Балалар ұжымының психологиялық ерекшеліктері



1 Балалар ұжымы және оның тәрбие беру мүмкіндіктері
2 Қоғамшыл . ұжымшыл адамды тәрбиелеу психологиясы
3 Мұғалім психологиясы
4 Мұғалімнің қоғамдағы орны мен функциясы
5 Мұғалімге қоятын талаптар
6 Мұғалімге қатысты әлеуметтік үміт
Тәрбиенің басты міндеті — балаларды дамытудың әр түрлі деңгейіне бара-бар қатынастың қазіргі кездегі тәжірибесін форма есебінде беру ғана емес, сонымен бірге жеткіншектерді жаңа, неғұрлым жоғары қоғамдық қарым-қатынас деңгейіне бағыттап дайындау. Адамның тұтас жеке басын қалыптастырудың аса маңызды шарты мен құралы коммунистік тәрбиенін, идеялық-саяси құралы, адамгершілік, еңбек, эстетикалық және басқа жақтары балалар ұжымы болып табылады. Оны жалпы да өзіне тән белгілердің жиынтығын сипаттайды.
Психологиялық көзқарас тұрғысынан ұжым — баланың қоғамдық байланысы қалыптасатын, онын психикалық дамуы жүретін қоғамдық организм. Кез келген ұжымның оны әлеуметтік орта ретінде, тәрбие шарты және т. б. ретінде сипаттайтын белгілермен бірге балалар ұжымында біз кемелденіп бітпеген, қалыптасып келе жатқан жеке адамдармен істес боламыз. Оның ерекше тәрбиелік функциясы да нақ осыған байланысты.
Балалар ұжымының айрықша ерекшелігі — ересектердің балаларды біріктірген кезде, олардың қатынастарын құрған кезде көздеген мақсаттарының бағыттылығында. Балалар ұжымы өсіп келе жатқан адамды біріктіре отырып, бұл тұрғыда тәрбие функциясын жүзеге асырудың шарты мен құралын жасайды. Қоғамның неғұрлым белсенді де мақсатты түрде ықпал ету шарты бола отырып балалар ұжым мүшелерін тәрбиелеу функциясын атқарады.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
БАЛАЛАР ҰЖЫМЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ — ІС-ӘРЕКЕТТІ МАҚСАТТЫ ТҮРДЕ
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖӘНЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖЕКЕ БАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫНЫҢ САПАЛАРЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ШАРТЫ

Балалар ұжымы және оның тәрбие беру мүмкіндіктері. Тәрбиенің басты
міндеті — балаларды дамытудың әр түрлі деңгейіне бара-бар қатынастың
қазіргі кездегі тәжірибесін форма есебінде беру ғана емес, сонымен бірге
жеткіншектерді жаңа, неғұрлым жоғары қоғамдық қарым-қатынас деңгейіне
бағыттап дайындау. Адамның тұтас жеке басын қалыптастырудың аса маңызды
шарты мен құралы коммунистік тәрбиенін, идеялық-саяси құралы, адамгершілік,
еңбек, эстетикалық және басқа жақтары балалар ұжымы болып табылады. Оны
жалпы да өзіне тән белгілердің жиынтығын сипаттайды.
Психологиялық көзқарас тұрғысынан ұжым — баланың қоғамдық байланысы
қалыптасатын, онын психикалық дамуы жүретін қоғамдық организм. Кез келген
ұжымның оны әлеуметтік орта ретінде, тәрбие шарты және т. б. ретінде
сипаттайтын белгілермен бірге балалар ұжымында біз кемелденіп бітпеген,
қалыптасып келе жатқан жеке адамдармен істес боламыз. Оның ерекше тәрбиелік
функциясы да нақ осыған байланысты.
Балалар ұжымының айрықша ерекшелігі — ересектердің балаларды
біріктірген кезде, олардың қатынастарын құрған кезде көздеген мақсаттарының
бағыттылығында. Балалар ұжымы өсіп келе жатқан адамды біріктіре отырып, бұл
тұрғыда тәрбие функциясын жүзеге асырудың шарты мен құралын жасайды.
Қоғамның неғұрлым белсенді де мақсатты түрде ықпал ету шарты бола отырып
балалар ұжым мүшелерін тәрбиелеу функциясын атқарады.
Балалар ұжымын ұйымдастыруда балалардың өздерінің қарым-қатынасқа
деген қажетсінуі мен үлкендер алға қойғаи міндеттердің арақатынасы ерекше
маңызды. Балаларды қоғамдық маңызды міндеттерді шешуге белсенді қатыстыра
отырып, коллектив жеке адамды дамыту үшін кең мүмкіндік ашатын қарым-
қатынастардың сан түрлі формаларына өpic жаюын қамтамасыз етеді. Бұл
жағдайда балалардың ұжымын тек сырттай лайықты деп қабылдамауының
психологиялық маңызы зор. Балалардың өздерінің көзінше ұжымның тәрбиелеу
функциясы оның қоғамдық пайдалы, функциясынан гері екінші орынға
шегіндірілуі тиіс, әйтпесе оның тәрбиелік ықпалы жойылады.
Қоғамның материалдық және рухани мәдениетін құру мен қорғауға байланысты
практикалық міндеттерді шешетін ересектер ұжымынын айырмашылығы, балалар
ұжымы нақты өндірістік қарым-қатынасқа тікелей шыға алмайды. Бірақ қоғамның
аса маңызды тәрбие міндеттерінің бірі — өскелең жеткіншектерді келешектегі
өндіргіш күштер ретінде даярлау, сондықтан да нақ осы балалар ұжымы
балалардың бойында қарым-қатынасының негізгі түрлерін де сондай-ақ қоғамдық
еңбекке даярлығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Балалар ұжымын әлеуметтік-психологиялық ерекшелігі мынада: үлкендер
ұйымдастырған балалар бірлестіктері қоғамның осы типіне тән қарым-
қатынастардың үлгісін жасаура мүмкіндік береді. Әрине, сондықтан да ұжым
ішіндегі балалардың өзара қарым-қатынасының олардың жеке басын қалыптастыру
үшін шешуші маңызы бар.
Қоғамда балалар ұжымы— баланың барлық қарым-қатынасын қалыптастырып қана
қоймайды, сонымен бірге өpic жайып, салалы өзгеріп отыратын ерекше
әлеуметтік орта мен жағдай болып табылады. Осы қатынастарды дұрыс кұрып
ұйымдастыру —тәрбие міндеттерінің бірі. Баланың ерекше икемделгіштігі
ұжымының оған белсенді ықпал жасауына мүмкіндік береді. Атап айтқанда,
коллектив — мектеп окушысының жеке басының тұрақты адамгершілік қасиетін
неғұрлым белсенді, мақсатты түрде қалыптастырудың шарты. Баланың өткен
буынның тәжірибесін, жинақталған білімдерді, ұғымдарды қабылдау процесі
дегеніміз ету жағдайлары бойынша да, сондай-ақ механизмдері бойынша да жеке-
дара тәжірибені қалыптастыру процесінен ерекшеленетін өзгеше бір процесс.
Бұл процесс баланың айналасындағылармен қарым-қатынасында өpic жаятын іс-
әрекетінде, өскелең адамды тәрбиелеуді, оны жеке адам ретінде
қалыптастырып, дамытуды мақсат тұтқан қарым-қатынастардын, үлкен де арнайы
ұсынған жүйесінде жүзеге асады.
Іс-әрекеттің көп қырлы жүйесінде балалардың барлық қарым-қатынастары
қалыптасады, олар осы жүйеде көрінеді. Балалар бірлескен іс-әрекеттің алуай
түрлеріне түрлі бірлестіктерде қатысады. Алайда бұл бірлестіктердің
балалардың өзара қарым-қатынасын қалыптастыруға психологиялық ықпалы бірдей
емес.
Психологтар мен педагогтар балалар конгломераты, кооперативтік топ
және қоғамның рұқсатымен құрылған іс әрекет пән дамудың әр түрлі
деңгейіндегі бірлестіктер, ақырында балалар коллективі деп бөледі. Жеке
адамды тәрбиелеудегі қоғамның міндеті балалардың кез келген кездейсоқ
бірлестігін құру емес. Тек оның жоғары формасы — калыптасқан-дамыған
балалар ұжымы ғана қогамның қойып отырған міндеттерін шеше алады, сонымен
бірге балалардық бір-бірімен араласу қажеттігін іске асыруга мүмкіншілік
береді.
Дамыған балалар ұжымы тек қана толық белгілі бір жас кезеңдеріндегі
баланың психикасын қалыптастыратын іс-әрекеттерінің белгілі түрлері
негізінде қажет және мүмкін болады. Шын мәніндегі әрі дамыған балалар ұжымы
үшін қоғамның пайдасына мақсатты түрде бірлескен мазмұнды іс-әрекеттің
үйлесімді мотивтері мен мақсаттарының ортақтығы, жалпы нәтижеге жету қамы,
белгілі бір ұйымдастыру мен байланыстар тән. Сонымен бірге оған барлық
мүшелерінің жоғары өзіндік іс-әрекет ету дәрежесі, ұжымдық өзара қарым-
қатынастың жоғары дәрежесі мен кеңдігі тән. Дамыған ұжымға баланың қарым-
қатынасының өріс алған жүйесі, оның басқа адамға ерекше қарым-қатынасы іс-
әрекет құралы емес, мақсаты ретінде болуы тән. Мұндай ұжымды қалыптастыру —
іс-әрекет пен балалардың қарым-қатынасының сипатын сапалы езгертуге
негізделген ұзақ процесс. I — II кластардағы мектеп оқушылары арасындағы
қарым-қатынасты, әдетте балалардың коллективтік қызметін ұйымдастыратын,
қоғамдық тапсырманы бөлетін мұғалімдер жасайды. III — IV кластарда
балалардың өз жолдастары арасында белгілі орын алуға қажеттілігі өседі де,
тәрбиенің шарты мен әдісі ретінде балалар коллективінің құрылуы басталады.
Жеткіншектік шақтағы балаларға өзара қарым-қатынасы кең құшақ жайған
өзіндік іс-әрекеті бар коллективті ұйымдастыру тән. Бұл осы кезеңде баланың
әлеуметтік позициясының сапа жағынан өзгеруіне, оның басқа адамдармен қарым-
қатынасының қайта құрылуымен байланысты, ол қарым-қатынас әр түрлі жағдайға
сәйкес құру, реттеу, бөгде адамның позициясын ескере отырып, өзінің қимылын
бағалау мен бағыттау іскерлігін үйренеді. Өзін шыңдаудағы талабын саралау
үстінде 10 — 16 жасар мектеп оқушысының бұл ерекшеліктері дәл осы тұста оны
қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің түрлі формаларының ішіндегі көп жақты
қатынасқа неғұрлым икемді етеді. Оны іске асыру жеткіншектердің қоғаммен
қарым-қатынасының сапа жағынан жүзеге енгізілгендегі негізгі психологиялық
ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Бұл іс-әрекеттің ішінде ұжымды шыңдаудың
психологиялық шарты болып табылатын жеткіншектердің өзін белсенділікпен
бекітуі жүріп жатуы мүмкін.
Сонымен дамыған ұжым өзінен-өзі дүниеге келмейді. Оның қалыптасуы, дамуы
кіші шәкірттік шақта басталады да, ал түп-тамыры одан да гөрі ертерек
неғүрлым сәбилік шақта жатады.
Балалар ұжымын дамыту дәрежесі балалардың өзара қарым-қатынастарын
дамыту деңгейлерімен және сипатымен анықталады. Балалардың қарым-
қатынасының өріс алған жүйесін құрудың негізі - олардың іс-әрекеттерін
мақсатты бағытта ұйымдастыру.
Мектеп оқушысы, әдетте, бір қатар түрліше, бірдей жастағы (мысалы, оқу),
түрлі жастағы (спорт, көркемөнер, қоғамдық-үйымдастыру) тұрақты, уақытша
және басқа ұжымдарға кіреді. Тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастырса, негізгі
міндеті мен функциясы қогамдық пайдалы іс-әрекет, қоғамдық өмір мен
қоғамдык мінез - құльықты қалыптастыру деп есептелетін, жастар одағы
ұжымдары шәкірт үшін неғұрлым референт болады. Барлық бұл ұжымдарда бала
басқа балалармен және үлкендермен белгілі қарым-қатынасқа түседі, өзіндік
орын алады, оның жеке басын қалыптастыратын, жетілдіретін белгілі бір
талаптар жүйесінде болады.
Балалар ұжымын мектеп окушыларының өміріндегі негізгі орта деп қарай
отырып, біріншіден олардың ұжымдық қызметін өзіндік іс-әрекет снпатына ие
болатындай, яғни іс-әрекет түрінде ұйымдастыру қажет, онда мақсаты балалар
үшін тартымды болғандықтан әрбір оқушының белсенділігін оятатындай мотивке
айналуы керек. Екіншіден, істі ұйымдастыру әрбір ұжым мүшесінің
шығармашылық тең құқықтық позициясын, оның даму, өзгеру мүмкіншілігін
қамтамасыз етуі керек. Тұрақты күрделіленетін бірлескен іс-әрекет алғаш
қатысы бар ұжым үшін, содан соң мектеп үшін, кейіннен аудан, қала үшін
орындалады. Үшіншіден, мектеп оқушыларының бірлескен жұмысын, әрбір
оқушының іс-әрекетінің нәтижесін жалпы нәтижеге жетудегі қажетті буын
болатындай етіп құрған жөн. Ұжымдық іс-әрекетті осылай ұйымдастыру
балалардың ынтымақтастығын, жауапкершілігін, демеуді сезінуін, көмектесуге
ұмтылысын оятады, қоғамдық пікірді пәрменді түрде қалыптастырады.
Балалар ұжымын тәрбиелеу мүмкіндіктері мыналармен: 1)балалар әрекетінің
мазмұнымен; 2)бұл ұжым қаншалықты тұтас іс-әрекеттің субъективті ісі
ретінде болатындығымен; 3)іс-әрекет процесінде ұйымдастырылатын барлық
қарым-қатынастардың жүйесімен айқындалады. Барлық ұжым мүшелеріне әрбір
бала үшін орнықты жағдай туғызатын қамқорлық қарым-қатынас ұйымдастыру аса
маңызды.
Балалар ұжымы тәрбие объектісі ғана емес, оның субъектісі де. Әрбір бала —
осы ұжымның мүшесі, сондықтан да мектеп оқушысына ұжымдық іс-әрекеттің
мақсатын таңдауға нақтылы қатысын, оны өмірде іске асырып, көпшіліктің
пікірін ұйымдастырып отыруы қажет. Жеке адамға балалар ұжымының тәрбиелік
ықпалы, баланы белгіленген қатаң талаптарға бағындыруға шығармашылық
белсенділігін жан-жақты итермелеумен анықталады. Әрбір баланың дербестігін,
инициативасын көрсету, даралығын дамыту үшін жағдай жасау жеке адамның
адамгершілік өрісінің байлығын ашып, оның моральдық ерік сапаларын
қалыптастырады.
Әлеуметтік қоғам адамның жеке басының интегралдық сапасы – ерекше
актуалды педагогикалық міндетті құратын ұжымды қалыптастыру.
Қоғамшыл – ұжымшыл адамды тәрбиелеу психологиясы. Аса маңызды
психологиялық проблема – балалар ұжымында жеке адамның ұжымшылдық
қасиеттерін қалыптастыру шарттары мен тәсілдерін анықтау.
Ұжымшылдық – жеке адамның өзінің нақтылы іс-әрекетіне көзқарасының
бірден-бір маңыздысы – қоғамдық іске шығармашылық көзқарас, бірақ тек өз
тобының жай қоғамдық ісіне ғана емес, жалпы барлық іс - әрекетке
шығармашылық көзқарас. Нақ осы жағдайда қоғамдык, іс-қажеттілік болып
есептелетін қалыптасқан жеке адамның өзін-өзі көрсетуі болып өтеді. Мұндай
қажеттілікті тұйық топта, оның тар шеңберлі істеріне ғана көзқарасын
қалыптастыру арқылы қалыптастыруға болмайды, өйткені жеке адамды жан-жақты
дамыту бір бөлігі ұжым болып табылатын кең шеңберлі мақсаттарға бағдар
алумен қамтамасыз етіледі.
Зерттеулер көрсетіп отырғандай баланың екі ұшты моралының басты
себептерінің бірі (өз ұжымында ол жолдастық, өзара көмектестік,
жауапкершілік қарым-қатынас көрсетеді, ал өз ұжымынан тыс жерде
(ұжымшылдық қасиеттер көрсетпейді) оның өз тобында тұйық қалуы болып
табылады.
Сынып ұлан бөлімі,оқушылар топтық ұжымын қалыптастыру, сөзсіз, балаларда
өз ұжымына және ұжым ішінде белгілі бір көзқарастарды тәрбиелеуге
көмектеседі.Алайда тіпті іскерлік тәуелділік, жалпы жауапкершілік
қатынастар ұжымы құрайтын жекелеген балалардың жеке басының ұжымшылдық
қасаиеттерімен өзін-өзі бірдей бола салмайды. Өзара жарысқа түсе отырып,
мектеп окушылары басқа ұжымның кей кезде жалпы іске зиян тисе де, олардың
класының (командасынын, тобынын) озып шығуына ынталанатын жағдайы да
ұшырасады. Мұндай жағдай, ұжым әлі де калыптаспаған, яғни онда жалпы іс
үшін жауапкершілік айқын көтерілмеген кезде байқалады да өзара жарыс
бірінші орынға шығу мотивінен туады. Бұл мотивтер топтық эгоизм сипатыида
болады да ұжымшылдықты қалыптастыруға көмектеспейді.Ұжымшылдық өз
ұжымында ғана қалып қоятын істерге сүйенбейді, себебі, ұжымдық болу-тек өз
ұжымының ісі үшін жаны ашу емес.Ұжымшылдықта ең бастысы — іс-әрекетке
қоғамдық бағдар беру жалпы іске шығармашылық көзқарас. Сондықтан да
ұжымдықты тек қана өз ұжымының істеріне көзқарасқа сәйкес тәрбиелеуге
болмайды.
Жеке адамның нақтылы ұжымшылдық қасиеттерін қалыптастыру жеке ұжымның
істері мен мақсаттарын белгілі дәрежеде нақтылау бұл істер мен
мақсаттардың біздің қоғамды құратын ұжымдардың неғұрлым кең міндеттерімен
байланысты екенін сезінуді қажет етеді. Нақ осы жолда ғана мектеп
оқушыларының жалпы істер үшін дара жауапкершіліктері қалыптасады. Демек,
арнайы ұйымдастырылған қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің бағытына сүйене
отырып, балалардың қарым-қатынастарының берілген жүйесін дамыту үшін негіз
жасайтындай, ұжым аралық сан алуан байланыстарының торабын құру елеулі
мақсат болады.
Балаларды жалпы біртұтас, көп салалы ұжым кұратын, түрақты және уақытша
ұжымдардың бірлестіктерінде ұйымдастырылатын іс-әрекеттің әр түріне бір
мезгілде енгізудің маңызы өте зор, себебі, бұл мектеп оқушыларының жеке
мүддесіне қосымша жаңа баға беріп, оны қоғамдық мәнді міндеттерді шешуге
бағдарлап коймай, балалардың сан алуан қарым-қатынастарын жетілдіреді.
Мысалы, ұжымдар арасындағы байланыстарды нығайтуда уақытша бірлестіктерді
мақсаттылықпен құру маңызды орын алады. Бұл жерде балалардың іс-әрекеттері
қысқа мерзімді істерді орындауға тапсырма алатын шағын топтарда
ұйымдастырылады. Бұл бірлестіктердің психологиялык ролі мынада: әрбір бала
неғұлым белсенді позиция ұстайтындай мүмкіншілік алатын жағдай жасалады,
балалардың өзіндік іс-әрекеттерін кеңінен және жүзінде дамытатын шарттар
пайда болады. Шағын бірлестіктер шеңберінде ұйымдастырылатын іс-әрекеттер
процесінде әрбір мектеп окушысы өзін жеке адам ретінде жариялай алады,
мүддесі бір, жалпы максат пен дара жетістіктерге жетудегі қызығуы бірдей
басқа балалар-дан қолдау және қуаттау мүмкіншілігін алады. Нақ осы жағдайда
бала барлық жолдастары мен өзі үшін маңызы бар топтағы өзара карым-
қатынасты ұғынады.
Балалардың бірімен бірге оқитын, екіншісімен бірге еңбек ететін,
үшіншісімен сурет салып, ән айтатын, төртіншісімен туристік жорықтарға жол
тартатын және т. б. балалардың сан алуан уақытша және тұрақты, көп және аз
мелшерлі бірлестіктеріне ене отырып, мектеп оқушысы әр топтың ықпалын
сезінеді, онда белгілі бір орын алумен қатар, оның әрқайсысында ерекше роль
атқарады. Мұндай бірлестіктердің көп қатарлы жүйесінде әр бала өзін
қанағаттандыратын орын табуына мүмкіндік бар. Демек, балалар ұжымының
құрудағы шешуші сәт, оның қандай да бір нақтылы міндеттерімен шектеліп
қоймай, кең көлемді қоғамдқ мақсаттарға шығуы болуға тиіс, мұның өзі жеке
адамның ұжымшылдық қасиетін белсенді қалыптастыру негізін — балалардың көп
салалы қатынастарын кең өрістетуді қамтамасыз етеді.
Мәселен, жетекшіліктік шақта балалардың жеке басындағы ұжымдық
қасиеттерді калыптастыру шарттарын анықтаған зерттеулердің мәліметтеріне
мыналар тән:
1. Кейбір балалар ұжымында жеткіншектер өз бірлестіктері шеңберіндегі іс-
әрекетпен айналысады. Іс-әрекет айқынбейнеленген қоғамдық мақсаттарға ие
болды, бұл мақсаттарға жету тиісінше мадақталып отырды (мысалы, шекара
заставасы-
на бару). Балалардың мөлшері, әдетте үйірмелер, бөлімдер, ұйымдар және т.б.
жұмыстарына қатысты, бірақ олардың іс-әрекетіне эксперимент жүргізушілер
арнайы араласқан жоқ.
2. Екінші жағдайда барлық мектеп оқушыларын бір мезгілде түрлі ұжымдарда
сыныр, бөлімге, клубқа, үйірмеге бағыттап енгізу ұйымдастырылады. Әр ұжым
қызметінің өзінің қоғамдық маңызды мақсаты болды, бірақ-та класс ұжымы
жетекші орын алды.
3. Үшінші жағдайда балаларды өзінің ұжымында қалып қоймайтын, іс жүзінде
елеулі мақсаты бар, қоғамдық маңызды іс-әрекетке енгізілген көп салалы
ұжымдардың арнайы ұйымдастырылған жүйесіне қатыстырды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар ұжымы дамуының негізгі сатылары және оның қалыптасуы
Балалар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы
Оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Мұғалім мен балалардың педагогикалық процестегі ынтымақтастығы
Педагогикалық үрдістегі балалар ұжымы
Ұжымның даму кезеңдері
Мұғалімдердің рөлі
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының әдістемесі
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЖЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Мектепте оқушылар ұжымын ұйымдастыру арқылы тәрбиелеу ерекшеліктері
Пәндер