Бастауыш сынып оқушыларына өзін-өзі тану пәнін ұйымдастыру
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... 3
1 ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ӨЗІН.ӨЗІ ТАНУ ПӘНІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Бастауыш сыныптарда өзін.өзі тану пәнінің маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Өзін.өзі тану пәнінің өзіне тән ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Өзін.өзі тану пәні барысында бастауыш сынып оқушыларының қарым.қатынасын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2 ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗІН.ӨЗІ ТАНУ ПӘНІ БАРЫСЫНДА ӨЗАРА ҚАРЫМ.ҚАТЫНАСТАРЫН ЖАҚСАРТУ МҮМКІНДІКТЕРІ
2.1 Өзін.өзі тану кабинетінің түстер гаммасына, дизаин талаптарына сай болуы бала көңіл.күйіне әсері ... ... ... ... ... 18
2.2 Өзін.өзі тану сабақтары барысындағы оқушылардың қарым.қатынастарын жақсарту мүмкіндіктері ... ... ... ... .22
2.3 Ойындар барысында оқушылардың қарым.қатынастарын жақсарту жолдары ... ... ... ... ... ... ...31
Қорытынды ... ... ... ... ... ..38
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... 40
Қосымша

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі – адамгершілік-рухани тәрбие беру. Қазіргі педагогика ғылыми тәрбие саласындағы басымдық міндеттердің бірі ретінде жас ұрпақты ғасырлар бойы жинақталған халық даналығының жалпыадамзаттық құндылықтарын меңгерту негізінде тәрбиелеу қажеттігін дәлелдеп отыр. Балалардың өмірден өз орнын табуы үшін өз бойындағы табиғи дарыны мен қабілетінің ашыла түсуіне көмектесудің қажеттілігі арта түсуде. Қазастан Республикасының Бірінші Ханымы Сара Алпысқызының өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім жобасы жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеуді көздейді. Өзін-өзі тану баланы өзінің кадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқылауына тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.
1 Жалпы білім беру ұйымдарындағы 1-11 сыныптарға арналған «Өзін-өзі тану» пәнінің типтік оқу бағдарламасы. Алматы 2010ж.
2 Өзін-өзі тану дәптерлері
3 Өзін-өзі тану 1-4 сынып арналған оқулықтар
4 «Самопознание.KZ» журналы
5 Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006.
6 “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы
7 “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
8 Примак Л.П. Общение с собой. Начала психологии активности.
9 Дети с аффективным поведением – М., Просвещение, 1966
10 Добрович А.Б. Воспитателю о психологии и психогигиене общения.
11 Доценко Е.Л. Психология манипуляции: феномены, механизмы и защита.
12 Изард К.Е. Эмоции человека – М., 1980
13 Имедадзе И.В. Тревожность как фактор учения в дошкольном возрасте
14 Коломенский Я.Л. Психология взаимоотношений в малых группах. Минск, 1976
15 Коломенский Я.Л. Психология личных взаимоотношений в детском коллективе. Минск,
16 Коломенский Я.Л. Психология общения. М.: Знание, 1974
17 Немчин Т.А. Состояние нервно-психического напряжения – Л., 1983
18 Обухова Л.Ф. Детская возрастная психология. – М., 1996

Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Бастауыш сыныптарда өзін-өзі тану пәнінің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ..5
1.2 Өзін-өзі тану пәнінің өзіне тән ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3 Өзін-өзі тану пәні барысында бастауыш сынып оқушыларының қарым-
қатынасын
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .9
2 ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІ БАРЫСЫНДА ӨЗАРА
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫН ЖАҚСАРТУ МҮМКІНДІКТЕРІ
2.1 Өзін-өзі тану кабинетінің түстер гаммасына, дизаин талаптарына сай
болуы бала көңіл-күйіне
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..18
2.2 Өзін-өзі тану сабақтары барысындағы оқушылардың қарым-қатынастарын
жақсарту
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
22
2.3 Ойындар барысында оқушылардың қарым-қатынастарын жақсарту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .38
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .40

... ... ... ... ... ... ... ... ..4 1
КІРІСПЕ
Жаңа жағдайларға сай бiздiң бәрiмiздi алаңдататын мәселе-бiлiмдi
кәсiби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмiрдiң барлық
саласында ұлттық және дүниежүзiлiк құндылықтарды қабылдауға қабiлеттi,
рухани және, әлеуметтiк – адамгершiлiк мүмкiндiгi мол тұлғаны
қалыптастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі – адамгершілік-рухани
тәрбие беру. Қазіргі педагогика ғылыми тәрбие саласындағы басымдық
міндеттердің бірі ретінде жас ұрпақты ғасырлар бойы жинақталған халық
даналығының жалпыадамзаттық құндылықтарын меңгерту негізінде тәрбиелеу
қажеттігін дәлелдеп отыр. Балалардың өмірден өз орнын табуы үшін өз
бойындағы табиғи дарыны мен қабілетінің ашыла түсуіне көмектесудің
қажеттілігі арта түсуде. Қазастан Республикасының Бірінші Ханымы Сара
Алпысқызының өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім жобасы жан-жақты
дамыған тұлғаны тәрбиелеуді көздейді. Өзін-өзі тану баланы өзінің кадірін
өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқылауына тәуелді болмауға, өзін-
өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің
бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен
әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.
Балалық өзінің руханилығымен, өзінің тазалығымен және өмірді таза
күйінде қабылдай алуымен талантты. Кіші мектеп жасындағы тұлға бойында
жалпы мәдениеттің негізі қаланады, өзін-өзі тануға қызығушылығы артады,
дербестілігі дамиды. Кіші мектеп жасындағы балалар өзінің жеке сапалары мен
мүмкіндіктерін түсіне бастайды. Осы жастағы баланың адамгершілік сезімдері,
эмоциялары, өзара қарым-қатынастары туралы түсініктері кеңейді. Балалар
үлкендермен және құрбыластарымен қарым-қатынас жасау мәдениетіне қол
жеткізеді, бірқатар адамгершілік құндылықтар мен адами қасиеттердің мәнің
түсінеді, оның Отанға, отбасына, жақын адамдарына, қоршаған табиғатқа деген
сүйіспеншіліктері артады. Ол алғаш рет алдында тұрған міндеттерді өзінің
шешуі керектігін, оқушының әлеуметтік рөлін ұғынуын, сонда-ақ
сыныптастарымен және ұстаздарымен жағымды қарым-қатынастар орнату
қажеттігін түсінеді. Өзiн-өзi тану сабақтарына балаларымыздiң ынта-
ықыласымен, қызыға келетiндiгi, бiр-бiрiмен қарым-қатынастары
мейiрiмдiлiкке, адалдыққа, сенiмге құрылатындығын байқалады. Сабақ
процесiнде мұғалiмдердiң де рөлi өзгердi. Олар қазiр балаларға досы сияқты
қарым-қатынас жасайды. Үлкендермен және өздерiнiң құрбалары арасындағы
өзара қарым-қатынастары жақсарып, өздерiн сыйлау сезiмдерi пайда болды.
Мұғалiм балалармен жеке тұлға ретiнде қарым-қатынасқа түсе отырып, баланы
өзi туралы айтуға, баға бiлуге, өзiнiң сезiмiн, мiнез-құлқын, әдет-дағдысын
бақылай және басқара бiлуге, сонымен бiрге жанындағы адамдарды табиғи
болмасымен қабылдау, iзгi ниет, ықылас таныта бiлуге үйретедi. Қиындықтар
мен қайшылықтарды жеңу әр адамның дүниетанымдық мүмкiндiгiне, мұратына,
рухани деңгейiне байланысты. Жеке тұлғаның бойына имандылық нұрын ұялатуға
“Өзiн-өзi тану” бағдарламасы үлкен ықпал етедi деп айтуға болады.
“Өзiн-өзi тану” бағдарламасы арқылы жан-жақты дамыған, рухани
адамгершiлiгi мол, бiр-бiрiне сүйiспеншiлiкпен, құрметпен қарайтын, өмiр
сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлғаны тәрбиелей аламыз.

1.1 Бастауыш сыныптарда өзін-өзі тану пәнінің маңызы
Мен баланың жас кезінен-ақ әрқанда сау да әрі бақытты болып өсуін,
өмір даналығы мен адамзатқа қызмет ете білу бақытын игере отырып өсуін
қалаймын.
Өзінің кім екендігін, не үшін өмір сүріп, не үшін талпынатынын
пайымдай білсін.
Әркім өзін ашып көрсете білуі тиіс.
С.А.Назарбаева
Өмір әдебі кітабынан
Өзін-өзі тану әліппесі (1-4 сыныптар) бағдарламалары бастауыш
мектеп жасында өсіп келе жатқан баланың рухани дүниесін анықтайтын
адамгершілік-рухани қасиеттердің жиынтылығының қалыптасуына қолайлы
жағдайлар жасалатынын ескереді. Өзін-өзі тану пәні бастауыш мектепте
баланың адам қарым-қатынасын рухани-адмгершілік реттеу саласында ойлау
қабілетінің әліппесін, негізін құруға бағытталған.
Қиындықтар мен қайшылықтарды жеңу әр адамның дүниетанымдық
мүмкiндiгiне, мұратына, рухани деңгейiне байланысты. Жеке тұлғаның бойына
имандылық нұрын ұялатуға “Өзiн-өзi тану” бағдарламасы үлкен ықпал етедi деп
айтуға болады.

Бастауыш білім кезеңіне арналған Өзін-өзі тану бағдарламасының
мақсаты:
1. Жас бүлдіршіндерді жасытпай оқыту, сенімсіздік комплекстерін жою.
2. Баланың өзін-өзі тануы мен дұрыс қарым-қатынасын дамыту.
3. Мектеп ішіндегі әміршілдік пен өктемдікті қажет етпейтін құрылымды
қолдану.
4. Баланың өзіндік менің анықтауға көмектесу.
5. Балаларды дұрыс қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.
6. Балаларды жан-жақтылыққа, кісілік парасаттылыққа тәрбиелеу.
Бастауыш мектептегі Өзін-өзі тану бағдарламасының мазмұны Қазақстан
Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының
талаптарына сай:
- әрбір баланың тұлғалық ерекшеліктері ескеріле отырып олардың жеке
басының және интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етуге;
- баланың психикалық, физиологиялық денсаулығын олардың өзара
байланысын сақтай отырып қорғауға;
- баланың жеке басының жан-жақты толыққанды дамуына жағдай жасай
отырып, отбасымен қарым-қатынасты қамтамасыз етуге бағдарланған.
Бағдарламаның міндеттері:
1. Баланың бойына әлем және адамзат туралы дұрыс түсінік қалыптастыру.
2. Балалардың қоршаған ортасына деген қызығушылығын ояту.
3. Балалардың адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру мүмкіндіктерімен
таныстыру.
4. Жеткіншектердің танымдық белсенділіктерін арттыру.
5. Жас ұрпақтың рухани-адамгершілік категорияларына көңіл аудару.
6. Жеке тұлғаның менін (өзімшілдігін емес) ояту.

Өзін-өзі тану сабақтарының ерекшеліктері болып мұғалім мен оқушылардың
тұлғалық қарым-қытынасқа түсу процесі табылады. Бүл процесте балалар өзі
туралы, өзінің сезімдері, ойлары мен әрекеттері туралы біледі, оларды
талдай алады және адамгершілік тұрғысынан бағалай біледі, өзін және
өзгелерді тыңдауға, адамдарды сол қалпында ізгі ниетпен қабылдап, әр іске
шыдамдылық тануға үйренеді. Өзін-өзі тану сабақтарында әлеуметтік-рөлдік
ойындар мен тренингтер арқылы адами қарым-қатынастар шыңдалады, өмірлік
тәжірибелерімен алмасады, қоғамға қызмет көрсету дағдылары дамиды. Өзін-өзі
тану процесін ұйымдастырудың маңызды шарты болып балалардың психологиялық,
физиологиялық, жас ерекшеліктеріне сәйкес жағымды эмоциялық күймен
қамтамасыз ететін жағымды ортаны құру болып етеді. Өзін-өзі танудың өзіне
тән ерекшеліктеріне сәйкес сабақтардың стандартты емес түрлері ұсынылады:
ойлану сабақтары, талдау сабақтары, театрландырылған көріністер түріндегі
сабақтар, шығармашылық сабақтар, сайыс сабақтар, концерт сабақтар,
экскурсия сабақтары, ойын сабақтары және т.б. Өзін-өзі тану сабағының
нәтижелі болуы үшін, мұғалім интерактивті әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануы
қажет. Сонда ғана бүл сабақта әрбір оқушы жеке пікірін білдіріп, талдауға
белсене қатысып жеке әңгімесін айтып үлгереді.
Өзін-өзі тану бағдарламасының әдістемелік жаңалығы - мектеп жасына
дейінгі балаларды рухани-адамгершілік түрғыдан дамыту үрдісін интерактивті
оқыту әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асыру болып табылады.
Сабақтарда көзделетін мақсат әрбір баланың бойындағы шығармашылық
әлеутін тани және аша білуге, өзінің эмоционалдық көніл күйін, өз мінез-
құлқын, тәртібін басқара және бағалай білуге үйренуіне мүмкіндік туғызу.
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналаған рухани-адамгершілік білім
беретін Өзін-өзі тану бағдарламасының оқу-әдістемелік кешені (ОӘК)
тәрбиешіге арналған әдістемелік құралдан, хрестомадиядан, дәптерден,
дидактикалық материалдардан тұрады.
Өзін-өзі тану бағдарламасы сабақтары 10-15 баладан құрылған шағын
топтарда ұйымдастырылады.
Өзін-өзі тану бағдарламасы баланың даму ортасын ұйымдастырумен
тығыз байланысыты. Сабақ жүргізілетін арнайы бөлме кең, жарық сабаққа
қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған болуы керек. Балалардың өзін емін-
еркін, жайлы сезінетіндей, көз тартарлықтай көркем безендірілуі тиіс.
Сондай-ақ міндетті түрде музыкалық шығармаларды тыңдау және бейне
көріністерді тамашалау үшін аудио-видео кұралдар, дидактикалық материалдар
мен фотосуреттерді іліп көрсету үшін тақта болуы керек. Мұндай бөлмелер
балалардың жақсы жұмыс істеуіне ықпал етеді.
Тәрбиешінің балалармен жеке тұлға ретінде қарым-қатынас жасауындағы
басты мақсаты – баланы өзі туралы айтуға, өзінің сезімі, ойы, әдеті туралы
әңгімелеуге, оны ой елегінен өткізіп, баға бере білуге, тек өзіне ғана
емес, жанындағы адамдарға да көңіл аударып, оларды өзіндік табиғи
болмысымен қабылдау, ізгі ниет, ықылас таныта білуге үйрету.
Әрбір сабақта төмендегі мәселелер ескерілуі тиіс:
балалардың сабақтарды түсінуіне және оған өзіндік көзқарасын жағымды
эмоциясымен байқатуына қол жеткізу;
адамгершілік құндылықтар мен ережелер жөнінде ұғымдарды балалармен бірге
нақтылай отырып бекіту;
балалар бойында тек жақсылық жасауға деген деген ниет, ынта-ықлас туғызу,
өзі өмір сүретін ортада жағымды эмоциялық ахуал қалыптастыру.

қатынасын ұйымдастыру
Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін
туғызып,байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп
адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе,
білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар
дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады. Қарым-қатынас
барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен,
біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы
жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті,
коммуникативті,перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро,
рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:
1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпа рат алмасу және адамдардың бірін-бірі
тануымен байланысты);
2) реттеуші-коммуникативтік (адамда рдың іс-әрекетін реттеу және біріккен
әрекетті ұйымдастыру);
3) аффективті-коммуникативтік (адам ның эмоционалдық аясымен байланысты).
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке
қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне
білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз
ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен
көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау -
жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен
жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі:
барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздық сыз қарым-қатынас
жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде
қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай
білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын
адамға құрметпен қарап,сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы
қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.
Педагогикалық қарым-қатынас
Педагогикалық қарым-қатынас - белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын,
жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы
арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге
бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы
кәсіптік қарым-қатынасы.
Перцептивтік қарым-қатынас
Перцептивтік қарым-қатынас — адамның парапар қабылдауы, оның ішкі дүниесіне
бойлау, әрбір жеке сәтінде оның психикалық жағдайын сезіну дағдысы, оның
тәртіп себебін түсіну дағдысы. Мұғалім өзінің перцептивтік қарым-қатынас
қабілеттерін ұдайы дамытуы қажет.
Фатикалық қарым-қатынас
Фатикалық қарым-қатынас (лат. fatuus - ақымақ) - қарым-қатынас үрдісі үшін
ғана мазмұнсыз қарым-қатынас.
Қарым-қатынастың жетекші түрі
Қарым-қатынастың жетекші түрі - осы немесе өзге жас кезеңінде болатын қарым-
қатынас түрі, бұл арқылы тұлға дамуының осы сатысына сәйкес негізгі
тұлғалық қасиеттер қалыптасады.
Өзін-өзі тану пәнінің мазмұнын жүзеге асыруда осы аталып өткен әдістемелік
тәсілдердің педагогикалық тұрғыдан тиімді екендігін эксперименттік-
тәжірибе нәтижелері көрсетті. Оқу-әдістемелік кешеннің үшінші рет
жаңартылып ұсынылып отырған нұсқасына Сабақтың дәйек сөзі, Жаттығу-
ойлану, Өзіммен-өзім, Сахналастыру тәсілдері енгізілді.
Мұғалім әрбір оқушының ерекшеліктерін ескере отырып, балалардың
қоршаған ортада өзінің тұлғалық Менін жете түсінуіне көмектеседі. Ол
дайын білімдерді жеткізуші емес, балалардың өмірдегі маңызды іскерліктері
мен дағдыларын игеруге жетелейтін өзін-өзі тану процесінің жетекшісі. Ол
балалармен бірге ойланады, жаңалықтар ашады, дауларды шешеді, таңданады,
күмәнданады, бірлестік әрекеттерде қызығушылықпен өмірдің ақиқатына көз
жеткізеді, сыныпта жағымды жағдай туғызады.
Кіші мектеп жасындағы оқушыларды өзін-өзі тануға үйрету мұғалімнің
жоғары адамгершілікті, мәдениетті, жан-жақты білімді, ізгі ойлы және жылы
жүректі болуын талап етеді. Мұғалім – ерікті немесе еріксіз – баланың
жанына әсер етеді. Педагогикалық іс-әрекет мұғалім мен оқушы арасында тең
құқықтылық сақталатын ынтымақтастық, серіктестік ұстанымдары бойынша
құрылады. Мұғалім рухани құндылықтарды талдай отырып бала жүрегіне
мейрімділіктің, адамгершіліктің нұрын себеді. Кіші мектеп жасындағы
оқушылар өзін-өзі тану сабағында үйренгендерін өмірде көрсете алуы үшін
үлкендер балалар үшін үлгілі, досжанды, мейірбанды, шыдамды және сезімталды
болуы тиіс.
Көрнекті гуманист және педагог Януш Корчак өзінің Баланы қалай сүю
керек еңбегінде нағыз мұғалім бұғау салмайды, ал еркіндік береді,
басымдық көрсетпейді, мақтап-мадақтайды, мыжғылап тастамайды, ал
қалыптастырады, бұйырмайды, ал үйретеді, талап етпейді, ал сұрайды,
балалардың қиналған сәттерінде олармен бірге күйзеліске түседі... деп
айтқан болатын. Өзін-өзі тану мұғалімі де дәл солай болуы тиіс. Осыдан
төрт жүз жыл бұрын өмір сүрген, дидактиканың негізін салушы, педагог-
гуманист Ян Амос Коменский Алдымен сүю, содан кейін үйрету деген болатын
Баланы кішкентай күнінен сүюге үйрету керек, өйткені махаббат пен сыйластық
адамның ішкі дүниесінде және қоршаған ортасында да тыныштық пен
үйлесімділікті орнатады. Біздің тәрбиеленушілеріміз әрбір жаңа күнді өз
айналасына мейірімді, жағымды жағдай тудыратын жымиюдан бастауы өте
маңызды.
Қарым-қатынасты дамытуға арналған жаттығулар.
“Бет-әлпетті еске сақтау” Өзіңді қоршаған адамдардың бет-әлпетін
сақтауға дағдылан. Қарап ал да, көзіңді жұм, көргеніңді түгелдей еске
түсір. Толық еске түсіруге қиналсаң, қайта қара. Осылайша бірнеше рет
қайтала.
“Ол қалай күледі?” Бет жүзіне қарап, адамның қалайша күлетінін,
жылайтынын көз алдыңа елестет. Өзінің жақсы көргенін, сүйіспеншілігін,
махабатын қалай білдіреді? Абыржып, сасқан кезде қандай? Ол қулана ма,
әлде сытылып, құтылып шыға ма? Қалай дөрекілік көрсетеді? Ұрсыса ма?
Өкпелегенде қандай? Ол бұрын қалай көрінетін еді? Кейін қандай болады?
“Мен басқалардың көзімен” Әр түрлі жағдаяттарда және әр түрлі адамдармен
өзіңнің әңгімелесушінің көзімен қарағанда қалай көрінетініңді елестуге
тырыс. Сен қалай әсер етесің? Ол сен туралы не ойлайды?
“Өзіңді бағалау” Неғұрлым бағалаушы болудан гөрі, бағаланушы болған жөн.
Айналаңдағылар сенен не күтеді? Оған сенімен жақсы ма? Нгер біреу қателік
жіберсе, сол қателікке емес, оған өзіңнің реакцияңды қалай болатынына
назар аудар.
“Көңіл-күйге ортақтасу” Жеке тақырыпта әңгімелесе отырып, өзіңмен
әңгімелесушіні ұқыпты тыңдауға тырыс. Егер ол саған көңіл сырын сеніп
ашса, өзіңдікін айтып жарыспа, бөліп тастама, көңіл-күйіне ортақтас,
өзіңді оның орыныа қойып көр.
“Қоштау” Балаларға көз салып қара, олардың іс-әрекеттерін бақыла, оны
қоштау мүмкіндіктерін жіберме.
“Күлкі” Бет-жүзіңде әрдайм күлкінің табы тұруын, жылы кейіпті, мейірімді
жүзді, ақжарқын қалрыңды сақтауға үйрен. Күлкің келмесе де, оған
әруақытта дайын бол. Әрдайым ішкі дүниең күліп тұрғаны жөн.
“Саған аманшылық тілеймін” Кез-келген адаммен кездескен кезде алғашқы
сөзің (ішкі тілегің) “Саған аманшылық тілеймін” болуы керек. Мұны оған
бар жан-жүрегіңмен сыйла! Егер сен біреумен дау-жанжалға түсіп, ұрсысып
қалатын болсаң, “Саған аманшылық тілеймін” дегенді дереу есіңе түсіріп,
қайталайтын бол.
“Жаңа түрге ену” Өзіңді басқа адамның орнында сезініп көр. Сен - ол
екенін көз алдыңа елестет. Оның сырт келбетін тауып ал, оның ішкі әлеміне
аз-маз еніп байқа. Оның жүріс-тұрысын, мимикасын, қозғалыстарын салып
көр. Жаңа түрге түс, оның сезімдері мен ойларымен астасып өмір сүруге
тырыс.
“Нажағай қаупі жоқ” Өзіңнің жағымсыз эмоцияңды тежеуге тырыс. Саған оны
тежеу қандай қиын болса, айналаңдағыларға оны бастан кешіру сондай қиын.
Ұрысысып-керіспеуді, күңкілдеп-жыламауды үйрен. Бір апта бойы барлығын
кешіруге, бәрін түсінуге, ешкімді сынамауға, ескерту айтпауға,
кінәламауға тырыс. Мүмкін одан да ұзағырақ осылай істерсің?
ТІЛ ТАБЫСА БІЛЕЙІК
Түсінісе білу ─ жақсы қасиет.
Халық даналығы
Мақсаты: Өзара түсіністік ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі
маңыздылығын ашу.
Міндеттері:
– өзара түсіністік, өзара сыйластық, тіл табысу туралы түсінік беру;
– балалардың өзін және басқа адамдарды түсіне білу қабілеттерін дамыту;
– балаларды өзара жағымды қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:
Шаттық шеңбері
Балалар шеңбер құрып тұрады да, бір-бірімен кезектесіп амандасады.
- Сәлеметсің бе, Азамат!
- Қайырлы күн, Меруерт!
- Сәлеметсіз бе, Әсем Асқарқызы!
- Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен сендерді көргеніме қуаныштымын!
Осылайша бір-бірімен сәлемдесу аяқталған соң, төмендегі сөздерді айтады:
- Армысың, сұлу күн! (күнге қарап бас иеді)
- Армысың, ашық аспан! (аспанға қарап бас иеді)
- Қайырлы күн, баршаға! (құшақтарын жаяды).
Әңгімелесу
Әңгіменің негізгі желісі өзара түсіністік, тіл табысу жөнінде болады.
Осы мақсатта мұғалім оқушыларға өсиет әңгіме айтып береді.
Алпамыс пен Махаббат ел аралап жүріп бір көңілсіз ауылға кезігіпті.
Балалар көптен бері бір-бірімен ойнамақ тұрмақ, сөйлеспей де қойған екен.
Балалардың қуанышы мен күлкісінің естілмегеніне көп уақыт өтіпті. Мұндай
елде өмір сүру өте қиын ғой... Алпамыс пен Махаббат осы жағдайға қатты
ойланып, оларға көмек бермек болыпты. Олар ары ойлап, бері ойлап осы
халыққа ақыл-кеңес беруге Данышпан атаны алып келеді. Данышпан ата сол
елдің жұртын жинап: Адамдар бірін-бірі тыңдаса, кешіре білсе, бір-біріне
шыдамдылық танытса, бірін-бірі жымиып, күлімдеп қарсы алса, өзара сыйласа
білсе, тату-тәтті, достықта өмір сүреді, балалар қуанышқа бөленеді, бақытты
болады, -деп айтыпты.
Данышпан атаның ақыл-кеңесін түсінген балалар бір-бірінен кешірім сұрап,
тіл табысып, тату-тәтті дос болыпты.
Балалардың өмірлік тәжірибелерімен бөлісу үшін сұрақ қойылады:
• Сендер қандай жағдайда кімдермен татуластыңдар?
Балалардың жауаптары тыңдалып, қорытындыланады.
Әңгімелеу
Өзара сыйластық пен тіл табысудың қажеттілігін ұғындыру мақсатында
мұғалім Ж.Мыңтұрғанованың Әтеш, лақ және күшік әңгімесін айтады.
Әтеш, лақ және күшік
Ж.Мыңтұрғанова
Әтеш, лақ және кішкентай күшік бұрыннан дос еді. Бір күні ойнап жүріп,
Лақ мүйізімен күшікті түйіп қалды. Қорыққан күшік қашып кетті. Енді бірде
әтеш лақтың арқасынан шоқып алды. Лақ бақырып жіберді. Бір-біріне көңілі
қалған достар жан-жаққа кетті.
Достарын ренжітудің дұрыс емес екенін түсінген лақ күшікке барып:
– Дос болайық! Мен сені өткенде байқамай сүзіп жібердім, кешір, күшік
–деді.
– Жарайды, кешіремін, – деді күшік.
Күшік содан соң әтешке барды:
– Дос болайық!
– Сендерді шоқып алғанымды кешіріңдер, достарым! – деді әтеш.
Сөйтіп үшеуі қайтадан достасты. Қазір олар бір аулада тату-тәтті өмір
сүруде.
• Әңгімеде Әтеш, лақ және күшік қалай достасты?
• Бір-біріңмен ренжісіп қалғанда қалай тіл табысуға болады?
Балалар сұрақтарға жауап берген соң, мұғалім өзі түйіндеуіне болады.
– Балалар, дұрыс айтасыңдар. Адамдар бір-бірімен ренжісіп қалғанда,
бірінен-бірі кешірім сұрайды. Кешірімді міндет етпей, шын көңілден сұрайды.
Түсіністік болмай қалған жағдайда болған істі немесе айтар ойын жымиып
тұрып, асықпай түсіндіріп айтады.
Тыныштық сәті
– Балалар, денелерінді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып
отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс
алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен
тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла-бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал
енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Жағдаяттарды талдау
Балалар мұғалімнің көмегімен төмендегідей жағдаяттарды талдап, шешеді.
1-жағдаят:
Әділ мен Мирас бірлесіп әдемі қайық жасапты. Олар қайықты өзенге
жүздірмекші болғанда таласып қалыпты. Әділ мен Мирас ренжісіп қалады.
Тапсырма:
– Әділ мен Мирас қалай татуласады деп ойлайсыңдар?
2-жағдаят:
Самал мен Шынар бірлесіп гүл отырғызады. Гүлдері әдемі болып өсе
бастайды. Олар гүлдерді суғаратын кезде сусепкішке таласып қалыпты. Самал
Шынарға өкпелеп кетіп қалады.
Тапсырма:
– Самал мен Шынарды қалай татуластырар едіңдер?
Оқушылар жағдаяттар бойынша шешімдерін жариялап айтуларына болады.
Дәйексөз
Мұғалім тақтаға Түсінісе білу ─ жақсы қасиет деп жазып қояды және осы
халық даналығын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді:
– Дұрыс айтасыңдар, бір-бірімен келісіп іс істеген жағдайда ортақ
шешімге келуге болады. Адамдардың бір-бірімен тіл табысуы үшін өзара
түсіністік пен сыйластық, кішіпейілділік, сабырлылық қажет. Адамдар
түсіністікте өмір сүрсе, қуанышқа бөленеді, жақсылыққа кенеледі. Түсінісе
білу ─ жақсы қасиет, – деп халық бекер айтпаған.
Үй тапсырмасы
Дәптерде берілген суреттер бойынша үй тапсырмасын орындау түсіндіріледі.
Тапсырма: Бір-бірімен ренжісіп қалған Арман мен Жанардың татуласуына
қандай көмек берер едіңдер?
Жүректен-жүрекке
Мұғалім оқушыларды шеңберге жинап, тіл табысудың қажеттілігі мен
маңыздылығын қорытындылайды.
Балалар, бір-бірімізбен тіл табысу не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
деген мұғалімнің сұрағына балалар өз ойларын айтып, кезекпен жауап береді.
Күтілетін жауаптар: бір-бірімізбен дос болу үшін, бір-бірімізді сыйлау
үшін, бірге ойнау үшін, тапсырманы бірлесіп орындау үшін, тату-тәтті ұжым
болу үшін, жақсы өмір сүру үшін, бір-бірімізді қуанту үшін, т.б.

болуы бала көңіл-күйіне әсері
Өзін-өзі тану пәнінің оқу кабинетін безендіру пәндік кабинеттер
жұмысының мазмұны, оларды безендіру мен жабдықтауға қойылатын жалпы
әдістемелік нұсқаулар негізінде жүзеге асырылады. Өзін-өзі тану пәніне
арналған кабинеттің болуы және оның жабдықталуы Өзін-өзі тану пәні
бойынша оқу-танымдық әрекетті ұйымдастырудың сапасы мен нәтижелілігіне
айтарлықтай әсер етеді.
Өзін-өзі тану пәнінің оқу кабинеті – жалпы рухани-адамгершілік білім
беруді, атап айтқанда пәннің бағдарламасын іске асырудың құралы болып
табылатын, сонымен қатар білім беру жүйесінің сабақтарды ұйымдастыруға
қолайлы да ыңғайлы жағдайларды қамтамасыз ететін оқу-тәрбиелік бөлімшесі.
Бұл жағдайлар:
• оқу материалын эмоционалдық-құндылық қабылдауды қалыптастыруға;
• тұлғааралық позитивтік қарым-қатынасты қалыптастыруға;
• ойлау әрекетін белсендіруге;
• оқу сабақтарының дәстүрлі емес түрлерін ұйымдастыруға;
• оқытудың мульти-аудио-бейнеқұралдарын, жабдықтарды және дидактикалық
материалдарды кешенді пайдалануға мүмкіндік береді.
Өзін-өзі тану оқу кабинетіне қойылатын жалпы талаптар
• Сабақ жүргізілетін ортаға балалармен қатар мұғалімдердің де жұмысқа
қабілеті мен эмоционалдық көңіл күйін көтеретін эстетиканың, көркем
дизайнның элементтерін енгізу арқылы қолайлы психологиялық қалыпты жағдай
жасау.
• Гүлдер мен бөлме өсімдіктерінің болуы.
• Терезелерде перде немесе жалюздердің, еденде кілем немесе паластың
болуы.
• Кабинетті эргономикалық, физиологиялық, санитарлық-гигиеналық,
эстетикалық, психологиялық және педагогикалық талаптарға сәйкес келетін
жиһазбен жабдықтау.
• Кабинетті оқытудың мульти-аудио-бейнеқұралдарымен, оқу-анықтамалық
әдебиеттермен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.
• Мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш мектепте сабақтар үшін балалар
ойыншықтарының болуы.
2. Өзін-өзі тану кабинетін безендіруге қойылатын талаптар
2.1. Өзін-өзі тану кабинетін безендіру үшін мыналар болуы тиіс:
2.1.1. Рухани-адамгершілік білім беру жобасының авторы С.А.Назарбаеваның
қоғамдық қызметін баяндайтын стенд;
2.1.2. Қабырғаларда – балалардың суреттері немесе туған өлке табиғатының
көріністері;
2.1.3. Балалардың өзін-өзі тану сабақтарындағы іс-әрекетін бейнелейтін
суреттер, туған күн иелерін құттықтаулар үшін сынып бұрышы.
2.2. Өзін-өзі тану кабинетінің қабырғаларын оқушылардың жас
ерекшеліктеріне және пән бойынша тақырыптық-оқу жоспарының бөлімдеріне
сәйкес тақырыптық безендіру қажет:
2.2.1. Мектеп жасына дейінгі және мектепалды топтары үшін Өзін-өзі тану
пәнінің мазмұны суреттерде, стенділер мен панноларда бейнеленуі тиіс;
2.2.2. Бастауыш сынып оқушылары үшін сонымен қатар балалардың шығармашылық
жұмыстарын бейнелейтін паннолар және стенділер болуы керек;
2.2.3. Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру контексінде ата-
аналармен жұмысты көрсететін жеке стенд қажет;
2.3. Кабинетте міндетті түрде:
2.3.1. Оқушылардың жұмыс істеуі және олардың шығармашылық жұмыстарын
көрсетуге арналған тақталар, флипчаткалар мен магнитұстағыштар;
2.3.2. Белсенді жұмыс аумағында 4-6 адам үшін дөңгелек немесе ұзынша
келген үстелдер;
2.3.3. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін жеңіл пластмасса орындықтар;
2.3.4. Жоғарғы сынып оқушылары мен студенттер үшін жартылай жұмсақ кеңсе
орындықтары;
2.3.5. Рухани-адамгершілік білім беру бойынша кітапхана қорын, шығармашылық
жұмыстарды, дидактикалық және әдістемелік материалдарды, аудио және
бейнематериалдарды, кеңсе бұйымдарын сақтау үшін шкафтар немесе
стеллаждар;
2.3.6. Музыка орталығы, бейнемагнитофон және бейнепроектор, компьютер,
сандық фотоаппарат мүмкіндігінше болуы қажет.
2.4. Түстерді қолданғанда олардың негізінен ашық және жылы, ашық-сары, ашық
– бозғылт болуын ескеру керек.
3. Өзін-өзі тану кабинетінің оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз
етілуіне қойылатын талаптар
3.1. Кабинеттің оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі үшін:
• нормативтік-құқықтық құжаттар (ҚР БжҒМ бұйрықтары, пәннің білім беру
стандарты, тақырыптық жоспарлар);
• көрнекі құралдар (карталар, плакаттар, портреттер, картиналар, т.б.);
• рухани-адамгершілік білім берудің барлық деңгейлеріне арналған оқу-
әдістемелік кешендер;
• сабақ өңдеулерінің папкалары;
• үлестірме дидактикалық материалдар;
• диагностиканың нәтижелері бойынша аналитикалық есептер;
• ғылыми семинарлар, конференциялар және рухани-адамгершілік білім
беруді дамыту бойынша озат тәжірибе материалдары;
• бейне- және аудиокассеталар, компьютер дискілері және дискеталар;
• рухани-адамгершілік білім беру жөніндегі және әдістемелік әдебиеттің
болуы және жүйеленуі тиіс.
3.2. Кабинетте сабақ өткізу үшін өзін-өзі тану кабинетін пайдалану кестесі
болуы қажет:
• оқу кабинетінің жұмыс кестесі;
• жеке өткізілетін сабақтар, консультациялар, т.б. кестесі.
3.3. Төмендегі құжаттардың болуы маңызды:
• кабинеттегі жабдықтар, әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар
т.б. көрсетілген кабинет төлқұжаты;
• кабинетте жұмыс істеу қауіпсіздігі техникасының ережелері;
• әдістемелік бірлестіктің өзін-өзі тану кабинетінің нақты оқу жылына
даярлығы жөніндегі шешімдерінің хаттамалары.
4. Кабинет қызметін бағалау:
• Өзін-өзі тану кабинеті басқа пәндер кабинеттерімен бірге кабинеттер
байқауына қатысады (білім беру ұйымының жоспарына сәйкес);
• Байқау нәтижелері бойынша қорытынды шығарылып, үздік кабинеттер
анықталады.

жақсарту мүмкіндіктері
Өзiн-өзi тану ерекшiлiгiн есепке ала отырып, денсаулық сақтау
әлеуетiне ие әр түрлi стандартты емес сабақ түрлерi: ойын-сабақтар, ойлану-
сабақтары, пiкiр-сайыс сабақтары, театрландырылған сабақтар, шығармашылық
сабақтар, конкурс-сабақтар, фантазия-сабақтар, концерт-сабақтар, экскурсия
және т.б. сабақтар пайдаланады.
Өзiн-өзi тануды оқыту процесiнде бiрқатар әдiстемелiк тәсiлдер
қолданады:
- “Шаттық шеңберi”, “Тыныштық сәтi”, “Өзiммен -өзiм”, “Оқу”, “Сабақтың
дәйексөзi”, “Мұғалiмнiң әңгiмелеуi”, “Оқушының әңгiмелеуi”, “Әңгiмелесу”,
“Ойын”, “Жаттығу”, “Шағармашылық жұмыс”, “Жағдаяттар кезiнде ойлану”,
“Бейнематериалдар көру”, “Ән шырқайық, достар!”, “Сергiту сәтi”,
“Сахналау”, “Қорытындылау”, “Жүректен жүрекке” шеңберi, “Үй тапсырмасы”.
Өзiн-өзi тану бойынша оқу процесiн ұйымдастырудың маңызды шарты
балалардың жас және психологиялық-физиологиялық ерекшiлiктерiне сәйкес
эмоциялық жайлылықты қамтамасыз ететiн денсаулық сақтау ортасын құру болып
табылады. Сабақта әрекет түрлерiнiң алмастырылуы оқуға жағымды мотивтердi
қамтамасыз етедi.
Өзiн-өзi тану сабақтары арнайы үнтаспалар бейнетаспалар, көрнекiлiктер
және дидактикалық материалдармен жабдықталған кабинеттерде 10-15 адамнан
тұратын шағын топтарда өткiзiледi.
Бiлiмнiң әрбiр деңгейi үшiн типтiк бағдарлама, оқулық, оқу-әдiстемелiк
құрал, хрестоматия, өзiн-өзi тану бойынша дәптер, көрнекi –иллюстрациялық,
дидактикалық және үнтаспа, бейнетаспа материалдарынан құралатын оқу-
әдiстемелiк кешен пайдаланылады.
Өзiн-өзi тану процесiнде мұғалiмнiң рөлi айрықша, өйткенi ол қазiргi
оқыту мен тәрбиелеу әдiстерiн, психологиялық бiлiмдерiн, балалардың жас
ерекшелiктерiн ескере отырып, педагогикалық процестi дербес құра алу
бiлiгiн жетiк меңгерген болуы тиiс. Өзiн-өзi тану мұғалiмi сабақта жеке
тұлғаның шығармашылық әлеуетiн, оның қабiлеттерi мен мүмкiндiктерiн ашуға
көмектесетiн оқытудың әртүрлi, дәстүрлi емес түрлерiн, интерактивтi
нысандары мен әдiстерiн қолданады.
Өзiн-өзi тану мұғалiмiнiң құндылыққа бағдарланған бағыттылық әрекетi
оқушылардың бiлiм алуына, даналықты, адамзаттың мәдени жетiстiктерiн
ұғынуына, өзара түсiнiстiктi және қоғамның барлық мүшелерiмен жағымды қарым-
қатынас жасауды үйренуiне мүмкiндiк бередi.
Мұғалiм әрбiр оқушының ерекшелiгiн ескере отырып, балалардың қоршаған
ортада өзiнiң жеке тұлғалық “Менiн” жете түсiну процесiне көмектеседi. Ол
дайын бiлiмдердi жеткiзушi емес, балаларды өмiрлiк маңызды iскерлiктер мен
дағдыларды игеруге жетелейтiн өзiн-өзi тану процесiнiң жетекшiсi. Ол
балалармен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz