Менеджментгің басты ерекшелігі банк жүйесі шеңберіне банктік процедураларды ұйымдастырудың және экономикалық процестерді басқарудың бірегей технологиясын дамыту


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

I. Банк менеджментінің теориялық негіздері

1. 1 Банк менеджментінің мәні және ерекшелігі . . . 5

1. 2 Банк менеджментінің құрылымы мен міндеттері . . . 15

1. 3 Коммерциялық банктегі басқару процесі . . . 21

II. «ТұранАлем Банкі» Акционерлік қоғамының басқару құрылымын талдау

2. 1 ТұранАлем Банкінің жалпы экономикалық қызметін талдау . . . 27

2. 2 ТұранАлем Банкінің басқарушылық ұйымдастырушылық

құрылымына талдау . . . 37

2. 3 ТұранАлем Банктегі адам ресурстарын басқару саясаты . . . 42

III Бөлім. Банк менеджментін жетілдіру бағыттары

3. 1 Банк қызметінде менеджменттің ролін арттыру . . . 47

3. 2 Банк жүйесін дамытудың бағыттары . . . 51

3. 3 Банктердің көрсететін инновациялық қызметтерін жетілдіру. . 56

Қорытынды . . . 61

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 64

Кіріспе

Адамзат тарихында ХХІ-ғасыр Батыс және Шығыс Еуропа ғана емес, бұрынғы кеңестік елдер де қатысатын экономикалық және саяси интеграцияның бастамасы ретінде қалады. Әрине, мұнда Қазақстанның ТМД және Еуропа елдерінен де озып, бұрынгы кеңестік аймақта басты шоғырландырушы болып тұрғаны қуантарлық жайт.

Мемлекеттің байсалдылығы, жаңашылдығы және дұрыс бағытталуы арқасында Қазақстан КСРО құлаған соң күрделі периодтан өтіп қана қоймай, өзінің экономикалық және қаржылық әлуетін өсірді, тұрақты және сенімді банк жүйесін құруға барлық жағдайлар жасай алды.

Жыл сайын бәсекелестік күрес күрделенуде. Банктік өнімдердің қоғамның тұтыну тауары болатын уақыт жақындап та қалды. Бұл жағдайда тұтынушыны қызмет көрсету сапасы қаншалықты қанағаттандыратыны ең маңызды нәрсе. Қазіргі заманғы клиент талапты, ақпараттандырылған, қаржы жағынан білімі бар. Сәтті бизнестің басты құндылығы банк пен тұтынушы арасындағы қарым-қатынас.

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2005-2015 ж. ж. Үлттық инновациялық жүйені құру мен дамыту бағдарламасын қолдады. Бұл бағдарлама отандық және шетелдік ғылыми әлуетті пайдалану негізінде бәсекеқабілетті соңғы өнімді жасауды қарастырады. Бүгінгі таңда инновациялық белсенділіктің өсуі, ғылым мен техника жетістіктері негізінде, инновациялық инфрақұрылым негізінде экономиканы дамыту үшін жайлы жағдайлар жасауда.

Сонымен қатар, қазіргі кезде корпоративті басқару мен стратегиялық жоспарлауға, жалпы жұмыс анықтылығына көп көңіл бөлінуде. Бірақ менеджерлердің идеялары тек жан-жақты дамытылған компанияда ғана іске асуы мүмкін. Сондықтан, барлық жаңалықтарды іске асыратын персоналға да көп көңіл бөлінуі керек. Персоналды таңдаудың және үлестірудің қағидалары банктің қызметінің кеңдігіне, нарықта бәсекеқабілеттілік

деңгейіне, оның әдет - ғұрыптарына, сонымен қатар банктің бөлімдері мен бөлімшелері арасында персоналды бөлістіру жүйесіне байланысты персоналға деген нақгы талаптарын қарастырады.

Банк ісі дегеніміз оңцағы жұмысшылардың тәртібі мен ойлау ерекшеліктерін анықгайтын банк менеджментінің мазмұнына әсер ететін белгілі бір сфера.

Банк ең алдымен көптеген салымшылардың ( заңды және жеке тұлғалар ) ақшалай салымдары шоғырланған қоғамдық институт, сондықтан банктік бизнес тек табыс алу ғана емес, сонымен қатар несиеге алынған ақша қүралдарының сақталуын қамтамасыз ету, яғни салымшылардың сенімділігін қамтамасыз етуге бейімделген.

Банк менеджменті үнемі өзгеріп отыратын жағдайда банкке басшылық ету мен оны ұйымдастырудың нәтижелілігін қамтамасыз етуді қарастырады. Банк менеджменті кез-келген сыртқы кедергілерде банк тұрақтылығын қамтамасыз ететін бірден бір құрал.

Бұл дипломдық жұмыста менеджментгің басты ерекшелігі банк жүйесі шеңберіне банктік процедураларды ұйымдастырудың және экономикалық процестерді басқарудың бірегей технологиясын дамытудың негізгі бағыттары қарастырылады. Ақша нарығындағы бәсекелестік жағдайында әр банк өз тәртіп ережелерін құрады; үнемі өзгеріп отыратын экономикалық жағдайда банк ісін жүргізу әдістері қарастырылып, оларды дамытуда қандай бағытта жүрген дұрыс, қаңдай әдістерді пайдаланған дұрыс деген сияқгы сұрақтар қарастырылады.

I. Банк менеджментінің теориялық-методологиялық негіздері

1. 1. Банк менеджментінің мәні және ерекшелігі

Банк менеджменті - бұл нарықтық жағдайда өзінің ерекше қағидалары, функциялары мен әдістерін қолданумен банктік және еңбек ресурстарын рационалды пайдалану арқылы нақты мақсатқа жетуге бағытталған кәсіпкерлік қызметтің дербес түрі.

Банк менеджменті - нарықтық экономикада банкті басқару келесі принциптердің қолданылуымен құрылады:

  • кез-келген банкте нарықтағы сұраныс пен қажеттіліктің, банкке жоспарланған табыс әкелуі мүмкін және сұраныста қолданылатын осындай банктік өнімдер мен қызметтерді ұйымдастыру мен клиент сұранысын бағдарлау;
  • шығындарды азайту мен оптималды нәтижеге жету мақсатымен банктік қызметтің тиімділігін артыруға үнемі ұмтылыс;
  • нарық жағдайына байланысты (несиелік, депозиттік, пайыздық, бағалы қағаздар нарығы) банк мақсатын, міндетін және бағдарламаларын өңдеу;
  • нарықта банктің бөлімшелерінің қызмет процесіндегі және соңғы нәтижесіндегі есебі;
  • оптималды шешім қабылдау мақсатымен жаңа заманның ақпараттық базалары (валюталық қор биржаларымен, басқа да несиелік-қаржылық институттарымен байланыс және компьютерлік желілер) міндетті түрде қолдану;
  • персоналды рационалды сұрыптау мен оны тиімді пайдалану.

«Банктік қызмет» мағынасында банк қызметін барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз ету процесінде банктік циклдық (пассивті және активті операциялар, қаржылық қызмет және т. б. ) технологиялық байланысын ұйымдастыру түсіндіріледі.

Банктік қызмет банктік технологияны дайындау мен жетілдіру, талап етілген деңгейде банктік өнім мен қызмет сапасын қамтамсыз етуді, банктік операциялардың орындалуы мен есеп айырысудың барлық түрін, персоналға техникалық қызмет көрсетуді, өтімділіктің тұрақтылығын қолдауды қосады.

Осыған орай банктен жаңа мүмкіншіліктерді үнемі қарастыру, әртүрлі көздерден қойылған міндеттерді орындау үшін құралдарды тарту мен қолдана білу, минималды шығын мен максималды нәтиже мен тиімділікті арттыруға ұмтылу сияқты жұмыс талап етіледі.

Банк қызметінің нақты мақсаты ұзқ және жақын перспективалары болуы мүмкін. Мақсатты анықтау жолымен банкті басқару (management by objectives) банктің потенциалды мүмкіншіліктерін бағалау есебімен және оны сәйкес ресурстармен қамтамасыз етілуімен дайындалады. Банк жалпы және ерекше мақсаттарды анықтайды. Жалпы - бұл жалпы алғанда банк дамуының жалпы концепциясы, ерекше - қызметтің негізгі түрлері бойынша және жалпы мақсат шеңберінде міндеттерді орындау.

Банк және еңбек ресурстарын пайдалану дегеніміз банк персоналын ынталандыру арқылы шығындарды минималдау және максималды тиімділікке жету жолын айтамыз.

«Банктік механизм» деп өзара байланысқан 3 бөлімді түсіну керек: ішкі банктік басқару, операцияларды басқару, персоналды басқару. Банктік механизмді пайдалануда шаруашылық қызмет процесінде пайда болатын және табыс алуға бағытталған нақты банктік, қаржылық және әлеуметтік-психологиялық міндеттерді орындау қарастырылады. Банктік механизм нарықтық жағдайдағы қызмет барысында әртүрлі банктік операцияларды жүргізу процесінде басқарушылық қызметі бағалануымен түсіндіріледі.

Банктік механизмнің негізгі бөлімдерін қарастырайық:

Кесте-1. Ішкі банктік басқарудың функционалдық бөлімі

Қағидалары
Функциялары
Банктік әдістер
Қағидалары:

Орталықтандыру

Басқарудағы орталықсыздандыру

Орталықсыздандыру мен орталықтандырудың тіркесуі

Дамудың ұзақ мерзімді мақсаттарна бейімделу

Басқарудың демократизациялануы, оның ең жоғарғы бөлімдерінде персоналдың қатысуы

Функциялары:

Маркетинг

Жоспарлау және болжамдау

Ұйымдастыру

Бақылау және есеп (ішкі аудит)

Банктік әдістер:

Банктің пассивті және активті операциялары

Ішкі банктік есеп

Пайыздық саясат

Банк стратегиясының, саясатының және оның негізгі элементтерінің өндірілуі

1-кестеде көрсетілгендей ішкі банктік басқару банктік қағидалар, функциялар мен әдістерден құрылады. Әрбір құрушының мазмұнын қарастырсақ:

Принциптер:

  • орталықтандыру қағидасы банк саясатындағы негізгі стратегиялық мақсаттарды басқарудың жоғарғ бөлімдерінде, яғни басқарма және директорлар кеңесінде қалыптасатындығын білдіреді.
  • орталықсыздандыру қағидасы саясаттың нақта мақсаттары мен элементтері банк департаменттері немесе бөлмдері деңгейінде дайындалатындығын білдіреді.
  • орталықтандыру және орталықсыздандыруды тіркестіру қағидасы ішкі банктік басқаруда мүмкіншіліктерді жоғарғы және орта бөлмдер арасында үлестіруді білдіреді.
  • дамудың ұзақ мерзімді мақсаттарына бейімделу қағидасы ішкі банктік басқару созылмалы перспективаға бағдарлануы керектігін және оның мақсаты ұзақ мерзімді сипатта болуы керек.
  • басқарудың демократизациялануы жоғарғы бөлімде мақсаттарды анықтау мен оларға жету стратегиясын дайынауда персоналдың да қатысуын білдіреді.

Ішкі банктік басқарудың функциялары:

  • маркетинг функциясы нарық пен сұранысты, ондағы банктік өнімдер мен қызметтердің клиенттерді қанағаттандыру мақсатын зерттейді.
  • жоспарлау және болжамдау функциясы өзіне жақын және перспективалы болашақтғы банк саясаты мен қызметін қалыптастыру қызметін атқарады.
  • Ұйымдастыру функциясы банктің қойылған мақсат пен стратегиялардың талабына жауап бере алатын банк құрылымы мен оның механизмін қалыптастыруды түсіндіреді.
  • Бақылау мен есеп функциясы оптималды өтімділікті қолдау мақсатымен банк бөлімдерінің жұмасын тексеру және ішкі аудит арқылы ішкі банктік қызметке үнемі бақылау жасауды қарастырады.

Банктік әдістер:

  • Пассивті және активті операциялар - бұл ішкі басқару шеңберіндегі банктік әдістердің өзегі болып табылатын банктің негізгі операциялары.
  • Ішкі банктік есеп банк ішіндегі бөлімдер мен бөлімшелері, филиалдары мен агенттіктері арасындағы есеп айырысуды қарастырады.
  • Пайыздық саясат банктік әдістердің маңызды элементі болып табылады, себебі пассивті және активті операциялармен қаржылық қызметтерден алынатын пайыз көлеміне жалпы банк операцияларының кеңейтілуі мен табыс деңгейінің жоғарылауы тікелей байланысты.
  • Банктік стратегия және саясат - бұл әртүрлі мақсаттарды дайындау, оларды жүзеге асыру стратегиясы және іске асыру әдістерінің жүйесі. Бұл саясаттың құрушылары маркетинг, пайыздық саясат, шетелдік қызметтің кеңейтілуі, банк қызметінің ақпараттық қамтылуы, банктік операцияларды кеңейту болып табылады.
  • Банктің ғылыми - техникалық саясатын дайындау жаңа банктікөнім мен қызметті табу, шығындарды төмендету, бәсекелестіктіарттыру мақсатымен ғылыми ізденістерді жетілдіру менұйымдастыруды білдіреді.
  • Жаңа банктік өнімдер мен қызметтерді ендіру мен жетілдіруолардың нарықта әртүрлі категориялы жеке және заңды тұлғаларарасында ендірілуі мен жаңа банктік өнімнің нақты жетілдіруінкөрсетеді.
  • Ғылыми - техникалық қызметті ұйымдастыру өзіне банктіңерекше бөлімшелерін персоналмен қамтамасыз ету, зерттеужұмыстарын жүргізу үшін ақпаратпен және техникалық базаменқамтамасыз етуді білдіреді.

Кесте-2. Банктік қызметті басқарудың функционалдық бөлімі

ҒЗЖ жүргізу
Банктік қызметтің дамуын қамтамасыз ету
Банктік өнімді өткізуді қамтамасыз ету
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы
ҒЗЖ жүргізу:

Банктің ғылыми-техникалық саясатын құру

Жаңа банктік өнімдер мен қызметтерді дайындау мен енгізу

Ғылыми-техникалық қызметті ұйымдастыру

Банктік қызметтің дамуын қамтамасыз ету:

Банктік қызметтің маңызды бағыттары бойынша банк саясатын құру мен қаматамасыз ету

Банктік технолоияларды дамыту

Материалды-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету

Бәсеке қабілеттілік пен сапаны жоғарылату

Еңбек өнімділігін арттыру

Банктік өнімді өткізуді қамтамасыз ету:

Банктік өнімдер мен қызметтерді өткізу саясатын жетілдіру

Банктік өнімдер мен қызметтерді өткізу жолдары мен әдістерін таңдау

Өткізуді ұйымдастыру

Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы:

Функционалдық

Сызықтық-функционалдық

Мәселелі-мақсатты

Бағдарламалы-мақсатты

Банктік қызметтің дамуын қамтамасыз ету :

  • Банктік қызметтің маңызды бағыттары бойынша банк саясатын жетілдіруөз ішіне мыналарды алады: пассивті және активті операциялар мен оныңжеке элементтерін кеңейту, пайыздык саясат, маркгетинг, ету, инвестициялар, ақпараттық қамсыздандыру.
  • Банктік технологиялардың дамуы - пассивті және активті операцияларшеңберінде нақты операциялар мен құжат айнылымын жетілдіру.
  • Материалды - техникалық ресурстармен қамтамасыз ету өз ішінеғимараттармен қамтамасыз ету, бөлмелермен, техникалық құралдармен, оның ішінде ЭВМ, ксерокстар, фототехника, жазатын машинкалар, көлікпаркі және т. б. алады.
  • Бәсеке қабілеттілік пен сапаны жоғарылату банктік өнімдер менқызметтердің сапасының жақсаруы мен нарықтың кеңейтілуін білдіреді.
  • Еңбек өнімділігін арттыру - банктік өнімнің бір бірлігіне, біржұмысшының басына кететін шығынды азайту, жаңа техникалыққұралдарды енгізу.

Банктік өнімді өткізуді қамтамасыз ету

  • Банктік өнімдер мен қызметтерді өткізу саясаты нарықта банктікөнімді жылжыту бойынша нақты шаралар ( қандай өнімдер, қандайнарықтар, кім өткізеді деген сияқты сұрақтар бойынша шешімқабылдау ) .
  • Банктік өнімдерді өткізудің жолдары мен әдістерін таңдау банктің өзөнімдерін қалай, қандай жолдармен - өзінің бөлімшелері арқылы ма, жарнама арқылы ма, ақпаратты тарату сияқты жолдарын таңдаусаясатын түсіндіреді.
  • Өткізуді ұйымдастыру - банктік өнімдерді өткізудің жүйесі менмеханизмі.

Банкті басқарудың үйымдастырушылыц құрылымы

• Басқарудың функционалдық құрылымы дегеніміз бұл объектінің
банктік тәжірибеде қалыптасқан қарапайым функционалдық құрылым
бойынша жұмыс істейтіндігін айтамыз.

Сызықтық - функционалды - қарапайым кұрылым бойынша жұмыс істейді, бірақ өз қызметінің сфераларының біріне көбірек бағытталған, мысалы өз бәсеке қабілеттілігін арттыруға тырысу.

Мәселелі - мақсатты басқару бұл банктің алдында нақты бір мәселенің тұрғандығы және ол сол мәселені шешу бойынша жұмысын қарастырады.

Бағдарламалы - мақсатты басқару банктің өз қызметінде бір немесе бірнеше мақсатты жүзеге асыру бойынша жасалып жатқан бағдарламаларды қарастырады.

Кесте-3. Персоналды басқарудың функционалды бөлімі

Кадрлық саясатты жүргізу және жетілдіру
Еңбекті өтеу мен тұрақтандыру
Коллективті арақатынастар және кәсіптік кеңестермен арақатынастарды топпен басқару
Басқарудың әлеуметтік-психологиялық аспектілері
Кадрлық саясатты жүргізу және жетілдіру:

Персоналды таңдаудың және үлестірудің қағидалары

Жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығару шарттары

Тәжірибе деңгейін жоғарылату және оқыту

Еңбекті өтеу мен тұрақтандыру:

Еңбекті өтеу түрлері

Еңбектің өнімділігін жоғарылату

Еңбекті өтеудің ынталандыру жүйесі

Коллективті арақатынастар және кәсіптік кеңестермен арақатынастарды топпен басқару:

Төменгі деңгейдегі персоналды пайдалану

Бөлімдердегі персонал мен оның функцияларын бөлістіру

Коллективтегі арақатынастар

Кәсіптік кеңестермен арақатынастар

Басқарудың әлеуметтік-психологиялық аспектілері:

Персонал еңбегін ынталандыру және шығармашылық ынта

Банктің ұйымдастырушылық мәдениеті

Персоналдың банк жұмысы мен қызметіне әсері

Кадрлық саясатты жүргізу және жетілдіру

• Персоналды таңдаудың және үлестірудің қағидалары банктің қызметінің кеңдігіне, нарықта бәсеке қабілеттілік деңгейіне, оның әдет - ғұрыптарына, сонымен қатар банктің бөлімдері мен бөлімшелері арасында персоналды бөлістіру жүйесіне байланысты персоналға деген нақты талаптарын қарастырады.

Жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығару шарттары банктің персоналды қабылдау мен жұмыстан шығару туралы нақты ереже бойынша анықталады. Бұл ережелер персоналға деген нақты талаптардан құралады: кәсіби дайындық ( білім деңгейін қоса есептегенде), жасы, бұрынғы жұмыс орындарынан мәлімет, ұсынылатын еңбекақы мөлшері. Сәйкесінше мұндайда тәжірибесі аз және жоғарғы оқу орнынан алынған білім деңгейі
ғана назарға алынатын жас мамандар мен көбіне банктік сферадагы жұмыс
тәжірибесі мен кәсіби дайындығы назарға алынатын үлкен жастағы кадрларды жұмысқа қабылдау шарттары әртүрлі. Жұмыстан шығару себептері көбіне мынадай болады: банктік этика мен дисциплинасының бұзылуы, ынтасыздық, тәжірибе деңгейін жоғарылатуға ынтаның жоқтығы, банктік құпияларды ашып қою және т. б.

  • Тәжірибені жоғарылату жэне оқыту банктің барлық деңгейіндегі персоналдың әрдайым банк шеңберінде немесе жоғары оқу орындары (университеттер, институттар, колледждер) жанындағы арнайы оқыту орталықтарында. Оқыту қажеттілігі көбіне банктік нарықтың талаптарымен, ұдайы өсіп жатқан бәсекелестік пен банктік технологиялардағы ғылыми - техникалық прогрестің жоғары деңгейімен шартталады.
  • Персонал мен оның қызметін бағалау банктің барлық деңгейіндегі персоналдың белгілі уақыт ішінде ( 1-2 жыл ) жұмыс тиімділігін жоғарылату мақсатымен талдау. Талдау мен бағалаудан соң банк басқармасы кадрлық саясатта өзгерістер туралы, мысалы кадрлардың бір бөлігін басқа бөлімге ауыстыру, жұмыстан шығару, оқуға жіберу немесе ынталандыру туралы шешім қабылдайды.

Еңбекті өтеу және түрақтандыру

• Еңбекті өтеу түрлері банк басқармасының персоналдың тәжірибе деңгейіне
және жауапкершілігіне байланысты белгілі тарифтер жасауы. Еңбекті өтеу банк басқармасына байланысты тұрақсыз тарифтік ставкалар бойынша жасалуы мүмкін.

  • Еңбек өнімділігін жоғарылату жолдары персоналды басқаруда өте маңызды элемент болып табылады. Себебі еңбек өнімділігін жоғарылату банктік қызметте шығындарды төмендету мен табысты жоғарылатуды білдіреді. Банк басқармасы қызметтің бұл жағына көп көңіл бөледі және жаңа техниканы енгізуге тырысады, персонал үшін жұмыс уақытын жоғалтпау мақсатымен еңбек етуге жайлы жағдайлар жасу арқылы еңбекті рационалды ұйымдастыруға тырысады ( банк ішінде тамақтандыру, персонал демалысын ұйымдастыру, банк ішінде жайлы дизайн жасау және басқа да шаралар ) .
  • Еңбекті өтеудің ынталандыру жүйесі бұл - айлықты тұрақты немесе бір реттік жоғарылату, айсайынғы, кварталсайынғы, жылсайынғы премиялардың төленуі. Бірқатар батыс елдерінің кейбір банктерінде персоналды ынталандыру ретінде персоналға өз акцияларын тарату көпорын алған. Бұл ынталандырудың ең жоғарғы деңгейі болып саналады.

Коллективтегі арақатынастар мен кәсіптік кеңестермен арақатынастарды топпен басқару

  • Төменгі деңгейдегі персоналды пайдалану банкті басқаруда кіші персоналды қатыстыру идеяларын және оны жалпы банктік стратегиядағы нақты бір сұрақтар бойынша шешім қабылдауда қатысуын қарастырады (клиентке қызмет көрсету, жаңа банктік қызметтерді енгізу және т. б. ) .
  • Бөлімдердегі персонал мен оның функциялары бөлімдерде жұмыстың қосарланбауы үшін қатаң түрде үлестірілген, яғни әр бөлімнің функциялары тиімділікті арттыру мақсатында нақты түрде көрсетілген.
  • Коллективтегі арқатынастар банк персоналы арасында, сонымен қатар банк жетекшілігімен жайлы психологиялық климат жасауды қарастырады.
  • Кәсіптік кеңестермен арақатынастар персоналды басқарудағы сыпайы аспект болып табылады. Батыс елдердегі банк қызметкерлері, әдеттегідей, әлеуметтік - экономикалық құқықтарын қорғау үшін кәсіптік кеңестер құрады. Кейбір банктер кәсіптік кеңес мүшелерін жұмысқақабылдамайды. Көбіне бұл өз қызметкерлеріне үлкен жалақы төлейтін ірі банктер. Бірақ көп банктер кәсіптік кеңестермен санасуға мәжбүр болады және ол үшін банк басқармасы мен персонал арақатынасындағы жайлы психологиялық климатты сақтап қалуға тырысады.

Басқарудың әлеуметтік - психологиялыц аспектілері

  • Персонал еңбегін ынталандыру және шығармашылық ынта дегеніміз персонал бар ынтасымен жұмыс істеуі, жұмысқа қызығушылығы болуыүшін жағдай жасау, сонымен қатар мұндай жұмыс барысы банк үшін табысты болуы керек. Нәтижесінде банк қызметінің тиімділігі мен табыс көбейеді.
  • Банктің ұйымдастырушылық мәдениеті екі аспектті қарастырады. Біржағынан - бұл активті және пассивті операциялар бойынша клиенттерге қызмет көрсету кезіндегі персоналдың мәдениеті. Ал екінші жағынан-банктің өз ішіндегі ұйымдастьірушылық мәдениет, яғни банк персоналы үшін жайлы тұрмыстық жағдайлар жасау (жақсы бөлмелердің, мейрамхана немесе асхананың, демалыс жүйесінің, көлік тұрағының болуы және т. б. ) .
  • Персоналды басқарудың банк қызметі мен жұмысына әсері операциялардың кеңеюі мен табыстың жоғарылауы тұрғысынан қарағандағы банк персоналы жұмысының жыл сайынғы талдануы мен бағалануы арқылы жүзеге асырылады. Әдетте мұндай талдау акционерлердің жылдық жиналысында келтірілетін жылдық баланс пен есеп дайындалатын кезде жасалады. Мұндай талдаудың нәтижесінде кадрлық саясат көбіне өзгертіледі, себебі персонал банктің басты өндірістік күші болып табылады.

1. 2 Банк менеджментінің міндеті мен құрылымы

Банк менеджменті стратегиялық және тактикалық жоспарлаумен, талдаумен, реттеумен, банк қызметін бақылаумен, қаржыны басқарумен, маркетингтік қызметпен, банктік операцияларды жүзеге асыратын персоналмен баланысты қатынастарды басқаруды қарастырады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл - қаржы ресурстарын басқаруға тиісті қатынастарды басқару, яғни банктік сферадағы персоналды басқару мен қаржылық менеджменттің өзара байланысқан қосындысы. Банк менеджментін қаржылық менеджмент пен персоналды басқару деп бөлістіру объекттің құрылымына байланысты.

Банк құрылымы, бөлімдер саны, басқарма құрамы, қызметтердің бөлістірілуі жэне т. б. әртүрлі факторлар мен экономикалық тиімділікке байланысты болады. Мысалы, аудандық банктің құрылымы қаржылық орталықтағы ірі банктің құрылымынан басқа, кішігірім ауылдық жердегі банктің құрылымы өнеркәсіптік банктің құрылымынан мүлдем басқа. Сонымен бірге, бірдей құрылымдағы екі бірдей банк болмайды: банктер әрдайым бөлімдері мен комитеттерінің құрамын, басқарушы органдардың құрамын банктің үнемі өзгеріп отыратын жұмыс жағдайларына, жаңа мақсаттарға, менеджмент бойынша эксперттердің кеңестеріне байланысты ауыстырып отырады.

Банктің құрылу схемаларының бірнеше түрі белгілі. Оның әрқайсысы несиелік нарықтың белгілі бір түріне сәйкес болып келеді. Жабық нарық, яғни клиенттердің шектеулі көлемі кезінде, қарқынды бэсекелес болатын басқа мекемелер жоқ кезде, филиалды желі дамымаған немесе мүлдем жоқ жағдайда банк пирамидалық схема бойынша құрылады. Оған вертикалды байланыстардың қарапайымы, банк басқармасына тікелей бағынушылық тән.

Сурет-1. Банк құрылымының пирамидалық схемасы

Мұндай банк түрінде, әдеттегідей, негізгі операциялар шеңберін қамтитын, 6-8 бөлім болады: несиелік, инвестициялық, кассалық жэне депозиттік операциялар бөлімі, трасттық бөлім, маркетинг, әкімшілік және ревизиялық бөлімдер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банкті басқару жүйесіндегі инновациялар
Банк менеджменті және оның даму ерекшеліктері
Қаржылық талдау
Банктің валюталық тәуекелін талдау
Банктік операцияларға лицензия алу
Банктің корпоративтік клиенттерімен жүргізетін операцияларын басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Қазақстан Републикасының банк және несие жүйесі
Персоналды баскдру және кадрлық саясат
Банктік маркетинг стратегиясы түсінігін зертеу
Нарық жағдайындағы банк жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz