Комерциалық банктың валюталық операция жүргізудің ақпараттық жүйесін тұрғызу



Жоспар

Кіріспе

1. Комерциалық банктың валюталық операция жүргізудің ақпараттық жүйесін негіздеу
1.1 Қолдану саласын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Ақпараттық жүйені тұрғызудың мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ...5.7
1.3 Ақпараттық жабдықтау құрылымына қойылатын талаптар ... ... 8.12
1.4. Қор биржасы және оның қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13.14
1.5 Ақпараттық жүйенің концептуалды сызбасы және ақпараттық
жүйенің декомпозиция сызбасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15.18

2. Комерциалық банктың валюталық операция жүргізудің ақпараттық жүйесін жобалау
3. Мәселенің қойылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23.24
Кіріс ақпарат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24.26
Шығыс ақпарат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26.27
Программалық жабдықтау сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28.29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Кіріспе

XX және XXI ғасырлар тоғысуындағы ғылыми-техникалық прогрестің адамзат алдындағы басты жетістіктерінің бірі- ақпаратты басқару құралына, ал ақпарат ағынын қажетті қор көзіне айналдырып және оны тиімді өңдеу құралы - компьютерлік техниканы қоғамдағы барлық салаларға жаппай ендіру болып отыр. Басқару үрдісіндегі негізгі элемент болып саналатын ақпарат жүйесінің және оған қатысты жаңа технологиялардың даму қарқыны - оны жобалаудағы жаңаша ыңғайларды қалыптастыруда. Ақпарат жүйесін күрделі динамикалық жүйе ретінде қарастырып, оны жүйелік ыңғаймен зерттеу қолға алынды. Жүйелер теориясын ақпарат жүйелерін зерттеуде қолдану – обьектілерді басқару мен реттеу барысын үлгілеуде аса қажетті өзара әсерлесетін еркін құрылымдағы агрегаттар жүйесі ретінде қарастыратын, күрделі жүйелерді үлгілеуді ұйымдастыру әдісін ұсынды.
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да , бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорында ең білікті кадрлар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жасау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Кәсіпорындарда өндірісті және өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінші азайтуға қол жетеді. Сол сияқты бизнес-жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі – менеджмент іске асырылады.
Ақпараттандыру - жеке және заңды тұлғалардың ақпаратық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді ақпараттық технологияларды қолдану негізінде құруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік - экономикалық және ғылыми - техникалық үрдіс.
Мен осы курстық жұмысымда Комерциалық банты басқарудың дұрыс жолдарын, кезеңдерін, нарыққа өтудің жолдарын, даму перспективаларын жасаумен, шаруашылық жүргізудің түрлі формаларын қолдану тиімділігін, жедел басқарушылық шешімдерді орындауымен, ауқымды кеңейтілуіне талдау жасау болып табылады. Осыған байланысты ЭЕМ негізінде экономикалық талдауды автоматтандыру объективті қажеттілік болуда. Ол басқару процесінде сапалы ақпараттық қызмет көрсетудің маңызын арттыру, техникалық мүмкіндіктердің қарқынды дамуы мен экономиканың дамуының негізінде орындалады.
Осы курстық жұмыстың мақсаты- Комерциалық банкты басқарудың дұрыс және тиімді жолдарын құру. Қолда бар потенциалды қолдану және Комерциалық банкның ыдырауына жол бермеу. Бұл стратегиялық жоспарлау мен басқаруға анағұрлым салмақты қарауды, Комерциалық банкның іскерлік белсенділігінің дамуына негіз жасайтын заман талабына сай ақпараттық технологияларды қолдану.
Іскерлік белсенділік деп ұйымның, оны құраушыларының сыртқы ортамен үйлесімді келісілген дамуы негізінде экономикалық өсуіне, соның ішінде өндірістік-өткізу жүйесі себептесетін әрекерттердің жиынтығын түсіну қажет.
Іскерлік белсенділікті сандық бағалау дәстүрлі түрде екі бағыт бойынша жүзеге асырылады- жоспардың орындалу дәрежесі бойынша және ресурстарды қолдану тиімділігінің деңгейі бойынша.
XXI ғасырда ауқымды және жақсы сапалы, дамыған Комерциалық банкты басқарудың ақпаратты жинаудың қажеттігін негізделген үш бағыт бойынша қарастырылады:
1. Комерциалық банк өзінің нарығының территориясын тұрақты кеңейтіп отырады және басқарушылар барлық клиенттерін тікелей компьютер арқылы басқара алады;
2. Табыстарының өсуіне байланысты сатып алушылардың тауарларды таңдау талғамы артады;
3. Сатушылар тауарларға маркалық атаулар беру, тауарларды дараландыру, жарнама және өткізуді ынталандыру;

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Комерциалық банктың валюталық операция жүргізудің ақпараттық
жүйесін тұрғызу

Алматы - 2007 жыл

Жоспар

Кіріспе

1. Комерциалық банктың валюталық операция жүргізудің ақпараттық жүйесін
негіздеу
1.1 Қолдану саласын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..4
1.2 Ақпараттық жүйені тұрғызудың
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ...5-7
1.3 Ақпараттық жабдықтау құрылымына қойылатын
талаптар ... ... 8-12
1.4. Қор биржасы және оның қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13-
14
1.5 Ақпараттық жүйенің концептуалды сызбасы және
ақпараттық
жүйенің декомпозиция
сызбасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15-18

2. Комерциалық банктың валюталық операция жүргізудің ақпараттық
жүйесін жобалау
3. Мәселенің
қойылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... 23-24
Кіріс
ақпарат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..24-26
Шығыс
ақпарат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..26-27
Программалық жабдықтау сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28-
29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .31

Кіріспе

XX және XXI ғасырлар тоғысуындағы ғылыми-техникалық прогрестің
адамзат алдындағы басты жетістіктерінің бірі- ақпаратты басқару құралына,
ал ақпарат ағынын қажетті қор көзіне айналдырып және оны тиімді өңдеу
құралы - компьютерлік техниканы қоғамдағы барлық салаларға жаппай ендіру
болып отыр. Басқару үрдісіндегі негізгі элемент болып саналатын ақпарат
жүйесінің және оған қатысты жаңа технологиялардың даму қарқыны - оны
жобалаудағы жаңаша ыңғайларды қалыптастыруда. Ақпарат жүйесін күрделі
динамикалық жүйе ретінде қарастырып, оны жүйелік ыңғаймен зерттеу қолға
алынды. Жүйелер теориясын ақпарат жүйелерін зерттеуде қолдану –
обьектілерді басқару мен реттеу барысын үлгілеуде аса қажетті өзара
әсерлесетін еркін құрылымдағы агрегаттар жүйесі ретінде қарастыратын,
күрделі жүйелерді үлгілеуді ұйымдастыру әдісін ұсынды.
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту
үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін
республикамыздың тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз
жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі
өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды.
Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің,
қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық
экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да , бұл
деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған
жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорында ең білікті кадрлар жинақталады. Мұнда
ресурстарды үнемдеп жасау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды
қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Кәсіпорындарда өндірісті және
өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінші азайтуға қол жетеді. Сол
сияқты бизнес-жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару
жүйесі – менеджмент іске асырылады.
Ақпараттандыру - жеке және заңды тұлғалардың ақпаратық
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ақпараттық ресурстарды,
ақпараттық жүйелерді ақпараттық технологияларды қолдану негізінде құруға
және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік - экономикалық және
ғылыми - техникалық үрдіс.
Мен осы курстық жұмысымда Комерциалық банты басқарудың дұрыс
жолдарын, кезеңдерін, нарыққа өтудің жолдарын, даму перспективаларын
жасаумен, шаруашылық жүргізудің түрлі формаларын қолдану тиімділігін, жедел
басқарушылық шешімдерді орындауымен, ауқымды кеңейтілуіне талдау жасау
болып табылады. Осыған байланысты ЭЕМ негізінде экономикалық талдауды
автоматтандыру объективті қажеттілік болуда. Ол басқару процесінде сапалы
ақпараттық қызмет көрсетудің маңызын арттыру, техникалық мүмкіндіктердің
қарқынды дамуы мен экономиканың дамуының негізінде орындалады.
Осы курстық жұмыстың мақсаты- Комерциалық банкты басқарудың дұрыс және
тиімді жолдарын құру. Қолда бар потенциалды қолдану және Комерциалық
банкның ыдырауына жол бермеу. Бұл стратегиялық жоспарлау мен басқаруға
анағұрлым салмақты қарауды, Комерциалық банкның іскерлік белсенділігінің
дамуына негіз жасайтын заман талабына сай ақпараттық технологияларды
қолдану.
Іскерлік белсенділік деп ұйымның, оны құраушыларының сыртқы ортамен
үйлесімді келісілген дамуы негізінде экономикалық өсуіне, соның ішінде
өндірістік-өткізу жүйесі себептесетін әрекерттердің жиынтығын түсіну қажет.
Іскерлік белсенділікті сандық бағалау дәстүрлі түрде екі бағыт бойынша
жүзеге асырылады- жоспардың орындалу дәрежесі бойынша және ресурстарды
қолдану тиімділігінің деңгейі бойынша.
XXI ғасырда ауқымды және жақсы сапалы, дамыған Комерциалық банкты
басқарудың ақпаратты жинаудың қажеттігін негізделген үш бағыт бойынша
қарастырылады:
1. Комерциалық банк өзінің нарығының территориясын тұрақты
кеңейтіп отырады және басқарушылар барлық клиенттерін тікелей
компьютер арқылы басқара алады;
2. Табыстарының өсуіне байланысты сатып алушылардың тауарларды
таңдау талғамы артады;
3. Сатушылар тауарларға маркалық атаулар беру, тауарларды
дараландыру, жарнама және өткізуді ынталандыру;

1. Комерциалық банктың валюталық операция жүргізудің ақпараттық
жүйесін негіздеу
1.1 Қолдану саласын талдау

Ақпарат – латынның “informatio” деген сөзінен шыққан, яғни істің
жай-күйі немесе біреудің іс-әректі туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандай
да бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны.
Ақпарат жүйесі – қандай да бір обьектіні басқаруға қажетті
ақпаратты жинау,сақтау,жаңарту,өңдеу,іздеу және шығарып беру жүйесі деп
қарастырылады. Әрбір ақпарат жүйесі ақпараттық обьектілердің бірігуін
қамтитын қандай да бір ақпараттық кеңістікті бейнелейтін пәндік саланы
иемденеді. Ақпарат жүйесіне қатысты ақпарат құрылымын қарастырсақ, оны
ақпараттық бірліктерге: реквизиттер, көрсеткіштер, құжат, массив, ақпарат
ағыны және ақпарат жүйесі деп бөлуге болады. Мұндағы ақпараттың әрі қарай
бөлінуге жатпайтын ең кіші өлшем бірлігі – реквизит десек, оның екі түрі
бар екені белгілі: реквизит-негіз және реквизит-белгі. Әрбір реквизит
әріптер мен сандар жиынтығынан тұрады және мән-мағынаның сандық қасиетін
сипаттайды. Бұл жағдайда ол реквизит-негіз деп аталады. Ал ол мән-мағынаның
сапалық қасиетін білдірсе, ол – реквизит-белгі деп аталады.

1.2 Ақпараттық жүйені тұрғызудың мақсаты

Ақпарат жүйесін тұрғызу мақсаты – кәсіпорынды басқарудың ақпараттық
жүйесін талдау және автоматтандыру.
Комерциалық банктың сипаттамасы
Комерциалық банк - бұл өнім өндіру үшін құралған дербес шаруашылық
жүргізетін субьект, өндірген өніміне иелік етеді, пайда табады, салық
төлемінен қалған пайданы жаратады. Кәсіпорын өз міндетін атқару үшін мүлкі
болуы керек. Кәсіпорын мүліктерінің қайнар көзі:
• кәсіпорын құрылтайшыларының материалдық және ақшалай жарнамасы;
• өнім, қызметтерден түскен түсімнен пайда;
• құнды қағаздар және олардан түскен пайда;
• инвестиция және бюджеттен дотация;
• қайырымдылық жарнама;
• мекемелер мен тұрғындардың көмегі;
• мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін конкурс, аукцион арқылы сатып алу;
• мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін акционерлік қоғам арқылы сатып алу.
Экономиканың қайсысы болмасын өндірістен, экономикалық өнім
жасаудан құралады. Өндіріссіз тұтыну болмайды, тек шығарылған өнімді ішіп-
жеп қою болады. Атап айтқанда, кәсіпорын өнім шығарады, жұмыстар және
қызмет көрсетеді, яғни тұтыну және ұлттық байлықты молайтудың негізін
қалайды. Қаншалықты кәсіпорын тиімді жұмыс істейді, оның қаржылық жағдайы
қандай екені экономиканың барлық саулығына және мемлекеттің индустриалдық
қуатына байланысты болады. Оның негізгі белгілері мыналар:
• ұйымдық бірлік: кәсіпорын - бұл белгілі түрде ішкі құрылымы және басқару
жөнімен ұйымдасқан ұжым;
• белгілі түрдегі өндірістің құрал кешені: кәсіпорын пайданы барынша
көбейту мақсатында экономикалық игіліктерді өндіру үшін экономикалық
ресурстарды біріктіреді;
• мүліктің жекеленуі: кәсіпорынның өзінің мүлкі болып, белгілі бір
мақсатқа жеке пайдаланады;
• мүліктік жауапкершілік: кәсіпорын түрлі жағдайға сай өзінің барлық
мүліктеріне толық жауапкершілікте болады;
• кәсіпорын дара басшылықты болжалайды, басқарудың тікелей әкімшілдік
формасына негізделеді;
• шаруашылық айналымына жеке атынан шығады;
• оперативті-шаруашалық және экономикалық дербестік: кәсіпорын жеке өзі
түрлі мәліметтерді және операцияларды жүзеге асырады, пайдасын өзі алады
немесе зиян шегеді, пайданың есебінен қаржы жағдайын және өндірісті одан
әрі дамытуын жақсартады.
Комерциалық банкқа басшылық ету әдістері нарықтық экономиканың
даму дәрежесіне сәйкес болуға тиіс. Олардың өзгерусіз, бір орында қатып
қалуларына болмайды. Кәсіпорынды басқару икемді, әрқашан басты мақсатқа
жетуге және сонымен бірге әрбір нақты кезеңнің ерекшеліктерін ескеріп
отыруға тиіс. Кәсіпорынға басшылық етудің міндеттері де практиканы терең
зерттеудің негізінде өндірістің одан әрі даму тенденциясын анықтап, бұл
дамуды шапшаңдату үшін аса маңызды экономикалық тұтқаларын пайдалану болып
табылады.
Комерциалық банк, егер де өзінің жұмысында белгілі бір
принциптерге сүйенсе және қажетті бернесін орындаса, алдына қойған
мақсатына жетеді. Осыған орай кәсіпорындардың негізгі міндеттеріне
жататындар:
• жоғары сапалы өнімдер, оларды жүйелі түрде жаңалау және қолда бар
өндірістік мүмкіншіліктеріне, сұраныстарына сай қызмет көрсету;
• өзара алмасушыларын ескере отырып, өндірістік ресурстарды ұқыпты
пайдалану;
• кәсіпорынның бет алысының стратегиясы мен тактикасын әзірлеу және
жағдайлардың өзгеруіне байланысты оларды өзгертіп отыру;
• ғылыми-техникалық жетістіктер мен озық тәжірибені, еңбекті ұйымдастыру
және басқаларды өндіріске кеңінен енгізу;
• өздерінің қызметкерлеріне жағдай жасау, олардың сыныптамаларының өсуін
және еңбектерінің үлкен маңыздылығы, олардың тіршілік деңгейлерін арттыру,
еңбек ұжымдарында қолайлы саяси-психологиялық ахуалды жақсарту;
• кәсіпорынның шығарған өнімнің бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету,
кәсіпорынның жақсы атағын қолдау;
• баға саясатын икемді жүргізу және басқа да функцияларды іске асыру[12].
Комерциалық банктың құрылымы, функциясы:
1) негізгі өндірістің бөлімі;
2) көмекші бөлімі;
3) қосалқы, қосымша өндіріс бөлімдері;
4) басқару аппараты, бөлімдері.
Комерциалық банкта атқарылатын жұмыстар:
1) ғылыми-зерттеу;
2) жоспарлық құрастыру;
3) өндіру;
4) жөндеу, модернизациялау;
5) бақылау (сапасыз өнім);
6) қамту, қызмет ету;
7) сақтау;
8) тасымалдау;
9) утильдеу;
10) қайта өндіру;
11) тазалау;
12) қауіпсіздік профилактикасы;
13) басқару;
Комерциалық банк формалары:
1) дербес (семьялық) жеке кәсіпорын;
2) мемлекеттік;
3) арендалық;
4) муниципалдық кәсіпорын жергілікті бюджет есебінен құрылған;
Комерциалық банкты басқару функциясы:
1) жоспарлау;
2) шешім қабылдау, оны іске асыру;
3) талдау;
4) мотивация;
5) орындауды бақылау;
6) реттеу; [7]
Басқару – қоғамға тән обьективтік экономикалық заңдылықтарды
пайдалана отырып, ұйымға немесе обьектіге ықпал ету процесі. Басқарудың
зерттеу обьектісі ретінде әлеуметтік-экономикалық ж.үйені қарастырамыз.
Басқарудың сипаттамалары: обьектінің болуы, обьекттің динамикалық сипаты.
Басқару ғылымы білім мен қызметтің бірлігін көрсетеді. Басқару ғылымының үш
құрамдас бөлігі бар:
1) өндірісті басқару проблемесын зерттейтін іргелі фундаменталды
қоғамдық ғылымдар;
2) өндірісті зерттейтін басқарудың функционалды жекелеген жақтары;
3) өндірісті басқарудың заңдылығын зерттейтін басқару теориясы .

1.3 Ақпараттық жабдықтау құрылымына қойылатын талаптар

Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын
экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері
мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің
бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан,
ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару
шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.
Ақпараттық жүйенің жабдықтау жүйелері, функционалды ішкі
жүйелеріне қарамастан барлық экономикалық ақпарат жүйелеріне бірдей болады.
Оның құрамы белгілі бір пәндік аймаққа қатысты емес. Жабдықтаушы ішкі
жүйелеріне: ұйымдастырушылық, техникалық, математикалық, программалық,
ақпараттық, лингвистикалық, және технологиялық ішкі жүйелері кіреді.
Ақпараттық жабдықтау - ФБАЖ-де қолданылатын техникалық-экономикалық
ақпараттарды сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйелері, құжаттар
жүйесінің және ақпараттар ауқымының үйлестірілген жүйелерінің жиынтығы.
Шешім қабылдаудың тиімділігі айналымдағы ақпаратты толықтығына,
сапасына, сенімділігіне және жеделдігіне байланысты:
• басқару жүйесінде болатын үрдістерді объективті бейнелеу;
• практикалық нысаналылықтың болуы, яғни АЖ-ды жобалауда шешілетін
мәселелерді ескере отырып атқарылуы қажет;
• тікелей бақылау және өлшеу үрдістерінде алынбайтын есепті-талдамалы
ақпараттардың болуын қамтамасыз етеді;
• басқаруды ұйымдастырудың барлық деңгейлерінде ақпаратты
пайдаланудағы коэфициентті көтеру;
• ақпарат жүйелерінің барлық түрінің ақпараттық сиымдылығын
қамтамасыз ету.
Ақпаратты жабдықтауды жобалау – бірқатар жұмыстар атқаруды қажет
ететін күрделі және еңбекті көп керек ететін үрдіс:
• ақпаратты жабдықтауды ұйымдастырудың әдістемелік негіздерін жасау;
• ақпаратты сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйесін құру;
• ақпарат көлемдері мен ағындарын анықтау;
• деректер базасының құрылымы мен құрамын анықтау;
• деректер базасын бақылау және түзету тәсілдерін таңдау;
• тұтынушылардың сұраныс тілі мен деректердің сипаттамсын
сәйкестендіру;
Осыған байланысты ақпараттық жабдықтауды, ақпараттық базаны құрудың
құралдары мен әдістерінің жиынтығы ретінде қарастырып анықтауға болады.
Ақпаратпен жабдықтау машинадан тыс және машина ішіндегі база ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпарат жүйесін жобалау
Банк ішіндегі банктер
Екінші деңгейлі банктегі банктік есептің теориялық негіздері
Несиенің мәні және нысандары
«Центр Кредит банктың жинақтаушы зейнетақы қорының» ақпараттық жүйесі
Қаржы нарығының құрылымы және олардың атқаратын қызметтері
Банк жүйесінің екінші деңгейінің құрылымы
Банктің активтері мен пассивтері
«Нұрбанк» АҚ-ның қаржылық қызметін талдау
Банктік қадағалау басқармасы
Пәндер