Жанартаулардың жер бетінде таралуы


Жанартаулардың жер бетінде таралуы және лайлы жанартаулар

Жанартаулар жер бетінде кең тарған. Құрлықтан басқа, жанартау пішіндері мұхит түбінде де бар. Кейінгі зерттеулердің мәліметтеріне қарағанда, тек Тынық мұхит ауқымында 3 мыңнан астам суасты жанартаулары кездеседі.

Жер үстінде жанартаулар біркелкі тарамай, белгілі бір зоналарға жинақталған. Осы белдеудің біреуі негізінен бойлық, меридиандық бағытта Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс жағалауларында орын алған. Екінші зона Тынық Мұхиттың батыс жағалауындағы аралық иіндерге шоғырланған. Жалпы айтқанда, Тынық мұхит шеңбері жұқа мұхиттың қыртысы мен құрлықтың қалың қыртысының жапсарын шектейді. Белдеудің мұхит жағындағы тереңдегі 7км-ден 11-км-ге дейін жеткен терең науалар, ал құрлық жағында биік тау жоталары (Кордильер - Анды) немесе арал иіндері (Курил, Жапон, Филиппин, Тайвань) орналасқан. Осылардың пайда болуы мұхит пен құрлық жапсарында материкке қарай еңкіш құлап, жер мантиясына дейін жеткен терең тектоникалық жарылымдарға байланысты. Мұндай терең және көлбеу жатқан сейсмоактивті жарылымдарды 1938ж. жапон сейсмологы К. Вадати ашқан. 1946 ж. совет ғалымы академик А. Н. Заварицкий осы жарылымдардың бойымен Тынық мұхиттың отты шығарғышы деген жанартау белдеуі орын тепкені көрсетті. 1949ж. америкалық сейсмолог Х. Беньофф бұның толық сипаттамасын берген. Қазір солардың құрметіне мұны Вадати - Беньофф - заварицкий зонасы деп атайды. Осы тектоникалық жарылымдарды бойлап мұхиттық тақта (плита) төмен қарай құрлық астына ығысады. Сонда мантияға кірген мұхит қыртысы балқып, базальт құрамды магма береді. Сол магма жоғары қысымнан көтеріліп, жанартаулардың тізбегін құрайды.

Үшінші жанартау белдеуі - Жерорта теңізінен Индонезияға дейін созылған ендік бағыттағы белдеу. Бұл кайназой эрасының соңында жойқын Альпі қатпарлану әрекетінен пайда болған. Қазіргі заманда тау қатпарлану процестері бәсеңдеген. Белдеудің орта шеніндегі Қарпат, Кавказ, Қарақорым тауларында жанартаулар сөнгенімен, оның батыс (Везувий, Этна) және Шығыс жағында (Кракатау, Тамбора т. б) жанартаулар қазіргі заманға дейін атқылап тұр. Атлант белдеуін құрған, осы мұхиттың орталық жотасында орналасқан төртінші жанартау белдеуі бар. Мұнда тектоникалық жарылымдар бойымен тізілген жанартаулардың көбі су астында атқылайды.

Бойлық бағытта созылған Шығыс Африка жанартау белдеуі құрлықтар рифтер жүйесінің терең тектоникалық жарылымдарымен байланысты. Бұл белдеудің жанартаулары қазіргі заманда сөнген. Сондай - ақ сөнген жанартаулар Байкал ойпаңының маңында және Қытайдағы Санганхэ аңғары мен Хинган тауларында кездеседі.

Интрузиялық және эффузиялық магматизмдерден басқа лайлы вулканизм құбылыстарды да атап кеткен жөн. Бұл жер бетіне су буы шоғырлары мен газдар, кейде лаймен қоса тау жыныстары кесектерінің дүркін - дүркін атқылап шығу әрекетін лайлы вулканизм дейді. Егер лаймен бірге шығатын газ бен су мөлшері артығырақ болса, онда жердің бетінде «сальза» деген лайлы сумен толған көлшік тәрізді түтік (сифон) пайда болады. Осы түтіктен лайлы су дүркін - дүркін гуілдеп атқылап тұрады. Ал егер атқылаған заттардың құрамында лаймен бірге басқа да кесекті тау жыныстары басымдау болса, онда сальзаның орнында үйінділер жиналып, женттастардан (брекчиядан) құрылған лайлы төбешік пайда болады. Женттастардың құрамында сазды цементпен және карбонатты материалмен дәнекерленген, сүйір бұрышты, өңделмеген және іріктелмеген әр түрлі тау жыныстарының түйірлері болады. Лайлы жанартаулардың көмейі (жерло) жер қойнауымен ұштасып, жер бетінде кішігірім, яғни диаметрі ондаған сантиметрден бірнеше метрге дейін жететін жанартау көзелігін (кратерді) құрайды. Лайлы төбешіктердің биіктігі 1-2 метрден оншақты метрге, диаметрі 20 - 30 м дейін жетеді. Кейде лаймен мұнай белгілері де шығады. Жер қойнауында көмірсутекті газдар шоғырланса, солардың қысымнан лай жанартауының құрылымы қопарылып, баршасы да жоғары атқылауы ықтимал. Бірақ мұндай құбылыстар сирек кездеседі.

Лайлы жанартаулардың пайда болуы қазіргі кезге дейін айқын анықталған жоқ. Бұл туралы зерттеу жұмыстары әлі жүргізілуде.

Дегенмен, бұлардың көбі тектоникалық жарылымдар бойына тізбектеле орналасады. Алғашқы зерттеу кезінде лайлы жанартаулар магмалық ошақтармен байланысты деп есептелген. Бірақ белгілі орыс ғалымы И. М. Губкин лайлы жанартаулар негізінде көптеген мұнай - газ кендері дамыған аймақтарда, яғни Апшерон, Батыс Түркменстан түбектерінде, сахалин аралында орын тепкен дейді. Ендеше, олар генесизі тұрғысынан мұнай мен газ кендерімен байланысты деп тұжырымдаған. Кейін осы көзқарасты көптеген ғалымдар дәлелдеді.

Лайлы жанартаулар пайда болу үшін газ, су, жұқа дисперсиялы сазды материал және түтік рөлін атқаратын жер қойнауындағы тектоникалық жарылымдар болуы шарт. Ал мұндай қосалқы факторлар мұнай мен газ дамыған аймақтарда ғана болады. Сондықтан қазіргі кезде лайлы жанартауларды, мұнайлы және газды кен орындарын іздестірдегі болжау белгісі деп санауға болады.

Біздің елімізде лайлы жанартаулар Каспийдің солтүстік шығыс жағалауындағы Бозащы түбегінде және Қолтық шығанағының Қайдақ сорының бетінде кең дамыған.

Сақиналы құрылымдар.

Сақиналы құрылымдар ( кольцевые структуры) жаратылысына қарай екі түрге бөлінеді:плутонды, яғни магма әсерінен қалыптасқан интрузиялық шоғырлар немесе денудациялық әсерінен қашаланған жанартаулар (отпрепарированные вулканы) және жасынтастардың (метеориттердің) жер бетіне құлауы әсерінен пайда болғанқұрылымдар.

1966 жылы Г. З. Попованың “Қазақстанның қатпарлы аймақтарының шеңберлі және сызықты морфоқұрылымдары” (“Кольцевые и линейные морфоструктуры казахстанской складчатой страны ”) деген монографиясы жарыққа шықты. Бұл еңбекте Сарыарқа территориясындағы планда дөңгелек немесе сопақ пішінді интрузиялық құрылымдарға алғашқы рет талдау берілген. Жанартаутекті сақиналы құрылымдарды көне римдіктердің жерасты құдіретінің атына ұқсас “Плутон” атап кеткен. Қазіргі кезде Орталық Қазақстан аумағында Бурабай, Машанск, Сарысу, Екібастұз және т. б жанартаутекті сақиналы морфоқұрылымдар анықталған. Олар бір-бірінен геологиялық құрылыстарымен, морфометриялық және морфологиялық көрсеткіштерімен жер бетінде айқын ажыратылады.

Мөлшері жағынан плутонды сақиналы құрылымдар әртүрлі болады. Зор көлемді сақиналы морфоқұрылымдар екінші, үшінші, төртінші, бесінші және оданда жоғары кіші морфоқұрылымдармен күрделенеді. Олардың көлденеңі 10 км-ден 1000 км-ге дейін және одан да жоғары. Г. З. Попованың айтуынша, осындай концентрлі морфоқұрылымдар литосфераның тиктоникалық сызықша магмалық режимінің оралымды (циклды) өзгеру жағдайында дамыған.

Жанартаутекті сақиналы құрылымдармен қатар, жер бетінде космогендік факторлардың әсерінен пайда болған метеориттік кратерлер - астроблемалар жатады. «Астроблема» грек тілінен аударғанда «жұлдыз жаралары» дегенді білдіреді. Мұндай бедер пішіндері жасын тастардың (метеориттердің) жер бетіне құлауы кезінде түзіледі. Астроблемалар немесе метеориттік кратерлер әр аумақтағы және әр жастағы сақиналы құрылымдар түрінде болады. Жер бетіндегі 5000-нан астам сақиналы құрлымдарды ғалымдар метеориттік кратерлерге жатқызады. Қазіргі уақыттағы мәліметтер бойынша, шамамен 150 жуық метеориттік кратерлер толық белгіденген. Олар жер бетінде әркелкі таралған. Солтүстік Америкада олардың саны - 62, Еуропада - 30, Азияда - 26, Африкада - 16, Австралияда - 8, Оңтүстік Америкада - 5. ТМД аумағында әртүрлі сақталған 29 метеориттік кратер зерттелген. Қазақстанда белгілі космогендік сақиналы құрырылымдарға Балқаш көлінің солтүстік-батыста Баяулысай және Алтай өенінің аралығында орналасқан Шұнақ және Солтүстік Арал маңындағы Жаман Шын метеориттік құрылымдары жатады.

Бұрын ғалымдар Шұнақ сақиналы құрылымды ежелгі қашалынып өңделген жанартау (отпрепарированный вулкан) деп санаған. 1977 жылы бұрғыланған ұңғымалардан алынған тасбағанды (керінді) мұқият зерттегеннен кейін бұл құрылым жанартау емес, метеориттік кратер екендігін Қазақстан геологы Б. С. Зейлик дәлелдеп шықты. Осы метеориттік кратердің үстінде теріс магниттік аномария байқалған. Сонымен қатар мұнда аллогенді брекчиялар да кездеседі. Олар әр дәрежеде соғылып жарылған және өзгерілген жергілікті тау жыныстары сынықтарынан тұратын импактиттер.

Сақиналы құрылымдар дөңгелек немесе сопақ пішінді болып келеді, олардың диаметрі бірнеше метрден 100 км-ге дейін және одан да жоғары болады (Шұнақ құрылымының көлденеңдігі санмен - 32 км, Жаман Шын құрылымың көлдеңдігі - 5 км) . Сонмен қатар олар күрделі морфологиялық сипатымен ерекшеленеді. Геологиялық жастары әр түрлі: төрттік кезеңнен 200 млн жылға дейін. Мәселен, Шұнақ сақиналы құрылымының жасы - миоцен, ал Жаман Шын құрылымының жасы - 0, 69 - 0, 85 млн жылдар шамасында.

Қазақстан геологы Б. С. Зейлик метеориттік құрылымдарға Мексика шығанағын, Охот және Беринг теңіздерін жатқызады. Дүние жүзіне белгілі жасын-тастық кратері Солтүстік Американың, Аризона штатынан кездеседі. Аризона көзелігінің (кратерінің) диаметрі - 1, 2 км, максималды тереңдігі - 180 м, айналасында қопарылыс сынқтарынан түзілген салыстырмалы биіктігі - 30-65 м сақиналы белестермен қоршалған дөңгелек пішіндес ойпаң.

Плотондық сақиналы құрылымдар ұзақ уақыт денудациялық процесстерге ұшырап мүжілген жанартаулардың өзінен немесе интрузиялық (негізінде гранитті массивтерінен құралған) тау жыныстарынан тұрады.

Сақиналы құрылымдарды зерттеудің ғылыми ғана емес, практикалық мағынасы зор. Осы геологиялық қүрылымдарына әр түрлі кен орындары байланысты. Алмалы, Ақтоғай, Бөрлі, Саяқ және т. б. белгілі кен орындары сақиналы құрылымдарға жатады. Сақиналы құрылымдармен Қазақстанның алмас кен орындарын байланыстырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөнбеген жанартаулар
Геоморфология пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Геоморфология оқу - әдістемелік кешен
Геология пәнінің мақсаты мен міндеті.Гелогия пәнінің зерттеу әдістері мен зерттелу тарихы. ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Жанартау атқылауы
Теңіздер. Мүхиттар мен теңіздер суының қозгалысы
Атмосфералық ауаны қорғау. Ластағыш заттектердің түрлері
Табиғи төтенше жағдайлар
Геология оқу - әдістемелік кешен
Табиғи ресурстар және оларды ұтымды пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz