Азықтың минералды умен ластануының алдын алу шаралары



I Кіріспе.
II Негізгі бөлім.
1. Азықтың минералды умен ластануының алдын алу шаралары және мал организіміне улы әсері.
III Қорытынды.
IV Пайдаланылған әдебиеттер.
Халқымызды азық-түлікпен (ет, сүт, сүт тағамдарымен) қамтамасыз етуде ірі қара мал шаруашылығының маңызы өте зор. Өйткені сүт өнімінің 99 пайызы, еттің 40-45 пайызы ірі қарадан өндіреді. Сонымен қатар ірі қара мал терісі жеңіл өнеркәсіп шаруашылығында бағалы шикізат ретінде, көңі органикалық отын және тыңайтқыш ретінде кеңінен пайдаланылады.
Кейінгі жылдарда ірі қара мал шаруашылығының даму жолдары қайта айқындалып, сауын сиырларының сүтін 700-800 кг-ға дейін көтеру көзделініп отырса, етті 30-40 пайызға көбейту межеленуде.Соңғы кездері шет елдерден асыл тұқымды сүтті, етті ірі қараларды әкеліп жергілікті малдың өнімділігін жоғарылатуға айрықша көңіл бөлінуде. Мысалы, АҚШ-тан, Австралиядан әкелінген голштин-фриз, герефорд ірі қараларды жергілікті малмен будандастырып, өнімділігі жоғары табындар қалыптастырылуда. Осының нәтижесінде асыл тұқымды мал зауыттарында сауын сиырлардан 8-10 мың кг-ға дейін сүт алуды жоспарлап, бордақыланатын малдардың тәуліктік салмағын 1000-1500 грамға жеткізу межеленіп отыр.
Қазақстан Республикасының шаруашылықтарында 20дай сүтті, сүтті-етті және 8-етті ірі қараның асыл тұқымды малдары өсірілуде. Айта кету керек, бұл асыл тұқымды ірі қараларының кқпшілігі жаңа өнеркәсіпті технологияға бейімді емес. Сондықтан сүт және ет өнімдерінің сапасы жоғарғы дәрежеде емес, қйткені малды күтіп-бағу технологиясы судың және мал азығының сапасы экологиялық талаптарға сай келмейді.
1. Акимова Т.А., Хаскин В.В., Экология. –М., 1998.
2. Богдановский Г.А. Химическая экология. –М., 1994.
3. Бегімбеков Қ.Н., Төреханов А.Ә., Байжұманов Ә.Б. Мал өсіру және селекция. – Алматы, 2006. – 598 б.
4. Бекмухамбетов Э.А., Рисимбетов Т.К. Кормовые ресурсы Казахстана. – Шымкент, 2010. -379 с.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I Кіріспе.
II Негізгі бөлім.
1. Азықтың минералды умен ластануының алдын алу шаралары және мал организіміне улы әсері.
III Қорытынды.
IV Пайдаланылған әдебиеттер.

I Кіріспе.

Халқымызды азық-түлікпен (ет, сүт, сүт тағамдарымен) қамтамасыз етуде ірі қара мал шаруашылығының маңызы өте зор. Өйткені сүт өнімінің 99 пайызы, еттің 40-45 пайызы ірі қарадан өндіреді. Сонымен қатар ірі қара мал терісі жеңіл өнеркәсіп шаруашылығында бағалы шикізат ретінде, көңі органикалық отын және тыңайтқыш ретінде кеңінен пайдаланылады.
Кейінгі жылдарда ірі қара мал шаруашылығының даму жолдары қайта айқындалып, сауын сиырларының сүтін 700-800 кг-ға дейін көтеру көзделініп отырса, етті 30-40 пайызға көбейту межеленуде.Соңғы кездері шет елдерден асыл тұқымды сүтті, етті ірі қараларды әкеліп жергілікті малдың өнімділігін жоғарылатуға айрықша көңіл бөлінуде. Мысалы, АҚШ-тан, Австралиядан әкелінген голштин-фриз, герефорд ірі қараларды жергілікті малмен будандастырып, өнімділігі жоғары табындар қалыптастырылуда. Осының нәтижесінде асыл тұқымды мал зауыттарында сауын сиырлардан 8-10 мың кг-ға дейін сүт алуды жоспарлап, бордақыланатын малдардың тәуліктік салмағын 1000-1500 грамға жеткізу межеленіп отыр.
Қазақстан Республикасының шаруашылықтарында 20дай сүтті, сүтті-етті және 8-етті ірі қараның асыл тұқымды малдары өсірілуде. Айта кету керек, бұл асыл тұқымды ірі қараларының кқпшілігі жаңа өнеркәсіпті технологияға бейімді емес. Сондықтан сүт және ет өнімдерінің сапасы жоғарғы дәрежеде емес, қйткені малды күтіп-бағу технологиясы судың және мал азығының сапасы экологиялық талаптарға сай келмейді.
Интенсивті мал азығын дайындау технологиясы әртүрлі пестицидтерді, минералды тыңайтқыштарды қажет еткендіктен жем-шөптің ластаушы көздері артып, экологиялық таза өнім алуға шектеу қойылған.
Малдың денсаулығы және оның өнімділігі негізінде қоршаған ортаның факторларының әсеріне тікелей байланысты. Сондықтан қоршаған ортаның көрсеткіштерін мал организміне қолайлы ету малшылар мен мамандардың басты міндеті. Мал ауруларының алдын алу мақсатында жүзеге асырылатын барлық экологиялық, ветеринарлық-санитариялық шаралар, қоршаған ортаның мал организміне қолайлы гигиеналық-санитариялық нормативтер мен ережелер тек осы орта көрсеткіштеріне сүйене отырып белгіленуі керек. Малды азықтандыру - олардың денсаулығына, өнімділігі мен өнім сапасына тікелей әсер ететін сыртқы ортаның маңызды факторларының бірі. Жануарлардың азыққа деген қажеттілігі олардың тіршілігін қамтамасыз етуде, өсу және семіру кезінде денеге жаңа ұлпалардың қалыптасуы мен жаңаруына, өнім өндіруге, репродуктивті қызмет пен денсаулықты сақтауға керекті энергия мен қоректік және биологиялық белсенді заттардың барлығымен анықталады.
Құнарлы дұрыс азықтандырудың басты негізгі принциптері: мал организмінің азыққа деген керекті көлемі мен мөлшерін қамтамасыз ету; мал азығындағы бүкіл қоерктік заттар құрамын жеткілікті деңгейде ұстау; жақсы, дәмдік экологиялық сапасын сақтау; қоректік заттардың ас қорытуға жеңілдігі; жем-шөпте патогенді организмдердің, соның ішінде микробтардың, зиянды және улы заттардың болмауы. Азықтандырудың аталған принциптері бұзылған жағдайда мал арасында әртүрлі аурулар тууы мүмкін. Мұндай аурулар азықтық немесе алиментарлық деп аталады.Азықтағы қоректік заттардың экологиялық маңызы. Жем-шөп мал организміне сыртқы ортадан бірден-бір қоректік заттар жеткізуші. Азық тапшылығына әсіресе жас, өсіп келе жатқан мал, буаз мал, сүтті сиырлар төзімсіз. Төлдің өсуі бұзылады. Рационда белоктың жетіспеуі белоктық алмасу ғана емес, сонымен бірге жалпы зат алмасужың бұзылуына да ұрындырады.
Кейбір май қышқылдары (липолен, арахидон және линолен қышқылдары) малдың зат алмасуына, өсуі мен жетілуіне сүйеу болу үшін өте қажет. Сондықтан, олар азықпен бірге тұрақты түсіп тұруға тиіс. Қорек майымен бірге организмге майда еритін дәрмендәрілер (витаминдер) түседі. Азықта май жетпесе малда майда еритін дәрмендәрілер (А, Д, Е және К) жетіспеушілігі туындайды.

II Негізгі бөлім.
Азықтың минералды умен ластануының алдын алу шаралары.
Пестицидтер - өте кең таралған қатты экзогенді у болып табылады. Олар суда, топырақта, ауада, өсімдік құрамында болуы мүмкін. Мал ағзаларына пестицидтер тікелей жанасқан кезде және аэрогендік, алиментарлық жолмен түседі.
Азық сапасын төмендететін және кейбір кезде токсикалық қасиеттер артып азықты қолдануға мүмкіндік бермейтін минералды улы заттарға жататындар: фтор, мышьяк (күшәлә), қорғасын, мыс, молибден, барий, минералды тыңайтқыштар, минералды қышқылдар, негіздер және цианидтер. Аталған заттармен малдың улануының ең басты себептері осы улы химикаттарды тасымалдағанда, сақтағанда және пайдаланғанда оларды қолдану нұсқасын дұрыс сақтамағаннан болуы мүмкін.
Малдың улануының алдын алу шаралары. Ең бастысы - малды улы химикаттар бар жерге жібермеу. Егіс басына әкелген минералды және органикалық улы заттарды бір орынға үйіп қоймау керек, себебімұндай жағдай малды уландыруы мүмкін.
Улы химикаттарды дайындайтын орын (әуе өңдеу) міндетті түрде бөлек, оңаша орналасуы дұрыс және ондай орындарға су арқылы, топырақ арқылы улы химикаттар түспеуін қарастырған жөн.
Жер бөліктеріне улы химикаттарды шашқнда және оларды қолданғанда, жақын орналасқан жайылымды және мал жақындайтын жолды қорғау бағытында сол екі орталық шекарада тақтайға жазылған ескертпе белгісі болуы тиіс.
Өңделген жем-шөпті малға берердің алдында пестицидтердің рұқсат етілетін қалдығының нормасын ескеру керек.Ауыл шаруашылығында улы химикаттарды қолданған кезде, оның су қоймаларына, елді мекендерге және мал фермаларын сумен қаматамасыз ететін су көздеріне, балық өсіретін су қоймаларына, осы улы заттардың түсіп кетпеу шараларын қатал қадағалау қажет. Табиғи ортаны қорғау шараларына аса көңіл бөлінуі тиіс, яғни қоршаған ортаның ластанбауына, соның ішінде топыраққа, суға және мал азығына түспеуін қаматамасыз ету керек
Минералды тыңайтқыштар-құрамында өсімдікке қажет элементтері бар бейорганикалық заттар. Минералды тыңайтқыштар топырақтың құнарлылығы мен ауыл шауашылығы дақылдарының өнімі мен сапасын арттыру үшін қолданылады.

Минералды тыңайтқыштарды дұрыс пайдалану дақылдардың өнімін арттырумен қатар, оның түсімінің сапасын жақсартады, топырақты қоректік элементтермен байытып, микробиологиялық процестерге әсер етеді. Минералды тыңайтқыштар тікелей және жанама әсер ететін тыңайтқыштар болып бөлінеді. Тікелей әсер ететін Минералды тыңайтқыштардың құрамында өсімдіктерге тікелей қорек болатын N, P, K, Mg, B, Mn, т.б. элементтер бар. Осы элементтердің мөлшеріне қарай жай және кешенді тыңайтқыштар деп бөлінеді. Жай Минералды тыңайтқыштардың құрамында өсімдікке қорек болатын негізгі элементтердің (азот, фосфор, калий) біреуі ғана болады, әрі олардың концентрациясы көп емес. Оларға азотты тыңайтқыштар, фосфор тыңайтқыштары, калий тыңайтқыштары және микротыңайтқыштар жатады. Жанама әсер ететін Минералды тыңайтқыштар (әк, бор, гипс, доломит) топырақтың агрохимиялық және физикалық - химиялық қасиетін жақсарту үшін пайдаланылады. Мысалы, топырақтың қышқылдығын жою үшін ұнтақталған әк, доломит, бор шашылады. Ал құрамында натрий иондарының (Na+) мөлшері көп топыраққа ұнтақталған табиғи гипс (CaSO4,2H2O) себіледі. Минералды тыңайтқыштар қатты (ұнтақталған, түйіршіктелген) және сұйық (аммиак суы, сұйық аммиак, т.б.) түрінде өндіріледі. Ерігіштігіне және өсімдіктердің сіңіруіне байланысты Минералды тыңайтқыштар суда еритін (қос суперфосфат, аммофос, диаммофос, нитроаммофос, т.б.), ерімейтін (бірақ аммоний цитраты мен лимон қышқылының ерітіндісінде ериді) болып бөлінеді. Қазақстанда Қаратау мен Ақтөбе өңірінде Минералды тыңайтқыштар өндіруге қажет шикізат - фосфор кендерінің мол қоры бар. Ақтөбеде Кола түбегінен әкелінетін апатиттен жай суперфосфат, Тараз қаласында Қаратау фосфоритінен суперфосфат, қос суперфосфат аммофос, диаммофос сияқты жай және кешенді тыңайтқыштар өндіріледі.
Тыңайтқыштар -- құрамында қоректік элементтер болатын заттар. Өсімдіктердің толық, өсіп-жетілуіне қажет элементті қоректік элемент дейді. Өсімдіктердің өсіп, өнім беруі үшін қажет қоректік элементтердің маңызы ерекше. Фотосинтез кезінде өсімдіктердің жапырағы арқылы және топырақтан алатын химиялық элементтерінің саны 50 шақты.

Тыңайтқыштарды жіктеу.
Шығу тегіне қарай органикалық және бейорганикалық тыңайтқыштар деп, ал агрегаттық күйіне қарай тыңайтқыштар қатты (селитра, фосфор тұздары) және сұйық (аммиак суы) болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Токсикологиялық талдаудың негізгі тексеру әдістері жайлы
Шошқаларды семірту үшін азық қолдану
Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру
Мал коралары ауасының микрофлорасы
Қара ала тұқымдас сиырлардың қоршаған орта факторларының тигізетін әсерін зерттеу
Уларды клинкикалық балау
Қара ала тұқымдас сиырлардың өнімділігіне экологиялық факторлар
Улануды емдеудің жалпы принциптері. Уланудың алдын алу
Бұқаларға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Ірі қараның халық шаруашылығындағы маңызы
Пәндер