Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу



1 Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері
2 Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілік тәрбиесіне баулу
Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта құруды міндеттейді. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі - өркениетті прогрессшіл бағыттағы азаматтық - адамгершілік қасиеттері мол, сондай-ақ ұлттықтілін жоғалтпаған өзге тілдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Бұгінгі күні әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ізгілік, яғни адамгершілік тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық,.
Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері - оқушылардың белсенді әміршілік, саналық көзқарасын, сөз бен істің бірлігін адамгершілік нормаларынан ауытқуларға жол бермеуді қалыптастыру. Ол баланың жеке басының қалыптастырушы дамудың аса маңызды бір саласы. Бұл арқылы Отанға, еңбекке қатынасын айқындайды. Тәрбиелі ұстаз шә-кірттерге жан-жақты тәрбиені осы адамгершілік тәрбиесінен бастайды.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН
АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
Ж.Ж. КІШІБАЕВА,
М.Әбенова атындағы орта мектеп мұғалімі
Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан
жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта құруды міндеттейді. Осыған
байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі - өркениетті
прогрессшіл бағыттағы азаматтық - адамгершілік қасиеттері мол, сондай-ақ
ұлттықтілін жоғалтпаған өзге тілдегі замандастарымен тең дәрежеде
бәсекелесе алатын биік, өрелі терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Бұгінгі күні әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ізгілік,
яғни адамгершілік тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық,.
Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері -
оқушылардың белсенді әміршілік, саналық көзқарасын, сөз бен істің бірлігін
адамгершілік нормаларынан ауытқуларға жол бермеуді қалыптастыру. Ол баланың
жеке басының қалыптастырушы дамудың аса маңызды бір саласы. Бұл арқылы
Отанға, еңбекке қатынасын айқындайды. Тәрбиелі ұстаз шә-кірттерге жан-жақты
тәрбиені осы адамгершілік тәрбиесінен бастайды.
Себебі бұл оның адамгершілік сезімін, сенімін белгілі мақсатқа,
бағытқа жетелеу іс -әрекетін ұйымдастыруды жетілдіреді. Сонда ғана ұстаз
шәкірттердің ізгіниеттілігін, адалдығын, кішіпейілділігін қалыптастырады.
Кішіпейілділік отбасынан дамиды, оған ата-ананың берген тәрбиесі,
тұрмыс тіршілігі көп әсер етеді. Халықта мақал бар: "Ұлық болсаң, кішік
бол" деген. Бұл сөздің мәнін балаға -түсіндіріп айтып отыру ата-ана мен
мұғалімнің парызы. Баланы қоғам ағымына сәйкес тәрбиелеу "Иілгенге иіл,
шалқайғанға шалқай"деген сөз де осыдан шықса керек. Балаларды
кішіпейілділікке тәрбиелеудің әдістәсілдерінің бірі шығармашылыққа жүгіну.
Балаға жазушылардың шығармаларын оқыта отырып, ондағы кеиіп-керлердің
образын талдата отырып, баланың ой-психологиясына да үңілуге болады.
балаларды сыныптық ұжым ішінде қарымқатынас кезінде, достарымен аралас-
құралас кезінде қандай екенін білуге және сол мінезіне қарай отырып оның
мінезқұлқын жөндеуге және кішілейілділікке тәрбиелеуге болады.
Халық ауыз әдебиеті адамгершілік, эстетикалық тәрбие беруде баланың ой-
өрісін дамытады. Оларда қазақ тілінің байлығы және шексіз шешендік
мүмкіндіктері тайға таңба басқандай байқалады.
Соның бір саласы - мақал-мәтелдер. Олар халықтың көргенбілгенін,
көңілге түйген, бастан кешкен оқиғаларын түйген. Орыс педагогы
К.Д.Ушинский: "Мақал-мәтелдер балалардың тәрбиесі мен адамның жеке басының,
қршыптасуындағы сан ғасырлық тәжірибені қорытындылаушы, нағыз халық
педагогикасы" - деп жазды.
Дүниетаным жеке адамның мінезқұлқы мен іс-әрекетінің реттеуші қызметін
атқарады. Мінез, адамгершілік сезімдер туғаннан пайда болмаса да, нерв
жүйесінің адамның табиғи ерекшеліктері мінез-көріністерінде, оның жекелеген
бітімінің қалыптасуында аңғарылып отырады.
Адамгершілік сезім дегеніміз - әлеуметтік және табиғи өмірдің сан
алуан жақтарына эмоциялық қатынас.
Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілік тәрбиесіне баулу, олардың бір-
бірімен достық-жолдастық қарым-қатынасының нығаюын қарастыру, олардың
әрдайым жақсы қатынаста болуын қамтамасыз ету адамгершілік сезімнен туады.
Адамгершілік тәрбиесі бірнеше міндеттерді шешуге көмектеседі.
- Өмір талабына сай қоғамның моральцық нормасын орындауға лайықты
шәкірттерді тәрбиелеу.
- Оқушының бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
- Оқушылардың санасына және мінезіне ұстаздық ықпал жасау.
- Отанға, халқымызға, еңбек және қо-ғамдық іс-әрекетке жауап кершілік
сезімін күшейту.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін тәрбие моральдары балалардың жас
ерекшеліктеріне, жеке бас ерекшеліктеріне, қызығушылығына лайықты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық
Бастауыш оқушыларының адамгершілік тәрбиесі
Бастауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілерін пайдалану
Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларын ертегілер негізінде тәрбиелеу
Бастауыш сынып оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық - психологиялық негіздері
Бастауыш мектепте адамгершілік тәрбие берудегі әдіс - тәсілдеріне сипаттама
Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық ертегілерін оқыту процесінің рөлі
Рухани - адамгершілікке тәрбиелеудің шарттары
Пәндер