Бағалы қағаздардың әлемдік нарығы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

12 ДӘРІС. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ӘЛЕМДІК НАРЫҒЫ

12. 1. Әлемдік бағалы қағаздар нарығының қызметтері мен мазмұны.
12. 2. Бағалы қагаздар түрлері
12. 3. Қор биржасы және басқа бағалы қағаздар нарығы.

12. 1. ӘЛЕМДІК БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН МАЗМҰНЫ
Бағалы қағаздар дегеніміз - қаржылай және қандай-да бір мүлікке
меншік құқығын көрсететін, сататын және сатып алатын қаржылық құжат, олар сәйкес құжатсыз басқа бір түлғаға сатылуы мүмкін емес.
Бағалы қағаздар, алып келетін пайдасы мен кіріс көлеміне сәйкес шаруашылық субъектілер арасындағы ақша ресурстарын орналастырудың арнайы құралы болып табылады. Бағалы қағаздар шынайы капитал түрі бола алмайды. Нақты капитал бағалы қағаздардан бөлек қызмет атқарады.
Бағалы қағаздар капиталға иелік етуге мүмкіндік береді, бірақ өнер капитал болып табылмайды, әйткені:
- бағалы қағаздар өндіріске тікелей салынбайды, олар ақшаға айналмай, капитал айналымының бірінші кезеңінде ғана өтеді;
- бағалы қағаздар әрқашан ақшаға айналуы екі талай;
- ақшаға айналған жағдайда, бағалы қағаздар құны нарықта өзгеруі мүмкін, бірақ капиталдық жалын массасы өзгермейді.
Капиталдық салымдардары қарсыландыру үщін бағалы қағаздардың эмиссиялық үрдісін секютиризация деп аталады. Бағалы қағаздардың эмитентері жеке фирмалар және корпорациялар, орталық және жергілікті органдар болуы мүмкін. Бағалы қағаздар нарығы келесі қызметтер атқарады:
1. Өте қысқа мерзімде эмитеттер капиталдарды аккумуляциялайды.
2. Қайтарымдық біржағы шығындық түрінде инвесторлар капитал салады.
3. Тұтынуды, инфляцияны және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштерді реттейді.
4. Инвесторларды меншіктенушілік міндеттері мен құқықтарын тартады.
5. Инвесторлардың салымдарына байланысты тәуекелдікті бөліп, капиталды дифференциялдайды.
6. Ұзақ уақытқа экономикалық өсімге септігін тигізеді.
Бағалы қағаздар нарығының құрылымында екі негізгі бөлігін көрсетеді:
- алғашқы нарық - бұл инвесторлар арасында алғашқы орналастыруды жүзеге асыратын бірінші және қайталанатын эмиссиялардың қор құрал нарығы.
- екінші нарық - бұл алғашқы нарықта эмитацияланған және орналастырылған өзінің өмірлік қиылында айналатын нарық.
Бағалы қағаздарды шығаруды бірінші алғашқы және инвесторларға тікелей эмитет айналым және делдал арқылы жүзеге асырылады. Әлемдік нарықтағы бағалы қағаздар көлемінің 71% - ы өндірісі дамыған 5 ел үлесіне тиеді: АҚШ, Жапония, Германия, Англия. Франция.
Минералдық қызметтерді өндіру үрдісінде оны қолдану үшін капиталды мобилизацилау құралы болып табылатын бағалы қағаздар түрлерін қарастырайық.

12. 2. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТҮРЛЕРІ
Ақшалар нарығы: Акция - бұл қоғамды басқаруға қатысуға, акционерлік қоғам кірісінен пайда алуға ұстаушыға құқық беретін бағалы қағаз. Дивидент түрінде кірістік бөлігін алуға құқық беретін бұл акциялық номиналды құны, былайша пайыз түріндегі акционерлер арасындағы кәсіпорынның кірісін бөлуге кепілдендіріледі.
Сонымен қатар кірісті бөлу номиналдық құн былайша жұзеге асырылады. Акциялық қурстық құны былайша емес. Тәжірибе жүзінде акция бағасы оның номиналдық құнымен ещқашан сайкес келмейді. Бағалы қағаздар нарығында акцияның бірнеше түрі бар:
- Атаулы акциялар - акция иеленушінің атауын немесе атын білдіреді. Бұл қағаздардың иелері кәсіпорын реестірінде сәйкес тіркелуі тиіс. Бұл кәсіпорынның өзінің акционерлерінің жеке тұлғаларын бекіту кезінде қолданылады. Акцияның бұл түрі АҚШ пен Швецарияда кеңінен қолданылады. Бұл акцияларды сатуға болады, бірақ касіпорының реестіріне өзгертулер енгізіледі.
- Акцияны винчурлау - бұл акционерлік кәсіпорының рұқсатымен үшінші түрмен сатылатын атаулы акцияның ерекше түрі.
Акционерлік қоғамының жеке мүшесі кім болатынын, мүмкіндігі болса жағымсыз түрлерді жібермеу мақсатында қолданылады.
- көрсетушіге акция - көрсетушіден жаңа сатып алушыға тікелей беру жолымен сатылуы мүмкін, оның ішінде шетел инвесторларыда бар.
- Ұстаным акциясы - бұл оны ұстаушыға дауыс құқығын бермейтін, бірақ алынған пайдаға тәуелсіз белгілі дивидентін алуға кепілдік беретін даусыз акциялар.
- Облигациялар - бұл корпорация қызметіндегі сұрақтарды шешуде және дивидент алуда оның иесіне құқық бермейтін қарыздық міндеттемелер. Бірақ ставка түрінде алуға құқық береді. Дамыған елдерде облигациялардың көптеген түрлері бар.
Әлемдік қаржылық нарықта «Три - А» жоғарғы бағасына бағаланған мемлекетпен жеке корпорациялармен облигациялар мойындалады, оның төлем мүмкіншілігіне халықаралық банк қоғамдастығы еш күмән келтірмейді.
Варрант пен облигациялар - белгіленген баға бойынша көрсетілген мерзімінде иеленушіге бағалы қағаздарды сатып алуға құқық беретін жеке құжат.
Алтын варратн пен облигациялар - нарықтың конъюктурасына тәуелсіз қатаң баға былайша инвестордың алтын сатып алуына мүмкінщілік береді.
Тасымалданатын облигациялар - белгіленген жағдайда алдын - ала бекітілген бағам, былайша қарыз - компанияның акциясын айырбастауға болады.

12. 3. ҚОР БИРЖАСЫ ЖӘНЕ БАСҚА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ
Өндіргіш бағалы қағаздар нарығы - Өндіргіш бағалы қағаздарды батыста деривативтер деп атайды. Өндіргіш бағалы қағаздың шығуы себебі, баға тәуекелдігін қайта бөлу болып табылады. Олардың негізгі қызметі - бұл капиталдық нарығындағы бағалардың өзгеруінен экономикалық субъектілерді сақтандыруды қамтамасыз ету.
Өндіргіш бағалы қағаздардың экономикалық негізін акциялар мен облигациялар құрайды.
Өндіргіш бағалы қағаздардың түрлері:
бағалы қағаздарға опциондар, қаржылық фьюгерстер және форвардық келісім - шарттар.
Опцион - бұл белгілі бір мерзімде алдын - ала белгіленген баға басқаша шектелген бағалы қағаздар санын салуға және сатып алуға құқық беретін бағалы қағаз. Белгілі бір бағалы қағаздар санын сатып алуға құқық беретін опцион, қолл - опцион деп аталады. Белгілі бір бағалы қағаздар санын сатуға құқық беретін опцион публицион.
Қаржылық құралдар басқаша шұғыл келісім шарттар алдын - ала бекітілген баға немесе келісілген уақыт, басқаша қаржылық активтердің белгілі бір бөлігін сатуға немесе сатып алуға келісімді білдіреді. Бұл келісім шарттардың екі түрі бар:
- Пайдалы үстеме, былайша жедел келісімдер биржада еркін сатылатын стандартталған келісім - шарттарды білдіреді.
- Болашақтағы пайыздық үстеме туралы келісімдер.
Шетелдік бағалы қағаздар ұлттық валютада көрсетілген және ұлттық қаржылық орталықтағы резидент елестердің шығарған қаржылық құжатын білдіреді.
Евроқағаздар -бұл валюта түрінде шығарылатын шетелдік инвесторлар арасында жүретін эмитенттер үшін шетелдік болып табылатын қаржылық құжаттар. Алғашқы қағаздар Европада эмитирленген болатын, кейіннен олар әлемдік басқада жерлерінде шығарыла бастады, бірақ олар ізінше «евроқағаздар» деп аталып кетті. Ең алғашқы еуроқағаздар өткен жүз жылдықтың 60 - жылдары пайда болды. Еуроқағаздар нарығының дамуы мен пайда болу себебі шетелдік нарықта капиталды мобилизациялау мүмкіншіліктігінің қйын жағдайынан пайда болды.
Бағалы еуроқағаздар нарығы үш сектордан тұрады:
- еурооблигациялар нарығы
- қысқы мерзімді еуроқағаздар нарығы
- еуроакциялар нарығы
Бағалы еуроқағаздардың негізгі алушылары жеке мемлекеттер, мемелекеттік мекемелер, халыққаралық ұйымдар, трансұлттық компаниялар, жергілікті билік оргаңдар болып табылады.
Еурооблигацияларды таратумен консорциум және синдикаттарға біріккен диллер ретіндегі бонстер айналысады. Консорциум эмитенті келісімімен банк - менеджер бақшылығынды еурооблигация эмиссиясының бөлігін және шығаратын көлем былайша міндеттен өзіне алады және олрды өздерінің клиентерінің арасында таратады. Клиенттері сақтандыру компаниясы, зейнетақы қорлары, орталық және коммерциялық банктер және, де әртүрлі қаржылық және несиелік мекемелер болып табылады. Еурооблигацияларды тарату бойынша операцияларды жүргізгені үшін банк - делдалдарға қаржы төленеді. Осында облигациялар бөлетін банктің консорциумының негізгі басқармалары. Мұны сату мен сатып алу бағасының арасындағы айырма есебінен пайда алатын маркет - майкерлер атқараты.
Бағалы қағаздар нарығындағы еурооблигацияның келесі түрлері шығарылады:
- Әр жылғы кірістен төленетін белгіленген пайызы бар еурооблигациялар;
- Толқымалы пайыз мөлшерлемесі бар еурооблигациялар.
ЛИБОР былайша индекстелетін және әр 6 айда қарастырылып тұратын нарық пайызының өзгеруіне тәуелді облигациялар бойынша мөлшерлеме.
- Тасмалдалатын облигациялар белгіленген пайызы бар еурооблигацияларға қарағанда ұстаушыға аз кіріс береді. Бірақ оны акцияға айырбастау мүмкіншілігі бар.
- Нөлдік купоны бар еурооблигациялар - бұл облигациялар эмиссиондық бағалы номиналдыдан төмен болып кейде оның деугейіне 30-40 пайызды құрайды. Олар бойынша кірістер әр жылда емес, өтеу мерзіміне ғана төленеді. Өтеу номиналдық курс бойынша жүзеге асырылды.
- Опциялдық еурооблигациялар - бұл өз иелеріне келісімдердің әртүрлі нұсқасын таңдауға құқық береді.
Бағалы қағаздар нарығында қысқа мерзімді еурокоммерциялық қағаздардың келесі түрлері шығарылады:
Еуродепозиттік сертификаттар 3-6 айлық мерзімге дейін шығарылады. Ең алғашқы еуродепозиттік сертификат 1966 жылы Лондонда шығарылды. Еуродепозиттік сертификатта көрсетілген пайыздық соманы көрсетушіге белгіленген мерзімге банк бойынша евровалюта негізінде, банктің депозитіне төлеу туралы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздар нарығының дамуын мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы
Бағалы қағаздар нарығы туралы ақпарат
Корпоративті бағалы қағаздар мен қор нарығы
Бағалы қағаздар нарығына сипаттама
Нарықтық экономикада бағалы қағаздардың алатын орны
Қор нарығы
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы туралы мәлімет
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының дамуы және оны реттеу мәселелерi
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығындағы – мемлекеттің қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz