Қор нарығындағы брокер - дилерлік қызметтің теориялық аспектілері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ҚОР НАРЫҒЫНДАҒЫ БРОКЕР . ДИЛЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Қор нарығындағы брокер . дилерлік қызметтің мәні, құрылымы мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1 Брокерлік . дилерлік қызметтің түрлері мен жіктелінуі ... ... ... ... ... ... ... .13
1.3 Биржадағы мәмілелерді жүргізудегі брокерлер . дилерлік қызметтердің ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БРОКЕРЛЕР.ДИЛЕРЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ: ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ ТҰРҒЫСЫНАН ДАМУ БОЛАШАҒЫ
2.1 Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік.дилерлік қызметтің даму тенденциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
2.2 Қазақстан республикасындағы брокерлер.дилерлердің қызметін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
2.3 Бағалы қағаздар нарығындағы брокер . дилер қызметтерінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43

3 ҚАЗАҚСТАН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНДАҒЫ БРОКЕРЛІК . ДИЛЕРЛІК ЖӘНЕ ТРАНСФЕР. АГЕНТТІК ӨЫЗМЕТТЕРДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҚТАРЫ

3.1 Қазақстан бағалы қағаздар нарығындағы брокер.дилерлік және трансфер.агенттік қызметті жүргізудің ерекшеліктері мен тәжірибелері ... ... ... ... ... ... ... .51
3.2 Қаржылық кеңес беру жəне андеррайтинг қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .63

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..66

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...68
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі Қазіргі таңда жеке тұлғалар қор нарығына реттелген екі жолмен шыға алады: біріншісі брокер арқылы жұмыс істеу, келесісі жарналық инвестициялық қорлар арқылы бағалы қағаздар нарығына шығу.
Бірінші тәсілге келсек, алдымен брокердің кім екенін ашып алайық. Анықтамаларда, брокер-табыс табу мақсатында, яғни дүниежүзілік валюталар, бағалы қағаздар және т.б. бағамдарының өзгерісініне табыс табатын, қаржы нарығында операциялар жасайтын кәсіпқой делдалды айтамыз. Брокер өз клиенттерінің атынан және шоты арқылы қаржылық құралдармен алып-сатарлықпен айналысады. Бірақ та, бағалы қағаздың иесі ол емес, сіз болып табыласыз. Ең бастысы нарықта мықты беделге ие немесе жеке өзіңіз сенетін брокерді табу.
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында бағалы қағаздар нарығының барлық қатысушылары үшін арнайы жағдайлар қарастырылған. Оның ішінде брокерлер үшін жеке тұлғалармен жұмысты жандандыру мақсатында біршама жеңілдіктер қарастырылған. Ал жеке тұлға сату немесе сатып алу операциялары жүргізген бағалы қағаз бойынша дивиденд, сыйақыға және қарыздық бағалы қағазды сату барысында пайда болған құн өсіміне салық салынбайды. Алайда бұнын жалғыз шарты бар, бұл-бағалы қағаз бойынша барлық іс-әрекеттер Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жүргізілуі тиіс.
Бұл тәсілдің ерекшелігі, сізге қор нарығының дамуы, болып жатқан өзгерістері жайында көп ақпаратты білуге және мерзімді қадағалап тұруды үйретеді. Яғни, сіз бағалы қағаздар нарығының белсенді ойыншысына айнала аласыз. Сондықтан бұл жолдың тиімділігі – өз кезегіңізде нарық жайында көп ақпарат жинап, өзіңіздің инвестициялық портфеліңізді құруға және келешек табысыңызды уақыт өтісімен өзгертіп тұруға септігін тигізеді.
Бағалы қағаз нарығына қатысудың келесі жолы – бұл бос жатқан қаражатыңызды жарналық инвестициялық қорға салу. Қазіргі таңда Қазақстанда 86-сы жабық, 11-і ашық және 12-сі интервалды болып табылатын 109 жарналық инвестициялық қор жұмыс жасайды. Жарналық инвестициялық қор – қор нарығындағы операциялардан пайда табу мақсатында кәсіпқой мамандарға басқаруға сенім негізінде берілген, азаматтар мен заңды тұлғалардың (пайшылардың) бірлескен құралдары болып табылады. Сіздің қолыңызға қордағы үлесіңізге құқықты куәландыратын атаулы бағалы қағаз – пайда береді. Бұл инвестициялық қор өз кезегінде, нарықты айналыста жүрген және жан-жағынан ептеп пішіліп, дұрыс деп тапқан бағалы қағазға қордаланған қаражаттың белгілі бір бөлігін құяды. Бұл тәсілдің тиімділігі-жарналық инвестициялық қорда шот ашу барысында келісім-шартқа қол қою арқылы сіз алдын-ала қандай табыс түсетінін білесіз. Қандай да бір жағдай болсын, жарналық инвестициялық қор келісім-шартта көрсетілген табыс көлемін төлеуге міндеттеледі.
Еліміздің қарқындап дамуы, халықтың әл-ауқатының жоғарылауы, мемлекет тарапынан әлеуметтік мәселелерді тиімді шешуі тұрғындардың жинақталған бос қаражаттарын банкетрдегі депозиттерге салуға не болмаса жылжымайтын мүлік нарығында пайда табу мақсатында алып-сатарлықпен көптеп айналысуына алып келді. Бұл өз кезегінде, әсіресе еліміздің ірі қалаларында, тұрғын үй бағамының күрт өсуіне септігін тигізді. Алайда, ақшаны бұл тәсілдермен инвестициялаудың біршама кемшіліктері бар.
Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты Қазақстандағы брокерлер-дилерлердің қызмет жағдайы және әлемдік тәжірибе тұрғысынан даму болашағының теориялық және тәжірибелік аспектілерін зерттеу болып табылады.
Зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттемелер:
- брокерлер-дилерлердің қызмет етуінің теориялық және тәжірибелік негізін қарастыру;
- брокерлер-дилерлердің қызметінің қор нарығын дамытудағы рөлін айқындау;
- қазақстанның брокерлер-дилерлердің қызметінің ағымдағы жағдайын талдап, тиімділігін анықтау;
- ҚР брокерлер-дилерлердің қызмет жағдайына талдау жүргізу;
- әлемдік қаржы нарықтарындағы дағдарыстың Қазақстан брокерлер-дилерлердің қызметке әсерін талдау;
- ҚР брокерлер-дилерлердің қызметтің дамуындағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісіҚазақстандағы брокерлер-дилерлердің қызметі болып табылады.
Дипломдық зерттеу жұмысының пәні ретінде Қазақстандағы брокерлер-дилерлердің қызмет жағдайы және әлемдік тәжірибе тұрғысынан даму болашағын қолдану жолдары
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде әлемдік экономикалық ғалымдардың еңбектері, отандық және шетелдік ғалымдар монографиялары мен мақалалары, бағалы қағаздар нарық қатынастарын реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық құжаттар алынды.
Жұмысты жазу барысында ақпараттық база ретінде Қазақстан Республикасының Конститутциясы, Қазақстан Республикасының биржа нарығын реттейтін Заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Жолдаулары, ҚР Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі Агентігінің, ҚР Қаржылық қадағалау Агенттігінің, Ұлттық Банктің қаулылары, ҚР Алматы өңірлік қаржылық орталықтың, ҚР Алматы өңірлік қаржылық орталықтың қызметін реттейтін Агенттіктің, Қазақстан қор биржасының материалдары, әртүрлі деңгейлердегі конференциялардығ мәліметтері, журналдар, сондай-ақ республикалық факторлық, салыстырмалы және статистикалық талдау негізінде алынған талдамалық зерттеу материалдары пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазіргі уақытта Қазақстандағы брокерлер-дилерлердің қызмет жағдайы және әлемдік тәжірибе тұрғысынан даму болашақ жағдайын зерттеп қажеттілігін және бағыттарын анықтау басты шарт болып табылады.
Негізгі ғылыми жаңалықтардан тұратын зерттеу жұмысының маңызды нәтижелері болып келесілер жатады:
- теориялық-әдістемелік зерттеу нәтижесінде Қазақстандағы брокерлер-дилерлердің қызмет жағдайы және әлемдік тәжірибе тұрғысынан даму негіздері нақтыланған;
- Қазақстан Республикасының брокерлер-дилерлердің қызметте интернет-трейдингті қолдану бағыттарын қарастыру;
- брокерлер-дилерлердің қызметті бағалау әдістемесі ұсынылған.
Қорғауға шығарылған ғылыми тұжырымдамалар:
Қазақстан Республикасында брокерлер-дилерлердің қызметті және оның тиімділігін арттыру қажеттігі негізделеді. Оған мынадай шаралар кіреді:
- брокерлер-дилерлердің қызметте бағалы қағаздармен, оның ішінде мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен операциялардың тиімділігін арттыру;
- әлемдік қаржылық орталықтардың Қазақстан брокерлер-дилерлердің қызметіне әсерін анықтай отырып, отандық нарықтың әлсіз жақтарын анықтау;
- брокерлер-дилерлердің қызметтің қалыптастыру және тұрақтандыруын қарастыру;
- Қазақстан брокерлер-дилерлердің қызметте интернет-трейдингтің негіздерін айқындап, оны ары қарай дамыту шараларын ұйымдастыру;
- биржа нарығында брокерлер-дилерлердің қызметтің табыстылығының ықтималдылығын бағалауда қаржылық менеджмент үлгілерін қолдану.
Жұмыстың құрылымы және көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы бойынша нормативтік-заңдық актілер жинағы. 2 том. - Алматы, 1997-1999 жж.
2. Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңы, 2003ж.
3. Қазақстан Республикасының «Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Заңы, 2003 ж.
4. Қазақстан қор биржасының 2006-2008 ж.ж. жылдық есептері
5. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау Агенттігінің бағалы қағаздар нарығының жағдайы бойынша берген 2007-2008 жылғы есептері
6. Васильев А.А. Биржевая спекуляция: торговля на рынке ФОРЕКС. -СПб.: Питер, 2001.
7. Галанов В.А., Басов А.И. Биржевое дело. М.: Финансы и статистика, 2001. - 304с.
8. Дуглас Л.Г. Анализ рисков операций с облигациями на рынке цен¬ных бумаг. -М., 1998.
9. Жуков Е.Ф. Ценные бумаги и фондовые рынки. - М.: Изд. ЮНИТИ, 1995.-224с.
10. Карагусов Ф.С. и др. Операции с ценными; бумагами в Республике Казахстан. - Алматы, 1995. - 220 с.
11. Корельский В.Ф., Гаврилов Р.В. Биржевой словарь: в 2-х т. -М.: Международные отношения, 2000.
12. Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. - Алматы: Экономика. - 2005. - 2346.
13. Кузнецов В. Крах на Нью-Йоркской фондовой бирже. // Мировая экономика и международные отношения. 1998, № 1.
14. Коттл С., Мюррей Р.Ф. Анализ ценных бумаг. - М., 2000.
15.Лауфер М. Новые ориентиры мировых финансовых бирж. // РЦБ, 1999, №15.
16. Лялин В., Воробьев Л.В. Ценные бумаги на фондовом рынке. - М., 2000.
17. Миркин Я.М. Ценные бумаги и фондовый рынок. - М., 1995.
18. Мусашов ВТ. Фондовый рынок. Инструменты и механизмы. - М.,
1995.
19. Мэрфи Дж. Межрыночный технический анализ. Торговые стратегии для мировых рынков акций, облигаций, товаров и валют // Пер. с англ — М.: Диаграмма, 1999.
20. Мусатов Т.В. США: биржа и экономика. - М., Наука, 1985.
21. Михайлов Д.М. Мировой финансовый рынок. - М., 2000.
22. Парижская фондовая биржа: организация и принципы работы. // Де¬ньги и кредит, 1991, № 1.
23. Рынок ценных бумаг и его финансовые институты: Уч. пос. // Под ред. B.C. Торкановского, - 1994.
24. Рубцов Б.Б. Зарубежные фондовые рынки: инструменты, структура, механизм функционирования. - М., 1997.
25. Сафонова Т.Ю. Биржевая торговля производными инструментами. -М., 2000.
26. Сейткасимов Г.С, Ильясов А.А. Формирование фондового рынка: Уч. пос. - Алматы, 1996.
27. Сейткасимов Г.С. Ценные бумаги и фондовый рынок. - Алматы, 1997.
28. Семенкова Е.В. Операции с ценными бумагами. - М., 1997.
29.Тьюлз Ричард Дж., Эдвард С.Брэдли., Тэд М.Тьюлз. Фондовый ры¬нок.-М., 1999.
30. Черников Г.П. Фондовая биржа. - М.: Международные отношения, 1991. 31. Искаков Ұ.М., Бохаев Д.Т., Рузиева Э.А. «Қаржы нарығы және делдалдары». Оқулық. – Алматы: Экономика, 2008. – 179 б.
32. М.Иванов. Оценка роли институциональных инвесторов в финансировании национальной экономики // РЦБК №5 – 2007 – с.20.
33. Бертаева К.Ж. Управление деятельностью казахстанских инвестиционных фондов // Банки Казахстана №5 – 2007 – с.28.
34. ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің мәліметтері негізінде құрастырылған, 2009 ж.
35. ҚР-ның ҰБ-нің мәліметтері негізінде құрастырылған, 2009 ж.
36. ҚР-ның «Рынок ценных бумаг Казахстана» №1 журналының мәліметтері негізінде құрастырылған, 2009 ж.
37. «Рынок ценных бумаг Казахстана» №1 журналының мәліметтері негізінде құрастырылған, 2009 ж.
38. ҚР-ның ҰБ-нің мәліметтері негізінде құрастырылған, 2009 ж.
39. ҚР-ның ҰБ-нің статистикалық бюллетені, 2009 ж.
40. «Банки Казахстана» №1 журналының мәліметтері негізінде құрастырылған, 2009 ж.
41. «Банки Казахстана» №1 журналының мәліметтері негізінде құрастырылған, 2009 ж.
42. Бертаева К.Ж. Управление деятельностью казахстанских инвестиционных фондов // Банки Казахстана №5 – 2007 – с. 30.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
мАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ҚОР НАРЫҒЫНДАҒЫ БРОКЕР – ДИЛЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Қор нарығындағы брокер – дилерлік қызметтің мәні, құрылымы мен
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1. Брокерлік – дилерлік қызметтің түрлері мен
жіктелінуі ... ... ... ... ... ... . ... 13
1.3 Биржадағы мәмілелерді жүргізудегі брокерлер – дилерлік қызметтердің
ролі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БРОКЕРЛЕР-ДИЛЕРЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ: ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ
ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ ТҰРҒЫСЫНАН ДАМУ БОЛАШАҒЫ
2.1 Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік-дилерлік
қызметтің даму
тенденциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 30
2.2 Қазақстан республикасындағы брокерлер-дилерлердің қызметін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
2.3 Бағалы қағаздар нарығындағы брокер - дилер қызметтерінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..43

3 ҚАЗАҚСТАН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНДАҒЫ БРОКЕРЛІК – ДИЛЕРЛІК ЖӘНЕ ТРАНСФЕР-
АГЕНТТІК ӨЫЗМЕТТЕРДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҚТАРЫ

3.1 Қазақстан бағалы қағаздар нарығындағы брокер-дилерлік және трансфер-
агенттік қызметті жүргізудің ерекшеліктері мен
тәжірибелері ... ... ... ... ... ... ... ..51
3.2 Қаржылық кеңес беру жəне андеррайтинг
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .63

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 68

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі Қазіргі таңда жеке тұлғалар қор нарығына
реттелген екі жолмен шыға алады: біріншісі брокер арқылы жұмыс істеу,
келесісі жарналық инвестициялық қорлар арқылы бағалы қағаздар нарығына
шығу.
Бірінші тәсілге келсек, алдымен брокердің кім екенін ашып алайық.
Анықтамаларда, брокер-табыс табу мақсатында, яғни дүниежүзілік валюталар,
бағалы қағаздар және т.б. бағамдарының өзгерісініне табыс табатын, қаржы
нарығында операциялар жасайтын кәсіпқой делдалды айтамыз. Брокер өз
клиенттерінің атынан және шоты арқылы қаржылық құралдармен алып-сатарлықпен
айналысады. Бірақ та, бағалы қағаздың иесі ол емес, сіз болып табыласыз. Ең
бастысы нарықта мықты беделге ие немесе жеке өзіңіз сенетін брокерді табу.
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында бағалы қағаздар нарығының
барлық қатысушылары үшін арнайы жағдайлар қарастырылған. Оның ішінде
брокерлер үшін жеке тұлғалармен жұмысты жандандыру мақсатында біршама
жеңілдіктер қарастырылған. Ал жеке тұлға сату немесе сатып алу операциялары
жүргізген бағалы қағаз бойынша дивиденд, сыйақыға және қарыздық бағалы
қағазды сату барысында пайда болған құн өсіміне салық салынбайды. Алайда
бұнын жалғыз шарты бар, бұл-бағалы қағаз бойынша барлық іс-әрекеттер Алматы
қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жүргізілуі тиіс.
Бұл тәсілдің ерекшелігі, сізге қор нарығының дамуы, болып жатқан
өзгерістері жайында көп ақпаратты білуге және мерзімді қадағалап тұруды
үйретеді. Яғни, сіз бағалы қағаздар нарығының белсенді ойыншысына айнала
аласыз. Сондықтан бұл жолдың тиімділігі – өз кезегіңізде нарық жайында көп
ақпарат жинап, өзіңіздің инвестициялық портфеліңізді құруға және келешек
табысыңызды уақыт өтісімен өзгертіп тұруға септігін тигізеді.
Бағалы қағаз нарығына қатысудың келесі жолы – бұл бос жатқан
қаражатыңызды жарналық инвестициялық қорға салу. Қазіргі таңда Қазақстанда
86-сы жабық, 11-і ашық және 12-сі интервалды болып табылатын 109 жарналық
инвестициялық қор жұмыс жасайды. Жарналық инвестициялық қор – қор
нарығындағы операциялардан пайда табу мақсатында кәсіпқой мамандарға
басқаруға сенім негізінде берілген, азаматтар мен заңды тұлғалардың
(пайшылардың) бірлескен құралдары болып табылады. Сіздің қолыңызға қордағы
үлесіңізге құқықты куәландыратын атаулы бағалы қағаз – пайда береді. Бұл
инвестициялық қор өз кезегінде, нарықты айналыста жүрген және жан-жағынан
ептеп пішіліп, дұрыс деп тапқан бағалы қағазға қордаланған қаражаттың
белгілі бір бөлігін құяды. Бұл тәсілдің тиімділігі-жарналық инвестициялық
қорда шот ашу барысында келісім-шартқа қол қою арқылы сіз алдын-ала қандай
табыс түсетінін білесіз. Қандай да бір жағдай болсын, жарналық
инвестициялық қор келісім-шартта көрсетілген табыс көлемін төлеуге
міндеттеледі.
Еліміздің қарқындап дамуы, халықтың әл-ауқатының жоғарылауы, мемлекет
тарапынан әлеуметтік мәселелерді тиімді шешуі тұрғындардың жинақталған бос
қаражаттарын банкетрдегі депозиттерге салуға не болмаса жылжымайтын мүлік
нарығында пайда табу мақсатында алып-сатарлықпен көптеп айналысуына алып
келді. Бұл өз кезегінде, әсіресе еліміздің ірі қалаларында, тұрғын үй
бағамының күрт өсуіне септігін тигізді. Алайда, ақшаны бұл тәсілдермен
инвестициялаудың біршама кемшіліктері бар.
Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты Қазақстандағы брокерлер-дилерлердің
қызмет жағдайы және әлемдік тәжірибе тұрғысынан даму болашағының теориялық
және тәжірибелік аспектілерін зерттеу болып табылады.
Зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттемелер:
- брокерлер-дилерлердің қызмет етуінің теориялық және тәжірибелік негізін
қарастыру;
- брокерлер-дилерлердің қызметінің қор нарығын дамытудағы рөлін айқындау;
- қазақстанның брокерлер-дилерлердің қызметінің ағымдағы жағдайын талдап,
тиімділігін анықтау;
- ҚР брокерлер-дилерлердің қызмет жағдайына талдау жүргізу;
- әлемдік қаржы нарықтарындағы дағдарыстың Қазақстан брокерлер-дилерлердің
қызметке әсерін талдау;
- ҚР брокерлер-дилерлердің қызметтің дамуындағы өзекті мәселелерді шешу
жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісіҚазақстандағы брокерлер-дилерлердің
қызметі болып табылады.
Дипломдық зерттеу жұмысының пәні ретінде Қазақстандағы брокерлер-
дилерлердің қызмет жағдайы және әлемдік тәжірибе тұрғысынан даму болашағын
қолдану жолдары
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде әлемдік
экономикалық ғалымдардың еңбектері, отандық және шетелдік ғалымдар
монографиялары мен мақалалары, бағалы қағаздар нарық қатынастарын
реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық құжаттар алынды.
Жұмысты жазу барысында ақпараттық база ретінде Қазақстан
Республикасының Конститутциясы, Қазақстан Республикасының биржа нарығын
реттейтін Заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер, Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлықтары, Жолдаулары, ҚР Үкіметінің қаулылары,
Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі Агентігінің, ҚР Қаржылық
қадағалау Агенттігінің, Ұлттық Банктің қаулылары, ҚР Алматы өңірлік
қаржылық орталықтың, ҚР Алматы өңірлік қаржылық орталықтың қызметін
реттейтін Агенттіктің, Қазақстан қор биржасының материалдары, әртүрлі
деңгейлердегі конференциялардығ мәліметтері, журналдар, сондай-ақ
республикалық факторлық, салыстырмалы және статистикалық талдау негізінде
алынған талдамалық зерттеу материалдары пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазіргі уақытта Қазақстандағы
брокерлер-дилерлердің қызмет жағдайы және әлемдік тәжірибе тұрғысынан даму
болашақ жағдайын зерттеп қажеттілігін және бағыттарын анықтау басты шарт
болып табылады.
Негізгі ғылыми жаңалықтардан тұратын зерттеу жұмысының маңызды
нәтижелері болып келесілер жатады:
- теориялық-әдістемелік зерттеу нәтижесінде Қазақстандағы брокерлер-
дилерлердің қызмет жағдайы және әлемдік тәжірибе тұрғысынан даму негіздері
нақтыланған;
- Қазақстан Республикасының брокерлер-дилерлердің қызметте интернет-
трейдингті қолдану бағыттарын қарастыру;
- брокерлер-дилерлердің қызметті бағалау әдістемесі ұсынылған.
Қорғауға шығарылған ғылыми тұжырымдамалар:
Қазақстан Республикасында брокерлер-дилерлердің қызметті және оның
тиімділігін арттыру қажеттігі негізделеді. Оған мынадай шаралар кіреді:
- брокерлер-дилерлердің қызметте бағалы қағаздармен, оның ішінде
мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен операциялардың
тиімділігін арттыру;
- әлемдік қаржылық орталықтардың Қазақстан брокерлер-дилерлердің
қызметіне әсерін анықтай отырып, отандық нарықтың әлсіз жақтарын анықтау;
- брокерлер-дилерлердің қызметтің қалыптастыру және тұрақтандыруын
қарастыру;
- Қазақстан брокерлер-дилерлердің қызметте интернет-трейдингтің
негіздерін айқындап, оны ары қарай дамыту шараларын ұйымдастыру;
- биржа нарығында брокерлер-дилерлердің қызметтің табыстылығының
ықтималдылығын бағалауда қаржылық менеджмент үлгілерін қолдану.
Жұмыстың құрылымы және көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан
тұрады.

1 ҚОР НАРЫҒЫНДАҒЫ БРОКЕР – ДИЛЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. Қор нарығындағы брокер – дилерлік қызметтің мәні, құрылымы мен
ерекшеліктері

Қор нарығындағы биржалық сауданың ерекшілігі биржада сауданы сатушы
мен сатып алушы жүргізбейді және олар бір-бірімен тікелей кездеспейді.
Сауданы олардың өкілдері, яғни биржадағы делдалдар жүргізеді. Делдалдар
брокер және дилер деп бөлінеді.
Брокерлік қызмет. Брокер – биржаның кәсіби делдалы. Ол биржалық
саудада клиенттің (не сатушы, не сатып алушы) өкілі ретінде клиенттің
атынан және клиент есебінен, немесе клиент атынан, бірақ өз есебінен, өз
атынан, бірақ клиент мүддесі үшін және клиент есебінен мәміле жасайды.
Биржадағы делдалдық қызметі үшін клиент брокерге комиссиялық сыйақы
төлейді.
Биржада ойдағыдай жұмыс істеу үшін брокер бірсыпыра жағдайларды білуі
тиіс:
Біріншіден, сауда объектісін,яғни биржалық активті жан-жақты талдай білуі
керек;
Екіншіден, өзі жұмыс істейтін биржаның ішкі тәртібін білуі керек;
Үшіншіден, биржалық сауда жүргізе білуі керек;
Төртіншіден, биржада өкілі болатын клиентімен дұрыс тіл таба білуі керек;
Бесіншіден, өзінің ұсынысы бойынша жасалған мәміленің табысын айыра білуі
керек.
Брокер – биржалық саудаға кәсіби қатынасушы. Ол ұйымдасқан нарықта
клиентке сатып алу-сату процесінде қызмет көрсетеді. Клиентті саудаға
брокерлік фирма ақпараттық хабарландыру арқылы тартады. Биржа мен биржаны
реттеуші органдар брокерлік фирмаға:
- қаржылық (яғни лицензия алған кездегі өз капиталы талаптарға сай болуы
керек);
- басшылары мен мамандары кәсіпкерлік талаптарға сай (маман) болуы қажет;
- ұйымдық-техникалық;
- арнаулы талаптар қояды.
Бағалы қағаздар нарығында брокер өз қызметін лицензия алғаннан кейін
бастайды. Лицензияны Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және
реттеу Агенттігі береді. Биржада қызмет ететін брокерлік фирма
аккредитациядан өтеді, яғни фирманың көрсететін қызметі биржа талаптарына
сай келуі тиіс. Аккредитациядан өткен брокерлік фирма биржаның реестріне
енгізіліп, оған мәміле жасасқанда қажетті номер (код, шифр) беріледі.
Кейбір биржаларда брокерлік фирманың сандық кодын әріптік кодпен алмастыруы
немесе сандық кодқа әріпті қосып көрсетуі мүмкін. Әдетте, әріптік код
төрттен алтыға дейінгі әріптермен белгіленеді.
Брокерлік фирма клиенттің тапсырысы бойынша және оның атынан мәмілеге
келеді. Ереже бойынша брокерлік фирма екі жақтың есеп айырысу процесіне
қатыспайды, оның есеп шотына тек делдалдық ақы ғана түседі. Егер брокерлік
фирма бағалы қағаздарды өзі сатып алып, келешекте сататын болса, бұл
жағдайда дилерлік операция жүргізіледі. Оның табысы сату және сатып алу
бағаларының айырмасына тең болады.
Биржада қызмет көрсететін брокерлік фирмалар мен брокерлер биржалық
сауда ережелеріне сай өзара мәміле жасасады:
- биржа сатылуға ұсынылатын барлық өнімдер мен көрсетілетін қызметтер
туралы ақпарат жинақтайды;
- белгіленген тәртіп бойынша биржа қызметшілерінің жұмысын пайдаланады;
- арбитраждық комиссияның жұмысына қатысады.
Дилерлік қызмет. Дилер – ол мәмілені өз атынан және өз есебінен
жасайтын биржалық саудаға кәсіби қатысушы. Дилер – ол заңды тұлға. Бағалы
қағаздар нарығында дилер болу үшін лицензия алу керек.
Бағалы қағаздар нарығындағы дилердің міндеттері:
- сату және сатып алу бағасын; сатылатын және сатып алынатын бағалы
қағаздардың ең аз және ең көп мөлшерін; сонымен қоса мәлімденген бағаның
мерзімін хабарлау;
- дилердің өз ұсынысы болмаған жағдайда клиенттің ұсынысы бойынша мәміле
жасасу;
- эмитенттің бағалы қағаздарымен операция жүргізгенде өзінде бар ақпаратты
мәлімдеу немесе ондай ақпараттың өзінде жоқ екенін хабарлау;
- Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау
Агенттігіне өз қызметі туралы есеп беру;
- бағалы қағаздармен жүргізілген операциялардың ішкі есебін ұйымдастыру.
Дилердің құқықтары:
- бағалы қағаздарды сатып алу-сату шартын жасасу;
- эмиссиялық бағалы қағаздарды алғашқы орналастырғанда андеррайтер қызметін
атқару;
- бағалы қағаздарды сатып алу мәселесі бойынша клиентке кеңес беру;
- бағалы қағаздарды сатып алу үшін өз клиентіне займ шарты бойынша және
берілетін ақша кепілдігіне қаражат беру;
- клиенттің өз қаржы жағдайын хабарлайтын (төлем қабілеттігі туралы)
мәлімет алу.
Биржалық операцияларды ұтымды жүргізу үшін әрбір биржа өзіне биржалық
сауданың ережесін алдын ала бекітіп алады. Биржаның жұмысы тек өзі бекіткен
ережемен ғана реттеліп қоймай, сонымен бірге мемлекеттік мекемелердің
ұсыныстарын да ескереді. Әрине ол саудаға қатысушылардан арнайы білімді
талап етеді.
Қазақстан Тауар биржалары туралы заңына сай биржалық сауда жан-жақты
реттелуі қажет.
Атап айтқанда, биржалық сауданы жүргізу тәртібі:
- биржалық мәміленің түрлері;
- биржаның құрылымдық бөлімдері;
- биржалық саудаға қатысушыларға алдыңғы өткен биржалық саудадағы мәмілелер
туралы және биржалық баға кесу туралы ақпарат беру тәртібі;
- биржалық мәміле жасасқанда биржа мүшелерімен және басқа да қатысушылармен
өзара есеп айырысу тәртібі;
- бағаны өзгерту мақсатында тәуліктік кенеттен ауытқуды болдырмау үшін баға
белгілеуді бақылау шаралары және т.б. мәселелер биржаның ережесінде
көрсетіледі.
1. Биржалық сауданы жүргізудің тәртібі. Бұл бөлімде сауданы жүргізетін
орын, сауда сессиясының уақыты және жұмыс сағаты белгіленеді. Биржа
сессиясы деп әдетте биржа әкімшілігінің ресми белгілеген уақыттағы
жүргізілетін сауданы айтады. Ол уақытта биржалық саудаға қатысушылардың
мәміле жасасуға құқығы бар. Бұндай сауда кестесін дәл осындай тауарларды
сататын басқа биржалардың жұмыс кестесін ескере отырып жасайды. Бұл саудаға
қатысушыларға басқа нарықтардағы баға туралы ақпаратты пайдаланып
арбитраждық операциялар жүргізуге мүмкіндік береді. Мысалы, Лондон металл
биржасында әрбір сессия тек бір тауарға арналып, ол тек 5 минут аралығында
өтеді. Биржа хатшысы металдың аты жазылған таблицаны жоғары көтеріп,
Темір, жентельмендер, темір деген сөздерді даусын көтеріп айтады. Темір
сағат 12-ден 12 сағат 05 минутке дейін; 12 сағат 0,5 минуттен 12 сағат 10
минутқа дейін – мыс; 12 сағат 10 минуттан 12 сағат 15 минутқа дейін мырыш
сатылады.
Сауда биржа залында жүргізіледі. Саудаға барлық қатысушыларға
компьютерлік жүйедегі ақпаратты пайдалануға мүмкіндік жасалады.
2. Биржалық мәміле түрлері. Биржалар жасалатын мәміле түрлерін айқындайды.
Мыс., нақты тауарлармен мәміле, бағалы қағаздармен және фьючерстік шартпен
мәміле. Биржа әрбір мәміле бойынша шарттың стандартын, мәміле көлемін және
активтің стандартты мәліметтерін белгілейді. Сауда сессиясы аяқталған соң
мәміле құжатпен рәсімделіп, биржа тізіміне тіркеледі. Қол қойылған және
тіркеуден өткен шарттар брокерлік сыйақы төлеу үшін клиенттерге
қайтарылады.
3. Биржалық ақпарат. Оның саудаға қатысушылар үшін маңызы аса зор. Себебі
жасалған мәміле туралы дәл, толық және уақытында берілген ақпарат нарықтың
жағдайын талдап, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Биржалық ақпарат
ағымдағы және жинақталған ақпарат деп бөлінуі мүмкін. Ағымдағы ақпарат – ол
биржада жасалған соңғы мәлімет бойынша берілетін ақпарат. Көптеген
биржаларда бұл ақпарат электрондық таблода жүгіртпелі жол түрінде
көрсетіледі, оны тикерлік ақпарат деп те атайды. Қор биржасында бұндай
ақпаратта компанияның символы, акция түрі, мәміледегі акцияның саны және
әрбір акцияның бағасы көрсетіледі. Әдетте ағымдағы ақпаратта коммерциялық
құпия сақталады, сондықтан оны осы биржалық саудаға аккредитивтенген (яғни
сауда операциясын жүргізу үшін уәкіл етілген) жақ қана ала алады.
Жинақталған ақпарат биржалық бір күннің қорытындысын көрсетеді. Саудаға
қатысушылар күнбе-күн бағалы қағаздардың айналысы туралы; мәміленің соңғы,
ең аз, ең көп бағасы туралы; сатып алушының ең жоғары, сатушының ең аз
бағасы туралы; орташа баға туралы және жасалған мәміле саны туралы ақпарат
алады. Саудаға қатысушылар жинақталған ақпаратты техникалық талдау жасау
үшін қолданады. Сондай-ақ қорытынды ақпараттар келешекте сауда жүргізу үшін
шешім қабылдауға да қолданады.
4. Биржа мүшелерінің және биржалық саудаға басқа да қатысушылардың өзара
есеп айырысу тәртібі. Ол саудаға қатысушылардың өзара құқығы мен
міндеттерін айқындап, олардың мүддесін қорғауды қамтамасыз етеді. Есеп
айырысу жүйесі әр алуан. Мыс. АҚШ-та есеп айырысу жүйесі ұлттық клирингтік
корпорация арқылы жүргізіледі. Мәміле жасасқаннан кейінгі бес жұмыс күні
аралығында бағалы қағаздарға ақы төлеу және оны жеткізіп беру жұмыстары
жүзеге асырылады. Лондон қор биржасы да жеткізіп беру және есеп айырысу
мәселелерін бес күн мерзімде атқаруға көшті.
Биржалық сауда ережесінің талаптарының орындалуын бақылауды биржалық
комитет жүргізеді. Ол биржалық саудаға қатысушылардың ережені бұзу
жағдайларын талқылап, ондай жағдайлар орын алғанда әр түрлі жаза қолданады.
Ең ауыр жаза – биржа мүшелігінен шығару. Ондай жаза, мыс., өтірік ақпарат
таратушыға, алаяқтық жасаушыға және алдаушылық жолға түскендерге
қолданылады. Биржа әкімшілігі ережені бұзған жағдайлар туралы және оны
бұзушы компанияның атауын немесе жеке тұлғаның аты-жөнін көрсетіп, сондай-
ақ оларға қолданылған шаралар туралы саудаға қатысушыларға баяндап тұрады.
Биржалық саудаға биржа мүшелері және заңдар мен биржа ережесіне сәйкес
саудаға қатысуға құқығы бар жақтар қатысушы бола алады. Биржалық саудаға
қатысушылардың құрамы биржаның түріне (қор биржасы немесе тауар биржасы)
және қабылданған заң актілеріне байланысты анықталады. Биржалық залдағы
қатысушыларды шамамен мынадай топтарға бөлуге болады:
- мәміле жасаушылар;
- мәміле жасауды ұйымдастырушылар;
- биржалық сауда барысын бақылаушылар;
- сауда жүргізуді қадағалаушылар.
Биржалық операцияларды биржалық қызметтің әртүріне маманданған тек
кәсіби қатысушылар ғана жүргізеді.
Биржалық операциялардағы делдалдарды әр елде әртүрлі атайды:
- маклер,
- курьте,
- комиссионер,
- брокер,
- маркет-мейкер,
- дилер.
Олар өз қызметі үшін процентпен белгіленген не сыйақы немесе мәміленің
жалпы сомасының процентпен есептелген бір бөлігін алады, не өз есебінен
қызмет көрсетеді.
Тауар биржасындағы мәміле жасаушы-қатысушылар құрамы биржаның ашық
немесе жабық түріне байланысты өзгеруі мүмкін.
Ашық биржада сауда залында мәміле жасауға мыналардың құқығы бар: -
биржа мүшелері және олардың өкілдері;
- биржалық саудаға қатысуға құқық алған тұрақты немесе бір рет қатысушылар;
- биржада аккредитивтенген брокерлер.
Жабық биржада мәміле жасауға құқығы барлар:
- биржа мүшелері және олардың өкілдері;
- биржада аккредитивтенген брокерлер.
Саудаға тұрақты және бір рет қатысушылардың биржа мүшелерімен және
олардың өкілдерімен салыстырғанда құқығы шектеулі. Біріншіден, заң бойынша
тұрақты қатысушының саудаға қатысуға үш жылдан аспайтын құқығы бар.
Екіншіден, тұрақты қатысушылар саны биржа мүшелерінің жалпы санының 30
процентінен аспауы тиіс. Одан басқа, тұрақты қатысушылар жарғылық капиталды
қалыптастыруға және биржаны басқаруға қатыспайды.Тұрақты қатысушылардың
биржада делдал болуға құқығы болса, ал бір рет қатысушылардың ондай құқығы
жоқ. Себебі, олар өз атынан және өз есебінен нақты тауар сатып алуға
құқылы.
Қор биржасының тауар биржасынан елеулі ерекшеліктері бар. Оның мүшесі
болып бағалы қағаздар нарығының тек кәсіби қатысушылары ғана саналады. Қор
биржасына мүше болып кіру тәртібі және оның саны қор биржасының ережесінде
айқындалады.
Биржалық саудаға қатысушы-делдалдардың саны және құрамы,олардың
клиенттерімен қарым-қатынас кестелері елдегі биржалық сауданың даму
деңгейіне және қалыптасқан дәстүрге сай әртүрлі болуы мүмкін. Мыс., АҚШ
биржаларындағы операциялық залдағы сауда жүргізушілер бірнеше категорияға
бөлінеді. Нью-Йорк қор биржасында олардың төрт категориясы бар:
- комиссиялық брокерлер – олар тек клиенттердің тапсырмасын орындайды, өз
есебінен операция жүргізуге тиым салынған;
- мамандар (дилерлер) – олар өз есебінен және өз атынан қызмет етеді;
- сауда залының брокері немесе екі долларлы брокерлер – олар комиссиялық
брокерлер өз тапсырмасын үлгере алмаған жағдайда солардың тапсырмасын
орындайды;
- тіркелген трейдерлер – олар да дилерлер, бірақ дилерлерден айырмашылығы
белгілі бір акцияға кесінді жауап бермейді.
Ресейде сауданың жүру барысын мемлекеттік комиссар мен биржа өкілінен
тұратын топ бақылайды [6; 131.]. Биржадағы мемлекеттік комиссар биржаның
және биржалық делдалдардың заңнамаларды орындалуын тікелей бақылайды.
Сондықтан комиссардың:
- биржалық саудаға қатысуға;
- биржа мүшелерінің жалпы жиналысына және биржа секцияларының (бөлімдер,
бөлімшелер) жалпы жиналысына кеңесші дауыспен қатысуға;
- биржа қызметтері туралы ақпараттармен танысуға, яғни барлық жиналыстардың
және биржаның басшы органдарының мәжілісінің хаттамасымен, олардың
шешімімен, оның ішінде құпия сипаттағыларымен танысуға;
- ұсыныс жасауға құқығы бар.
Мемлекеттік комиссардан басқа сауданың жүру барысын биржалық
комитеттің және тексеру комиссиясының мүшелері, аға маклер және сауданы
ұйымдастыру бөлімінің бастығы бақылауы мүмкін. Сондай-ақ, Ресейде сауданы
жүргізу барысын қадағалайтын биржа қонақтары деп аталатын топ құрылады.
Оған баспасөз өкілдері (биржада үнемі немесе бір рет аккредитивтенген),
сондай-ақ мәміле жасауға құқығы жоқ, бірақ өздерінің тапсырмасын орындайтын
брокерлерге қажетті үкім беруге құқығы бар саудаға бір рет қатынасатын
қатысушылар кіреді.
Қорыта айтқанда, кез-келген елде биржалық саудаға қатысушылардың
құқықтары мен міндеттері биржаның ішкі нормативтік құжаттарымен, ең бірінші
кезекте биржаның жарғысымен және биржалық сауданың ережесімен айқындалады.
Мыс., Қазақстанда ол құжаттар Тауар биржалары туралы және Бағалы
қағаздар нарығы туралы заңдардың негізінде шығарылған.
Биржа – ол делдалдар әлемі, сондықтан сатып алу-сату бұйрығын іс
жүзіне асыру барысы екі кезеңде өтеді.
Біріншіден, брокердің шарттасу негізінде клиенттердің тапсырмасын
орындау жөнінде бұйрық алуы және оны орындауы.
Екіншіден, брокердің мәлімдемені биржалық саудаға енгізуі.
Биржалық нарықта сауда жүргізу үшін сатып алу тапсырмасын және сату
тапсырысын саудаға енгізу механизмі болуы шарт. Биржалық нарықта ондай
құжаттарды рәсімдеудің белгілі бір стандарттары бар. Бағалы қағаздар
саудасының технологиясы бойынша сатып алуға сұраныс сатып алу
тапсырмасымен, ал бағалы қағазды сатуға ұсыныс сату тапсырысымен
рәсімделеді. Сауда тапсырмасын я биржалық саудаға дейін, я болмаса сауда
барысында беруге болады.
Брокер тапсырманы орындауы үшін клиент төлем кепілдігін беру керек.
Ондай кепілдік ретінде брокерге мәміленің барлық сомасына жазылған жай
вексель беруге немесе мәміле сомасының белгілі-бір процентін брокердің
шотына аударуға да болады. Сондай-ақ, брокерге мәміленің толық сомасы
жазылған аккредитив немесе сақтандыру полисін де беруге болады. Алайда есеп
айырысудың ең тиімді құралы – банктік кепілдік, ол – брокердің алғашқы
талабы бойынша барлық қарызды төлеу жөніндегі міндеттемесі. Есеп айырысудың
бұндай формасы мәміле жасау мерзімі мен төлем уақытын бір-біріне
жақындатады.
Биржалық сауда тапсырмасын беру техникасы сан-алуан. Ол үшін курьердің
(қағаз тасушы) қызметін пайдалануға, ақылы хатты почта арқылы жіберуге,
куәландырылған жедел хат немесе телекс жіберуге, телефаксты пайдалануға
болады. Сөйтіп, брокер өз клиенттерінен тапсырыстарды алғаннан кейін сауда
тапсырмасын тіркеуден өткізіп (қабылдап), оларды биржалық саудаға енгізеді.

Тапсырысты тіркеу (қабылдау) кезі – сауданың алдыңғы фазасы. Оны
кәсіби тілде маманданған тапсырыстармен ойын деп атайды. Брокер бұл
уақытта нарықта қалыптасқан жағдайларды талдап, түскен тапсырыстарды қайта
қарап, оларға кез-келген параметрі бойынша қажетті деген өзгертулерді
енгізіп, ашық бұйрықтың құрамын анықтайды. Алайда ескеретін жәйт, бағалы
қағаздарды сатып алу-сатуға түскен тапсырмалар мен тапсырыстарды
клиенттердің бұйрығы негізінде дұрыс құрумен брокер шұғылданады. Берілген
тапсырыстардың тапсырмаға сәйкес болуына брокер жауап береді. Сөйтіп,
тапсырыстардың орындалуы биржалық сауда кезінде жүзеге асырылады.
Ғылыми-техникалық прогресс, биржа ісінің дамуы биржалық сауданы
ұйымдастыру негіздерін өзгерткен жоқ. Оған мәміле тек белгілі бір орында,
яғни биржа залында өту керек деген қатаң талаптың орындалуының нәтижесі
жатады. Биржалық сауда өтетін операциялық залға ерекше талаптар қойылады.
Олардың аса маңыздыларына тоқталып өтелік.
1. Биржа залы әжептәуір сиымды болуы керек. Шетел биржаларының
операциялық залы 2-3 мың адамға есептелген. Онда биржалық саудаға
қатысушылардың әрбіреуіне сатып алу-сату процедуралары үшін барлық қажетті
жағдайлар жасалған.
2. Әлемдік биржаның көбінде сауда бірден бірнеше тауарлармен
жүргізіледі. Олардың әрбіреуімен мәміле жасау үшін бөлек зал немесе үлкен
залдан орын бөлінеді. Оның едені үлкен залдың еденінен сәл төмендеу болады.
Сондықтан мәміле жасайтын орынды биржалық шұңқыр, еден немесе биржалық
шеңбер деп атайды. Бұл орын бүкіл саудаға қатысушының көріп отыруына тең
мүмкіндік болатындай етіп жасалады. Шетелдік биржада сауда орнын шеңбер
түрінде салу сауда жүргізушінің оған қатысушыларды түгел көруіне,
тауарларды және оның бағасын хабарлағанда қатысушылардың алған әсерін
(реакциясын) дер кезінде байқауына мүмкіндік береді.
3. Шеңбердің немесе шұңқырдың ортасында, я болмаса бір шетінде үстірт
болуы шарт. Онда биржаның қызметкерлері, сауда жүргізушілер, сонымен бірге
мәмілелерді және бағаны тіркеушілер тұрады.
4. Биржа залында сауда жасауға құқық алғандар тұратын арнайы
жабдықталған орындар болуы керек. Олар, әдетте, брокердің орны немесе
бөлмесі деп аталып, залдың периметрінде (қабырғасының іргесінде)
орналасады. Бұндай бөлме саны 400-500-ге дейін жетуі мүмкін.
5. Брокерлерге қажетті ақпаратты жеткізу үшін операция залында арнайы
ақпараттық табло орналастырылады. Шетел биржаларында бұндай таблоға тек осы
биржада тіркелген мәміле және баға турасындағы ақпараттар жазылып қана
қоймай, сонымен қатар онда басқа да тауар, қор және валюта биржаларындағы
дәл осындай ақпараттарды жазады. Оған қоса, бағаны өзгертуі мүмкін
мәліметтер (мысалы, ауа райы, көтерілістер, тауларды жөнелту, саяси
жағдайлар және т.б.) туралы жазылуы керек.
6. Биржа залы мен биржадағы әрбір орын телефон және телефакс байланысы
тәрізді техникалық құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс. Оған қоса брокерді
клиенттермен және биржа қызметкерлерімен қолма-қол тікелей байланыстыру
үшін элетрондық таблоға шығатын компьютермен жабдықталуы керек.
7. Биржа залымен қатар биржаның стационарлық аппаратындағы
қызметкерлердің бөлімдері мен сауда туралы ақпараттар қоймасы орналасады.
8. Биржа залында биржа жаңалықтарын шапшаң хабарлайтын ақпараттық
агенттіктердің өкілдеріне арналған жұмыс орындары қарастырылады.
Биржалық шеңберде (шұңқырда) сауда биржалық сессия деп аталатын
белгілеген уақытта өтеді. Шетел биржаларының тәжірибесі көрсеткендей биржа
бұл уақытты өз бетінше белгілей алмайды. Себебі басқа елдерде немесе уақыт
белдіктеріндегі дәл осындай тауар биржалары бар екендігін ескеру қажет.
Мысалы, АҚШ пен Англия биржаларындағы мұнай және дизель отынымен жасалатын
мәміле уақыты Лондондағы сауданың аяқталуы Нью-Йорктағы оның басталуына дәл
келуін есептеп бекітіледі. Бұндай әрекеттер мәміле жасау уақытын ұзартып,
нәтижесінде биржалық операциялардың өсуіне мүмкіндік туғызады. Ол үшін
биржалар жиі-жиі арнайы келісім шарт жасасады. Сауданы биржалық шеңберде
(шұқырда) брокерлер немесе оған қатысушы биржа мүшелері жүргізеді.

1.2 Брокерлік – дилерлік қызметтің түрлері мен жіктелінуі

Қор нарығында кәсіби делдалдық қызметтердің келесі түрлерімен
ерекшеленіп көрсетіледі:
Брокерлік – бұл қызмет бағалы қағаздар нарығындағы делдалдық
операцияларды клиенттің атынан соның тапсыруымен сатып – алу сату
операцияларын және сол көрсеткен қызметі үшін комиссиялық сыйақы алатын
заңды немесе жеке тұлға. Қор нарығын құрар алдында ең басты мәселе білікті
мамандандырылған брокерлік топты жасақтау міндетті. Өйткені қор нарығын
қалыптастыруда делдалдық қызметтің маңызы өте зор. Брокерлер стандартқа сай
міндетті түрде рұқсаттандырылған (лицензированный) болуы шарт. Бағалы
қағаздар нарығындағы жасалатын келісім шарт басқа нарықтардағы секілді әр
түрлі формада болуы мүмкін. Егер сатып алу жоғарғы дәрежеде болатын болса
онда әлбетте ұйымдастырылған нарық өз қызметін көрсетеді. Ірі копаниялардың
акциялары тек ғана биржада сатылады. Осы акцияларды иемденуде немесе сатуда
кәсіби делдал “брокердің” қызметінсіз мүмкін емес. Брокер ұйымдастырылған
нарықта әрекет етуші және бағалы қағаздарға қаражатты орналастыруда
жекелеген, сондай –ақ инститционалды инвесторларға қызмет көрсетуші тұлға.
Брокер мен инвестор арасындағы қатынас соңғысының басымдығы бойынша,
басқаша айтқанда оның шешімінсіз ешкімде қаражат салуды іске асырмайды.
Брокер еш уақытта күтіп отырмау керек. Брокерлік фирмалардың инвесторларды
бірлесіп жұмыс атқаруға тартудағы басты каналы қызметін жарнамалық
хабарландырулар болып табылады. Осылайша жарнамалық хабарландырулардан
кейін брокерлік фирмалар компаниялардың жұмыс саясатының тәсіліндегі
операцияларға сәйкестендірілген түрінде инвестиция салуға қызығушылық
танытқан тұлғаларды тарту жолын қарастырады. Осы жерде жалпыға ортақ бір
проблема туындайды – бұл елдегі азаматтарды жеке инвесторлар тұрғысынан
көру. Осы проблеманы шешудің әлемдік тәжірибесі келесі ережелерді ұстануды
кеңес етеді:
– әлеуетті инвесторларды тұрақты түрде ақпараттандырып тұру
брокерлік ұйымның төменгі шектік мөлшердегі клісім шарт жасауы
көптеген инвесторлар үшін қол жетімді (әлбетте егер бұл
фирманың ұстанған практика бағытына сәйкестендірілсе);
– брокерлік ұйымның кірісі әрбір келісім шарттан түсетін
комиссиялық сыйақыдан жинақталады және барлық акцияларды сату
брокер үшін бірдей екендігін клиентерге ескртіп отыру қажет.
Тағы бір ескерілетін принцип “біздерге барлық ақшалар жақсы –
әсіресе сіздердің” басқаша айтқанда өзіне сай құрметті сақтап
қалу үшін брокер клиент кім болсада оның бүкіл қызығушылығын
құптап отыруға міндетті.
Бағалы қағаздар нарығын біз бәсекелестікттің ең жоғарғы ортасы
екндігін ескерсек бұл өте маңызды жағдай екендігін көреміз. Брокер клиентке
сол компания туралы мүмкін болатын барлық ақпараттарды жеткзіп немесе
инвестордың қалауы бойынша ғана ақпаратты жинақтайды. Шешімді
қаржыландырушы қабылдайды ал брокер тек кеңес береді.
Брокер мен инвестор арасындағы қарым қатынасты дәлірек айтатын болсақ
онда брокерлік фирманың құрылымына тоқталып кетке жөн болады. Биржадағы
қызмет көрсететін брокерлік фирмалардың құрылымында ішкі қызметті бөлу орын
алған. Басқа фирмалардағы секілді мұнда менеджерлер және биржадағы мәмлені
өздері жасайтын адамдар тобы шоғырланған. Бұл тұлғалардың қарым қатынасын
инвесторлар жай брокерлік деп айтса ал клиенттермен тек қатаң құпиялық
мінезде болады. Банктердегі секілді мысалы: салымның құпиялығының
кепілдендіріледі, ақпараттың құпиялығы,өзін инвестордың брокері екндігін
хабарламау, брокерлік фирманың алғы шарттары болып табылады. Инвестор
брокерге өзі туралы неғұрлым кең көлемде ақпарат беретін болса онда брокер
өзі жасаған инвестициялық жобаның осы инвесторға бағытталғанын түсіндіруге
тырысады. Тиімді ақпараттың бірі болып – инвестордың жанұясының жинақтары,
орташа табысы,орташа шығындары, басқада кепілмен міндеттері,қаржылық
қарыздары тағы басқада жағдайлар маңызды. өз кезегінде брокер инвесторға
қажетті барлық мәліметтерде кең көлемде жеткізіп отыруға міндетті. Сонымен
қоса қаржыландыру туралы қарапайым сұрақтарға жауап беру –мысалы: қандай да
бір компания туралы мәліметтер беру, арнайы қаржылық терминдерді
айқындауға, инвестордың сұраныс тәртібін түсіндіруге міндетті. Инвестор мен
брокер арасындағы қарым қатынас құпиялылығы жауапкершілікті талап етпейді.
Инвестордың міндеті сатып алынған акциялар мен басқа да бағалы қағаздарға
төлемдерді төлеуге және брокерге сатып алуға немесе қайта сатуға
нақты,айқын тапсырма беруге міндетті.
Брокер нақты немесе жорамалданған баға белгілеуді бере алады.
Жорамалдап баға белгілеуде бағалы қағаздардың баға белгілену бағасы келесі
өкімдерде қарастырылады. Брокер белгіленген баға мен сатып ала алады немесе
сата алады және бас тарта алады. Ал қатаң баға белгілеу кезінде ұсынылған
бағалы қағаздар түрлерінің нақты сату немесе сатып –алу бағасы қойылады.
Әрбір инвестор брокерлік фирманың қызметіне жүгінген кезде ең алды мен
өзінің жеке есеп шотын ашуы қажет яғни фирма сол қаражатқа акция, облигация
немесе қарамағындағы бағалы қағаздарды сатуға жұмсайды. Брокерлік ұйымнан
шот ашу өте қарапайым, өндірісі дамыған елдердегі тұтыну несиесі секілді.
Ол клиенттің несиеге қабілеттілігін айқындап, соның арқасында брокер
инвестордың өзі қалаған бағалы қағазын сатып алуға мүмкіншілігі бар
екндігін дәлелдейді. Бағалы қағаздар мен жасалынатын операциялардың басым
бөлігі мәмле жасалғаннан кейін біраз өткеннен кейін немесе
арнаулыбелгіленген уақытта төленеді. Сату сатып –алу операциясы кезінде
брокерлік ұйымдағы клиенттің ақша қаражаты белгілі бір мәмле жасауға жетпей
қалған жағдайда оны инвестор кейінге қалдырады. Инвесторладың төлем
қаблеттілігін тексеруге арналған жалпы ережені – New York Stock Exchange
-әлемнің ірі қор биржасы брокерлік қызметті реттей отырып олардан “know –
your customer” “өз клиентіңді жетік біл” деген қағиданы ұстануды талап
етеді. Осы ереженің жеткілікті ұстануы үшін инвестор өзінің банкіне тасырыс
береді. Кейбір жағдайда брокер шот ашу уақытында белгілі бір мөлшерде
депозит салуды талап етеді. Инвестордың төлем қабілеттілігі кепілінің
маңызы бағаның тұрақсыздығына байланысты мәмленің жасалынуы. Сатып алу
қызметі жүзеге асырылғаннан кейін инвестор сатып алынған акция бойынша
уақытылы төлемді белгіленген уақыт мерзімінде клиенттің шотына аударады,ал
брокер осы мәмлені аяғына дейін аяқтайды.
Жоғарыда инвестордың акция сатып алу оқиғасын айтқан болатынбыз.
Бірінші мәмледе бағалы қағаздарды сатып алу емес сату қарастырылатын болса,
клиент бәрі –бір шот ашуына тура келеді. Бұл “өз клиентіңді жетік біл”
қағидасын талап етеді,осылайша брокерде сол бағалы қағаздардың қаншалықты
маңызы бар екендігін және клиенттің слорға қаншалықты құқылы екндігін
тексеруге мүмкіндік туады. Шот ашқанан кейін клиент бағалы қағаздар бойынша
сату сатып –алу операцияларын жасай береді, тек брокер мен телефон немесе
факс арқылы хабарласып отырады. Мәмле жасалғанан кейін брокер оның нәтижесі
туралы, бағасын қоса,бағалы қағаздар бойынша сатылған немесе сатып алынған
бағамын клиентке айтып отырады. Брокер бұл жайтты бірден телефон арқылы
жеткізе салады. Акцияны сатып алуда жоғарыда айтылған шот құжаттар
қатарында болады. Акцияны құжат ретінде сатқанда мәмлені растау мақсатында
мәмленің нәтижесі ретінде ақша сомасы орын алады. Бұл сома клиенттің шотына
брокерлік фирмадан мәмле аяқталғаннан кейін белгіленген мерзім өткеннен
кейін аударылады немесе чек формасында клиентке ұсынылады. Акция туралы
сертификатты алғаннан кейін акция инвесторлардың өздерінде болуы мүмкін
немесе клиенттің шешімі бойынша оларда немесе брокерде қалады. Бірінші
кезекте акцияның ұстаушысы оны сату туралы мәлімдегенде брокер өзінің
қатысуымен клиентінің қолындағы сертификатынсыз –ақ брокер акцияларды сата
алады. Бірақта клиент белгіленген уақыт мерзімі аралығында брокерге
сертификатты табыстауға міндетті себебі енді ол жаңа сатып алушының
қарамағына өтеді. Екінші кезекте бағалы қағаздардың сатылуын жеңілдету
мақсатында брокер өзінің қолындағы бағалы қағаздары бойынша инвестордан
облигациядан пайыз, акциядан дивиденд алып оны клиенттің шотына аударып
отырады. Сонымен қатар брокер клиентке почта арқылы фирманың бүкіл қаржылық
жағдайын, акция бойынша соңғы иелік ететінін, жиналыстарға шақыру жайлы
және де басқа жекелеген компаниялардан түсіп жатқан қосымша құжаттар жайлы
хабарлап отыруы шарт.
Акция туралы сертификатты сақтауда инвестордың брокерлік фирмада
біршама артықшылықтары бар. Мысалға инвесторға бағалы қағаздар сату керек
болатын болса оған тек брокерге телефон арқылы түсіндірсе жеткілікті. Осы
орайда тағы ескерілетін жағдай брокер бағалы қағаздардың сақтандырылуына,
сақталуына және де сақтау туралы туындаған басқа да сұрақтаға жауап береді.
Брокерлік фирмалар жағынан асыра қолданудың болмауы кепілі ретінде
брокерлік фирмалардың қызметіне қатаң қадағалау жасалады. Қосымша
талаптардың кепілі ретінде бастапқыда келісілгендей брокелік фирмалардың
ауқымды жеке капиталы болуы қажет.
Брокердің қызметі жоғарыда аталғандай инвестор мен кеңесу керек,
қандай бағалы қағаздарды сатып –алу немесе сату және өз клиенттері атынан
таңдалған мәмлені атқаруға негізделген. Брокерлік фирмалардың барлығы
бірдей бәсәкелестік жағдайда болады, еш қайсысы биржада бағаны қадағалй
алмайды. Кейбір фирмалар өздерінің клиенттеріне жіті зерттелген кеңес бере
алады және инвестор үшін қай жағдайда сол қарқынды компанияның бағалы
қағаздары қаншалықты беделді болатынын, инвестор сол компанияға қаржы
салған жағдайда қаржысының қаншалықты сақталып, қандай табыс әкелетінін
қысқа уақыт аралығында жорамалдап айта алады.
Инвестициялық жобаны ұсынуда брокерлік фирманың терең зерттеу
бөлімшесі қызмет атқарады. Олардың қызметкерлерінің басты мақсаты нарықтағы
құбылыстарды, жекелеген салалар мен компаниялардың, күнделікті баспасөз
беттерін, компанияның қаржылық жағдайын зертеп және басқа да бәсекелес
брокерлік компаниялардың болжамдарын қадағалау мен байланысты. Қорыта
келгенде компанияның тарихи жағдайын ескере отырып оның балансын,
айналыстағы акцияларын, зерттеу бөлімінің қызметкерлері олардың бағалы
қағаздарының дәл бағасын береді, негізгі мәләметтерді ескере отырып олар –
өндіріс қорларының мөлшерін, қызметтік жағдайын және кәсіпорындағы
қызметтік жағдайға мінездемені, құрал жабдықтарының бағасын, өнім көлемін,
өткізуден түсетін табысын,жаңа өнім түрлерін жасап шығаруды және басқада
басқарушылық жағдайын зерттеу қажет. Бұл болжам клиентпен жұмыс атқаратын
брокер арқылы уақытылы таратылады. Сонымен қатар компанияның клиенттері
арасына тарату мақсатында дайындалға есебі таратылады.
Институтционалды клиенттердің тапсырысы бойынша көптеген фирмалар
зертеулерге арналған толық қанды баяндама жасайды. Клиентпен жұмыс жасаушы
брокер зерттеу бөлімінен алынған ақпаратты, дәйектерді, сандық
материалдарды инвесторға ұсынады. Осы ақпарат инвестордың өзінің салымы
туралы шешім қабылдауына және оны түсіндіруіне жеткілікті.
Әлбетте шешім қабылдау инвестордың құзырында. Көптеген жағдайда
инвестордың дұрыс шешімі ол үшін үлкен табыстар әкеледі.
Брокерлік қызметті ұйымдастыру бір жағынан бағалы қағаздарды сатушы
мен сатып алушының кездесуіне жағдай жасаса, екінші жағынан бағалы қағаздар
нарығындағы бағаны тұрақтандыруға ықпал етеді. Анығырақ бұл былай
байқалады:
– бағалы қағаздар бойынша бәсекеге қабілетті
тпсырыстар жасау немесе қабылдау, бағалы
қағаздарды қолайлы жағдайда ұтымды баға мен
инвесторларға ұсыну, бағалы қағаздар нарығындағы
мәмле бойынша процесті жылдамдату;
– инвестициялық фирманың жеке резервтерін басқару
(резервтелген немесе уақытша сатып алынған бағалы
қағаздар), бағаны тұрақтандыру мақсатында бағалы
қағаздарға сұранысты күшейту; резервтің мөлшері
дилердің бағасына, ағымдағы нарық жағдайына,
клиенттің алдындағы болашақта мүмкін болатын
міндеттемелерді резервке деген сұраныс арқылы
орындау, сонымен қатар бағалы қағаздарды сатып
алуда пайдаланатын жеке капиталы;
– өзгеде дилерлерден келіссөздерді, кез келген
нарықтағы қалыптасқан ақпараттарды бағалы
қағаздардың алғашқы шығарылымдарына сауданы
ұйымдастыру және дұрыс бағаны орнату;
Қор нарығындағы бағалы қағаздар мен жасалынатын мәмлелердің барлығы
бірдей қолма -қол есеп айырысу мен орындалмайды. Көбінесе қарыз қаражаттары
қолданылады. Мұндай мәмле қор нарығында несиеге алу деп, ал бұны
пайдаланудың бір ғана мақсаты – табыс көлемін ұлғайту. Несие құралын
пайдалану инвесторға өзінің жеке капиталының аз шығындалуына мүмкіндік
береді. Бұл мәмленің сипаты болатын басты элемент – инвестор мен салынған
жеке капиталының мөлшерін орнату, яғни ол несиеге ала алмайтын ақша сомасын
анықтау. Мысалға инвестор маржаның немесе өзінің нормасының 75% -ын
пайдаланса онда бұл оның өзінің шотына салған жеке капиталының 75%-ы мен
қаржыландырды деген сөз, ал қалған 25% -ын несие сомасы көмегімен
қаржыландырды деген сөз. Мысалға американың банктік жүйесін басқаратын
Федералды резервтік жүйесі инвестордың өзінің жеке шотындағы қаржаты
есебінен бағалы қағаздар бойынша төленетін төлем сомасының мөлшерін
белгілейді. Маржаны көтеру немесе түсіру арқылы Федералды резервтік жүйе
қор нарығының белсенділігін қысымға ала алады немесе дем бере алады.
Несиеге алу брокердің мақұлдауын талап етеді, себебі бұл жағдайда брокерлік
фирма инвесторға жетпей тұрған соманы несиеге беріп, сатып алынған бағалы
қағаздарды кепіл ретінде ұстайды. Кейбір брокерлік фирмалар өздерінің ішкі
үлестерін Федералды резервтік жүйеденде қатал бекітеді. Бір кездері
Федералды резервтік жүйенің көрсеткіштері 50% -ды құраған. Есте сақтайтын
жайт бағалы қағаздарды несиеге алған тұлғалар белгілі бір сомадағы алған
несиесі не тұрақты мөлшерде пайыз төлейтінін. Бұл негізінен 1-3% прайм
–рейт мөлшерлемесі (Сенімді төлеушілерге белгіленетін ең төменгі пайыздық
мөлшерлеме). Қор нарығындағы несиегі сатып алулардың негізгі қағидаларын
қарапайым мысалдар мне келтіруге болады. Мысалға АА “XX” компаниясының 70
қарапайым акцияларын нарықтағы қазіргі бағасы 6350 теңгеден әр данасын
сатып алғысы келеді. Егер жеке капиталының талап ету мөлшері 50% -ды
құраса, онда АА мәмледе көрсетілген қолма –қол есеп айырысудағы 444500
теңгенің (6350 теңге х 70 акция) жартысын яғни 222250 теңгесін, ал қалған
222250 теңгесін ол үшін брокерлік фирма есеп айырысады. АА міндетті түрде
берілген 222250 теңгеге сәйкес пайыз және брокерге комиссиялық сыйақыны
қосып төлейді. Ескертетін жағдай егер инвестор бағалы қағаздарды несиеге
сатып алатын болса онда ол олардың біршама көп номиналын сатып алады,
өйткені ол тек өзінің жеке капиталына ғана емес сонымен қатар брокерлік
фирма ұсынған несие қаражатын пайдаланудың арқасында табысын екі есе
өсіруге мүмкіндік туды. Қор нарығында несиеге сатып алудың мағынасы
–мәмледе инвестордың жеке капиталы базалық қызметті атқарады, ал табысты
ұлғайту мақсатында қаржылық тұтқаны пайдалануға болады. Бұл тәсілдің қалай
жұмыс жасайтынын анықтайық. Мысалға сізде 500000 теңге бар деп есептейік,
сіз бұл 500000 теңгені 100 акция сатып алуға жұмсадыңыз (5000 теңгеден әр
данасына), сіздің тұжырымдауыңызша акциялардың бұл шығарылымының бағасы өсу
керек. Егер сіз брокерден несие алмасаңыз сіз бұларды бірден 500000 теңгеге
сатып ала аласыз (брокерлік комиссиялық сыйақыны қоспай қоя тұрайық). Егер
сізде брокер арқылы несиеге сатып алу мүмкіндігі болса онда сіз ақшаңыздың
жартысын төлеу арқылы сол акциялады бағасы 5000 теңгеден болған күннің
өзіндеде 250000 теңге төлеп сатып ала аласыз. Сіздің қалтаңызда тағыда
250000 теңге ақша қалады. Сіз оларды басқада жобаларды қаржыландыруға
немесе сол компанияның шығарған тағы да 100 акциясын сатып алуыңызға
болады. Осылайша сіз несиеге алу арқылы сатып акцияларыңыздың өсуінен
табысыңыздың мөлшерін ұлғайта аласыз.
Қор нарығында несиеге алудың басты артықшылығы –бұл инвестордың
кірісінің мөлшерін ұлғайтады. Бағалы қағаздады несиеге алудың тағы бір аса
маңызды артықшылығы ол инвестордың жеке капиталын басқада табыс әкелетін
қаржылық құралдарға әртараптандыруына мүмкіндік туады. Бұл мәмленің басты
жетіспеушілігі болып несиеге сатып алынған бағалы қағаздар өздерін инвестор
ойлағандай дәрәжеде көрсете алмауы және жоғары табыс күтілгенде оның орнына
орны толмас шығын әкелуі ықтимал. Еекінші бір жетіспеушілігі –несиеге
алынған қаржының шығындары. Брокерлік ссуда –бұл ресми құралдың көмегімен
қор нарығындағы несиеге сатып алудың қол жетімсіз құралы; бұл ссудалар
бағалы қағаздардың несиемен жасалынатын барлық мәмлелеріне тек “өтелмеген
”сатылым мен қажылық тауарлық фючерстерден басқасының барлығына
пайдаланылады. Барлық брокерлік ссудалар пайыздық қойылымы жарияланғаннан
кейін беріледі. Ол өз кезегінде ақша нарығындағы берілетін ссуданың
мөлшерімен пайыздық қойылымының деңгейіне байланысты. Бұл пайыздық шығындар
табыс көлемін азайтып күннен күнге өсе түседі (немесе сәйкесінше шығынды
арттырады).
Қор нарығындағы несиеге сатып алуды орындау үшін ең алдымен несиеге
сатып алу шоты ашылуы тиіс (margin account). Бұл брокерлік ұйымдағы бағалы
қағаздар мен жасалатын мәмлелердің түрлеріне тәуелсіз және олар мен есеп
айырысуда төлемдерді бөлшектеп, несие арқылы төлеуге мүмкіндік беретін аса
маңызды шот. Шотты ашуда инвестор ең аз дегенде 200000 теңге қаржы салады
немесе брокерге осы сомаға тұрарлықтай бағалы қағаздар береді. Қор
нарығында несиеге сатып алу басқа мәмлелер секілді; клиент бұйрықтың кез
–келген формасын пайдалана алады және брокерге комиссиялық сыйақы төлейді.
Әлбетте мәмленәң бұл түрі мен келісім жасағанда берілген ссуда бойынша
пайыздық қойылым есептеледі ал брокер несиеге алынған бағалы қағаздарды
кепіл ретінде ұстайды. Мәмленің айтарлықтай түріне несиені брокерден немесе
банктерден алға болады. Шындығында барлық жағдайлады ескеретін болсақ қор
нарығындағы несиеге алулардың басым бөлігі брокерлер арқылы алынады.
Инвесторлардың жеке капиталының көрсеткіштеріне қойылатын талаптарды
барлық инвестолрларға бірдей бағалы қағаздарды сатып алуда клиенттің ең
төменгі мөлшердегі жеке капиталының мөлшері міндетті айқындалады (АҚШ-та
бұл талаптарды Федералды резервтік жүйе орнатады). Бұл инвестолардың
өздерінің барлық мәмлелерін тура осндай жеке капиталының үлесі мен жасасын
дегенді білдірмейді, олар өз қаражаттарының көп мөлшерін сала алады.
Мысалға,егер акция бойынша ең төменгі талаптың мөлшері 50%-ды құраса онда
инвестор жеке қаражаты мен 75% -ын төлеп, сатып алуға құқылы. Осыған қоса
брокерлік фирмалар мен ірі қор биржалары ресми орнатылған талаптардан
өздерінің талптарын қатаң қоятыны прктикада сирек кездеспейді. Бұл тәуекелі
жоғары мәмлелерге тосқауыл қойып, өздерін инвесторладың төлей алмау
қабілеттілігінен сақтатау шарасы негізінде орындалатын іс шаралар болып
табылады. Жеке қаражатыңның мөлшеріне қойылатын міндетті талаптардың екі
негізгі түрі қолданылады; бастапқы жарна және қолдаудағы жарна.
Бастапқы жарна (маржа). ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығын талдау
Бағалы қағаз нарығы инфрақұрылымы
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары
Бағалы қағаздар нарығы
Қазақстан Республикасының қор биржасының қызметін ұйымдастыру мен қызмет ету ерекшеліктері
Бағалы қағаздардың басқа түрлері
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің дамуы мен проблемалары
Коммерциялық банктердің операциялары мен қызметтері
Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және құрылымы
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздарменен операциялары
Пәндер