Java тіліндегі жолдарды өңдеуге арналған String және StringBuffer кластары


Эмблема Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

«Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК

Ақпараттық технологиялар факультеті

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

CӨЖ

Тақырыбы: Жолдармен жұмыс жасауға арналған кластар.

Астана 2017 жыл

Жоспар:

1) Жолдармен жұмыс жасау

2) String класы

Жолдармен жұмыс жасауға арналған кластар. Ақпаратты өңдеуде мәтінмен жасалатын жұмыстар үлкен орын алады. Java тілінде жолдар да обьект болып табылады. Жолдардағы әрбір символдың типі char болады, олар Unicode кодтауында сақталады және әрбір символ екі байт орын алады.

Java тілінің java. lang дестесінде жолдармен жұмыс жасауға арналған String және StringBuffer деп аталатын класс бар. Жолдар осы екі кластың даналары (экземпляры) ретінде көрсетіледі. Символдардың массивіне қарағанда, мәтіндік жолдарды өңдейтін дайын әдістерді қолдануға мүмкіндік беретін кластармен жұмыс істеу ыңғайлы.

Жолдарды сақтауға екі кластың арналуының себебі бар.

String класының обьектілерінде ұзындығы мен мазмұны өзгермейтін жолдар - тұрақтылар сақталады, бұл олардың өңделуін тездетіп, жадты үнемдейді. String класында жолдарды салыстыруға, жолдағы символды іздеуге және нақты символдар мен ішкі жолдарды жолдан шығарып алуға мүмкіндік беретін әдістер бар.

Ал StringBuffer класы жол жасалынған соң, оны өзгерту қажет болған жағдайда қолданылады. Атап айтқанда, жолға жаңадан символдар мен жолдар қосып немесе жолдың бөлігін жойып немесе бірнеше жолдан бір жол жасау арқылы StringBuffer класының обьектілерінде сақталынған жолдың өзындығын өзгертуге болады. Көбінесе, String типіндегі жолдың ұзындығын өзгерту қажет болғанда, Java оны айқын емес түрде StringBuffer типіне келтіріп алып, ұзындығын өзгертіп, одан соң қайтадан String типіне айналдырады.

String класы

Жолды құру. Жолмен жұмыс жасау үшін алдымен оны құру керек, жолды құрудың әртүрлі тәсілдері бар. Солардың ішінде ең қарапайым тәсіл - жолдың тұрақтыға String типті сілтемені жасау. Егер жолдық тұрақты ұзын (символдар бір жолға сыймайтындай) болса, оларды бірнеше қатар етіп тіркестіру операциясы (+) арқылы қосып жазуға болады.

String s= null; жазуы жолдық типті s айнымалысының ешқандай жолға сілтеме жасамайтын және оның обьект емес бос сілтеме екенін білдіреді. Ал, String s= «»; жазуы ешқандай символдан тұрмайтын String типті бос жолды білдіреді.

Жолды статикалық әдістермен құру. Жолды құрудың келесі тәсілі - мына екі статикалық әдісті қолдану:

• copyValueOff (char[] charArray) - символдық массивтің барлық элементтерінен тұратын жол құру;

• copyValueOff(char[] charArray, int offset, int length) - символдық массивтің көрсетілген offset индексті элементінен бастап саны length элементтен (символдан) тұратын жол құру.

String типті обьекттер де өзге кластар сияқты new көмегімен құрылады. String класында тоғыз конструктор бар:

1) String() - бос жолды құру үшін параметрсіз конструктор қолданылады:

String S=new String() ;

2) String (String str) - бір обьекттен екіншісі жасалады, бұл конструктор сирек қолданылады, мұндағы str-жолдық айнымалы;

3) String (StringBuffer str) - BufferString класының обьектісінің түрлендірілген көшірмесі, мұндағы str-жолдық айнымалы;

4) String (byte[] byteArray) - обьект byteArray атты байттар массивінен жасалады;

5) String (char [] charArray) - обьект charArray атты Unicode символдарының массивінен жасалады;

6) String (byte[] byteArray, int offset, int count) - обьект offset индексінен басталатын және саны count байттардан тұратын byteArray атты байттар массивінің бөлігінен жасалады;

7) String (char[] charArray, int offset, int count) - обьект offset индексінен басталатын және саны count байттардан тұратын Unicode символдарының charArray атты массивінен жасалады;

8) String(byte[] byteArray, String encoding) - байттар массивінде жазылған символдар encoding кодтауын ескере отырып Unicode жолмен беріледі;

9) String (byte[] byteArray, int offset, int count, string encoding) - обьект индексінен басталатын және саны count байттардан тұратын байттар массивінің бөлігінде жазылған символдар encoding кодтауын ескере отырып Unicode жолмен беріледі.

String класының әдістері String класында жолдармен жұмыс жасауға арналған көптеген әдстер бар. String класының обьектілерін өзгерту мүмкін болмағандықтан, жолды модификациялау үшін оны StringBuffer типтегі обьектіге көшіру керек немесе жолдың көшірмесін құратын String класының төменде сипатталған әдістерінің бірін қолдануға тура келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Андасова Б. З. Java программалау тілі, Астана, 2014.

2. Мильвидский А. М. Введение в Java, 1998. -250с.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Java тілінде оқиғаларды өңдеу: делегирлеу моделі және AWT оқиға кластары
Java тіліндегі объектіге бағытталған теміржол билеттерін сату жүйесін әзірлеу және талдау
Java тіліндегі өрнектер мен операторлардың жазылу тәртібі
Java (J2ME) платформасында ұялы телефонға арналған AddressBook қосымшасын жобалау және іске асыру
Java тіліндегі басқарушы құрылымдар және continue, break, return операторлары
Дәріс №12. Мәліметтерді өңдеуге арналған компоненттер және олардың қасиеттері
Интерфейстер: сипаттамасы және жүзеге асуы; қарапайым типтердің қабықша кластары (Boolean, Character, BigInteger, BigDecimal)
Төлке бөлшегін механикалық өңдеуге арналған технологиялық процесті жобалау
Авто Көмек: автокөлік иелері мен жөндеу орталықтарына арналған Android және Java негізіндегі мобильді қосымшаны әзірлеу
Java тілінің объектіге бағытталған негіздері, апплеттер және JDK утилиталары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz