ҚР Парламентінің заң шығару процесі
Кіріспе
Негізігі бөлім
I. Заң шығару процесінің түсінігі
ІІ. Заң шығару процесінің кезеңдері мен сатылары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қазақстан Республикасының Конституциясында заң және заңга тәуелді актілерді шығарудың, кдбылдаудың, бекітудің толық әдістемесі көрсетілген. Заң шығаруда ұсыныс құқығы - Пар¬ламент депутаттарында және Үкіметтің құзырында. Қазақстан Республикасының заң шығару процесінің ерекшеліктері бар. Бұл процес әдетте заң шығару қызметінің сатылары және олардың бірізділігі арқылы дамып отырады. Заң шығару тәжірибесінде жобаның мазмұнына байланысты басқа да тәсіл қолданылуы мүмкін, айталық, заң жобаларын Қазақстан Республикасы Парламентінің өзі де, әрі соңғы кездерде етек алған Палаталар депутатгары да дайындайтынын біз білеміз. Алайда қазіргі кездегі заң шығару тәжірибесінде жобаларды дайындаудың ведомстволық қағидаты, дегенмен, басым түсіп жатады.
З
З
1. ҚР Президентінін 1995 жылғы 2-қарашадағы "Республикалық референдум
туралы" Конституциялық заң күші бар Жарлығы, 3-бап.
2. ҚР Конституциясы 1995ж.30 тамызда қабылданған.
3. Государственное право РК: Курс лекций. Под редак¬цией академика О.Е.
Кутафина. Алматы, 1993 г.
4. Сапарғалиев Ғ.С.,Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы.А.,1998.
туралы" Конституциялық заң күші бар Жарлығы, 3-бап.
2. ҚР Конституциясы 1995ж.30 тамызда қабылданған.
3. Государственное право РК: Курс лекций. Под редак¬цией академика О.Е.
Кутафина. Алматы, 1993 г.
4. Сапарғалиев Ғ.С.,Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы.А.,1998.
ҚР Парламентінің заң шығару процесі
ЖОСПАР
Кіріспе
Негізігі бөлім
I. Заң шығару процесінің түсінігі
ІІ. Заң шығару процесінің кезеңдері мен сатылары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Конституциясында заң және заңга тәуелді актілерді шығарудың, кдбылдаудың, бекітудің толық әдістемесі көрсетілген. Заң шығаруда ұсыныс құқығы - Пар-ламент депутаттарында және Үкіметтің құзырында. Қазақстан Республикасының заң шығару процесінің ерекшеліктері бар. Бұл процес әдетте заң шығару қызметінің сатылары және олардың бірізділігі арқылы дамып отырады. Заң шығару тәжірибесінде жобаның мазмұнына байланысты басқа да тәсіл қолданылуы мүмкін, айталық, заң жобаларын Қазақстан Республикасы Парламентінің өзі де, әрі соңғы кездерде етек алған Палаталар депутатгары да дайындайтынын біз білеміз. Алайда қазіргі кездегі заң шығару тәжірибесінде жобаларды дайындаудың ведомстволық қағидаты, дегенмен, басым түсіп жатады.
Заң шығару процесіне Қазақстан Республикасының президентінен бастап,бүкіл халық атсалысады ,сондықтан бұл тақырыпты маңызды деп айтуға болады.
Заң шығару процесінің түсінігі
Елдің серпінді даму кезеңіне шығу үшін біз пайда болған оңды нышандарды бекітіп, саяси, экономикалық және әлеуметтік ахуалды біржола тұрақтандыруға тиіспіз. Мұны Парламенттің негізгі саяси міндеті деп қараған жөн. Бұл оны қабылдайтын заң актілерінде дәйекті түрде жүзеге асырылуы керек.
Біздің мемлекетімізде шынайы демократиялық, құқықтық мемлекет құрудың негізгі шарты болып зандылық актілерін дайындау, қабылдау және әрекетке енгізудің тиімді тетіктерін терең теоретикалық әзірлеу мен тәжірибелік қолдану болып табылады. Заң және оны жасаумен байланысты қызмет әрқашанда қоғам дамуының барлық кезеңдерінде басты назарда болуы қажет.
Кез келген дамыған елдерде заңдар сол елдің құқықтық жүйесінің негізін құрайды. Сондықтан да зандарды дұрыс қолдану үшін, тәжірибелік қызметте олармен дұрыс басшылық жасау үшін олардың қалай әзірленіп, қабылданатынын, күшіне енуі мен өз күшін қалай жоятынын, заң шығармашылығы мен заңдарды жүзеге асырудың заңдық техникасы қандай екенін білу қажет және де көптеген нормативтік актілерден қажетті заңды қалай табу керек екенін, сондай-ақ оны дұрыс түсіну мен дұрыс қолдануды ұғыну қажет.
Заңдар күрделі қызмет нәтижесінде дүниеге келеді және әрекеттегі зандылыққа қосылады. Ол күрделі қызмет жалпы түрде заң шығармашылығы деп аталады. Заң шығармашылығы - бұл құқық құру процесін аяқтайтын, нәтижесінде заңдар заңи күшке ие болатын және әрекет етуге кірісетін құзыретті органдардың қызметі.
Заң шығармашылығы - бұл өте күрделі процесс. Ол заң актісінің сапалы және мұқият дайындалуы үшін, қажетті құжаттар жинау үшін, социологиялық және өзге де зерттеулер жүргізу үшін, қабылданатын заң актісінің болашақтағы тиімділігін жоспарлауды талдау үшін қажетті жағдайлардың жасалуын талап етеді. Заң шығармашылығы әртүрлі сала мамандарының ұжымдық шығармашылығының жемісі болып табылатын күрделі де көп еңбекті керек ететін процесс.
Ю.В. Мальцев заң шығармашылығына мынадай анықтама береді: "заң шығармашылығы - бұл алдымен танылғанды тұжырымдау жөніндегі, фактілік қоғамдық қатынастардың прогрессивті дамуын бір арнаға бағыттау жөніндегі қызмет".
Заң - заң шығармашылығы қызметінің нәтижесі, жемісі болып табылады. Заңдар қоғамдық қатынастардың тұрақтылығын кдмтамасыз ете отырып, қоғамның дұрыс дамуына, дұрыс қызмет етуіне жағдай жасайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына себеп болады. Яғни, қоғамдық дамудың, қатынастардың барлық жақтарына әсер етеді. Заң шығармашылығы тиісті мамандардың бір тобының ұжымдық іс-әрекетімен жүзеге асырылады. Заң шығармашылығы да қоғамдағы кез-келген құқықтық құбылыстар секілді белгілі бір қажеттіктің, мұқтаждықтың салдары. Заң шығармашылығына деген қажеттіліктерді көптеген факторлар туындайды. Өйткені, заң шығармашылығы саяси, экономикалық, құқықтық, идеологиялық және т.б. факторлардың әсерінде болатын шығармашылық қызмет. Заң шығармашылығының өзі құқықтық реттелуге деген қажеттіліктермен себептеле отырып, тиісті шығармашылық кезінде белгілі бір қажеттіліктерді туындайды. Ашып айтсақ, заң шығармашылығы кезінде мынадай қажеттіліктер туындайды: тиісті қоғамдық қатынастарды нормативтік-құқықтық реттеуге деген қажеттілікті білдіретін әртүрлі әлеуметтік факторларды зерттеу; құқықтық нормаларды қалыптастыру кезінде әлеуметтік және ұлттық құрылымдардың, тұтастай алғанда қоғамның түрлі мүдделерін анықтау және мұқият ескеру:
- құқықтық нормаларды жасау процесінде ғылымның, техника мен мәдениеттің жетістіктерін пайдалану; жобаланудағы құқықтық норманы бұрынғы ұқсас ережелермен және өзге мемлекеттердің құқықтық жүйесімен ғана емес, сондай-ақ қоғамдық өмірдің өзге де реттеушілерімен салыстырмалы талдау жасау;
- жобаланудағы норманың тиісті құқық жүйесінің өзге де нормаларымен байланысын және өзара қатысын анықтау;
- құқықтық нормаларды жасаудың ұйымдық нысандары мен процедураларын жетілдіру;
- қоғамдық қатынастардың тиісті тобын құқықтық реттеудің ең жақсы қолайлы варианттарын анықтау үшін және осы қатынастарға құқықтық әсер етудің неғұрлым тиімді ны сандарын жасау үшін орынды және мүмкін жағдайларда әлеуметтік эксперименттер жасау. Д.А. Керимовтың анықтаған бұл қажеттіліктерін орындамайынша заң шығармашылығында жетістікке, тиімділікке қол жеткізу мүмкін емес. Себебі, заң шығармашылығы - бұл тек заң шығарушылардың ғана толық еркіне байланысты қызметтер жүйесі емес, заң шығармашылығы - ол сондай-ақ, заң шығарушылардың еркіне бағынбайтын сыртқы ортаның, объективтік факторлардың өсерінің нәтижесі де. Сыртқы орта, объективтік факторлар заң шығармашылығын туындайды, оның жемісі - заң актісінің мазмұнының қалыптасуына әсер етеді, заң шығармашылығын жетілдіреді. Сондықтан да заң шығармашылығының жоғары деңгейде болуы, құқықтық нормаларының ертеңгі күні әрекетті, тиімді болуы заң шығармашылығы кезінде туындалатын өзге қажеттіліктермен бірге сыртқы орта мен объективтік факторлардың терең зерттелуі мен жан-жақты танылуын, зерттеу, тану негізінде алынған ілімді ұтымды пайдалануды қажет етеді. Өйткені, олар занды реттелуге деген пісіп жетілген қажеттіліктерді көрсетеді.
Заң шығармашылығы - бұл нәтижесінде заңдар заңи күшке ие болатын және әрекетке кірісетін құқық қүрушылық қызмет. Оны әдетте мемлекеттің жоғары өкілді органы мен халық жүзеге асырады. Заң шығармашылығындағы негізгі түйін - келешекте заң -жоғары заңи күшке ие құжат болатын жобаны заң шығарушы органның қабылдауы. Бүкіл халықтық дауыс беру өткізу кезіндегі заң шығармашылығының сипаты ерекше: мұнда заң тікелей халықпен қабылданады. Қандай жолмен жүзеге асқанына қарамастан заң шығармашылығы заң шығару процесіне дейін және заң шығару кезінде болатын әрекеттер мен қатынастарды қамтиды. Нақты заң шығару процесіне дейін жүзеге асатын әрекеттер туралы айтсақ, заң түрінде реттелуді қажет ететін қажеттіліктерді анықтау, анықталған қажеттіліктерге сәйкес заң жобасын қалыптастыру, ғылыми, сараптамалық дайындау т.б.
Заң шығармашылығы заңдарды қабылдау нәтижесіңде оны Республикамыздың біртұтас заңдылық жүйесіне қосу жөніндегі қызмет. Зандарды жасау, қабылдау белгілі бір процедураның, яғни заң шығару процесінің болуын шамалайды. Ал, заң шығару процесі - бұл заң жобасын енгізу, өңдеу, қабылдау жөніндегі сатылардың кезектілігі, жүйесі. Кеңес заманында және одан кейін де заң шығару қызметі мен заң шығару процесі түсініктерін бөле жара қарап, олардың жігін ашуға ұмтылатын пікірлердің кездесіп отыратын жайлары бар. Жұмыс заң шығару процесіне арналғандықтан, бұл екі ұғым оның мазмұнында жиі кездесіп отыратындықтан, тиісті ұғымдарды бөлетін, көлемін салыстыратын пікірлерге тоқгалып кетуді, олар бойынша өз көзқарасымды білдіруімді жөн санап отырмын. Олай болса, заң шығару қызметі мен заң шығару процесін ажырататын ғалымдардың бірі - кеңестік ғалым Ш.К. Вильчинскас. Оның есептеуінше, заң шығарушылық қызмет заң шығару процесіне қарағаңда біршама көлемді құбылыс, себебі соңғысы (заң шығару процесі) заң жобаларының қозғалысының белгіленген тәртібімен шектелген және заң шығару қызметінің процедуралық жағын білдіреді, көрсетеді. Яғни, тиісті пікір авторының ойынша заң шығару процесі заң шығарушы орган кдбырғасында заң жобасы бойынша жүргізілетін әрекеттерді қамтиды. Ал, заң шығару қызметі одан кең болғандықтан заң шығарушы органға дейінгі әрекеттерді қоса қамтиды, демек ол Парламент қызметінің шегімен шектелмейді.[8.26]
"Заң шығару процесі" мен "заң шығару қызметін" бөлетін ғалымдардың келесі бірі - И. Елекеев. Оның пікірі Ш.К.Вильчинскастың пікіріне қарсы келеді. Нақты айтсақ, ол заң шығару қызметін заң шығару процесінің негізгі бөлімі ретінде қарайды, яғни заң шығару процесін заң шығару қызметіне қарағанда кең, көлемді құбылыс деп есептейді және ол өз пікірін заң шығару процесінің мына қызметтерден: әлеуметтік қатынастардың белгілі бір тобын құқықтық реттеуге деген қоғамдық қажеттіктерді анықтау, оларды құқықтық реттеудің бағыттылығы мен тәсілдерін негіздеу, заңды қабылдаудың нәтижелерін болжау, т.б. әрекеттерді қамтитын заң шығаруға дейінгі қызметтерден басталатындығымен, ал заң шығару қызметінің заң жобасын Парламентке енгізгеннен басталып, промульгациямен, яғни мемлекет басшысы заңға қол қойып оны жариялаумен аяқталатындығымен дәлелдейді. Тиісті автор бұл дәлелдемесіне сәйкес заң жобасын енгізгенге дейінгі әрекеттерді заң шығару процесіне қоса отырып, оны заң шығару қызметінен көлемді, кең жағдайға қояды. Біз алғашқы және кейінгі ой-пікірлерді қоса, жалпы заң шығару қызметі мен заң шығару процесін бөлетін, көлемін салыстыратын көзқарастарды дұрыс деп құптай алмаймыз. Себебі, олар өзара байланысты, бірінсіз екіншісі болмайтын, ажырамас қүбылыстар. Ал, Парламент қабырғасына дейін болатын әрекет-қызметтерді жалпы заң шығармашылығынан тыс қалдырмай, оларды заң шығару процесіне байланыстырып, жалпы заң шығару процесі үғымын екі мағынада түсінуді ұсынамыз: тікелей мағынада және кең мағынада.
Тікелей мағынада заң шығару процесі Республика Парламенті қабырғасында басталатын, жүзеге асырылатын қызметтерді қамтиды. Ол еліміздің негізгі заңында бекітілген. Қазақстан Республикасының Конституциясының түсіндірме сөздігінде белгіленгендей, ол заң шығару бастамасын оның субъектілерімен жүзеге асыру құқығынан, яғни заң жобасын Мәжіліске енгізуден басталады. Олай болса, тікелей мағынада заң шығару процесі - бұл Парламенттің заңдар шығаруға бағытталған қызметтерінің жинақталған, кезектілікпен жүзеге асырылатын сатылары, тәртібі. Заң шығару бастамашылығы құқығы оның бірінші сатысы болып табылады. Тікелей мағынада заң шығару процесі: біріншіден, Парламенттің заң шығару қызметінің процессуалдық жағын білдіреді, екіншіден заң шығару жөніндегі әрекеттердің бір-бірімен жалғаспалы байланысы және кезектілікпен жүріп отыруының реті болып табылады, үшіншіден, ол Конституциямен, заңдармен, регламенттермен нормативті реттелген сатыларды көрсетеді. Оның нормативті реттелуіне көз салсақ, заң шығару процесі (тікелей мағынада) - бұл заң жобасын Парламентке енгізгеннен басталып оны жариялаумен аяқталатын нормативтік процедуралар. Бұл процедуралар Конституция нормаларынан өзге "Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңмен, Парламент, Сенат және Мәжіліс регламенттерімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентімен реттелген. Сондай-ақ, Конституцияның 62-бабының 8-тармағында "Республиканың заң және өзге де нормативтік актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, күшіне енгізу және жариялау тәртібі арнаулы заңмен реттеледі" деп белгіленген. Ал, мұңдай арнаулы заң болып "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының заңы табылады. ҚР конституциялық құқығының негізгі қайнар көзі ретінде Республика Конституциясы заң шығару процесінің негіздерін белгілейді және заң шығару бастамасы құқығы субъектілерінің шегін анықтайды. "ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңда Конституцияда бекітілген негіздер кең ашылған және нақтылана түскен. Заңның үш тарауы Республика Парламентіндегі заң шығару процесіне арналған. Заң шығару процесін нақты бүге-шігесіне дейін Парламент, Сенат және Мәжіліс регламенттері реттейді. Ашып айтсақ, палата регламенттері пленарлық мәжілістерді өткізу, мәселелерді қарау, дауыс беру және шешімдерді қабылдау тәртібін белгілейді, Палата органдарын, депутаттардың өкілеттіктерін жүзеге асыру тәртібін анықтайды және Парламент палаталарының заң шығару қызметін нақты, анық үйымдастыруға көмектеседі. Парламент регламенті түгелдей заң шығарушы органның қызметін, тиісті мәселелерді қарау кезіндегі палаталардың өзара қатынасының тетіктерін ұйымдастыруға бағытталған.
Заң шығару процесінің тұрақты нормативтік реттелуі біріншіден, зандардың мазмұнды дайындалуын қамтамасыз ететін өзара байланысты институттардың жүйесін белгілеуге мүмкіндік береді; екіншіден, қоғамдық пікірді, халықтың еркін біддіруін көрсету мен оны пайдаланудың демократиялық нысандарын бекітуге; үшіншіден, заң жасау мен қабылдау процесінде мемлекеттік биліктің жоғары органдарының қызметінің әртүрлі нысандарын қолдануды көрсетуге мүмкіндік береді.
Кең мағынада заң шығару процесі Парламент Мәжілісінде заң шығару бастамашылығы құқығын жүзеге асырудан басталатын әрекеттерден өзге оған дейін болатын, нақты айтсақ, заң шығару бастамашылығы құқығын жүзеге асырғанға дейін атқарылатын әрекеттерді де қамтиды. Парламент шегінде болатын қызметтер, жоғарыда аталғандай Мәжіліске заң жобасын енгізуден бастап, занды жариялаумен аяқталатын іс-қимылдар болса, оған дейін жасалатын әрекеттер - бұл заңи реттелуге деген қажеттіліктерді анықтау, оларды зерттеу, заңды қабылдауға себепші болатын, ықпал ететін жағдайларды бағалау, заңды қабылдаудың мүмкін нәтижелерін саралап, салмақтау, заң жобасын жасау, оны сараптамадан өткізу, келістіру және тағы басқалары. Олай болса, заң шығару процесін кең мағынада түсіну оның екі кезеңді: Парламентке дейінгі және парламенттік кезеңді қамтитындығын көреміз.
Ғалымдар арасында заң шығару процесіне қатысты көзқарастар әртүрлі болғандықтан, оның шекарасын да түрліше анықтау кездеседі. Заң шығару процесінің шекарасы қандай болуы оның сатыларына, сондай-ақ заң шығару процесі ұғымын қалай түсінуге байланысты. Біраз жоғарыда атап кеткеніміздей, заң шығару процесін заң шығару органының ішінде жүргізілетін әрекеттермен түсінетін ғалымдарды заң шығару процесінің шекарасына қатысты мынадай көзқарас ортақтастырады: заң шығару процесі - бұл субъектілерінің бірі заң шығарушы орган болып табылатын құқықтық қатынастарда жүзеге асырылатын әрекеттер. Ал, бұл әрекеттер үшін заң шығарушы органның қатысуы міндетті. Бұдан байқайтынымыз, тиісті көзқарасты қолдаушы ғалымдар заңдарды жасау процесін заң шығарушы органның қызметінің шеңберімен шектейді. Заң шығару процесін білетін адамға мұндай пікірдің жеткіліксіз негізделгенін байқау қиын емес. Себебі, заң шығару процесі жобаның заң шығарушы органда ғана өтуі процедурасымен бітпейді. Бұл түсінік бойынша заң шығару процесінің шеңберіне заңға қол қою, жариялау секілді ең бір маңызды кезең қосылмайды. Заңдарды ресми жарияла у заң шығару процесінің соңғы, қажетті кезеңі. Онсыз заң шығару процесі аяқгалды деп есептелмейді, онсыз заң күшіне енбейді.[6.35]
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, кең мағынада заң шығару процесі Парламентке дейін болатын іс-қимылдардан бастау алады, заң жобасымен жұмыс жөніндегі Парламентке дейінгі және Парламенттік кезеңдегі қызметтерді өз шеңберіне кіргізеді. Қысқаша алғанда - олар жинақы түрде заң жобасын негіздеу, жасау, Мәжіліске енгізу, қабылдау және қол қойып жариялау жөніндегі әрекет-қызметтер. Қазақстандық ғалымдардың бірі - Ю.В. Мальцев заң шығару процесін тек кең тұрғыда ғана түсіндіре отырып, оның алғашқы кезеңдері ретінде заңдарды жасауға негіз болатын процестерді, заңи реттелуге деген қажеттіктерді ашуды, реттеу сипаты мен бағытын, тағы басқаларын ұсынады. Және ол заң шығару процесін құрайтын әрекеттерді сатыларға топтай отырып, заң шығару процесінің үш кезеңін белгілейді. Біздің заң шығару процесін кең мағынада түсіндіретін анықтауымыз тиісті автордың пікірімен бірдей деуге болады. Соңдықтан, Ю.В. Мальцевтің заң шығару процесінің шегін ашатын қызметтерін кең мағынада заң шығару процесінің шекарасына кіргізе отырып, оның ұсынатын келесідей кезеңдерін тек қана мақұлдаймыз. Аталмыш автор ұсынатын заң шығару процесінің бірінші кезеңі - жобаға дейінгі кезең. Бұл кезең заң актісінің жобасын дайындау туралы шешімді қабылдауға себеп болған қызметті қамтиды. Бұл кезең мынадай әрекеттерден тұрады:
а) өзекті жағдайларды зерттеу, белгілі бір қоғамдық қатынастың құқықтық реттелуінің объективтік қажеттіліктерін тану, мәселенің жеке және бірнеше адамның санасында көрінуін айқындау, зерттеу, өртүрлі әлеуметтік топтардың мақсаттары мен мүдделерін зерттеу;
б) объективтік және субъективтік факторларды бағалау, нақты болжалған жағдайларда әртүрлі әлеуметтік факторлардың өрекеттерінің әсер ету және бағыттылық күшін анықтау;
в) құқықтық реттеудің пәні, мақсаттары мен бағыттарының шектерін анықтау;
г) өзекті жағдайлардың оң және теріс кезеңдерін ашу, құқықтық реттеудің әртүрлі варианттарында сол кезеңдердің дамуын божамдау, жетілген құқықтық амалдарды таңдап алу;
д) құқықтық реттеудің мақсаттары мен бағыттарына сәйкес келетін жүріс-тұрыстың жетілген үлгілерін қалыптастыру;
е) заңның идеяларын қалыптастыру және оның жобасы бойынша жұмыстың қажеттілігін негіздеу.
Екінші кезең - жобалы кезең. Бұл кезең заңның жобасын жасау туралы ресми шешім қабылдағаннан бастап, құқық шығарушы органның қарауына заң жобасын енгізумен аяқталатын қызметтерді қамтиды. Ол бірнеше сатылардан өтеді:
а) заң жобасын жасау туралы шешім қабылдау;
б) жобаны дайындау;
в) жобаны талқылау;
г) жобаны келістіру;
д) жобаны пысықтау.
Үшінші кезең - құқық шығармашылығы шешімін қалыптастыру кезеңі. Бұл кезең заң актісін шығару жөніндегі әрекеттерді -жобаны құқық шығарушы органда талқылауға енгізгеннен, жариялағанға дейінгі әрекеттерді қамтиды. Бұл кезең бірнеше сатыдан тұрады:
а) жобаны құқық шығарушы органның қарауына енгізу;
ә) жобаны комитеттерде қарау;
б) заң жобасын пленарлық отырыста талқылау және мәні бойынша шешім қабылдау;
в) заң жобасын бекіту;
г) заң актісін жариялау".
Парламентке дейінгі кезеңдер Конституцияда бекітілмеген. "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңда олардың біразы көрініс тапқан, ашып айтсақ заң актілерінің жобаларын дайындауды жоспарлау, заң жобаларын әзірлеу (дайындау), жобаны мүдделі органдармен және ұйымдармен келістіру. Заң жобасын Мәжіліске енгізгенге дейінгі әрекеттердің конституциялық реттелмеуі олардың маңыздылығын ерекше көрсетуге кедергі болмайды. Заң актісін Парламентте қарау және қабылдауға дейінгі кезеңдер расында да маңызы жағынан Парламент шеңберінде атқарылатын әрекеттерден кем соқпайды және күрделі әрекеттерді камтиды. Себебі, дәл осы кезеңдерде болашақта заң нысанын алатын құқықтық реттелудің пәні анықталады, тиісті шығармашылық қызметтің жемісі болып табылатын - заңның мәтіні жасалады, реттелуді қажет ететін қоғамдық қатынастарды зерттеу жұмыстары жүргізіледі, анықталған қатынасты құқықтық реттеудің ең орынды жетік жолдары анықталады. Нақ осы кезеңде заңның сапасы қалыптасады. Сонымен қатар, жобаны дайындау барысында жоғарыда аталғандардан басқа да мынадай әрекеттер жүзеге асырылады:
- әлем елдерінің Конституцияларын, заңдылық актілерін, кажетті құжаттарды жинау;
- оларды түбегейлі түсіну, зерттеу;
- тиісті заң жобасына қатысты сәйкес баптарды талдау, байланысын анықтау;
- заң жобасын құрастыру және оны мамандар мен сарапшыларға беру;
- тиісті мамандардың қорытындылары мен қоғам мүшелерінің мүдделерін ескеру.
Бұдан байқайтынымыз, заң шығарушы органға дейін, нақты айтсақ,заң шығару бастамасы құқығының жүзеге асуына дейінгі әрекеттер де асқан білімділік пен жауаптылықты қажет етеді.
Заң шығару процесінің сатыларын анықтауға байланысты өзгешелік Қазақстан ғылымында да кездесіп отырады. Тиісті мәселеге қатысты өзгеше пікірді қазақстандық ғалым С.К. Амандықованың еңбектерінен байқаймыз.[2.165] Ол заң шығару процедураларын келесідей бес сатыға тиянақтайды Заң шығарушылық процесінің бірінші сатысы Парламентте заң шығару процесі сатысынан басталады. Бұл сатыда заң шығару бастамасының субъектілері Мәжілістің қарауына заң жобаларын енгізеді. Заң шығарушылық процестің екінші сатысы заң жобасын алдын-ала талқылаудан өткізу. Үшінші саты -- заң жобасын Мәжіліс отырыстарында талқылау. Төртінші саты -- заң жобасын Сенатта қарау. Бесінші саты -- заңдарға Президенттің қол қоюы және олардың жариялануы.
ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық заңның 3-тарауының мазмұны мен құрылымы қос палаталы Парламенттің заң шығару процесін келесідей көлемді сатыларға бөлуте болатындығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді:
1. заң шығару бастамашылығы;
2. заң жобасын Мәжілісте қарау;
3. заң жобасын Сенатта қарау;
4. қол қою жәнезаңды жариялау.
ҚР Парламентінің күрделі заң шығару қызметін осындай бес сатыға тиянақтауға болады. Заң шығару процесінің бұл сатылары -процедуралық әрекеттердің дербес кезеңі, тиісті нормативтік актіні жасауға бағытталған өзара тығыз байланысты әрекеттердің ұйымдық бөлшектенген кестесі. Заң шығару процесінің белгілі бір сатысының аяқталуы нормативтік актіні жасау жөніндегі жұмыстың жаңа бір дербес сатыға өткендігін куәландырады. Әрбір жаңа сатыда жасалып жатқан актінің жаңа сапасы пайда болады.
Заң шығару процесінің сатыларына жеке-жеке тоқталмас бұрын, заң шығару процесінің өзге жағын ашып қарауды жөн көріп отырмыз. Конституцияның 49-бабының 1-бөлімінде көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы өкілді орган. Бұл норма оның бірден-бір заң шығаратын орган болып табылатындығын бекітпейді. 53-бапта (4-тармақ) анықталғандай Қазақстан Республикасы Президенті және республикалық референдум туралы заңға сәйкес халық референдум арқылы заңдар шығаруы мүмкін. Олай болса, жоғарыда көрсеткен заң шығару процесінің түсініктері мен шектері тек Парламенттің заң шығару қызметіне байланысты мәселелер. Заң шығару процесінің Парламентке дейінгі және Парламенттік кезеңдері, сатылары Президенттің және референдум арқылы халықтың заң шығармашылығына жатпайды.
Республика заң актілеріне сәйкес қазақстандық заң шығару процесі екі түрде жүзеге асырылады: Мәжіліс - Сенат - бірінен соң екіншісі кезектілікпен қарау арқылы заң шығару және палаталардың бірлескен отырысында заң шығару. Конституцияның54-бабының 1-тармағына сәйкес Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы заңдар қабылдайды. Ал, 53-баптың 1-тармағы Палаталардың бірлескен отырысында Парламент ҚР Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетінін, конституциялық заңдар қабылдайтынын, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізетінін белгілейді. Сондай-ақ, палаталардың бірлескен отырысында Парламенттің қабылдаған заңына Президенттің салған ветосы талқыланады (53-бап 3-тармақ) және Үкіметке сенім білдірілген жағдайда Үкімет енгізген заң жобасы қабылданады.
Заңдарды палаталардың кезектілікпен немесе бірлескен отырыста қарап, қабылдауы байланысты болатын заңды фактілер болып 1995ж. ҚР Конституциясында анықталған адамдар мен органдардың өздеріне тән заң шығару бастамашылығы құқығын пайдалануы болып табылады. Заң шығару бастамашылығы құқығы субъектісінің Парламент қарауға міндетті заң жобасын және Парламенттің өзге заң актісінің мәтінін ресми енгізуі заң шығару бастамашылығы болып табылады. Заң шығару бастамашылығы Мәжілісте ғана жүзеге асырылады және оған ие субъектілердің екі түрін көрсетуге болады: Қазақстан Республикасының Үкіметі және Парламент депутаттары. 1993 жылғы Конституцияға қарағанда мұнда тиісті құқыққа ие болатын субъектілердің аздығы қоғам мүшелері арасында біршама қайшы, алуан пікірлер, сұрақтар туғызғаны белгілі. Бұл мәселеде алдыңғы кезекке қойылған негізгі сұрақ: заң шығару бастамашылығы құқығы субъектілерінің аз белгіленуінің себебі неде? Заң шығару бастамашылығы құқығы субъектілері қатарының қысқартылуын сол кездегі Қазақстандағы жағдаймен байланыстыруға болатын секілді. Әр кезде де уақыт өз талабын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz