Жерді зерттейтін ғылым - Геология



1 Геология
2 Методикалық және экокономикалық геология ғылымдары
Геология – Жер туралы ғылым (грекше ге – Жер, логос – ілім). Бұл қысқа анықтаманың мәні өте үлкен, мазмұнды және жан-жақты. Геология қазіргі кезде жаратылыстанудың ең маңызды бағыты болып саналады және ғылымдар жиынтығы болып табылады. Бұл жиынтықтың әр бөлімі геология салалары арасында өзіндік ғылыми пән ретінде танылады.
Жалпы геология Жердің ғаламда орналасуынан бастап, әртүрлі геологиялық процестерге дейінгі жалпы мәліметтерді қарастырады. Бұл процестер Жер бетінде де, оның терең қойнауларында да орын алып, минералдар, таужыныстар, пайдалы қазбалар, бедер пішіндері мен құрылымдарының жаралуына әкеледі.

Геология
Геология - Жер туралы ғылым (грекше ге - Жер, логос - ілім). Бұл қысқа анықтаманың мәні өте үлкен, мазмұнды және жан-жақты. Геология қазіргі кезде жаратылыстанудың ең маңызды бағыты болып саналады және ғылымдар жиынтығы болып табылады. Бұл жиынтықтың әр бөлімі геология салалары арасында өзіндік ғылыми пән ретінде танылады.
Жалпы геология Жердің ғаламда орналасуынан бастап, әртүрлі геологиялық процестерге дейінгі жалпы мәліметтерді қарастырады. Бұл процестер Жер бетінде де, оның терең қойнауларында да орын алып, минералдар, таужыныстар, пайдалы қазбалар, бедер пішіндері мен құрылымдарының жаралуына әкеледі.

Геология - жаратылыстану ғылымдарының ішіндегі ең маңыздыларының бірі. Ол жердің құрылысын, құрамын, жаралу тегін және дамуын, сол сияқты жер қыртысының, оны құрайтын минералдардың, тау жыныстарының, рудалардың, Жердегі тіршілік атаулының пайда болу және даму тарихын зерттейді. Сонымен қатар, ол жер қойнауында кездесетін алуан түрлі пайдалы қазбалардың құралу және орналасу заңдылықтарын анықтайды.
Қазіргі кезде геологияның өзі көптеген ғылыми пәндер салаларына жіктеледі. Жер қыртысының құрамын зерттейтін ғылыми пәндер -- минералогия, петрография, литология болып саналады.
Минералогия (ескі латын тілінде минера -- руда) -- минералдардың (химиялық табиғи қосындылардың) саны мен сапасын, жаратылысын (генезисін), құрамы мен құрылысын және физикалық-химиялық қасиеттерін зерттейді.
Петрография немесе петрология (грекше петрос жартас) -- тау жыныстарының құрамы мен құрылысын және олардың пайда болу (генсзис) жолдарын анықтайды.
Литология (грекше литос -- тас) -- шөгінді тау жыныстарының құралу және өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Жер бетінде жердің ішкі қабаттарында жүріп жататын әр түрлі геологиялық әрекеттерді қозғалыс тұрғысынан зерттейтін ғылым -- динамикалық геология деп аталады. Динамикалық геология жеке ғылым тармақтарына (геотектоника, сейомология, вулканология) ажыратылады.
Геотектоника (грекшіе тектоника -- құрылымдық архитектура) -- . жер қыртысының құрылымдық элементтерін және оның деформациялық қозғалыс заңдылықтарын қарастырады. Тау жыныстарының орналасу заңдылықтарын және олардың жатыс пішіндері мен құрылымдық элементтерін зерттейтін геотектониканын бір бөлімі -- құрылымдық геология деп аталады.
Сейсмология (грекше сейсмос -- сілкіну) -- жер сілкінудің қандай себептерден болатындығығ зерттейтін ғылым.
Вулканология -- вулкандық құрылымдар мен вулкандардың нәтижесіндепайда болған тау жыныстарың зерттеу арқылы магмалық әрекеттердің даму заңдылықтарын анықтайтын ғылым.
Жердің даму тарихын тарихи геология және құрлықтағы теңіздің өзгеруін палеогеография ғылымдары зерттейді.
Тарихи геология -- жер қыртысының жалпы даму кезендерін зерттейтін ғылым.
Жер қыртсын қүрайтын тау жыныстарының қабат-қабат болып орналасу тәртібін немесе реттілігін және олардың құралу уақытын анықтайтын тарихи геологияның бір бөлімі -- стратиграфия (лат. стратум -- қабат) деп аталады.
Стратиграфиялық зергтеу жұмыстары палеонтологиямен (грекше палеос -- ескі, онтос -- өмір, тіршілік) тығыз байланыса жүргізіледі. Палеонтология -- ескі органикалық қалдықтардың (фауна, флора) сақталған түрлерін зерттей отырып, олардың өмір сүрген дәуілерін анықтайды. Соған сәйкес тау жыныстарының салыстырмалы пайда болу уақыты айқындайды.
Палеогеография. -- өткен геологиялық дәуірлерде болған жер бетінің физикалық-географиялық өзгеру жағдайларын зерттейді.
Жердің жеке аймақтарының даму жолдарын және олардың геологиялық құрылым ерекшеліктерін зерттейтін геологияның үлкен бір бөлімі -- аймақтық геология деп аталады.
Жерді зерттейтін ғылымдардың қатарына геологиямен қатар астрономия, физикалық география, геофизика, геохимия және т.б. ғылым салаларын да жатқызуға болады. Олардың әрқайсысының өзіндік зерттеу әдістері мен ғылыми мақсаттары бар. Олар жерді әртүрлі ғылыми тұрғыдан қарастырады.
Астрономия. -- жерді ғарыш кеңістігінде кездесетін планеталардың бірі ретінде қарастыра отырып, оның жаратылысыін, құрылымын және козғалыс зақдылықтарын зерттеиді.
Геохимия -- жер қойнауында кездесетін әр түрлі химиялық элеменгтердің орналасу немесе таралу (бір жерге жинақталып шоғырлануын немесе сейіліп орын ауыстыруын) заңдылықтарын зерттейді

Геофизика -- жерді құрайтын тау жыныстарының физикалық қасиеті және оның терең ішкі қабаттарында тоқтаусыз жүріп жатқан физикалық процестердің ерекшеліктерін
Геохимия -- жер қыртысының құрамы мен құрылысын және оның терең қойнауында жүріп жатқан эндогендік цроцестердің өзіндік ерекшеліктерін зерттей отырып практикалық мақсатта қолданылатын ілімдердің ішінде пайдалы қазбалар туралы ілімнің гидрогеология және инженерлік геология ғылымдарының маңызы өте зор.
Пайдалы қазбалар туралі ілім -- әр түрлі (рудалы, рудасыз) кен орыңдарының жаратылысын (генезис), орналасу зандылықтарын, өзіндік формаларын, өндірістік қажеттілігін зерттейді.
Гидрогсология -- жер асты суларының пайда болуын, химиялық құрамын және олардың динамикалық қозғалысын, ал инженерлік геология -- әр түрлі құрылыс объектілерін салу барысында жер қыртысыньң жоғарғы қабаттарының құрылымдық ерекшеліктерін (қатты - жұмсақтығьн, сейсмикалық орнықтылығын) зерттейтін ғылым.
Методикалық және экокономикалық геология ғылымдары қатарында: геологиялық картаға түсіру, барлау іздеу жұмыстары жүргізу, рудалық, шахталық жәке өндірістік геалогия салаларының атап өтуге болады.
Геологиялық картаға түсіру бағыты -- геологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геология пәні, оның міндеттері және геологиялың ғылымдар саласы
Геология пәні, оның міндеттері және геологиялық ғылымдар саласы
Экономика, геология-экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру мен жобалау
Жер жасы және геологиялық жылсанау
Жер ғылымдардың негізгі бағыттары болып келетін ғылымдар
Геология –жер туралы ғылым
Геология пәнінен дәрістер
Жердің ішкі қабықшалар құрылымы жайлы мәлімет
Геология пәнінің мақсаты мен міндеті.Гелогия пәнінің зерттеу әдістері мен зерттелу тарихы. ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Геология оқу - әдістемелік кешен
Пәндер