Кредит формалары


Кредит формалары
Кредит формасы - бұл кредит қатынасьшың сырттай нақты көрініс табуы. Ол кредит қатынасының мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді. Кредит қатынасының формасы мен мазмұны ажырағысыз әрі диалектикалық жағынан біртұтас болады. Кредит қатынасыньщ формасы оның мазмұны мен дамуьша сәйкесуі керек.
Таңдап алынған жіктеу өлшеміне қарай кредиттің мынадай ең маңызды формаларын бөліп көрсетуге болады (1. сурет) :
- қызмет ету саласына қарай - ұлтгық және халықаралық кредит;
1. сурет. Кредиттің негізгі формалары.
- кредит мәмілесінің объектісіне қарай - ақшалай және та-
уарлық кредит;- кредит қатынасының субъектісіне қарай - банктік, ком-
мерциялық, халықаралық, тұтынушылық кредиттер.Кредиттің тауарлық формасы тарихи жағынан алып қарағанда оның ақшалай формасынан бұрын пайда болған. Ежелгі тарихтан білетініміздей, адамдар тұтынуға қажетті артық өнімдерін (астық, мал, тері және т. б. ) бір-біріне өсім алумен қарызға берген.
Кредитгің тауарлық формасы осы заманғы іс-тәжірибеде төлемдерінің мерзімін ұзартумен тауарларды сатуда, машина мен құрал-жабдық, тұрмыстық тауарлар, саймандар лизингісінде қолданылады. Қазақстанда тауарлық кредит фермерлер мен шаруа қожалықтарына көктемде тұқым түрінде беріледі. Тұқым түрінде берілетін бұл кредитті фермерлер мен шаруа қожалықтары күзде астықты жиғаннан кейін қайтарып отырады.
Кредиттің тауарлы формасының негізінде ақшалай кредит формасы пайда болып, дамиды. Ол осы заманғы нарықтық астықты жинағаннан шаруашьшықта артықшылықтарға ие, типтік форма больш табылады. Бұл түсінікті де, өйткені ақша айналыс пен төлемнің жалпыға тән баламалы, әмбебеп құралы болып табылады. Кредиттің бұл формасы ұлттық және халықаралық экономикалық айналымдардың шегінде пайдаланылады.
Кредиттің тауарлық және ақшалай формаларымен қатар олардың аралас формасы да қолданылады.
Кредит түрлері
Жорғарыда қарастырылған кредит формаларының көптеген түрлері болады. Кредит түрлері - бұл оның кредиттерді жіктеу үшін пайдаланатын, экономикалық ұйымдастырушылық белгілері бойынша ең детальданған сипаттамасы, яғни, кредиттің іс-тәжірибедеге нақты қосымшасы.
а) Қазақстанда кредит түрлері былайша жіктеледі: кредиттеу объектінің экономикалық белгілері бойынша:
- айналым қаражатын қалыптастыруға берілетін кредит;
- негізгі құрал-жабдықты қалыптастыруға берілетін кредит;
- ТМҚ аясында шұғыл қажеттілікке, сондай-ақ, нормативтен тыс қорлардың аясында уақытша қажеттілікке берілетін кредит;
- өндірістің маусымдық шығьщы аясында берілетін кредит;
- жол үстіндегі (жолдағы) есеп айырысу құжаттары аясында берілетін кредит, аккредитивтер;
- төлем кредиттері.
э) кредиттің қамтамасыз етілуі бойынша:
- жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен, ТМҚ-пен, кепілділікпен, сақтандыру келісімшартымен толық қамтамасыз етілген;
- ішінара қамтамасыз етілген;
- қамтамасыз етілуі болмайтын бланкілік (сенімділік) .
б) қайтарылу мерзімі бойынша:
- қысқа мерзімді;
- орта мерзімді;
- ұзақ мерзімді.
в) өтелу тәртібі бойынша:
- бөліп-бөліп төлеу (мерзімін ұзарту) ;
- бір жолғы өтеу;
- кезең сайын бір қалыпты (бір қалыпты емес) өтеу.
г) тәуекелді деңгейі бойынша:
- субстандартты;
- стандартты;
- күмәнді;
- сенімді;
- сенімсіз;
- ұзартпалы.
ғ) ақылылығы бойынша:
- қалыпты пайыздық мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі қалыпты) ;
- жоғары пайыздың мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі жоғары) ;
- төмен пайыздың мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі төмен) ;
- пайызсыз.
д) салалық бағыты бойынша:
- сауда-саттық кредиті;
- өнеркәсіп кредиті;
- ауыл шаруашылық кредиті;
- құрылыс кредиті.
ж) ашылатын шот түрлері бойынша:
- жай қарыздық шот бойынша кредит;
- арнайы қарыз шоты бойынша кредит;
- контокорренттік шот бойынша кредит;
- овердрафт бойынша кредит;
- кредит желісі бойьшша кредит.
Кредиттің айрықша түріне жылдам сатылатын жылжымалы мүлікпен немесе құқықпен қамтамасыз етілген, қысқа мерзімді әр қарыз мөлшері бойынша тіркелетін ломбардтық кредит жатады.
Ломбардтық кредитті негізгі әр алуан түрлеріне құнды қағаз кепілдігімен, тауар кепілдігімен, талап кепілдігімен (жинақ ақша салымы, сақтандыру келісімшарты, ипотека және т. б. ) берілетін кредиттер жатады. Қарыз алушы ломбардтық кредитті өз қалауынша, шектеусіз пайдалана алады.
Жаңартпалы кредит (револьверный, ағылшынша revolve -айналыста болу, кезең сайын ауысып отыру) - қарыз капиталының ұлттық және әлемдік нарықтарында қолданылатын жаңғыртпалы кредит. Ол белгіленген берешек лимиті шегінде жэне өтеу мерзімі шегінде кредит келісіміне қатысушы елдер арасында қосымша келісімсөзсіз автоматты түрде беріледі.
Кредит желісі қарыз алушының алдындағы кредит ұйымының оған кредит келісімшартының белгіленген әрекет ету кезеңі ішінде белгілі бір мақсатқа және келісілген мөлшерде кредитті беру жөніндегі заң тұрғысынан ресімделген міндеттемесі. Кредит желісінің ашылуы кредит беруші мен қарыз алушының ұзақ уақытқа созылатын тығыз ынтымақтастығын білдіреді.
Овердрафт (ағымдағы банк шотының келісімшарты аясында кредиттеу) кредит ұйымының шот иесіне, оның ағымдағы банк шотына қойылатын талап бойынша төлем арқылы беріледі. Яғни, бұл төлем шотта ақшалай қаражат болмаса да, шот иесінің кредит берушінің алдында пайда болған берешегінің түскен қаражаттың есебінен кейін оған өтеуін қарастыратын келісімшарт шегінде беріледі.
Коммерциялық кредит
Кредиттің басқа формаларына қарағанда коммерциялық кредит олардан бұрын пайда болды. Оны бір шаруашылық жүргізуші субъекті екіншісіне сатылған тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін төлем мерзімін ұзартумен береді. Осы кредит формасының объектісіне өнеркәсіп және сауда капиталының бірігу нәтижесін білдіретін тауар капиталы жатады. Коммерциялық кредит тауарларды өндіру мен өткізу проңесінен тікелей пайда болады. Ол тауарлық формада беріледі және оның пайдалану шегі болады. Ең алдымен оның мөлшері шектеулі болады, өйткені әрбір кәсіпкер, әрбір өзге субъекті коммерциялық кредитті өзнің ақшалай капиталының шегінде ғана бере алады. Коммерциялық кредитті тиісті тауарларды сатып алған кәсіпорыңдар ғана пайдалана алады.
Осы кредит формасының құралына вексель жатады. Вексель қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың көлемін арттыруға және айналыс шығынан кемітуге жағдай тудырады.
Вексель - бұл сатып алушы-қарызгердің жабдықтаушы (поставщик) алдындағы заңмен қатаң белгіленген борыштық міндеттемесі. Онда борыш сомасы, кредит үшін алынатын пайыз, өтеудің мерзімі мен шарты көрсетіледі. Вексель кредиттерге тиесілі қаражатты алу үшін ғана емес, сонымен бірге төлем құралы ретінде пайдаланылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz