Антропогендік ландшафттану


АНТРОПОГЕНДІК ЛАНДШАФТТАНУ
Кіріспе
Адамзат пен оны қоршаған табиғи орта арасындағы байланыс туралы мəселе географияда үнемі қарастырылып келеді. Антикалық кезеңнің ірі географтары адамзат қоғамы жəне адамдардың шаруашылық қызметі көп жағдайда аумақтық климаттық ерекшеліктеріне байланысты екендіктерін айтқан болатын. Қайта өрлеу дəуірінде бұл идеялар одан əрі дамыды. Француз ғалымы Ж. Боден Жер бетіндегі халықтар ерекшелігінің климат, жер бедері, топырақ құнарлылығы сияқты факторларға байланыстылығына талдау жасаған болатын. XIX ғ. бұл көзқарастарды Ф. Ратцель толықтырды, осылай географиядағы антропоцентрлік бағыт қалыптасқан еді. Ратцельдің мемлекетті белгілі бір аумақты қажет ететін ағза ретінде қарастыруы географиядағы геосаяси көзқарастардың қалыптасуына əсер етті.
Сонымен қатар, XIX ғ. табиғат пен қоғам арасындағы байланыс туралы жаңа көзқарас пайда болды. 1844 ж. К. Маркс “Неміс идеологиясы” еңбегінде адамзат пен табиғат арасындағы тығыз байланыс туралы өз көзқарасын білдірді. Оның идеяларына Ф. Энгельс өзінің “Табиғат диалектикасы” атты еңбегінде қолдау білдірді.
Табиғат пен адам арасындағы байланыс туралы орыс ғалымдарының географиялық зерттеулерінің ішінде В. В. Докучаевтің, А. И. Войейковтың еңбектерін атап көрсетуге болады. Олардың ғылыми жұмыстарында топырақтың, климаттың, жер бедері мен өсімдік жамылғысының адамзат қызметінің нəтижесінде өзгеріске түсуіне терең талдаулар жасалған.
Антропогендік ландшафттану ғылымына үлес қосқан ғалымдар
1915 жылы Л. С. Берг “Географияның пəні мен міндеттері” еңбегінде тек адам аяғы баспаған ландшафттарды ғана табиғи ландшафттар деп атауға болады деді.
30 жылдарда географияда “мəдени ландшафт” ұғымы кең тарады.
Мəдени ландшафт идеялары О. Шлютердің, Л. Г. Раменскийдің еңбектерінде қарастырылады. Л. Г. Раменскийдің “Жерді кешенді топырақ - ботаникалық зерттеуге кіріспе” атты еңбегі антропогендік ландшафт морфологиясы туралы тұңғыш еңбек болды.
Антропогендік ландшафттарға тұңғыш классификация жасаған В. Л. Котельников (1950), Д. В. Богданов 1951 ж. ландшафттарды ежелгі, аздап өзгерген жəне мəдени ландшафттар деп бөлді. Антропогендік ландшафттар классифика- циясымен айналысқан ғалымдар - С. В. Калесник (1955), К. Г. Раман (1958) жəне В. С. Жекулин (1961) .
А. Г. Исаченко (Ландшафттану негіздер жəне физикалық-географиялық аудандастыру, 1965) шаруашылық қызметінің əсер ету деңгейіне байланысты ландшафттарды өзгерген жəне шартты өзгермеген ландшафттар деп бөлді.
Өзгерген ландшафттар мынандай түрлерге бөлінеді:
1. Əлсіз өзгерген - адамның шаруашылық қызметі жекелеген компо- ненттеріне əсер еткенімен, негізгі табиғи байланыстары бұзылмаған.
2. Бұзылған (қатты өзгерген) - ұзақ уақыт шаруашылықта пайдаланылып, кешендік құрылымы бұзылған, эрозия, дефляция, батпақтану, тұздану, ластану сияқты негативті үрдістер байқалған ландшафттар.
3. Қайта жаңарған - табиғи байланыстары қоғам қажеттілігіне байланысты ғылыми негізде мақсатты түрде өзгерген, мəдени ландшафттар.
1980 ж. жарық көрген “Табиғи ортаны жақсарту” атты ғылыми еңбегінде А. Г. Исаченко мəдени ландшафттың мəні, оны ұйымдастыру мен басқарудың принциптері туралы идеяларды нақты қарастырды.
Аталған жұмыстар 70-жылдарда қазіргі ландшафттанудың жаңа бағыты - антропогендік ландшафттану дамыды.
Ф. Н. Мильковтың антропогендік ландшафттар классификациясы
Антропогендік ландшафттану ғылымын дамытуда көп еңбек сіңірген Ф. И. Мильков. Ол бұл мəселе бойынша көптеген еңбектер жазды, табиғи- антропогендік үйлесімділік принципін ұсынып ұсынып, антропогендік ландшафттар классификациясын жасады.
Табиғи негізде қалыптасқан антропогендік ландшафттар даму барысында табиғи заңдылықтарға бағынады. Ф. Н. Мильковтың көзқарасы бойынша антропогендік ландшафттар табиғи территориялық кешендердің генетикалық қатарларының біріне жатады, сондықтан оларды ландшафттануда қолданылатын əдіс-тəсілдермен зерттеу қажет. Антропогендік ландшафттарды зерттеу мен 75 картаға түсіруде оларды классификациялау маңызды орын алады. Ф. Н. Мильковтың классификациясында антропогендік ландшафттар:
1. Мазмұны бойынша: ауыл шаруашылық. өндірістік, су, орман, селитебті, беллигеративті (соғыс кезінде пайда болған), жол ландшафттары;
2. Генезисі бойынша: техногендік, егістік, пирогендік, жайылымдық- дигрессиялық, рекреациялық-дигрессиялық ландшафттар;
Бұл екі негізгі классификациядан басқа Ф. Н. Мильков қосымша классификация ұсынды.
3. Адамның табиғатқа əсер ету қөлеміне байланысты:
- адамзат жаңадан жасаған антропогендік неоландшафттар (қорғандар, бөгендер, карьерлер) ;
- өзгерген антропогендік ландшафттар (емен тоғайының орнындағы қайыңды орман т. б. ) .
4. Пайда болуының мақсатты бағыты бойынша:
- мақсатты шаруашылық қызметінің нəтижесінде пайда болған ландшафттар (егістікті қорғайтын орман жолақтары, бөгендер, су қоймалары) ;
- адамның шаруашылық қызметінің əсерінен белсендігі артқан табиғи процестердің нəтижесінде пайда болған ландшафттар (жыртылған егістіктегі жыралар, су қоймасының маңындағы батпақтар) .
5. Өмір сүру ұзақтығы мен өзін өзі реттеу дəрежесі бойынша антропогендік ландшафттар:
- ұзақ мерзімдік, өзін-өзі реттейтін (қорғандар, үйінділер) ;
- көпжылдық, жартылай реттелетін (орман көшеттері, су қоймалары) ;
- қысқа мерзімдік, реттелетін (егістік жердері, бақтар) болып бөлінеді.
6. Шаруашылық маңызы, бонитеті бойынша:
- мəдени немесе конструктивтік (егістікті қорғайтын ағаштар жолағы, бақтар) ;
- акультуралық-антропогендік бедленд, пайдалануға жарамсыз жерлер болып бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz