Қ. А. Яссауи түркі халықтарының ұлы ойшылы


ЖОСПАР
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қ . А . Яссауи түркі халықтарының ұлы ойшыл ақыны .
2. Яссауи ілімінің қалыптасуы және оның негізгі арналары
3. Яссауи ілімі және оның қазақ философиясы тарихындағы орны.
ІІІ. Қорытынды.
Қ . А . Яссауи
Кіріспе
Түркі халықтары әдебиетіндегі есімі ең жиі ауызға ілігетін, ең көп зерттеу нысанына айналдырылған шығармашылық иесі - Қожа Ахмет Яссауи. Бұлай деп сеніммен айтуымыздың тарихи-танымдық негізі бар: Яссауи түркілер тарихындағы көрнекті ақындардың бірі ғана емес, ол - түркі сопылық тариқатын қалыптастырушы, әрі түркі сопылық поэзиясының негізін салушы.
Ежелгі Сайрам (Испиджаб) қаласында дүниеге келген Яссауи рухани тәрбиенің алғашқы сабақтарын өз әкесі Ибрахим шайхтан алады. Әкесі дүниеден өткен соң, Арыстан бабтан аманат-ілімді қабылдаған болашақ Түркістан пірі біршама уақыт Йасы (Түркістан) қаласын мекен етеді. Есейе келе ілім іздеп, өз хикметтерінде айтылғандай, «Хорасан, Шам, Иракқа сапар шеккен» Яссауидің өмір жолын бірқатар деректер Бұхаралықатақты сопы Жүсіп Хамаданимен байланыстырады.
Өз дәуірінің көрнекті ғұламаларымен, мәшһүр сопыларымен сұхбаттас болған, сопылық тәжірибесін жетілдіріп, рухани кемелдену сатыларын өткерген ақын толысқан шақта Йасыға оралады. Сонда тұрақтап, тариқат ілімін таратады, өзінің ғибратты хикметтерімен мәшһүр болады. Өмірін Алла жолына арнаған, сансыз көп шәкірт тәрбиелеп, рухани кемелдікке жеткізген Яссауи 63 жасқа келгенде «Мұстафаға аза тұтып» жер астындағы құлшылық мекеніне - қылуетке түседі. Сопы ақын өмірінің неше жылға созылғаны бәймәлім, бұл жайында тек аңыздарда келтірілетін Яссауидің өзі айтты делінген: «Жер бетінде неше жыл өмір сүрсем, жер астында да сонша жыл өмір сүремін» деген сөзі мен «Жүз жиырма беске кірдім, біле алмадым» деген хикмет жолдары ғана сақталған.
Қ . А . Яссауи түркі халықтарының ұлы ойшыл ақыны
Қожа Ахмет Яссауи - сопылық түрік тармағының қадірлі басшысы, ойшылы, ақын. Оның «Диуани хикмет» («Даналық кітабы» - көбінесе «Хикметтер» атауымен қысқартылып қолданылады) шығармасы сақталған. Биографиялық деректері үзінді түрінде. Нақты қайтыс болған мерзімі белгілі - 1166 жылы. Ахметтің әкесі Ибрахим Сайрамда атақты шейх болды.
Қожа Ахмет Яссауи 1103 ж. Испиджабта (қазіргі Сайрамда) туған. Алғашқы білімді өзінің әкесі шейх Ибрахимнан алған. Одан әрі білім мен тәрбиені оған ханафит мазхабынан белгілі ғалым Баха ад-Дин Испиджаби берді. Осыдан кейін Отырарға атақты Арыстан бабқа барады, ол сол кездері жергілікті мубайлықтардың басшысы болды. Қожа Ахмет Яссауи одан тұрмыстық және рухани даналықты асқан ұқыптылықпен қабылдады. Ұстазы қайтыс болғаннан кейін бүкіл әлем мұсылмандары ислам күмбезі деп атаған Бұқараға жол тартады. Ол мұнда, сол кездері өздерін Алланың рухымен бірігуді іздеуге бел буған мистиктердің белгілі мектебін басқарған атақты шейх Қожа Жүсіп Хамадани тұлғасынан лайықты ұстазын табады. Бұған шейх-сопылар оларды шақырды.
Ахметтің тұлға ретінде рухани қалыптасуына және оның генеологиясына қатысты аңыздардың түрлі нұсқалары бар. Сопылық сияқты ислам бағытындағы идеялар мен символдар әлемінің өзіндік бейнесі бар екенін атап өту керек. Олардың біріне сәйкес Мұхаммед пайғамбар қайтыс болар алдында, халықты жинап алып, мынадай сұрақ қойды: «Кім өзіне менің аманатымның (таспиқ) символын алып, менің ісімді жалғастырады?». Ұзақ өмір сүрген Арыстан баб шығады. 500 жыл өткеннен кейін далада Арыстан Бабқа 11 жасар ұл бала кездеседі де, ешбір алғысөзсіз: «Ақсақал, алла жарылқасын, менің аманатымды беріңізші» дейді. Бұл бала - Ахмет Яссауи еді. Сопылық исламда жаңа мистика-аскетикалық ағын болды. Орталық Азияда сопылық IX-X ғғ. кең таралған, бұл ордендерге рәсімделген жеке сопылық мағынадағы мектептер құрумен көрінді, олардың басында араб тілдес елдерде - шейхтар, иран тілдестерде - шейхтар мен пирлар, ал түркі тілдестерде шейхтар, пирлар, ишандар, баба, ата деп аталатын тәлімгерлер тұрды. Орталық Азияда анағұрлым кең таралған ордендер - накшбандийа, йассавийа, кубравийа. Осыған орай мубайлықтар, исмайылдықтар, караматтардың діни бағыттары шафиттік, ханафиттік мазхаба және т. б. ғалымдарымен бір мезгілде өмір сүрді.
Қожа Ахмет Яссауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты - топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Яссауи кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. «Дертсіз адам адам емес, мұны аңла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда». Осы хикмет жолындағы «дертсіз адам» адамдық сезімнен жұрдай, өз ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз, қара басының қамын күйттейтін жан. «Ашқсыз адам» - илаhи фитраттан, яғни Алла тарапынан адамға берілген құдайлық сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған әлемге, адамға, табиғатқа, осының бәрін Жаратушы иеге мән бермейтін жан. Дертті адамның Қожа Ахмет Яссауи іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде «Білімің - шырақ, халің - пілте, көз жасың - жағатын май» болсын дейді. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, ашқ отына түсіп, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, көз жасы, қайрат-жігерімен одан шығар жол, дауа іздейді. Шынайы ашққа осы дерт арқылы ұласады. Ал ашқ кемелдікке жетелейтін күш-қуат көзі. Қожа Ахмет Яссауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты - Хаққа құлшылық ету (ибадат), ол «Сізді, бізді Хақ жаратты ибадат үшін» - дейді. Бұл ибадат (убудийат) - Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Құдайлық ашқты, Аллаға деген махаббатпен тұтастықта көретін Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымы Алла жаратқан адам баласын кемсітпей, өзімен тең дәрежеде құрметтеуді парыз деп қарайды. «Сүннет екен кәпір де болса берме азар, Көңілі қатты ділазардан Құдай бизар» деген хикмет адамның тегі мен түсіне, діні мен діліне қарамастан оған құрмет көрсету, адам ретінде ардақтауды пайғамбарлық сүннет (жүйе, заң, қағида) ретінде танытады. Өйткені Қожа Ахмет Яссауи ілімі - дін, мазһаб аясына сыймайтын шексіз ашқ (махаббат) жолы. Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымында «дертті адам», «топырақ адам», «кемел адам», сондай-ақ, «ғарип адам» тұлғалары да дәріптеледі.
Яссауи ілімінің қалыптасуы және оның негізгі арналары
Қожа Ахмет Яссауидің шығармалары - өлеңдер, жинақтар, рисальдар жергілікті тұрғындар арасында кеңінен белгілі болды. Ол тек рухани тәлімгер ретінде ғана емес, сондай-ақ, дана мемлекеттік қайраткер ретінде де қатысты. Өзінің рухани уағыздарында, өлеңдері мен трактаттарында, халыққа өзінің ашық сөзін айта алатынын сезген кезде қазіргі қажеттілікке үн қатты. Қожа Ахмет Яссауи басқа нанымдағы адамдарды төзімді болуға шақырады:
Сүндет емес кәпір болса, берме азар,
Көңілі қатты, діл азардан Құдай безер.
Ондай құлға Алланың азабы даяр,
Даналардан бұл сөзді естіп айттым, міне.
Аңызға сәйкес Яссауи Тәңірге қызмет ету үшін қауымдық қарбаластан кетуге мәжбүр болады. Ол Яссы қаласының жер асты кельясына, мешіттің жанына қоныстанады, онда қалған өмірін өткізеді. 1166/67 ж. Қожа Ахмет Яссауи қайтыс болады және ұлы киелі адам ретінде Яссы қаласында ол үшін жабдықталған кесенеде жерленеді, ол соңында мұсылмандардың жаппай қажылықтары мен табынатын орнына айналды.
Қожа Ахмет Яссауи құрған бата беру мектебі білімге шөлдегендердің тартылыс орталығы болды. Оның беделінің арқасында Түркістан Қазақстанның ең маңызды орта ғасырлық ағарту орталығы болды.
Оның «Диуани хикмет» еңбегі - діни сопылық әдебиет ескерткіші ғана емес, олар көне түркі тілдес ескерткіштердің бірі болып табылады және көптеген түркітанушылардың пікірінше қарахандық әдебиет дәстүріне жатады. Олардың өлеңдерінің бастауы түрік көшпенділерінің шамандық өлеңдерінде де болады. Оның өлеңдерінің тілінде қыпшақ элементтері бар. Атақты «Диуани Хикмет» - түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы, олар ауыздан ауызға, ұрпақтан ұрпаққа таралды, халықты адалдыққа, әділдікке, мейірімділікке және шыдамдылыққа шақырды. Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді. «Диуани Хикматтан» түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.
«Сен Хақты сүй зәкір болып, шәкі болып,
Нәпсі көзін ой сахарда, аһ ұр келіп,
Дүниені қой Баязиттей пақыр болып,
Хақ Жамалын көрсетпесе кепіл болам».
Қожа Ахмет Яссауи
Осы шығармада Яссауи тарикатының негізгі ережелері жалпыланған. Хикметтерді ислам уағыздады және халық арасында мұсылмандықтың нығаюына ықпал етті. Түркі тілдес халықтардың арасында «Диуани хикметті» «Құраны түркі» деп атады, себебі нақ солар Құранды Қожа Ахмет Яссауи «Хикметтері» арқылы қабылдады, сондықтан түріктер оны - «Хазірет Сұлтан» - «Қасиетті Сұлтан», ал Түркістанды екінші Мекке деп атады.
"Бісміллә" деп баян еттім хикмет айтып,
Шәкірттерге дүр мен гауһар шаштым міне.
Жанды жалдап, қайғы шегіп, қандар жұтып,
Мен "дәптер сәни" сөзін аштым, міне.
Сөзді айттым кімдерге де етсе талап,
Ашық сөйлеп жақын жанды жанға балап.
Ғаріп, пақыр, жетімдердің басын сипап,
Діні қатты халайықтан қаштым, міне.
Қайда жүрсең көңіл жұмсақ, сыпайы болғыл,
Көре қалсаң мүсәпірді дәмдес болғыл.
Махшар күні құзырына жақын болғыл,
Менменсінген халайықтан қаштым, міне.
Ғашық есігін Мәулім ашты, маған сыйлы,
Топырақ қылып әзір бол деп мойнымды иді.
Қара нөсер қарғыс оғы келіп тиді,
Найза алып, жүрек, бауырым тестім, міне.
Осылайша Яссауи - Алланы исламда мистикалық танудың «түркі» жолдарының (тарикат) негізін салушы. Оның барлық тіршіліктің тұтас мәні туралы, жақындық және тіпті Құдайды өз санасымен тану процесінің тепе-теңдігі туралы, пайымдау, Құдаймен қарым-қатынас, бірігу жолдарында жеке рухани тәжірибе қажеттігі туралы идеяларының маңыздылығын мойындай отырып, зерттеушілер осы идеялардың халықтық дүние танымдарына бейімделуін атайды. Бірақ барлық айтылғандардан басқа, Яссауи қарапайым халыққа түсінікті және жақын көркем сөздердің үлкен шебері ретінде араб-парсы-түркі тілдік өзара әсер етісу процесіне қатысу тұрғысынан рухани мәдениет тарихына енді. Яссауи шығармалары - барлық түркі халықтарының жалпы рухани игілігі. Әлі күнге дейін түріктер «Хикметтер» мәтінін аудармасыз түптұсқада оқи алады.
Яссауи ілімі және оның қазақ философиясы тарихындағы орны
Елбасымыз Н. Назарбаев Түркістанда өткен кездесуінде: «Біз Қожа Ахмет Яссауи ілімін алып жүруіміз қажет» деп атап көрсетті. Яссауи ілімінің ұлтымыздың, мемлекеттілігіміздің тарихындағы маңызы қандай?
Ұлт тарихы ажырамас екі негізден құралады. Бірі - егемендік жолындағы ерлік күрестерден құралған азаматтық тарих, ал екіншісі - ұлттың идеологиялық бағдарын орнықтыру жолында жасалған рухани тарих. Біздің азаматтық тарихымыз көптеген іргелі зерттеулерге арқау болды. Жеткілікті түрде назар аударылмай келе жатқан үлкен бір бағыт - біздің рухани тарихымыз дер едік.
Қазақ халқының тарихында ұлттық-мемлекеттік идеология дәрежесіне көтерілген біртұтас ілімдерді жасаған даңқты тұлғалар болды. Ұлтымыздың болмысын қалыптастырған, құндылықтық бағдарын белгілеген осындай ілімдердің бірегейі - Қожа Ахмет Яссауи ілімі. Яссауи ілімін бірыңғай діни-мистикалық ілім ретінде бағалау орынды емес.
Яссауи ілімі - ең алдымен рухани-моральдық ілім. Түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл Яссауи жасаған ілім өз бастауын түркі халықтарының ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарынан алады. Қожа Ахмет Яссауи осы рухани құндылықтарды жинақтап, қорытып, оны ислам дінінің қағидаларымен үйлестіріп, біртұтас ілімге айналдырды. Яссауи өз ілімінің барлық қағидаларын ханафи мазхабы ұстанымдарының аясында дамытты. Яссауи ілімі барша түркі халықтарының, соның ішінде ол дүниеге келген өлкенің иесі - қазақ халқының да ислами дүниетанымына негіз болып қаланды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz