Ресей мен Туркия арасындағы конфликт


Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Ақпараттық технологиялар факультеті
Ақпараттық жуйелер кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Ресей мен Туркия арасындағы конфликт
Астана 2016
Жаңжалдың шығу себебі
Ресейдің Су-24 ұшағы Латакия маңындағы әскери базадан ұшып бара жатыр. Сирия, 22 қазан 2015 жыл.
Өртеніп бара жатқан Су-24 ұшағы. 24 қараша 2015 жыл.
Жаңжалдың шығу себебі: Түркияның F-16 жойғыш ұшағы ресейлік Су-24 ұшағын 24 қарашада Сирия-Түркия шекарасында атып түсіруіне байланысты басталды.
Ресей әуе күштерінің дерегінше, Сирияның оңтүстігіне қарай бағыт алған ұшақ Түркия аумағына кірмеген. Түрік ұшақтары оны өз шекараларынан 4 шақырым жерде атып түсіріпті. “Түріктер тарапы ұшқыштармен ешқандай байланыс орнатпаған. Қайта, Түркия әуе күштерінің Сирия әуе кеңістігі қауіпсіздігін бұзғаны анықталды. Осыған байланысты, Ресей әуе базасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдаймыз”, - дейді Ресей Әуе күштері Бас штабының басқарма бастығы Сергей Рудской.
Ал Түркия өз әуе кеңістігіне бомбалаушы ұшақтың рұқсатсыз кіргенін дәлелдеп жатыр. Ресми Анкара ресейлік ұшаққа алдын ала он рет ескерту жасалғанын кеше айтқан болатын. Бүгін жергілікті ақпарат құралдары сол аудиожазбаны жарыса жариялады. Ескерту еленбеген соң ғана ұшақ нысанаға алыныпты.
Жаңжалдың барысы және екі ел арасындағы байланыстар
Су-24 ұшағын атқанға наразы ресейліктер Түркия елшілігі алдында наразылық білдіріп тұр. Олардың бірі Түркия президенті Ердоғанды кекетіп салған сурет ұстап алған. Мәскеу, 25 қараша 2015 жыл.
Екі ел арасындағы тауар айналымы қысқаруда
Аталған оқиға екі ел арасындағы көлемі 44 млрд долларды құрайтын тауар айналымына кері әсерін тигізуі мүмкін. Ресей мен Түркия арасындағы тауар айналымы 2014 жылы $31 млрд долларды құрады.
Осыдан екі ай бұрын Туркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоған Мәскеуге сапары кезінде 2023 жылға дейін ресей-түрік сауда айналымы 100 млрд долларға жету керек деген мәлімдеме жасаған еді. Себебі Түркия өзін Ресейдің экономикалық серіктесі ретінде таныған болатын.
Экономикалық ахуал
Наталья Волчкованың сөзінше, Түркия мемлекеті Еуразиялық экономикалық одақтың келешегіне әсер етуші басты кандидаттардың бірі еді. «Мемлекет соңғы 30 жылда өте жылдам дамып келе жатқан елдердің қатарында. Бұл ел біз сияқты Еуропа мен шығыс экономикасын түйістіріп отыр. Тарихи тұрғыдан және шекаралық маңызы бар сенімді серіктес», - дейді ол. Бірақ алдағы уақытта өзера инвестициялардың қысқару қаупі төніп тұр. Себебі күтпеген жерден болған мемлекетаралық қақтығыстар бизнестің құлдырауына әсер етеді. Ресей статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, Түркия 2013 жылы ресей экономикасы үшін 496 млн доллар инвестиция салған. Ал Түркия экономикасы үшін ресейліктердің салған инвестициясы 1, 75 млрд долларды құраған.
Энергетика байланысы
Жалпы Ресей мен Түркия елін энергетика өндірісі байланыстырады. Ресей 2014 жылы Түркияға 27, 3 млрд метр куб (60%) газ тасымалдады. Осы жылы «Газпром» мен Botas түрік компаниясы Қара теңіз арқылы «Түрік ағыны» газ құбыры құрылысын бастау туралы меморандумға қол қойған. Алайда газ құбырының құрылысы Түркиядағы сайлау әсерінен және бағаға байланысты үкіметаралық келісімде түрлі көзқарас болғандықтан басталмаған. Сондайақ, Ресей қыркүйек айының соғында сириялық кампанияға қосылғаннан кейін бұл мәселе қайта қаралған жоқ.
Туризмге келетін шығын
Сонымен бірге Ресей билігінің ресейліктердің Түркияға баруға шектеу қоюы түркі елдеріне оңайға түспейді. Себебі тауар айналымынан бөлек, Түркияға жылына миллионнан астам ресейліктердің демалуға келуі және оларға қызмет көрсету мемлекет пайдасын арттыратын. Мысалы 2014 жылы түрік елінің ресейліктерге көрсеткен қызметі үшін мемлекеттің туризм саласы 9, 7 млрд доллар қаржыға ие болды. Дегенмен Түркиялықтардың қиындыққа шыдауына тура келеді. Өйткені кешегі күннен бастап Ресей террорлық қауіп бар деген шешіммен ресейлік туроператорларға Түркияға жолдаманы сатуға тыйым салды. Бұдан бұрын Ресейдің Сыртқы істер министрлігінің басшысы Сергей Лавров туристерге Түркияға барудан бас тарту керектігін айтқан болатын.
Ақпараттық шектеулер
2011 жылдан бастап Түркияда ақпарат көзі «Яндекс» компаниясы жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ, компания қызметін ТМД елдері арасында ең бірінші Түркияға ұсынды. Осы уақытқа дейін компанияның жергілікті аймақтардағы үлесі 4-5%-дан аспаған. Сол себепті 2015 жылдан бастап Яндекстің Түркиядан кететіні туралы ақпарат тараған еді. Алайда 2015 жылдың жазында аталған компания «Фенербахче» футбол клубымен келісім жасап, үш айдың ішінде өз үлесін 7%-ға арттырды. Осыдан соң «Яндекстің» негізін салушылардың бірі Аркадий Волож стартап жоба ретінде Түркияда жаңа бизнесті бастауды қарастырып жатқанын және оған сол елдің инвесторларын тартатыны туралы айтқан болатын. Дегенмен сейсенбі күні Ресей мен Түркия арасындағы оқиғадан соң бұл келісімнен бас тартты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz