Б.Кенжебаевтың «Шындық пен шеберлік» атты сын мақалалар жинағы


Б. Кенжебаевтың «Шындық пен шеберлік» атты сын мақалалар жинағы. Белгілі әдебиетші, филология ғылымдарының докторы, профессор Бейсембай Кенжебаевтың «Шындық пен шеберлік» атты мақалалар жинағына қазақ әдеьиетінің көрнекті өкілдері - С. Сейфуллин, М. Әуезов, Б. Майлин, І. Жансүгіров, С. Мұқанов, Ғ. Орманов тағы басқалардың шығармалары жайлы сын-зерттеу еңбектері енгізілген. Сонымен қатар, шеберлікті шыңдау тұрғысынан соңғы леп - жастар творчествосына д талдау жасап, кең тоқталған сын мақалалары бар. Ғалымның келесі бір еңбегі «Тар жол, тайғақ кешу» деп аталады. «Шындық және шеберлік» атты мақалалар жинағында (1966) жарық көрген еңбек кейін де осы атпен «Жылдар жемісіне» енген (1984) «бұл мақаланың мақсаты - шығарманың жанрлық ерекшелігі жайында әңгіме қозғау» Зерттеуші одан әрі: «Тар жол, тайғақ кешудің» көркем әдебиеттің қай жанрына жататынын әңгімелеуге үлкен негіз бар. Себебі бұл туынды роман ба, мемуар ма, әлде тарихи еңбек пе, -соны осы шығарма жөніндегі, әдеби зерттеулер тап басып дәл айтпайды. Ал, онсыз шығарманың тарихи орнын белгілеу қиын», - дейді. 60-жылдар С. Сейфуллин енді ғана ақталып, жаңа зерттеулер жүріп жатқан кез, сол себепті зертеуші Сәкен жөнінде еңбек жазған С. Мұқанов пен Е. Ысмайыловтың «Тар жол, тайғақ кешудің» жанрын анықтаудағы қарама-қайшылықтарына көбірек тоқталады, сөйтіп С. Мұқановтың бірде «күрделі роман», бірде «мемуар» деп тоқтағанын, ал Е. Ысмайыловтың мемуарлық роман, роман деп бағалайтынын айта отырып, «қайсысы дұрыс?» деген сұрақ қояды.
С. Мұқановтың романға жатқызбай мемуар деп тануы дұрыс, бірақ, ол «жалпылама, жеткіліксіз» деген пікірді алға тартады. Осылай деп келген ғалым күтпеген, тың пікір ұсынады: «Біздіңше, «Тар жол, тайғақ кешу» роман да емес, мемуар да емес, Қазақстанда Совет өкіметін орнату жолындағы күрес туралы жазылған очерк кітабы деген дұрыс. «Тар жол, тайғақ кешу» - көркем очерктер циклы» дейді ғалым. »Шындық пен шеберлік» атты сын мақлалар жинағындағы кейінгі тарауларда тек шығармаларының аты аталып, бағыт-бағдарлары ғана көрсетіліп отырған. «Шындық және шеберлік» кітабына енген «Терең талант» іштей бес тараушаға бөлініп жүйеленіпті. «Бейімбет (Бимұхамбет) Жармағамбетұлы Майлин - қазақ халқының совет дәуіріндегі көрнекті талантты ақын жазушысы» - деп басталатын бірінші тарауша Б. Майлиннің өмірбаян деректерінен мейлінше мол мағлұмат береді. Ақын-жазушының өмірі мен шығармашылығының негізгі кезеңдерін түгелге жуық қамтыды, яғни хрестоматиялық анықтамалық толық жеткілікті. «Терең таланттың» екінші тараушасы естелік түрінде жазылған, келесі тараушалары ақынның жиырмасыншы, отызыншы жылдардағы шығармашылық өнеріне, қазақ әдебиетіне әкелген Мырқымбай образының тарихына сол сияқты күнделікті актуальды тақырыпты алға қойып жырлаған ақынның шеберлігін атап, «Бейімбет таланты бар, талантына сай білімі мен тәжірибесі бар … тілі, сөз байлығы бар жазушы. Ол сөзді поэзияда да, проза, драмматургияда да орнын тауып, қисынын келтіріп, құлпыртып қолданады», - дейді. Сыншының Б. Майлин жайында жазған еңбектерінің маңыздылығы төмендегіше:Біріншіден, алғашқы еңбекте әдебиет тарихына енгізіп, шығармалық өнеріне мейлінше әділ баға беріп, қазақ совет әдебиетінің қалыптасуына қосқан үлесін атап өтті. Екіншіден, Ақын өмірі мен шығармашылығын мол қамти отырып жазушының адами қасиеттерін ашуға үлес қосты. Үшінші, «Азамат еді» естелігінің де ғибраты мол, алғашқы еңбектер сұлбасында жазылғанмен, өзіндік айырмашылығы үлкен жүректі ардақты жазушының жас толқынға, жаңа буынға деген қамқорлығын үлгі етеді. Б. Кенжебаевтың біраз мақалалары І. Жансүгіров шығармашылығына арналған. «Ақын Ілияс», «Ілияс Жансүгіров», «Ағыл-тегіл ақын» атты Б. Кенжебаевтың І. Жансүгіров жөніндегі мақалалары да қызғылықты, өнегелі. «Ақын Ілияс» шағын-шағын үш тарауша - үш бөліктен тұрады. Әр бөліктің өзіндік өзгешелігі бар. «Ілияс Жансүгіров қазақ халқының Ұлы Октябрь социалистік революциясы, советтік құрылыс туғызған ірі талантты, аса көрнекті ақын, жазушысы, бүгінгі жоғары идеялы, көп жанрлы, көркем суретті қазақ совет әдебиетінің негізін қалаушылардың, соны нығайтып өркендетушілердің бірі, журналист, әлеумет қайраткері» - деп бағалаған зерттеуші алғашқы тараушада І. Жансүгіровтің шығармашылық өнеріне, оның ішінде қазақ поэзиясына қосқан үлесін айқындайды. Ақын Ілиястың оныншы жылдары жазылған (1920 жылдарға дейін) өлеңдерінің екі ерекшелігін таниды:«Бірінші, оқушыға мәлім, Ілияс шығармаларының бір негізгі тақырыбы, ақынның сүйіп, біліп тамаша етіп жырлаған тақырыбы - ән-күй, жалпы көркемөнер мәселесі болушы еді. Екінші, алғашқы адымында-ақ Ілиястың өресі биік, өрісі кең ақын екенін, дәл, жарасты сезуі, түюі, келелі ой-пікірі бар, соларға сай тілі бар, бояу, әшекей таба білетін суретші
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz