Дайындық тобына арналған бағдарламалық материал



МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

1. ДАЙЫНДЫҚ ТОБЫНА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАТЕРИАЛ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5
1.1 Санның сандық мәні; екінші бестік көлеміндегі оның бірліктерден құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6
1.2 Санның кіші екі саннан құрылуын қарастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
1.3 Сандардың арасындғаы өзара.кері қатынастар жөніндегі білімдерді бекіту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
8
2. БАЛАЛАР БАҚШАСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫНДА ӨТКІЗІЛЕТІН САБАҚТАР ҮЛГІСІ: ЖИЫН, САНАУ, САН

2.1 Жиынмен жұмыс істеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2 Нәрселерді орналасу түріне байланыссыз санау, жазықтықта кеңістік бағдарды дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
13
2.3 Балаларды санның шартты белгілері ретніде цифрмен таныстыру ... 13
3 БАЛАЛАРҒА ЕСЕПТЕУ ӘРЕКЕТІНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҮЙРЕТУ ... . 16
3.1 Арифметикалық есептің мәнісін балалардың түсіну ерекшеліктері.. 16
4 БАЛАЛАР БАҚШАСЫНДА БАЛАЛАРҒА АРИФМЕТИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУДЫ ҮЙРЕТУ ТӘСІЛДЕРІ
4.1 Қосу таблицасынан сан мағлұматтарды таңдап алу ... ... ... ... ... ... ... . 19
4.2 Есептер мен арифметикалық амалдарды оқып үйрену жұмысын жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
20
4.3 Есеп шығаруда пайдаланылатын көрнекі материал түрлері ... ... ... ... 23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 28
КІРІСПЕ

Балалар бақшасында даярлық топ ерекше орын алады. Педагогтың міндеті, бір жағынан, балалардың алған білімдерін жүйеге келтіру және бұдан бұрынғы бүкіл тәрбиелеу және оқыту жұмысы нәтнжесінде балалардың жалпы өсіп жетілу дәрежесін зерттеу болса, екінші жағынан, баланың жеке басын қайта қалыптастыруды талап ететін, балаларды психологиялық жағынан дайындау болып табылады. Осы кезеңде балалардың сана-сезімі мен мінез-құлқында болашақ оқушының өзінің оқуына, өз тәртібіне жауапкершілігін түсінетіндей өзгеріс болуы керек. Бала балалар бақшасында көптеген эмпирикалық білім алды, ал мектепке көшкенде барған сайын тереңдете берілетін ғылыми білім бірте-бірте ашыла береді де, мұның өзі абстрактілі ұғымдармен операциялар жасауға дайындықты талап етеді. Бұл тұста басты мәселе тек жеке функциялардың (түйсіктің, естің, зейіннің т. б.) дамуы ғана емес, баланың санасындағы функционалдық байланыстар мен қатынастардың өзгеруі. «Сана әрбір жеке функцияның дамуында болып жататын жеке бір өзгерістердің қосындысы ретінде дамымай, өзінің ішкі құрылысы мен бөліктерінің байланысын әрбір жаңа кезеңде өзгерте отырып, бүтін бір нәрсе ретінде дамиды. Сананың дамуындағы әрбір функционалдық бөліктің тағдыры бүтіннің өзгерісіне байланысты болады, бірақ керісінше емес», - деп жазды Л. С. Выготский, сананың мұндай функционалдық өзгерісі жеке адамның дамуындағы басты және ең елеулі нәрсе болып табылады.
Даярлық топтағы балалар өздерін балалар бақшасында ересектер ретінде сезінеді. Мектепке көшуге дайындалған ересек балалардың бұл позициясы олардың өзіне деген қатынасын өзгертеді, оларға кішкентайлардың қарым-қатынасының өзгеретіні сияқты, басқа топта балаларға қарым-қатынасын өзгертеді. «Мен қазір тек ересек балалар тобындамын, келесі жылы даярлық топта боламын, сонан кейін мектепке барамын», - деп бала ең ересек бала болуды қиялдайды.
Курстық жұмысымның өзектілігі: Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектептерде, оның ішінде бастауыш мектептерде сондай-ақ даярлық тобында математика элементтерін оқыту бағдарламасы мен әдістемесі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Объектісі: балабақшадағы дайындық тобына арналған материал, өткізілетін сабақтар үлгісі. Есептеу әрекетінің элементтері, арифметикалық есептер шығару тәсілдері.
Курстық жұмысымдағы мақсатым: осы берілген «Мектепке даярлық тобында математикалық элементтерін оқыту бағдарламасы мен әдістемесі» тақырыбын ашу.
Мақсатқа қойылатын міндеттер:
- дайындық тобына арналған бағдарламалық материал;
- даярлық тобында өткізілетін сабақтар үлгісі;
- есептеу әрекетінің элементтері;
- арифметикалық есептерді шығаруды үйрету тәсілдері.
Курстық жұмысымның құрылымы кіріспеден, негізгі төрт бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Бантова М.А. Математиканы оқыту методикасы / М.А. Бантова .- Алматы: Мектеп, 1978.
3. Баржықпаева С. Көрнекілікті тиімді пайдалану / С.Баржықпаева // Бастауыш мектеп.- 1991.-№ 8.- 46-48 бет.
4. Бидосов Ә. Математиканы оқыту методикасы / Ә. Бидосов.-Алматы: Мектеп, 1981.-221 бет.
5. Гоноболин Ф.Н. Психология / Ф.Н. Гоноболин.- Алматы: Мектеп, 1976.
6. Дарменова Қ. Көрнекілік арқылы ойлау қабілетін арттыру / Қ. Дарменова // Бастауыш мектеп.- 1991.- № 4.- 12-14 бет.
7. Корпешова Г. Балалардың қызығушылығын арттырудағы көрнекіліктің рөлі / Г.Корпешова // Қазақстан мектебі. - 1986.- № 4.- 20-21 бет.
8. Қаниева Г. Балалардың ойлау қабілетін дамыту / Г.Қаниева // Қазақстан мектебі.- 1991.-№ 5.- 3-10 бет.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
1. Дайындық тобына арналған бағдарламалық
материал ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
1.1 Санның сандық мәні; екінші бестік көлеміндегі оның бірліктерден
құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
1.2 Санның кіші екі саннан құрылуын 6
қарастыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .
1.3 Сандардың арасындғаы өзара-кері қатынастар жөніндегі білімдерді
бекіту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
2. Балалар бақшасының мектепке даярлық тобында өткізілетін сабақтар
үлгісі: жиын, санау, сан
2.1 Жиынмен жұмыс 11
істеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
2.2 Нәрселерді орналасу түріне байланыссыз санау, жазықтықта кеңістік
бағдарды 13
дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..
2.3 Балаларды санның шартты белгілері ретніде цифрмен таныстыру ... 13
3 Балаларға есептеу әрекетінің элементтерін үйрету ... . 16
3.1 Арифметикалық есептің мәнісін балалардың түсіну ерекшеліктері.. 16
4 Балалар бақшасында балаларға арифметикалыҚ есептер шығаруды үйрету
тәсілдері
4.1 Қосу таблицасынан сан мағлұматтарды таңдап 19
алу ... ... ... ... ... ... ... .
4.2 Есептер мен арифметикалық амалдарды оқып үйрену жұмысын
жоспарлау ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
4.3 Есеп шығаруда пайдаланылатын көрнекі материал 23
түрлері ... ... ... ...
Қорытынды 26
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер 28
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе

Балалар бақшасында даярлық топ ерекше орын алады. Педагогтың міндеті,
бір жағынан, балалардың алған білімдерін жүйеге келтіру және бұдан бұрынғы
бүкіл тәрбиелеу және оқыту жұмысы нәтнжесінде балалардың жалпы өсіп жетілу
дәрежесін зерттеу болса, екінші жағынан, баланың жеке басын қайта
қалыптастыруды талап ететін, балаларды психологиялық жағынан дайындау болып
табылады. Осы кезеңде балалардың сана-сезімі мен мінез-құлқында болашақ
оқушының өзінің оқуына, өз тәртібіне жауапкершілігін түсінетіндей өзгеріс
болуы керек. Бала балалар бақшасында көптеген эмпирикалық білім алды, ал
мектепке көшкенде барған сайын тереңдете берілетін ғылыми білім бірте-бірте
ашыла береді де, мұның өзі абстрактілі ұғымдармен операциялар жасауға
дайындықты талап етеді. Бұл тұста басты мәселе тек жеке функциялардың
(түйсіктің, естің, зейіннің т. б.) дамуы ғана емес, баланың санасындағы
функционалдық байланыстар мен қатынастардың өзгеруі. Сана әрбір жеке
функцияның дамуында болып жататын жеке бір өзгерістердің қосындысы ретінде
дамымай, өзінің ішкі құрылысы мен бөліктерінің байланысын әрбір жаңа
кезеңде өзгерте отырып, бүтін бір нәрсе ретінде дамиды. Сананың дамуындағы
әрбір функционалдық бөліктің тағдыры бүтіннің өзгерісіне байланысты болады,
бірақ керісінше емес, - деп жазды Л. С. Выготский, сананың мұндай
функционалдық өзгерісі жеке адамның дамуындағы басты және ең елеулі нәрсе
болып табылады.
Даярлық топтағы балалар өздерін балалар бақшасында ересектер ретінде
сезінеді. Мектепке көшуге дайындалған ересек балалардың бұл позициясы
олардың өзіне деген қатынасын өзгертеді, оларға кішкентайлардың қарым-
қатынасының өзгеретіні сияқты, басқа топта балаларға қарым-қатынасын
өзгертеді. Мен қазір тек ересек балалар тобындамын, келесі жылы даярлық
топта боламын, сонан кейін мектепке барамын, - деп бала ең ересек бала
болуды қиялдайды.
Курстық жұмысымның өзектілігі: Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар
негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті
де мектептерде, оның ішінде бастауыш мектептерде сондай-ақ даярлық тобында
математика элементтерін оқыту бағдарламасы мен әдістемесі бүгінгі күннің
өзекті мәселелерінің бірі.
Объектісі: балабақшадағы дайындық тобына арналған материал,
өткізілетін сабақтар үлгісі. Есептеу әрекетінің элементтері, арифметикалық
есептер шығару тәсілдері.
Курстық жұмысымдағы мақсатым: осы берілген Мектепке даярлық тобында
математикалық элементтерін оқыту бағдарламасы мен әдістемесі тақырыбын
ашу.
Мақсатқа қойылатын міндеттер:
- дайындық тобына арналған бағдарламалық материал;
- даярлық тобында өткізілетін сабақтар үлгісі;
- есептеу әрекетінің элементтері;
- арифметикалық есептерді шығаруды үйрету тәсілдері.
Курстық жұмысымның құрылымы кіріспеден, негізгі төрт бөлімнен,
қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Дайындық тобына арналған программалық материал

Дайындық тобындағы жұмыс негізінен балалардың алған білім қорын жүйеге-
салуға және айқындай түсуге бағытталған. Бұл жұмыс ересек балалар тобында
жүргізілген жұмыстарға ұқсас білімдерді қамтиды.
Жиындар бөлімі. Балаларды жиындарды біріктіру, толықтыру, жиынның
дұрыс бөлігін бөліп алу операцияларына, жиын, жиын элементтері терминдерін
айыра білуге және оларды дұрыс пайдалана білуге жаттықтыру.
Балаларды элементтер саны көрсетілген топтарға жіктеумен немесе
жиындарды тең куатты ішкі жиындарға жіктеумен таныстыру.
Саны және санау. Он және одан да көп көлемде санай білу дағдыларын
бекіту. Дауыстап санау; қолмен ұстап санау. Саны көп заттардың ішінен
көрсетілген санға сәйкестеп (көзді ашып және жұмып тұрып) заттарды санап
алу.
Балалардың алған білімдерін бекіту үшін үлгі сабақтар ұсынылады.
Тәрбиеші цифрды іліп қояды, ал балалар оған сәйкестеп, ұсақ заттар санап
алады да, оларды өз үстеліне қояды немесе сан фигуралары бар сәйкес
карточкаларды табады, не тиісті санға сәйкес қимыл-қозғалыс жасайды.
Сабақты басқаша өткізуге де болады. Мысалы, тәрбиеші біресе бір затты,
біресе екінші затты бірнеше рет тықылдатады, не зат санын сан фигура
түрінде, не заттардын суреті салынғаң карточкалардан көрсетеді, не өз
үстеліне бірнеше затты қояды, ал балалар әр жолы сәйкес цифрларды
көрсетеді.
Цифрлармен танысу балаларға онша қиындық келтірмейді, бірақ сан ұғымын
қалыптастыру үшін бұл—жаңа кезең. Цифрдың жазылуын жақсы игеріп алуда оны
талдау және қолмен ауада үлкен етіп суретін салудың көмегі тиеді.
Әр цифрды үйренуге бір-екі сабақ, ал барлық цифрлармен таныстыруға
алты — сегіз сабақ керек болады.
1.1 Санның сандық мәні; екінші бестік көлеміндегі оның бірліктерден
құрылуы.

Ересек балалар тобының өзінде-ақ балалар бірінші бестік көлемінде
санның бірліктерден құралуының сандық мәнімен танысқан болатын. Бұл жұмыс
даярлық тобында да екінші бестік сандарымен әрі қарай жалғастырылады, мұнда
тәрбиеші сол таныс әдістерді пайдалана алады. Бұл жұмысты, сондай-ақ
жиындармен операция кезінде пайдаланған жөн.
Саны жағынан аталған санға сәйкес келетін әр түрлі заттарды салуға
балалар жаттыққандықтан, бұл әдісті даярлық тобына да ұсынуға болады.
Балаларға, мысалы, клеткалы қағазға әр түрлі алты геометриялық фигура
салуды тапсыруға болады. Балалар бір дөңгелек, бір овал, бір квадрат, бір
тік төртбұрыш, бір трапеция, бір үшбұрыштың суретін салып, фигура және
санын атай отырып, өз суреттерін оқиды. Сендер әр түрлі неше фигураның
суретін салдыңдар? - Алты саны неден тұрады? - деп сұрайды тәрбиеші. Алты
саны бірден, бірден, бірден, бірден, бірден тағы бірден, яғни алты
бірліктен тұрады,—деп жауап береді балалар. Олар бір санын бірлік деп
атайды да мұның өзі басқа сандарды үйреткенде бекітіледі. Тоғыз санында
неше бірлік бар? - деп сұрайды тәрбиеші. Тоғыз саны тоғыз бірліктен
тұрады: біреу, біреу, біреу, біреу, біреу, біреу, біреу, біреу тағы да
біреу, - деп балалар тез жауап береді.

1.2 Санның кіші екі саннан құрылуын қарастыру.

Санның кіші екі саннан құралатынын қарастыруға балалар жиындармен
жаттығулар процесінде келтіріледі. Шектеулі жиын құрамына енетін
бөліктердің санын анықтауда балалар бөліктің бүтіннен кіші болатынын ұғынып
алады. Жиын элементтерінің арасындағы сәйкестікті тағайындау жолымен оның
бөліктерін салыстырғанда (сан есім-сөздердің көмегін санауға жүгінбестен),
бұл бөліктердің сан жағынан тең де, тең емес те болуы мүмкін екенін балалар
көрген болатын. Ақырында жиынның әр бөлігіндегі элементтерді санап, кез
келген санның қандай бөлікте құралғанын балалар тағайындайды. Осы және
бұған дейінгі жаттығулардың өзі-ақ жиындарды әр түрлі бөліктерден
құрастыруға болатындығы сияқты, санды да кіші сандардан құрастыруға
болатынына балалардың көзі жетеді.
Қазіргі уақытта санның кіші екі саннан құралатынын оқып үйренудегі
мақсат оны жаттап алу емес, жиынның біртекті, сондай-ақ әр текті
элементтерден, бірнеше топтан, бөліктерден құрала алатыны, олардың санын
санауға, бір топты екінші топпен салыстыруға, олардың тең қуаттылығын
немесе тең қуатты еместігін анықтауға болады.
Сан шектеулі жиындардың қуаттылығының көрсеткіші болып табылады,
ендеше сан бүтін жиынның, сондай-ақ оның жеке бөліктерінің (ішкі жиынның)
көрсеткіші болып келеді екен, ал бөлік бүтіннен кіші, санның өзі де кіші
сандардан құрала алады. Жиындармен операция жасай отырып, жеке бөліктерді
біріктіріп бір бүтін жиын құрастыруға болатыны сияқты, дәл солайша, кіші
сандарды біріктіріп, үлкен жаңа сан шығарып алуға болатынын түсіне
бастайды. Санның құрамыи түсінбестен жаттап алуды талап етпестен,
балалардың жоғарыда айтылғандай түсініктерін қалыптастыру маңызды.
Даярлық топта санның белгілі бір, санның өзіне тең бірліктерден
құралатынын, сандардың натурал қатары қалай жасалатынын біледі және натурал
сандардың арасындағы өзара-кері қатынастарды түсінеді, санның басқа сандар
арасындағы орнын біледі және оны дәлелдей алады.
Осының бәрі балалардын кез келген санды бірліктерге ғана емес, сондай-
ақ басқа да сандарға жіктеуге болатынын оңай түсінуге мүмкіндік береді.
Сандардын құрамын оқып үйренуде әр түрлі әдістерді қолдануға болады.
Олардың біреуі мынадай. Тәрбиеші бір жағы қызыл түске, ал екіншісі көк
түске боялған дөңгелекшелерді алады. Бір түсті үш дөңгелекше алып қояды да
оларды санап, тәрбиеші бұл жағдайда үш санының түсі бірдей үш
дөңгелекшеден: бір, бір тағы да бірден тұратынын атап көрсетеді. Бірақ үш
саны деп аталатын жиынды екі түсті элементтерден құрастыруға да болады:
тәрбиеші үшінші дөңгелекшенің екінші жағын айналдырады да жиыннық қандай
түсті дөңгелекшелерден құрастырылғанын сұрайды. Үш саны деп аталатын жиын
екі қызыл дөңгелекше мен бір көк дөңгелекшеден құралатынын айтады. Сонан
соң тәрбиеші бір дөңгелекшенің тағы да екінші жағын бұрады, енді балалар
үштің бір кызыл және екі көк дөңгелекшеден құралғанын көреді.
Жиындарды белгілі бір белгісі бойынша жіктеуте жаттығуда балалар кейде
ішкі екі жиынмен шектеліп қана қоймайды, оның үш және төрт бөлігін айырып
бөледі, бірақ сабақтарда жиындарды бірте-бірте және реттілік сақтай отырып
жіктеу қажет; дайындық топта балалар санды жіктейді де, оны кіші екі саннан
ғана құрастырады:
2 саны: 1 мен 1
3 саны: 2 мен 1, 1 мен 2
4 саны: 3 пен 1, 2 мен 2, 1 мен 3
5 саны: 4 пен 1, 3 пен 2, 2 мея 3, 1 ыен 4.
10 көлемінде реттік санау дағдыларьш бекіту.
Алғашқы бестік көлеміндегі сандарды екі топқа жіктеуге жаттығу, кіші
сандарды бір санға синтездеуге үйрету балаларды біз әрқашан, кем дегенде,
екі сан пайдаланылатын арифметикалық амалдарды игеруге дайындау болып
келеді.

1.3 Сандардың арасындғаы өзара-кері қатынастар жөніндегі білімдерді
бекіту

Жиындарды салыстыра отырып, олардың элементтерінің арасында өзара-кері
сәйкестіктерді тағайындай отырып, естиярлар тобының өзінде-ақ балалар
үлкен сандар мен кіші сандарды айыра біледі. Бес жаста балалар бір санның
екінші саннан неліктен үлкен (не кіші) екенін түсініп, тетелес сандардан
құралған жиындардың сан жағынан тең еместерін қалай теңестіруге болатынын
біледі. Бірак мұның бәрін балалар іс жүзінде, нақтылы жиындарды пайдалана
отырып ұғынған болатын.
Санды кіші екі санға жіктеуге болатынын және кіші екі саннан бір үлкен
сан құрастыруға болатынын білу (бес көлеміндегі нақтылы материал), бұған
жиындардың бірігу операциясы негіз болады.
Он келемінде реттік санау, қанша, нешінші? деген сұрақтарға дұрыс
жауап беру, нешінші? деген сұрақты қайсысы деген сұрақтан айыра білу
дағдыларын игеріп алу.
Натурал қатардық он көлеміндегі кез келген санынан бастап сандарды
тура және кері ретпен атап шығу; аталған немесе цифрмен көрсетілген санға
тетелес сандарды атай білу; аталған санның алдындағы алдыңғы және одан
кейінгі келесі санды атау, дейінгі және кейінгі деген сөздерді түсіну.
Тәрбиеші балаларды цифрлармен таныстыруы тиіс. Қосу мен азайтуға
қарапайым есептер құрастырып және шығаруға үйрету керек (көп санға аз сан
қосылатындай қосу амалына, азайтқыш қалдықтан аз болатындай азайту
амалына).
Балаларды есептің құрылымымен (шарты, сұрағы) таныстыру, есепті
балалардың өз тәжірибесіне сүйеніп құрастыру, мазмұны әр түрлі есептер
(көрнекі материал қолданып) құрастыруға үйрету. Екінші қосылғышты бір-
бірлеп қосу және азайтқышты бір-бірден шегеру әдістеріне үйрету.
Есеп шығарғанда балалардың оларды пайымдай білуін және логикалық ойын
дамыта отырып, дәлелдей білуге үйрету.
Шама. Айналадағы заттардың ұзындығын, енін, биіктігін (шартты
өлшеуіштерді пайдаланып) өлшеуге үйрету.
Шартты өлшеуіштің көмегімен сұйық және сусымалы денелердің көлемін
анықтауға үйрету (мысалы, графиндегі судың мөлшерін кесемен өлшеу,
қалтадағы жарманың шамасын кружкамен өлшеу т. б).
Балалардың салмақ сезімін әрі қарай дамыта түсу, тепе-тендікті
тағайындау, шартты өлшеуіштерді пайдаланып салмақты анықтау, көз мөлшерін
әрі қарай дамыту, көзмөлшерімен анықтағандарын шартты өлшеуіштерді
пайдаланып өлшеу арқылы тексере білуге үйрету.
Форма. Балаларға таныс геометриялық фигураларды дұрыс атай білуге
дағдыландырып (дөңгелек, овал, үшбұрыш, квадрат, шар, цилиндр, конус,
білеу), олар жөніндегі түсініктерін бекіту.
Жазықтықта түрліше орналасқан түзу сызықтардың кесінділерін сызуға
және салыстыруға, оларды клеткалы қағазбен өлшеуге балаларды үйрету.
Тапқырлықты дамыту, бірнеше үшбұрыштан әр түрлі көпбұрыштар, дөңгелек
бөліктерінен — бүтін дөңгелек құрастыра отырып, геометриялық фигуралардың
түрін өзгерте білуге үйрету. Әр түрлі геометриялық фигулардан құрастырылған
суреттің күрделі композициясын талдай білуге үйрету. Өмірде күнбе-күн
кездесетін заттар мен олардың бөліктерінің формасын талдауға үйрету;
заттарды формалары бойынша топтауға жаттықтыру.
Кеңістікте бағдарлау. Заттардың үй ішінде, ал кескіндердің парақ
қағазда орналасуын анықтауға жаттықтыру.
Қозғалыс уақыты мен жолдың ұзақтығының арасындағы элементар
тәуелділікпен таныстыру (жол неғұрлым ұзақ болса, оны жүріп өту үшін
кететін уақыт соғұрлым көп).
Уақытты бағдарлау. Тәулікті анықтау және кеше, бүгін, ертең деген
сөздерді дұрыс пайдалануға жаттықтыру жұмысын әрі қарай жалғастыру, апта
күндерін және олардың ретін анықтай білуге үйрету.
Даярлық бағдарламасы мен алдыңғы топтар бағдарламаларын салғастыру
балалардың білімдерінің кеңейе түсіп қоймай, айқындалатынын, бекітілетінін
және жүйеге келтірілетінін керсетеді.
Даярлық топтың бағдарламасы мен 1 кластың бағдарламасын салыстыру
олардың сабақтастық байланысы бар екеніне және мектепте кейбір
бағдарламалық міндеттердің қайталанатынына көз жеткізеді.
2. Балалар бақшасының мектепке даярлық тобында өткізілетін сабақтар үлгісі:
жиын, санау, сан

2.1 Жиынмен жұмыс істеу

Ересек балалар тобында балалар жиындардың бірігу операцияларымен және
жиынның дұрыс бөлігін алып тастаумен жиын, жиын элементтері атауларымен
танысқан болатын. Алған білімді бекіту жұмысы даярлық топта әрі қарай
жалғастырылады.
Ересек балалар тобынан, ұсынылғанға қарағанда біршама күрделенілген
ұқсас сабақтар үлгісін келтірейік.
Транспорттың әр түрін (трамвайды, автобусты, жүк машиналарын)
бейнелейтін транспорт жиынын құрастыратын ұсақ ойыншықтар, солардың
суреттері балаларға беріледі. Балалар жиынның үш бөлігін атайды. Содан соң
әр бөлікті қатар-қатар тізіп қойып, әр бөліктегі элементтер санын табу және
тиісті цифрмен белгілеу тапсырылады; мысалы: трамвай — төртеу, автобус -
үшеу, жүк машинасы — екеу. Барлық үш бөлік бір жиын болып біріккендіктен,
барлық жиын элементтерінің жалпы саны саналады. Тоғыз элемент болып шығады.
Жиындарды біріктірудің екінші вариантында мүлде басқа екі заттан
тұратын екі жиынды алуға болады; мысалы овощтардың суреті (бір сәбіз, бір
шалқан, бір қызылша, бір қияр) салынған картиналар жиыны, ал екіншісі —
жемістер суреті (бір алма, бір алмұрт, бір апельсин) салынған картиналар.
Балалардың өзіне әр жиындағы элементтердің санын тауып, сәйкес цифрлармен
(4 пен 3) жазу тапсырылады. Сонан соң екі жиынды жемістер мен овощтар
тобына біріктіріп тәрбиеші саны қанша екенін санатады. Бұл тапсырманы іс
жүзінде орындап, балалар не істелгенін және қалай істелгенін айтып беруі
тиіс. Біз екі жиынды біріктірдік, яғни бір жиынның төрт элементіне екінші
жиынның үш элементін, біріктірдік те, жеті элементі бар біріккен жиын
шығарып алдык,. Бүкіл жиын екі бөліктен тұрады: бір бөлігі - овощ, ал
екінші бөлігі - жеміс.
Осылайша жиындарды біріктіру арқылы балалар бірте-бірте арифм-тикалық
қосу амалын түсінуге келтіріледі. Жаттығу үшін осындай да әдісті қолдануға
болады.
Жиындармен жүргізілетін жаттығулар алуан түрлі бола алады. Олар алдағы
уақытта арифметиканы игеруге негіз болады.
Жиындармен әр түрлі практикалық операциялар орындап, жиын элементтері
мен бөліктер санын санап, осының бәрін сөзбен айтып, балалар жиын ұғымы мен
жиын элементтері арасындағы қарапайым қатыс ұғымдарын игеріп алады, ал бұл
болса жалпы математикалык даму үшін өте қажет.
Саны және санау. Даярлық тобында түрлі анализаторды (көру, есту,
т. б.) пайдаланып, он көлемінде санай білу дағдыларын бекітуді
ересек балалар тобында қолданылған әдіспен өткізеді. Мұнда негізінен
аталған сан бойынша жиынды құрастыра білуге көңіл аударылуы тиіс және
балаларды ол сандарды заттардың атауларымен, сапалық ерекшеліктерімен, және
кеңістікте орналасуымен байланыстыра отырып бір мезгілде бірнеше санды
жадында сақтауға жаттықтырудың маңызы зор.
Сандарды жадында сақтауға берілетін жаттығулар түрліше болады. Мысалы,
балаға тәрбиеші алты көжек, үш үйрек және екі автомашина санап алуды; алты
қоянды Вера мен Мишаға тең бөліп беруді, үш үйректі Розаға, ал екі
автомашинаны сөреге қоюды тапсырады. Менің саған не айтқанымды жадыңда
сақта, - деп баса айтады тәрбиеші. Ең алғаш балаға оны қайталап айтқызуға
болады, сонан соң тапсырманы бірден қабылдауға, қайталамастан, оны ұғып
алуға дағдыландырған жөн. Тапсырманы орындағаннан кейін бала не істегенін
және қалай орындағанын сөзбен айтып беру істелген іс-әрекеттің баланың сана-
сезіміне берілуі болып табылады, яғни оны ақыл-ойға салуды қамтамасыз
етеді.

2.2 Нәрселерді орналасу түріне байланыссыз санау, жазықтықта кеңістік
бағдарды дамыту.

Ересек балалар тобының өзінде-ақ балаларға заттарды олар түрліше
орналасқанда, санау әдістері көрсетілген болатын. Даярлық топта бұл
дағдылар бекітіледі. Ең бастысы санауды кез келген заттан, кез келген
бағытта бастауға болады, аз заттар саны сол қалпында қалады деген тұжырымға
балаларды келтіру. Кішкентай балалардың бірінші және екінші топтарында
тәрбиеленген балаларда қатар тұрғандарды оңнан солға қарай, ал вертикаль
бойында тұрғандарды өзінен жоғары қарай санауға тырысатыны байқалады.
Кішкентайларға тән бұл тенденция кейде көпке дейін сақталады. Мектептің 1
класының өзінде-ақ әріптерден ше-ше деген сөзді құрастырғанда әріптерді
оңнан солға қарай еш-еш деп орналастырады; цифрларды кеңістікте
орналастыруда да балалар сондай қателер жіберіп, оларды ретімен қойып,
бірақ оқығанда, оңнан солға қарай былайша оқиды: 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1.
Сондықтан, жиын элементтерін олардың кез келгенінен бастап санау
мүмкіндігін атап көрсетіп, қол мен көз қимылдарының солдан оңға қарай және
жоғарыдан төмен қарай жасалуына үнемі назар аударып отыру керек. Соған
байланысты цифрларды немесе геометриялық фигураларды оқып беру бойынша
орналастыруға жаттықтыру әбден дұрыс болады.
Мұндай бағдар жасауға оқып беру бойынша түзу сызықтарды салуға
берілген тапсырмалар көмектесе алады.

2.3 Балаларды санның шартты белгілері ретніде цифрмен таныстыру

Балаларды біршама еркін санауға үйренгенде және санның мәнін жиын
қуаттылығының көрсеткіші ретінде ұғынғанда оларды санның шартты таңбалары
ретінде, символдар ретінде цифрлармен таныстыруға болады. Практика
көрсеткендей, бес жастағы балалардың көпшілігі цифрлармен жақсы бағдар
жасай алады: автобустардың, троллейбустардың, үйлердің, пәтерлердің
нөмірлерін — таниды; цифры бойынша ақшаны таниды т. с. с. Цифрдың суретін
есіне сақтағанда, олар цифрдың. санның шартты таңбасы басқа таңбаларға: +
(қосу), — (азайту) = (тең), (артық), (кем) т. б. ұқсас таңба екенін әлі
де болса түсінбейді. Сондықтан цифрлармен, басқа символдық таңбалармен
қатар, даярлық топта ғана таныстырған дұрыс. Элементар символикамен
осылайша таныстыру балалардың ақыл-ойының дамуын жаңа, одан да жоғары
дәрежеге көтереді.
Балаларды цифрлармен және шартты таңбалармен =, , таныстыру жөнінен
өткізілетін тапсырмалардың бірнеше варианттарын келтірейік.
Балаларға бір топ заттарды, мысалы алты қуыршақты санатып, тәрбиеші
қуыршақтар санын, оларды көрместен, тек жолақтағы алты дөңгелекшесі бар
карточкаға қарап-ақ білуге болады. Балалардан бұрын мұны қашан істегендерін
естеріне түсіруді сұрайды. Балалар бір топ ойыншықты тауып алып, олардың
тұсына, саны сонша дәңгелекшелері бар карточкаларды қойып отырғандықтарын
естеріне түсіреді. Тәрбиеші балалардьщ бұл айтқандарын мақұлдап
қуыршақтарды шартты түрде дөңгелекшелермен белгілеуге болатынын айтады. Ал
дөңгелекшелер ылғи бір қатарға тізілуі тиіс пе? - деп тәрбиеші балаларға
жаңа бір ой тастайды. Бірнеше жауапты таңдап алып, тәрбиеші сан фигураны
көрсетеді. Ал бұл сан фигурамен біздің қуыршақтардың санын көрсетуге бола
ма). Балалар мақұлдап, басын изейді. Тәрбиеші бірнеше, мысалы үш топ
ойыншықтар қояды да, шақырылған үш балаға ойыншықтардың әр тобын шартты
түрде сәйкес сан фигурамен белгілетеді. Балалар тапсырманы орындайды.
Бірақ қуыршақтарды санағандай сан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Практикалық және лекциялық дәрістерді өткізу және оған дайындық
Компьютер құрылысын оқыту әдістемесі
Шет тілдерді оқытуда компьютер тиімді құрал ретінде
Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру тәжірибесі
Дағдыны қалыптастыруға әсер ететін факторлар
Қазақ тілін жаңаша оқыту технологиялары
Жаңа ақпараттық технологияны мектеп геометрия курсында қолдану
Информатиканы оқыту формалары мен әдістері
Мектепке даярлық топтарында санау және есептеу әрекеттерін оқып-үйрету әдістері
Пәндер