамыр-шілдеде гүлдеп, шілде-тамызда жеміс береді. Қылқан жапырақтардың сүрегінен құрылыс материалдары жасалады, қағаз жасайтын үгінді, канифоль скипидар. Қылқан жапырақты өсімдіктер мен қылқан жапырақты ормандардың табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы. Ашық тұқымды өсімдіктер тамыры тереңге бойлайтындықтан, топырақты эрозиядан сақтайды. «Эрозия»- латын сөзі, яғни ірітіп- шіріту, бүлдіру мағынасында қолданылады. Демек топырақтың ең құнарлы бөлігінің судан шайылуын, жел ұшыруын болдырмайды. Ашық тұқымдылар өскен жерде қар және нөсер суы да топырақты бүлдіре алмайды. Сөйтіп табиғаттағы су айналымын реттейді. Бұлар басқа жасыл өсімдіктермен бірге ағзалық заттар түзеді. зиянды бактерияларды жоятын ерекше ұшқыш зат бөлінеді. Қарағайдан жоғары сапалы ағаш сүрегі, қарамай, шайыр алуға болады. Қарағай - дәрілік ағаш, одан терпентин майы, скипидар, сірке суы; жас қылқанынан С витамині (концентрат), эфир майы алынады. Сондай-ақ құм тоқтатуда, әсемдік ретінде (елді мекенді көгалдандыруда) маңызы зор. Бұл қарағайдың табиғаттағы маңызы болса, қарағай сүрегінен химиялық жолмен өңдеп, жібек жіп тәрізді жасанды талшық алынады. Қарағайдың ағашы мықтылығымен және қаттылығымен ерекшеленеді. Оны кеме құрылысында, авиацияда, теміржолда және құрылыста кеңінен қолданады. Жатаған шырша Шыршаны жол жиектеріне жел ұстағыш ретінде егеді. Тұқымы орман құстары мен кеміргіштеріне тамақ ретінде қызмет етеді. Діңінің қабығы тері илеуде қолданылады. Көптеген елдерде жаңа жыл ағашы ретінде танымал. Шыршаның қылқанының құрамында С витамині, аскорбин қышқылы, эфир майы, жемісінде 25 - 29%-дай сұйық май болады. Сүрегі жеңіл және жұмсақ, оны құрылыста, целлюлоза-қағаз өнеркәсібінде, музыкалық аспаптар жасауға пайдаланады; шайыр, қара май, скипидар, сүрек сірке қышқылы алынады. Шыршадан жасалған музыкалық аспаптардың дауысы керемет болады. Италиян скрипка шеберлері Амати мен Страдиваридың скрипкалары шыршадан жасалған. Жатаған шырша тау беткейіндегі топырақты шайылудан қорғайды. Жылдан жылға санының азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Шырша сүрегі - қағаз жасауға қажетті негізгі шикізат. Балқарағай Сібір Балқарағайы тез өсетін, жарық сүйгіш, суыққа, ыстыққа, күшті желге төзімді болғандықтан Солтүстік және Шығыс Қазақстан өңірлерінде екпе орман ағашы ретінде өсіріледі. Оның сүрегінен қағаз және спирт, бояу, ал қылқанынан бағалы эфир майы алынады. Ағашы шірімейтін мықты болғандықтан құрылыста, химиялық өндірістерде кеңінен қолданылады. Кәрі балқарағайдың діңінен шайырды көруге болады. Оны кір жуғанда сабын ретінде қолданған. Ежелгі рим мен араб медицинасында таптырмас дәрі ретінде пайдаланған. Шайыр-сағызы ауыз қуысын, тісті тазартып, қызыл иекті нығайтады. Ағаштың қабығы да бағалы шикізат. Одан тері илегіш, эфир майын және тоқыма бояуларын алған. Құрылысы. Қылкан жапырақтылар негізінен ағаштар, сирекгеу бұталар. Ағаштары кейде ересен үлкен болады жөне 4 мыднан астам жыл өмір сүреді. Көп жаідайда екі түрлі сабағы болады: ұзарған және қыскарган. Жапырақтары көп жағдайда жіңішке, ине тәрізді (хвоя), бірақ ертеректе пайда болған туыстарында (араукария, агатис) ланцетті және жалпақ ланцентті болып келеді. Кейбір қылкан жапырақтылардың жапырақтары қабыршакты болып келеді (кипарис, арша) . Жапырақтары көп жағдайда отырмалы, кейде олардың үстінгі ұшы ойық (май қарағай), көлденең кесіндісі жалпақ, төртқырлы, жұмыр, ұзындығы 1-2 см. - ден 30-40 см. - ге дейін барады. Қылканда бір ғана жүйке болады, ал жалпақ жапырақтарында көптеген параллель жүйкелері болады. Қылкан жапырақтылардың бал қарағай, жалған бал карағай жене метасеквойя туыстарынан басқаларының барлығы мәңгі жасыл өсімдіктер. Сүрегінің 90-95% трахеидтен тұрады, сүзгілі түтіктерінде серіктік клеткалар болмайды. Көшпілігінің қабығында, сүрегінде және жапырақтарында схизонгендік смола жолдары болады, оларда эфир майы, смолалар, бальзамдар жиналады. Көбеюі. Бір үйлі, сиректеу екі үйлі өсімдіктер. Бүршіктері (шишки) дара жынысты. Аталық бүршіктері көп жағдайда топтасып, жапырактардың қолтығында, сиректеу бүйірлік өркендердің ұштарында орналасады. Микроспорофилдері редукцияға көп ұшыраған, кабыршақ тәрізді немесе қалкан тәрізді (тисс туысы) . Аналық бүршіігінің (стробил, шишки) құрылысы алуан түрлі болады. Микроспорофилдерінде бірден бірнешеге тұқымбүрлері орналасады. Интегументі көп жағдайда үш қабаттан тұрады: ортаңғысы катты, ал сырткы және ішкісі жұмсақ. Архегониясы екеу, бірақ көпте бола береді. Гаметофиттерінің пайда болуы, тозаңдануы, ұрықтануы және тұқымның (дәннің) пайда болуы жоғарыда сипатгап жазған қарағайдыкімен бірдей болады. Шаруашылықтағы маңызы. Шыршалардың, карағайлардың, бал қарағайлардың, май қарағайлардың, аршалардың табиғатта және адам өмірінде маңызы орасан зор. Басқа жасыл өсімдіктермен бірге олар органикалық заттар түзеді, аудан көмір қышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығарады. Қарағайлар өз бойынан ерекше буланып ұшатын заттар бөліп шығарады. Олар орманда ғана емес, сонымен бірге орманға жақын жерлердегі көптеген зиянды бактериялардың дамуын тежейді. Қылқан жапырақты ормандар, жалпақ жапырақты ормандар секілді, қардың еруін кешеуілдетеді, сөйтіп осы жердің ылғалын арттырады. Қылкан жапырақтылар поляр шеңберіне жақын жерлердегі үлкен кеңістіктерде және тауларда орман түзеді. Оны тайга деп атайды. Тайга көптеген өнеркәсіпке керекті аңдардың, құстардң және пайдалы насекомдардың мекендейтін жері. Қылқан жапырақты ағаштар кұрылысқа және әртүрлі ағаш бұйымдарын жасауға керекті материалдарды береді. Қарағайдың сүрегін химиялық жолмен өңдеу арқылы, одан жібек жіптерше ұқсас жасанды талшық алады. Ашық тұқымдылардың діңі, өндірістің көптеген саласына қажетті құнды шикізат. Олардан бальзамдар, смолалар, камфора, спирт, целлюлоза, жібек және басқада көптееген заттар алынады. Сонымен бірге қылқан жапырақтылар медициналық препараттар алуға да қажетті шикізат есептелінеді. Сібір қарағайын, Сібірде кедр деп атайды. Нағыз ке Солтүстік Африканьщ таулы жерлерінде, Жерорта теңізі облысының шығысында және Гималаи тауында өседі. Бұрынғы Одақтас республикалардың территориясында, оларды Кавказдың Каратеңіз жалғауларында және Қырымда қолдан өсіреді. Сібір қарағайының дәнінен (жаңғағынан) тамаққа пайдаланатын жақсы "кедр" майын алады. Сонымен бірге қылкан жапырақтылардың көпшілігі, көшеге көрік беретін сәндік өсімдіктер, сондықтанда олардың бірқатарын қазіргі кезде мәдени жағдайға ендірген. Оларды ботаникалық бақтарда, дендропарктерде, демалыс парктерінде, скверлерде және көшенің бойларында сәндік өсімдіктер ретінде отырғызады. Классификациясы. Қылкан жапырақтылар класы 7 қатардан тұрады. Олар мыналар: 1) вольцилар қатары (вольциевые - Voltziales) ; 2) подозамиттер қатары (подозамитовые Podozamitales) ; 3) араукариялар қатары (араукариевые - Araucariales ) ; 4) қарағайлар қатары (сосновые - Рinales ) ; 5) кипаристар қатары (кипарисовые - Cupressales) ; 6) подокарпустар қатары (подокарповые - Podocarpales) ; 7) тиссалар қатары (тиссовые -Taxales) . Олардың ішінде бұрынғы одақтас республикалардың территориясында үшеуінің (қарағайлар, кипаристер және тиссалар қатарлары), ал Қазақстанда тек екеуінің ғана өкілдері (карағайлар және кипаристер қатарлары) кездеседі. Сондықтанда біздер осы Қазақстанда кездесетін қатарлармен шектелуді жөн көрдік. Қарағайлар қатары - Finales. Қарағайлар қатары (сосновые - Finales) бір ғана қарағайлар (сосновые - Ріпасеае) тұқымдасынан тұрады. Бұл тұқымдаста 10 туыс, 250-дей түр бар. Аса кең тараған туыстарына мыналар жатады: май қарағай (пихта - Abies), шырша (ель - Рісеа), бал қарағай (лиственница - Larix), қарағай (сосна - Pinus) . Май қарағай туысы (пихта - Abies) . Май қарағайдың дүние жүзі бойынша 40-тай түрі бар. Олар Солтүстік Америкада (15 түрі), Оңтүстік- Шығыс Азияда (7-8 түрі), Жерорта теңізі жағалауында, Орталық Европада, Кавказда және Гималай тауларында, Сібірде өседі. Май қарағайлар аса үлкен ағаштар, бұтақтары топтасып орналасады. Қылқаны жалпақ болып келеді және жалғыздан орналасады, оның төменгі жағында, көп жағдайда екі ақ түсті балауыздан тұратын жолағы болады. Аналық стробилі көп жағдайда тік орналасады, бір вегетациялық кезеңде пісіп жетіледі, содан соң шашылып түсіп қалып отырады. Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында май қарағайдың (пихта - Abies) 9 түрі, ал Қазақстанда 2 түрі кездеседі. Сібір май қарағайы (пихта сибирская - A. sibirica) бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінің, солтүстік шығысында, Батыс, Орталық және Шығыс Сібірде, Тува автономиялы облысында және Монголияда өседі. Үлкен алқапты қамтып орман түзеді. Тегістікте де, таулы жерлерде де өседі. Ағашы жұмсак, құрлыс материалы ретінде де, әртүрлі бұйымдар жасауға да пайдалынады. Сонымен бірге оны қағаз өндірісінде шикізат ретінде пайдаланады. Қылқанынан лак жасауға қажетгі эфир алынады. Жас бұтақтарында борнеол (камфара) болады. Май қарағай бальзамы жараны жазуға бірдер-бір қажетті дәрі. Ақ май қарағай (пихта белая - A. alba) бұрынғы одақтас республикалардың батыс аудандарында, Орта Азияның, Онтүстік және Батыс Европаның тауларында 2 мың метр биіктікке дейін түзеді. Кавказ май қарағайы (пихта кавказская - A. nordmanniana) букпен қосылып Кавказ тауының батыс бөлігінде, тауларында 2 мың метр биіктікке дейін орман түзеді. Өте сәндік ағаш. Украина мен Белоруссияда оны қолдан өсіреді. Шырша туысы (ель - Рісеа) . Бұл туысқа Солтүстік Европада, Орталық және Шыгыс Азияда, Солтүстік Америкада кеңінен таралған 45 түр жатады. Қабығы ақшылдау сұр түсті, бұтақтары топтасып орналасқан, биік ағаштар. Қылқаны төрт қырлы болып келеді, жалғыздан орналасады, оның әр жағында бір-бірден ақ түсті жолағы болады. Тамыр системасы, көпшілігінде терең кетпейді. Көлеңке сүйгіш өсімдіктер. Аналық стробилдері бір вегетациялық кезеңде пісіп жетіледі. Тұқымдары піскен кезде стробилдері төмен қарап салбырап тұрады, содан соң, түгелімен жерге үзіліп түседі. Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында 10 түрі, ал Қазақстан флорасында 2 түрі (Шренк шыршасы - ель Шренка - P. schrenkiana; сібір шыршасы - ель сибирская - P. obovata) кездеседі. Кәдімгі шырша (ель обыкновенная - P. abies) . Батыс Европада және бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінде кеңінен таралған. Көптеген кеңістікті алқапта, таза шыршалы немесе қайыңмен және қарағаймен қосылып, аралас ормандар түзеді. Ағашын құрылыс материалдарына, әртүрлі бұйымдар жасауға, отынға және қағаз жасауға қажетті шикізат ретінде пайдаланады. Ағашынан айыру жұмыстарын жүргізу арқылы смола, канифоль, вар, скипидар алады. Қабығында тері илеуге қажетті заттар (дробильные вещества) болады. Сібір шыршасы (P. obovata) бұрынғы одақтас республикалардың солтүстік-шығысынын да және Батыс Сібірде өседі. Кәдімгі шыршаға өте жакын. Тек аналық стробилдерінің ұсақтығымен ажыратылады. Бұлақ шыршасы (ель ключевая- P. pungens) Солтүстік Американың тауларының жартастарында өседі, қылқандары күміс түсті, өте әдемі болып келеді. Оны сәндік ағаш ретінде бұрынғы одақтас республикалардың территориясында және Батыс Европада мәдени жағдайда өсіреді. Бал қарағай туысы (лиственница- Larix) . Азияда, Европада, Солтүстік Америкада кең таралған, 20 шақты түрлері бар. Шыршалы ормандардың құрамына кіреді. Үлкен ағаш, бұтақтары топтасып орналасады, жарықты жақсы кореді. Өсімдік жазда көктеп, қыста қылкандарын тастап отырады. Жапырақтары ұзарған сабақтарында біреуден, ал қысқарған сабақтарында топтасып (пучками) орналасады. Тозаңдарының ауа қуыстары болмайды. Аналық стробилдері бір вегетациялық кезеңде пісіп жетіледі, бірақ 2-3 жыл бойы, түспей ағаштың басында тұрады. Ағашы қызылдау, смолаға бай, аса берік, суда шірімей ұзақ уақыт сақталады. Сондықтанда оны шпалдар дайыңдауға, кемелер жасауға, шахтаның астына тіреу ретінде, отынға және қағаз алуға шикізат ретінде кеңінен пайдаланады. Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында 7 түрі, ал Қазақстан флорасында 1 түрі кездеседі. Батыс Европа бал қарағайы (лиственница заподно-европейская- L. decidua) Альпа және Карпат тауларында өседі. Сібір бал қарағайы (лиственница сибирская - L. sibirica) бұрынғы одақтас республикалардың (БОР) европалық бөлігінің шығыс аудандарында және Батыс Сібірде кең таралған. Дауыр бал қарағайы (лиственница даурская - L. dalurica) Шығыс Сібірдің және Қиыр Шығыстың қатал климатына тамаша бейімделген және Шығыс Сібір мен Якутияда діңі биік болып келетін жалғыз ағаш болып табылады. Қарағай туысының (сосна - Pinus) 100-дей түрі бар. Олар негізінен солтүстік ендіктің қоңыржай климатты аймақтарында өседі, субтропикаларда тау ормандарын тузеді, бірнеше түрлері тропикалық облыстардың тауларында кездеседі. Бұлар үлкен немесе кішілеу ағаштар болып келеді, бұтақтары топтасып орналасады. Ұзарған сабақтары, жарғақ тәрізді қабыршақты жапырақтармен жабылған, олардың қолтықтарында қысқарған сабақтары жапырақтарымен орналасады. Әдетте мұндай жапырақтар 2-5-тен топтасып орналасады. Аналық стробилдері 2-3 жылда пісіп жетіледі. БОР флорасында 15 түрі, ал Қазақстан флорасында 2 түрі кездеседі. Кәдімгі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылқан жапырақты өсімдіктер мен қылқан жапырақты ормандардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Орманды қорғау
Жалаңаш тұқымдылар бөліміне сипаттама және негізгі ерекшеліктері
Орман ресурстарын пайдалану мәселелері туралы
Педагогикалық практикадан есеп
Орман екпелерінің жағдайын бағалау
Қазақстан Республикасындағы ағашты өсімдіктері қызыл кітапқа енген ағашты өсімдіктердің систематикасының сұрыпталуы, түрлерінің систематикасы
Қазақстан биоресурстары: өсімдіктер әлемі жайлы
Қылқан жапырақты трансплантациялау ерекшеліктері. Құрылыс салуға бөлінген қала аумағынан ағаштар мен бұталарды қайта отырғызу
Шығыс Қазақстан орман шаруашылығының жағдайы және дамуы
Қарағайлы орман зиянкестері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz