Егемен қазақстанның сыртқы саясаты



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 2

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы 2
Егемен Қазақстанның сыртқы саясаты 6

Қорытынды 13

Әдебиеттер тізімі 14
КІРІСПЕ

Тарих – халық зердесі. Әр халықтың, ол үлкен болсын, кіші болсын, өзінің төл тарихы болады. Бірінің тарихы мыңдаған алып томдарға хатталып қалды да, бірінікі "Уақыт" деген қайырымсыз алыптың аяғының астында тапталып ғасырлар тұңғиығына батып кетеді. Мұндай қасіретті кезеңдер жайлы ақиық ақын Мұхтар Шаханов былай жырлайды:
Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да
Көне түркі даласын мекен өткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар.
"Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз," - дейді Қазыбек би. Бұл даналық нақылдардан "ешкімге соқтықпай жай жатқан елдің" ежелден құт-береке тілеп, бейбітшілік аңсаған ел екенін көреміз. Бірақ, "Тамырсыз ағаш, тарихсыз халық болмайды". Жақсысын асырып, жаманын жасырып өктемдеу – тарихқа жасалған қиянат. Біз оны бар қайғы-қуанышымен, жеңіс-жеңілісімен бірдей қабылдауымыз керек. Себебі, ол – тұтас құбылыс.
Әдебиеттер тізімі

1. Мусин Ч. Қазақстан тарихы Алматы., 2003 ж.
2. Жамбылов А. Саясаттану. Алматы., 2001 ж.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 2
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы 2
Егемен Қазақстанның сыртқы саясаты 6
Қорытынды 13
Әдебиеттер тізімі 14

КІРІСПЕ

Тарих – халық зердесі. Әр халықтың, ол үлкен болсын, кіші болсын,
өзінің төл тарихы болады. Бірінің тарихы мыңдаған алып томдарға хатталып
қалды да, бірінікі "Уақыт" деген қайырымсыз алыптың аяғының астында
тапталып ғасырлар тұңғиығына батып кетеді. Мұндай қасіретті кезеңдер жайлы
ақиық ақын Мұхтар Шаханов былай жырлайды:
Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да
Көне түркі даласын мекен өткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір
көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар.
"Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ, ешкімге соқтықпай жай жатқан
елміз, елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын
деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан
сөз асырмаған елміз," - дейді Қазыбек би. Бұл даналық нақылдардан "ешкімге
соқтықпай жай жатқан елдің" ежелден құт-береке тілеп, бейбітшілік аңсаған
ел екенін көреміз. Бірақ, "Тамырсыз ағаш, тарихсыз халық болмайды".
Жақсысын асырып, жаманын жасырып өктемдеу – тарихқа жасалған қиянат. Біз
оны бар қайғы-қуанышымен, жеңіс-жеңілісімен бірдей қабылдауымыз керек.
Себебі, ол – тұтас құбылыс.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы

Кеңестер Одағының құлауының саяси себептері туралы айтқанда, ондағы
саяси-идеологиялық бірлік пен біртұтастық сол сексенінші жылдардың соңы мен
тоқсаныншы жылдардың басында-ақ көзден ғайып болғанын ерекше атап көрсеткен
жөн. Бұл кезде бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде бұрын болмаған ұлт толқулары
күшейді. Ең қауіптісі - олар таза ұлттық сипат ала бастады. Сумгаиттегі,
Таулы Карабахтағы, Вильнюстегі, Ферғанадағы оқиғалар ұлттық мәселелерді
шешудің ешқандай бағыт-бағдары жоқтығын анықтады. Кеңестік кезеңде
қабылданған мәлімдемелер, тұжырнамалар, бағдарламалар ұлтаралық қатынастар
мен оны шешудің жолдарын нақты көрсетіп бере алмады. Ел басында отырған
басшылар ұлт мәселесінің байыбына терең түсінбеді, оның теориялық базасы
жасалмады. Ақыр соңында ұлтаралық қайшылықтар тартысқа, ал тартыс
қантөгіске әкеліп тіреді. Бұған мысал ретiнде Қазақстанда болған 1986 жылғы
Желтоқсан оқиғасын айтуға болады.
Сондықтан бірқатар ұлт республикалары Одақтан бөлініп шығу, өздерінің
егеменді мемлекет болуы жөніндегі талаптарын қойды. Міне, осының
нәтижесінде 1988 жылдың қараша - 1989 жылдың мамыр айлары аралығында Балтық
жағалауындағы Эстония, Литва, Латвия республикалары өздерінің егемендігі
туралы алғашқы қүжаттарын қабылдады. Сөйтіп, олар КСРО құрамынан шығып,
жеке тәуелсіз мемлекетке айналды. Осыдан кейін, көп кешікпей-ақ, яғни 1989-
1990 жылдары егемендік туралы Декларацияны КСРО-ның басқа республикалары да
қабылдады. Сөйтіп, 74 жыл бойы өмір сүрген республикалар Одағының ыдырады.
Ыдырау қалай болды?
1991 жылғы 8 желтоқсанда Белорусь, РСФСР және Украина республикаларының
басшылары Минск қаласында Беловеж кездесуі кездесіп, мәлімдеме қабылдады.
Онда саяси одақ тұйыққа тірелді, сондықтан республикалардың Одақтан шығуы
объективтік процесс және тәуелсіз жеке мемлекет құру шынайы факті болып
отыр деп көрсетілді. Себебі, Орталықтың жүргізіп отырған тоғышар саясаты
елді терең экономикалық және саяси дағдарысқа алып келді, бққара халықтың
тұрмыс деңгейі төмендеп кетті, қоғамда әлеуметтік шиеленіс, ұлттар мен
халықтар арасындағы қайшылықтар мен қақтығыстар күшейді деп атап өтілді.
Мұның өзі бұрынғы Одаққа кірген барлық мемлекеттердің, жаңа достық Одағын -
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын ТМД құруға жол ашты. Бұл құрылым бұрынғы
Одақ бойынша осы кезге дейін алынған халықаралық міндеттердің орындалуына
кепілдеме береді, ядролық қарудың таралуына жол бермейді және оған бірыңғай
бақылау орнатуды қамтамасыз етеді - деп көрсетті.
Алайда, бұл шешім әуелгі кезде басқа республикалар тарапынан қарсы
көзқарастар туғызды. Өйткені заң бойынша Одаққа кірген Қазақстан, Орта
Азия, Закавказье республикаларының келісімінсіз бұл үш республика егемендік
туралы күрделі мәселені жеке дара шешуге тиіс емес еді. Міне, осымен
байланысты 1991 жылдың 12 желтоқсанында Ашхабад қаласында Орта Азия
республикалары мен Қазақстан басшыларының кездесуі болып өтті. Онда
тәуелсіз мемлекеттердің Достастығына тек барлық республикалардың тең
құқықтық негізінде құрылушылық жағдайын мойындағанда ғана қосылуға
болатындығы айырықша атап көрсетілді.
1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматыда 11 республика өкілдері қатынасқан
кездесу болды. Олар тең құқықтық жағдайдағы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
құрылғандығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алматыда қабылданған декларацияда
Минскiдегi айтылған жалпы принциптік мәселелердің барлығы мақұлданды.
Жаңадан құрылған Достастық мемлекет басшылары және үкімет басшыларының
Кеңесі деген жетекші органдар құрылды. Онда жалпы бағыттағы көкейтесті
саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу көзделінді. Достық
Одаққа кірген мемлекет басшылары Біріккен Ұлттар Ұйымы алдында бұл Тәуелсіз
мемлекеттердің барлығын осы халықаралық ұйымға толыққанды мүше етіп алу
туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар бұрынғы КСРО-да жасалған ядролық
қаруды және оған әскери басшылық жасауды бірігіп іске асырып отыру
жөніндегі келісімге қол қойылды. Тәуелсіз мемлекеттердің Достастығы ТМД
осы кезге дейін Кеңестер Одағы қол қойып, халықаралық дәрежедегі жасаған
келісімдердің әрдайым орындалуын өз мойындарына алады деп көрсетті.
Қазақстан соңғы кезге дейін Кеңес Одағын сақтап қалу үшін күресті.
Бірақ республиканың бұл ниетіне Одақта болып жатқан әлеуметтік-экономикалық
және қоғамдық-саяси өзгерістер қарсы тұрды. Сондықтан Қазақстанда өзінің
тәуелсіздігін жариялау шараларына кірісті. Атап айтқанда, Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңесі 1990 жылы 25 қазанда республикамыздың мемлекеттік егемендігі туралы
Декларация қабылдады. Сөйтіп, бар әлемге Қазақстанның егемендігін
жариялады. Тәуелсіздік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің
барысын шапшаңдатты, мұның өзі елдегі болып жатқан оқиғалармен тығыз
байланысты еді. Осы кезден бастап Қазақстан басқа республикалармен бірге іс
жүзiнде орталыққа қарсы оппозицияға айналды. Қазақстанның бастамасы бойынша
Белоруссиямен, Украинамен, Ресеймен және басқа республикалармен бір-бірінің
егемендігін, қалыптасқан шекараларды, орнатылып жатқан өзара пайдалы
экономикалық байланыстарды мойындау туралы екі жақты келісімдер жасалды.
1990 жылғы желтоқсанда Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан
республикаларының жетекшілері өзара төрт жақты шарт жасау жөніндегі
келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша олар өздерінің Одақтық шартқа
қарсы қоятын талаптарының бар екендігін ашып айтты. Республикалар бұрынғы
федерацияның орнына, енді конфедерация түріндегі одаққа бірігу жөнінде
талап қойды. Ол бойынша Орталықтың шешуіне сыртқы саясат, халықаралық
мәселелер, сыртқы сауда, мемлекеттік банк және финанс, елдегі қорғаныс
мәселелерін шешуді қалдырып, қалған мәселелердің барлығын жергілікті
жерлерде шешу дұрыс деп есептелінді.
Алайда, бұл талаптар негізінде жаңа Одақтық шартқа қол қояр алдында
1991 жылы 19 тамызда Янаев, Павлов, Крючков, Пуго, Язов, т.б. қатынасқан
мемлекеттік төңкерістің болуымен және орталықтың ешқандай ымыраға
келмеуімен байланысты одақтас республикалардың жетекшілері бұған дейін
жүргізіп келген келіссөз талаптарынан бас тартты. Украина мен Белоруссия
өздерінің тәуелсіздігін жариялады. Ал Қазақстанның атынан Н. Ә. Назарбаев
КСРО Жоғары Кеңесінің кезектен тыс сессиясында жаңарған Одақ енді федерация
түрінде болуы мүмкін емес, тек конфедеративтік шарт негізінде болуы керек
деп ашық айтты, яғни бұл тек тең құқықты республикалардың достық одағы
болуы мүмкін деп көрсетті. Республикалардың бұл ұсынысы 1991 жылғы 19
тамыздан кейінгі оқиғаның артынша тәжірибе жүзінде іске асырыла бастады,
бұрынғы бірыңғай одақтың орнына тәуелсіз мемлекеттер достастығы қалыптасты.
Олар көптеген саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өздері шешетін
болды. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы бойынша әскери, сыртқы және т.б. аса
маңызды халықаралық мәселелерді бірігіп шешу міндеті ғана қалды. Тамыз
уақиғасынан кейін Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы, оның құрамдас бөлігі
Қазақстан Компартиясы (1991 ж. қыркүйек) тарихи аренадан кетті.
1990 жылы 25 қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің
мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. Егемендік алу
Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шапшаңдатты, мұның өзі
елдегі болып жатқан уақиғалармен тығыз байланысты еді. Міне, осындай
күрделі жағдайда Қазақ Мемелекеттігі шеңберінде Республикадағы жоғары
атқарушы және билік жүргізуші өкімет басшысы ретінде Қазақ КСР-нің
Президентіне жеткілікті өкілеттік беру қажеттілігі пісіп жетілді. Мұндай
өкілеттіктер республика парламентінің 1991 жылы 20 қарашада қабылдаған
"Қазақ КСР-да мемлекеттік өкімет билігі мен басқару құрылымын жетілдіру
және Қазақ КСР Конституциясына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы"
Заңы бойынша берілді. Заң негізінде Республиканың мемлекеттік басқару
органдарында өзгерістер жасалды. Прокуратура, Мемлекеттік қауіпсіздік, Ішкі
істер, Әділет, Сот органдары қайта құрылды. Қазақстанның мемлекеттік
Қорғаныс комитеті жаңадан ұйымдастырылып қызметіне кірісті.
1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республикада жалпы
халықтың қатынасуымен Президент сайлауы өткізілді. Дауыс беру қорытындысы
бойынша Н. Назарбаев Президент болып сайланды. Осы кезде Президенттің
Жарлығымен бұрын Одаққа бағынған кәсіпорындар мен ұйымдарды республика
үкіметінің қарамағына беру, мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметінің
дербестігін қамтамасыз ету, елімізде алтын қорын жасау туралы және т. б.
заңдар шығарылды.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің
жетінші, сессиясында парламент депутаттары "Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне,
ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы және ішкі
саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттерінен халықаралық құқықтық
принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді.
Республикадағы барлық ұлттардың өкілдері жергілікті қазақтармен тең
құқықты азаматы деп саналады. Олар республикадағы мемлекеттік өкіметтің
қайнар көзі және егемендікті бірден-бір қорғаушы болып табылады. Республика
азаматтарының құқықтарына қол сұғушылар заң бойынша қылмысқа тартылуы тиіс
делінген.
Заңда Республика Қарулы Күштерін құру жөніндегі құқы, республика
азаматтарының әскери міндетін өтеу, оның тәртіптері мен талаптары жөнінде
айтылған. Оған сондай-ақ республика қарауындағы азаматтарды қорғау,
қоғамдық тәртіпті және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері
кірген. Заңның 16-шы бабында ішкі және шекаралық әскерлердің істері мен
қауіпсіздік органдары Президентке бағынады деп жазылған. Республиканың
мемлекеттік тілі - қазақ тілі, ал орыс тілі ұлтаралық байланыс тілі болып
белгiлендi. Сөйтіп, 1991 жылғы 16 желтоқсан республика тәуелсіз күні
ретінде бүкіл әлемге танылды.
Осыдан кейін Қазақстанда тәуелсіз егемен мемлекеттік даму процесі
басталды. Еліміздің жаңа конституциясының жобасы дайындалды. Облыстардың,
қалалардың және аудандардың басқару органдарына реформалар жүргізілді.
Жаңадан әкімдер лауазымы енгізіліп, олардың алдына Президент пен Үкімет
шешімдерін орындау, жергілікті жерлерде экономикалық, мәдени-әлеуметтік
мәселелерін шешу міндеті қойылды. Әкімдерді тағайындау, оларды қызметінен
босатуды Қазақстан Президенті мен жоғарғы әкімшілік органдары жүргізетін
болып белгіленді. Ал бюджетті бекіту, оның орындалуын қадағалау,
депутаттармен жұмыс жүргізу, тұрақты комиссиялардың қызметіне басшылық ету,
әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен байланыс жасау Кеңестердің қарауына берілді.
Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін, егемен мемлекет ретінде
халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы 3 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар
Ұйымына кірді, Халықаралық валюта қорының, Халықарлық реконструкция және
даму банкісінің, Дүниежүзілік банктің, Халықаралық даму қауымдастығының,
Инвестицияға кепілдік беретін көп жақты агенттіктің, Инвестициялық
таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың, Дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымының мүшесі болды және басқа бірсыпыра ұйымдарға кірді.
Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүниежүзінің ондаған
елі таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі болып Түркия, сол сияқты АҚШ,
Германия, Франция, Ұлыбритания және т.б. ірі-ірі мемлекеттер мойындады.
Қазақстан шет елдерде дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашуға
кірісті. Ал Алматыда шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлттық
ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істей бастады. Республиканың егемендікке қол
жеткен алғашқы кезінен бастап мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-
шарттарға қол қою жүзеге асырылды.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдына үлкен келелі міндеттер
қойылды. Олар елдiң ішкі жағдайында Егемен Қазақстан мемлекетінің
тұтастығын нығайтып, нарықтық экономикаға көшу, жоспарларды іске асыру,
елдің ішінде көп ұлтты халықтардың бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді
пайдалану. Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты міндеттер - оның бүкіл
дүниежүзі елдерімен байланыстарын одан әрі дамытып, алдыңғы қатарлы
өркениетті мемлекеттердiң қатарына қосылу, елдiң қауiпсiздiгiн қорғау,
әлемде бейбiтшiлiктi сақтай отырып, ядролық соғысты болғызбау. Халықтың
ерiк-жiгерi тек осындай аса маңызды мiндеттердi iске асыруға бағытталды.

Егемен Қазақстанның сыртқы саясаты

Қазақстан өзiнiң тәуелсiздiгiн алғаннан кейiн, егемен мемлекет ретiнде
халықаралық байланыс жасауға, өзiнiң сыртқы саясатына айырықша көңiл
бөледi. Бұрын КСРО-ның құрамында болғанда Қазақстанның ондай мүмкiндiгi,
жеке саясат жүргiзу құқы болмаған-ды.
Қазақстан өзiнiң сыртқы саясатында, әсiресе, басты үш мәселеге ерекше
назар аударады. Бiрiншiден, басқа елдермен, соның iшiнде бұрынғы Одаққа
кiрген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа
елдерi және Америка Құрама Штаттарымен халықаралық байланысты өркендету.
Екiншiден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай,
сонымен қатар олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы
алдыңғы қатарлы өркениеттi елдердiң қатарына қосылу. Үшiншiден,
Қазақстанның қауiпсiздiгiн сақтау, дүниежүзiлiк соғысты болғызбау, ядролық
қаруды қолдануды болдырмау.
Мiне, осы бағытта 1991 жылдан бастап тәуелсiз Қазақстан көптеген игi
шараларды iске асыруда. Бұл уақыт iшiнде Қазақстан Республикасын дүние
жүзiнiң 180-нен астам мемлекетi таныды. 2002 жылдың басында Қазақстан 120-
дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Қазақстанды алғашқылардың
бiрi болып Түркия, АҚШ, Франция және т. б. мемлекеттер мойындады. Қазiрде
Қазақстан шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкiлдiктер
ашты. Ал Алматыда және Астанада 50-ден астам шетелдiк елшiлiк пен миссия,
халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкiлдiгi жұмыс iстейдi.
Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударып отыратын мәселе, ол
- өзiнiң ең жақын және iрi көршi мемлекеттерiмен, соның iшiнде солтүстiкте
Ресеймен, ал шығыста Қытай Халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас
орнату. Осы саясаттың нәтижесінде Қазақстан Республикасының егемен ел
ретiндегi алдағы болашағы да байланысты. Сондықтан қалай дегенде де
солтүстiгiмiздi жайлаған Ұлы елмен әрқашан жақын болу керек. Өйткенi
Қазақстан үш ғасырға жуық уақыт Ресеймен тарихи сабақтас, тағдырлас,
көршiлес қонып, шекаралас болып қатар өмiр сүрдi. Осы уақыт iшiнде
Қазақстан мен Ресейдiң шежiресiнде талай күнгей де, күңгiрт беттерi болған.
Оларды адамдар ауыздан-ауызға жеткiзiп, ұрпақтан-ұрпаққа берiп отырған.
Ресеймен, орыстармен қарым-қатынастың қандай болуы, оны қалай құру жөнiнде
қазақтың ғұламалары, дана билерi өз заманында-ақ айқын да анық айтып
кеткен. Ал соңғы жетпiс жыл бойы Қазақстан мен Ресей Кеңестер Одағы
құрамында өз тәуелсiздiгiн қойып, өз мүдделерiн ұмытып, ортақ шаруа
атқарып, ортақ қазанға қызмет еттi. Барлық шаруашылық, бар тiршiлiк осыған
бейiмделiп, Кеңес өкiметiнiң талабын орындады. Ендi Кеңес Одағы тарағаннан
кейiн, бұл екi елдiң арасында тең құқық негiзiнде саяси және экономикалық
қатынастар орнады.
Осы жағдайларды ескере отырып Қазақстан мен Ресей 1991 ж. КСРО тарап,
тәуелсiздiкке қол жеткеннен кейiн өздерiнiң сыртқы саясатында халықаралық
құқық принциптерi негiзiнде бiр-бiрiмен стратегиялық байланыс, достық, тату-
тәттi көршiлiк және өзара тиiмдi ынтымақтастық қатынастарды дамытуға
айрықша көңiл бөлiп келедi. Оған Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25
мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың
зор тарихи маңызы бар. Ал 1995 ж. 20-шы қаңтардағы Қазақстан мен Ресей
ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету туралы бiрлескен декларацияда екi ел
жоғарыдағы қол қойған шарттарды одан әрi бұлжытпай орындап отыратындығы
жөнiнде мәлiмдедi.
Бауырлас халықтардың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-
ші сәуiрде Ресей Федерациясының Президентi Б. Ельцин мен Қазақстан
Президентi Н. Ә. Назарбаев Алматыда кездесiп, Қазақстан мен Ресей бiрлескен
Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде
жүргiзiлiп жатқан демократиялық қайта құрулар мен саяси-экономикалық
реформалардың екi ел халықтарының болашағы үшiн үлкен мәнi бар екендiгi
атап көрсетiлдi. Мемлекеттiң басшылары бұдан былайда екi ел арасындағы
егемендiктi, тәуелсiздiктi құрметтеу, аумақтық тұтастық пен бiр-бiрiнiң
iшкi iстерiне араласпау принциптерiн сақтау негiзiнде дами беретiнiн
қуаттады.
Ресей Федерациясымен Қазақстан арасында ынтымақтастықтың одан әрi
тереңдеп дамуында 1998 жылы 6-шы шiлдеде Мәскеуде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Сыртқы саясаттың негізгі бағыттары
ШЫҰ халықаралық және өңірлік қауіпсіздігін сақтау саласындағы қызметі
Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық қатынастардағы ролі
Қазақстан Республикасының ұйымдармен ынтымақтастығы
Туркия Республикасы және Қазақстан Респубикасы қарым-қатынастар стратегиясы
Араб Шығысы жалпы әлем құрылымы мен халықаралық қатынастар жүйесінің ажырамас бөлігі
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасы және оны іске асыру кезеңдері
Қазақстан Республикасындағы ішкі саяси тұрақтылығы
Қазақстанның сыртқы саясатының стратегиялық мақсаттары мен міндеттері
Пәндер