Қазақстанның өнеркәсіптік қалаларының экологиясы


Қала экологиясы

ЖОСПАР

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Қазіргі қала экологиясы
  2. Қазақстанның өнеркәсіптік қалаларының экологиясы
  3. Маңғыстау облысының экологиясы

ІІІ. Қортынды.

І. Кіріспе

Қала экологиясы ( Экология города ) - адамның қала ортасымен әрекеттестігінің заңдылығын зерттейтін ғылыми пән. Бүкіл дүние жүзінде кенттену процесі қарқынды жүруде. Қазіргі кезде ірі қалалар мен өнеркәсіптік орталықтарда өте қолайсыз экологиялық жағдай орнаған. Атмосфералық ауада едәуір мөлшерде зиянды құрауыштар (шаң-тозаң, күкірт диоксиді, бензагтирен, азот оксидтері, ауыр металдар, диоксин және т. б. ) жиналған. Қалалардың ластануына негізінен қара және түсті металлургия, химия және мұнай-химия, целлюлоза-қағаз өнеркәсіптері, жылу энергетикасы, автокөлік әсер етеді. Соңғы жылдары "Адам және биосфера" бағдарламасы (МАБ) шегінде қалалық елді мекендерді қалалық ортаға және тұрғындардың денсаулығына әсер ететін табиғи, әлеуметтік-экономикалық, тынығу жөн.

  1. Қазіргі қала экологиясы

Қалалардың саны мен олардың тұрғындары тез өсуіне байланысты, экологиялық жүйеге түсетін ауыртпалық үнемі күшейіп келеді. Яғни, өзіміздің еліміздің ішінде «урбандалу» жағы өте күрделене түсуде. Осы термин кейінгі жылдары көптеп қолданылуда. Ол дегеніміз «urds» латынша қала деген сөз ертеден болғанымен. «урбанизм» немесе «урбанизация» термині халықтың қалада тұруға ұмтылуы, қаладағы тұрмысты ұнатуы урбанизация процесінің күшеюіне алып келген болатын. Әуелгі бетте айтылып өткендей - ақ «өзіміздің». Қазақстан республикасы да, дүниежүзілік урбанизация әсерінен тысқары қалған жоқ. Әсіресе, өнеркәсіп және қатынас кәсіпорындарын көптеп салу мен тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде (1954), қалалар саны, оның ішінде ірі қалалар саны тез өсті. Олардың тұрғындары, 45 жылда 5 еседен артық өсіп, халықтың басым көпшілігі қалада тұратын болды. Болжам бойынша, қалалардағы тұрғындар саны көп артуы ықтимал. Бұл әрине жақсылыққа апарып соғатын жағдай емес. Қазіргі таңның өзінде-ақ қала халқының тығыздығы, әсіресе Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында бір шаршы километрге 200 км 2 аса адам келіп экологиялық жағдайдың үнемі нашарлауына себепті . Қайта айнала біз қала экологиясына соқсақ біз жоғарыда урбандану процесін де айтып өткен болармыз. Бұл әрине бүгінгі мәселелердің біріне айналып отыр. Қазіргі адамзат баласы кешегі кезеңнен гөрі ғылым мен техникаға бет бұруда. Соған байланысты өндіріс, өнеркәсіппен айналысудың нысаны осы. Қоғамдағы ғылым мен техниканың даму барысында кешегіден бүгін көптеген өзгерістер байқалуда. Мысалы үшін алатын болсақ еліміз егемендік алғалы 10-12 жылдай болды. Соған байланысты экологиялық тұрғыдан да өз еліміз ішінде де көптеп өнеркәсіптер оның ішінде завод-фабрикалардың өзі өз қолымыздан өнім шығарылуда. Бұл негізінен біздің байлығымыз әрі мақтанышымыз болса да, адамзаттың бойына да зиян келтіру жағы көбірек. Мысалы казіргі таңдағы автокөліктердің саны жағы да өткенгіден қарағанда күрт өскен. Бұл автокөліктердің саны жанармайлармен жүруі атмосферадағы ауа сапасын бұзуына зор ықпал жасайды. Ал енді дүние жүзілік ақпарат ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, ауылды жерлердегі елді мекендерге қарағанда қалалардағы атмосферадағы ауа құрамында зиянды газ күйіндегі заттар 10-25 есе, ал тозаң 10 еседей артық мөлшерде ұшырасады. Өнеркәсіп шоғарланған жерлерге қыс айларында тұманның түсетіндігі ал жауын-шашынның қалыптағыдан 5-10 есе артық жауатыны да байқалады

Қалалардың тұрмысқа, тіршілікке қолайлы болуын сақтау үшін оның суын, ауасын, топырағын, жасыл желегін табиғи қалпынан өзгертпей ұстау жеткіліксіз. Әсіресе қанатын кеңге жайып қарыщтап, дамып бара жатқан қалалар үшін оның қоршаған ортамен үйлесімділігі бас шарт. Қала орталықтарында жасанды көлдер, бассейндер, фонтандар жасау да ауаның қалыпты болуыны жағдай жасайды. Ауаның ластануын азайту мақсатында және транспорт тасқынын шектеу мүддесіне үлкен қалаларда газдану мен шуды азйту үшін орағытып өтетін жолдр салынуда. Қоршаған ортаны қорғауға үкімет соңғы жылдары қаржы бөлуді күрт өсірді. Ал оны тиімді әрі үтымды пайдалану жергілікті әкімшіліктің іскерлігі мен жауапкершілігі ғана байланысты болмақ.

  1. Қазақстанның өнеркәсіптік қалаларының экологиясы

Ұзақ жылдар бойғы қала салу ісіндегі жіберілген қателер, дұрыс жоспарламау Қазақстанның өнеркәсіпті қалаларын экологиялық апатқа ұшыратып отыр

Табиғат қорғау объектілерінің қүрылысына бөлініп отырған қаржының жеткіліксіздігіне орай табиғат қорларын игеру және өндірістік қуаттарды арттыру Ақтөбе облысында барынша қиын жағдайды қалыптастырады, оны жақсарту үшін төтенше шараларды қолдануды қажет етті.

Тұтас облыс бойынша әр түрлі мақсатқа өзендердегі жылдық су қорының 11 проценті жүмсалды. Жер бетінде пайда болған ағынды сулар негізінен тазарту орындарына, сүзгіден өткізу қондырғыларына бағышталады, буландырады. Облыста жалпы қуаты 64, 9 млн. текше метрлік 59 тазарту қүбыплары бар, оларға 2005 жылы 44, 3 текше метр ағынды су жіберілді.

Жер асты суларының, сол арқылы жер бетіндегі судың ластануы негізінен өнеркәсіп өнімдері қалдықтарынан топырақ қабатты арқылы өтуі, булануы салдарынан болады. Бүрын өндіріс қалдықтарын зиянсыздандыру жөніндегі қүрылыстар сүзгісіз салынған болатын.

Су қорларының көзіне жүргізілген тексеру көрсеткеніндей Елек өзенінің жер асты және ағынды сулары 6 валентті хроммен және бормен ластанған. Бұлар негізінен хром қосындылары заводының өнеркәсіп алаңы, осы заводтың өнеркәсіп қалдықтары тасталатын орны, сондай - ақ жылу -электр орталығының гидролологиялық күлі арқылы ластануда. Хром қосындылары заводының қалдықтары тасталатын тоғаннан аққан су солтүстікке және шығысқа қарай жылжып баралы. Мұның өзі Елек өзенінің 3 километрге жуық бойында судың хроммен бүлінуіне әкеліп соқтыруда.

Ақтөбе химия заводы экологиялық жағдайды қатты бүлдіруде. Өнеркәсіп өнімінің қалдықтары сақталатын төңіректе жер астындағы судың бормен бүлінуі жиіледі. Қазір мүндай көлемдегі жер 13, 7 шаршы километрге жетті. Ол тәулігіне 1 метр шапшаңдықпен кеңейіп отырады. Ақтөбе қаласындағы көптеген су көздері де ластанды. Ақтөбе су қоймасында балық шаруашылығы үшін белгіленге қалыпқа қарағанда бор ерітіндісі 20 есе асып түсті.

Біз мынаны айтуымызға тиістіміз. Гидрометеоорталықтың өлшемі бойынша Ақтөбе қаласында жауын - шашын жиі болғанына қараастан, ауаының тазалығы көңілдегідей емес. Қала атмосферасында шаңның үсталуы норма шеңберінде болса да, азот диоксидінің тәуліктік орташа қүрылуы 1, 25 есеге, формальдигид 4 есе асып кетті.

Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда атмосферадағы қалдықтарды шығару көлемі 500 тоннағаүлғайды. Биылғы жыл басында облыста 1 млрд. 0, 44 млн тоннадан астам қалдық жинақталды. Бұлардың 70 пайызы дерлік бүрынғы Кемпірсай кен басқармасы (205 млн. т ) мен дөң тау кен байыту комбинатының (794 млн. 63000 тонна ) аршыған қабаттары. Жарты жыл ішінде 9, 3 млн. тонна тоннадай қосылды. АЗФ пен АЗХС - те қажетсіз 188270 тонна қалдықтар - облыс бойыынша барлық әлемнің 2 пайызы жинақталады.

Өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда тексеру кем болды, тәртіп бүзушылықты анықтаудың мысалдары 520 - ға кеміді. Сөйтсе де өндірілген айыппүл 264, 7 мың теңгеге артты, табиғатқа зиян келтіргені үшін 13 млн. 346 мың теңгеге талап -арыз артық берілді және 14млн. 301000 теңге артық өндіріді.

Бұл нені көрсетеді? Біріншеден, мемлекеттік экологиялық бақылау деңгейі күшейгендігінен. Екіншіден, табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға өз өндірісі келтірер зиянды дүрыс болмауынан, қателіктерге жеткілікті талдау жасамауынан. Мысалы, берілген 15 талап - арыздың екеуі табиғи ортаны нормадан тыс ластағаны үшін болды. Табиғат қорғау заңдылықтарын бүзушыларға наразылықтың 19 оқиғасы сот арқылы қанағаттанлырылды, себебі өндірістер басшылығы үйғарымдарын орындауға мән бермеді. Олардың ішінде » Дөң тау кен байыту комбинаты» ААҚ, » Ремпуть» ААҚ, Шалқар станциясындағы жөндеу локомотив депосы, » Ақтөбемүнайгаз » ААҚ, «Қазторчермет» ААҚ, «Маерск Ойыл Қазақстан ГмбХ» компаниясы бар.

Жекеген кәсіпорындар қызметкерлері заңды айналып өтіп, экологияға қаржыны үнемдеу ниетін көздейді. АЗФ- тың ауа қорғау қызметін мемлекеттік инспекторлар тексергенде алғашқы есеп қүжаттарында шыққан газ бен ондағы шаң қүрамасын кемітіп жазуды анықтады, бүл дегенің - қала атмосферасына шығатын қалдықтарды кемітіп көрсету. №1 цехтың барлық жеті пешінде нормадан артық шаң қалдықтары тіркелді. Қалдықтар жайында дәйексіз ақпарат бергені, газ тазарту қондырғысы жүмысының тиімділігіне бақылау жасамағаны, оны пайдалану ережесін бүзғаны үшін лауазымды 4 қызметкрдің әрқайсысына 13 мыңтеңгеден айыппүл салынды.

Бізде бүл талапты орындауға жеткілікті мән берілмей жатады. Мысалы, Октябрьмүнай мүнайгаз бүрғылау басқармасында Жаңажол кен орнының жобасы бойынша барлық өндірілген газ Жаңажол кен орнының жобасы бойынша барлық өндірілген газ Жаңажол газ өңдеу зауытына жөнетілуі қажет. Бүл - жоба бйынша, ал негізінен 500 млн. текше метрдей газ кеніш алауларында қүр жанып түр. Сонымен бірге газ өңдеу зауытында күкірт қышқылынан тазартылмаған газ жануда, яғни «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заңды бүрмалашылыққа жол беріліп отыр. Өткен жартыжылдықта зауытқа 104640 теңге мәлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Жалпы СНПС - Ақрөбемұнайгаз ААҚ облыста табиғи ортаны ластаушылардың алғашқы бестігі кіреді.

Бірінші жартыжылдыкта табиғи ортаға айтарлықтай зиян келтірілген үш апат оқиғасы орын алды. Ақбұлақ ААҚ - нда 1972 жылы салынған №11 канал насос станциясының темір бетон қүбырлары істен шығуы салдарынан 120 мың текше метр тазартылмаған шайынды су Жіңішке өзенінің арнасына қүйылды. Теміржолда Қандыағаш станциясында цистерналар түйісуінен бензин жерге төгілді. Бүл Ақтөбе тасымалдау бөлімшесінің қыруар сомада айыппүл төлеуіне әкеліп соқтырды. «СНПС - Ақтөбемүнайгаз» ААҚ- ның мүнаймен жабдықтау басқармасында цистернаның тығындау жабдықтарындағы ақаулар үлкен шығынға әкеліп соқтырды.

Экологиялық сипаттағы мәселелер табиғат қорғау аумағында ғана емес, облыстың атқарушы және қүқықтық органдарының назарына да болып келеді. Облыстың мәслихеттың аграрлық мәселелер және экология жөніндегі түрақты комиссиясының мәжілісінде бірқатар ірі өндірістердетабиғат қорғау заңдылықтарының орындалуы қаралды. Облыстық прокуратурның және көліктегі Батыс аймақтық прокуратурасының алқа мәжілістерінде де бүл мәселе күн тәртібінде қойылды.

Қала халқы күн санап өсіп келуде. Статистикалық мәліметтер бойынша қалада 260 мың адам түрады. Бүл тек тізімде барлары ғана, ал тіркелмегендерді қосқанда 300 мыңнан асып кеткені анық. Халыққа тәулігіне 160-180 мың текше метр су қажет, ал «Ақбүлақ» тәулігіне 100-110 мың текше метр ғана су бере алады. Қазіргі таңда қалаға ауыз су бес жер асты қүдықтарынан келеді. Онда барлығы 82-ге жуық скважина жүмыс жасайды. Олардың өзі көнерген, өнім беру көрсеткіші томен. Әрі олардың жаңасының өзі осыдан жиырма жыл бүрынғы қала халқының санынан сәйкестендіріп жасалған. Ауыз судың халыққа жетіспеуінің басты себебі болса керек.

«Ақбүлақ» АҚ-ның маркетинг бойынша тете-президенті Серік Ахметовтың айтуынша, түрғындарға күніне 50-60 мың текше метр ауыз су жетіспейді. Бүл проблеманы шешу үшін жаңа су көздерін табу қажет. Ал, ол үшін ең бастысы қаржы керек.

Жаңадан су көздерін тауып іске қоспай, қаланы ауыз сумен толығымен қамту мүмкін емес. Қазір бізде тек қүндақтыр Жер асты қүдығы ғана жақсы жүмыс істеп түр. Оның өзінде 22 скважина бар болғанымен, 16-сы ғана жүмыс жасайды. Қалған алтауын жөндеп іске қосу үшін әрқайсысына 10 млн. теңгеден астам ақша қажет. Қазір тек соның екеуін жүмысқа қосу жүмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ қолда бар скважиналардвң қалыпты жүмыс істеуі үшін екінші магистральді су қүбырын салу керек. Оған 3 млрд. теңге қажет. Ал бізде ондай ақша жоқ. Өз бетімізше қаржы табу көздерін қарастырып жатырмыз. Қаланың бас жобасына сәйкес жаңадан салынып жатқан қүрылыстарды сумен қамтамасыз ету қиын. Біз солармен келісімшартқа отыратын боламыз. Жаңа обьектілерге су өткізіп береміз, олар үшін бізге ақша төлейді. Онсыз да аз су шүрық-тесік түрбалардан ағып баратын жеріне дейін жартысы жетеді. Судың қалыпты берілуі үшін жылына кем дкгенде 30-40 шақырым су қүбырларын жөндеуден өткізу керек. Ал, бізде жылына тек 3-4 шақырым қүбыр ғана жөнделеді. Барлық су қүбырларын ауыстыруға 19 млрд. теңге қажет. Біздің канализация жүйесі де көнерген. Қалада 365 км канализация болса, оның 60-70%-ы шіріген. Бүл да өздігінен шешілмейтін мәселе.

Судың жетіспеушілігінің тағы да бір себебі оның мақсатты пайдаланбауында. Түрлі өндірістер мен мекемелер ауыз суды басқа мақсатта пайдаланады. Мысалы, бір ғана жылу электр орталығының (ТЭЦ-тің) өзі халық ішетін судың 30%-ын пайдаланады екен. Өндіріс орындары негізінен техникалық су шығаратын қүбырлар ауадай қажет.

Соңғы кезде қалада көлік жуатын орындар қаптап кетті. Олар да ауыз суды оңды-солды пайдаланады. Серік Ахметовтың айтуынша бүлар өздеріне арнаиы скважина қазып алулары қажет.

Су туралы кодексте ауыз суды өндіріске және басқа да мақсатқа пайдалануға болмайды. Қалада 45 көлік жуатын орын бар. Қазір олардың сегізін жаптық, жиырмасы өз скважиналарын қазып алды, ал үшеуінде қайта өңдеу жүйесі бар. Қалғандарына осы мәселені шешуге уақыт бердік. Сондай-ақ халық ішетін суды арақ зауыттары да пайдаланып келеді. Осындай өндіріс орындары ауыз суды пайдаланбай, мәселелерін өз беттерімен шешіп, жатса су халыққа жетіп қалар еді.

Қала маңында салынып жатқан үйлер ауыз су мәселесін өз беттерімен шешіп жатқан секілді. Үйдің жанынан қазылған қүдықтың суы ішуге жарамды жарамсызын санэпидемиологиялық орталық тексеріп отырады. Кейбір түрғындар тексерусіз-ақ өз қүдықтарынан су ішіп жатыр. Қаланың әр бөлігінде шығатын судың сапасы әртүрлі.

Ауыз судың тағы бір бөлігі қаланы көгалдандыруға және саяжайларды суаруға кетеді екен. Бүл жөнінде Серік Ахметов былай дейді «Біз келесі жылдан бастап көгалдарды суару үшін ауыз суды пайдалануға рүқсат бермейміз, ал биыл олар арнайы жүйемен жүмыс жасап отыр. Қай аумақтың қашан көгал немесе бау- бақша суаруға болатыны туралы арнайы жоспар қүрдық. Мысалы, кешкі тоғыздан таңғы алтыға дейін ғана көгалды суаруға болады. Күндіз пайдалануға тиым салынған. Болашаққа бүлар да өз бетімен су табу жолдарын қарастырулары керек».

Соңғы үш жылдан бері су бағасы өспепті. Қалада ауыз суды пайдаланушылар 25 класқа бөлінгендіктен олардың суға төлейтін ақшалары да әртүрлі. Қазіргі жағдай мен жылдық инфляция тоғыз пайыз болатын түрі бар. Барлығы қымбаттап жатыр. Ал су бағасы сол қалпында. Серік Ахметовтың айтуынша, биыл баға өспейді. Бірақ алдағы жылы қымбаттауы мүмкін.

Қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін 26 ескертпе жасалып, 24, 3 млн. теңгеге айыппүл салынды. Атап айтсақ ең көп мөлшерлі айыппүл АҚ «Ақтөбемұнайсервиске» -1, 4 млн. тенге, ал Жаңажол газ үқсату заводына жер заңын сақтамағаны үшін үш рет ескерту беріліп, ауаны қорғауды және жер заңын бұзғаны үшін 11, 3 млн. теңге айып салынды. Ал ААҚ АЗХС-ға Елек өзенін алты валентті хроммен шектеулі мөлшерден тыс ластандырғаны үшін 7, 6 млн. теңге айыппүл салынып, ол түгелімен өндірілді.

  1. Маңғыстау облысының экологиясы

Маңғыстау облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-батысында орналасқан. Жерінің жалпы көлемі 16, 7 млн га., оның 12, 7 млн га-ы жайылымдық жер болып есептелінеді.

Маңғыстау облысы үш жағынан дерлік теңізбен қоршалып, қалған бөлігінде табиғаты қатаң, елсіз немесе сирек қоныстанған шөлді аймақ шектеп жатыр.

Маңғыстау облысы, сонымен бірге Каспий теңізінің қазақстандық секторы бағалы биологиялық ресурстармен минерал - шикізат потенциалына бай: еліміздің эканомикасын көтеруде стратегиялықелеулі орында. Каспий теңізінің 1350 км-ге жететін жағалауына ерекше көңіл бөлуі керек.

Табиғи климаттық жағдайы бойынша толығымен Маңғыстау экологиялық тұрғыда жайсыз күннің радиациясы аса қатты қыздыруы, қатты жел, температураның көп ауытқуы жауын-шашынның аз мөлшері.

Қазіргі кезде облыс экологиялық ахуал шиеленісіп тұрғылықты халықтың өмір сүруі мен медиина- демограф жағдайы денсаулығына әсер етуде.

Маңғыстау экологиясы әлі күнге мақтанарлық жағдайда емес. Біз өз туған өлкеміздің экологиясына өз деңгейінде көңіл бөлуіміз керек.

Мұнай өндіру және геологобарлау жұмыстары жүргізілген аудандарда топырақ қабатының бұзылғаны байқалды.

Маңғыстау облысының территориясында 200 млн тонна өндірістен 105. 1 млн тонна улы қалдық, 8. 6 млн кубометр пайдалы қазба қалдықтары жинақталған. Тек 2005 жылдың өзінде жиналған 242 мың тонна өндірістік және тұрмыстық қалдықтың 162. 8 тоннасы улы. Ал қазіргі мәлімет бойынша 2006 жылы 260 мың тонна қалдық жиналып, оның 180. 5 мың тоннасы улы болды.

Жер бетінің 2 мың гектары жарамсыз, 170 мың кубометр мұнай массасы ашық жер амбарларында орын алған. Жаздың ыстық кездерінде буланған мұнайдың иісіне уланып, бұл жнрде мекендеген аң мен құстың түрі, саны азаюда. Жайсыз экологиялық ахуал мен аяусыз қырып, жою өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің түрлеріне әсер етеді. Әсіресе Үстіртте мекен еткен дала тағылары елік, киік сияқты аңдардың саны жүз есе азайған. Кейбірінің жойылып кету қауіпі бар.

Қалдықтардың жыл өткен сайын азаюы не көбеюі жеке кәсіпорындардың қалдықтарына тікелей байланысты. 1998 жылдан бастап мұнайды көп алу мақсатында, Жетібай кен орнындағы ескі ұңғылардың арасына су қысымын жіберіп, жара бастады. Су қысымымен жарудың салдарынан қуыс көбейіп кетіп, «термит» деген құрттың аналығы жер бетіне шығып кеткен. Оның күніне миллион есе жұмыртқалайтынын ескерсек, қаншылықты денсаулыққа әсер ететіні анық.

Мұнай кен орындарын игеру кезінде бүлінген территориялар:

- ауыр техника жүріп өткен жерлердің құнарлы жер қыртысы бүлініп, қу тақырға айналып жатуы;

- мұнаймен бірге жер бетіне шығарылған қосалқы сулардың көлемі 1 миллиардтан асқан, елді мекендердің территориясына жіберілген, мұнаймен ластанған кей жерлердің қалыңдығы 10 метрге дейін жеткен;

- «Эмбімұнайгаз» және «Теңізмұнайгаз» АҚ кәсіпорындары жылына 200 миллион м 3 мұнаймен шығатын газды ашық аспанда жағады. Соңғы 30 жылда «Прорванефть» кәсіпорын 6 млрд. м 3 газ жаққан. 2000 жылы біріккен кәсіпорын «Теңізшевройл» 32 мың тонна газ жаққан, оның 15 пайызы токсикалды. «Жаиықтрансгаз» кәсіпорны жылына 20 мың тоннадан астам азот т. б. токсикалды заттарды қоршаған ортаға тастайды:

- Құрманғазы ауданының жері, суы, ауасы Ресейдің Астрахань газконденсатор зауытынан шыққан химиялық улы қоспалармен ластанып жатуы [1] .

Бүгінде Қазақстандағы мұнай қорының 75 пайызы, газдың 79 пайызы шетелдік капиталдың иелігінде. Елімізде жұмыс жасап жатқан шетелдік компаниялар «ОКИОК», «КИО», Харикеин Құмкөл Мұнай, «Теңізшевройл» қоршаған ортаны қорғау заңдылықтарын сақтамайды. Тек, «КИО» 1998 жылы - 6, 4 мың, 1999 жылы - 15 мың, 2000 жылы - 25 мың тоннадан астам азот, күкірт, көмірсутегі қышқылдарын ауаға тастаған. Ал, 2001 жылы Каспий шельфінде жұмыс жасап жатқан «ОКИОК» компаниясы теңізге тәулігіне 40 тоннадан астам жеткіліксіз тазаланған ерітінділерді жіберген.

Мұнай және газ кен орындарын барлап, пайдалану жұмыстары кезінде экологияға теріс ықпалын тигізетіндер:

- бұрғылау;

- скважиларды тексеру мен сынау.

Қазіргі кезде Қазақстанның мұнай кен орындарында терең бұрғылаудың көлемі жылына 1 миллион метрден астам болып отыр. Бұрғылау жұмыстары кезінде көптеген улы заттар бөлініп шығып, айнала қоршаған ортаға үлкен зиян-зардабын тигізеді. Қуатты дизель қозғағыштарымен жарақтандырылған бірнеше жүз бұрғылау қондырғылары бір мезетте жұмыс жасап, жер ресурстарына, әсіресе топыраққа зиянын тигізеді. Топырақтағы уландырғыш заттардың мөлшері мен құрамына іс жүзінде еш жерде бақылау жасалмайды.

Скважиналарды сынаған кезде де көмірсутегінің жануынан құрамында күкіртсутегі бар заттардың атмосфераға шығуы қоршаған ортаға экологиялық зиянын тигізуде. Мұнай өнімдерін қабылдап алу мен өлшеудің жабық жүйелері және осы кезгі құралдарының жоқтығы мұнай өнімдерінің толық жанып бітпеуіне және күкірт қышқылы қосындыларының пайда болуына әкеліп соқтыруда. Олар атмосфера ылғалымен қосылып, жерге «қышқыл шық» немесе «қышқыл жаңбыр» болып жауып, топырақ жарамсыз болып, өсімдік дүниесінің жойылуына тікелей әсер етуде .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаны қорғау міндеттерімен мақсаттары. Атмосфера экологиясы. Атмосфералық ауа жағдайы және оны негізгі ластаушылар
Қарағанды облысының экологиялық-экономикалық жағдайы
ЕРТІС ӨЗЕНІНІҢ ЭКОЛОГИЯСЫ
ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы
Қоршаған ортаны қорғау міндеттерімен мақсаттары. Атмосфера экологиясы
Қазақстанның жастарының денсаулық мәселелерін Ақтөбе облысының мысалында талдап, баға беру және шешу жолдарын ұсыну
Жалпы экологияға кіріспе
Қазақстандағы ауаның ластануының экологиялық проблемалары
Өндірістік экологияның болашағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz