Басқару қызметінің мәдениеті және іскерлік этикасы
1. Басқару қызметінің мазмұны, сипаты және ерекшелігі.
2. Басшы іс әрекетінің психологиясы.
3. Басшы жұмысын жоспарлау.
4. Келушілерді қабылдау және әңгімелесу.
5. Іскерлік мәжілісті ұйымдастыру және өткізу.
Пайдаланылған әдебиеттер

Басқару еңбегі жалпы еңбек секілді әлеуметтік – экономикалық табиғаты болады. Оның өзі қоғамдық еңбектің даму процесінде пайда болды.
Басқару еңбегі өндірістік еңбек болып саналады. Мұның өзі өндірісті, соның ішінде басқару еңбегінің өнімділігін арттырудан туындайды. Басқару еңбегінің өзіндік ерекшелігі болады, оны еңбек өнімділігін салыстыру арқылы анықтайды.
Демек, басқару еңбегінің елеулі ерекшелігі, оның өндіріс енбегінен өзгешелігі еңбек затының айырмашылығында.
Еңбектің маңызды сипаттамасының бірі, оның ақырғы және тікелей мақсаты мен нәтижесі, өндірістік және басқару еңбегінің түп мақсаты ортақ, өйткені басқару еңбегі өндірістің бір бөлігі ретінде тұтастай жұмыс ұғымына ене отырып, өндірістік еңбектің түпкі мақсатынан өзгеше болуы мүмкін емес.
Басқару еңбегі басқаша мақсатты көздейді, оның сипаты мен мәні де өзгеше. Басқару еңбегінің тікелей мақсаты —ұжымның бірлескен күш жігерін үйлестіру және оның мүшелерінің ақырғы жоспарланған нәтижеге жетуге арналған бірлескен іс-әрекетін қамтамасыз ету.

1 Ахметов К.Ғ. Сағындыков С.Н. Байжомартов Ү.С. Жүнісов Б.А. Жумаев Ж.Ж.
«МЕНЕДЖМЕНТ НЕГІЗДЕРІ» Ақтөбе-Орал 2005ж

БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК ЭТИКАСЫ
Жоспар
1. Басқару қызметінің мазмұны, сипаты және ерекшелігі.
2. Басшы іс әрекетінің психологиясы.
3. Басшы жұмысын жоспарлау.
4. Келушілерді қабылдау және әңгімелесу.
5. Іскерлік мәжілісті ұйымдастыру және өткізу.
Пайдаланылған әдебиеттер
БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК ЭТИКАСЫ
Басқару еңбегі жалпы еңбек секілді әлеуметтік – экономикалық
табиғаты болады. Оның өзі қоғамдық еңбектің даму процесінде пайда
болды.
Басқару еңбегі өндірістік еңбек болып саналады. Мұның өзі өндірісті,
соның ішінде басқару еңбегінің өнімділігін арттырудан туындайды. Басқару
еңбегінің өзіндік ерекшелігі болады, оны еңбек өнімділігін салыстыру арқылы
анықтайды.
Демек, басқару еңбегінің елеулі ерекшелігі, оның өндіріс енбегінен
өзгешелігі еңбек затының айырмашылығында.
Еңбектің маңызды сипаттамасының бірі, оның ақырғы және тікелей мақсаты
мен нәтижесі, өндірістік және басқару еңбегінің түп мақсаты ортақ, өйткені
басқару еңбегі өндірістің бір бөлігі ретінде тұтастай жұмыс ұғымына ене
отырып, өндірістік еңбектің түпкі мақсатынан өзгеше болуы мүмкін емес.
Басқару еңбегі басқаша мақсатты көздейді, оның сипаты мен мәні де
өзгеше. Басқару еңбегінің тікелей мақсаты —ұжымның бірлескен күш жігерін
үйлестіру және оның мүшелерінің ақырғы жоспарланған нәтижеге жетуге
арналған бірлескен іс-әрекетін қамтамасыз ету.
Жалпы ұғымда еңбек құралы дегеніміз ...Зат немесе заттар жиынтығы, оны
адамдар өзі мен еңбек құралы аралығында қояды және де оның өзі осы затқа
ықпал ету үшін қызмет етеді. Еңбек құралдарын қолдану мен жасау —
адамдардың еңбек әрекетінің өзіндік көрінісі.
Өндіріс процесінде адамдар, еңбек құралдары мен заттары тікелей
байланыста болады. Басқару процесінде басқару субъектісі ретінде адамның
өзі және оның іс-әрекеті, ал оның еңбек құралы ретінде — ұйымдық-техникалық
құралдар қатысып, бұлардын әрекеті басқару мүмкіндігін арттыра түседі.
Өндірістегі адам дене еңбегін қол мен машина арқылы, ал басқару еңбегіндегі
адам мәліметтер және оларды өңдеу құралдары көмегімен атқарады.
Басқару еңбегінің заты мен құралының ерекшелігі оның сипаты мен
мазмұнын айқындайды. Басқару еңбегі — көбінесе ой еңбегі. Бұған әлеуметтік,
экономикалық, ұйымдық, техникалық-технологиялық сипаттағы шешімдерді
бағалау мен жобалау жатады.
Оның негізгі мазмұны сол, мұнда тұтастай алғанда адамдармен жұмыс
істейді. Басқару еңбегінің негізгі кызметі, міне, осында. Басқару еңбегі —
бұл ұжым адамдарына таралатын іс-әрекет яғни жұмыс. Бұған еңбек
процесіндегі жеке адамдар ғана емес, тұтастай ұжым қатысады. Басқару
енбегінде творчестволық сипат маңызды рөл атқарады.
Басқару қызметкерлерінің іс-әрекетіне творчестволык, логикалық және
техникалық (қосалқы) жұмыстар мен операциялар жатуы мүмкін.
Творчестволық жұмыстар мен операциялар логикалық-ой әрекеті болып
саналады. Бұған жататындары: салыстыру, талдау, синтез, абстракциялау,
нақтылау, қорытындылау, есептеу, болжалдау, шешім қабылдау. Бұлар өзіндік
сипатқа ие болады, әрі қатаң регламентгеуге келмейді. Басқару еңбегінде
тәжірибе мен түсіну маңызды рөл атқарады.
Логикалық жұмыстар мен операциялар белгілі бір жүйе мен белгіленген
тәртіп бойынша орындалады. Олар әдетте, тиісті құжаттармен (документтермен)
оңай регламенттеледі. Басшыларда творчестволық процестің үлес салмағы 60%-
ға дейін мамандарда 40%-ға дейін болатындығы анықталған. Техникалық
орындаушылар логикалық операцияның 30-20%-ын атқарады, ал жұмыс уақытының
қалған бөлігі техникалық операциялрға (мәліметтерді жинау, өңдеу,
құжаттарды өңдеут.б.) жұмсалады.
Басқару еңбегімен құрамында басшылары, мамандары мен техникалық
орындаушылары бар арнайы аппарат шұғылданады. Басқару қызметкерлерінің саны
өндіріс қызметшілерінің санына қарағанда негізсіз көбейіп кететін фактілер
байқалады. Мұның өзі басқару аппаратын ұстау шығынын көбейтуге әсер етеді.
Сондықтан да баскару жұмысын ықшамдау, басқару еңбегінің өнімділігін және
оның ұйымдастырылуын арттыру жолдарын қарастырудың зор маңызы бар.
Басшы іс-әрекетінің психологиясы
Адамдармен жұмыс істеу өнері туа пайда болмайды, оның өзі өмір бойы,
өмір тәжірибесінің, өзімен өзі жұмыс істеудің, сан салалы білім алудың
нәтижесінде қалыптасады.
Басшылық тәсілі ұжым деңгейіне тығыз байланысты, олар өзара қатысты әрі
бірін-бірі жетілдіріп отырады.
Басшының ұжыммен қарым-қатынасы көбінесе оның жеке басына және де сол
ұжыммен ынтымақты, дұрыс жұмыс істей білуіне байланысты. Осыған орай
басшының ұжыммен қарым-қатынас орната білуінің ұйым үшін зор маңызы бар.
Басшының ұжыммен қарым қатынасы бірқатар ерекшеліктерімен сипатталады.
Біріншіден ұжымдағы қарым-қатынас жағдайына басшыға тиісті құқық пен
өкілеттілік біршама ықпал етеді. Ұжым алдында тұрған міндеттерді шешу үшін
қажетгі осындай праволарды жүзеге асыру, басшының ұжыммен ресми, іскерлік
қарым-қатынас орнатуының негізі болып саналады. Бұл қарым-қатынаста жеке
адамдардың үйлесуі де, үйлеспеуі де мүмкін.
Екіншіден, көпшілік ұжым үшін басшы — бұл тек лауазым бедел ғана емес,
белгілі бір білімді және ұжым мен ұйым ісін басқару саласында
қабілеттілікті қажет етеді. Осыған орай кәсіптік этиканың алуан түрлі
болып саналатын басшы этикасы, басшылық этикасы туралы айтуға тура келеді.
Үшіншіден, басшының ұжыммен қарым-ұатынас этикасы топтасқандықтың
ұжымды ұйымдастырудың, олардың өз әлеуметтік қызметін орындаудың,
маңызды факторы болып саналады. Басшының осындай қарым-қатынасқа ықпал
етуі, оның өкілеттілігі, құқығы ғана емес, сондай-ақ оның идеялық ықпалы,
сенімі мен жеке басының үлгісі.
Төртіншіден, ұжым құрамына қарай басшы өзін жақсы жағынан да, нашар
жағынан да көрсетуі мүмкін. Мұндайда адамдар басшының кейбір дағдысына
еліктейтіндігін өздері де аңғармай қалады.
Басшылық психологиясы мынаған байланысты:
сөйлеу мәдениетіне, өз ойын сауатты, айқын жеткізе білуіне. Дауыс ырғағын
құбылту арқылы айтқан сөзін 40%-дай тиімді ете алады. Айта, тыңдай, сөйлей
білуге жаттығу қажет. Басшы сөйлей білумен қоса, тыңдай да, жұртшылықты
қызу әңгімеге тарта білу де тиісті;
ңбек мәдениетіне, жұмыс уақытын ұтымды ұйымдастыруына;
мінез-құлық мәдениетіне; этика, эстетика. Сыртқы мәдениеті ішкі мәдениетіне
үнемі сәйкес келе бермейді;
- сезім мәдениетіне, эмоцияны, дауыс ырғағын, қол қимылын, бет қимылын
тежей білуінде. Мәселен, эмоция адамдармен жақындауға да, одан күдер үзуге
де ықпал етеді. Осының барлығы қызмет этикасына жатады. Басшының өресі
басқалардан әлдеқайда жоғары болуы, тәрбиеші болуы, өзінің үлгі -өнегесін
көрсете білуі тиіс.
сынау өнері, сынды дұрыс қабылдай білу қажет;
сын жалпылама болмай, нақтылы адамға арналуы тиіс (жеке
басын емес, ісін сынау қажет);
—сынау мақсатын айқындау және сыналатын адам туралы мағлұматалу;
адамның дербес ерекшеліктерін ескере отырып сынау, алғашқы ескертуді
оңашада айту;
сынау орнын және тәсілін ойластыру;
сынай отырып, іскерлікпен жауап беруге жағдай жасау.
Американдық менеджерлерге қойылатын басты талаптың бірі — сынай білу
және сынды қабылдай білу. Сынау мен жазбалаудан жалтаруға болмайды.
Сынаудан қорқатын басшы — басшы емес. Әйтеуір қалайда сынау керек деген
пиғылдан аулақ болған жөн, мұндайда сынның беделі түсіп, жұртшылық арасында
бәрібір басшының бабын таба алмайсың", деген қаңқу сөз тарайды. Сын әділ
болуы, нақты кемшілікті дөп басуы тиіс.
Басшы жұмысын жоспарлау
Жоспарлау — адам қызметінің ажырамас бөлігі. Карл Марс пен Фридрих
Энгельс былай деп жазған болатын: ... ең нашар деген сәулетшінің
(архитектурдың) бал арасынан айырмашылығы сонда, ол балауыздан ұя салар
алдында, оны әуелі басында ойластырып алады. Өзінің еңбек әрекетін
жоспарлау арқылы жұмысты белгілі бір жүйеге келтіріп, ең басты, кезек
күттірмейтін мәселелерді шешуге жұмылдырады .
С.Н.Архангельский былайша атап көрсетеді: ...психологиялық көзқарас
тұрғысынан алғанда адамның болашақ іс-әрекетін жоспарлауының мәні сол, ол
белгілі бір іс-әрекетті орындаудың жолдарын, амалдары мен құралдарын ой
елегінен өткізеді де, түпкі мақсатқа жетуді ойластырады. Сондықтан да
басқару аппаратының тиімді қызметі жоспарлануы тиіс. Ол үшін дербес жұмыс
күнінің тәртібі, кәсіпорын жұмысының жалпы тәртібі, адамдарды өзара
алмастыру графигі, жеке творчестволық жоспары т.б. жасалады.
Дербес жұмыс күнінің тәртібі белгілі бір жүйемен жүзеге асырылады.
Әуелі жекелеген қызмет түрлері еңбек операцияларына бөлініп, жұмыс
уақытының құрылымы ойластырылады. Сараптап (экспертгік) бағалау арқылы
жекелеген жұмыс түрлерін орындауға жұмсалатын қажетті жұмыс уақыты
анықталады. Жұмыс күнінің қолайлы, құрылымын және нақтылы қалыптасқан жұмыс
күні тәртібін ескере отырып дербес жүмыс графигі жасалады. Әрбір басшының
дербес жұмыс күні тәртібіне, ең алдымен, атқарылатын жалпы жұмыстар
(мәжілістерге нарядтарға қатысу), содан кейін кәсіпорын басшысына қатысты
басқа жұмыстар енгізілуі тиіс.
Басшылар мен мамандардың дербес жұмыс күні тәртібіне, бірінші кезекте
кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша басқару жұмыстарын орындауға тиісті
уақыт белгіленеді. Сондықтан да басқару аппаратының жұмыс күні тәртібінің
негізі белгілі бір бөлімшелердегі технологиялық бірізділік сақталатын
жұмыс процесін орындау уақыты болуы тиіс.
Жұмыс күнінің регламенті ауыл шаруашылығы өндірісіндегі маусымдылық
ескеріле отырып жасалады. Қажет болған жағдайда жылдық қауырт науқанды
кезеңдеріне (егіс, жиын, терім т.б.) арнап жеке жұмыс күнінің тәртібі
белгіленеді. Әрбір басшы мен маманнын жұмыс күнінің тәртібі кәсіпорындағы
жалпы жұмыс күнінің тәртібімен үйлесуі тиіс.
Жекелей творчестволық жоспарға өндіріс техникалары мен технологияларын
жетілдіру, оны ұйымдастыру мен басқару, қызметкерлердің еңбек жағдайын
жақсарту, осының негізінде өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру
жөнінде нақты шараларды жүзеге асыру көзделеді. Айрықша қажеттісі:
ой еңбегінде өзінің жұмысын жолға қою. Егер алғашқы
сағаттарда жұмыс ойдағыдай істелетін болса:
әуелі ең қиын жұмысты қолға алған жөн;
жұмысқа кіріскенде бір минутты да босқа жіберме, сонда жұмысың өнімді
болады;
—қиын жұмыстан жеңіл жұмысқа, жағымсыз жұмыстан жағымды жұмысқа,
тартымсыз жұмыстан тартымды жұмысқа бірте- бірте ауыс.
Егер жұмыс аяғында ісің жақсы жүретін болса:
ең жеңіл жұмысты алғашқы кезекке қалдыр;
әуелі жұмысқа қажетті нәрселеріңді мұқият әзірлеп ал;
әуелі жүріс-тұрысты көп қажет ететін шаруаларды тындыр, күнделікті
міндеттерді күнделігіңе жазып қой, цифр деректерін есепте;
жеңіл еңбектен ауырына, тартымды еңбектен тартымсызына бірте-бірте ауыс.
И.В.Ревельскийдің ой еңбегінің гигиенасы жөніндегі ұсынысы ерекше көңіл
аударарлық:
Еңбек етуді тынығумен мұқият, әрі дұрыс алмастыр.
Қатты шаршама.
Дұрыс демала біл.
4.Жиі тынық және белгіленген күні еркін серуендеп демал.
Жұмыс күнінде толық бір сағаттық демалыс уақытын белгіле.
Ой еңбегің мен дене еңбегіңді дұрыс үйлестіре біл.
жұмыс істеу зиян.
Жұмысқа бірте-бірте құлшына кіріс.
9.Өз жұмысыңның үйреншікті қарқынын тездетуге де, баяулатуға
да болмайды.
Ой еңбегіңде үзілісті тым жиілетуге болмайды.
Күні бұрын енжарлыкка салынба.
Зейініңе бөгет жасайтын, мазалайтын жайттарды барынша азайтуға тырыс.
Ештен кеш жаксы деген халық мақалы есіңізде болсын.
Бір іспен ұзақ уақыт шұғылданба.
Зерттелетін заттармен тұрақты байланыс орнат.
Толып жатқан цифр деректері мен анықтамалық сипаттағы
нақты материалдарды есіне сақтап, басыңды ауыртпа.
Істейтін жұмысыңның мақсаты айқындалғанда және оның пайдалы екендігіне көз
жеткенде ғана қолға ал.
Уақытында тамақтанып отыр.
Көзіңді сақта.
Уақыт тапшылығын азайту, өзіңнің мақсаткерлігіңді, ұйымдастырушылығыңды
арттыру үшін неміс маманы Л.З.Зайверт өзіндік менеджементті ұсынады.
Өзіндік менеджементтің басты міндеті - өз мүмкіндігіңді барынша
пайдалану, тіршілігінің бағыт-бағдарын саналы түрде меңгеру, сыртқы
жағдайды меңгеру, оның өзі кәсіптік және өмірлік мақсаттарына жетуге,
үнемдей отырып, жұмысты тиянақты орындауға, еңбекті жақсы ұйымдастыруға,
әрі асығыстыққа, әбігершілікке салынбай-ақ жоғары нәтижеге жетуге ықпал
етеді.
Келушілерді қабылдау және әңгімелесу
Басшылар жұмыс уақытының көпшілік бөлігін өзінін қарамағындағы
адамдармен әңгімелесуге, жұмыстың орындалуын бақылауға, келушілерді
қабылдап жаңа мәліметтер алуға арнайды. Мұның өзі кездесуді
ұйымдастырғанда, біріншіден, жұртшылықтың сеніміне ие болу үшін, екіншіден
әңгімелесуші қолайлы, әрі түсінікті нышанда оған қажетті мәліметтерді беру,
өз жұмыс тәжірибесін көрсету, пайдалы инициативаны қолдау ушін іскерлік
танытуды қажет етеді.
Басшы жекелей кездесудің көпшілігін қызмет үстінде қабылдау кезінде
жүзеге асырады. Қабылдау мәнері бойынша басшылар 3 топқа бөлінеді:
I топ — мұндай басшыларға барлығы тобымен келеді, жалған демократ. Егер
басшының қарамағында жиырма шақты қызметшілері болса, онда Ашық есік
саясаты дұрыс деп саналады.
II топ — мұндай басшыға кіру де, оны орнынан табу да өте қиын.
III топ — мұндай басшының қабылдау тәртібі болады, кезектілік
пен регламент сақталады, бұл ұнамды топ.
Қабылдауды екі түрге бөлуге болады: басшының инициативасы (шақыруы)
бойынша қабылдау және қол астындағылардың өтініші бойынша қабылдау.
Басшы қол астындағыларды қабылдауға шақырғанда қоятын мақсаты, олармен
танысу, жұмысын ауыстару, тапсырма беру немесе жаза қолдану.
Басшы қол астындағыларды әңгімеге тарта білуі, өзіне сендіре білуі
тиіс. Егер қол астындағылар өз мәселесін басшысыз шешуге тырысатын болса,
онда мұндай басшыға сенім болмайды.
Кездесудің бастапқы сәті бірнеше түрге бөлінеді:
Басшы орнынан тұрмайды, бірақ келген кісіге қарайды.
Орнында отырып амандасады.
Орнынан тұрып амандасады.
Келушіні қарсы алып амандасады, орын ұсынады.
Тиімді қабылдау үшін қажеттісі:
- қазмет мәселелерінің және тікелей өзі қабылайтын адамдардың тізімін
белгілейді:
—кезек күттірмейтін мәселелер бойынша қабылдау уақытын дәл белгілеу,
мұндайда қабылдау бағыныштының баяндамасы немесе мәлімдемесі түрінде өтеді
(көбінесе жұмыс басталған кезде).
Г.П.Мициг алуан түрлі жағдайға қатысты іскерлік әңгімені өткізудін бес
негізгі принциптерін ажыратады. Бұл принциптер әмбебап және де кез келген
жағдайда қолданылуы мүмкін.
Егер біз әңгімелесушінің көңілін аудара алмасақ, егер ол бізді
тыңдамаса, онда бізге жалпы бір нәрсе айтудың қажеті қанша? Сондықтанда
бірінші принцип — әнгімелесушінің көңілін аудару (әңгімелесудің басталуы).
Әңгімелесуші адам біздің сөзіміздің пайдалы екеніне сенімді болса, ол
бізді ықылас қойып тыңдайды. Демек, біз әңгімелесушіні ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz