Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық дүниетанымын жетілдірудің шарттары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 115 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ӘОЖ -372. 01

Қ-31 Қолжазба құқығында

КАМБАРОВА МЕРУЕРТ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ШАРТТАРЫ

6М010200-БАСТАУЫШТА ОҚЫТУ ПЕДАГОГИКАСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ мамандығы бойынша педагогика магистрі академиялық дәреже алу үшін магистрлік диссертация

ТҮРКІСТАН - 2014

А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Қорғауға жіберілді:

Бастауышта оқыту педагогикасы

мен әдістемесі кафедрасының

меңгерушісі, п. ғ. к., доцент

Г. Т. Тоққұлова

«___»20__ ж.

Магистрлік диссертация

Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық дүниетанымын жетілдірудің шарттары

мамандығы: 6М010200 «БАСТАУЫШТА ОҚЫТУ ПЕДАГОГИКАСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ»

Магистрант М. Камбарова

Ғылыми жетекші:

п. ғ. д., доцент Ж. Садыков

ТҮРКІСТАН - 2014

МАЗМҰНЫ

Аннотация . . . 3

Нормативтік сілтемелер . . . 4

Кіріспе . . . 5

  1. Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық дүниетанымын қалыптастырудың теориялық негіздері . . . 12Қазақ дүние танымының генезисі . . . 12Оқу - танымдық дүниетанымның дефинициясы . . . 27Бастауыш сынып оқушыларының оқу - танымдық дүниетанымның құрылымы . . . 29
  2. Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық дүниетанымын дамытудың шарттары . . . 46Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық дүниетанымын қазақ тілі пәнінің негізінде дамыту шарттары . . . 46Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық дүниетанымын математика пәні бойынша қалыптастыру . . . 77Тәжірибелік - эксперименттік зерттеу . . . 83

Қорытынды . . . 96

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 100

Қосымша материалдар . . . 104

Аннотация

Диссертациялық жұмыста білім беру стандартын қайта қарау, сараптау арқылы оқушылардың оқу-танымдық дүниетанымына жаңа сапалық өзгерістер енгізу қарастарылған. Диссертацияның негізгі бөлімінде қазақ халқының дүниетанымының генезисі, оқу-танымдық дүниетанымның дефинициясы (пәлсапалық анықтамасы), бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық дүниетанымының нобайы (моделі), сонымен бірге бастауыш сыныпта оқылатын математика, қазақ тілі пәндерінің негізінде, олардың оқу-танымдық дүниетанымын қалыптастырудың шарттары қарастырылған.

Жұмысты бастауыш мектеп мұғалімдері, студенттер мен ғылыми ізденушілер пайдалана алады.

Аннотация

В данной диссертации рассматриваются условия формирования учебно-познавательных мировозрений учащихся начальных классов, а именно генезис учебно-познавательного мировозрения казахского народа, современное состояние дефинитивное (определенные) понятие учебно-познавательных мировозрений, модель учебно-познавательных мировозрений учащихся начальных классов, а также расматриваются условия формирования учебно-познавательных мировозрений учащихся начальных классов на основе предметов казахского языка и математики.

Работу могут использовать учительных классов, студенты и научные соискатели.

Annatation

In this dissertation are considered conditions of formation of educational

and cognitive outlook of primary school pupils, and namely genesis of teaching

and learning outlooks of Kazakh people, modern status of specific concept

of teaching and cognitive outlook, model training and cognitive outlook of

primary school pupils, and also considered the conditions of formation of

educational and cognitive outlook of primary school pupils on the basis of

Kazakh language and Mathematics.

This work can be used teachers of elementary classes, students and scientific applicants.

Нормативтік сілтемелер

Осы магистрлік диссертация жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтеме жасалған:

-Қазақстан Республикасы 2007-жылғы 27-шілдедегі «Білім туралы» заңы;

-Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012-жылғы 23-тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің ( бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.

-Университеттің ішкі нормативтік ережесі:

УЕ-ХҚТУ-015-2014 Магистрлік диссертация жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар;

-УЕ-ХҚТУ-027-2014 Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу ережесі.


Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің басты міндеті ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде білімді нақты жағдайда пайдалану икемділігін меңгерген, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Субьектіге тұлғалық - бағдарлы тұрғыда келу және оқу үдерісінде құрылымдық, мазмұндық тұрғыда өзгерістер енгізу мәселесі 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «2050 - Стратегисында» қарастырылды (Егемен Қазақстан «2050 - Статегиясы», Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы) .

Бастауыш сатыда білім беру үдерісін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, психологиялық - педагогикалық негіздерін терең зерделеуді қажет етеді. Ғылыми - педагогикалық еңбектерде бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру (Ю. К. Бабанский, И. П. Подласый және т. б. ), бастауыш сынып оқушыларының ерекшеліктері (Л. В. Занков, В. В. Давыдов, Н. Ф. Талызина, Д. Б. Элконин және т. б. ) бастауыш сынып мұғалімдерін (А. Калашникова және т. б. ), оқыту технологияларын қолдану (В. П. Беспалько, М. В. Кларин, С. Н. Лысенкова, В. М. Монахов, В. Ф. Шаталов және т. б. ) мәселелері зерттелген. Отандық ғалымдар А. Х. Арсенова, Ә. М. Мұханбетжанова, Т. С. Сабыров, Ш. Х. Құрманалина, Қ, А. Сарбасова және т. б. ғалымдар бастауыш сынып оқушыларының оқу - танымдық іс - әрекетін, жеке тұлғалық дамуын, өз бетінше білім алуын, білім сапасын дамытудың тиімді жолдарын қарастырған.

Бастауыш сынып оқушылары мектеп алды даярлық кезеңінде қалыптаса бастаған оқушылырдың білім сапасын интерактивті әдістер арқылы дамыту П. Я. Гальперин, М. Н. Скаткин, А. В. Усова, республикада К. Ж. Аганина, М. А. Құдайқұлов, О. Мұсабеков, С. К. Нашарипова, О. Сәлімбаев сияқты ғалымдардың еңбектерінде орын алған.

Нәтежеге бағдарланған білім беруде бастауыш сынып оқушыларын тұлға ретінде қалыптастырып, білім сапасын дамыту көзделеді. Мұны интерактивті және басқада әдістерді қолдану арқылы жобалау қазіргі педагогиканың өзекті мәселелерінің біріне айналып, бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын дамытуды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан зерттеу қажеттілігі байқалады. Біріншіден дәстүрлі оқыту әдістері бастауыш сынып оқушыларын бәсекеге қабілетті етіп оқыту мен білім сапасын дамыту нәтежесіне жетуге кепілдік бермейтін күнделікті іс-тәжірибені көрсетіп отыр. Екіншіден, оқушылардың білім сапасын олардың оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуына, ал ол білім мазмұнының берілуіне тәуелді. Бастауыш сатыдағы оқу материалдарының логикалық құрылымы мен пәндік мазмұнын анықтауға және білім мазмұны толық меңгертуге деген қажеттіліктер өсіп отырғанымен, оның оқушыға ұғымды, әсерлі берілуіне жете мән берілмеген. Үшіншіден, бастауыш сынып оқушыларының жаңа педагогикалық технологияларға қызығушылықтары байқалады, бұған бастауыш білім мазмұнында көңіл бөлінбегендіктен, білім деңгейінің қалыптасуы төмен деңгейде қалып отыр. Себебі бастауыш сатыда жаңа педагогикалық технологиялар арқылы білім сапасын дамытудың педагогикалық шарттары айқындалмаған. Бұл педагогика ғылымында жаңа әдіснамалық негіздері ғылыми зерттеуді талап етіп отыр және мұны бүгіннің өзінде жасау қажет.

Мемлекетіміз тәуелсіздік алғанан бері қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруден жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды талап етеді. Жедел жаңарып тұратын әлем және ақпарат ілегінің ұлғаюы жағдайында қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемі ретінде білім беру жүйесінің ролі мен маңызы арта түседі. Осы тұрғыдан келгенде, ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, үздіксіз білім берудің ролі зор екені даусыз.

Қазір қазақстандық білім беру мазмұны заман талаптарына сәйкес ұлттық, ізгіліктік нышандарды қамтып жаңартылуда, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінде 28 наурыз 2014жылы «Бастауыш мектептің жаңа стандарты талқыланды» (Стандарттың авторлары п. ғ. д. профессор М. М. Жадрина және т. б) - «Егемен Қазақстан» 2014, 28 наурыз.

Оқу-танымдық іс-әрекет - бұл арнайы оқушының өзі ұйымдастырған және адамзат баласы жинақтаған мәдени байлықты игеру мақсатындағы сырттай тануы. Оның пәндік нәтижесі ғылыми білім, білік, дағды, тәртіп үлгісі және оқығандарды меңгеретін іс-әрекеттер түрлері болып табылады.

Оқу - танымдық іс-әрекеттің өзге әрекет түрлерінен ең басты ерекшелігі-оқушының үнемі «жаңа дүниеге енуімен», оқушының әрбір әрекетінің екінші бір жаңа әрекетке үнемі ауысып отырумен байланысты. Сондықтан, оқу үдерісінде оқушының білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл-ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын іс-әрекетті ұйымдастырудың тиімді әдіс тәсілдерін іздестіру өзекті мәселе болып табылады.

Қазіргі кезде кез-келген өскелең ұрпақ шап-шаңдықты, ерекше ақыл ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттігін және оқу - танымдық қызығушылықтары арқылы білім алуға және оны меңгертуге талпындыруды қажет етеді. Бастауыш сынып оқушыларына білім, білік, дағдыны қалыптастыра отырып оны практикалық жағдайда қолдана білуге үйрету жаңа стандарттың өзекті мәселесі болып табылады. Осы мәселенің шешімін табу біздің зерттеуді айқындап, тақырыпты "Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық дүниетанымын жетілдіру шарттары" деп алдық.

Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық дүниетанымын жетілдіру шарттарын бастауыш сынып пәндері бойынша ғылыми әдістемелік тұрғыдан негіздеу, тәжірибелік- экспериментте тексеріп қортындысын шығарып, ғылыми негізделген ұсыныстар беру.

Зерттеу нысаны: Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық дүниетанымын жетілдіру белсенділігін оптималдауды талап ететін бастауыш мектепте оқытудың нақты оқу жүйесі.

Зертеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық дүниетану әрекетінің қалыптасу деңгейімен байланысты болатын оқытудың тиімділігінің артуы.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекеттерін дамытудың ауызша және жазба әдістері ғылыми-әдістемелік тұрғыда негізделсе; қазақ тілі мен ана тілі пәндерін оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекеттерін дамытудың ауызша және жазба әдістері әдістемелік-тәжірибелік негізінде анықталса, онда оқушылардың оқу танымдық дүниетанымы арттады, өйткені бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі мен ана тілі, математика және т. б. сабақтары олардың оқу танымдық іс-әрекеттер түрлерінің ауысып отыруын талап етеді.

Зерттеу міндеттері:

- бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық дүниетанымын дамытудың ғылыми-әдістемелік негізін айқындау және мәнін ашып көрсету;

- бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық дүниетанымын дамытудың мүмкіндіктерін анықтау:

- бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық дүниетанымын дамытудың шарттарының құрылымдық-мазмұндық моделін жасау, танымдық іс-әрекеттердің өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерін айқындау;

- бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық дүниетанымын дамытудың әдістерін жетілдіру және оның тиімділігін эксперименттік-тәжірибе жүзінде тексеріп, ғылыми әдістемелік ұсыныстар беру.

Зерттеудің жетекші идеясы: Бастауыш мектептегі оқыту үдерісінде оқушылардың оқу-танымдық дүниетанымын дамыту әдістерін жетілдіру, танып-білу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу, оны ғылыми-әдістемелік тұрғыда пайдалану оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің дамуына мүмкіндік тудырады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері болып табиғат, қоғам, техника дамуының жалпы заңдылықтары; таным теориясы мен ғылым логикасы, дамыта оқу теориясының негіздері туралы философия, психология, педагогика ғылымдары, оның ішінде қазақ тілі мен ана тілі математика пәндерін оқытудың теориясы мен әдістемесі, философиялық және психологиялық-педагогикалық тұжырымдамалар; бүкіл әлемдік прогрессивті психологиялық-педагогикалық ғылымдардың фундаменталды ережелері, білім мен басқару салаларындағы жалпы адами құндылықтар құрайды,

Зерттеу әдістері:

- зерттеу тоеориялық негізін айқындау мақсатында философиялық және психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді зерделеу және оларға талдау жасау;

- қазақ тілі мен ана тілі пәндеріне қатысты бағдарламаларға, құжаттарға, оқулықтарға, әдістемелік құралдарға ғылыми-әдістемелік талдау жасау, қазақ тілі мен ана тілі пәндерін оқытудағы отандық озық педагогикалық тәжірибелерді оқып-үйрену, талдау,

- тәжірибелік эксперимен жүргізу, бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекеттерін дамытудағы оқыту үдерісін бақылау, оқытушылармен, оқушылармен әңгімелесу, сауалнама жүргізу және эксперимент нәтежелерін математикалық статистикалық бағалау арқылы қортындылау.

Зерттеу көздері: Білім беру саласындағы арнайы мемлекеттік құжаттар, ҚР Президентінің "2050" стратегиялық жолдауы ҚР-ның 2005-2010 жж. Мемлекттік білім беруді дамыту бағдарламасы [83], ҚР-ның 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы [84], ҚР-ның білім беру туралы заңы [85], ҚР жалпы білім беретін мектептің тұжырымдамасы, зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер, оқушылардың ізденістерін қалыптастыру бағытындағы өткізген пән мұғалімдерінің озық тәжірибелері, соңғы уақыттағы педагогикалық зерттеу жұмыстарының нәтежелері оқу бағдарламалары, оқу әдістемелік кешендер, магистранттың мектептегі және жоғарғы оқу орындағы педагогикалық, кәсіби іс-тәжірибесі.

Зерттеу базасы: Шымкент қаласы Т. Тәжібаев атындағы №47 гимназия мектеп, №13 Мукими атындағы мектеп, №54 орта мектеп, С. Көбеев атындаңы №56 орта мектеп, Жамбыл атындағы №26 лингвистикалық мектеп-гимназия және №53"Хамза атындағы орта мектеп.

Зертеу негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде (09. 2012-04. 2013) қазіргі қоғамдағы қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық, инновациялық- педагогикалық, мәдени өзгерістерге байланысты бастауыш білім беру жүйесінің даму тенденциялары қарастырылып, зерттеу тақырыбының өзектілігі айқындалды. Отандық шетелдік ғалымдардың ғылыми теориялық, әдістемелік еңбектеріне және педагогика ғылымындағы іргелі ғылыми зерттеуді талдау және бастауыш мектепте оқыту тәжірибесінің жай-күйін, жетістіктері мен қайшылықтарды саралау барысындағы зерттеу жұмыстарының негізінде бастауыш сынып оқушыларын танымдық іс-әрекетке баулитын ғылыми әдістемелік негіздері және ғылыми апараты анықталып, оқу үдерісіне енгізілді.

Екінші кезеңде (09. 2013-04. 2014 жылдары) зертеудің ғылыми болжамы мен міндеттеріне сәйкес бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды, танымдық іс-әрекеттердің өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері айқындалды. Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін дамытуға арнайы бағдарлама жасалынды, зерттеу базаларындағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтежелері кезең-кезеңмен жүйеленіп, ғылыми-әдістемелік тұрғыда сараланады. 2013-2014 жылғы жүргізілген тәжірибе жұмыстарының қортындылары шығарылып, нәтежелері анықталып бір жүйеге келтірілді. педагогоикалық эксперимент жұмысының нәтежелеріне талдау жасалынып, сандық және сапалық тұрғыда өңделіп, диссертацияға қойылатын талап бойынша рәсімделді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

- бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін дамытудың ауызша және жазбаша әдістерінің ғылыми-әдістемелік негіздері пәндер тұрғысынан айқындалады және мәнін ашып көрсетіледі.

- бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін дамытудың ауызша және жазбаша әдістерінің бүгінгі жағдайы сараланып, мүмкіндіктері анықталады.

- бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін дамытудың құрылымдық-мазмұндық нобайы жасалып, оның өлшемдері мен көрсеткіштері мен деңгейлер айқындалады.

- бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін дамытудың ауызша және жазбаша әдістерін жетілдірудегі қазақ тілі мен ана тілі пәндерін оқытудың әдістемесі айқындалып, оның практикада қолдану тиімділігі тәжірибелік-эксперимент арқылы тексерілді, қорытынды нәтежесі шығарылды.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

- бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін дамытып ауызша және жазбаша әдістердің ғылыми-әдістемелік негізі;

- бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін дамытатын ауызша және жазбаша әдістердің мүмкіндіктері мен оны жетілдіру жолдары;

- бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін дамытатын ауызша және жазбаша әдістердің құрылымдық-мазмұндық моделі, оның өлшемдері мен көрсеткіштерінің сипаттамасы;

- бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін дамытудың педагогикалық, ғылыми-әдістемелік жүйесі, эксперимент нәтежесі және әдістемелік ұсыныстар.

Зерттеу нәтежелерінің дәлелдігі мен негізділігі: Диссертациялық зерттеудің ғылыми-әдістемелік негізінің дәлелденуі мен зерттеу мазмұнының сапалық, мазмұндық деңгейі жоғары болды.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: Диалектикалық таным теориясы, адамды ең жоғары құндылық ретінде танитын тұлғалық бағдарлы білім беру тұжырымдамасы, тұлға мен оны дамытудағы іс-әрекет теориялары, білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы.

Зерттеу көздері: Философтардың, психологтардың, педагогтардың таным, жеке тұлға мен оның іс-әрекеті, оқу іс-әрекетіндегі оқушы мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасы, білім мазмұны және оны меңгерту үрдісі, оқыту технологиясы, бастауыш сынып мектепте интерактивті оқыту әдістерін пайдалану туралы ғылыми еңбектері, бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарттары, білім беру туралы нормативті құжаттар, типтік оқу жоспарлары мен бағдарламалары, пәндер бойынша оқулықтар мен әдістемелік құралдар, Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасы, білім беру жүйесін ақпараттандыру мен қашықтықтан оқыту тұжырымдамалары, электрондық әдістемелік жүйе, озық тәжірибелер, сондай-ақ диссертанттың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі.

Зерттеу әдістері. Зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, бастауыш мектептің құжаттарын (стандарт, оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар, әдістемелік нұсқаулар), озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу, модельдеу, салыстырмалы талдау, әңгіме, сауалнамалар жүргізу, оқу үрдісін бақылау, мониторинг.

Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеудің нәтижелері бойынша бастауыш сынып оқушыларына арналған жаңа оқыту технологияларын қолданудың теориялық және практикалық маңызы, интерактивті оқыту әдістерінің мазмұндық сипаттамасы, бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын қалыптастыру моделі тәжірибеге ендірілді.

Зерттеу нәтежелері мен қортындыларын жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие жұмыстарында, мұғалімдердің біліктілігін арттыру ісінде пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының талқылануы және қолданылуы мына төмендегі баспа беттерінде жарияланып, практикалық мәнге ие болды: Зерттеу жұмысы А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының мәжілістерінде, әдістемелік семинарларда талқыланды. Зерттеу нәтижелерінің негізгі қағидалары мен тәжірибелік - эксперименттік жұмыс барысында Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Инстиутында «Білім, ғылым және өндірісті интеграциялау концепциясы» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, ОҚМПИ, (2014ж 1 наурыз), Түркістан қаласы Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Жаңа формацияда кәсіптік білім берудің өзекті мәселелері» атты ІІ-дәстүрлі Халықаралық ғылыми-тәжірибелік интернет - конференциясы (2014), Тараз қаласының Республикалық педагогикалық журналы Білім. kz №5(29) (2014ж мамыр), Қырғызстан мемлекетінің «Вестник БГУ» Научный журнал Бишкекского Гуманитарного Университета им. К. Карасаева №2(28) (2014 маусым), Қазақстанның ғылымы мен өмірі, Халықаралық ғылыми-көпшілік журналы, №3-4(24-25) (2014ж) материалдарында баяндалып, ғылыми мамандар назарына ұсынылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Диссертация кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Бастауыш сынып оқушылардың оқу-танымдық дүниетанымын қалыптастырудың теориялық негіздері.

  1. Қазақ дүниетанымының генезисі

Дүниетанымның пайда болуы адамның тіршілік болмысынан пайда болған қоғамдық тарихи-құбылысымен байланысты болады. Адамның әрбір тарихи кезеңдерінде табиғат, ондағы құбылыстар, өмір, тіршілік, тұрмыс туралы өзіндік көзқарасы, түсінік-ұғынулары болады. Адамзат санасының, дүниетанымының қажетті бөлігі де - осы дүниеге көзқарас болып табылады.

Қазақ дүниетанымының қалыптасуы Еуразия даласындағы Хунндар мен Ғұндардың үлкен кеңістікте өмір сүруімен байланысты қалыптасты. Бұл туралы тарихи деректер М. Аджидің айтуынша: « . . . біздің жыл санауымыздан бұрынғы VI - V мыңжылдықтан кейін өздерін угор, фин, литван, эстон, кельт және викингпіз деп атап жүрген жұрттың көпшілігі жоғарыда айтқан дәлізбен Азиядан Еуропаға жол тартып, сол жерлерде өздеріне қоныс тауып, тұрақты мекендеп қалған. Сол кездерде олардың бір-бірінен айырмашылықтары да жоқ болатын, бір-біріне ұқсас өзен бойын, орман ішін мекендеп, аң аулап, балық ұстап, бірге көшіп жүретін. Халық болып ұйымдасып қалыптасса да, ұлы қоныс аударушылардың көш басы осылар болатын деп айтады. Бұл жасалған тұжырым шындыққа келеді. Өйткені, Шығыс Еуропа елдерінің негізін қалағандар, яғни Скандинавия түбегі мен Балтық бойын угор, фин, литван, эстон және кельттер б. з. б бірінші мың жылдықтың ортасында бүкіл Галияны иемденіп, VI-ІІІ ғасырларда қазіргі Испания, Британия, Италия, Германия, Чехия және Венгрия жерлерінің бір бөліктерін орнығып қалғаны тарихтан белгілі [6] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық дүниетанымын жетілдірудің шарттары. АВТОРЕФЕРАТ
Бастауыш мектепте қоршаған орта пәнін оқытудың әдістемесі
Дүниетану сабағында кіші мектеп жасындағы оқушыларының танымдық белсенділігін жетілдіру тәсілдері
Дүниетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдіру тәсілдері
Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың маңызы және оның басқа пәндермен байланысы
Оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәні сабағында танымдық белсенділігін дамытуда психологиялық-педагогикалық ерекшіліктерін анықтау
Қазақ мақал-мәтелдерінің бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын дамытудағы ролі
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін жетілдіру
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық жағдайлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz