Халықты санау әдісі



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Халықты санау әдісі.
2. Халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтары.
3. Адамзаттың сандық сипаттамалары
4. Демографиялық мәселелер мен қоршаған ортаның жағдайы
5. Демографиялық дүмпу . халық санының шұғыл да қарқынды табиғи
өсуі
6. Демографиялық дағдарыс
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Демография (грек. Dетоз-халық, gгарһо- жазу) - халықтану ұғымы туралы ұғым. Демография ғылыми тұтастай Жер шарында, жекелеген мемлекеттер мен елдерде, адамдар қауымдастықтарында адамдардың ұрпақ алмасу және өсу заңдылықтарын, тұрғындардың жылжуын, көбеюін, тууы мен өлуін, елді мекендерде орналасуын, отбасын құруын, бала өсіріп тәрбиелеу жағдайларына, жасына, жынысына қарай бөлінуін, және басқада түрлі әлеуметтік топтарда жүріп жататын өзге үдерістерді зерттейді. Қоғамдық ғылымдар тобына енетін, қазір тез дамып келе жатқан демография - салыстырмалы жас ғылым. Тұрғындардың өсіп-өнуі мәселелеріне қызығушылық сонау ерте заманнан басталса да, оларды жүргізудің негізгі заңдылықтары тек XVII ғасырдың соңында қалыптаса бастады. Ал «демография» терминінің ғылыми айналысқа 1855 жылдан бастап қана енді. Айғақты мәліметтер көптеп жиналған сайын оларды жинақтау, қорыту істері де қаркынды жүре бастады. Біртіндеп тұрғындардың сан жағынан өсу заңдылықтары айқындалып, зерттеу жұмыстары тереңдей берді. Өткен ғасырдың екінші жартысында демографиялық зерттеулер кең ауқымда жүргізіле бастады.
1. М.Тәтімов, А.Даулетова “Жалпы Демография” Шымкент 2005ж.
2. М.Тәтімов, Ж.Әлиев “Дербестігіміз – демографияда” Алматы 2000ж.
3. М.Тәтімов “Қазақ әлемі” Алматы 1993ж.
4. Жағанова А. «Демографияны жолдау – елдігіміздің белгісі – Егемен Қазақстан, 2002 19 маусым.»
5. Борисов В.А. Демография. Москва 1999ж.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Халықты санау әдісі.
2. Халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтары.
3. Адамзаттың сандық сипаттамалары
4. Демографиялық мәселелер мен қоршаған ортаның жағдайы

5. Демографиялық дүмпу – халық санының шұғыл да қарқынды табиғи

өсуі

6. Демографиялық дағдарыс

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Демография (грек. Dетоз-халық, gгарһо- жазу) - халықтану ұғымы туралы
ұғым. Демография ғылыми тұтастай Жер шарында, жекелеген мемлекеттер мен
елдерде, адамдар қауымдастықтарында адамдардың ұрпақ алмасу және өсу
заңдылықтарын, тұрғындардың жылжуын, көбеюін, тууы мен өлуін, елді
мекендерде орналасуын, отбасын құруын, бала өсіріп тәрбиелеу жағдайларына,
жасына, жынысына қарай бөлінуін, және басқада түрлі әлеуметтік топтарда
жүріп жататын өзге үдерістерді зерттейді. Қоғамдық ғылымдар тобына енетін,
қазір тез дамып келе жатқан демография - салыстырмалы жас ғылым.
Тұрғындардың өсіп-өнуі мәселелеріне қызығушылық сонау ерте заманнан
басталса да, оларды жүргізудің негізгі заңдылықтары тек XVII ғасырдың
соңында қалыптаса бастады. Ал демография терминінің ғылыми айналысқа 1855
жылдан бастап қана енді. Айғақты мәліметтер көптеп жиналған сайын оларды
жинақтау, қорыту істері де қаркынды жүре бастады. Біртіндеп тұрғындардың
сан жағынан өсу заңдылықтары айқындалып, зерттеу жұмыстары тереңдей берді.
Өткен ғасырдың екінші жартысында демографиялық зерттеулер кең ауқымда
жүргізіле бастады. Қазір демографияны қоғамдық ғылымдар ішіндегі жетекші
салалардың бірі деп атауға болады. Халықтар географиясы зерттейтін басты
нысандар қатарына - халықтың саны, оның құрамы, таралып орналасуы, ырғақты
түрдегі ұдайы өсу режимі жатады.

Халықты санау әдісі.

Алғашқы адамдар санауға деген қажеттілік құл иеленушілік құрылыста
туды. Ең тұңғыш халық санағы – Мысыр жерінде, біздің заманымызға дейінгі
III ғасырда пайда болды. Біздің еліміз орналасқан Орталық Азия аймағында ол
VIII ғасырда Соғдиана мемлекетінде жүргізілді. Ал Киев Русінде санақ XI
ғасырда, Мәскеуде халықтың статистикалық есебі XV ғасырда ғана басталды.
Қазақстан, Ресей империясы және т.б. елдер КСРО құрамында болған кезеңде 7
рет жалпы халық санағы өткізілді. Олар: 1897, 1926, 1939, 1959, 1970, 1979,
1989 жылдар. Ал 1999 жылғы ақпандағы жаңа санақ – Қазақстанның тәуелсіз
мемлекет мәртебесінде жүргізілген алғашқы халық санағы еді.
Санақ өткізу уақыты халық қозғалысының ең аз кезі – қыс маусымына
сәйкестендірілген. Санақ аяқталғаннан кейін халықтың бір бөлігіне бақылау
сұрақтары қойылады. Халықтың жалпы санағы кесімді белгілі бір уақыт
аралығында өткізіліп отырады. Мемлекеттер органдар үшін жыл сайынғы
халықтың саны, оның құрамы мен орналасуы туралы мәліметтер аса қажет. Әрі
мұндай бір жолғы есеп – халықтың тууы, өлуі, некелесуі, т.б. осы тәрізді
мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Сондықтан бір орталыққа бағынған
мемлекеттер құрыла бастағаннан кейін халықтың күнделікті күнкөріс есебін
жүргізу қажеттіліг туды. Бұл міндетті бас кезінде діни мекемелер жүргізді.
Шіркеулердің діни салт-жораларын іске асыруда, одан түскен пайда –
түсімдерін есептеу мақсатында , алдымен, XVI ғасырда Швецияда, кейіннен
басқа елдерде туу мен өлім, некелесу мен ажырасу сияқты рәсімдерді тізімдеу
қолға алынды. Кейіннен бұл тіркеме есептеулер міндетті түрде жүргізілетін
болды.
1940 жылдардың соңынан бастап дүние жүзі мен оның жеке аймақтары тұрғын
халқының есебін БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік кеңесіне қарасты
Халықтың орналасуын зерттеу комиссиясы жүргізілді. 1949 жылдан бастап, бұл
Комиссия жыл сайын демографиялық жылнама басып шығарып отырды. Мұнда
жарияланып отыратын материалдарда дүние жүзінің халқы туралы өте кең
мәліметтер берілді. Сол сияқты дүние жүзі халқының өсіміне байланысты
болжамдар туралы көп жұмыстар жүргізілді. Әрбір елде халық санағы әр
кезеңде әр түрлі бағдарлама бойынша жүргізілгендіктен, жарияланып отыратын
мұндағы материалдардың бәрі бірыңғай емес. Көптеген елдерде қазірге дейін
халықтың ұлттық немесе нәсілдік құрамы және халықтың күнделіктері есептері
дұрыс жолға қойылмаған. Ал кейбір елдерде халықтың жыныстық (мысалы, Жаңа
Гвинея, Филиппин) немесе діни (мәселен, бұрынғы социалистік жүйе елдерінде)
құрамының есебі жүргізілмейді. Сондықтан есептеу мәліметтері шын мәніндегі
жағдайға дәл келмеуі де мүмкін. Комиссия елдерді жікетеп топқа бөлгенде,
олардың экономикалық - әлеуметтік белгілеріне емес, демографиялық негізіне,
әсіресе халықтың табиғи өсімі тұрғысынан қарап бөлуде. Соған қарамастан,
БҰҰ-ның осы Комиссияның жарияланып отыратын материалдары – халықтар туралы
біршама толық деректер көзі болып табылады.  

Халық санағы Халық саны туралы нақты ақпарат ұйымдасқан түрде
жүргізілетін халық санақтары нәтижесінде ғана белгілі болатындықтан, ерте
кезеңдердегі ғана емес, тіпті орта ғасырлардағы адам саны жөніндегі
мәліметтер де тек шамамен алынады. Ғалымдар 15 мың жыл бұрын
ғаламшарымыздың тұрғындарының саны 3 млн адамнан аспаған деп шамалайды.

Мемлекеттің әскери және салық саясатына орай, алғашқы халық санақтары
б.з.д. III мыңжылдықта Ежелгі Қытайда және Египетте жүргізілген. Жан-жақты
сипат алған халық санақтары XVIII ғасырдан бастап жекелеген мемлекеттерде
(Австрия-Венгрия, Скандинавия елдері, АҚШ) жүргізіле бастады. Ал XIX
ғасырда еуропалық елдер мен Ресей империясының, Үндістан мен Латын
Америкасындағы кейбір елдердің халық саны жөнінде ресми мәліметтер алынды.
XX ғасырда барлық елдерде дерлік халық санағы жүргізілді: көптеген Азия
елдерінде алғашқы санақтар Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өткізілді.
1950 жылы дүниежүзі халқының шамамен 80%-ы халық санағына қамтылды. Африка
елдерінде халық санағы 1950 жылдарда халықаралық ұйымдар арнайы бөлген
қаржының көмегімен жүзеге асты. Қаржы тапшылығынан мешеу елдердің
кейбірінде сол кезеңнен бері санақ жүргізілмеген. Мысалы, алғашқы халық
санағы Ауғанстанда 1979 жылы, Оманда 1993 жылы өткізілген. Соның
нәтижесінде XX ғасырдың соңына қарай Жер шары халқы түгелімен дерлік ресми
халық санағына қамтылған. БҰҰ ел ішінде халық санағын әрбір он жыл сайын
өткізіп тұруды ұсынды, бірақ бұл шараны аталған мерзімде қаржы қоры
жеткілікті елдер ғана жүзеге асыра алады. Қазақстанда халық санағы Кеңес
дәуірінде әрбір он жыл сайын өткізіліп тұрған, еліміз тәуелсіздігін
алғаннан кейінгі халық санағы 1999 жылы өтті. Кезекті халық санағы 2009
жылы өткізілді. 2009 жылғы хальық санағы бойынша еліміздегі халық саны 16
млн 196 мың 180 адамға жетті. Жалпы алғанда, дамушы елдерде қаржының
жетіспеуі, елдін ішкері аудандарында жол қатынасының қиындығы, жергілікті
халықтың сауатсыздығы бұл елдердегі халық саны жөнінде нақты мәліметтер
жинақтауға бөгет болады. Сонымен қатар дамушы елдер де ресми мәліметтердің
іс жүзіндегі халық санынан улкен ауытқушылық жасауы да жиі ұшырасады.
Демографиялық көрсеткіштер. Жер шары халқы алғашында өте баяу өскен.
Мұны адамның табиғат апаттарына тәуелділігімен, жиі болған соғыстармен және
жұқпалы аурулардың кең таралуымен түсіндіруге болады. Мысалы, XIV ғасырда
Еуропаны жайлаған оба дертінен халықтың шамамен 20%-ға жуығы қырылған.
Өндірістің жетілуі, адамдардың тұрмыс жағдайының жақсаруы және медицинаның
алға басуы нәтижесінде дүниежүзі халқы жылдам қарқынмен өсе бастады.
Әсіресе XX ғасырда халық санының айрықша жылдам артуы байқалды. Мысалы,
1930 жылы Жер шары халқы 2 млрд адам болса, 1962 жылы — 3 млрд, 1976 жылы —
4 млрд, 1987 жылы — 5 млрд, ал 1999 жылы 6 млрд адамға жетті. Халық санының
мұндай күрт өсуі демографиялық жарылыс деп аталады. Бұл құбылысты адамның
өмір жасының ұзаруы, сәбилер өлімінің азаюы жағдайында туу көрсеткішінің
өзгеріссіз қалуымен түсіндіруге болады. Дегенмен 1980 жылдардың ортасына
қарай халық санының өсуі баяулай бастады. Бұл туу көрсеткішінің күрт
кемуімен байланысты болды. Дамыған елдердің көпшілігінде халық санының өсуі
тұрақтанып, кейбір елдерде табиғи өсу мүлде тоқтады. Дүниежүзіндегі халық
саны көп елдер. Дүниежүзі аймақтарындағы, жеке елдердегі демографиялық
жағдайды сипаттау үшін абсолюттік және салыстырмалы демографиялық
көрсеткіштер пайдаланылады. Абсолютті көрсеткіштер қатарына табиғи өсу (туу
мен өлудің арақатынасы) мен механикалық өсу (иммигранттар мен эмигранттар
саны арасындағы айырма) жатады. Туу мен өлім көрсеткіштері әлеуметтік-
экономикалық жағдайларға, мемлекеттің демографиялық саясатына тікелей
байланысты болса, халықтың көшіп-қонуына экономикалық және саяси
алғышарттар, экологиялық ахуал себепші болады. Туу мен иммиграция
көрсеткішінің жоғарылауы халық санын арттырса, өлім мен эмиграция халық
санын кемітеді.
Адамның өмір жасының орташа ұзақтығына елдегі экономикалық көрсеткіш,
әлеуметтік тұрақтылық, экологиялық жағдай және денсаулық сақтау жүйесінің
қызметі тікелей әсер етеді. Бұл көрсеткіш тарихи кезеңдерде үлкен
өзгерістерге ұшырап отырған.
Халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтары.
Адамзаттың үздіксіз жаңарып, ауысып отыруын қамтамасыз ететін туу мен
өлу және табиғи өсу көрсеткіштерітң жиынтығын халықтың ұдайы өсуі деп
атайды.
Халықтың ұдайы өсуі – адамдардың ұрпақ ауысуы нәтижесінде жүзеге асып, оның
саны жастық және жыныстық құрамы өзгереді. Халықтың ұдайы өсуін ықтималдап
екі негізгі топқа бөлеміз. Оның бірінші типінде ұрпақтар ауысуы нәтижесінде
халықтың санының өзгермеуі немесе кемуі байқалады. Бұл құбылыс көбінесе
дамыған елдерге тән. Онда халықтың тууы мен оның өлімі аз болуы себепті
халықтың табиғи өсу көрсеткіштері төмен болып келеді. Халықтың ұдайы
өсуінің екінші типінде келесі ұрпақтың санының алдыңғысына қарағанда көп
болкы тән. Бұл елдерде туу мен табиғи өсім жоғары немесе аса жоғары болып
келеді. Бұндай жоғары деңгейлі көрсеткіш Африка, Азия, Оңтүстік және
Оңтүстік – Батыс Азия, Латын Америкасы мен Мұхиттық аралдар елдерінде
байқалады.
Адамзат қоғамының ілгері дамуы, дүние жүзі халқының көбеюі нәтижесінде
жүзеге асып, оның саны жастық және жыныстық құрамы өзгереді.Осы кезге дейін
жер шарында халықтың ұдайы өсуіне соңғы тип басым болып келеді. Әрі қарай
қалай болады? деген заңды сұрақ туады. Дүние жүзіне халықтың шамадан тыс
артық көбею қаупі төнбей ме? Өйткені біздің планетамыздағы ресурстар шексіз
емес қой! Осы саулнамалық сұрақтарға жауап іздеу үшін тек қана жер шарының
ресурсын ғана біліп қоймай, сонымен бірге халықтың табиғи өсуінің заңдарын
да білу қажет. Халықтың ұдайы өсуі туу мен өлімінің мөлшеріне байланысты
олардың арасындағы айырма табиғи өсім деп аталады. Оның сан- мөлшері 1000
адамға шаққандағы промиле (‰) көрсеткішімен есептеледі. Дүниежүзілік орташа
есеп: туу – 28 ‰, өлім – 10 ‰, ал табиғи өсім – 18 ‰. Халақтаң ұдайы өсуіне
бірнеше факторлар әсер етеді. Бұл факторлар, негізінен, 5 топқа
біріктіріледі:  
1.Табиғи – биологиялық фактор. Адамдардың тууы мен өлуі –  
биологиялық құбылыс . Сол сияқты халықтың ұдайы өсуіне әр түрлі климат және
табиғат жағдайларына үлкен әсер етеді. Ал өлімге келсек, бұл – қайтымсыз
процесс. Көбінесе адамдар физиологиялық қартаюдан емес, негізінен, олар
аурудан немесе басқа да себептерден өледі. Аурудың таралуы әрбәр жердің
табиғи ортасына байланысты болуы мүмкін. Мысалы, батпақты жерлерде – безгек
ауруы, тропикада – ұйқы ауруы т.б.  
2. Әлеуметтік – экономикалық фактор. Бұған жататындар: халықтың тұрмыстық
хал-ахуал деңгейі, денсаулықтау сақтау шараларының дамуы, әйелдердің
қоғңамдық жағдайы, халықтың мәдени және білім деңгейі, шұғылданатын кәсібі,
т.б. Мәселен, жыл сайын жер шарында 14 млн адам, оның ішінде 6 млн сәби  
3. Табиғи өнімнің мөлшеріне әсер етуші факторлардың келесісі –
демографиялық топқа біріктіріледі. Бұларға: халықтың жастық және жыныстық
құрамы, некелесу және ажырасу факторлары да жатады.  
4.Табиғи өсімге үлкен әсер етуші негізгі факторлар тобының бірі – ол мәдени
әлеуметтік және психологиялық факторлар. Мысалы, көп балалы болу, әдет-
ғұрыптарының сақталуы, мұндай жағдай демографиялық дәстүр деп аталады.
Діннің әсеріне келсек, ислам, индус, католик, т.б. діндер көбеюді қолдайды.
Кейбір діндердің тууға онша әсері жоқ, мысалы, будда, протестант,
провославие діндері.  
5. Халықтың табиғи өсіміне әсер етуші факторлар арасында ерекше орынды
соғыс пен стихиялық апаттар алады. Әсіресе соңғы екі дүниежүзілік соғыстың
зардабы аса көп. Бірінші дүниежүзілік соғыста шамамен 10 млн—нан аса адам
көз жұмса, Екінші Дүниежүзілік соғыста 50 млн-ға жуық адам қаза тапты.
Соғыстың зардабы сонымен бірге адамдардың тұрмыс ахуалының төмендеуіне, аш-
жалаңаштыққа, түрлі ауруларға шалдықтырады. Әрі қосымша шығындарға ұшырады.
Мысалы, некеге тұрушылар санының азаюы, халықтың жыныстық құрамы бұзылуы,
үеркектердің біраз бөлігінің соғыста шығынға ұшырауы туудың мөлшерінің
азаюына алып келді. Табиғи апаттардың – жер сілкіну, су тасу, дауыл,
құрғақшылық, температуралық режимдердің шұғыл өзгерісі, т.б. жыл сайын
мыңдаған адам өмірін қиюда.  
Демографиялық саясат және халықтың өсуін реттеу. Жалпы демографиялық
хал-ахуалға кейінгі жарты ғасыр ішінде мемлекеттер тарапынан жүргізіліп
отырған демографиялық саясат әсер етіп отыр. Бұл жүйелі түрде – халықтың
ұдайы өсу процесіне, әсіресе оның туу мөлшеріне әсерін тигізу мақсатында
жүргізіледі. Ол екі түрлі бағытта ықпал ету аясында, халықтың өсіп-өнуіне
әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік, үгіт-насихат және басқа да шаралар
жүйесінде жүргізілуде. Мысалы, халықтың ұдайы өсуінің бірінші типінде тууды
қолдауға бағытталған демографиялық саясат белсенді түрде жүргізілсе, екінші
типінде керісінше, оны шектеу саясаты қолға алынуда. Әсіресе отбасы
мөлшерін жоспарлау жөнінен,көптеген дамушы елдерге ауқымды бағдарламалар
жүзеге асырылуда.  
Біздің елімізде де демографиялық ахуалды тұрақтандыруға және ондағы
жағымсыз тенденцияларды болдыриауға боғытталған қолдау саясаты жүргізілуде.
Осы орайда оған үкімет тарапынан ерекше көңіл бөліп, 2000 жылғы 17 тамызда
Қазақстан Республикасының мемлекеттік демографиялық концепциясы туралы,
ал 2001 жылғы 30 қазанда ҚР-ның 2001 – 2005 жылдарға арналған
демографиялық даму бағдарламасыжайлы қаулылар қабылданды. Республикамыздың
демографиялық хал – ахуалын сауықтыру барысында және оны жүзеге асыруда,
Көші – қон және демография жөніндегі агенттік ауқымды іс-шаралар
жүргізілуде.  
Дамушы елдерде 1950-1990 жылдар арасында, халық өлімінің күрт азаюы мен
олардағы туудың дәстүрлі деңгейінің сақталуы нәтижесінде халықтың өсімі
жоғары болады. Бұл құқбылыс демографиялық жарылыс деп аталды. Оның
нәтижесінде , мұнда тұратын жер шары халқының 23 бөлігі жылына 25-30‰
шамасында өсіп, дүние жүзі халқын соңғы 40 ждылдай уавытта екі еседен аса
өсірді. Мысалы, дүние жүзі халқы 1960 жылы 3 млрд. Шамасында болса, ал 2000
жылы оның саны 6млрд.–тан асты. Халықтың ұдайы өсуінің екі түрлі: дамыған
және дамушы елдердегі типтерінен басқа олардың аралығында бірнеше өтпелі
түрлеріде бар. Осы халықтың ұдайы өсуінің бір типінен екінші типіне өтуін
француз демографы А. Ландри демографиялық төңкеріс деп атады. Сонымен
бірге демографиялық дағдарыс ұғымы көптеген Еуропаның дамыған елдеріне
тән болып отыр. Бұл елдерде халықтың өсуі емес, керісінше оның кемуі
байқалады. Мысалға: Германия, Чехия, Венгрия, Скандинавия елдерінде,
халықтың көбею қарқынында жеке дүние бөліктері мен елдер арасында
өзгерістерге әкелді. Мысалы, 1960-2000 жылдар арасында: Еуропа халқы 25%
–ға көбейсе, ол Азияда – 114% –ға, Африкада 211%-ға, Солтүстік Америкада
147%-ға көбейді.  
Халықтың ұдайы өсуінің өтпелі түрлеріне келсек, олар туудың орташа
мөлшерімен, өлімнің аздығымен және халықтың бірыңғай өсуімен сипатталады.
Халықтың ұдайы өсуінің бір түрден екінші түрге ауысуының негізгі себебіне
қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық өзгерістер жатады. Ол өз кезегінде
демографиялық процестердің нәтижесінде тууға әсер ете отырып, халықтың
құрылымын үлкен өзгерістерге ұшыратады. Мәселен, адамзат қауымдастығы өз
басынан табиғи өсімнің аса жоғары деңгейін өткерді. Ендігі жерде әлем
тұрғындарының, әсіресе дамушы елдердегі халықтың күрт өсуін болдырмай
тұрақтандыру қажет. Алайда планетамыздың халқы жыл санап көбею үстінде.
Осыған байланыстытұрақтандыруға жетудің тура жолы бірінші кезекте – дамуы
кенжелеп қалған елдер халқының өмір сүруі мен мәдени деңгейін көтеру, ғылым
мен білімді дамыту. Бұл жерде осы тұрғыдағы көптеген дамушы мемлекеттердің
ұстанып отырған демографиялық саясатының маңызы зор.
Соңғы жылдары демографияның жаңа бағыттары — экологиялық демография
немесе демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын
зерттейтін бағыты қалыптасып келеді.

3 Адамзаттың сандық сипаттамалары

Қазіргі адамзаттың саны 6 млрд. адамға жақын. Табиғаттағы жануарлардың
түрлерінің саны ортаның сыйымдылығымен шектеледі. Әдетте, ұсақ жануарлардың
түрлерінің саны ірі жануарлармен салыстырғанда көп болады. Сүтқоректілердің
түрлері үшін даралардың саны мен дене массасының арасында теріс корреляция
байқалады. Дене салмағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық санағын жүргізудің басты ерекшеліктері
Президенттік сайлау жүйесі
Сойыс малдарының жалпы сипаттамасы
Бастауыш мектептің дамуында М.Дулатовтың педагогикалық көзқарастары мен ғылыми ізденістерінің алатын орны
Халықтың тұрмыстық деңгейінің статистикасы
Жұмыс бастылық. Жұмыссыздық. Филлипс қисығы. Оукен заңы
Өндірістік кәсіпорындағы жұмыс уақытын пайдалануды талдау
Алгоритмнің берілу тәсілдері
Сандардың пайыздық қатынасын табу
Демография ғылымы туралы түсінік
Пәндер