Көшпелілер философы


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Көшпелілер философы

2. Асан қайғы - ұлттық идеяның тарихи негізін салған - ойшыл

3. Асан қайғының «Жерұйығы»

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Асан қайғы - ұлттық идеяның тарихи негізін салған - ойшыл. Асан қайғы творчествосындағы экзистенциалдық мотивтер. Қайғы ойшылдықтың мінездемесі. Жер - ұлттық дүниетанымның басты ұғымы. Асан қайғы дүниетанымындағы «Жер ұйық» ілімі. Қазақстан - Жерұйық.

Асан Қайғы Сәбитұлы (XIV ғасырдың ақыры - XV ғасырдың басы) - мемлекет қайраткері, жырау, би, ойшыл. Керей мен Жәнібек хандардың ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен.

Асан Қайғы заманында Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қырым, Қазан, Өзбек хандықтары пайда болды. Ноғай ордасы тарап, Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуы хандықтар арасындағы қым-қиғаш талас-тартысты аласапыран кезеңмен тұспа-тұс келді. Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған көшпелілер философы (Ш. Уәлиханов) атанған Асан Қайғы «өзінен қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман аңғарынан да бірталай көрініс, білік - дерек береді» (М. Әуезов) . Асан Қайғы ұсақ хандарының басын біріктіріп, қазақ халқын, іргелі ел етпек болған Керей, Жәнібек сұлтандарды жақтайды. Шу мен Арал аралығында Қазақ Ордасы құрылған кезде Асан Қайғы жаңа мемлекеттің ұраншасына айналады .

Қазақ философиясының төл тарихын Асан Қайғыдан бастағалы отырмыз. Оның тарихи-мәдени себептері бар. Біріншіден, жоғарыда келтірілген деректерде Асан Қайғы Қазақ хандығы кезінде өмір сүріп қана қоймай, оның ұраншысы болған. Демек, ол трихи тұлға. Асан Қайғы қазақ хандығын құрушы қайраткер. Екіншіден, Асан Қайғы - ойшыл, оның қазақтардың мәдениеті тарихындағы алатын орны ерекше. Ол өз жыр, толғауларында жаңа құрылып жатқан мемлекеттің азаматтарын елдікке насихаттаушы - жырау. Үшіншіден, Асан Қайғының өзінен кейінгілерге үлгі болатындығы, оның есімі ел жадынан әсте шықпаған. Асан Қайғы есімі иісі қазаққа белгілі, сондықтан да оның есімі аңызға айнала бастаған. Есімі аңызға айналған хакімдер тарихта сирек, соның бірі - Асан Қайғы. Сондықтан қазақ халқының дүниетанымы дегенде нақтылап Асан Қайғы ойшылдығын нысанаға алу шындыққа сиымды. Әрине, Қазақстан топырағында ілгеріде Қорқыт, Қашқари, Баласағұн, Иасауи т. б. ойшылдар болғаны, көпшілікке мәлім. Олар бүкіл түрік әлеміне ортақ тұлғалар және де Асан Қайғы сөзсіз аты аталған хакімдердің заңды мұрагері.

Асан Қайғының дүниетанымында экзистенциалдық мотивтер барын айтпасқа болмайды. Біз, философияда «экзистенция» дегенді ХІХ қанат жайған экзистенциализмге қатысты айтамыз. Рас. Экзистенциализм ол Батыстық мәністегі ойлау кеңістігінде қалыптасқан сана. Мен бұл жерде экзистенциализмді емес, тек экзистенция дегенді ғана қолданып отырмын, себебі ол ғылымға сіңісті болған түсінік. Экзистенция деген латынның өмір сүру деген сөзінен шыққан. Осы мәнде экзистенцияны Асан Қайғы дүниетанымын түсіндіруде қолдануға болады. Асанның келе-келе Асан Қайғыға айналуы осы өмір сүру философиясына қатысты. Ойшылдықтың мұндай дәстүрі Қорқыт-атадан басталған. «Түркі дүниетанымы» пәнін өткенде, бұл мәселеге арнайы тоқталғанбыз. Қорқыттың сұрағы - «Қайда барсаң Қорқыттың көрі» - өмір философиясы туралы мәселе болатын. Асан Қайғы өмір философиясы емес, өмір сүру философиясы туралы мәселеге ауысқан, себебі оның мақсаты айқын, ол жаңа мемлекет құру, ол үшін жер мәселесін шешу қажет. Асан Қайғы экзистенциясы дерексіз ойлауға негізделмеген, ол позитивті, болашаққа нық сенімі бар, саяси бағыты анықталған - ойшыл. Ол тектен-тек дала кезіп жүргені жоқ, жаңа мемлекетке жер анықтау ісінде жүр. Ел болу үшін, ең әуелі жер керектігі белгілі. Оның қайғысы жеке басының мұңы емес, халықтың мүддесі. Сондықтан жазу столының басында отырып ой толғаған ойшылдарға қойылатын талап, өлшемдер Асан Қайғыға жарамайды. Шоқан Уәлихановтың оны дала данышпаны деп атауы әбден дұрыс, ол желмая үстінен түспеген, үнемі сапардағы адам. Ол өмір мен өлімді тек өз үйінде не ауылында отырып көріп отырмаған, ол сол өмірдің және өмір сүрудің қаншаықты ауырлығын бүкіл кең даладан көріп білген. Ойшыл болған соң, ол бар істің себебіне үңілген, сондағы оның түйгені халыққа Жерұйық керектігін айтқан. Жерұйық деген не? Ол халықтың бақытты тұрмысы. Ол біледі, бақыттың алдамшы екенін, ойшыл адамның үнемі - қайғыда болатынын. Ойшыл адам ешқашан бақытты болмайды және бақыттымын деп сезінбейді. Ойларыңызға Будданың философиясын еске алыңыздар, ол өмір сүру азап деп айтпап па еді. Ол сол азаптан шығудың жолдарын, тәсілдерін айтқан. Асан Қайғы да солай етіп отыр, бірақ оның шешімі - саяси шешім. Ол адамдарға Жерұйық идеясын ұсынған. Бұл халық жақсы тұрмыс кешсін деген асқақ идея. Идеясыз шындыққа, тіптен нәтижеге жетуге болмайды, осыны Асан Қайғы терең түсінген. Ол халыққа бақыт ұсынып, осы қайғыға батқан себебі дүниеде кемел адам жоқ. Адам деген - пенде. Адам кемел болса, не періште, не құдай болмақ. Адамның құдай атануы буддизмде бар, бірақ қазақ дүниетанымына жат түсінік. Адамға жаратушы ізгілікті сана берген, ол деген сөз адамның жетілуінің яғни кемелденуінің мүмкіндігі. Ізгілік деген - мүмкіндік. Ізгілік ойшыл адамның мінездемесі. Осы ізгілік Асан Қайғы дүниетанымының басты арнасы. Асан - сөзсіз ізгілік жолындағы жан. Осы ізгілік қуаты оны қайғы - мұңға бастап әкеткен. Парасат пен ізгілік ойшылдықтың басты қасиеттері. Осы екеуін де Асан Қайғыдан табамыз. Қайғы деген ойшылдықтың болмысынан туады. Дүниеде рахат жоғын Асан Қайғы біледі. Рахат деген болашақ, яғни о дүние болмысы, осы халді жанымен сезінген Асан өзінше бақытты ғұмыр туралы ой толғаған. Ғұмыр - ақиқат, олай болса, неге, неліктен адамдар бақытты тұрмыс құрмаулары керек - деген ниет Асанның мазасын алған жетекші ой. Абай «қайғысыздың бәрі асау» - деген еді. Асан да осы жағдайды көріп, біліп өзі арсында жүр. Қайғысыз асаулар

көп, ондайлар әр заманда болған және бола да бермек. Мысалға, Асанның Жәнібек ханға айтқанын келтірейін:

Қырында киік жайлаған,

Суында балық ойнаған,

Оймауыттай тоғай еліңнің,

Ойына келген асын жейтұғын,

Жемде кеңес қылмадың,

Жемнен де елді көшірдің.

Ойыл деген ойыңды,

Отын тапсаң ойынды,

Ойылкөздің жасы еді,

Ойылдан елді көшірдің.

Елбең-елбең жүгірген,

Ебелек отқа семірген.

Екі семсер қолға алып,

Ерлер жортып күн көрген

Еділ деген қиянға,

Еңкейіп келдің тар жерге.

Кеңестің түбі нараду,

Жәнібек атты жақсы хан,

Еділ менен Жайыққа

Кәуірге қала салдырдың,

Ақылды белден шалдырдың,

Көңілді жаман қалдырдың.

Мен айтпасам, білмейсің,

Айтқаныма көнейсің.

Шабылып жатқан халқың бар,

Аймағын көздеп көрмейсің.

Қымыз ішіп қызарып,

Мастанып, қызып терлейсің.

Өзіңнен басқа хан жоқтай,

Елеуреп неге сөйлейсің?!

Билік басындағылардың асау келетіні ежелден білгілі әлеуметтік мінез. Асан болса сабырлылық философиясын ұсынады. Сабырлылық ізгілік пен парасаттылықтан тұрмақ. Ойшыл, ең алдымен - ізгі жан. Ізгілік халық мүддесінен туған феномен болғандықтан Асан Сәбитұлы осы ізгілік философиясын өзінің өмір сүру салтына айналдырғандықтан, халық оны жәй Асан демей - Асан Қайғы деп атап кеткен. Бізге де ол осы есіммен аңызға айналып жетіп отыр. Негізінде жоғарыда Ұлттық Энциклопедиядағы деректегідей, ол тарихи өмір сүрген - реалистік тұлға. Сонда Асанды қайғыға салған не дегенге келсек, жоғарыда айттық, адамға Жаратушы кемелдену мүмкіндігін бергенмен, оны кемел етіп бірден жаратпаған, сол себепті адамның ісі, әрекеті, харекеті де жетік емес. Олай болса адамдардың арасындағы қым-қиғаш қатынастар да сол мәнде. Ал, биік, байлық мәселелерінде әңгіме мүлдем ауыр. Билік мемлекеттің ісі, сонда қалың халық қамын кім ойламақ. Халық мүддесі мен мемлекеттік мүдде бір ме? Бұл даулы мәселе. Алайды Асан Қайғы айтуынша, бұл екеуі бір мәселеде ортақ шешімге келуі керек, ол жер мәселесі. Мемлекет жерсіз болмайды, жұртшылыққа да қажеттісі - жақсы жер. Осы жақсы жер деген түсінікті Асан Қайғы «Жер-ұйық» деп атаған. Халық ел болуы үшін бір жерге ұюы керек, сонда мемлекет іргесі берік болмақ. Неге Асан Қайғы заманында Жер даулы мәселеге айналды дегенге келсек, осы кезде Алтын Орданың ыдырап, жаңа ұлттар қалыптасу дәуірі басталған еді, демек әр ұлт еншісіне жер иеленіп қалуы керек. Әзірге қолда әскер (яғни, күш) барда, жерге иелікті бекіту қажет, ол үшін Жерге мінездеме керек. Ұрпақтар өсіп-өнетін Жер, әншейін емес, жақсы Жер - ол Жер-ұйық болуы керек. Осы идеяны ұсынған Асан

Қайғы Аңызда желмаясына мініп, жер кезіп кетеді. Осы харекет Асанды халық жадында Асан Қайғы деп сақтаған.

Қазақ дүниетанымында Жер деген айрықша ұғым. Жер туралы Асан Қайғының түсінігі терең. Ол өткен тақырыпта айтылған Қозы Көрпеш - Баян сұлу заманын жетік білген. Ол кезде жер кімнің иелігінде болғанын да біледі. Кейінгі Шыңғыс хан шапқыншылығына қатысты оқиғалар көкірегінде сайрап жатыр. Енді Шыңғыс ханға дейінгі жағдай қайта көріне бастады. Алып империя Алтын Орда күйреді. Іштен мүмкін іріткі, мүмкін бұрынғы қыпшақ, оғыз тайпаларының этникалық санасы оянып, өздерінше ел болу талпынысы, әйтеуір тарих сахнасына Қазақ хандығы деп аталатын мемлекет енді. Бұл жаңалықтың басы, сонымен бірге кезінде өше бастаған түркі жұртының елдігінің ренессанстық көрінісі болатын. Халықтың жадында түркілік сана қайтадан оянды, Қазақ хандығының тілі қазақ тілі, яғни түркі тілі болды. Осы тұстағы ең көрнекті мемлекет қайраткері әрі ойшыл, хакім Асан Қайғы болатын.

Асан Қайғы тек ақын, жырау емес, ол би, ол қазақ мемлекеттігінің негізін салған саяси қайраткер. Мемлекеттің негізі жер болса, бұл мәселені Асаннан асып айтқан ойшыл жоқ. Ол жер туралы айтып қана қоймай, жаңа ұғым қалыптастырған, ол Жер-ұйық ұғымы. Бұл ғажап идея. Бұл Асан Қайғының тарихи ерлігі. Қазақ тарихында бұл мәселеде Асанға тең келетін адам болмаған. Халыққа ортақ идея ұсыну, оларды бірлікке, туыстыққа шақырып, өзі осы идеяның насихатшысы болып, ғұмырын соған арнаған. Ол ұю дегенді, бүгінгі лексикаға салсақ, мемлекет болу деп түсіну керек. Сонда Жер-ұйық дегеніміз қазақ мемлекеттігінің жетекші - идеясы. Бүгінде ұлттық идея деп көп айтып жүрміз, ол Жер-ұйық дегеніміз, осы ұлттық идеяның тарихи алғашқы формасы. Ұю үшін Келісім, Бітім, Татулық керек, себебі қазақ хандығына енген ру, тайпалардың өздеріне тән тарихи-мәдени менталиттері бар. Ол тайпалардың қайсы бірі кезінде жеке-жеке хандық құрған. Сондықтан олардың жаңа мемлекеттің азаматтары, яғни қазақтар атанып кетуі қиындау мәселе. Осыған орай Асан Қайғы былай деген: «Қарындасты жамандап, туысты қайдан табасың».

Асан «қарындас» деп бір ел боп туысқан жұрттың азаматтарын айтып отыр. Діні бір, тілі бір, тарихы бір ру, тайпалар бір жерге ұйып жаңа ұлт болды, оның аты қазақ этносы. Енді осы ұлттық сананы Асан «қарындас», яғни туыс деген ұғыммен бейнелеп отыр. Туысыңды жамандасаң, жауға жем боласың, елдігіңнен айрыласың, - дейді Асан Қайғы. Бұл ұлттық идеяның жанды жері. Осылай деп «қарындастарына» жақсы жер - Жер-ұйықты іздеп кетеді Асан Қайғы. Ел жадында Асан айтты деген сөз бар. Ол әр жерге, аймаққа мінездеме берген. Мысалы, Қаратаудан өткенде айтқан екен:

Қаратау еншінің алған қосың көкек

Бауырың қара от, ойпаң, шөбі көбек,

Бір түйеге болмаса, төрт түлік мал,

Қыстауға қар, жазғы шөлде не күнелтпек.

Аты ерте қартаяр жер азғыны,

Бетеге, көлі, шалғын жусаны жоқ,

Ебелек, көктеп, қаңбақ шөп азғыны,

Жайласа Қаратауды бір-екі ай,

Отырса Сыр бойында ала қыстай,

Сонда ғана болар еді малға жайлы,

Деді де жүре берді күн тұрыспай.

Жер тану деген жерді мәтін ретінде оқу. Асан Қайғы жерді мәтін етіп «оқып» отырған. Жердің бетіндегі нәрселерді айтып, ары қарай кете берген. Шымкенттен Сайрамға келген кезде былай депті:

Ел айтпас жақын болса базарлы жер,

Көбейтпес ел есімін мазарлы жер.

Сыр бойын көріп айтыпты дейді:

Секілді мынау Сырдың басы байпақ,

Аяғы жайылыңқы болар тайпақ.

Боларлық екі ауылға қонысы бар,

Жер еді бұрында өзі жүрген байпақ,

Керек екен деп тұрды басын шайқап.

Шуға келгенде айтыпты дейді:

Өзен екен айнала жері борбас,

Жағасы қара қамыс, аң, жолбарыс,

Пышағын қынабынан алып ет жемейтін,

Көшесі көп баланың еш қуырылмас.

Еркегі ат, әйелі жат болатұғын,

Жер екен бұл араға тұрып болмас.

Асаннаң айтқан сөзін ұғып алып,

Жалықпай ере берді өмір жолдас.

Жеті қоңырға келгенде айтыпты дейді:

Деген жерге келгенде жеті қоңыр,

Мәуіт екен арқаға болар өңір.

Онан басқа сөз болмаған соң оған теңер.

Торғай өзеніне келгенде айтыпты дейді:

Өзен екен аққан су бал татыған,

Еті барақ, шабағы май татыған.

Қыстауға тар, жайлауға өрісі жоқ,

Деді де өте шықтысу атынан.

Терісқаққан өзенін көргенде айтыпты дейді:

Келгенде өзеніне Терісқаққан,

Суынан ұрттап алып дәмін татқан.

Тұздығы екен Сарыарқаның деді - дағы,

Жүріп кетті түк айтпай басқа жаққа.

Қара қойын Қарлыны көргенде айтыпты дейді:

Жылқының жал-құйрығы төгіліп тұр.

Лайықты жылқыға жер болғанменен,

Бір жұтқышы бауырыңа көрініп тұр.

Қыс болғанда бораны ашылмайтын,

Екендігі басыңнан сезіліп тұр.

Соққан да бәрі менің тамағым деп,

Айдаһар аузын ашып емініп тұр.

Нұраға келгенде:

Жер екен ат семіртер алты күнде,

Тоқтатты онан кейін сөзді мүлде.

Тіс жарып одан басқа сөз айтпады,

Артық сөз қоса алмадық бұған бізде.

Есілге келгенде:

Өзен екен қыры бірдей суы менен,

Жарылысы болар бірдей байымен тең.

Су жайылып, мұз басып, қыс болғанда,

Өріс малға тараң болады екен.

Сілеті мен Жаңашардың тұзын көргенде:

Екенсің қара аттың төбеліндей,

Ананың сүйген ерке көбеніндей.

Алдыма өңгерем бе, бөктерем бе,

Тартамын қай жарама мына тұзды,

Әйтпесе жер екенсің тілегендей.

Ерейменге келгенде:

Желден жеті есік бар Еременде,

Келіп ем көзге сырты ерейгенге.

Боларлық малға жайлы, қоныс па деп,

Көрейін деп алыстан серейгенге.

Қыс болғанда байыздап жылқы тұрмас.

Жылқы тұрса биеде құлын тұрмас.

Ораздының жайлауы Шиырлының,

Қыстауы бол бір өзі ерейген тас.

Екі жағын қыстаған ел малды болып,

Шарасы мұндағы елдің малға толмас.

Соңынан жауап айтпай ере берді,

Бұздайды не десе де он бір жолдас.

Өлеңті өзеніне келгенде:

Әуелі еш нәрсе айтпай өлеңдетіп,

Кеткенде біраз жерге мұнан өтіп,

Сұрады жолдастары қасындағы,

Кеттіңіз неге үндемей ағып өтіп.

Қопалы өзен екен қоныс болар,

Жер емес тайыншасы қысыр қалар.

Айраны ерте шығып әдеттеніп,

Кеу тамақ деп балаға атау тағар.

Тоқты торым ұрлығы үзілмейді,

Ел іші өтірік-өсек сөзге толы.

Соны айтып, өлеңдетіп өткендіктен,

Өлеңті ат сонан қалған ұзын хабар.

Шідерті өзеніне келгенде:

Көргенде тоқтап тұрды Шідертіні,

Жер екен топырағы асыл, суы шыны.

Бір айда майға бітер арық аттар,

Тоқтатар тұсағандай бос жылқыны.

Маясын тұсап жатқан екен,

Шідерті деп атанды сонан міне.

Баян тауына келгенде:

Көргенде Баян тауын қарап тұрып,

Басына жалғыз өзі көрді шығып.

-Ат ерін алмайтұғын бір жер екен,

Отырар мұны қалай қоныс қылып.

Бір көрген бұған қайта келмейтұғын.

Кісідей ант қылады көрмейтұғын.

Тұзы бар бауырында қара тікен,

Бір қонғанды бір жұма жібермейтін.

Ертіске келгенде:

Көрем деп ұлы Ертісті тура келді,

Байқастап жағасында біраз жүрді.

Күйдім деп бала қарап отырмайтын,

Жер-ау, деп алдын ойлап болжап тұрды.

Сиырдың мүйізіндей тікірейіп,

Көпірдің құлағындай түр үрпиіп.

Күнінде сол кәпірден жылайды-ау деп,

Кейін бұрды маясын іші кейіп.

Семей тауға келгенде:

Қысы суық, жазы ыстық сынау жерді,

Әйелі семіз, ері арық мұндағы елдің.

Түс табаны төрт елі атан менен,

Төсегінен түңілген жүрер ердің.

Шыңғыс тауына келгенде:

-Құтырған тауына екен топырағы,

Оған ыстыққан отырар шөбі тағы.

Ол шөпті жеп семірген мал қотырын,

Етін жеп, сүтін ішкен адамдағы,

Жер екен ұрыс-жанжал көп болатын,

Көп төгілер еркінде ердің қаны.

Тоңлық өзеніне келгенде:

Он екі тұтам қазылық ой Тоңлық,

Жағасы маңырап жатқан қой төңірек.

Құлағы тұтам қарыс шығып тұрған,

Ені тар өзен аққан бой Тоңлық.

Қызыл тауға келгенде:

Басына Қызыл таудың шықты барып,

Қарады алды-артына көзін салып,

Тоқты қысыр қалмайтын бір жер екен,

Тау-тасы қой боп жатқан ыңыранып,

Жақсылықта шығар жері көк баялыш.

Жамандықта шұбайтұғын көп баялыш.

Сені желкем шұқыры көрсін дейтін,

Жер екен уай Гарыш, уай Гарыш.

Алатауға келгенде:

Түні суық, күні ыстық жер даласы,

Ананың емшегіндей сай саласы.

Төрт елі топырақ асты алтын екен,

Ішпей, жемей тоятын айналасы.

Қарқаралыға келгенде:

Қалқайған қылған ел көрер пайданды бай,

Ешқайда сені тастап баралмас ем.

Сені бірақ алады - көпірлер жау.

Кент бұқтыға келгенде:

Мынау тұрған қарағай, тау Кенті екен,

Еліне жегізетін май, женті екен.

Қазанға салған қаңбай, желі тоқпақ,

Түп түгел шаруаның кенті екен.

Абыралы-Жалаулыға келгенде:

Мынау ма Абыралы-Жалаулы тау,

Сарқиыс, Сарыағаштай қалаулы тау.

Жерінің мың, жусаны асыл екен,

Бір түбі, бір тоқтыға балаулы тау.

Үш қарадан өткенде:

Тоқтамай Қызыл тауға аттаныпты,

Үш қара деген жерге тақалыпты,

Артына үш бұрылып қарағаннан,

Үш қара деп Үш биік аталыпты.

Шілікті көргенде:

Үш қақпасы бар екен, төртіншісі болғанда,

Жатқа бермес жер екен

Асанның осылайша жер-жерді аралап, оларға мінездеме беруіндегі мақсаты не дегенге келсек, бұл сауалға жауапты өз сөзінен табамыз, ол сөзін хан Жәнібекке арнап былай дейді:

Өзің Жәнібек,

Елден асқан батырсың!

Тіл алсақ іздеп, қоныс көр.

Жел мая мініп, жер шалмас,

Тапқан жерге ел көшір

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көне түрік жазбаларындағы алғы философиялық ойлар
Көшпелілер тарихы. Көшпелілерде өркениет болды ма
Өмір сүрген кезеңі
Қазақ философиясының тарихи ерекшеліктері
Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері
Тіл - мәдениеттің тасымалдаушысы
Қазақ топырағында қалыптасқан философия
Ерік еркіндігі мәселесін зерделеу және түсіндіру
Көне түрік жазбаларындағы алғы философиялық ойлар жайында
Таным философиялық мәселе ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz