Ландшафт түзуші факторлар
Кіріспе
Негізгі бөлім
а)Ландшафтардың геологиялық.геоморфологиялық факторлар әрекетінен түзілуі.
б)Таулы аймақтардың тектоникалық.эрозиялық жолдармен тілімденуі арқылы ландшафтардың түзілуі.
в)Күннен келетін жылу энергиясының ландшафт түзуге әсері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Ландшафт белгілі бір зандылық бойынша əрекет ететін көптеген факторлардың əсерімен қалыптасады, дамиды. Қалыпты жагдайда ландшафт құрайтын факторлардың əрекеті белгілі бір шеп бойымен қайталана береді де, ландшафтты құрайтын құрамдас бөліктер бірімен-бірі үйлесім тауып, динамикалык, тепе-тендік қалпын сақтайды. Кейде барлық факторлар: ауа ылғалдылығы, температуралық режим, жауын-шашынның жылдық мөлшері, топырақ құнарлылығы, т.б. орташа жылдық көрсеткіштерінен ауытқымаса да, ландшафт өзгерісінен төтенше құбылыс байқалып қалады. Мысалы, қайсыбір жылдары күтімге қарамастан жеміс бақтары өнім бермейді. Зерттеген кезде сол жылдары жемістер гүлдеп, тозаңданарда ауа райының қолайсыздығынан жəндіктер дер кезінде ұшпай қалып, гүлдеген жеміс бақтар ұрықтанбай өнімсіз өседі екен. Сондықтан да жəндіктердің ұрықтандырушы əрекеттері жемістердің өнім беруіндегі шешуші фактордың рөлін атқарады. Тағы бір айта кететін жайт – төтенше əрекеттесетін фактордың рөлі ландшафтының құрылымы күрделенген сайын жойыла береді.
1. Арманд Д.Л. наука о ландшафте. М., Мысль, 1975.
2. Марцинкевич Г.И. Основы ландшафтоведения. Минск, Высшая школа, 1986.
3. Неклюкова Н.П. Жалып жер тану. Алматы, Мектеп, 1980. 34
4. Молдағұлов Н. Ландшафттану негіздері жəне Қазақстанның ландшафт географиясы. Алматы, Рауан, 1994.
5. Джаналиева К.М. Антропогенное ландшафтоведение. Алматы, Қазақ университеті, 2001.

ЛАНДШАФТ ТҮЗУШІ ФАКТОРЛАР
Ландшафт белгілі бір зандылық бойынша əрекет ететін көптеген факторлардың əсерімен қалыптасады, дамиды. Қалыпты жагдайда ландшафт құрайтын факторлардың əрекеті белгілі бір шеп бойымен қайталана береді де, ландшафтты құрайтын құрамдас бөліктер бірімен-бірі үйлесім тауып, динамикалык, тепе-тендік қалпын сақтайды. Кейде барлық факторлар: ауа ылғалдылығы, температуралық режим, жауын-шашынның жылдық мөлшері, топырақ құнарлылығы, т.б. орташа жылдық көрсеткіштерінен ауытқымаса да, ландшафт өзгерісінен төтенше құбылыс байқалып қалады. Мысалы, қайсыбір жылдары күтімге қарамастан жеміс бақтары өнім бермейді. Зерттеген кезде сол жылдары жемістер гүлдеп, тозаңданарда ауа райының қолайсыздығынан жəндіктер дер кезінде ұшпай қалып, гүлдеген жеміс бақтар ұрықтанбай өнімсіз өседі екен. Сондықтан да жəндіктердің ұрықтандырушы əрекеттері жемістердің өнім беруіндегі шешуші фактордың рөлін атқарады. Тағы бір айта кететін жайт - төтенше əрекеттесетін фактордың рөлі ландшафтының құрылымы күрделенген сайын жойыла береді. Мысалы, жазық жердегі аңызақ пен қара суыққа байланысты болатын жұт таулы жерде еш уақытта байқалмайды. Өйткені тау бедерінің кедір-бұдыры мен биіктігінің əр түрлілігі аңызақ желдің арынын, қара суықтың ызғарын басады. Тау беткейінде байқалатын температуралық жəне ылғал инверсиялары да ландшафт құрамдас бөліктерінің тепе-теңдік жағдайының сақталуына қолайлы əсер етеді. Ландшафтының түзілуі əр уақытта геологиялық-геоморфологиялық факторлардың əрекет етуінен басталады. Олардың сипаты азоналы болып келеді. Геологиялық-геоморфологиялық факторларға жер бетінің құрлықтық жондар мен мұхит шараларына бөлшектенуі, жер беті жыныстарының құрамы, құрлық бетінің жасы, бедері, тау жоталарының биіктігі, беткейлерінің көрінісі, еңістігі т.б. жатады.
Жер бетінің құрлықтық жондар мен мұхиттық шараларға бөлінуі ландшафттарды бөліктерге бөлетін зандылықтың негізгі факторы болып саналады. Басқаша айтқанда, климат мұхиттан қашықтаған сайын континентті, немесе, мұхитқа жақындаған сайын теңіздік климат болып қалыптасады. Климаттың ерекшеліктеріне қарай ландшафтының басқа да, əсіресе биогендік құрамдас бөліктері секторлық (бөлік) бағытта бөлінеді. Жылу мен ылғалдың бойлық бағыттардағы əр түрлі мөлшерлерде бөлінулерінің айқын мысалдарын Исландия минимумы мен Сібір максимумдарының əсерлерінен көруге болады. Мұхиттар мен құрлықтардағы ауа массасының климатқа тигізетін əрекетіне қарай Еуразия құрлығының ландшафтысы төрт бөлікке бөлінеді. Алғашқысына Батыс Еуропа жатады. Мұнда Атлант мұхитының əрекеті байқалады. Екіншісі - Шығыс Еуропа. Бұл бөлікте ауа массасының батыстан шығысқа қарай ауысуы айкын байқалғанымен, ландшафтының қалыптасуында континентті ауа масса- сының əрекеті басым болады. Үшіншісі - Орта жəне Шығыс Сібір жерлерін қам- тып, Сібірлік бөлікке жатады. Мұнда ландшафт мəңгі тоң жағдайында қалып- тасқан. Төртінші - Шығыс бөлігі муссонды ауа массасымен ерекше көзге түседі. Жер беті жыныстарының литогенді құрамы жер асты жəне топырақтағы судың режимін топырақ қабатының тұздылығын, механикалық құрамдарын түрлендіре түседі. Атап айтқанда, жазық жерде жер беті жынысының литогенді құрамы саздақты, құмды келеді. Соған орай сазды жынысты жерде зоналы ландшафтыны сор, құмды жынысты жерде шағылдар ерекше көріктендіреді. Тауда жер беті жынысының литогендік құрамы өте күрделі болады. Ол тасты шөгінді жыныстар мен жанартаулық құрамдас бөліктердің қатпарлы- жақпарлы қабаттарынан, кесектасты блоктарынан тұрады. Сондықтан жер беті жыныстарының топырақ пайда болатын қабаты жартасты, қорымтасты, қиыршықтасты болып келеді.
Жер беті жыныстарының осындай əр түрлілігі сол өңірдің ландшафтысын күрделендіреді. Халқымыз табитаттың осындай ерекшеліктеріне үлкен мəн берген. Бұған Қызылтас, Сарытау, Ақшоқы, Қарақия, Ақжон сияқты көптеген жер аттары дəлел бола алады. Таулы аймақтар жыныстық айырмаларымен бірге асқар биік, керілген кең, сом тұлғалары арқылы ландшафтты айқындап тұратын тосқауыл рөлін атқарады. Тау жоталарының жел өтіне бағытталған беткейлері сырттан келген ауа ағымының ылғалын тосып қалады да, гумидті ландшафтының қалыптасуына қолайлы жағдай туғызады, ал желдің ығындағы беткейлерде аридті ландшафтысы қалыптасады. Мəселен, Іле Алатауының терістігі гумидті ландшафт, ал оның қарсысындағы Күнгей Алатауының күнгей беткейі желдің ығында жатқандықтан, аридті болып келеді.
Тау жоталарының ландшафтысын айқындауға тигізетін əсері барлық географиялық белдеулерде бірдей бола бермейді, ол ауа массасы айналымының бағытына, таудың биіктігіне, орналасқан жеріндегі климат жагдайына байланысты болады. Еуразияның шығысындағы таулар меридиан бағытында орналасқандықтан, Тынық мұхиттан муссонды тосады да, Арктиканың суық ауа массасының ауысуына əсер етпейді. Орал таулары онша биік болмағандықтан, батыстан соғатын желдің де, Сібір антициклонының да екпінін баса алмайды. Іле Алатауы мен Алтай тауларының биіктік айырмасы болмаса да, қарсы беткейлі лан беткейлерінің ландшафттық белдеулері бір-біріне тіптен ұқсамайды, ал Алтай тауларының ылғалы жеткілікті болғандықтан, ондағы қарсы беткей ландшафт айырмасы онша күрделі емес.
Тау беткейлерінің көрінісі де ландшафт айырушы фактордың рөлін атқарады. Күнгей беткейге күн сəулесі көп түсетіндіктен, жылу балансы артып, ылғал балансы кемиді, жылу мен ылғал баланстарының ауытқуы артады да, ландшафтысы аридті бағытта, ал теріскей беткейде жылу балансы кеміп, ылғал балансының артуына байланысты жылу мен ылғал қатынасы үйлесімді болғандықтан, ландшафтысы гумидті бағытта дамиды. Тау беткейлері көрінісінің айырмасы қоңыржай белдеуде ғана айқын байқалады, ал ыстық жəне суық белдеулерде онша жақсы байқалмайды. Ыстық белдеуде күн сəулесі жер бетіне 66-90° бұрышпен түскендіктен, қарсы беткейлердің жылу балансында айырма болмайды. Суық белдеуде күн көкжиектен онша биікке көтерілмейді, сондықтан одан келген жылу мөлшері мардымсыз болады. Осыған байланысты қарсы беткейлердің жылу балансы айырмасының практикалық мəні жоқтың қасы. Көптеген жағдайда тау беткейлерінің циркуляциялық жəне инцоляциялық əрекеті қатар дамиды. Мұндайда тау жоталарының ландшафт айыру əрекетінің қарқынын арттырып, қарсы беткейлердің ландшафт айырмасы айқындала түседі. Тау жоталарының ландшафт айыру əрекетінің қарқыны тау беткейлерінің еңістігіне де байланысты. Беткейлері жатық, Карпат таулары ландшафтысының айырмашылығы шамалы. Тянь-Шань тауларының беткейлері тік, еңіс болғандықтан, етегіндегі жазықтардан тік көтерілген ауа тез суынады да, шық нүктесі белдеуіндегі (1600-2200 м) бұлттылықты, жауын-шашын мөлшерін молайтады. Шық нүктесі белдеуінің үстіндегі ауа құрамында ылғал өте аз болады, ол қарсы беткейге ылғалсыз құрғақ күйінде ауысады. Бұл айтылғаннан Тянь-Шань тауларының қарсы беткей ландшафтысының ұқсас құбылыс болмайтындығын түсіну қиын емес.
Таулы аймақтардың тектоникалық-эрозиялық жəне эрозиялық жолдармен тілімденулері де ландшафтының бөлінуіне əсер ететін фактор. Тау эрозиялық процестер нəтижесіндс тауаралық жазықтарға, тауіші аңғарларына бөлінеді. Таулардың бастапқы беткейлерінен қосалқы беткейлер туындайды. Оларға байланысты тауаралық жəне таулы аңғарлы ауа айналымы күшейеді, климат инверсиясы жиіленеді. Осылайша қосалқы беткейлердің өзіне тəн климаты қалыптасады. Олар территориялық табиғат кешендерін түрлендіріп отырады. Ландшафтының территориялық бөлшектенуіндегі жер беті биіктерінің атқаратын рөлін өткен ғасырдың өзінде-ақ П.П. Семенов-Тян-Шанский мен В.В. Докучаев тұжырымдап, биіктік зоналылық деген атпен ғылымға енгізген. Ол кездегі биіктік зоналылық туралы түсінік жалпы ұғым шегінен шығып кете алмады. Кейіннен жер беті биіктігінің əсері жан-жақты зерттелді де, биіктік белдеуі деген атпен жалпы географиялық зандылық дəрежесіне дейін көтерілді. Соңғы жылдардағы биіктік белдеуі туралы тұжырым айтқан ғалымдардан А.Г. Исаченко мен Н.А. Гвоздецкийді атауға болады.
Ландшафтының биіктік белдеуі аэротермикалық градиенттің əсеріне жəне атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің биіктік артқан сайынғы өзгерісіне байланысты болып келеді. Тауда əрбір 1000 м биіктеген сайын күн радиациясының қарқындылығы 10% артады, бірақ жердің ұзын толқынды радиациясының жылдам артуына байланысты ауа температурасы əрбір 100 м биіктеген сайын 0,5-0,6°-қа кемиді. Тау беткейлерінде ауаның қозғалыс 24 бағыттары күрделенеді, шық нүктесі төмендейді, ауадағы су буы тез арада сұйық түрге айналып, тау беткейлеріне түсетін жауын-шашын мөлшерін арттырады. Тау беткейлерінің биіктігі артқан сайын беткейлі гравитациялық процестердің (опырылып құлау, сел, қар көшкіні, т.б.) қарқыны артады. Осылайша ландшафтының басқа құрамдас бөліктерінің өзгерістері де өзіндік сипатқа ие болады. Жазық жерлердің биіктік белдеуі ландшафтысының зоналық ырғағына күрделі өзгеріс енгізбейді.
Айтылғандарға талдау жасағанымызда таудағы биіктік белдеудің жазықтағы зоналықтан ерекше бөлініп тұратындығын түсіну қиын емес. Таудың биіктік белдеуі мен жазықтың зоналылығының айырмасын С.В. Калесник төмендегіше жүйелейді:
- жазықтардағыдай субтропиктік атмосфералық максимумдар мен ауаның динамикалық жағдайларына байланысты пайда болатын зоналар тауда кездеспейді;
- жоғары ендіктердегі сияқты, ұзақ полярлық күнді жəне полярлык, түнді ортаға бейімделген ландшафттар тауда кездеспейді;
- таудағы ландшафт белдеулері гидротермикалық градиенттің өлшеміне байланысты енсіз болып келеді;
- таудағы жер бедерінің əр түрлі болатынына байланысты ландшафтының биіктік белдеулігі күрделі кестелермен түрленеді.
- таудың бітіміне, əсіресе беткейлердің көрінісіне қарай əрбір таулы аймақтың бөліктері бір-біріне ұқсас бола бермейді;
- тауда жазық жерлерде байқалмайтын биіктік белдеудің инверсиясы жиі байқалады.
Соңғы жылдардағы географиялық зерттеулер биіктік белдеудің мұхит түбінде де байқалатындығын дəлелдеді (Д.Г. Панов, 1950). Əзірше мұхит түбі ландшафттары беттік, аралық тереңдік жəне түптік белдеулерге ғана бөлінеді.
Биіктік белдеу туралы жиналған ғылыми материалдарды қорытындылай келіп, Ф.Н. Мильков жердің биіктік белдеулерін төмендегіше бөлді:
- қар сызығымен шектелетін нивальды (мəңгі қар белдеуі) жəне мұздықты 25 белдеу;
- абсолют биіктігі 400 м-ден кем болмайтын таулы белдеу; - мұхит деңгейімен шектелетін континентті жазықтар белдеуі;
- 200 м тереңдікпен шектелетін (фотосинтез процесі дамитын сулы қабат- тың төменгі шегі) таяз сулы құрлықтық қайырлы белдеу;
- 3000 м терендікпен шектелетін құрлықтық беткей;
- 4000-5000 м терендіктермен шектелетін (карбонатты шөгінділер мен кремнийлі тұнбаларды бөлетін) абиссальды белдеу;
- ультра-абиссальды белдеу, яғни, 6000 м тереңдіктен төмен жататын белдеу.
Теңіз ағыстары - жылу мен ылғалдың зоналығына өзгеріс енгізетін фактор. Атап айтқанда, Калифорния, Перуан сияқты суық ағыстар жылудың жылдық мөлшерін 60 ккал см 2-ге кемітеді, ал Гольфстрим жылы ағысы 80 ккал см2 -ге дейін арттырады. Суық ағыс əрекетінен климат континентті келеді де, ландшафт аридті сипатқа ие болады. Осылай Перуан ағысы əрекетіне байланысты теңіз жағасында орналасқандығына қарамастан, Атакама шөлінің ландшафтысы түзілген. Жылы ағыстар климаттың континенттігін жұмсартады. Мысалы, Мурманск поляр шеңберінен жоғары жатса да, мұзы қатпайтын теңіз порт- тарының тізіміне кіреді. Жер беті мен жер асты суы жаратылысына қарай зоналы фактордың - жауын-шашынның туындысы болып саналады. Бірақ олар ландшафтының түзілунде интразоналы фактордың рөлін атқарады. Өзен, көл маңы жəне жер асты суының жер бетіне шыққан көздерінде ылғал қоры жеткілікті болған- дықтан, шөл, шөлейт, дала, орманды дала зоналарында оазисті ландшафтысы қалыптасады. Оазистер саялы көк-жасыл көркімен ерекшеленіп тұрады. К%ннен келетін жылу энергиясы - жердегі бар экзогенді геоморфологиялық процестерді дамытушы фактор. Оның мөлшері жер шары бойынша бірдей емес жəне жер беті, мұхиттық шаралар мен құрлықтарға бөлінуіне, құрлық беті жыныстарының литогенді құрамына, өсімдік жамылғысына, жер бедері пішініне қарай əр түрлі мөлшердегі жылу балансы түзіледі. Дегенмен, ол экватордан полюстерге қарай кеми береді. Осыған орай жер беті ландшафтысы 26 географиялық белдеу, географиялық зона жəне оның бөліктері жалпы геогра- фиялық зоналық заңдылықпен түсіндірілетін процестердің нəтижесінде пайда болған. Ландшафтының территориялық бөлікке бөлінуіндегі зоналы заңдылық туралы алғашқы ғылыми тұжырымдар В.В. Докучаевтың еңбектерінде баяндалады. Кейіннен бұл ілім кең өріс алып, жер беті ландшафтысының зоналық құрылымы жəне олардың шекарасы межеленіп, əрбір зонаның көлемі есептелді, бөліктерінің табиғаты сипатталды, кешендер мен процестер анықталды. Оларға ауа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz